Педагогикалық қарым-қатынас құрылымы мен функциялары



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Педагогтік жеке адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
2.Қарым.қатынас құрылымы мен функциялары.
3.Қарым.қатынас стилі және педагогикалық жетекші стилі.
4.Педагогикалық такт.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Сабақта қарым-қатынас ұйымдастырған кезде сыныптағы оқушымен қарым-қатынасты дәл бағдарлай білудің, айтатын материалындағы мәселе жөніндегі өз көзқарасыңды көрсетудің, информацияны, сөйлеу құралын беру формасын таңдаудың, педагогикалық міндеттерден туындайтын қарым-қатынас жағдайын жасаудың, сыныптағылардың және жекелеген оқушылардың әсерленушілігін көре білудің, қарым-қатынас барысында оқу-тәрбие информациясын нақтылаудың, оны педагогикалық процестің өзгермелі жағдайына ыңғайлай білудің, балалардың дербес ерекшеліктерін ескерудің айрықша маңызы зор.
Педагогикалық шеберлік тұрғысынан алғанда мұғалімнің мінез-ерекшелігі ретіндегі әдептілігінің оның әрбір нақты жағдайда тиімді тактика таңдай білуінің үйлесімділігі мейлінше дұрыс болып табылады.
Жеке әңгімелескенде кейбір жолдастар «тактика» деген әскери терминді педагогика сияқты бейбіт ғылымға көшірудің керегі бар ма деген күдік білдіреді. өйте берсек педагогикалық стратегияға да барармыз дейді олар. Мұндай күдіктің негізі жоқ деп ойлаймын. А.С.Макаренконың тәрбие тәжірибесіне әскери өнердің кейбір элементтерін саналы түрде енгізгені мәлім. Оның үстіне тактика тек әскери ғана емес, философиялық, ғылыми, саяси термин. Сондай-ақ педагогикалық та термин. Оқыту теориясында қазір « стратегия « термині кең де, тар да мағынасында қолданылады. Мысалы, есеп шығару стратегиясы деп те айтылып жүр. Ал тактика – стратегияның құрамдас бөлігі. Сондықтан тактика ғана емес, стратегия да педагогикаға жат емес. « Тактика » термині оқушылармен қарым-қатынасымыз турасында әңгіме қозғалғанда педагогикалық әдебиетте де қолданылады. Тактиканың анықтамасында әдептің педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі ретінде, оқушыларға әсер ету құралдарының белсенді қоры ретінде қарастырылатын педагогикалық әдеп анықтамаларымен бірегейлігі мол.
Осылайша ұғынылатын педагогикалық әдеп, менің бұрын айтып өткенімдей, нақты педагогикалық тактикаға, біздің стратегиямыздың нақтылы көріністеріне, оқушыларға ықпал етудің түрлі құралдарын іскерлікпен ұштастыруға және пайдалануға жәнепайдалануға айналады.
1. Педагогикалық шеберлік негіздері / И.А.Зязюнаның түзетуінде – М., 1989
2. Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері – Ростов на Дону, 2003.
3. Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002.
4. Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.
5. Педагогикалық мәдениетке кіріспе / Е.В.Бондареваның түзетуімен – Ростов на дону, 1995.
6. Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990.
7. Елканов С.Б. Болашақ мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу негіздері – М., 1989.
8. Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д., Педагогикалық шығармашылық – М., 1990.
9. Коджаспирова Г.М. ПЕдагогтің кәсіби білімін көтеру мәдениеті – М., 1994.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Педагогтік жеке адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
2.Қарым-қатынас құрылымы мен функциялары.
3.Қарым-қатынас стилі және педагогикалық жетекші стилі.
4.Педагогикалық такт.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Сабақтағы қарым-қатынас.
Сабақта қарым-қатынас ұйымдастырған кезде сыныптағы оқушымен қарым-
қатынасты дәл бағдарлай білудің, айтатын материалындағы мәселе жөніндегі өз
көзқарасыңды көрсетудің, информацияны, сөйлеу құралын беру формасын
таңдаудың, педагогикалық міндеттерден туындайтын қарым-қатынас жағдайын
жасаудың, сыныптағылардың және жекелеген оқушылардың әсерленушілігін көре
білудің, қарым-қатынас барысында оқу-тәрбие информациясын нақтылаудың, оны
педагогикалық процестің өзгермелі жағдайына ыңғайлай білудің, балалардың
дербес ерекшеліктерін ескерудің айрықша маңызы зор.
Педагогикалық шеберлік тұрғысынан алғанда мұғалімнің мінез-
ерекшелігі ретіндегі әдептілігінің оның әрбір нақты жағдайда тиімді тактика
таңдай білуінің үйлесімділігі мейлінше дұрыс болып табылады.
Жеке әңгімелескенде кейбір жолдастар тактика деген әскери терминді
педагогика сияқты бейбіт ғылымға көшірудің керегі бар ма деген күдік
білдіреді. өйте берсек педагогикалық стратегияға да барармыз дейді олар.
Мұндай күдіктің негізі жоқ деп ойлаймын. А.С.Макаренконың тәрбие
тәжірибесіне әскери өнердің кейбір элементтерін саналы түрде енгізгені
мәлім. Оның үстіне тактика тек әскери ғана емес, философиялық, ғылыми,
саяси термин. Сондай-ақ педагогикалық та термин. Оқыту теориясында қазір
стратегия термині кең де, тар да мағынасында қолданылады. Мысалы, есеп
шығару стратегиясы деп те айтылып жүр. Ал тактика – стратегияның құрамдас
бөлігі. Сондықтан тактика ғана емес, стратегия да педагогикаға жат емес.
Тактика термині оқушылармен қарым-қатынасымыз турасында әңгіме
қозғалғанда педагогикалық әдебиетте де қолданылады. Тактиканың
анықтамасында әдептің педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі ретінде,
оқушыларға әсер ету құралдарының белсенді қоры ретінде қарастырылатын
педагогикалық әдеп анықтамаларымен бірегейлігі мол.
Осылайша ұғынылатын педагогикалық әдеп, менің бұрын айтып өткенімдей,
нақты педагогикалық тактикаға, біздің стратегиямыздың нақтылы
көріністеріне, оқушыларға ықпал етудің түрлі құралдарын іскерлікпен
ұштастыруға және пайдалануға жәнепайдалануға айналады.
Педагогикалық тактика мұғалімнен әскери тактика командирден нақты
жағдайда бағдар табуды, бар мүмкіндіктер мен кедергілерді есепке алуды,
тура және айналма жолдарды, қарсылықтың күткен және күтпеген формаларын,
ықтимал нәтижелерді көре білуді т.б. пайдалануды қандай талап етсе,
сондай талап етеді. Әрине, оқу-тәрбие процесінде мұғалімдер мен оқушылар
қарсыластар емес, қатысушылар. Олар өзара ынтымақта болады. Бірақ, бұл
ынтымақ тартыссыз бола бермейді. Оқушылар өзіндік тіршілік, мүдделерімен
өмір сүреді, олары мақсатқа сәйкес келмеуі мүмкін. Оқушылар үшін оқу мен
тәрбие көптеген талаптармен, қолайсыздақтармен, шектелулермен т.с.с.
байланысты. Олар қарсылық көрсетеді, бұл қарсылық оқушылардың жан-
дүниесідей өте күрделі болуы ықтимал. Қарсылық ашық та сатыртын, саналы да
санасыз, жалпы да нақты, белсенді де самарқау болуы мүмкін.
Педагогикалық әдеп қайшылықты жағдайларда мейлінше қажет, бірақ оның
негізгі қызметі-ондай жағдайлардың алдын алу, оқушылардың қарсылығын
бәсеңдету. Педагогикалық әдеп келісімпаздық, оқушыларға деген талап
қаталдығын босаңсыту, олармен қақтығысудан қашқалақтауға икемделеді.

Педагогикалық қарым-қатынас стилі.
Сіз ертеңгі болатын сабаққа әзірленуге отырасыз;бағдарламаны
қарастырып, қандай материалдарды пайдалануды, сабақты қалай өткізуді т.б.
мәселелерді ойластырасыз. Енді өз тәжірибеңізді мұқият ой елегінен
өткізіңіз; сабақты жоспарлау барысында сізде нақты класс, оқушылар, олармен
өзара қатынас туралы ойлар туындайды. Міне, осының өзі педагогикалық қарым-
қатынастың бірінші кезеңі-қарым-қатынасты моделдеу деп аталады, әрі ол
алдағы сабақтың мазмұнымен және методикалық компоненттерімен тығыз
байланысты болады. Әрбір класта қарым-қатыеас процесінің өзгешілігі бар,
демек, сабақ та өзінше өтеді. Демек сабаққа әзірленудің белгілі формуласы
мынадай: программамен таныстыру, материалды сұрыптау, оқыту мен тәрбиелеу
тәсілдерін белгілеу-бұған қоса маңызды, мәнді буынмен толықтырылатын –
класта алдағы уақыттағы қарым-қатынасты болжалдау.
Педагогикалық қарым-қатынастың екінші ірі кезеңі-сыныппен бастапқы
байланыс жасау кезеңіндегі тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыруды бөлек
қарастыру қажет.
Қарым-қатынас инициативасы табысты болған жағдайда мұны шартты түрде
комуникативтік шабуыл деп атауға болады. Сабақта оқушылардың танымдық
әрекетін меңгеру және тәрбиелеудегі меңгеру ең алдымен қарым-қатынасты
меңгеру арқылы жүзеге асырылады.
Қарым-қатынас инициативасында табысқа жетуде қандайда бір тұрақты
және тексерілген әдістер бола ма? Бұл тарапында мыналарды ұсынуға болады:
1. Сынып бастапқы байланысты жедел ұйымдастыру;
2. Ұйымдық шаралардан нақты іспен жекелей қарым-қатынасқа дереу ауысу;
3. Сыныпта әлеуметтік-психологиялық бірлікті жедел қолға алу, біз деген
ортақ сезімді қалыптастыру;
4. Жекелеген оқушылардағы жататнды және келеңсіз құбылыстарды жою;
5. Сыныппен тұтастай байланыс жасау ұйымдастыру;
6. Сыртқы коммуникативті түрлерді:ұқыптылықты, жинақылықты, белсенділікті,
тілектестікті, жарқын жүзділікті т.б. қамтамасыз ету;
7. Оқушыцларда өзара түсінушілікті, мұғаліммен жалпылама пікір алысуды
қалыптастыру;
‡шінші кезең-қарым-қатынасты меңгеру. Мұнда педагог шартты түрде
педагогикалық байланысы бар толып жатқан коммуникативтік міндеттерді
шешеді, мәселен қарым-қатынас арқылы зейінділікті меңгереді.
Педагогикалық тактикасы
Педагогикалық әдеп -мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік
әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық
іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деп
те анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан психологиялық бақылау
жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі,
К.Д.Ушинскийдің айтқандай, - түптеп келгенде психологиялық әдеп.
Педагогикалық әдепке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық тілдесу (коммуникация), адамшылықты ескеру (гуманизация) тілдесу стильдері, диалог және монолог, мазмұны мен құрылымы,тілдесу кезеңдері
Педагогикалық тілдесу (коммуникация), адамшылықты ескеру (гуманизация) тілдесу стильдері, диалог және монолог, мазмұны мен құрылымы
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың тәрбие жұмысын жоспарлаудың әдістемесі
Әдістемелік кабинетті ұйымдастыру. Балабақша жұмысы тәжірибесінен іс-құжаттар, конспекті жинақтау
Сынып жетекшісінің функциялары
Баланы тәрбиелеу мен оқытуда балабақша мен отбасының сабақтастығы мәселесін әзірлеу
Ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық - педагогикалық диагностикасы
Касіптік білім беру
Отбасылық тәрбие стилдері
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Пәндер