Бағдарламаның процедуралық бөлімі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Бағдарламаның процедуралық бөлімі
Жоспары:
1. Болжам бойынша мәліметтерді талдау әдісін суреттеу
2. Ақпарат жинаудың негізгі әдістері, олардың түрлері
3. Іріктеу әдісі және оның негізгі түсініктері
1. Болжам бойынша мәліметтерді талдау әдісін суреттеу.
Сынақ және құжаттарды талдау әдістері. Әлеуметтану ақпараттарының қайнар көзі болып есептелетін құжатардың алуан түрлі топтамалары бар. Сонымен, құжаттар мынандай топтарға бөлінеді: 1) ақпараттың техникалық құралдарда белгіленуіне орай ерекшеленетін құжаттар. Бұның өзі үш түрді қамтиды: а) жазба түріндегі құжаттар, оған қолжазба мен баспасөз басылымдары жатады; б) секенографиялық құжаттар, бұған кино, фото, бейнелеу, суреттер түріндегі құжаттар жатады; в) фонетикалық құжаттар, яғни дыбыспен берілетін магнитофон, күйтабақ жазбалары жатады. Айта кететін бір жай, құжаттық ақпаратты сақтайтындардың жаңа түрлері мыналар: микрофильмдер, ЭВМ дискісі, т. б. Жазба құжаттардың кең тарағаны архив материалдары, статистикалық есептемелер, ғылыми жарияламалар, баспасөз басылымдары, т. б. ; 2) құжаттың түпнұсқа- және ресми емес құжаттарға ажыратылады Ресми құжаттар деп лауазымды адамдардын, кызметкерлерлін арнайы дайынлаған құжаттарын айтады. Бұған мемлекеттік статистика мен мемлекетпк архив мәліметтері, жиналыс хаттамалары, т. б. жатады. Ал ресми емес кұжаттарды жеке адамдар жасайды, ягни хаттар, күнделіктер, т. б. ресми емес деп атауға болады; 3) акпараттың сақталу көзіне орай ол бастапқы және екінші рет жасалган кұжаттар болып екіге болінеді. Бастапқы кұжаттар - тікелей бақылаудын немесе сауалнама өткізудң негізінде алынған мәліметтер, ал екінші қатардағы құжаттар бастапқы құжаттарды сипаттаушы немесе қорытындылаушы болып саналады; 4) мақсат-міндетке қарай ажыраған құжаттар, бұган зерттеу бағдарламасына сәйкес ғалымдардың күшімен алынған материалдар, басқа да мақсаттар үшін жасалган қолдағы құжаттар жатады; 5) мазмұнына қарай бөлінген кұжаттар. Бұлар экономикалық, құқықтық, тарихи, техникалық, т. б. болып топтасқан. Зерттеуші өз қызметінде көбіне-көп жазба құжаттармен, әсіресе әдебиеттермен, баспасөз басылымдарымен және машинкаға басылған материалдармен жұмыс істейді. Ол тұрақты түрде статистикалық түпнұсқалар, есеп беру баяндамалары, мақалалар, сондай-ақ қоғамдық пікірді білдіретін баспасөз және теледидар мәліметтеріне арқа сүйейді.
Құжаттармен жұмыс істегенде зертгеуші олардың сенімділігіне назар аударуы қажет. Осыған орай құжаттан алынар ақпараттың сенімділігін тексерістен өткізетін ережені білу шарт. Мүндай ережеге мыналар жатады:
Оқиғаларды суреттеуден оларға берілген бағаны ажырата білген дұрыс. Оқиғаларға берілген бағадан фактілер әлдеқайда сенімді болады. Кейде құжаттарға берілген баға болады, бірақ оларды сутеттейтін жағдай толық берілмеген болып шығады. Әдетте мұндай құжаттарға күмәндана қарау керек;
Құжатты құраушының оны дайындаудағы ниетін, мотивін анықтаған жөн. Өз жұмысы жөнінде есеп беріп отырған автор өзінің еңбегін асыра көрсетуте тырысады. Ал бақылаушы органдар, керісінше, жұмыстағы кемшіліктер мен қателіктерді теріп жазады;
Құжатты әзірлеуші адамның фактілерді, т. б. іріктеп алу әдісін де білген жөн. Бастапқы құжат екінші рет жасалған құжатқа қарағанда әлдеқайда сенімді болады;
4) Құжатты дайындау кезіндегі елдің, ұжымның т. б. жағдайын білу шарт. Сонда ғана құжатгың сол уақыттағы жағдайды объективті
беруі немесе бұрмалап отырғаңдығы анықталады. Құжаттарды талдау дәстурлі жолмен және формальлы түрде жүреді. Барлық кұжаттар түрлерін оқып - пайымдау сын тұргысынан қарауды талап етеді.
Құжаттарды дәстурлі жолмен талдаудың (кейде сапалы талдау деп те атайды) мәні мен сыры - кұжаттардың мазмұнын сұңғыла түрде зерттеу, негізге алынган ой-пікірді игеру, негізгі идеяларын бөліп алу, логикалық жағынан терең зерттеу, олардың авторларының саяси, азаматтық бағытын қадағалау, кейбір "айта алмағандарын", бүркеме пікірлерін іздеп табу, автордың құжатты жазудағы тілі мен стиліне аса көңіл аудару болып табылады. Осындай сараптау жасағанда зерттеуші өзіне-өзі сұрақ қойып, айталык, құжаттың күндылығы неде, оны дайындаудағы мақсат не, оңдағы фактілердің сенімділігі қандай деген сауалдарға жауап беруі керек.
Ақпарат жинаудың негізгі әдістері, олардың түрлері.
Ақпарат жинаудың маңызды көзі және әдістемесі - бақылау. Бақылау микроәлеуметтік зерттеулер жүргізгенде шағын топтарды ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын, басшылық етудің) тәсілдерін зерттегенде, қақтығыс, шиеленіс жағдайын саралауда жақсы нәтиже беретін тиімді әдіс болып есептелінеді.
Әлеуметтану ғылымыңда түйсіну арқылы ақпаратгы жинау және объект жөнінде барлық фактілерді тіркеу әдісін бақылау деп атайды. Ол қарапайым бақылаудан мынандай белгілері арқылы ерекшеленеді' 1) нақты зерттеу мақсатына бағыңдырылады; 2) белгілі бір әдістеме арқылы жүргізіледі; 3) бақылаудың мәліметтері белгілі бір әдістемеме хаттамаларға, күнделіктерге көшіріледі; 4) бақылау жолымен алынған ақпараттың сенімділігі және негізділігі тексерістен өтеді.
Бақылаудың сенімділігі субъекті мен объектінің аракатынасындағы жағдайдың біркелкілігі, процедураның құрылысы, акпараттың респезентативтілігі арқылы қамтамасыз етіледі. Солай дегенмен де, бақылау көбінесе зерттеушінің психологиялық көңіл-күйіне, оның талғамына, мәдениетіне, т. б. қасиеттеріне тәуелді болып келеді. Бұл талаптардың зерттеушінің бақылау жүргізу кезінде өз сөзіне, пікіріне және қимыл өрекетіне барынша сақ, байыпты болуын талап ететінін естен шығармаған жөн, сонда ғана оқиғаның табиғи желісі бұрмаланбайды. Ал бұған кері жагдайда зерттеуші анық емес, шүбә келтіретін сенімсіз ақпарат алуы мүмкін, сөйтіп оның байлам-қорытындысы толық дәлелденбеген, ал ұсыныстары үстірт, келте болады, бұл проблеманы шешудің тиімді жолын айқындай алмауға әкеліп соқтырады .
Бақылаудың бірнеше түрлері бар. Оны жүргізу техникасына, кімді бақылау қажеттігіне орай бақылау - бақылаулық және бақылаусыздық, яғни спонтандық түрлерге бөлінеді. Бақылаулық түрі зерттеудің тиянақты жоспарына және реттілігіне сәйкес жүргізіледі.
Тұрақтылығына қарай бақылау жүйелі және кездейсоқ болып бөлінеді. Жүйелі бақылауда, айталық, айдың әр күніндегі қимыл-әрекет ұқыпты түрде күнделікке түсіріліп отырады, кездейсоқ ба-қылауда ақпарат жоспарсыз жүргізіледі.
Бақылаушының қолданатын әдісіне орай бақылауды іштен және сырттан бақылау деп те ажыратады. Бұлардың біріншісінде зерттеуші әлеуметтік ортаға енеді, соған бейімделеді, сөйтіп оқиғаны іштен талдайтын болады, соның негізінде объектінің сырт көзге түсе бермейтін көптеген қүпияларын білуге, ерекше ақпарат алуға мүмкіндік жасалады. Екінші жағдайда зерттеуші топтың арасына мүше болып енбейді, бақылау топтың сыртынан жүргізіледі. Сондықтан да бүдан алынған ақпарат атүсті, жеңіл-желпі болып шығады.
Іштен және сырттан бақылауды ашық түрде немесе жасырын
(бүркеніш) атпен жүргізуге де болады. Жасырын атпен іштен бақылау (бақылауға алынбаған топ мүшелері әріптестерінің бірінің зерттеуші екенін білмейді) әдетте "жабық" ұжымдарды зерттегенде қолданылады. Ашық ұжымдарда топ мүшелері өздерін ғалымның бақылап жүргенін білуіне болады. Сөйтіп шамалы уақыт өткеннен кейін ұжым мүшелерінің зерттеушіге бойы үйреніп алады да, өздерінін дағдылы іс-әрекетіне, мәнігі мінез құлқына қайта енеді.
Бүркеніш атты жамылып іштен бақылау жасау ең тиімді тәсіл екен деп ұшқары ой қорытуға болмайды. Ашык бақылаудын өзіндік артықшылықтарын ұмытпаған жөн Әсіресе оның еркін сұрақтар беру мүмкіндігі, кейбір сәтте жағдайға тікелей қатысып, килігіп кетуі, зерттеушінін топ ішінде өзін емінеркін ұстап жүре алу мүмкіндігін арта түседі.
Бақылау әдістемесінін көптеген артықшыдығы бар. Оның болып жатқан құбылысты нақты байданыстармен анықтауғ а қабілеті зор. Бұлай бақылаудың оқиға жөніңде пікір-пайымдау жасаудан гөрі білім беру жағы басым болады. Бақылау жүргізуші респонденттердің (жауапшы) зерттеу сауаддарына жауап қайтаруға дайын екендігіне немесе қабілетіне бағынышты болмайды. Сондай-ақ бұл әдістің мейлінше қарапайым екеңдігін, оны қолдануға аса көп мөлшерде ақша-қаражаттың керек болмайтынын айта кеткен жөн. Жалпы бақылау әдісі аркылы алынған ақпараттың сенімділігі міндетті түрде тексерістен өткізіледі. Ол үшін бақыланған алғашқы объект дәл сондай жағдайда екінші рет бақылаудан өтеді. Екі бақылаудың нәтижесі бірдей болса, оңда ақпаратгьң сенімді болғаны. Ақпа-раттың сенімділігін арттыруға қажетті бақылау жүргізудің қалыптасқан негізгі ережелері бар, оларды міндетті түрде білу керек. Ол ережелер: 1) зерттеуші бақылау бірлігін тандап алуы керек. Мысалы, ұжымның психологиялық ахуалын зерттеу керек болса, шиеленіс соның бірлігі етіліп алынады, еңбек тәртібінің бірлігіне жұмысқа кешігіп келу, басшылар нұсқауын орыңцамау, т. б. алуға болады; 2) фактіні, оқиғаны, құбылысты, процесті бағалаудан бұрын оны содан ажырата білу шарт. Айталық, мектептің педагогикалық кеңесін бақылаған зерттеуші оның 2 сағатқа созылғанына (бұл факті болады) көңіл аударса, кеңестің уақытты тиімсіз пайдалануы, оның солғын өтуі де (бұлар бағаға жатады) назардан тыс қалмайды; 3) бақылаудың нәтижесін қолма-қол жазып отыру қажет. Ол кейін жазылған болса, кейбір "майда-шүйдесі" ұмыт қалады; 4) зерттеуші өзі жүргізген бақылауды өзімен паралелль бақылау жүргізуші әріптесінің жүмысымен салыстырғаны дұрыс; 5) бір объектіні бірнеше жағдайда бақылаған жөн. Мысалы, басшының күнделікті әрекетіне назар аударылады және төтенше жағдайда оның шешім қабыддауына ден қойылады; 6) бақылаудан алынған мәліметгі өзге әдіспен алынған мәліметпен (айталық, құжаттар) салыстырған орынды. Ақпарапың сенімділігі мен анықтығы субъективтік кедергі жойылмайынша камтамасыз етілмейді. Дегенмен де. мұны жүзеге асыру онай нәрсе емес. Себебі бақылаушы әрдайым өз тәжірибесіне, пайым-түсінігіне арқа сүйейді және өз көңіл-күйіне тәуелді болады Бақылауға алынуға тиісті оқиғалар мәнді және мәнсіз оқиғалар ретінде жәй ғана топтастырылады. Бұл қарапайым топтасу бойынша мәнді оқиға міндетті түрде жазылып алынады, ал мәнсіз окиғаны жазбаса да болады.
Іріктеу әдісі және оның негізгі түсініктері .
Оның мұндай дәрежеге көтерілуі әмбебаптығымен де түсіндіріледі. Бақылау барысында зерттеуші объектінің тек қана нақты мінез-құлқын белгілейтін болса, сауалнаманың көмегімен ол адамдардың бүгінгі қылықтары туралы кең көлемді мағлұмат ала алады, сонымен қатар олардың өткен уақыттағы тыныс-тіршілігімен бірге болашақ жоспары, ниеттері жөнінде де ақпарат алады. Сауалнама, әсіресе, индивидтердің субъек-тивті жәй-күйі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ерекше құнды әдіс болып есептеледі. Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін қалайды. Сұраулардың көмегімен ақпарат алынып жиналады. Ғылымда сауалнаманы жүргізуші адамдар - анкеталар (сауалшылар) және сұрақтарға жауап кайтарушылар респонденттер (жауап берушілер, жауапкерлер) деп аталады. Алынған ақпаратын сипатына және оны алу тәсіліне карап. сауалнама бірнеше түрге бөлінеді.
Сауалнама әдсінің екі түрі бар: олар анкеталық және сүхбат немесе сүхбатнама (интервью) . Сауалға жауап алу ұжымдардын және жеке адамдардың кез-келген проблема бойыиша пікірін білуге мүмкіндік « жасайды. Әсіресе бұл әдіс құжаттар арқылы зертгеу, бақылау, т. б. әдістерді колдану үлкен қиыншылыктар туғызғанда пайдаланылады. Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респонденттің аты-жөні көрсетілмей (анонимді) өткізіледі. Әдетте анкета үш бөлімнен құралады: үндеулік, негізгі, төл құжаттық. Үндеулік бөлімде қысқаша зерттеудің мақсаты туралы айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі және зерттеу нәтижесі қалайша колданылатыны жазылады, анкетаны толтыру ережесі көрсетледі, қайтарылған жауаптардын құпиялығы сақталатынына кепілдік беріледі. Анкетаның (сауал хат) негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналасады. Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті қызықты болуы керек. Осылай жауап берушілердің қызығушылығын арттырып, ынтымақтастыққа жетуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz