Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығына инвестиция тарту механизімін жетілдіру жолдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Менеджмент және бизнес кафедрасы
Диплом жұмысы
қазақстан республикасындағы ауыл шаруашылығына инвестиция тарту механизімін жетілдіру жолдары
Орындаған:
4 курс студенті А. А. Сейсинбинова.
Ғылыми жетекшісі,
э. ғ. к., доцент Ж. О. Тұмбай
Норма бақылаушы, А. Ғ. Жұмағазиева
аға оұытушы
Кафедра меңгерушісі,
э. ғ. д., профессор К. Е. Кубаев
АЛМАТЫ, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЛАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ . . . 6
1. 1 Ауыл шаруашылығын дамытудағы инвестицияның рөлі және олардың мәні . . . 6
1. 2 Инвестицияларды пайдаланудыдыдың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі . . . 12
1. 3 Ауыл шаруашылығына инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі . . . 19
2 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ МЕН ОЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . . 26
2. 1 Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының бүгінгі күнгі жағдайы және оның дамуы . . . 26
2. 2 Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық белсенділіктің динамикасын талдау . . . 33
2. 3 Ауыл шаруашылығында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар . . . 41
3 АУЫЛ ШАРАШЫЛЫҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ МЕХАНИЗМІН ЖЕІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 48
3. 1 Ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды мемлекеттік реттеу және оны жетілдіру . . . 48
3. 2 Ауыл шаруашылығында инвестициялардың тиімділігін мен оның тартымдылығын арттыру жолдары . . . 55
3. 3 Ауыл шаруашылығына инвестиция тартудың ұйымдастырушылық-құқықтық механизмін жетілдіру бағыттары . . . 60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 72
ҚОСЫМША . . . 75
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Қазақстан өзінің 2030-шы жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес белгіленген ұзақмерзімдік бағыттарға сәйкес динамикалық түрде дамуын жалғастыруда. Осылайша, жақын арадағы он жылда біздің алдымызда тұрған стратегиялық міндет - Қазақстанды әлем елдері ішіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу болып табылады.
Бұл стратегияның негізінде - ұлттық тауар және қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттігін көтеру есебінде Қазақстанды халықаралық рынокқа шығару және онда аймақтық және глобальдық экономика артықшылықтарын тиімді қолдану жатыр. Бұл мақсатқа жету жолында елдің инвестициялық климатын одан әрі жақсарту, оның ішінде еліміздің ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды жетілдіруді арттырудың маңызы жоғары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы «Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты - Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру» атты жолдауында мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың орнының өсуімен ішкі инвестициялық ресурстарды белсендіру керектігі негізгі міндет ретінде көрсетілген [1] .
Сонымен қатар, елбасымыз осы Жолдауда: «Елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс. Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту қажет. » - деп атап көрсеткен [1] .
Елбасы өзінің 2009 жылдың 6 наурызындағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты халыққа жолдауында аталған саланы ұтымды түрде дамытуға барынша мән беріп, «Агроөнеркәсіптік кешен туралы айрықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз. Сондықтан да біз тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, тамшылап суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін ұйымдастыру, ауылшаруашылық техникаларын жинау жөніндегі өндірістерді құру, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымы және оны терең қайта өңдеу секілді экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға шешім қабылдадық» - деп ерекше атап көрсетті [2] .
Экономикалық өсудің қамтамасыз етілуімен байланысты көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуі, тұрғындардың өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, экономикалық агенттердің және тұтастай елдің бәсекеге қабілеттігінің артуы, макроэкономикалық тұрақтылық жалпы алғанда осы елдің экономикасына келіп түскен инвестиция көлеміне және инвестициялық процесстердің жай-күйіне тікелей байланысты болады.
Дүние жүзі елдерін түгелдей қамтыған қаржылық, экономикалық дағдарыс кезеңінде Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, оны одан әрі тиімді дамытуда инвестиция тарту әлеуметтік-экономикалық және саяси мәнінің бүгінгі таңда өзектілігі менің диплом жұмысыма осы тақырыпты таңдауыма себепші болды. Өйткені, инвестиция тарту арқылы ауыл шаруашылығын, ал ол өз кезегінде тұтастай экономиканың дамуына себепші болады.
Қазақстан Республикасының аграрлық секторының нарықтық экономикада дамуы нормативтік-құқықтық, экономикалық, ұйымдық негізде АӨК-не инвестиция тарту үшін жағдай туғызумен тікелей байланысты. Қазіргі заманғы транзиттік экономика кезеңінде және ішкі қаржыландырудың мүмкіндіктерінің шектеулі жағдайында үкіметтің іс-әрекет бағдарламасы негізінде құрылымдық қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығына инвестиция тарту және оны пайдалану мәселелері өте маңызды орын алады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - ұлттық экономикамыздың ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды ынталандыру мен оның механизмін дамыту бойынша шараларды анықтау болып табылады.
Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- Ауыл шаруашылығын дамытудағы инвестицияның рөлін танып білу;
- инвестиция тартудың экономикалық тиімділігін анықтаудың әдістемесін негізге ала отырып, жетілдіру жолдарын ұсыну;
- ауыл шаруашылығына инвестиция тартудың әлемдік үлгілерін талдау;
- ауыл шаруашылығындағы инвестициялық белсенділіктің динамикасын талдау;
- ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды мемлекеттік реттеуді тану;
- инвестиция тартудың мемлекеттік-құқықтық механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Диплом жұмысының зерттеу обьектісі болып ҚР салаларының ішіндегі ауыл шаруашылығына инвестиция тарту жағдайы.
Зерттеу пәні ауыл шаруашылығына инвестиция тарту механизмдерін жетілдірумен байланысты ҚР жағдайына талдау жасау болып табылады.
Диплом жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде кейнсиандық, инвестициялық теория және ауыл шаруашылық саласы бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, ғылыми мақалалар, Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілері, ғылыми практикалық конференция материалдары, ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, т. с. с. пайдаланылды.
Мен дипломдық жұмысымда қарастырылған мәселелерім «Қазақстан Республикасына тартылған инвестициялардың тиімділігін мемлекеттік реттеу» тақырыбында ҚазҰУ-дың 75 жылдығына арналған «Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: Ұлттық экономиканы жеделдете жаңғырту және корпоративтік құрылымдардың дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары» жинағының 1-бөлімінде баспаға шыққан.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде ауыл шаруашылығын дамытуда инвестиция тартудың теориялық негіздемесі, олардың экономикалық тиімділігін есептеудің әдістемсі қарастырдым.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының бүгінгі күнгі жағдайы мен осы салаға инвестиция тартудың белсенділігінің динамикасына талдау жасап, бұл ретте оның тиімділігін арттыруда мемлекет тарапынан атқарылған нақты іс-шараларына тоқталып өттім.
Ал дипломдық жұмысымның үшінші бөлімінде талдау нәтижесінде ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды мемлекеттік реттеудің қажеттілігін негіздей отырып, саланың тартымдылығын арттыруда қолданылатын инвестициялық механизидерді жетілдірудің негізгі бағыттары қарастырдым.
1 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЛАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
1. 1 Ауыл шаруашылығын дамытудағы инвестицияның рөлі және олардың мәні
Инвестицияның жеткілікті көлемінің бар болуы - агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және тұрақты дамуының қажетті жағдайы болып табылады. Сонымен қатар, ел экономикасының нақты дамуы үшін АӨК саласына инвестиция тартуға қолайлы жағдайлар жасау, инвестициялау деңгейін арттыру маңызды міндет болып табылады [3] .
Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин, Нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінуде айырмашылық бар. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайынды меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екенін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батсы әдебеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады [4] .
Өзінің дамуы барысында инвестиция теориясы бірнеше кезеңді басынан өткерген. Бастапқылары ретінде австрия экономикалық мектептің жұмыстарын айтуға болады. Өткен ғасырдың 20-30-жылдары қаржы теориясының ғылым ретінде қалыптасуы кезеңінде И. Фишердің пайыз қойылымы теориясы бойынша жұмыстары жарық көрді. Капиталдық активтерді бағалауға теориялық тәсілдерді қолдану Ф. Вильямстың зерттеулерінде ұсынылған болатын.
1936 жылы Д. Кейнс жинақтардың ақшалай (өтімділік қабілеті бар) нысанда сақтауға ынталандырушы себептерді бөліп қарастырды. Олардың қатарына ол тауарларды, қызметтерді және т. б сатып алуға қажеттілікті анықтайтын - трансакциялық себепті, жинақтарды тиімді орналастыруға бағытталған - спекулятивтік себепті, құнды қағазға салынған капиталды жоғалтып алу тәуекелімен байланысты - қорғаныстық себебін жатқызды. Аталған факторларды анықтай отырып Кейнс экономикалық теорияға тиімді портфель құру мәселелерін енгізді [5] .
80-ші жылдарға дейін отандақ экономикалық әдебиеттерді «инвестиция теориясы» ұдайы өндіріс процесін талдау үшін қолданылмады, көп жағдайда инвестициялар капитал салынымдарымен теңестірілді [5] .
Шетел әдебиеттерінде «инвестиция» терминімен қатар «капиталдық салынымдар» термині де қолданылады.
Капиталдық салынымдар (капиталды инвестициялау) - кәсіпорын активтеріне ұзақ мерзімге, тәуекелдің жоғары болған жағдайда құралдарды салу туралы шешім қабылдау дегенді білдіреді. Капиталдық салынымдардың тиімділігін дұрыс бағалаған кезде ғана инвестиция сапасына кепілдік берілуң мүмкін.
Капиталдық салынымдардың теориялық негізінің дамуына елеулі үлес қосқан «негізгі қорлардың, капиталдық салынымдардың және жаңа техниканың экономикалық тиімділігі» мәселесін зерттеумен айналысатын Т. С. Хачатуров басқарған АН КСРО Ғылыми Кеңесі болды. Т. С. Хачатуров капиталдық салынымдырға келесідей анықтама берген: « Капиталдық салынымдар түсінігі негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне, оның ұлғайту мен жетілдіруге кететін шығындарды сипаттайды [5] .
1994 жылы шыққан капиталдық салынымдардың экономикалық тиімділігін анықтаудың Үлгілік әдістемесінде, сондай-ақ басқа да әдістемелік ұсыныстарында инвестициялар тек негізгі қорларға ғана емес, негізгі құралдарға да салынатын салынымдар ретінде қарастырылды.
Осыған байланысты, инвестицияның экономикалық мазмұнын анықтау барысында шығындық және ресурстық тәсілдер қалыптасты. Шығындық тәсіл бойынша инвестициялар негізгі қорлардың жай және кеңейтілген ұдайы өндірісіне кететін шығындар ретінде қарастырылады.
Ресурстық тәсілге сәйкес ресурстардың бөлінуі инвестицияның құрамдас бөлігі болып табылады, яғни оларды ұдайы өндіріске қажетті қаржы құралдары деп қарастыруға болады. Екі тәсілге де тән кемшілік талдау объектісінің статикалық сипатталуы және инвестицияның бүтіндей процесс ретінде жеткілікті дәрежеде зерттелмеуі.
«Инвестиция» термині латынның investire - «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар, өндірістік-материалдық запастар және т. б) «таза инвестицияландыру» немесе капитал қалыптасуы деп айтамыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез-келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі . Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады [6] .
Ресей ғалымдарының жұмыстарында инвестицияға және инвестициялық процестерге кең түсініктер берілген. Мысалы, В. Бочаров және Р. Попова инвестициялар - нәтижесінде пайда (табыс) немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізетін кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын мүліктік және зияткерлік құндылықтардың барлық түрлерін көрсетеді. Бұл анықтамаға тағы жақын анықтаманы А. Городецкий мен А. Воронин берген: «инвестициялар» (лат. Investiо - жұмылдыру, киіндіру) - пайда алу мақсатында кәсіперлік қызмет объектісіне ұзақ мерзімге капиталдық салынымды анықтайды [5] .
Сонымен қатар, инвестицияның кәсіпкерлік қызмет саласымен ғана шектелуі дұрыс емес, себебі капитал әлеуметтік сала, гиманитарлық жобаларға (бұл жерде инвестициялар негізінен мемлекет және жергілікті органдар арқылы жүзеге асырылады) және т. б салынуы мүмкін.
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады, инвестициялар бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады [6] .
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Инвестициялар дегеніміз - ол пайда (табыс) алу мақсатында экономика салаларына ұзақ мерзімді ақша қаражаттарының (капиталдың) салымы. Олар негізгі құрал жабдықтарды жасауға, ұлғайтуға, қайта құру мен техникалық қайта жарақтандыруға кететін шығындарды сипаттайды. Инвестициялар нәтижесінде табыс (пайда) алынатын немесе әлеуметтік тиімділікке әкелетін кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынады [4] .
Аталған салымдар категориясына келесі сипаттамалар сәйкес келеді: инвестициялар кәсіпорындар мен салалардың дамуы үшін қажет; олар әдетте ірі көлемдегі ресуртарды жұмсау мен олардан тиімділік алуды көздейді; ол тиімділік ықтималды, тәуекелді сипатқа ие; ресурстарды жұмсау мен олардан тиімділік алудың арасында белгілі уақыт өтеді. (уақыттық кешеуілдеу деп аталатын - бірнеше жыл) [4] .
Инвестиция теориясын қарастырғанда инвестициялық процестің объектісі мен субъектісі және мемлекеттің инвестициялық саясат жүргізудегі рөлі мәселелерін айқын анықтап алу қажет.
Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтің объектісіне мыналар жатады:
- жаңадан құрылатын және қайта құрастырылатын негізгі қорлар, сондай-ақ халық шаруашылығының барлық салаларындағы айналым құралдары;
- құнды қағаздар (акциялар, облигациялар және т. б. ) ;
- белгілі бір мақсатқа негізделген ақша салымдары;
- ғылыми-техникалық өнім немесе басқа да зияткерлік меншік объектілері; пайда алуга мүкіндік беретін басқа объектіер [8] .
Инвестицияларды келесідей жіктеуге болады:
- Пайда болу көздері бойынша - банктік, бюджеттік, шетелдік, жеке, қарыздық, шаруашылықтың ішкі қаражаты, тартылған;
- мерзімі бойынша - қысқа мерзімдік, орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік;
- инвестициялау нысаны бойынша - ақша құралдары, мақсаттық банктік салымдар, пайлар, акциялар, несиелер, қарыздар, лицензиялар және т. б;
- инвестициялау обектісі бойынша - негізгі және айналым құралдарына, өндірістік емес активтерге, құнды қағаздарға, ғылыми-техникалық өнімдерге, мақсаттық банктік салымдар және т. б [7] .
Сонымен қатар, инвестицияларды қаржылық (портфельді) және нақты инвестицияларға бөліп қарастыруға болады.
Қаржылық инвестициялар дегеніміз - мемлекеттің, инвестициялық қорлардың, басқа да ұйымдардың құнды қағаздардан пайда, яғни дивиденд алу мақсатында акциялар мен құнды қағаздарды сатып алуы және үстеме пайыз алу мақсатында ақшаны банктің депозиттік шоттарына салуы. Олар өнеркәсіптегі қандай-да бір өзгерістердің болуын қарастырмайды.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
- қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
- ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық.
Ал, нақты инвестициялар - капиталдық құрылысқа, өнеркәсіпті кеңейту мен дамытуға, жаңа және қолданыстағы негізгі және айналым құралдарын қайта құру мен техникалық жабдықтауға ақша құралдарын салу. Осылайша, нақты инвестициялар халық шауашылығына бағытталған капитал салымдарын сипаттайды, яғни ұзақ мерзімдік сипаттағы шығыстар. Мұндай шығыстарға өндірістік объектілердің құрылысы, оларды кеңейту, қайта құрастыру мен жаңғырту, құрал-жабдық сатып алу жатады. Капитал салымдары объектіні қолданысқа берген кезден бастап негізігі құралған айналатын нақты инвестицияның құрамдас бөлігі [7] .
Қолдану сипаты бойынша капитал салымдары өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Өндірістік капитал салымдары өндірістік сипаттағы объектілердің құрылысына (ұн тарту, сиыр қора салу) ; техника, құрал-жабдық және т. б. алуға; көпжылдық егістіктерді егу және оларды жеміс беру кезіне дейін өсіруге; өнім беретін және жұмыс малдарының негізгі отарын құруға жұмсалады. Негізгі мал отарының құруға капитал салымдары өнім беретін және жұмыс малдарын сатудан түскен пайда есебінен жүзеге асырылады.
Өндірістік емес капитал салымдарына мәдени, денсаулық сақтау ғимараттарын, тұрғын үй құрылысын салуға бағытталған шығыстар жатады.
Өндірістік емес сипаттағы капитал салымдары кәсіпорынның әлеуметтік инфрақұрылымының дамуымен байланысты негізгі құралдардың ұдайы өндірісіне бағытталады. Олар ауыл шаруашылық өндірісінің соңғы нәтижесіне жанама әсер етеді [7] .
АӨК салаларындағы капиталдық салымдардың негізгі бағыттарына мыналар жатады:
- өндірістік және өндірістік емес сипаттағы объектілердің құрылысы;
- техника (ауыл шаруашылығы мешинасы, тракторлар), құрал-жабдық және транспорт құралдарын стаып алу;
- көпжылдық егістіктерді егу және оларды жеміс беру кезіне дейін өсіру;
- өнім беретін және жұмыс малдарының негізгі отарын құру;
- жерді қалпына келтіру бойынша іс-шаралар [3] .
Капитал салымдарын қолданудың тиімділігі көп жағдайда олардың құрылымына байланысты болып келеді. Капитал салымдарының технологиялық, ұдайы өндірістік, салалық және тарриториялық құрылымдары болады.
Капитал салымдарының технологиялық құрылымы сметаның жалпы құнның жеке шығындық үлесін көрсетеді (құрылыс-монтаждық жұмытар, машина мен құрал жабдықтар сатып алу, жобалық шығындар және басқа да шығындар) . Капитал салымдарының технологиялық құрылымы негізгі өндірістік қорлардың актвті және пассивті бөліктері арасында байланыс құрады.
Капитал салымдарының ұдайы өндірістік құрылымы қолданудың әр түрлі бағыттары бойынша (жаңа құрылыс, өндірісті қайта құру мен техникалық кайта жарақтау, өндірісті одан әрі кеңейту) олардың үлес салмағын сипаттайды. Өндірісті қайта құру мен техникалық кайта жарақтау жаңа құрылысқа қарағанда анағұрлым пайдалы болып есептеледі, себебі, өндіріске өндірістік күштерді енгізу мерзімі қысқарады және капитал шығыстарының үлесі айтарлықтай мөлшерде азаяды.
Капитал салымдарының салалық құрылымы мағынасында АӨК мен жалпы халық шаруашылығы әртүрлі салалары арасындаға қатынасы түсіндіріледі.
Капиталдық салымдардың аумақтық құрылымы олардың Қазақстан Республикасының жекелеген экономикалық аймақтары, облыстары арасындағы қатынастын көрсетеді [3] .
Капитал салымдарының бірнеше түсінігі қалыптасқан. Жиынтық капитал салымдары - белгілі бір кезеңдегі барлық капитал салымдардың қосындысы. Үлестік капитал салымдары - орындалатын жұмыстың 1 бірлігі есебіндегі капитал салымдарының қосындысы.
Капитал салымдарының қаржыландыру көздері әртүрлі болып келеді.
Шаруашылық субъектінің өз қаржы құралдары - ол пайда, амортизациялық қор, жалгерлік төлемдер, сақтандыру органдарының табиғи және басқа да апат салдарын өтеу түрінде төлейтін қаржысы.
Тартылған қаржы құралдары - акциялар мен басқа да құнды қағаздарды шығару мен сату нәтижесінде келіп түседі.
Қарыздық қаржы құралдары - банктік және бюджеттік кредиттер, ұйымдардың қайтарымдылық және жылдам қайтару жағдайымен ұсынатын облигациялық қарыздары.
Мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ жергілікті бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржыландыру - қайтарымсыз негізде берілетін қаржылар.
Шетел инвестициялары (негізінен өңдеуші салаларға) - шетел капиталының Қазақстан Республикасы территориясындағы кәсіпкерлік қызметке салынуы [7] .
Инвестордың белгілі бір елдің экономикасына өз капиталын салу-салмауы сол еллде қалыптасқан инвестициялық климатқа тікелей байланысты болады.
Инвестициялық климат дегеніміз бұл капиталдық салынымдардың тәуекел деңгейі мен олардың тиімді қолданылу мүмкіндігін анықтайтын саяси, экономикалық, заңдық, әлеуметтік, шаруашылық, климаттық, табиғи, инфрақұрылымдық және т. б. факторлардың жиынтығы [6] .
Бүгінде халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарту үшін барынша тартымды әлем елдерінің қатарына кіреді.
Қол жеткізген көрсеткіштерге Қазақстандағы жағымды бизнес-ахуалы, жетілген инвестициялық заңнаманың, инвестицияны тартымды шаралармен қолдаудың, сонымен қатар экономикалық және саяси тұрақтылықтың құрылуы себеп болды.
Инвестордың инвестиция салу шешімін қабылдауға әсер ететін негізгі факторларының бірі болып, қолайлы инвестициялық ахуалдың болуынан басқа, тауар өткізетін базардың ауқымы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz