Ұлттық саясат: кеше және бүгін



1. Өтпелі кезең ерекшеліктері.
2. Қазақстан . тілі орыстанған қоғам.
3. Қазақстан . ұлттық мемлекет, Қазақтар . мемлекет құраушы ұлт.
4. Ұлт саясаты мен әлеуметтік сала . егіз.
5. Сыртқы саясат ықпалы.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан халқы күрделі тарихи кезеңді басынан өткізді. Ұлтаралық қатынастардың дамуы мемлекеттің саяси институттары қызметінің түбегейлі өзгеруі, экономикалық реформалар, рухани-идеологиялық жаңалықтармен қатар жүрді. Жұмыссыздық, кедейлік, құқықтық немқұрайдылық, шовинизм, ұлтсыздық психология, бюрократизм көріністері мен кең ауқымды миграциялық үрдістер ұлтаралық қатынастарға кері әсерін тигізді.Осы жағдайда ұлттық саясат тарихи қордаланған қайшылықтардың және жаңа әлеуметтік-экономикалық проблемалардың зардаптарын азайтуға бағытталды. Басты назар Ресей және бұрынғы кеңес республикаларынан ажырап қалған диаспораларды жаңа саяси жағдайға бейімдеуге бағытталып олардың этномәдени сұраныстарын қанағаттандыруға, мемлекеттік тілде және басқа да тілдерде білім алуын, мәдени-рухани мұраның жаңаруына мән берілді. Мемлекеттің саясаты тарихи қалыптасқан дәстүрге, күш көрсетпеу, төзімділік, халықтардың ғасырлар бойы бірге өмір сүрген тәжірибесіне сүйенді. Мемлекеттің іс-әрекеті қазақтың және диаспоралардың да ұлттық сана-сезімінің оянуын кертартпа күштердің өз мақсаттарына пайдалануына жол бермеді. Бұл қоғамдық келісімді сақтауды қамтамасыз етті.
Бүгінгі күні елден көшу саябырсыды, ел халқының басым көпшілігі ұйысып, азаматтық қоғам қалыптаса бастады. Елде ірі этнодемографиялық өзгерістер болды: Қазақстан екі этностық қауымдастық (қазақтар мен орыс диаспорасы) басым болған мемелекеттен, сан жағынан бір этнос, қазақ этносы басым мемлекетке айналды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін жиырма жылдай уақыт өтті, ұлт мәселелерін жаңа ой елегінен өткізудің қажеттілігі туды. Қоғамдық санада, БАҚ-та және ғылыми жиындарда бұл мәселелер жиі көрініс алды. Осы тұста елді дүрліктірген «Ел бірлігі доктринасы» жобасы өмірге келді, ол қызу талқыланды. Оның жаңа үлгісі де мақұлданды. Бірақ Доктрина ел бірлігінің «құқықтық, әлеуметтік-этникалық, саяси, мемлекетттік басқару шараларының біртұтас жүйесін жасаудың негізі болып табылады» делініп, көптеген нақты мәселелерге жауап бере алмады. Оның қайшылықты тұстары да жетерлік. Ел бірлігінің қажеттілігі былайша түйінделеді: «Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезегінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындағанортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады».

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҰЛТТЫҚ САЯСАТ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН.

Өтпелі кезең ерекшеліктері.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан халқы күрделі тарихи кезеңді
басынан өткізді. Ұлтаралық қатынастардың дамуы мемлекеттің саяси
институттары қызметінің түбегейлі өзгеруі, экономикалық реформалар, рухани-
идеологиялық жаңалықтармен қатар жүрді. Жұмыссыздық, кедейлік, құқықтық
немқұрайдылық, шовинизм, ұлтсыздық психология, бюрократизм көріністері мен
кең ауқымды миграциялық үрдістер ұлтаралық қатынастарға кері әсерін
тигізді.Осы жағдайда ұлттық саясат тарихи қордаланған қайшылықтардың және
жаңа әлеуметтік-экономикалық проблемалардың зардаптарын азайтуға
бағытталды. Басты назар Ресей және бұрынғы кеңес республикаларынан ажырап
қалған диаспораларды жаңа саяси жағдайға бейімдеуге бағытталып олардың
этномәдени сұраныстарын қанағаттандыруға, мемлекеттік тілде және басқа да
тілдерде білім алуын, мәдени-рухани мұраның жаңаруына мән берілді.
Мемлекеттің саясаты тарихи қалыптасқан дәстүрге, күш көрсетпеу, төзімділік,
халықтардың ғасырлар бойы бірге өмір сүрген тәжірибесіне сүйенді.
Мемлекеттің іс-әрекеті қазақтың және диаспоралардың да ұлттық сана-
сезімінің оянуын кертартпа күштердің өз мақсаттарына пайдалануына жол
бермеді. Бұл қоғамдық келісімді сақтауды қамтамасыз етті.
Бүгінгі күні елден көшу саябырсыды, ел халқының басым көпшілігі ұйысып,
азаматтық қоғам қалыптаса бастады. Елде ірі этнодемографиялық өзгерістер
болды: Қазақстан екі этностық қауымдастық (қазақтар мен орыс диаспорасы)
басым болған мемелекеттен, сан жағынан бір этнос, қазақ этносы басым
мемлекетке айналды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін жиырма жылдай уақыт өтті, ұлт мәселелерін
жаңа ой елегінен өткізудің қажеттілігі туды. Қоғамдық санада, БАҚ-та және
ғылыми жиындарда бұл мәселелер жиі көрініс алды. Осы тұста елді
дүрліктірген Ел бірлігі доктринасы жобасы өмірге келді, ол қызу
талқыланды. Оның жаңа үлгісі де мақұлданды. Бірақ Доктрина ел бірлігінің
құқықтық, әлеуметтік-этникалық, саяси, мемлекетттік басқару шараларының
біртұтас жүйесін жасаудың негізі болып табылады делініп, көптеген нақты
мәселелерге жауап бере алмады. Оның қайшылықты тұстары да жетерлік. Ел
бірлігінің қажеттілігі былайша түйінделеді: Егер мемлекеттің қалыптасу
кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім
негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезегінде, стратегиялық
басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындағанортақ құндылықтар
мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады.
Төзімділік пен келісім елімізге сырттан келген идея емес, қазақ
халқына ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келетін құндылықтар. Қазыбек би: Біз
қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз, –
дей келіп: Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген, дәм-тұзды ақтай білген елміз. Асқақтаған хан
болса, хан ордасын таптай білген елміз, – деген асыл ойлы сөздер
төзімділік, байсалдық бүгінде ел тұтастығына кеше де, бүгін де қызмет жасап
келді, ел дамуының жаңа кезеңінде де қызмет жасайды, барлық азаматтар
мойындаған ортақ құндылықтар болып қала береді, оларды бірлікке қарсы
қоюдың реті жоқ.
Доктрина бір мемлекет – бір ұлт идеясына негізделген. Бұл жаңалық
емес, әлемде көп тараған идея. Сонымен, қанша ерімізді бауырымызға алып
тулағанымызбен казақстандық ұлт идеясын мойындадық. Тек көбірек орыс
тілінде сөйлеп, ойлап дағдыланған қазақстандықтар орыс тілді жаңа этнос
өмірге келеді деп қабылдау қаупі жоқ емес.
Ұлт саясатында шексіз либерализм де, ұрда-жық, ымыраға келмейтін,
бұлтартпайтын саясат та қауіпті. Сонымен бірге ұлт саясаты биліктің барлық
деңгейлеріндегі шешім қабылдайтын, оны жүзеге асыратын адамдарға
байланысты. Олардың ұлтжандылық, патриоттық болмысы, не ұлтсыздық,
нигилистік, болмаса бейтарап ұстанымы этникалық қатынастарға ықпалын
тигізеді. Олардың шешімді асығыс не кешігіп қабылдауы да этносаралық
кайшылықтарды ушықтыруы мүмкін.
Ұлт болмысы күрделі, оны тамақтың тоқтығымен, күйлілікпен ғана
өлшесек, мәдени-рухани өмір тасада қалады. Сонымен бірге, оны мәдени
мекемелердің, сарайлардың, концерттердің санымен де өлшеуге болмайды. Ұлт
кедей, қайыршы күй кешіп, біліксіз, кәсіби деңгейі төмен, басқа этностық
топтардың арасында өзінің лайықты, сыйлауға тұрарлық орнын алмаса, ұлт
мәртебесі төмен болатыны белгілі. Сондықтан этносаралық қатынастарды жан-
жақты ойластырған байсалды ұстаным қажет екені сөзсіз.
Ұлт саясаты, тек қазақ саясаты емес, қазақ өз мүддесі үшін атасы басқаның
арасынан дау шықпауын, ауылы басқаның арасынан жау шықпауын ойлайды.
Сондықтан кешенді жаңа ұлт саясатына мүдделі. Тек қазақтар ғана емес,
диаспоралар да қоғамдық келісімді, ел бірлігін жоғары бағалайды. Бірақ
бірлікті нұсқаумен, тікелей, үзілді-кесілді түрде қалыптастыруға болмайды.
Ол елдің іргесін нығайтатын нақты да айқын және өзара іштей байланысты
жүйелі идеяларды негізге алу арқылы жүзеге асады. Оның негізгілеріне
тоқталайық.
Қазақстан – тілі орыстанған қоғам.
Мемлекеттің этникалық құрамын есепке алмай, тиімді ұлт саясаты болуы
мүмкін емес. Елдің этникалық құрамы өркениеттер тоғысында тарихи
қалыптасқан. Бүгін Қазақстан жерінде әртүрлі этникалық қауымдастықтар өмір
сүруде. 1. Көне түркі халқының ұрпағы, байырғы жерінде тұратын қазақтар. 2.
Әр заманда әртүрлі жолмен Қазақстан тағдырына араласқан славян және
еуропалық тектес этникалық топтар. 3. Мәдениеті мен тілі жағынан қазақтарға
жақын шығыс этностық диаспоралар. 4. ХХ ғ. 30-40 жылдары жер аударылған
этностардың өкілдері. 5. Бұрынғы Одақтың және алыс шет елдік ұсақ этникалық
топтар.
Біздің кейбір баспасөз көздері еліміздегі диаспоралардың санын
көбейтуге әуес. Әсіресе, Қазақстан халқы ассамблеясы да олардың санын
өсіріп айтып, қыза-қыза 140-қа асырып жібереді. Оның астарында Қазақстан
көпұлтты ел, қазақтар көптің бірі, ел де, жер де қазақтікі емес,
бәріміздікі дегісі келетін сияқты. Шындыққа тура қарасақ, жағдай басқаша.
2003 жылы Арыс баспасы шығарған Народы Казахстана атты энциклопедиялық
анықтамада Қазақстандағы абазиндардың саны – 64, абхаздар – 185,
австриялықтар – 45, агулдар – 126, албандықтар – 46, алеуттер – 8,
алтайлықтар – 462, американдар – 98, ағылшындар – 81, белудждар – 33,
венгрлер – 440, вьеттер – 29, голландықтар – 21, долгандар – 25, ижорлар –
15, испандықтар – 34, ительмендер – 2, кабардиндер – 23, қарайымдар – 28,
карелдер – 410, комилер – 387, коряктар – 48, кубалықтар – 50, лакцтар –
590, ливтер – 3, монголдар – 602, нанайлықтар – 19, нигдальцтар – 1,
нивхтер – 8 адам. Осылай жалғастыра беруге болады. 116 ұсақ этникалық
топтардың әр қайсысының саны жүзден, мыңнан аспайды. Қазақстан
халықтарына жатқызғандардың бірқатары – келіп-кетіп жатырған шетел
азаматтары. Егер елде уақытша тұратын, жұмыс іздеп жүрген қоныс
аударушыларды, туристерді, миссионерлерді, саудагерлерді жиып тере берсе,
әр мемлекетті де көпұлтты деуге болар. Қазақстанда бүгін бір ұлт-қазақ ұлты
және алты диаспора өмір сүруде. Қазақтар – елдің 63,6, орыстар – 23,3 ,
өзбектер – 2,9, украиндықтар – 2,0, ұйғырлар –1,4, татарлар – 1,2, немістер
– 1,1, ал, 100-ден астам ұсақ диаспоралар -4,5 пайызды ғана құрайды.
Көптеген диаспоралар өкілдері Одақ ыдырағаннан кейін тарихи отандарына
оралды. Ал, Қазақстанда өмір сүретін барлық этникалық кауымдастықтардың
өкілдері негізінен бүгін ресми тұрғыдан Қазақстан азаматтары.
Еліміздегі қазақтар мен диаспоралар тегін, дінін, дәстүрін сақтағанмен, тіл
жағынан басым бөлігі орыстанғандар, тәуелсіздік тұсында да оның бетін
қайтара алмадық. Егер қазақтарды қазақтандырып, ана тілін білуге байланысты
істер қолға алынғанмен, жағдай әлі күрделі күйінде болса, орыстардан басқа
диаспоралардың, әсіресе славян тектілерінің орыстануы одан әрі тереңдеуде.
Біз орыстанған қоғамда өмір сүріп жатырмыз және бұл үрдіс күшеймесе
бәсеңдемей тұр. Мемлекеттік тілдің қолдану аясына іштей де, ашық та
қарсылар орыстанғандардың арасынан шығып жатыр. Олар қазақтар мен әртүрлі
диаспораның өкілдері. Мемлекеттік тілді қолдайтындар да тек қазақ
патриоттары ғана емес, оларды көптеген диаспора өкілдері, бірақ олар әлі
күш ала алмай отыр. Бірақ, мемлекет басым бір тілде, мемлекеттік тілде,
сөйлемей, оқымай, жазбай тұрақты мемлекет бола алмайды.
Соған қарамастан, қазақстандықтардың ұстанымдары өте күрделі, оның
астарында жаңа азаматтықпен қатар этникалық, аймақтық-жерлестік, ру-
тайпалық, діни, әлеуметтік, кеңестік сағыныш сезім сияқты таңдаулар жатыр.
Адамзаттық және этникалық сәйкестіктер, олардың үйлесімі адамның
Қазақстанмен де, өзінің этникалық қауымдастығымен де байланысын көрсетеді.
Қазақтар үшін қазақстандық азаматтық және этникалық сәйкестілікті үйлестіру
қиын болмаса, тарихи отаны бар диаспоралар үшін бұл көкейтесті мәселе.
Диаспоралар негізінен өз этностық қауымдастығының өкілі бола тұра, бүгін
Қазақстан паспортын алып, азаматтыққа күрделі жағдайда бейімдейделуде.
Ресейліктер жүргізген Сіз Қазақстан азаматысыз ба? – деген сауалға
Шымкент қаласында тұратын, білім саласында 30 жыл жұмыс жасайтын, ұлты орыс
әйел былай деп жауап беріпті: Нет, я не чувствую себя казахстанцем...
несмотря на то, что здесь родилась и это моя родина, я не чувствую, что
президент и его программа 2030 что-то делает для обычных и простых людей.
Я вижу постоянно, что у нас везде коррупция... пойти в налоговую, пойти в
полицию, финконтроль, везде надо дать на карман и везде казахские фамилии.
Никакие мы не казахстанцы. Почему-то так получается, что все руководящие
должности должны занимать или казахи или корейцы, а русские нет. Я вот в
суд хожу, все судьи вышли из залов на перекур, все казахи. О чем здесь
можно говорить. Какие казахстанцы? А русские где? Только прислуживают и
моют полы. 70 школ в городе и в 68 из них казахи директора. И ждут, когда
эти двое уйдут на пенсию. (Социологические исследования, 2010, №8, 88
бет).
Сезімге бой алдырғанмен бұл сөздердің астарында этносаралық қатынастардың
көптеген қайшылықтары орыс диаспорасының көзімен берілген.
Ұлт саясаты осыдан келіп, диаспоралардың этникалық, діни және тілдік
еркшеліктерін қолдауына мән береді. Диаспоралардың мүдделерін билік
институттары да, азаматтық қоғам да қорғауға тиісті. Бұл этноұлттық
мүдделерді ескеру және жүзеге асыру жүйесін қалыптастыруды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан — әлемдік қоғамдастықтың белсенді мүшесі
Қазақстанның білім мәселесі кеше, бүгін, болашақта
Саяси технологияның адам өміріне маңызы
Мырзатай Жолдасбековтің тілдік тұлғасын тану мәселесі
Тележаңалықтардағы хабарлама («мессидж») тәжірибесі
Нұрсұлтан Назарбаев Отбасы және балалық шағы
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасы
Демографиямыздың талғары
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы халықаралық ұйым
Баспасөздегі діни идеология мәселелері
Пәндер