Жаппай сауатсыздықты жою және халыққа білім беру


Жоспар:
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаппай сауатсыздықты жою және халыққа білім
беру ісінің дамуы
- Әдебиет пен өнер саласындагы жетістіктер
ІІІ. Қорытынды
Жаппай сауатсыздықты жою және халыққа білім
беру ісінің дамуы. Республика жоғары мектебінің
қалыптасуы.
Қазан революциясынен кейін тоталитарлық жүйенің үстемдігіне, оның қайшылықтарына қарамастан Қазақстанның мәдени дамуында кейбір ілгерілеушіліктің болғанын айту керек. Оны біз мәдени революция деп атап келдік. Бұл революция қилы-қилы жағдайлардыц барысында мүмкін болды. 1921 жылғы маусында болған Қазақстан партия ұйымының бірінші конференциясы Республикадан шыққан сауатты қызметкерлердің көбін мүмкіндігінше саяси-ағарту жұмысына жіберілсіп, ойткені "қазақ тілін білетін адамдар болмаса, бұл жұмыс бәрібір істелмей тұра береді" деп атап көрсетті. Сөйтіп, жергілікті ұлттардың өкілдерінен, жергілікті халықтың тілін, психологиясын білетін адамдардан мәдени-ағарту қызметкерлерін, басшы кадрларды даярлау ісіне маңыз берілді. Мемлекеттік және партиялық аппараттарды жергіліктендіру мәселесі қолға алынды. Мұның өзі ғасырлар бойы отарлық езгі мен кіріптарлықта болып келген, ұлттық мемлекеттілігінен айырылған қазақ еліне, оның аяқ асты болған ұлттық мүддесін қорғайтын, яғни жоғын жоқтап, қиюы қашқан шаруашылығы мен қамқоршысы жоқ мәдениетіпе сүйеніш, қорған бола алатын, мүлдем жаңа сападағы мемлекет қүру үшін, әрине, маңызды еді.
Бірақ аппаратты жергіліктепдіру мәселесі түбегейлі шешілген жоқ. Басқада коптегеи бастамалар сияқты ұран күйінде қалып қойды. Сол 30-жылдардың қарсаңында Қазақ Орталық Атқару Комитстінің 21 мүшесінің 12-і қазақ, ОАК пленумының 151 мүшесінің 81-і қазақ, 32 уездік атқару комитеттері төрағаларының 19-ы қазақ болып, қазақтар уездер мен губерниялардыц техникалық аппаратында 20 пайызын, өлкелік мекемелер қызметкерлерінің 13 пайызын құраса, олардың арасында шала сауаттылары аз болмаған.
Сонымен бірге осы пайызға ат айдаушы, күзетші, хат тасушы сияқты қызметкерлер де кірген.
Мәдени-ағарту жұмысының ошақтары - кітапханалардан, мұражайлардан, театрлардан, жұмысшы клубтардан, халық университеттерінен, көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы қызыл отаулар мен қызыл керуендерден тұрды. 1922 жылдың көктемінде республикада 77 облыстық және 90 аудандық клуб, 33 аудандық халық үйі, 221 оқу үйі жұмыс істеді. Көшпелі аудандарда қызыл отау, қызыл шайхана, қызыл керуендер құрылды. Олар көбінесе бұқараның бастамасы мен ұйымдастырылды.
Мәдени ошақтар жалпы жұртшылыққа қызмет етумен бірге қазақ әйелдерінің еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, олардың арасында ағарту жұмыстарын жүргізуге, сауаттарын ашуға назар аударды. Бұқараның көркемдік шығармашылығын өрістетіп, көркемөнерпаздықты дамытуға ат салысты.
Еңбекшілерді саяси және Мәдени жағынан ағарту ісінде кітапханалардың маңызы зор болды. Қазан революциясына дейін Қазақстанда жалпы қоры 98 мың кітабы бар 139 кітапхана болса, 1925 жылы олардың саны 300-ге жетті. 1929 жылы республикада 494 оқу үйі, 74 қызыл отау, 11 театр, 9 мұражай болды. Ауылдық жерде 1747 кітапхана жұмыс істеді. Бірақ бұл кітапхапалар мен оқу үйлері жөнді ғимараты жоқ, қарабайыр жағдайда өмір сүрді. Олардың жұмысын жүргізуші адамдардың сауаттары да, кәсіптік дәрежесі де төмен еді. Тіпті қалалардың өзідерінде мәдени ошақ-тарда істейтін адамдардың білім деңгейі көбінесе төмен болатын. Бірақ білімге, мәдениетке деген халықтың құштарлығы, ынта-ықыласы мәдениет ошақтарының карапайым формада болса да көбейе түсуіне жол ашты. Мысалы, 1925-1936 жылдары тек Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында ғана колхоздардың қаржысымен 129 клуб, 210 оқу үйі салын-ды. 1939 жылы республикада 5309 клуб болды, олардың 4965-і ауылдар мен селоларда жұмыс істеді. Көпшілік кітапханаларыпың қоры 5 млн. данаға дерлік көбейді.
Республикада мерзімді баспасөз және кітап шығару ісі дамып келе жатты. "Степная правда" /қазіргі "Казахстанская правда және "Еңбекші қазақ" газеттері, "Қазақстан" журналы шыға бастады. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында газеттер мен журналдар көбінссе мемлекеттік, кәсіпо-дақтық, кооперативтік қордың есебінен жаздырылып алынды және мәдени-ағарту мекемелер желісіне, кеңестік және кооперативтік ұйымдарға келіп тұрды. Газеттер жұрт көп жиналатьш жерлерге ілінді, оларды дауыстап оқып беру ісі ұйымдастырылды. Қазақстанның белгілі көптеген мәдениет қайраткерлері өздерінің шығармашылық жолын осы газеттерде жалғастырды.
1925 жылы республикада не бары 31 газет, оның ішінде қазақ тілінде 13 газет шықты. Кейін олардың қатары осе берді. 1930 жылы Қазақстанның 27 ауданында өз газеттері шыға бастады. 1931 жылы республиканың "Еңбекші қазақ" газетінің 900 қоғамдық тілшісі істеді. 1926 жылы не бары 41 газет шықса, бірінші бесжылдық жылдарында 120 газет /оның ішінде қазақ тілінде 62 газет/ шығып тұрды. Олардың қатары жыл санап толығып, екінші бесжылдықта жалпы саны 280-ге жетті. 30-жылдардың аяғына қарай респуб-ликада таралды 10 млн. данадан асатын 337 газет, олардың 193-і қазақ тілінде және таралымы 1 млн. данаға жуық 38 журнал шығып тұрды.
Республикада кітап бастыру ісі едәуір дамыды. Шығарылатын кітаптардың таралым данасы өсті. 1925 жылы 443 мың дана таралыммен 96 кітап шықса, 1930 жылы үш миллион даналық 200-ден аса кітап, ал 1932 жылы таралыды 6 млн дана 668 кітап шығарылды. Олардың арасында Кеңес өкіметінің саясатын насихаттауға байланысты басылымдар көп болғанын айтқан жөн және осыған орай 1940 жылы Қазақстанда 4 кітап баспасы жұмыс істеді.
Сауатсыздықпен күресте орасан зор жұмыс жүргізілді. 1919 жылы 26 желтоқсанда В. И. Ленин РКФСР халқы арасында сауатсыздықты жою туралы Халық Комиссарлар Кеңесінің заңына қол қойды. Бұл құжат бойынша 8 жастан 50 жасқа дейінгі оқи, жаза білмейтін барлық еңбекші халық ана тілінде немесе қалауы бойынша орыс тілінде сауатын ашуға міндетті болды. Кеңес үкіметінің осы заңы негізінде Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті 1921 жылғы тамызда 16 жастан 50 жасқа дейінгі сауаты бар көңіл кезі ашық адамдарды сауатсыздықты жою жөніндегі жұмысқа тарту туралы қаулы алды.
1920-1921 жылдары Қазақстанда сауат ашумен айналысатын 2412 оқу орны жұмыс істеп, оларда 72232 адам оқыды. Дегенмен сауатты адамдардың аздығы, қазақ тілінде оқу құралдарының жеткіліксіздігі, жергілікті бюджеттің кірістерінің халық шаруашылығы мен мәдениетті дамытудың қажеттерін өтей алмауы бұл жұмысты кең өрістетуге мүмкіндік бермеді.
1920-1926 жылдарда республикада 245 мыңнан аса адам сауатын ашты. 1930 жылғы ақпанның 11-де Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті сауатсыздықты міндетті түрде жою туралы заң қабылдады. 1930 жылғы І-сәуірде республикада сауатсыздықты жоятын 1285 оқу орны жұмыс істеп, оларда 350 мың адам оқыды. Олардың 248 мыңдайы қазақтар болды. Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі Әліппе және басқа да оқу құралдарын шығаруға және тұрақты сауат ашу мектептерін ұстауға 1, 6 миллион сом қаржы бөлді. Мұның өзі онша көп қаржы болмаса да, сауатсыздықпен күресте біраз септігін тигізді.
Қазақстандағы қалыптасып келе жатқан жұмысшы табы негізінен кешегі шаруалар болғандықтан, олардың арасында да сауатсыздар көп еді. Соған қарамастан республикада сауатсыздықты жою біршама қарқынды жүргізілді. 1926 жылы Қазақстандағы сауаттанғандардың пайызы 25, 2 бол-са, 1939 жылы 83, 6 пайызға жетті. Бұл кезде сауатсыздықты жоюға бөлінген қаржы 40 есе өсті. Республикада шала сауаттылар мен сауатсыздарға және олардың мұғалімдеріне арналған "Төте оқу" атты газет шығарылып тұрды. Оларға арнап газеттер арнаулы беттер беріп отырды. Мұның барлығы 1940 жылы аталып өткен республиканың 20 жылдағы қарсаңында халықтың түгелдей сауаттануын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Жалпы білім беретін мектепсіз мәдениеттің дамуы мүмкін емес екені аян. Осыған орай 1921 жылғы желтоқсанда республиканың Халық Комиссарлар Кеңесі мәдени мұқтаждықты жою үшін халықтың өзіне-өзі салық салуы туралы шешім қабылдады. Бұл шешім бойынша жергілікті өкімет орындарына мектеп ұстау үшін қаржы жинауға, отын міндеткерлігін белгілеуге рұқсат берілді. Халық шаруашылығын қалпына келтірудегі табыстардың нәтижесінде мектептердің жағдайы бірте-бірте жақсара түсті, мәдениет мекемелеріне халықтың жәрдемі көбейді. Бірқатар жерлерде мұғалімнің жалақысы жергілікті болыстардың қаражаты есебінен, ал жарықты пайдалану, оқулықтар алу, мектепті жөндеу ауыл шаруашылық және тұтыну қоғамдарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды.
1923/24 оқу жылында бастауыш және жеті жылдық мектептер 15 пайызға өсті. 1924/25 оқу жылында Қазақстанда 2351 бірінші басқыш мектеп (бастауыш мектеп), оның ішінде 747 қазақ мектебі, 25 мектеп-коммуна және 68 жеті жылдық мектеп пен екінші басқыш мектеп жұмыс істеді.
1926 жылы мамыр айында "ҚАКСР-індегі бірыңғай еңбек мектебінің жарғысы" қабылданды. Бұл тұста ресми деректер бойынша Қазақстанда 1600 мектеп болды деген мағлұмат бар. Бірақ ол мектептердің жайы туралы 1927 жылғы "Еңбекші қазақ" газетінің 14 шілдедегі санында «1600-ге жуық қазақ мектептері бар, бірақ олардың ішінде ғимараты бар мектептердің саны қырыққа әзер жетеді . . . », - деп жазылды. Сол жылы қараша айында болған өлкелік төртінші партия конфсрсициясында жасалған баяндамада: "Қағазда ауылдағы мектептердің сатіы кеп, ал шындығында ауылда ешқандай да мектеп жоқ. Егер де ауыл мектептерінің үйі болса, онда бүл үйлерде орындық жоқ, егер орындық болса, онда оқулықтар жоқ . . . "- деп көрсетілді. Орасан көп цифр есептерге қарамастан ауылдағы мектептердің жайы 60-шы жылдардың орта шеніне дейін оңалып кете алмағанын айта кетуіміз керек. Тағы бір айта кететін жай, ол орыс поселкелері мен ауылдардағы мектептердің материалдық және басқа жағдайларында үлкен айырмашылық болды. Мүстафа Шоқай "Түркістанның қилы тағдыры" деген кітабында /Алматы, "Жалын", 1992/ былай деп жазады: "Қазақтар Сырдария губерниясындағы барлық халықтардың 79 пайызын құрайды, ал барлық еуропалықтарды /орыстарды, украиндарды, белорустарды, немістерді және басқаларын/ коса есептегенде бар болғаны 9, 5 пайыз. Соған қарамастан Сырдария губерниясының мектептерінде оқитын қазақ балалары бар болғаны 6-ақ пайыз, орыс балалары-53, 6 пайыз . . . Басқаша айтқанда, кеңес үкіметі қазақтардың ақшасыма орыс келімсектерінің баласын оқытады» /96-97-беттер/. Мұндай жағдай Сырдария губерниясынан басқа жерлерде де орын алды.
Ауылдық мектептерде оқу мерзімі қысқарақ болды, қазақ балаларының орыс тілін үйрену үшін жеті жылдық мектептерге сегізінші жыл қосылды. Бірінші басқыш мектепте балалар 4 жыл оқыды. Жеті жылдық мектепте екі түрлі болды: оның төрт жылдығы бірінші басқышқа сай келді, ал екіншісі толық емес орта білім берді. Екінші басқыш мектеп (тоғыз жылдық мектеп) үш түрлі оқытудан тұрды, біріншісі мен екіншісі жеті жылдық мектепке сай келді, ал үшіншісі толық орта білім берді. Бірінші басқыш мектептерге теңесетін жасы асқандар мектептерінде 14-17 жас-тағы балалар 1-2 жыл, ары кетсе 3 жыл ішінде бастауыш білім алды. Әдетте бұлар мемлекет қарауындағы мектеп-интернаттар еді.
Көшпелі және жартылай көшпелі аудандар үшін интернаты бар мектептер, мектеп-коммуналар құрылып, олардың бүкіл тұрмысын ұстаздың, тәрбиешілердің бақылауымен оқушылардың өздері басқарды. Кластағы сабақтарға қоса балалар жаттығу шеберханаларында /ағаш шебері, етікшілік өнерін ұйренетін, т. б. / немесе қосалқы шаруашылықта жұмыс істеді, бос уақыттарында табиғатты тама-шалап, спортпен айналысты, көркемөнерпаздар ұйірмелеріне қатысты. Әдетте, мектеп-коммуналар сол маңайдағы басқа мектептер үшін оқу әдістемелік орталыққа айналды.
Республикада қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар Қазан каласында бастырылды. Орыс тіліндегі оқулықтар Мәскеуден алдырылды. Қазақ тілінің тұңғыш әліппесін жасап, соңынан із салған жаңашыл ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов елде оқу-ағарту ісін дамытуға үлкен еңбек сіңірді. Ол жазған мектеп оқулықтары 1927-1928 жылдарға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының ересек буыны сауатын Байтұрсыновтың "Әліп-биімен" ашып, ана тілін Байтұрсыновтың "Тіл құралы" арқылы оқып үйренді.
1933 жылдан бастап бастауыш мектеп 4 кластық, орталау мектеп 7 кластық және орта мектеп 10 кластық болып қайта құрылды. Қоғамдық саяси пәндерді оқытуға және оқушыларға жаңаша идеялық тәрбие беруге ерекше мән берілді. Екінші бесжылдық жылдарында республикада жалпы білім беретін мектептердің саны есті. Халық ағарту қажеттеріне бөлінетін қаржы көбейді. Егер 1929 жылы бір адамға шаққанда 3 сом бөлінсе, 1935 ж. 33 сом, ал 1938 жылы 90 сом қаржы босатылды. Міне осындай оң өзгерістердің нәтижесінде 1940-1941 оқу жылында мекістер жалпы саны 7790, ал окушылар - 441 мыңға жетті. Екінші бес жылдық жылдарында республикада мұғалімдер саны екі еседен астам көбейіп, 14 мыңнан 31 мыңға жетті. Педа-гогтардың 10 пайызының жоғары, 25 пайызының орта және 65 пайызының толық орта емес білімі болды.
1925 жылы республикада 14 педагогикалық техникум және бірнеше халық ағарту институты жұмыс істеді. Орынборда орыс тілінде оқытатын ПИНО (педогогикалық халық ағарту институты), Семейде, Алматыда, Ташкентте аралас оқытатын институттар болды. 1925 жылы Орынбордағы қазақ халық ағарту институты Қызылордаға көшірілді. Сол жылы халық ағарту институттарында 700-дей студент, оның ішінде 550-ден астам қазақ жастары оқыды. Бұлардан басқа арнаулы орта білім беретін оқу орындары ашылып, жұмыс істей бастады.
1923/24 оқу жылдарында Орынборда, Семейде, Оралда, Алматыда агрономдық және мал дәрігерлік-зоотехникалық техникумдар, орманшылық мектептері ашылып, жұмыс істеді. 1937 жылы орта білімді педагог кадрларын даярлайтын техникумдардың саны 27-ге жетті, ал 1940 жылы бар-лығы 118 арнаулы орта білім беретін оқу орындары мен техникумдар жұмыс істеді.
1917 жылғы Қазан революциясына дейін Қазақстанда жоғары білім беретін оқу орындары болмады. Оған республикада қажетті мөлшерде профессор-оқытушы кадрлардың жоқтығы, экономика дамуының артта қалушылығы, мектептерде орта білім берудің шабан есуі өз әсерін тигізді. Сондықтан жоғары білімді мамандар республикадан тыс жерлерде - Ташкентте, Мәскеуде, Қазанда, Омбыда және басқа ірі қалаларда даярланды. Тек 1927/28 оқу жылында Алматыда қазақтың түңғыш жоғары оқу орны - Абай атындағы педагогикалық институт (қазіргі Алматы ұлттық пе-дагогикалық университеті) Ташкенттен көшірілген ағарту институты негізінде ұйымдастырылды. 1929 жылы осында малдәрігерлік-зоотехникалық, 1930 жылы ауылшаруашылық институттары ашылды. 1931 жылы Алматыда медицина институтының ашылуы республиканың мәдени өмірін-дегі үлкен оқиға болды. 1932 жылы Оралда Орынбордап көшірілген халық ағарту институты негізінде құрылған педагогикалық институт жұмыс істей бастады. Қазақстанда халық шаруашылығы салаларының кеңінен дами түсуімен байланысты инженерлік кадрлар дайындау мәселесі қиындай түсті. Осымен байланысты 1934 жылы Алматыда Семейден көшіріліп әкелінген Геология барлау ғылыми институтының негізінде Қазақ кең-металлургия институты (қазіргі Қ. И. Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университет) құрылды. Сол жылы Қазақстан жоғары оқу орындарының көш бастаушысы болып саналатын Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университет) ашылды. 1941 жылы рес-публикада жоғары оқу орындарының саны 20-ға жетіп, оларда 10, 4 мың студент оқыды.
Қазақстанда гылымның және гылыми орталықтардың құрылуы. Әдебиет пен өнер саласындагы жетістіктер
Қазақ АКСР-құрылғаннан кейш ғылым, өнер мәселелерінің бәрін және архивтерді Ағарту халық комиссариатының ғылыми бөлімі немесе секторы басқарды. Ол 1921 жылғы тамыз айында академиялық орталық болып қайта құрылды. Оныц бастамасымен 1924 жылы алғашқы археологиялық карталар жасалды, қазақ халқы тарихының жекеелген мәселелері, оның ішінде халық-азаттық қозғалысының тарихы зерттеле бастады. 1926 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы табиғат ресурстарын зерттеу жөніндегі экспедиция құрылды. 1932 жылғы наурызда Алматыда КСРО Ғылым Академиясының тұрақты базасының құрылуы республикадағы ғылымның дамуында маңызды кезең болды.
Бүл түста ауыл шаруашылық ғылымын өркендету үшін арнаулы ғылыми орындар: егіншілік, ауыл шаруашылығы, экономика, электрлендіру, су шаруашылығы, жеміс-жидек институттары йымдастырылды. 30-жылдардың екінші жартысында Қазақстан ғылымы одан әрі өркендеді. КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық базасы 1938 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы болып қай-та құрылуы республикада ғылымды жаңа белестерге көтеру үшін мол мүмкіндіктерге жол ашты. Бұл жылдары өлкеде геологиялық ғылымы айрықша жедел қарқьшмсп дамыды. Қазақтьщ кең-байтақ даласында бұрын зерттелмеген жаңа қазбалы кендердің мол қоры табылды. Қарағанды көмір бассейнінің, Орал-Ембі мұнайлы ауданының мүмкіндіктерін зерттеу ісі жалғастырылды. Жамбыл облы-сындағы Қаратауда химиялық фосфаттың, калий тұздарының және рудалы емес басқа да пайдалы қазбалардың кен орьшдары ашылды. Республиканың жер бетіндегі және жер астындағы су қорларының ресурстарын зерттеу қаурыт жүргізілді. Осының нәтижесінде Қазақстан көмір, түрлі түсті металл және тағы басқа пайдалы қазбалар өндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шықты. Пайдалы қазба байлықтарды тауып зерттеуде және оның кеңес халқының игілігіне айналдыруда тек республикаға ғана емес, сондай-ақ бүкіл Кеңестер Одағына белгілі, аса кернекті ғальшдар Қ. И. Сәтбаев, А. А. Гапеев, Н. Г. Кассин, М. П. Русаков, И. М. Губкин және басқалары айрықша зор еңбек сіңірді. Медицина-биология және ауыл шаруашылығы ғылым ме-кемелерінің жұмысы жандана түсті. 1940 жылы Бүкілодақтық ауыл шараушылық ғылым академиясының (ВАСХНИЛ) Қазақ филиалы құрылды. Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін Қазақстанда қоғамдық ғылымдардың дамуына барынша көңіл бөлінді. Өлкелік партия комитетінің жанындағы Марксизм-Ленинизм ғылыми-зерттеу институты Қазақстан КП Орталық Комитеті жа-нындағы Партия тарихы институты болып қайта қүрылды. Көрнекті қазақ ғалымы С. Асфендияровтың жетекшілігімен "Қазақстан өткендегі жазба ескерткіштер мен материалдарда" деген екі бөлімді деректі жинақ шығарылды. 1940 жылы белгілі тарихшы М. П. Вяткин "Қазақ ССР тарихы-ның очерктерін" жазды. Республикада археология саласында атақты ғалым А. Н. Бернштам Эквиус (Екі оғыз), Тараз, Қойлық қалаларыньщ орнында қазба жұмыстарын жүргізді. Тіл білімінің ғалымдары қазақ тілінің грамматикасын, лексикалық және сөздік корын зерттеуде айтарлықтай жұмыстар атқарды.
Жалпы 1940 жылдың қарсаңында Қазақстанда 110 ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелері жүмыс істеді. Оларда 1727 ғылыми қызметкер еңбек етті.
Абай негізін қалаған демократиялық жазба әдебиетінің сыншыл реализм дәстүрлері негізіндегі даму жольша түсті. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев, Шәкәрім Құдайбердиев және т. б. өздерінің шығармаларьшен қазақтың ұлттық жазба әдебиетін байытуға елеулі үлес қосты. Сондай-ақ халық ақындары Жамбыл Жабаев, Нүрпейіс Байғанин, Нұртай Бекежанов, Кенен Әзірбаев және басқалар қазақ даласындағы болып жатқан өзгерістерді, еңбекшілердің жаңа өмір жолындағы күресті жырлаған туындылары халық арасында кеңінен белгілі бола бастады. 20-шы жылдардың бірінші жартысында әдебиет майданында өздерінің алғашқы шығармашылық қадамдарын Б. Майлин, I. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов және т. б. жасады. Қазан революциясының жыршысы С. Сейфуллиннің "Қазақ жастарының марсельезасы" республикаға кеңінен тарады. 1927 жылы оның "Тар жол, тайғақ кешу" роман-повесі жарық көрді. Сонымен қатар сол кездегі қазақ әде-биетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Мағжан Жұмабаев ұлт-азаттық күрес сарыны бағытында жазылған "Батыр Баян", "Ертегі", "Қойлыбайдың қобызы", "Жүсіпхан" шығармаларын жариялады. Ал атақты романшы, драматург, аудармашы Жүсіпбек Аймауытов "Қарт Қожа", "Ақбілек" романдарын, "Нұр күйі", "Мапсапқорлар" пьесаларын реалистік тұрғыда жазып, еңбекші халық өкілдерінің 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына, Қазан революциясына және азамат соғысына қатысқандардың тұтас бір галлереялық образдарын жасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz