Балалардағы бет сүйектерінің ісіктері мен ісіктәрізді түзілістерінің ажыратпалы диагностикасы



Абсцесс (іріңдік) тері асты май қабатында әртүрлі себептерден пайда болады. Жиі абсцесс лимфаденит, фурункул, флегмона кезінде жедел іріңді процестің нәтижесі ретінде, ал сирек жағдайдарда тері жамылғыларының зақымдануы кезінде (тыртық, егулер, жаралар) дамиды. Іріңдіктер басқа ошақтардан гематогенді метастаз нәтижесінде де пайда болуы мүмкін (метастаздық абсцесс).
Инъекциядан кейінгі абсцестер шприцтердің, инелердің залалсыздануы жеткіліксіз болған жағдайларда және медицина қызметкерінің асептика ережелерін сақтамау салдарынан болады. Мұндай асқыну “шприцті ауру” деп аталады, бірақ кейде енгізілетін заттың өзіндік реакциясынан да туындауы мүмкін.
Абсцестің пайда болу алдында, іріңді қуысты қабныу инфильтраты қоршап тұрады, кейіннен одан қапшық (капсула) түзіледі. Бөгде зат кезіндегі және инъекциядан кейінгі іріңдіктерде түзілетін капсула тығыз және ол қоршаған тін мен іріңдікті шектеп тұрады. Сондықтан мұндай абсцестер сыртқа сирек шығады.
Клиникалық көрінісі. Пайда болу себебіне байланысты абсцестердің орналасуы әртүрлі (жақ асты, мойын, шаптық лимфаденит, бастың және дененің сыздауықтары, егуден кейінгі жарақат орындарында және т.б.).
Абсцесс бірнеше күннің ішінде дамиды. Шектелген ісіну, тері гиперемиясы, жергілікті және жалпы дене қызуының жоғарлауы, күрт ауырсыну болады. Абсцестің классикалық белгісі – пальпация кезіндегі флюктуация феномені. Жедел іріңдік кезінде теріге жанасатын капсула тез бұзылып, ірің сыртқа шығады. Іріңдік тазаланғаннан кейін тыртық пайда болып жазылады. Кейбір жағдайларда іріңдіктің түзілу процесі ұзаққа созылады, жергілікті және жалпы белгілері анық көрінбейді.
Соңғы жылдары процестің жеделдеу ағымы көптеп кездесуде. Ол антибиотиктерді кеңінен қолданғаннан кейінгі микрофлораның вируленттілігінің өзгеруіне байланысты.
Бөгде зат айналасында дамитын және инъекциядан кейінгі іріңдіктер созылмалы түрде өтеді. Алғашқы сатыларында тері гиперемиясы мен жалпы қызу болмайды, тек аздаған шектелген ісіну кездеседі. Субъективті шағымдары болмайды. Бірнеше апта, ай және тіпті жылдар аралығында ісіну біртіндеп ұлғайып кейіннен тұрақтанады. Пальпация жасау кезінде патологиялық түзіліс қозғалмалы, ауырсынуы аз және шекарасы анық болады. Флюктуация белгісі анықталады. Кейбір жағдайларда ауру жедел өтеді: ауырсыну пайда болады, ісіну ұлғаяды, терісі қызарады, кейіннен терісі жұқарып, іріңдік сыртқа шығады. Іріңнің тұрақты түрде бөлініп тұратын жыланкөзі түзіледі. Бірақ созылмалы іріңдік кезінде өздігінен емделу нәтиже бермейді, себебі қабыну процесін тудыратын бөгде заты немесе пиогенді капсуласы бар.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Балалардағы бет сүйектерінің ісіктері мен ісіктәрізді түзілістерінің ажыратпалы диагностикасы

Балаларда 5-7 жас аралығында ісіктер жиі кездеседі. Жалпы ісікпен науқкас балалардың 71,7% қатерсіз ісік болса, оның ішінде жартысына жуығы қой-тамыр ісіктерінің үлесіне тиеді.
Ісіктің сипаты, орналасқан орны мен өлшеміне байланысты емі стационарда жүргізіледі. Сол себепті хирург келесі ережелерді ұстануы тиіс:
1. Амбулаторлы жағдайда тек өлшемі кішкентай қатерсіз ісіктерді емдейді. Егер хирург күмән туындап жатса, не болмаса диагнозына толық күмән тудырса науқасты арнайы маманға жібереді немесе стационарға жатқызады.
2. Егер қандай да бір себеппен операция жасалмаса, науқасты динамикада ай сайын бақылауы тиіс. Қан-тамыр ісіктері өсуге бейімделсе, емді созу үлкен қателік болып табылады.
3. Амбулаторлы жағдайда, жергілікті анестезия арқылы ісікті алып тастау операциясы жүргізіледі. Операция уақытының ұзақтығы 20-30 минуттан аспауы тиіс.
4. Ісікті сау улпалар деңгейінде алып тастайды.
5. Бөліп алынған ісікті патогистологиялық зерттеуге жібереді.

Абсцесс (іріңдік) тері асты май қабатында әртүрлі себептерден пайда болады. Жиі абсцесс лимфаденит, фурункул, флегмона кезінде жедел іріңді процестің нәтижесі ретінде, ал сирек жағдайдарда тері жамылғыларының зақымдануы кезінде (тыртық, егулер, жаралар) дамиды. Іріңдіктер басқа ошақтардан гематогенді метастаз нәтижесінде де пайда болуы мүмкін (метастаздық абсцесс).
Инъекциядан кейінгі абсцестер шприцтердің, инелердің залалсыздануы жеткіліксіз болған жағдайларда және медицина қызметкерінің асептика ережелерін сақтамау салдарынан болады. Мұндай асқыну "шприцті ауру" деп аталады, бірақ кейде енгізілетін заттың өзіндік реакциясынан да туындауы мүмкін.
Абсцестің пайда болу алдында, іріңді қуысты қабныу инфильтраты қоршап тұрады, кейіннен одан қапшық (капсула) түзіледі. Бөгде зат кезіндегі және инъекциядан кейінгі іріңдіктерде түзілетін капсула тығыз және ол қоршаған тін мен іріңдікті шектеп тұрады. Сондықтан мұндай абсцестер сыртқа сирек шығады.
Клиникалық көрінісі. Пайда болу себебіне байланысты абсцестердің орналасуы әртүрлі (жақ асты, мойын, шаптық лимфаденит, бастың және дененің сыздауықтары, егуден кейінгі жарақат орындарында және т.б.).
Абсцесс бірнеше күннің ішінде дамиды. Шектелген ісіну, тері гиперемиясы, жергілікті және жалпы дене қызуының жоғарлауы, күрт ауырсыну болады. Абсцестің классикалық белгісі - пальпация кезіндегі флюктуация феномені. Жедел іріңдік кезінде теріге жанасатын капсула тез бұзылып, ірің сыртқа шығады. Іріңдік тазаланғаннан кейін тыртық пайда болып жазылады. Кейбір жағдайларда іріңдіктің түзілу процесі ұзаққа созылады, жергілікті және жалпы белгілері анық көрінбейді.
Соңғы жылдары процестің жеделдеу ағымы көптеп кездесуде. Ол антибиотиктерді кеңінен қолданғаннан кейінгі микрофлораның вируленттілігінің өзгеруіне байланысты.
Бөгде зат айналасында дамитын және инъекциядан кейінгі іріңдіктер созылмалы түрде өтеді. Алғашқы сатыларында тері гиперемиясы мен жалпы қызу болмайды, тек аздаған шектелген ісіну кездеседі. Субъективті шағымдары болмайды. Бірнеше апта, ай және тіпті жылдар аралығында ісіну біртіндеп ұлғайып кейіннен тұрақтанады. Пальпация жасау кезінде патологиялық түзіліс қозғалмалы, ауырсынуы аз және шекарасы анық болады. Флюктуация белгісі анықталады. Кейбір жағдайларда ауру жедел өтеді: ауырсыну пайда болады, ісіну ұлғаяды, терісі қызарады, кейіннен терісі жұқарып, іріңдік сыртқа шығады. Іріңнің тұрақты түрде бөлініп тұратын жыланкөзі түзіледі. Бірақ созылмалы іріңдік кезінде өздігінен емделу нәтиже бермейді, себебі қабыну процесін тудыратын бөгде заты немесе пиогенді капсуласы бар.
Ажыратпалы диагнозы
Абсцесс диагнозын қою әдетте қиындық тудырмайды. Бірақ, іріңдік қабырғасы қалың болса немесе ол тереңде орналасқан болса, флюктуация феноменін анықтау мүмкін емес. Процестің жеделдеу және созылмалы ағымдарында туындайды. Балаларда іріңдіктерді туберкулезді ісінулермен, ісіктермен, тамыр дамуының ақауларымен ажыратпалы диагноз жүргізу керек.
Күмәнді жағдайларда іріңдікті анықтау үшін жуан инемен пункция жасалынады. Инъекиядан кейінгі абсцестерді анықтауға мұқият жиналған анамнез және белгілі жерлерде орналасуы көмектеседі. (жауырын асты аймағы, жамбас, иықтың сыртқы беткейі).
Емі көп жағдайларда амбулаторлы. Тек жалпы жағдайының ауыр бұзылулары кезінде, сонымен қатар іріңнің метастазына күдіктенгенде науқасты ауруханаға жатқызу керек.
ріңдікті емдеудің негізгі әдісі - оны бір немесе бірнеше жерден тілу жасап іріңнің жақсы ағуын қамтамасыз ету. Операция жергілікті немесе қысқа уақытты жалпы жансыздандыру арқылы орындалады. Тілу тері қатпарларының жолы бойымен жасалады. Тілік жасап, қуысты іріңнен тазартқаннан кейін жара жиектерінің жабысуының алдын-алу үшін және іріңнің кедергісіз ағып тұруын қамтамасыз ету мақсатында шығарғыш түтікшелер қолданылады. Әдетте дәкіден немесе резеңке қолғаптан жасалған жұқа сызықтар пайдаланылады. Жараға риванол, магний сульфаты, натрий хлоридінің гипертониялық ерітінділері бар таңғыш таңады.
Қуыс іріңнен толық тазарғанша дренаж қалдырылады, одан кейін оны алып тастап жара толық жазылғанша мазьді таңғыштар (Вишневский мазі, балық майы, антибиотик эмульсиялары) қолданылады.
Іріңдікті емдеудің басқа да түрлері бар. Олардың таңдалуы іріңдіктің орналасуына және оның сипатына байланысты. Мысалы, дененің ашық бөлімдерінде орналасқан іріңдік болса, косметикалық тиімділік үшін пункция әдісі қолданылады. Іріңдікті тазартқаннан кейін, абсцесс қуысына антибиотиктердің концентрациялық ерітіндісін енгізеді. Бірақ, 1-2 күнде жасалған 2-3 пункциядан кейін нәтиже болмаса, аздап кесу керек. Созылмалы абсцестердің емделуі басқаша. Оларды капсуласымен бірге тіледі. Егер қуыста бөгде зат болса, сіреспеге қарсы анатоксинді енгізеді.
Инъекциядан кейінгі абсцестер кезінде кейбір бала хирургтері аздап тілік жасап кейіннен пиогенді капсуланы үшкір қасықпен тазалайды. Тігілмеген жараны жалпы ережелер бойынша емдейді.
Флегмона дегеніміз тіндік кеңістіктер арқылы диффузды таралатын қабыну түрі. Флегмонаның абсцестен ерекшелігі процестің шектелмеген болуы. Аурудың ең жиі қоздырғышы - стафилокок және стрептококк, бірақ сонымен қатар флегмона басқа да флорамен шақырылады (ішек таяқшасы, анаэробты инфекция).
Инфекцияның тері асты май қабатына енуінің қарапайым жолы - терінің зақымдануы. Сонымен қатар инфекция гематогенді жолмен де түсуі мүмкін. Кейде флегмона басқа да жергілікті процестердің асқынуы болады. (лимфаденит, фурункул, мастит, омфалит).
Нәрестенің тері асты флегмонасының ересек балалардағы флегмонадан айырмашылығы қабыну өзгерістеріне қарағанда некротикалық өзгерістердің басым болуы. Нәресте флегмонасында тері жиі екіншілік зақымданады. Нәресте флегмонасы жеке нозологиялық ауру болып саналады (нәрестенің некротикалық флегмонасы).
Клиникалық көрінісі
Кейбір жағдайларда флегмона біріншілік пайда болады, ал көп жағдайларда негізгі ауруға келіп қосылады. Оның орналасуы әртүрлі. Флегмона кезінде қабынудың бес белгісі айқын болады: ісіну, қызару, жергілікті температураның көтерілуі, ауырсыну және зақымдалған дене бөлігінің қызметінің бұзылуы. Процесс таралуға бейім. Кейде тіндер іріңді ыдырауға ұшырап, инфильтраттың жұмсаруы пайда болады. Ауру айқын көрінетін жалпы белгілермен өтеді. (әлсіздік, дене қызуының көтерілуі).
Нәресте флегмонасының ең жиі орналасатын жері: сегізкөз-құйымшақ аймағы, арқа, көкірек. Ауру жедел басталады. Бала әлсірейді, тәбеті төмендейді, дене қызуы 38-40ӘС-қа көтеріледі. Теріде тығыздалған және қызарған, басқан кезде ауыратын ошақ пайда болады. Қабыну ошағы тез үлкееді, зақымдалған жердегі терінің түсі қанық-қызыл, ал кейіннен көгеріңкі болады.
2-3 тәулікте зақымданған жердің ортасында жұмсарулар пайда болып, кейіннен осы жердегі тері ыдырап, жыланкөз түзіледі. Одан бұлыңғыр түсті некрозданған клетчатка бөлінеді.
Жыланкөз шеттеріндегі тері біртіндеп ажырайды, іріңді ыдырауға ұшырайды, соның нәтижесінде жиектерінде қазылған жара түзіледі. Процестің өту барысы асқынусыз болған кезде некрозданған тіндер сылынып, жара біртіндеп тыртықтанады. Егерде уақытылы ем қолданылмаған болса, некроз тереңге таралып, сүйектерге жетеді. Балаларда сепсис дамиды.
Ажыратпалы диагноз
Үлкен жастағы балаларда айқын көрінетін белгілер негізінде флегмона диагнозы еш қиындықсыз қойылады. Бірақ, дәрігердің есте сақтайтыны тері асты флегмонасының кейде тереңде орналасқан іріңді процестердің болу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Балалар аурулары пәнінен дәрістер кешені
Көмей туберкулезі
Гипоталамо-гипофизарлы жүйесінің аурулары
Балалар стоматологиясы пәнінен дәрістер
Фармакология бойынша
Ми өлімінің критериялары
Сыртқы жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері
Балалар аурулары туралы
Қол - аяқ сүйектерінің сынықтары
Пәндер