Пәнаралық байланыс және шетелдік педагогтерінің ғылыми еңбектеріне теориялық сипаттама


Жоспар
Кіріспе
І. Пәнаралық байланыс және шетелдік педагогтерінің ғылыми еңбектеріне
теориялық сипаттама
1. 1. Пәнаралық байланыс туралы ұғым.
1. 2. Шет елдік педагогтердің еңбектеріндегі пәнаралық байланыс ұғымдары.
ІІ. Педагог - ғалымдарының пәнаралық байланыс туралы еңбектерін тиімді
қолдана білудің маңыздылығы.
2. 1. Пәнаралық байланыс туралы ғалымдардың ғылыми еңбектерінің маңызы
зор.
2. 2. Ж. Кобдикованың пәнаралық байланыс туралы еңбегіне сипаттама.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе.
Зерттеу көкейкестілігі.
Қазіргі заманда ғылымның дамуына байланысты мектепте оқушыларға білім беру процесі өз дәрежесінде болу керек. Өйткені жалпы білімнің мазмұны әр түрлі саладағы ғылымдардың өзара әрекеті. Даму процесінің жаңа тұрғыда жетілуіне ықпал жасады. Сондықтан қазіргі уақытта мектепте оқыту үрдісі пәнаралық байланыс сипат алуы тиіс.
Пәнаралық байланыс туралы мәселелер шет елдік педагогтіктерді де ойландырмай қойған жоқ.
Шет елдік педагогтердің еңбектерінде пән аралық байланыс елеулі орын алып отыр.
Зерттеу мақсаты:
Пәнаралық байланыстың шет елдік педагогтардың еңбектеріндегі мәні мен мағынасын ашу, оларға ғылыми талдау жасай отырып, оқушыларға білім беруде қолдану.
Зерттеу міндеті:
1. Оқушыларға пәнаралық байланыс туралы ұғымды түсіндіру.
2. Шет елдік педагогтардың ғылыми, пәнаралық байланыс туралы
еңбектеріне талдау жасау.
3. Шет елдік педагогтердің еңбектерінде оқушыларға білім беруге қажетті
элементтерін қолдану және анықтау.
Зерттеу объектісі:
М. Әбенов атындағы орта мектептің 5 - сынып оқушылары.
Зерттеу пәні:
Мектептегі пәндерді оқытудағы шет елдік педагогтердің еңбектері.
Зерттеу әдісі:
Әңгіме, түсіндіру, лекция, сұрақ - жауап.
Зерттеу көздері:
Курстық жұмыс жазу үшін қажетті материалды «Бастауыш мектеп» және «Қазақстан мектебі» журналдарынан және «Ұлағат» журналынан жинақтадым.
Зерттеу құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен (теориялық білімдер және практикалық білімдер), қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде тақырыпқа қысқаша сипат беріліп, курстық жұмысты жазуға арқау болған мәселенің көкейкестілі, мақсаты, міндеті, объектісі, пәні, әдісі жазылған.
Негізгі бөлімде тақырыпқа қатысты теориялық және практикалық білімдер толық қамтылған.
Қорытынды да курстық жұмыстың алдыңғы бөлімдерінде жазылған материалдарға жалпы талдау жасалынып, зерттеушінің өзіндік пікірі жазылған.
Пайдаланылған әдебиеттерде қажетті материалдардың тақырыбы, авторы, жарық көрген баспасы, жылы, пайдаланылған беттері жазылған.
Соңғы жылдардағы блоктың жүйемен алынған курстар оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеп отыр. Бұл бағыт жеке тұлғаның интелектуалдық потенциалын дамытуды, дүниетанымын қалыптастыруды жүзеге асыруға көмектеседі. Ең бастысы қазіргі кезде өздігімен білім алудың, оқытудың өзекті мақсаты етіп бірінші орынға диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыруды қою керек. Бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешуі тиіс. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоюмен шектелмеуі керек. Ол материалдардың өзара байланысын бір - бірне негіздейтін ықпалын, ортақ белгілерін, негізгі тенденцияларын, әлеуметтік, экономикалық, рухани ортақ заңдылықты танып білу.
Қазіргі заманда ғылымның дамуына байланысты мектепте оқушыларға білім беру процесі өз дәрежесінде болу керек. Өйткені жалпы білімнің мазмұны әр түрлі саладағы ғылымдардың өзара әрекеті, даму процесінің жаңа тұрғыда жетілуіне ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі уақытта мектепте оқыту үрдісі пәнаралық байланыс сипат алуы тиіс.
Осы орайда пәнаралық байланыс туралы ұғымдарға сипаттама беріп өтсек.
Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен - бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдаған дүние туралы білмдер де бірімен - бірі байланысты болады. Обекътивтік дүние белгілі заңдылықпен ұйымдасқан жүйе болғандық - оны танып білуде де ғалымдар арасындағы байланыстар қажет. Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына олар бір - бірінен өз алдына оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті өзара байланыс.
Оқушылардың дүниетанымен қалыптастыруға негіз болатын өткен жылдардағы мектептегі қоғамтану пәні еді. Онда оқушылар табиғаттың, қоғамның, адам ойының даму заңдылығын диалектикалық және тарихи материализм негізінде қабылдап теориялық біліммен қаруланатын еді. Орта білім беретін мектептерге арналған мемлекеттік базалық оқу жоспарларының түрлі нұсқалықты көздейтін бөлігіне гуманитарлық пәндердің кең жиынтығын енгізу көзделініп отыр. Мәселен, жаңа бағытта «Тарих», «Адам және қоғам», «Мемлекет және құқ негіздері» атты пәндер алынған.
Пәнаралық байланыстың психологиялық негізі. Пәнаралық байланысты анықтау психологиялық, физиологиялық заңдылықтарға негізделген. Жүйелілік адам миының арнайы қызметі. И. П. Павлов мидың аналитикалық - синтестикалық қызметін зерттеп, оны үздіксіз дамуда, өзгерісте болатынын анықтайды. Мида сыртқы дүниеден қабылданатын көптеген тітіркіндіреді. Сондықтан ойлау нерв процестерінің күрделі динамикалық жүйесі болғандықтан, ол мидың, анализ, синтез қызметімен орындалады. Бұл жүйеге әр пәннің өз ішіндегі және пәндер бірлестігіндегі білімдер жүйесі сәйкес келеді. Пәнаралық байланыстың физиологиялық, психологиялық негізінің нәтижесі білімдер жүйесінің мида орналасуы, адамның үнемі алға ұмтылушылығына жағдай туғызады да оның шығармашылық іс - әрекетіне дайын бола алатындығын дәлелдейді.
Пәнаралық байланстың негізі. Ғылыми әдебиеттерде пәнаралық байланыстың дидактикалық негізіне оқу пәндері алынған. Ғылымдар гуманитарлық, табиғаттану және техникалық болып дәстүрлі топтастырылуы, олардың зерттейтін объектілерінің ортақтылығына, пәндік қатынастарының бірлігіне негізделген. Олар қоғам, табиғат, еңбек салалары бойынша біріктіріледі де, әр пән өз ішінде білім іскерліктерег арналған материалдарды және оқушылардың жалпы таным объектілерін бір жүйеге келтіреді.
ХҮІ ғасырдан бері қарай пәнаралық байланысқа аса көңіл бөлген мынадай ұлы педагогтарды атауға болады. : Я. А. Коменский, Д. Локп, К. Д. Ушинский, Ж. Руссо тағы басқалар.
Мысалы, Я. А. Коменскийдің пікірінше: «Өзара байланысы бар нәрселердің бәрі сондай байланыс күйінде оқытуы керек», - деп жазды. ХІХ ғасырдың 60- шы жылдарында прогрестік педагогтар, атап айтқанда, Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Н. Г. Чернышевский т. б. өздерінің ғылыми құнды еңбектерінде пәнаралық байланысқа зор көңіл аударды. К. Д, Ушинский пікірінше, ол «қандай да ғылым болмасын беретін білімдер мен идеялар әлемге және өмірге табиғи түрде қабысып, жарқын мүмкіндігіне қарай кең құлашты көзқарас дарытуы керек», - деп есептеді. Дидактика тарихында Н. К. Крупская пәнаралық байланыс проблемасын жүйелі ғылым негізде тану қажеттілігін талап етеді. Н. К. Крупская ақиқатты дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар өзара байланысты және жеке деректер мен процестердің бір - бірімен шарттылығы болатындығы туралы материализм түсініктеріне сүйене отырып, пәнаралық байланысты қарастырады. Бұл идея негізінде мектептің оқу пәндерінің мазмұны, материалдың дүние туралы білімдердің өзара байланысы мен бірлігі қамтамасыз етіледі. Пәнаралық байланыс туралы Н. К. Крупская «Жеке пәндерді оқып үйренуге диалектикалық тұрғысынан қарау», «Методикалық мақалалар», «Математика оқытудағы басты мәселе», «Биологияны оқытуды тиісті сатыға көтеру керек», «География программасына ескертпелерден», «Бейнелеу өнерінің программасының жобасына пікір», «Әдебиетті оқыту туралы» т. б. еңбектерімен мақалаларында пәнаралық байланыс проблемалаларының теориялық және практикалық (пәндер) маңыздылығын ашып берді. Н. К. Крупская: «Әр пәнді оқып үйренгенде әдебиет болсын, тіл болсын, қоғамтану, тарих, география, математика, тағы басқалары болсын, пәнді барлық жағынан бірдей алып зерттеп үйрену керек және бұл жерде оқып - үйрену үшін деалектикалық тұрғыдан келу өте - мөте маңызды» - деп түсіндіреді. Материалды дүниенің арасындағы өзара тығыз байланыстар арқылы көрініс тауып (затты, құбылысты), шындықты жете танып білуге, олардың бір - бірімен байланысты қарым - қатынасын түсінуге мүмкіндік жасайды. Мәселен, Н. К. Крупская математика мен атсрономияның, физиканың, химияның, қоғамтану ғылымдарының арасындағы байланыс болуы қажет деп есептейді. Осы жағдайда математиканың табиғатының құбылыстары мен күшін оқып үйренудегі техниканың дамуы, өнеркәсіпті жетілдіруге шаруашылықты жоспарлаудағы алатын орнын, ролін көтеруге болады. Сондай - ақ экономикалық географияның, әрбір өлкенің, ауданның байлығы мен өндірістік мүмкіншіліктерін ашатын, оның болашағын көрсететін басқа да табиғаттану ғылымдарының дамуымен байланысы экологиялық негізде қарастырылуы, шаруашылықты тиімді жоспарлаудағы маңызды анықтауға көмектеседі.
Б. М. Кедеров өзінің еңбектерінде ғылымда пәнаралық байланыс мәселесіне жаңа әдістемелік тұрғыдан қарауды талап етеді. Пәнаралық байланыс проблемасы бүгінгі күнге дейін бір ғылымға бір пән, керсінше бір пәнге бір ғылым ғана бір - бірімен өзара байланысты болып шектеліп тәжірибеде қолданып келгенін көрсетіп, ал қазіргі кезде бір пәнді бірнеше ғылым өзара әрекеттесіп жан - жақты қарастыра бастағанын дәлелдейді. Сонымен ғылымның зерттеуінде бір ғылым тек «өзіне» тиісті пәнмен ғана емес, қайта көптеген басқа пәндермен бірлікте болуы қажеттігі айқындалған. Біз пәнаралық байланыс негізінде білім - тәрбие беру проблемасын зерттегенде осы тірек бола алады. Жаңа әдіснамалықты басшылыққа алдық.
Пәнаралық байланысты оқу - тәрбие процесінде мынадай жағдайлардан көруге болады: пәнаралық байланыстар теориялық білімді іс - жүзінде қолдануға, ғылымның түрлі салалары жөнінде кең ұғымы бар адамды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезед оқушыларға білім беру және олардың танымдық қызметін өркендеуге жағдай жасайды. Көптеген педагогтармен, психологтар пікірлеріне қарағанда, оқушылардың түрлі пәндердегі білімдер мен бірліктерді, бейімділіктердің жеке элементтері арасындағы байланыстарды байқап және қабылдауды олардың білімдерін жүйеге түсіреді, ақыл - ойына серпіліс тудырады, таным қызметіне шығармашылық сипат береді.
Ю. А. Самариннің позициясы бойынша пәнаралық байланысқа диалектикалық заңдылық деп қарау керек. Пәнаралық байланыс әр шәкірттің санасын өркендеуге қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, ойлайтын адам табиғаттағы жеке құбылыстардың өзара байланысын байқауы керек. Пәнаралық байланыс - ол білімнің мазмұнына ғана қатысты емес, оның ықпалы оқыту процесінің барлық құрамды бөліктерімен байланысты. Пәнаралық байланысты дидактикалық мақсаттылығы оқытудың жүйелілік қағидасынан туындайды, ол білімнің тұтастай жүйесінің оның негізгі бөліктерінің, атап айтқанда табиғат, қоғам және адам туралы нақтылы айқын түсініктердің өзара байланысын білдіреді.
Г. Ф. Федорецтің зерттеу еңбектерінде біз сөз етіп отырған проблемаға мынадай түсінік береді.
- пәнаралық байланыс дегеніміз - шындық өмірдің объектілері, құбылыстары және процестері арасындағы синтездеуге, интеграциялауға ұшырайтын қарым - қатынасты бейнелейтін педагогикалық категория. Ал олар оқу - тәрбие процесінің мазмұнын, формаларын, тәсілдерінен көрінеді және тәрбиелеу қызметін атқарады. Н. Лошкарева «Пәнаралық байланыс» деп аталатын ұғымға берілетін мәні жағынан қайта құруға жетелейді. Нәтижесінде оқытудың дамытушылық білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейеді. Осы заманғы жалпы білім беретін мектептердің білім мазмұнын анықтағанда объективтік және субъективтік факторларды ескере отырып, төменгі қағидаларды қарастырамыз.
- оқыту процесінде пәнаралық және пәнішілік байланыстарды жүзеге асыру негізінде қазіргі заманның ғылымының ғылымаралық байланыстарын ұғындыру қағидасы;
- мемлекеттік тілді, сонымен қатар ана тілі мен басқа да ұлтаралық, халықаралық қатынас құралдары тілдерін оқып үйренудің маңыздылық қағидасы;
- білім мазмұнын дербес жүйе ретінде қатыстыра отырып, жеке тұлғаның жан - жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз ету қағидасы.
Пәнаралық байланыс бұл тек білімнің мазмұнына ғана қатысты болмау керек, оның ықпалы оқыту үрдісінің барлық құрамды бөліктерімен байланысты. Пәнаралық байланыстың мәніне көзқарастары әр түрлі қалыптасқан ғалымдардың пікірлері бар. Соның ішінде М. Д. Зверев мен В. Н. Максимова пәнаралық байланыс әдіснамалық қағидалардың бірі, ақыл - ой қызметінің ерекше түрі деп түсіндіреді. Қазіргі заманда жалпы білім беретін мектептерде білім мазмұны мынадай ұстанымдарды басшылыққа алады. :
- пәнаралық байланысты оқыту үрдісі кезінде пәнаралық байланысты ұғындыру ұстанымы;
- қазақ халқының немесе өз ұлтының бұрынан қалыптасып келе жатқан мәдени мұрасын меңгеру ұстанымы;
- Қазақстан Респуликасының мемлекеттік тілін, ұлтаралық халықаралық қатынас құралдары тілдерін оқып үйрену ұстанымы;
- білім мазмұнын біртұтас жүйе ретінде қарастырып, жеке индивидтің жан - жақты дамуын қамтамасыз ету ұстанымы;
- білім мазмұнының дүниежүзілік жалпы және рухани мәдени тұрғыда болу ұстанымы.
Білім мазмұны ең біріншіден, қоғамның, мектептің алдына қойған мақсаттарымен анықталады. Бүгінгі заман талабына сәйкес үздіксіз білім берудің әдіснамасы негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім берудің мақсатын, мазмұнын, міндетін қайтадан жаңарту көзделіп отыр. Пәнаралық байланыстың міндеті оқу - тәрбие үрдісі арқылы іске асады. Пәнаралық байланыс тек оқыту мазмұнымен шектелмейді, сонымен қатар оқушы мен мұғалімнің оқу процесінің бір бөлшегі болып табылады. Оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың көптеген амалдары бар: көрнекті құралдар, сұрақтар, ситуациялар, әңгімелер, тарихи оқиғалар. Мысалы, пәнаралық байланысқа негізделген сұрақтар әр пәннен бұрын алған білімдерін қайта естеріне түсіріп, жаңа оқу материалын меңгеруге, оларды жүзеге асыруға жағдай туғызатын мазмұнда болуы керек. Ең бастысы қазіргі уақытта әрбір ұстаз нақты деректерді, нақтылы оқиғаларды түсіндіріп қана қоюмен шектем керек. Ол деректердің өзара байланысын, бір - бірімен әсерін, басты әлеуметтік, экономикалық немесе рухани ортақ белгілерін бір - бірімен байланыстыру, ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс.
Сонымен, пәнаралық байланыс мектептегі оқушылардың өмірлік көзқарастарын қалыптастыруда, жалпы экономикалық - экологиялық білім беруде қазіргі мектепте басты орны алады. Жалпы өскелең ұрпақты жетілдіруде мектептің білім мазмұнын одан әрі жаңарту, жоғары деңгейге көтеруде оның қоғамдағы даму процесінен үнемі оқып отыру мақсатындағы ізденістерді ғылымдар жүйесінің бір - бірімен тығыз байланысты болуы пәнаралық байланыстың негізінде қарастырылуы керек.
Пәнаралық байланыс туралы ғылымдардың ғылыми еңбектерінің оқушыларға сапалы білім беруде маңызы зор. Пәнаралық байланыс арқылы оқушыларды тек біржақты білім мен қаруландырып ғана қоймай оларға жан-жақты білім беруге болатындығын дәлелдеген ғалымдардың еңбектері жетерлік. Олай болса, ғалымдардың еңбектеріндегі білімділік жағын қарастырып көрейік. Мысалы: М. Махмутовтың «Мектепке мәселелік оқытуды ұйымдастыру» айдарымен шыққан ғылыми еңбегі барлық мектепте жүргізілетін пәндерге ғылыми тірек көзі секінді қызмет атқаратынына көзіміз жетті. Оқудың бұл түрінде ғалым шығармашылық танымды дамыту мақсатында мәселелік оқытуды үшке бөледі.
- Теориялық шығармашылық . Мұнда оқушы физика пәнінен өзі үшін жаңа ережені, заңдарды, теориялық негіздердіжәне т. б іздестіріп ой қорытуы. Мәселелік оқытудың бұл түрінің негізінде теориялық оқу ділгірліктерін жою және шешу жатыр.
- Практикалық шығармашылық . Мұндай іс-әрекетте оқушы тәрбиешілік шешімді іздейді, белгілі білімді жаңа жағдаятқа қолдану тәсілін қарастырады. Оқулық материалына сүйене отырып, басқа нысаналарды констуркциялайды, құрастырады
Өзінің өнерінің өнімін, табыстарын байқайтын деңгейге жетеді.
3. Көркем шығармашылық іс-әрекеті. Оқушы өзінің білім жою қабілеттіліктерін дамыту үрдісінде қиялдарының негізінде шындық болмысты біліміне сәйкес көркем бейнелеу. Бұл техникақұрастыру, өзінше жаңаконструкция ойлап табу. Мысалы, «Денелердің сұйықта жүзуі» деген тақырыпта «Денелер неге жүзеді? Дененің суда жүзетінін немесе батып кететінін қалай анықтауға болады?» деп сұрасақ, оқушы сұрақты дененің сұйықты жүзуі жайындағы ғылыми ұйымдармен салыстырусыз, өзінің күнделікті өмір тәжірибесіне сүйеніп жауап береді. Ынталы шәкірттер жорамал жасай бастайды. Ақыл-ой ізденісі, яғни ойлаудың өзі жалпы қиын сұрақтан емес, мәселелік жағдаяттан түп мәні белгілі мен белгісіз арасындағы қайшылық болып табылатын нәрселерден тұрады. «Денелер неліктен сүзеді?» деген сұрақтың орнына «Неліктен суға тастаған шеге батып кетеді?» деп, ал «Ауыр кеме неге сүзіп бара жатады?» деп сұраса, онда оқушылар ақпараттың қайшылығын айқын көре бастайды. Деректерді салыстыра пайымдай, талдай қорыта бастайды, яғни денелердің сұйықта жүзу заңдылықтарын іздей бастайды. Әрине, бұл жағдайда олар шеге мен кеменің көлемдері әртүрлі дегенді айта алады. Онда мәселенің басқа тұжырымын қоюға болады. «Сүңгуір қайық жүзеді, суға батады және қайтадан қалқып шыға алады». Сөйтіп, оқушы сол білімге қатысты мәселені іздеп, оның шешудің амал-тәсілдерін сұрыптауға ынталанады. Мәселелік сұрақ қою міндетті түрде сол нысанның құрылым жүйесінің мән-мағынасын алгаритмдеуге бағыттайды. Бұнда оқушының өнімді іс-әрекеттін басқарудың маңызды дағдыларының өлшемдері былай деп келеді:
- Мәселені көру мен оны санаға тұрақтандыру, тану тұрғысында;
- Мәселені тұжырымдау және қайта тұжырымдау;
- өзінің болжамдары мен гипотезаларын ұсыну;
- Ұсынылған болжамдар мен жобаларды негіздеу және дәлелдеу;
- Тәжірибеде оқу мәселесін шешудің табылған тәсілін қолдана білу шеберлігінің қалыптасқан-қалыптаспаған менмежеленады.
М. Махмутов аталған көрсеткіштерді оқушылардың интелектуалдық даму дәрежесін сипаттау мәнінде қолданған. Мұнымен бірге оқушының ақыл-ой дамуының ілгеруінің көрнекі көрсеткіштері ретінде ақпараттың ең құндысын жия білу мәнісінде ұсынған. Дербес емес белсенділік дәрежесі - оқушы ұстаздың нұсқаулық түсінігін қабылдауы, мәселелік жағдаят тұрғысында ақыл- ой әрекет үлгісін меңгеруі, өзіндік жұмыстарды нұсқаулық ретінен орындауы.
Жартылай өздігінен болатын белсенділік дәрежесі бұрынғы білімдерін жаңа жағдаяттарды қолдану мен шешу тәсілдерін іздестіруге қатысуымен сипатталады. Дербес белсенділік дәрежесі - қайталаным - ізденіс типіндегі жұмыстарды орныдау. Физикалық заңдылықтардың негізінде есеп шығару, оған сәйкес конструкциялау нұсқалық пен болжамды дәлелдейді. Оқытудың мәселелік технологиясында меңгеруге тиісті дидактикалық нысанның ішіндегі қайшылықты табу басымдық мәнде болатын еді. Мәселелік оқытуды жүзеге асырмай, жалпы технологиялық жайлы әңгіме қозғаудың жөні жоқ. Танымдық мәнін ашу көп жағынан мәселелік тілдік, сөздік единицаларының тұжырымына байланысты. Өкінішке орай, М. Махмутовтың өнімді ойлау іс-әрекетін алгаритмдік емес тұрғыда қарастырамыз деген ойынтүсіну қиын. Себебі бұл оқушының есеп шығарудағы өзінің іс-әрекеті. Ал, білім теориясындағы нысанның құрылым-жүйесіндегі мәні бар нүкте тіректерін біздер алгаритмдеудің моделіне салу оқушыларды дағдыландыруымыз керек деп есептейміз. Оқушының сөйлеу мен ойлау түсінігін әр пәннің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, ыңғайлап отыру тұрғысында қарастырамыз. Бұл мәселеде физика пәнінен оқушының «күш», «өріс», «қуат», «қызу», «үйкеліс», «қысым», «биоақпарат» және т. б. ұғымдардың сөйлеу обьектісіне айналуы үшін тезаурус немесе категорияны орынды қолдану үстанымына көңіл аударып келеміз. Сонымен мектебімізде ғалым Ж. Кобдикованың «Педагогика технология уровневой дифференциации обучение в средней школе» еңбегін негізге алып, деңгейліктерге жіктеу шеберлігін меңгеріп, соған ыңғайлы тапсырмаларды саралап іріктеуге бағыштадық. Оқытуға жаңа философиялық ретінде өзін-өзітанудың тұлғалық қабілетін дамытуы көзделеді. Ал ұстаз-нұсқаулықтарды іске асыратын басқарушы тұлға. Оқытудың парадигмасы оқушыны да тұлға ұстазды да тұлға деген бағытқа сілтейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz