Әлеуметтік педагогика ғылымының қалыптасуы мен даму мәселелері



100 жыл бұры А.Дистерверг ұсынған әлеуметтік педагогика ұғымының қазіргі кезеңге дейінгі біркелкі түсіндірілуі жоқ.
1910-1920 жылдары мәселені зерттеудің екі бағыты айқындалды:
а) халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында қоғамның тәрбиелік күштерін біріктіру;
ә) ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, кәмелетке толмаған тәртіп бұзушы балалардың әрекетін алдын-алу шаралары (Г.Ноль, Н.Балмер).
Осы жылдары әлеуметтік педагогика идеялары М.В.Крупенина, А.П.Пинкевич, С.Т.Шацкий, В.Н.Шульгин т.б. ғалымдардың еңбектерінде дами бастады.
С.Т.Шацкийдің мектептің әлеуметтік ролін алғаш теориялық негіздеуі арқасында микроортаны жүйелі зерттеу мәселелері нақтыланды.
Қазан төңкерісінің алғашқы жылдарында тәрбие мәселесі жаңаша қарастырылды. Осы жылдары эксперименттік оқу-тәрбие жұмыстары жүргізілетін тәжірибелік станциялар құрылды.
Алғашқы тәжірибелік станцияны танымал педагог С.Т.Шацкийдің басқарғандығын білеміз. С.Т.Шацкий оқу орының әлеуметтік ортамен өзара әрекетін үш түрлі көзқараста айқындалатындығына тоқталды, олар:
Бірінші көзқарас бойынша мектеп орта әсерін қажет етпейді, ол арнайы бала оқыту іс-әрекетімен ғана айналысады. Осы көзқарас бойынша мектептің ұйымдастырылуының тұйық формасы қалыптасып, педагогикалық есептелініп, әрі арнайы мектеп оқулықтарын жасауда бала есте сақтауына, қабылдауына қайта жаңғыртуына мән берілді.
Екінші көзқарас бойынша мектепті орта мәселесі қызықтыруы қажет деп есептелінді, бұл көзқарас Англия, Франция, Швейцария, АҚШ-тағы педагогикалық теориялары негізінде, «өмір мектебін» туындатын, прагматизм рухының басым болуына алып келеді.
1. Бочарова В.Г. Социальная педагогика – М. 1994
2. Бочарова В.Г. Социальное воспитание учащихся – М., 1991
3. Мудрик А.В. Введение в социальную педагогику – Пенза, 1994
4. Социальная педагогика; теория, методика, опыт исследования – Свердловск, 1989
5. Теория методики социальной работы, Часть 1/под.ред. П.П.Павленок.-М., 1993

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік педагогика ғылымының қалыптасуы мен даму мәселелері.

100 жыл бұры А.Дистерверг ұсынған әлеуметтік педагогика ұғымының қазіргі кезеңге дейінгі біркелкі түсіндірілуі жоқ.
1910-1920 жылдары мәселені зерттеудің екі бағыты айқындалды:
а) халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында қоғамның тәрбиелік күштерін біріктіру;
ә) ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, кәмелетке толмаған тәртіп бұзушы балалардың әрекетін алдын-алу шаралары (Г.Ноль, Н.Балмер).
Осы жылдары әлеуметтік педагогика идеялары М.В.Крупенина, А.П.Пинкевич, С.Т.Шацкий, В.Н.Шульгин т.б. ғалымдардың еңбектерінде дами бастады.
С.Т.Шацкийдің мектептің әлеуметтік ролін алғаш теориялық негіздеуі арқасында микроортаны жүйелі зерттеу мәселелері нақтыланды.
Қазан төңкерісінің алғашқы жылдарында тәрбие мәселесі жаңаша қарастырылды. Осы жылдары эксперименттік оқу-тәрбие жұмыстары жүргізілетін тәжірибелік станциялар құрылды.
Алғашқы тәжірибелік станцияны танымал педагог С.Т.Шацкийдің басқарғандығын білеміз. С.Т.Шацкий оқу орының әлеуметтік ортамен өзара әрекетін үш түрлі көзқараста айқындалатындығына тоқталды, олар:
Бірінші көзқарас бойынша мектеп орта әсерін қажет етпейді, ол арнайы бала оқыту іс-әрекетімен ғана айналысады. Осы көзқарас бойынша мектептің ұйымдастырылуының тұйық формасы қалыптасып, педагогикалық есептелініп, әрі арнайы мектеп оқулықтарын жасауда бала есте сақтауына, қабылдауына қайта жаңғыртуына мән берілді.
Екінші көзқарас бойынша мектепті орта мәселесі қызықтыруы қажет деп есептелінді, бұл көзқарас Англия, Франция, Швейцария, АҚШ-тағы педагогикалық теориялары негізінде, өмір мектебін туындатын, прагматизм рухының басым болуына алып келеді.
Үшінші көзқарас бойынша мектеп қоршаған ортамен бірге жұмыс істеп, балалар мектепті өз өмірінің бір бөлігі деп ұғынып, сонымен қатар мектеп пен орта бала өмірін ұйымдастырушы орталық болуы қажет деп ұғынылды, Мектептің өз бағдарламасын, әдісін, әрекетін ұйымдастыруда орта экономикасын, тұрмысын, табиғи жағдайларын зерттеу де маңызды дей келе С.Т.Шацкийде осы үшінші көзқарасына сүйенді, ол мектеп пен қоршаған ортаның өзара әрекетінің мәні тұлға қалыптасуына ықпал ететін барлық фактор мен байланыстарды зерттеу мен қолдану деп есептеді.
Мектеп пен қоршаған ортаның өзара әрекетінің әлеуметтанушылық аспектісін қарастыра отырып, С.Т.Шацкий және оның әріптестері тәжірибелік станция мектептері орналасқан ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерттейді, педагогикалық ұжымның, оқушылардың отбасын, ауданның экономикасы мен тұрмысын зерттеу әдістемесін құрастырады.
С.Т.Шацкий мектеп пен қоршаған ортаның өзара әрекетінің әлеуметтік-психологиялық аспектісіне, яғни сыныптағы баланың көңіл-күйіне, ұжымның қалыптасу ерекшелігіне мән береді.
Ол мектепте әр бала өзін төмендегідей сезінетіндей болуы керек деп түсіндірді. Мен оқуға барғалы өзімді жақсы сезінемін, маған өмір сүру қызығырақ бола бастады, мен енді өзімді ересектерше сезінемін, менің пікірімді олар ескереді, мен оқуға барғалы достар да таба алдым, мен енді өмір ағысына ілесе аламын және өмірді түсіне бастадым деген өмірге позитивті қатынас қалыптасуы қажеттігіне тоқталады.
Станция қызметкерлерінің әлеуметтанушы және әлеуметтік-психологиялық зерттеулері нәтижесінде жинақтаған қорытындылары педагогикалық ұжымда зерделенеді.
...Саналы әрекет етуші педагог пен бала ортасын ұйымдастыру арқылы күрделі міндетті шешу мүмкіндігі туындайды, бұрын мектепте тәрбиелеудің жалғыз факторы және құралы педагогтың балаға тікелей ықпалы болса, енді даралық педагогикадан әлеуметтік педагогикаға көшу қажет, деген С.Т.Шацкий өзінің көрегендік идеясын педагогикалық қауымға ұсынады.
С.Т.Шацкий өз еңбектерінде педагогикалық орта деген терминді қолданады, бұл терминді ол төмендегідей мағынада түсіндірді:
:: мектепішілік тәрбие процесін ұйымдастыруда қоршаған ортаның ықпалын есепке алу;
:: мектеп ұжымының қоршаған ортаны жетілдіруге белсенді түрде қатысуы;
:: тәрбиелік мүмкіншіліктерді қолдана білу;
:: мектептің оқу-тәрбие мекемесі мен одан да тысқары жерлерде бала өмірін ұйымдастыруда жетекші роль атқаруы.
Педагогикалық орта мектептегі оқытумен, тәрбиемен тығыз байланыста болып келеді, өйткені ортаның баланың моральдық құндылықтарына, өмірлік жоспар, қарым-қатынас стиліне ықпалын зерттеу қажет.
Педагогикалық орта мектептің отбасымен, мөлтекауданмен, қоғаммен, биресми топтармен тұрақты байланысын талап еледі.
Қазан төңкерісінен кейін көптеген педагогтар оқыту мен тәрбие теориясының қоғамдық ғылымдармен және мұғалім еңбегінің әлеуметтік өмірмен байланысын дұрыс түсінуге бірден келген жоқ.
А.В.Луначарский Педагогикадағы пікірталас туралы деген мақаласында В.Н.Шульгин және М.В.Крупенина көзқарастарына сын көзбен қарады, олар әлеуметтік педагогика идеяларын қолдай отырып, мектеп жойылады және педагогика барлық қоғамдық ғылымдарды өзіне қамтып алады деп есептеді, сол себепті А.В.Луначарский педагогика пәнінің шеңберін негізсіз кеңейтуге (бүкіл әлеуметтік ортаны зерттеу) қарсы шықты.
В.Н.Шульгин, М.В.Крупенина тәрбиені тәрбиелік ықпал ретінде түсіндіруге қарсы бола отырып, педагогикадағы әлеуметтік зерттеулерді, балалар психологиясының нәтижелерін қолдана отырып өзара әрекет ұғымын қолданған дұрыс деп шешеді. Бірақ бұл педагогтар мұғалімнің мектептегі рөліне, мектептің қоғамдағы рөліне, мектеп пен әлеуметтік ортаның байланысына оншалықты мән бермеді.
20-30 жылдары көптеген оқу-тәрбие мекемелері кеңестік тәрбие жүйесінің идеясы мен практикасындағы қателіктерді жеңу үшін көптеген жұмыстар жүргізді.
И.И.Данюшевский, В.М.Дюшен, Г.Е.Жураковский, И.Н.Кузбар, З.В.Яшников т.б. мектеп, коммуна, қалашықтарды басқарды.
А.С.Макаренко колонистер мен коммуналардың әлеуметтік ортамен байланысын ұйымдастыру үшін мекемелер, өндірістік орындармен, мемелекеттік және қоғамдық қайраткерлермен ынтымақтаса бірлесе жұмыс істеді.
А.М.Горький атындағы колония мен Ф.Э.Дзержинский атындағы коммунада тәрбиеленушілер өндірістік еңбекке қатысып, күрделі өндірістік сұраныстарды орындай отырып, өздерінің жауапкершіліктерін, тәртіптілігін қалыптастырды.
Қазіргі таңда адамның осы жоғарыдай қасиеттерін дамыту да маңызды болып отырғандығын айта кетуіміз қажет. А.С.Макаренко ортаның стихиялы ықпалының зиянды болуы да мүмкін дейді, сондықтан тәрбиешілер осы ықпалдарды реттеп отырғаны абзал деген ойды қорытындылайды.
Педагогтар тәрбие процесіндегі мұғалімнің ролін дұрыс бағаламады, сондықтан бұл кезеңдегі қателіктер еркін тәрбие процесінің дамуына, мектеп-балалардың өзін-өзі ұйымдастыру орны деген көзқарастардың туындауына алып келеді.
Тәрбие мекемесіндегі мұғалімдер ұжымының балаларды басқару мен ұйымдастырудағы ролі зор. Тәрбие сәтті болуы үшін талап қоюшылық пен бала тұлғасын сыйлаудың бірлікте жүргізілуі, сонымен бірге мұғалім дос, жолдас бола білуі, бала көзқарасын қабылдай білуі керек деген А.С.Макаренко идеялары да өз маңыздылығын жойған емес.
Коммуналар тәрбиесінің тағы да бір ерекшелігі саяси сипатының болуы еді. Сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
“Мектеп педагогикасы” пәні бойынша типтік бағдарлама
Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Тұлға дамуының әлеуметтік жағдайы
Пәндер