Орта факторлары және олардың ағзаға әсері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Орта факторлары және олардың ағзаға әсері.
Ағза - француздың - organisme, латынша - organiso - құрамын, сыртқы құрылым беремін деген сөздеріндегі мағынаны береді.
Кең көлемде алатын болсақ, тірі ағза- дегеніміз, бір-бірімен байланыста болатын және бір-біріне бағыныңқы болатын элементтерден тұратын және олардың өзара байланыстары мен құрылысы біртұтас құрылымды беретін биологиялық жүйе болып саналады.
Ағза деген ұғымға тек жеке даралар (индивидтер) ғана емес, колониямен өмір сүретін (колониялы ағзалар), отбасы (жануарлардағы), популяция, биоценоз және тағы басқаларда кіреді.
Қысқаша алғанда, ағза-дара, индивидиум, «тірі дене».
Тіршілік ортасы -ол, табиғаттың тірі ағзаны қоршап тұрған және онымен тікелей өзара байланыстағы бөлігі. Тірі ағзалар өте күрделі және ауыспалы өмірде тіршілік етеді, олар сол ортаның әсеріне байланысты үнемі өзгереді, тіршілік әрекеттерін үнемі өзгертіп отырады. Ағзалардың ортаға бейімделушілігі - адаптация деп аталады.
Ортаның ағзаға әсер етуші жекеленген бөліктері мен құрылымы - экологиялық факторлар деп аталады. Экологиялық факторлар табиғаты жағынан және ағзаға әсер ету әрекеттері жағынан әртүрлі болады.
Абиотикалық факторлар- табиғаттың өлі элементтері: температура, жарық, радиоактивті сәулену, қысым, ауаның ылғалдылығы, судың құрамындағы тұздар, жел, ағымдар, жергілікті жер релефтары және т. б.
Биотикалық факторлар - бұл тірі денелердің бір - біріне тигізетін әсерлері.
Антропикалық факторлар - адамның табиғат компоненттеріне әсер еткен іс-әрекеті (оңды немесе теріс әсерлер) .
Тірі ағзаларға экологиялық факторлардың әсер етуші жалпы заңдылықтары:
1. Оптимум Заңы.
2. Әсер етуші фактордың түрлі функцияларға әсерінің бір жақты болмауы. 3. Өзгергіштік, вариабелділік және түрдің жеке даралардың орта факторларының әрекетіне жауап қайтару реакциясының әр түрлі болуы.
4. Әсер етуші әр факторларға түрлер әр түрлі жолдармен бір - бірімен байланыссыз, өз бетінше бейімделуі.
5. Жеке түрлердің экологиялық спекторы төмендемейді. Әр түрдің өзіндік экологиялық мүмкіншіліктері бар.
6. Факторлардың өзара байланысы.
7. Факторларды шектеу ережелері.
Негізгі абиотикалық факторды және ағзаның оған адаптациялануын қарастырайық.
Жарық . Күн сәулелерінің спекторының әртүрлі бөліктеріндегі сәулелену ағзаға әртүрлі жағдайда әсер етеді:
Көрінетін жарық өсімдіктерге оларда жүретін фотосинтез процесі үшін қажет. Түрлерді жарықсүйгіш (Фотофилдер) және көлеңкесүйгіш (фотофобтар) деп бөледі.
Ұзынтолқынды ультрокүлгін сәулелерге (УКС) өте белсенділік тән. Олардың көп мөлшері қауыпті, ал аз мөлшерде көптеген түрлерге - өте қажет. Олар өте күшті бактерицидті әсер етеді, антирахитік дәрумен Д түрінде қабылданады, терінің күюін (терінің қорғаныштық реакциясы) қамтамасыз етсе, инфрақызыл түсті ұзындығы 750 нм. -ге жететін ұзын толқындар ағзаны жылулықпен қамтиды.
Жасыл өсімдіктер өміріндегі жарықтың ролі:
1) . Хлорофиллдің пайда болуы (фотосинтез) .
2) . Лептесіктердің жұмысын қалыптастырады (газ алмасу және транспирация), ферменттердің белсенділігін арттырады, ақуыз және нуклеин қышқылдарының биосинтезін жақсартады.
3) . Жасушаның бөлінуі мен созылуына, өсуіне және өсімдіктің дамуына әсер етеді, жемісберу мен гүлдеу мезгілдерін анықтайды, сонымен бірге өсімдіктердің формасының қалыптасуына да әсер етеді.
Жарыққа байланысты болатын экологиялық топтар:
1. Жарық сүйгіштер (жарықтағы) - гелиофиттер.
2. Көлеңке сүйгіштер (көлеңкедегілер) - сциофиттер.
3. Көлдеңкеге төзімділер - факультативті гелиофиттер.
Жануарлар үшін жарық кеңістікте бағытты бақылауға, көруге ғана қажет.
Температура. Тіршілік үшін қажетті температура мөлшері 0-дан басталып, +50°С -қа дейінгі температура аралықтары, осы температура аралықтары ақуыздың нормадағы құрылысы және қалыптасуы жүреді. Бірақ кейбір ағзалар осы мөлшерден тыс температура мөлшерінде де тіршілік ете алады:
1. Криофилдер -суықты қажет ететін түрлер.
2. термофилдер - керісінше, жоғары температураны қажет етуші түрлер.
Өсімдіктердің температураға адаптациялануы:
Төменгі температураға :
1. Суыққа төзімсіздер. 2. Аязға төзімсіздер. 3. Мұзға төзімділер (аязға төзімділер) .
Жоғарғы температураға :
1 . Салқынға төзімділер. 2. Ыстыққа төзімді эукариоттар. 3. Ыстыққа төзімді прокариоттар.
Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың
адаптациялануы (бейімделуі) .
Жер бетіндегі тірі ағзалар тіршілік етуіне байланысты мына төмендегі төрт тіршілік ортасына бөлінеді.
Сулы орта.
Су - тіршілік ортасы ретінде өзіндік ерекшеліктермен ерекшеленеді, яғни, қысымы жоғары, қысымы бірден төмендейді, оттегінің аздығы, күн сәулесін күшті сіңіреді.
Сулы ортада өмір сүретін ағзалар - гидробионттар деп аталады.
Гиробионтар - суда өмір сүретін экологиялық топтарға жататын -планктондар (өсімдіктекті ағзалар -фитопланктондар, жануартекті ағзалар - зоопланктондар) жатады.
Судың жоғарға қабатында өмір сүретін, ауалы қабатпен жанаса өмір сүретін ағзалар - нейстондар деп аталады.
Суда жақсы жүзетін, су ағысына төтеп бере алатын жануарлар нектондар деп аталады.
Су түбінде мекен етуші ағзалар бентостар деген атқа ие болды (Өсімдіктекті ағзалар - фитобентос, жануартекті ағзалар - зообентостар) .
Гидробионттардың бейімделу ерекшеліктері.
Су жануарларының сулы ортада бағыттын табуы. Көру бағытының шектеулілігі, дыбысқа жоғары бағыттылық (эхолокация -дыбыс толқындарының таралуын қабылдау (киттәрізділер) )
Экожүйелер
Әрбір биогеоценоз, негізінен, екі құрылымды бөліктен, сол аймақтағы тіршілік етуші тірі ағзалардан және сол ағзалар тіршілік ететін орта жағдайларының әсерінінң жиынтығынан тұрады Олардың арасында тығыз байланыс туындап, белгілі бір жүйені құрайды. Ол жүйе экологиялық жүйе деп аталады.
Биоценоздағы тіршілік жағдайлары онда болатын зат айналым әрекетіне тікелей байланысты болады. биогеоценоздағы зат айналым тіршіліктің күрделенуіне байланыстыэволюция барысында үнемі күрделеніп отырады.
Кез келген биогеоценоздың негізін жасыл өсімдіктер (органикалық затты түзушілер) құрайды, олады продуценттер деп атайды.
Сонымен қатар, әрбір биогеоценоз, құрамында өсімдіктер немесе басқада жануарлармен қоректенетін, яғни, дайын органикалық заттарды пайдаланатындар консументтер деп аталады.
Биогеоценоз құрамында (өсімдік пен жануарлар қалдықтарын) ыдыратушыларды - редуценттер деп атайды.
Міне, осылай биогеоценозды құрайтын ағзалардың тіршілік әрекетінің арқасында айналадағы орта мен ағза арасында үздіксіз тұйық айналым түзіледі. Табиғаттағы айналым үшін сырттан үнемі энергия келіп тұруы керек. Ондай энергия көзі -Күн болып табылады.
Биогеоценоздағы күн сәулесінің энергиясы ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесі арқылы химиялық байланыстар энергиясына, механикалық және ең соңында ішкі энергияға айналады.
Әрбір түр органикалық заттар ыдырағанда бөлінетін энергияның бір бөлігін ғана пайдаланады. Ал сол түрге қажетсіз, бірақ әлі энергиясы мол органикалық заттардың қалған бөлігін басқа ағзалар пайдаланады. Эволюция барысында әрбір биогеоценоздарда бастапқы қоректік заттан өзіне қажетті материалдар мен энергияны алатын өзара бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі қалыптасқан. Көптеген түр дараларының арасындағы мұндай күрделі байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды.
Қоркетік тізбектің қай сатысында болмасын соңында органикалық қалдықтар түзіледі. Оларды бактериялар мен ұсақ жәндіктер ыдыратады, осылайша коректік тізбек тұйық жүйе бойынша жүреді. Бұл заңдылық бірін - бірі жеу нәтижесінде жүреді де, коректену тізбегі арқылы жүзеге асады. Тізбек ішінде трофикалық сатысын бөледі . Коректену тізбегінің осылайша жалғасуы экологиялық пирамида ережесі арқылы жүреді.
Экологиялық пирамиданың мына категорияларын бөлуге болады:
1. Сандар пирамидасы - әрбір трофикалық сатыдағы даралар саны.
2. Биомасса пирамидасы -әрбір сатыдағы органикалық заттардың биомассасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz