Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру жолдары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру.

Кіріспе

I Тарау. Заңды тұлғаларды несиелеудің теориялық негізі.

1. 1 Заңды тұлғаларды несиелеудің экономика үшін маңызы . . .

1. 2 Несие жүиесін құрудың принциптері . . .

1. 3 Заңды тұлғаларды несиелеудің шет ел тәжірибесі . . .

1. 4 Заңды тұлғаларды несиелеу

II Тарау. АҚ «ТұранӘлемБанкінің» тәжірибесі негізінде талдау.

2. 1 АҚ «ТұранӘлемБанктің» несиелік қызметін талдау . . .

2. 2 ТОО «Мадина» фирмасының несие алу тәжірибесін талдау . . .

2. 3 Заңды тұлғаларды несиелеуде лизингті қолдану.

III Тарау. ҚР заңды тұлғаларды несиелеудегі проблемалары мен дамыту жолдары.

3. 1 Заңды тұлғаларды несиелеудегі проблемалар.

3. 2 Заңды тұлғаларды несиелеу жолдары . . .

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер.

Қосымшалар . . . . . .

I Тарау.

1. 2 Несие жүиесін құрудың принциптері.

Несие жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі негізінде белгіленген принциптер жатыр. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, банктік есмес институттармен үйлестіре отырып, банк жүйесінің екі деңгңейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша несие саясатының біртұтастығы, несиелік мекемелер желісін барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемелекеттік валюталық монополия, Орталық банктің автономиясы.

Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемелекеттің банктердің құрылуы мен жойылуын бағалау, банктік операцияларды жүргізу ретін және ережелерін заңды бекітуінің айрықша құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізеді. Ұлттық банк рұқсатты беру кезінде орындалатын банктік операциялардың шеңберін анықтайды.

Нарықтық экономиканың ерекшеліктері банктік емес мекемелермен олардың компаниялары, несиелік одақтары, зейнетақы қорлары, ақша нарығының өзара қорларымен үйлескен әртүрлі деңгейдегі банктік жүйенің қажеттілігін талап етеді. Бұл институттардың барлығы негізінен халықтың жинақтарын жұмылдыруға және оларды ипотекалық тұтыну кредитіне қолдануға мамнданады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

Банк ісінің әлемдік тәжірибесі мынаны көрсетеді, яғни барлық елдердегі несиелік институттардан Орталық банктер бөлініп шығады, олар елдің бүкіл несие жүйесін басқаруда басты рольді атқарады.

Олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіктерге байланысты айқындалады. Банктердің банк қызметтерін, ақша несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық, яғни екінші деңгейлі банктердің қызметін әкімшілік бақылау және оларға шынайы экономикалық ықпал ету құқықтарын иеленеді.

Коммерциялық банктер несиелік саясатты жүргізуде және өз клиенттеріне әр алуан қызметтерді көрсетуде толық дербестік алған.

Нарықтық экономикада банктік емес институттарды құрмайынша кез келген елдің несиелік жүйесі аяқталмаған болып саналады. Халықтың салымдарын толық тарту және өзгермелі нарықтық экономиканың сұраныстарын толық қанағаттандыру мүддесін осы институттарды құруды талап етеді, олар оганикалық тұрғыда несие жүйесін толықтырады, оны байыта түседі, экономикадағы өзгерістерге өте икемді әрі сезімтал етеді.

Экономиканы басқара отырып мемлекет ортақ ақша несие саясатын жүргізеді, оның маңызды құралы болып Ұлттық банк табылады. Бұл принцип айналымдағы ақша массасын реттеу арқылы ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамассыз ету, ақша несие саясаты, жалпы экономикалық саясат және оның әлемдік экономикаға интеграциялануы саласында республиканың мүдделерін қорғау үшін қажет болады.

Несие жүйесін құрудың басты принципі несие мекемелерінің желісін барынша дамыту және оларға барлық ақша операцияларын шоғырландыру, яғни шаруашылық буындардың бос ақша құралдарын банктерде сақтау, есеп айырысыларды қолма қолсыз түрде жүргізу.

Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 385 бөлімшесі мен филивлдары бар 34 банк орналасқан.

Барлық ақша айналымының несие жүйесінде шоғырлануы несиелік ресурстарды бір арнаға жинауға және оларды елдің халық шаруашылығына ұтымды бағыттауғмүмкіндік береді.

Мемлекеттің валюталық монополия принципіне үлкен мән беріледі. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу жөніндегі» заңында былай делінген: «Қазақстан Республикасының Президенті және министрлер кабинеті өз құзіреті шеңберінде осы заңның ережелеріне қарама қайшы келмейтін валюталық реттеу саласындағы нормативтік актілерді қабылдайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеудің негізгі органы болып табылады».

«Валюталық реттеу» түсінігіне нормативтік актілерді жасау, ақпаратты жинау, валюталық заңнаманың сақталуын және оны бұзған тұлғаларға қатысты санкциялардың қолданылуын қадағалау кіреді. Ұлттық банк валюталық реттеу қызметтерін жүзеге асырады.

Бұл принцип елдің туелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталық резервтердің жинақталу құралы және ақша айналымын басқа елдердің валюталарының ықпалынан сенімді қорғаушы.

Орталық банктің автономиясы егеменді елдеодің заңнамасымен, Қазақстанда «ҚР ның Ұлттық банкі жөніндегі» заңмен бекітілген.

Банктер оперативтік банктік қыметпен байланысқан шешімдерді қабылдау кезінде биліктің үкіметтік және атқарушы органдарына тәуелсіз болады.

Ұлттық банк Қазақстан Републикасы парламентіне және Президентіне ғана есеп береді.

Істің мән жайы мынада, яғни бүкіл республиканың ұзақ мерзімдік мүдделерін қорғаышы ретіндегі Ұлттық банктің мүдделері үкіметтің қысқа мерзімді мүдделерімен сәйкес келмеуі мүмкін; үкімет мемлекеттік бюджеттің тапшылығы кезінде Ұлттық банктің кредиттік ресурстарын тапшылықты жою үшін қолдануға тырысады, ол ақша айналымының тұрақтылығын бұзады, инфляцияның өрістеуіне ықпал етеді.

Орталық банк елднгі ақша несие саясатының жүргізілуіне толығымен жауап береді. Өз ретінде, ақша несие саясаты бүкіл экономиканың мемлекеттік реттелуінің негізін құрайды. Сондықтан да, ақша несие саясатын автономды жүргізу қол жеткізбей, республикадағы тиімді нарықтық экономика жөнінде сөз болуы мүмкін емес.

Ұлыбритания мен Францияда орталық банктердің капиталы мемлекеттің иелігінде, бірақ та акционер ретінде коммерциялық банктер есептеледі. Олар да орталық банктер атқарушы органдерға тәуелсіз парламентке ғана есеп береді.

Орталық банктердің автономиясы Германияда, АҚШ та заңды түрде бекітілген. Германияның банк жүйесі жөніндегі заңында былай делінген, яғни орталық банк өз саясатын үкіметпен үилестіруі тиіс, бірақ та егер үкімет талаптары тұрақты ақша айналымын қолдау мақсаттарына қарама қайшы келетін болса, онда банк ол талаптарды орындауға міндетті емес. Ол канцлерге де, федерация министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк жөніндегі заңға бағынады.

Біздің еліміздегі және шет елдегі несие жүйесінің автономдығының едәуір дәрежесі экономиканың қалыпты дамуын қамтамассыз ету мақсатында ақша несие және валюталық тұрақтылықты қолдау сияқты міндетінен туындайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің үкіметтен салыстырмалы тәуелсіздігінің негізгі белгісі бұл бюджетке қатысты сұрақты шешу. Мемлекеттік қаржылар және банк жүйесін заңды түрде шектеудің, яғни Ұлттық банк қаржысын үкіметтің пайдалану мүмкіндігін шектеудің маңыздылығы зор.

Президенттің заң күші бар «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі жөніндегі» Жарлығында былай жазылған: «Жүргізілетін мемлекеттік ақша несие саясатының тиімділігін және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің әрекет етуін қамтаамассыз ету мақсатында осы Заңға сәйкес Ұлттық банк:

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне қарыз алушының кепілдемелік міндеттемелеріне сәйкес келісім жағдайында қысқа мерзімді несие береді.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне Қазақстанның халықаралық халықаралық ұйымдарға мүшелігіне байланысты жазылу және басқа төлемдеріне қатысты өзара келісілген жағдайлар негізінде қосымша несиелер береді.

Ұлттық банктің бақа клиеттері сияқты Үкімет те сәйкес келісім негізінде әрбір несие бойынша қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік шарттарында ссуда алады.

Әрбір несие бойынша үкімет нарықтық пайыздық қойылымдары бар құнды қағаздарды шығарады. Оларды сатып алу мерзімі алты айдан аспауы тиіс, бірақ та Қазақстан Республикасы тарапынан жыл соңына дейін созылуы мүмкін.

АҚШ та, Жапонияда, Англияда, Канадада және тағы басқа елдерде үкіметті тікелей несиелеу іс жүзінде кездеспейді, ал Германияда, Голландияда, Францияда заңмен шектелген, Австриядағы заң үкіметтік несиенің алтынмен және конверсиланатын валютамен 100 пайыз көлемінде қамтамассыз етілуін талап етеді.

1. 3 Заңды тұлғаларды несиелеудің шет ел тәжірибесі.

Ислам даму банкінің тәжірибесі.

Ислам даму банкі бүгінгі таңда әлемдегі танымал, және беделді банктердің бірі және пайызсыз несие беру қағидаларын ұстанатын банктердің ішіндегі алдыңғы орындарда көзге түсіп жрген банк болып табылады.

Ислам даму банкінің мынадай ұстанатын шарттары мен қағидалары бар:

  • Несие валютасы
  • Несие мерзімі 10 жылға дейін
  • Несиенің минималды мөлшері 35 000 ислам динары (50 000 АҚШ доллары) .
  • Несиенің максималды мөлшері 1 000 000 ислам динары (1 300 000 АҚШ доллары)
  • Несиені қайтару және сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемдер әр алты ай сайын жасалуы тиіс.
  • Жүзеге асырылып отырған жоба темекі, арақ шарап өнімдерімен сондай ақ туризм және құмар ойындарымен байланысты бизнес болмауы тиіс.
  • Кепіл ретінде өтімділігі бар мүліктерді қою.

длзлзщ

II-Тарау

2. 1 АҚ «ТұранӘлемБанктің» несиелік қызметін талдау.

Заңды тұлғалар үшін

ТӘБ жұмысының басты бағыты - Қазақстандағы әртүрлі саладағы заңды тұлғаларға қызмет көрсету. Банк клиенттеріне қызметтің бірнеше түрлерін ұсынады.

ТӘБ әрбір клиенттің қызметін ерекше бағалай отырып, әрқайсысына жеке тұрғыда банктің негізгі қызметтерін ұсынып, стандартты емес қаржылық шешімдерді де шешеді. Банк икемді тарифті саясатты қолданады. Біз банк өнімдері жиынтығын үнемі сапалы кеңейтіп отырамыз.

ТӘБ заңды тұлғалар үшін қолайлы бірыңғай тариф және жоғары сапалы бірнеше қызмет түрлерін ұсынады. ТӘБ заңды тұлғаларға жан-жақты қызмет көрсетуі арқылы Қазақстан экономикасының әртүрлі өндіріс салаларында бизнестің сапалы дамуына мүмкіндік туғызады.

Заңды тұлғалар үшін келесідей қызмет түрлері мен өнімдері ұсынылады:

  • Қаржыландыру
  • Төлем карталары
  • Жалақы жобалары
  • Шоттармен жургізілетін операциялар
  • Тендерлік кепілдік
  • Қазынашылық
  • Валюта айырбастау операциялары

Қаржыландыру.

"ТұранӘлем Банкі" АҚ қызметінің басты бағыттарының бірі заңды тұлғаларды қаржыландыру (несиелендіру) болып табылады. Біз өз қаражаттарымызбен, сондай-ақ шетелдік несие желілерін тартумен қысқа мерзімді қаржыландыруды, орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды жүзеге асырамыз.

Қандай да бір жобаны уақтылы қаржыландыру оның іске асуына себеп болады, ал егер қаражат қарастырылмаған жағдайда тамаша жобалар тек қағаз бетінде ғана қалып қояды.

Артықшылықтары

  • Қаржыландыруларды төмендету. Банк кешендік несиелендірудің әртүрлі сұлбаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығында- рын тиімді жұмсауға ықпал етеді.
  • Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операция- лары бойынша мөлшерлемелер рыноктық конъюнктурадағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ мөлшерлемелер банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың ұлғаюына қарай төмендетілуі мүмкін.
  • Несиелік өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
  • Біздің банктің қызмет түрлерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп-айырысу кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.

Заңды тұлғаларға несие беру

3 жылға дейінгі мерзімге несие алу түрлері әрқилы, негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеу кезінде айыппұл санкциясының болмауы, өтеу кезеңдеріне жеңілдіктер ұсыну, бір несиегерге 50 млн. теңгеге дейін несие беру лимитінің белгіленуі несие алуға деген қызығушылық тудырады және клиенттердің ұсынған өтініштерін шұғыл қарау мүмкіндігі де бар. Сонымен қатар, Еуроазиялық Банктің несие берудегі ең бір артықшылығы - несиеге сыйақы ставкаларының өте төмен болуы, әрі бұл әрбір жобаға жеке бекітіледі.

Ұсынылатын несиелердің түрлері

Кестені игеретін несиелер, яғни Несиегер келісілген лимит шегінде кестеге сәйкес белгілі бір мерзім ішінде несиені игереді.

Овердрафт - Банк Клиентіне төлем кезеңдері бойынша және өнімдерді (жұмыс және қызмет көрсетуді) сатудан түсетін пайда сәйкес келмеген жағдайда, қысқа мерзімдік несие түрін ұсыну - бұл мынадай жағдайларда, нақты бизнесі бар, ақша ағымы баршылық, Банктегі есепшотына қаражаты күн сайын түсіп тұруды қамтамасыз ететін, акцепсіз тәртіппен есептен шығару есебімен несиені өтеу үшін жеткілікті қаражаты бар Несиегерге ұсынылады

Инвестициялық несие - Банк Несиегердің - материалдық өндірісті, өндірістік және транспорттық инфрақұрылымды құруға, кеңейтуге және жаңғыртуға бағытталған кешенді шараларды іс жүзіне асыруды көздеген Несиегердің бизнес-жоспарына сәйкес ұсынады. Инвестициялық несиенің мерзімі - жеті жыл және одан да жоғары, мерзімінен бұрын өтеуге болмайды.

Несиегер несие желісін жаңарту негізіне ұсынған уақытта, несиенің бөлшегін өтеу арқылы, жаңа несие алуына құқығы бар, ереже бойынша, бұл - қаражатты одан да тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, Шартты қолдану мерзіміне және белгіленген лимит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған.

Кеңейтілген несие желілері, Клиент Шартты қолдану мерзімі ішінде Банктен - кредиттер (несиелер, факторинг), банктік кепілдіктер алуға, Шартта белгіленген лимит шегінде аккредитивтерді ашуға (ұсынуға) құқы бар. Клиент факторинг Шарты бойынша Банктің корпоративтік клиенттері арқылы Банкке өзінің ақша талабы үшін жол бере алады. Жол берудің мәні - факторинг шегінде қаржыландыруды ұсыну, бұл - ақшалай талап етуі, төлем мерзімі де келіп қалған (нақты талап), сонымен қатар, бұл болашақта туындауы да мүмкін (болашақ талап), ақшаны алу құқығы болуы да мүмкін.

Қаржыландырудың негізгі ережелері

Экономикалық анықталған қаржыландыру әрдайым арнайы тұтынушылықтарды жабуға бағытталған. Қаржыландыру кезінде жалпы қабылданған ережелерге сүйену қажет. Олар заң болып табылмайды, бірақ қаржылық жоспарлауға жақсы бейімделу құралы болып табылады.

1 ереже. Баланстың алтын ережесі

Кәсіпорынның негізгі қаражаты өзіндік капитал және ұзақ мерзімді қарыздық капитал есебінен қаржылануы тиіс (мүмкіндік бойынша жер, мекеме, құрал - жабдықтар) .

2 ереже. Қаржыландырудың алтын ережесі.

Қарыздық капитал негізгі қаражаты негізгі қаражатты қарыздың капиталын қаржыландыру үшін берілген негізгі қаражатты пайдалану мерзімі келісілген мерзөімнен аспауы тиіс.

Берілген мерзім жайын келіскен кезде келесі мәселе қарастырылуы қажет: негізгі қаражат алуға арналған несие ұсынылған мерзімнің кез-келген уақытында қайтарылады. Амортизациялық есептемелер несиені жоюға қызмет ете алады. Бөлшектік қаржыландыру кезінде ағымдық қаражаттың паралельді жинақталу мүмкіндігі туындайды, олар реинвестерлеуге дейін басқа мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Мұндай кезде несиені төлеу мерзімінің қысқару мүмкіндігі ескеріледі.

3 ереже. Қаржылық құралдарын тұтыну тербелісі

Айналымдық қаражаттың қаржылануы қарыздық қаражат құралдарын кәсіпорынның айналымды қаражаттарының тұтыну тербелісіне икемдетуге болатындай құралуы тиіс. Егер айналымды қаражатты ұзақ мерзімді қарыз есебімен қаржыландыруға мүмкіндік болса, бұл экономикалық тұрғыдан мақсатсыз қаржыландыру ретінде көрінуші еді. Себебі, ол аралық уақыт ішінде ағымдық шотта немесе кассада пайызсыз алынатын қаражат жинақталуы және несие бойынша пайызды төлеу керектігі туындаушы еді. Осымен байланысты айналымдық қаражат есебімен несиені төлеу мерзімі кәсіпорын капиталының тұтыну мерзіміен сәйкес келуі тиіс. Сондықтан айналымдық қаражаттың ауысымдық бөлігі үшін овердрафт несиесін пайдалану ерекше сәйкес келеді.

4 ереже. Өз уақытында төлеу қабілеті

Айналымдық қаражат әр түрлі жеңілдікті пайдалану мүмкіншілігі бойынша пайда болған қарызды кез-келген уақытта төлеу қабілетінің есебімен қаржылануы тиіс.

5 ереже. Минималды шығындармен қаржыландыру

Қаржыландыру шығындарын инвестерлеу мерзімін және қаржы құралдарын дұрыс таңдау арқылы минималды деңгейге дейін төмендету қажет.

Берілген бөлімше, ең алдымен, бөлшекті қаржылы жоспарлау, яғни қысқа, орта және ұзақ мерзімді периодтарын жүргізу бойынша шараларды қолдануды қамтиды. Бұл үшін келесі жағдайларды ескеру қажет:

  • негізгі қаражат есебімен банктік несиеге өз уақтылы хабарламаларды ұсыну;
  • несиелеу шарттарының мұқият салыстырылуы;
  • кәсіпорынның ликвидтелуін жақсарту;
  • сконта және т. б. жеңілдіктерді пайдалану.

6 ереже. Өтімділік қаражат

Өтімділік қаражат неғұрлым рентабельді түрде салынуы тиіс. Іске қосылмаған өтімділік қаражатты уақытша төлену формасы ретінде банктегі депозитті шотты қарастыруға болады. Ұзақ мерзім бойы тұтынылмаған сома мерзімге байланысты жоғары пайыз есебінде салынуы мүмкін.

7 ереже. Жеңілдікті несиелер

Жеңілдікті және субсдерленетін несиеллер келісілген уақытқа дейін төленбеуі тиіс. Бұл ереже кәсіпорын қолданысындағы бар қаражатты қарыз төлеу үшін жоғары пайыз алысымен салым ретінде қолдану жағдайын қарастырады. Бұл жеңілдікті несиелерге тән. Егер берілген капиталды салу нұсқасы мүмкін емес болса, берілген несие қымбат және мұмкіндік бойынша несие қарызын тез арада төлеу қажет.

Қаржылық есептілік.

Кәсіборынның іс әрекетін жоспарлауға, анализ жасауға және басқаруға септігін тигізетін үш түрлі құжат бар.

  1. Пайда мен зияндар есебі. Income Statement
  2. Баланс Balance Sheet
  3. Ақша қаражаттарының айналысының есебі Cash flow

Пайда мен зиандар есебі.

Пайда мен зиандар есебі кәсіпорынның белгілі бір мерзім ішіндегі операциялық қызметін көрсетеді. Пайда мен зиандар есебінің көрсеткіштері арқасында кәсіборынның табыстылығын көруге болады. Пайда мен зиандар есебін анықтау үшін келесі көрсеткіштер керек:

  1. Көрсетілген қызметтен немесе өндірілген өнімнен түскен пайда.
  2. Кәсіборынның жұмыс атқарған уақыты ішіндегі ауыспалы шығындардың сомасы.
  3. Барлық шығындардың сомасы.

Кірістер мен шығыстар есебінің құрылымы.

Кірістер мен шығыстар есебі.

Көрсеткіш аты
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері
Өткен жылдың көрсеткіштері
Көрсеткіш аты: 1. Жасалған жұмыстан кірістер мен шығыстар
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: Өнімді сатудан түскен қаражат
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: Тауардың өзіндік құны
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: Жалпы пайда
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: Коммерциялық шығындар
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: Басқару шығындары
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: Өнімді сатудан пайда немесе зиян
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: 2. Операциялық кірістер мен шығыстар
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: Алынаты пайыздар
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: Төленетін пайыздар
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: Басқа да қызметтерден түсім
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: Басқа да қызметтерден шығын
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: 3. Сатудан бөлек шығын мен пайда
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: Сатудан бөлек шығын
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: Сатудан бөлек пайда
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: Салыққа дейінгі табыс
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: Салықтық ұсталымдар
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: 4. Кездейсоқ шығын мен пайда
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: Кездейсоқ шығын
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: Кездейсоқ пайда
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:
Көрсеткіш аты: Таза табыс
Ағымдағы жылдың көрсеткіштері:
Өткен жылдың көрсеткіштері:

Баланс.

Баланс кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы қаржылық жағдайын көрсетеді. Мысалы: 2005 жылдың 1 қаңтары.

Баланс екі бөлімнен тұрады: актив және пассив, бұл екі бөлімнің жалпы қосындылары әрдайым тең болуы тиіс. Актив арқылы біз кәсіпорынның меншігіндегі қаржы және меншікті көруге қол жеткіземіз. Пассивтің көмегімен біз осы кәсіпорынның кімге және қанша қарыз екенін көреміз.

Баланстың құрылымы.

Бухгалтерлік баланс. (Актив)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғаларды несиелеудi ұйымдастыру
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы
Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру және оның ерекшеліктері
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу ерекшеліктері
Заңды тұлғаларды несиелеу
НЕСИЕНІ БЕРУ НЕСИЕНІ ҚАЙТАРУ
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы мәлімет
Банктік тұтыну ссудасы
Тұтыну несиесі және оның дамуы
Несие саясатының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz