Қазақ-қырғыз қатынасының этно-мәдени мәселелері


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақстан аумағындағы мемлекеттік дамуының тамырлары тереңде жатыр. Ол ертедегі кезде және ортағасырларда, түріктерге дейінгі, түріктер мен монғолдар заманында мекендеген көптеген тайпалар мен халықтардың тарихына байланысты. Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуын тарихи әдебиетте Қазақ хандығының дәуірімен байланыстыру қабылдаған. Алайда оның хандары көршілес мемлекеттер мен халықтардың билеушілерімен күрделі қатынастарда қазақтардың этникалық топтарын және олардың жерлерін әлде қашаннан-ақ дайын Қазақстан халқының сан ғасырлық этникалық саяси және шаруашылық мәдени дамуының біртұтас мемлекетіне біріктіріп жинап отырған.

Түріктер дүниесінің, басқа да көршілес халық дүниесінің біртұтас этникалық-мәдени кеңістігінде билеушілердің әскери тайталасы халықтың ұзаққа созылған бейбіт қарым-қатынасымен, мәдени қазыналарды өзара алмасуымен ауысып отырғанын атап өткен жөн. Қазақстан мен Орта Азияның көршілес аймақтары халықтарының шаруашылық, сауда байланыстары бір-бірінің экономикалық жағдайының нығаюына, қалалардың өсіп, егіншіліктің, мал шаруашылығының дамуына себепші болды. Олар көшпелілер мен егіншілердің бір-бірімен материалдық мәдениет, тұрмыс элементтерін, шаруашылық дағдыларын, әлеуметтік нормаларды, мемлекеттік ұйымдардың нысандарын, әскери шеберлік пен қару-жарақ алмасуына жағдай жасап, мәдени алыс-беріске бастады.

Қазақ халқының қалыптасу тарихын зерделеу арқылы түркі халықтарының этникалық тарихының ортақтық мәселесін шешуге болады. Ерте ортағасырларда түркі мемлекеттерінің құрамына енген тайпалардың концалидациялық үрдісі қазіргі халқының тарихының ұлт ретінде қалыптасуында маңызды орын алды. Қазіргі таңда Қазақстан тарихын зерттеудегі негізгі ғылыми бағыттардың бірі осы түркі халықтарының тарихының ортақтану тұрғысында қарастыру орын алып отыр. Қазақ тарихын түркі халықтарының этникалық, саяси, мәдени мәселелердің шеңберінде қарастыру заңдылық. Осыған орай түркі дәуірінің зерттеушілерінің пікірі бойынша «түрік» сөзі біріншіден түркі тілдес халықтарды атайтын болса, екіншіден ҮІ ғасырда Түрік қағанаты құрылғанға дейінде басқа этнонимдер осы атқа ие болған. Оның ішінде қазақ халқының қалыптасуын мемлекеттің тарихын көршілес жатқан қырғыз халқының тарихымен байланыстырып зерттеуді қажет етеді.

Қазақ-қырғыз халықтары әлі күнге дейін көрші жатқан ел. Екі халықтың этникалық құрамы да, мәдениеті де, сол дәуірдегі шаруашылығы да ұқсас болып келеді. Осы екі халықтың тарихын байланыстыра отырып, түркі халқының ортақтығын, ортақ тарихын көрсетуді жөн көрдім.

Қазақ-қырғыз халықтарының ертедегі тарихы көне тайпалар одақтарымен байланысты. Қазақстанда және Солтүстік Қырғызстанда б. з. б. ҮІІІ-ҮІІ ғасыр сақтар, б. з. б. ІІ-б. з. Ү ғасырларында үйсіндер өмір сүрді. ҮІ-ҮІІ ғасырларда қазақ-қырғыз жері Түрік қағанаттарының орталығына айналды.

Қырғыз халқының этногенезінде қимақ-қыпшақ тайпаларның да әсері болған. Кыркархан немесе Кыркаре (Қарқара), Ертіс, Алтай елді мекенінде қимақтармен аралас қырғыз тайпаларының тұрғаны араб деректерінде айтылады. ХІІІ-ші ғасырдан бастап монғол дәуірінде Шағатай ұлысының құрамында, кейінірек Моғолстан мемлекетінің территориясына оңтүстік, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Қырғызстан аумағы кірген. ХҮ-ші ғасырдың аяғы мен ХҮІ-шы ғасырда жеке мемлекет болып қалыптасқаннан кейінде қарым-қатынасын үзбеді. Екеуі жеке халық болып қалыптасуымен ежелгі тайпадан тараған рулар екі халықтың да этникалық құрамын құрды. Солардың ұқсастықтарын зерттеу негізгі мәселенің бірі болып табылады.

Орта ғасырда Орта Азия халықтары Дешті-Қыпшақ даласында көшпеділер өркениетін қалыптастырады. Көп уақытқа созылған бұл өркениет мал шаруашылығының дәстүрін жақсартуға өз үлесін қосты. Көшпенділер дәстүрі ол тек бір елдің мәдениетіне және тұрмысына ғана байланысты емес, себебі көшіп- қонып жүретін болғандықтан көрші жатқан көрші жатқан елдермен де байланысты, бір-бірінің мәдениетіне тұрмысына әсерін тигізіп отырған. Қазақ және қырғыз халқының да негігі шаруашылығы болған. Сонымен қатар әдет-ғұрыптпры, салт-дәстүрлері, жазба әдебиетіндегі жазу стилі, кейбір мақал-мәтелдғері, ырымдары ұқсас болып келеді.

Мемлекет болып құрылғаннан кейін билеушілердің алдында хандықты нығайту, шекарасын кеңейту . көрші мемлекеттердің жер жөніндегі талаптарын қорғау міндеттері тұрды. Осы кезеңде көрші жатқан Шайбани ұрпақтарымен және Моғолстан мемлекетімен территориялық тартысқа түсті. Өз мемлекетін сақтап қалу мақсатында қазақ және қырғыз елі саяси қарым-қатынас жасап, бірігіп жауларына төтеп беріп отырды. Әлеуметтік құрлымына келетін болсақ, қырғыздарда хандық билік бомады. Сондықтан олар қазіргі кезде де орта ғасырлық тарихын кезеңдегенде біздің қазақ халқының хандарының билік құруы бойынша жазады.

Зерттелу деңгейі

ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ-қырғыз халықтарының этникалық және мәдени байланысы жеке зерттеу объектісі ретінде қарастырылмады. А. И Левшиннің, В. В. Вельяминов-Зернов, Н. А. Аристов, В. В. Бартольд, Ш. Ш. Уалиханов тардың еңбектерінде азды көпті кездеседі.

А. И. Левшиннің 1832 жылы жарияланған «киргиз-кайсацких орд и степей» деген еңбегі қазақ халқының жағрапиясы, тарихы мен этнографиясы жөнінде олғашқы іргелі монографиялық зерттеу болып табылады. Автор ХVІ-ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихы «қырғыз-қазақтардың негізі және олардың Ресей бодандығына кіргенге дейінгі жай-күйі туралы» баяндалған/1/.

В. В. Вильяминов-Зернов в «Исследование о касимовских царях и царейвичах» деген 4 томдық еңбегінде ХV-ХVІ ғғ. Қазақстан тарихын тарихына назар аударады . Еңбегінің 2-ші бөлімінде Қазақ хандығының тарихын рет-ретімен баяндап, бұл мемлекеттің құрылуы туралы өз пікірін айтқан, қазақтардың жүздерге бөліну фактісіне өз түсінігін береді /2/.

Орыс шығыстанушылары есімдерінің арасында қазақтың тұңғыш тарихшығалымы, шығыстанушысы, этнографы, географы Ш. Ш. Уалиханов көрнекті орын алады. Ол Қазастан, Орта Азия, Шығыс Түркістан тарихының мәселелерін, қырғыз, ноғай, өзбек, ұйғыр халықтарының тарихын зерттеді. Ол өзінің көптеген: «Қырғыз шежіресі», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қырғыздардың көші-қоны туралы» деген еңбектерінде қазақтардың этногенезінің жүздер құрылуының, қазақтардың рулық-тайпалық құрамының орналасуының проблемаларын зерттеген. Қазақ және қырғыз халқын алғаш жеке халық ретінде бөліп көрсеткен /3/.

ХІХ ғасырдың аяғына қарай Ресейде Орталық Азияның түрік моңғол халықтары тарихының аса маңызды прблемаларына арналған еңбектершықты. Олардың ішінде Н. А. Аристовтың еңбектері мен В. В. Бартольдтың алғашқы ірі еңбектері бар. Н. А. Аристов Батыс Еуропа және орыс тілдеріне аударылған шығыс деректерінің, сондай-ақ орыстың мұрағат материалдарының фольклорлық, этнографиялық деректер негізінде түрік халықтарының құрлымынан егжей тегжейлі мәлімет берген. Аристов қазақ және қырғыз халқының этникалық құрлымына кіретін « қаңлы, қыпшақ, дулат, арғын, найман, керей және алшын» тайпалары туралы мәліметтер келтіреді /4/.

ХІХ ғасырдың 90-шы жылдарының аса ірі шығыстанушысы В. В. Бартольд шығыстың көптеген түпнұсқа деректерімен орасан зор жұмыс істеген. 1898ж. «История Семиречьи» еңбегі басылып шықты және тоғыз томдық еңбегінің 4 томында « история киргизов» деген тарауында қырғыздардың саяси тарихы туралы жазады /5/. Н. И. Гродеков Қазақстан және Қырғызстан тарихы үшін көп еңбек сіңірген. Сол кездері жазған (1889 ж) жазған, «Сырдария облысының қырғыздары мен қарақырғыздары» деп аталатын іргелі еңбегінде қазақтың тұрмыс-тіршілігі мен әдеттік құқығы, этнографиясы мен тарихи аңыз-дастандар жазылған /6/.

ХХ-шы ғасырдың басында А. П. Чулошников, М. Тынышбаев, С. Ж. Асфендияровтың еңбектерінде этникалықмәселесі қарастырылады. 1925 жылы Тынышбаевтың «Қырғыз-қайсақ халқының тарихы жөніндегі материалдар» деген еңбегі шығарылды. Қазақ жүздерінің этникалық құрамы, қазақтардың шыққан тегі туралы аңыз-әңгімелер, қазақ руларының таңбалары мен ұрандары берілген, әрбір тайпаның тарихын сипаттау үшін тарихи материал іріктеліп алынған /7/.

ХХ ғасырдың екінші жартысында С. Г. Кляшторный, Т. И. Сұлтанов «Казахстан летопись 3-х тысячелетий» еңбегінде түркі халықтарының тарихы, қазақтың жүздері туралы айтады. И. Т. Султанов «Кочевые племена Приаралья» кітабында Шығыс Дешті Қыпшақ пен Түркістанның түркі тілдес тайпаларының этникалық тарихы қарастырылған. Бір жағынан Дешті Қыпшақтың өзбек тайпаларының қолжазбаларында кездесетін ертеректегі тізімдеріне және екінші жағынан, 92 өзбек тайпасының кейінгі тізімдеріне талдау жасаған /8/.

Қырғыз тарихшылары С. М. Абрамзон/9/, И. Б. Молдабаев/10/, Т. А. Акеров/11/ қырғыз халқының этникалық құрылымына, мәдениетіне көңіл бөлген. С. М. Абрамзон «Киргизы и их этногенетическое и историко-культурные связи» еңбегінде қырғыздардың этникалық құрылымына, шаруашылығына, материалдық және рухани мәдениетіне тоқталған.

И. Б. Молдабаев «Отражение этнических связей киргизов в эпосе» еңбегінде қырғыз халқының және Орта Азия халықтарының байланысын зерттеген/10/. Соның ішінде қазақ-қырғыз халқының этникалық байланысын, ұқсастықтарын көрсетеді. М. Джамгерчинов қырғыз шежіресіне және шығу тегі туралы аңыздарға көңіл бөлген /12/. Қазақ этнографтары Х. Арғынбаев, В. Востров, М. Мұқанов қазақ халқының жүздері, ру-тайпаларын зерттеген /13/.

Бүгінгі таңда қазақ халқының этникалық тарихын зерттеушілер қатарына 2004 жылдан бері қарай құрылған «Алаш» тарихи-зерттеу орталығындағы ғалым-зерттеушілер Т. О. Омарбеков, Б. Б. Кәрібаев, О. Х. Мұхатова, Х. Ғабжалилов қазақты құраған жеке-жеке рулардың тарихын жазу үстінде /14/.

ХҮ ғасырдың аяғы мен ХҮІІІ ғасырдың басындағы екі халықтың саяси тарихына келетін болсақ, В. В. Бартольд жоғарыда көрсетілген еңбектерінде аталған мәселеге байланысты деректерге сүйене отырып, өзінше тұжырым жасаған.

ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында А. П. Чулошников, ХҮІІІ ғасырдың 30 жылдарына дейінгі қазақ халқының саяси тарихы және шаруашылық өмірі баяндалған, этникалық тарих мәселелерін қорытындылайтын еңбек жазды. Қазақтардың және қырғыздардың шаруашылық кәсібін көшпелі малшылар ретінде ғана емес, сонымен қатар отырықшылық өмірмен, егіншілікпен таныс етіп сипаттайтын мысалдар келтіреді. Автор бұл кәсіптердің кең-байтақ Қазақстан аумағында алуан түрлі болған табиғи, географиялық факторларға байланысты екендігін көрсетеді. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарын сипаттайды /15/.

Өзбек халқының белгілі шығыстанушысы Б. А. Ахмедов деректанушылық еңбегінде 50-ден астам парсы және түрік шығармалардан алынған, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірі, этникалық тарихы, олардың саяси қарым-қатынастары туралы аса маңызды мәліметтер келтірілген /16/.

О. Ф. Акимушкин ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ-моғол қатынастарының проблемасына деректердің түпнұсқа материалдарына негізделген бірнеше еңбегін арнады. Моғол хандарына қарсы қазақ және қырғыз халқының одақ құрғаны туралы деректерге сүйеніп айтады /15/.

ХХ ғасырдың аяғында К. А. Пищулина Моғолстан мен Жетісудың этникалық тарихының мәселелері, атап айтқанда, осы аумақтағы тайпалардың тарихы, олардың қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңінде атқарған рөлі, қырғыз халқының Моғолстан мемлекетіндегі орнын көрсетеді /17/.

Қырғыз тарихшылары К. И. Петров/18/, О. Караев/19/ өз еңбектерінде қырғыз халқының ортағасырлық тарихына көп көңіл бөлген. Соның ішінде саяси тарихына қырғыздардың сонау Саян Алтай өңірінен көшіп келуі, моғол және басқа да көрші елдермен қарым-қатынасы туралы айтады.

ХХ ғасырдың аяғы және ХХІ ғасырдың басындағы зерттеулерге тоқталып өтетін болсақ, көшпенді халықтардың шаруашылығы және саяси тарихы туралы М. Х. Абусейтова «Казахстан и Центральная Азия политические, международные и культурные связи (ХҮ-ХІІ вв. ) » деп аталған еңбегінде қарастырады /20/. Жас зерттеушілердің қатарында Н. Атығаев «Некоторые аспекты противостояния казахов и кыргызов Могольскому государству в середине ХҮІ в. » деген мақаласында қазақ - қырғыз халықтарының моғол-өзбектерге қарсы бірігіп күресуін көрсетеді /21/. Е. Әлшекенов те осы мәселеге көңіл бөлген /22/.

Қырғыз тарихшыларының ішінде қырғыздардың әлеуметтік құрылымы және шаруашылығын арнайы зерттеген А. З. Жаппаров/23/ болды. Ал Ө. Ж. Осмонов/24/, А. А. Асанканов/25/, Б. Солтонаев/26/, С. Аттокуров/27/, т. б. зертеушілер қырғыз халқының саяси тарихын және олардың көрші елдермен қарым-қатынастарын жүйелі түрде қарастырады.

Деректік негізі. Соңғы ортағасырлардағы Қазақстанның тарихын зерттеу негізінен алғанда Шығыстың шектес және алыс елдерінен шыққан авторлар жазған деректердің материалдарына негізделеді. Нарративтік шығармаларда: ең алдымен парсы тілінде жазылған тарихи, мемуарлық, географиялық шығармаларда аса маңызды мәліметтер бар.

ХҮІ ғасырдаға белгілі тарихшы және әдебиетші Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» деген шығармасы ХІҮ-ХҮІ ғасырлардың басында Қазақстан аумағы мен көрші аумақтарда өмір сүрген ірі мемлекеттердің бірі Моғолстан тарихына арнайы арналған. Бұл еңбек Қазақ хандығының тарихын зерттеу үшін де аса маңызды дерек болып табылады.

«Тарихи Рашиди»- ХІҮ ғасырдың екінші жартысы ХҮІ ғасырдың басындағы Моғолстанның және ХҮІ ғасырдың алғашқы он жылдықтарындағы Қашғарияның Шағатай ұрпағынан шыққан хандарының тарихы жөніндегі ғана емес, сонымен қатар дұғлаттардан шыққан атақты адамдардың Шығыс Түркістан бөлігіндегі билік ету тарихы жөніндегі де негізгі түпнұсқа дерек. Бұл шығармада соңғы ортағасырларда Жетісуды, Шығыс Дешті Қыпшақты, Тянь-Шань аймағын, Шығыс Түркістанды мекендеген моғолдардың, басқа да тайпалар мен халықтардың, атап айтқанда, қырғыздардың, ұйғырлардың, өзбектердің, ойраттардың және басқалардың тарихы жөнінде бірегей материалдар бар /28/.

Қазақстан мен Орта Азия тарихнамасында Ибн Рузбихан «Михман-наме-ий Бухара » авторы ретінде мәлім. Шығарма Мұхаммед Шайбани ханның 1508-1509 жылдың қысындағы қазақтарға қарсы жорығына әзірлік пен жорықтың өзіне арналған. Шынына келгенде ол ХҮ-ХҮІ ғасырлар шебіндегі қазақтар мен көшпелі халықтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірінің көптеген жақтарын емін-еркін сипаттайтын замандастың нақты айғақтары болып табылады. Ибн Рузбиханның қазақтардың тұрмысы, шаруашылығы, Шығыс Дешті Қыпшақ халқының этникалық құрамы, Қазақстан мен Орта Азия халқының сауда-экономикалық байланыстары, Қазақ хандығының билеушілері мен шайбанилердің өзара саяси қатынастары туралы мәліметтері ерекше /29/.

Махмұд ибн Уалидің «Бахр ал-асрар фи манакиб әл-ахйар» («өнегелі адамдардың ерліктері жайлы ғаламат құпиялар») деген энциклопедиялық еңбегінде соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан және Қырғызстан тарихы жөнінде алуан түрлі және өте құнды материалдар бар. Автор ХҮІІ ғасырдың 1-ші жартысында өмір сүрген, Балхта туған, көп саяхат жасап, Үндістанда болған, кітаптардан білімді адамдармен сұхбаттардан толып жатқанғылыми мәліметтер жинаған. Бірқатар поэтикалық шығармалар жазған. Аштрахани Нәдір-Мұхаммед шахтың тапсыруымен өзінің негізгі еңбегін география, жалпы тарих жөніндегі 7 томдық «Бахр ал-асрар» шығармасын жазған /30/.

Тарихшы, ақын, билеуші-Үндістанда Ұлы Моғолдар империясының негізін салушы Бабырдың (1843-1530) тарихнамада «Бабыр-наме» деген атпен белгілі болған еңбегі орта ғасырлардың тарихи-әдеби ескерткіштердің бірі болып табылады. Қазақстан тарихы үшін Бабырдың Жетісу моғолдары, Шығыс Дешті Қыпшақтағы Әбілқайыр мемлекеті туралы, Мұхаммед Шайбанидің саяси іс-қимылдарына қатысу туралы, оңтүстік Қазақстан мен Жетісудің тарихи географиясы, өзбектер сияқты, қазақтардың, қырғыздардың және Орта Азиядағы басқа да түркі тілдес халықтардың этникалық тарихы туралы мәліметтері ерекше маңызды /31/.

«Тарих-и Қашғар» Шығыс Түркістанда ХҮІІ ғасырдың екінші ширегінде жазылған. Автордың есімі белгісіз. Мазмұны және құрылымдық жағынан «Тарих-и Қашғар» орта ғасырлардағы Шығыс Түркістан және Орта Азия тарихнамасының үлгілі туындысы болып табылады /32/.

ХІҮ-ХҮІІ ғасырларда дипломаттардың, саудагерлердің, миссионерлердің жасаған саяхаттары кезінде жазған күнделіктері де дерек болып табылады. Мәселен, Венеция дипломаты И. Барбороның еңбегінде Дешті Қыпшақ даласындағы халықтардың діни-нанымдары, әскери ісін, саудасын, қолөнер және шаруашылығын суреттеген /33/.

Ағылшын көпесі А. Джекинсон саяхатының күнделігі Қазақ хандығының қалыптасу кезеңінің оқиғалары, соның ішінде Хақназар ханның Сыр өңірі қалалары үшін соғыстары көрсетілген ең алғашқы еңбек.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ-қырғыз халқының этникалық ұқсастығын, мәдени және шаруашылық байланыстарын, ХҮ ғасырдың ортасы мен ХҮІІІ ғасырдың басындағы саяси қарым-қатынасын көрсету. Осы мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:

  • Қазақ-қырғыз халықтарының этникалық ортақтық және ерекшеліктерін айқындау;
  • Қазақ-қырғыз халықтарының мәдениетіндегі көшпелілік өркениетін көрсету;
  • Қазақ-қырғыз халықтарының рухани мәдениетінің ұқсастығын және ерекшеліктерін зерттеу;
  • Қазақ-қырғыз халықтарының әлеуметтік-саяси құрылым ерекшеліктерін талдау;
  • Қазақ-қырғыз қатынасындағы ішкі және сыртқы мәселелерін анықтау;

Тақырыптың хронологиялық шеңбері. ХҮ ғасырдың аяғы мен ХҮІІІ ғасырдың басын қамтиды.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі мен әдістері. Қазақ және қырғыз халықтарының көп ғасырлық тарихын зерттеуде тарихилық ұстанымдар тұрғысынан қарастырдым. Ғылыми зерттеу жұмыстарының жүйелілік, салыстырмалық, талдау, жинақтау әдістерін қолдандым. Диссертациялық жұмысты жазу барысында Отандық тарих ғылымындағы соңғы жылдарда шыққан танымал тарихшыларымыз Т. О. Омарбеков пен Қ. М. Атабаевтың еңбектерін басшылыққа ала отырып, теориялық ой-тұжырымдарына сүйендік.

І-тарау Қазақ-қырғыз қатынасының этно-мәдени мәселелері.

  1. Қазақ-қырғыз: этникалық ортақтық және ерекшеліктері.

Қазақстан аумағында мемлекеттілік дамуының тамырлары тереңде жатыр. Ол ертедегі кезде және орта ғасырларда, түріктерге дейінгі, түріктер мен монғолдар заманында мекендеген көптеген тайпалар мен халықтардың тарихына байланысты. Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуын тарихи әдебиетте Қазақ хандығының дәуірімен байланыстыру қабылданған. Алайда оның хандары көршілес мемлекеттер мен халықтардың билеушілері мен күрделі қатынастарда қазақтардың этникалық топтарын және олардың жерлерін әлдеқашаннан-ақ дайын Қазақстан халқының сан ғасырлық этникалық-саяси және шаруашылық-мәдени дамуының біртұтас мемлекетіне біріктіріп жинап отырған.

Қазақ халқының қалыптасу тарихын зерделеу арқылы түркі халықтарының этникалық тарихының ортақтық мәселесін ашуға болады. Ерте ортағасырларда түркі мемлекеттерінің құрамына енген тайпалардың консалидациялық үрдісі қазіргі халқының тарихының ұлт ретінде қалыптасуында маңызды орын алды. Қазіргі таңда Қазақстан тарихын зеттеудегі негізгі ғылыми бағыттардың бірі осы түркі халықтарының тарихының ортақтану тұрғысында қарастыру орын алып отыр. Осыған орай тарихшы профессор Т. Омарбеков өз еңбегінде қазіргі кезде тарихты жазу мәселесі бойынша 3 көзқарас ұсынады. Соның 2-ші көзқарасы бойынша, тарихымызды этностық негізде жазу, я, тарихымызды этностық негізде жазу, яғни Қазақстан немесе қазақ тарихын түрік этносының тарихының бір бөлігі ретінде жазу. Мұнда Түрік қағанатынан бастап біртұтас Түркістанды құру идеясына дейінгі түркі тілдес халықтарға ортақ тарихи мәселелер алғашқы орында тұрады. Қазақ тарихын түркі халықтарының этникалық, саяси, мәдени мәселелерінің шеңберінде қарастыру заңдылық. Осыған орай түркі дәуірінің зерттеушілерінің пікірі бойынша «түрік» сөзі 1-шіден түркі тілдес халықтарының, 2-шіден ҮІ ғасырда Түрік қағанаты құрылғанға дейінде басқа этнонимдер осы атқа ие болған. Соның ішінде қазақ халқының қалыптасуы, мемлекетінің тарихын көршілес жатқан қырғыз халқының тарихымен байланыстыру зерттеушілер тарапынан тыс қалмаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты
Қазақстан – Менің Отаным
Әлеуметтік психологиядағы ұжым мәселелері
ҚАЗАҚ ЕСІМДЕРІНІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ГЕНДЕРЛІК МӘНІ
ӘЛЕМДІК ЭТНОМӘДЕНИ ТУРИЗМІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Абылай ханның тұрақтануы
Этникалық психологияның ғылым ретіндегі пәні, әдістемесі
Үшіншісі - шекараны нақтылау мәселесі
Республикасының Заңы тілі
Жастардың этностық мәдениетінің теориялық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz