Туристік кәсіпорын қызметінің келешегін түрлі стратегияларды қолданып, арттыру жолындағы жоспарлауды теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу және нақты тұжырымдар мен ұсыныстар жасау


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

жағдайда кәсіпорын өзінің қызметін тек қана ағымдық жоспарлау мен оперативті басқарумен шектеле алмайды. Кәсіпорынның даму жолында мақсаттарын айқындайтын және таңдалынған бағытта жүзеге асыру құралдарын қамтитын іс-әрекет бағдарламасына енетін стратегиялық ойлау қажеттілігі жетілді. Заманауи кәсіпорындардың жұмыс істеу анализі толыққанды стратегиялық анализ жүйесін, стратегиялық менеджмент пен стратегияны іске асыруды төтенше енгізу қажеттілігін көрсетеді.

Туристік кәсіпорынның қысқа мерзімдегі табыс перспективасы, ең алдымен, ағымдағы қызметтің түрлі бағыттарындағы қаржылық теңгерімділігімен анықталады. Ұзақ мерзімдік перспективада өмір сүру және даму үшін кәсіпорынның нарықтағы өзгерістерді өз уақытында көре алу және соған сәйкесінше өзінің ұйымдық құрылымы мен туристік қызмет көрсету тапсырыстарының мазмұн қоржынын бейімдей алуы керек.

Туристік қызметтегі жоспарлаудың рөлі арта түсті. Бұл жағдай туроператорлар мен турфирмалардың нақты мақсаттарды қоя алып оларға жету жолдарын жүзеге асырумен түсіндіріледі. Қазақстанның нарықтағы туристік қызметін жекелей стратегиямен жүзеге асыру керек, себебі туризм саласы әлдеқайда дамып кеткен еуропа шарттары мен біздің мемлекетіміздің талаптары сәйкес келмейді. Әрине, бұл өз кезегінде әр аймаққа әсер ететін әртүрлі факторлармен де түсіндіріледі.

Зерттеу жұмысының өзектілігі халықтың тұрмыс тіршілігінің жақсаруы, мәдениет пен өмір сүру сапасының деңгейінің жоғарылауынан кәсіпорындарға нарықта өз орнын ұстап қалу үшін өзінің қызметін ұзақмерзімге жоспарлау маңыздылығы болып табылады.

Тұтынушылардың сұранысы артып, ал бәсекелестік өте қатал болып бара жатыр. Тұтынушылардың таңдау спектрі кеңейіп, тек қана арзан баға ұсынатын кәсіпорын ғана жетістікке жетпейді. Ең бірінші сатыда сапа, қауіпсіздік, марка танымдылығы сынды қажеттіліктер орын алады. Туристік кәсіпорынның бренді танымал болған сайын, оған деген жарнамалық акциялардың шығыны азая түседі.

Нарықта туристік кәсіпорын ұтымды әрекет жасауы үшін оған бүкіл кәсіпорынның маркетингтік саясатын қамтитын жоспар керек. Кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау мәселесін зерттеу маңыздылығы кең ауқымды қамтиды, соның ішінде: кәсіпорынның барлық жұмыскерлерінің басына оған дейін тек қана жетекшілерінің ойында болған идеяларды жүйелеп, жеткізеді; алға қойған мақсаттарға жету жолында кедергі келтіретін іс-әрекеттерден аулақ болуға көмектеседі, уақыт пен басқа да ресурстарды нақты бөледі; жоспардың болуы кәсіпорын қызметкерлерін жұмылдырады. Тұтастай алғанда, стратегиялық жоспар нақты мақсаттар мен оларға жету жолдарын айқындау мен жоспарланған нәтижелерге әкелмейтін анық емес артық іс әрекеттерді жойып, кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Зерттеу объектісі - «Ақтөбе облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ және «International Travel Plus» туристік агенттігінің туристік қызметі болып табылады.

Зерттеу құралы - Ақтөбе өңіріндегі туристік қызмет жағдайын стратегиялық жоспарлаудың әдістемелері мен даму бағыттары.

Зерттеу мақсаты - туристік кәсіпорын қызметінің келешегін түрлі стратегияларды қолданып, арттыру жолындағы жоспарлауды теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу және нақты тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.

Зерттеу міндеттері:

-туристік кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлаудың теориялық мәні мен ерекшелігін ашып көрсету;

-туристік кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлаудың маңыздылығы мен әсер ететін факторларды анықтау;

-Ақтөбе өңірінің туризм саласындағы стратегиялық дамуының негізгі жай-күйін сараптау;

-«International Travel Plus» туристік агенттігінің негізгі қызметін талдау;

-кәсіпорын қызметін жоспарлауда туындайтын мәселелерді анықтау;

-«International Travel Plus» қызметінің стратегиясын жоғарылату жолдарын ұсыну.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық зерттеу негізін туристік кәсіпорын қызметін жоспарлау, бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпараттар құрайды.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік мәні туристік кәсіпорын қызметінің стратегиясын жоспарлау мен жетілдіруде қолданылуы болып табылады.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер көздерінен тұрады.

  1. ТУРИСТІК КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІТуристік кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау туралы жалпы түсінік пен маңызы

«Стратегия» термині ежелгі гректерде қолбасшылардың шеберлігі туралы сөз қозғалғанда қолданылған. Қолбасшылар түйінді тапсырмаларға сүйене отырып, әскери жоспарды жетілдіруі керек, мысалы: қарсыласты әлсіздендіру немесе жойып жіберу, қауіп туғызатын одақты бұзу, белгілі бір позияцияға ие болу секілді. Мұндай болжанатын әскери жоспарда алда қойылған мақсаттарға қандай амал-тәсілдермен жету керектігі айқындалады. Орта ғасырларда қалаларды қоршау, теңіздерден қамаулар ұйымдастыру, қарсылас лагеріндегі ықпалды тұлғаларды сатып алу және т. б. іс-әрекеттер орын алды. ХХғ. 60-жж. басына дейін бұл термин әскери істерге байланысты тар мағынада ғана қолданылып келген, тек қана Гарвард бизнес мектебінің зерттеушілері қазіргі таңдағы кеңінен танылған мағынасын ашқан. Көрініп тұрғандай, әскери шабуыл болсын, я болмаса, нарықтағы бәсекелестік болсын, соған сәйкес стратегия керек [1] .

Туризм экономиканың әртүрлі секторларына өзіндік әрекетін тигізетін күрделі кешенді жүйе екені белгілі. Сонымен бірге 1990 жылдарға дейін көптеген мемлекеттер туризмді қандай да бір жоспарлаусыз немесе қоғамның экономикалық дамуының жалпы процестері аясында қарастырылуынсыз дамытты. Бақылаусыз, кездейсоқ туризмді дамыту тәжірибесі көрсеткендей ол көптеген экологиялық, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы мәселелерге әкеліп соқты. Оның қатарына өз кезегінде туристік лектің азаюына және экономикалық шығындарға әкелетін қоршаған ортаның құлдырауы және ұлттық ерекшелікті жоғалтуды жатқызуға болады.

Қазіргі заманда көптеген елдердің әлемдік нарықта экономикасының бәсекеге қабілетсіз шарттарына сай көптеген мемлекеттер туризмді өздерінің сәтті экономикалық дамуының бірден-бір мүмкіндігі ретінде қарастырады. Сондай-ақ әртүрлі мемлекеттер мен аймақтардың экономикалық даму деңгейі кең көптүрлілігімен ерекшеленеді. Кейбір мемлекеттер гүлденіп, өрістеп жатқан кезде, кейбіреулер қоғамдық және экономикалық құлдырау процестерін ұстап қалумен айналысады. Соңғы жағдайда қоғамдық орта көбінесе материалдық және рухани құлдырайды да, туризм сол сәтте өндірістік кәсіпорын мен басқа да бизнес саласын ауыстыратын әлеуетті, тартымды сала болып табылады. Осы себептен қазіргі таңда туризмнің дамыған индустриясына ие барлық мемлекеттер туризмді жоспарлау оның өркениетті дамуының негізін құраушы болатынын түсінді.

Дегенмен, туризмді жоспарлау қағидаларын талдау мен зерттеуді бастамас бұрын, алдымен туризмді жоспарлау дегеніміз не және ол не үшін қажет екенін түсінуіміз керек.

Туризмді жоспарлау төңірегінде халықаралық кеңесші және танымал американдық маман Эдвард Инскип бұл ұғымды келешектегі айқындалған мақсаттар мен тапсырмалар тізіміне қол жеткізуді ұйымдастыру ретінде анықтады.

Ең алғаш туризмді жоспарлау маңыздылығы мен қажеттілігі танымал туризм бойынша Гаага декларациясында мәлімделді. Онда алғаш рет мемлекеттің дамуының кешенді жоспарына туризмде құраушы бөлшегі болып енгізілуіне бағытталған шаралардың қабылдануының қажеттілігі айқындалды [2] .

Тарихқа үңілетін болсақ, туризм саласындағы жоспарлау Еуропадан бастау алған. Франция мен Ұлыбритания елдері ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарының басындағы туризмдегі жоспарлаудың технологиясын өңдеудің пионерлері болған. Сонымен қатар, туризм индустриясының жоспарын ұйымдастыруда алдынғы орынды Канада ХХ ғасырдың 60ж. аяғы мен 70-ж. басында осы қызметті дамытты[3] .

Жалпы мағынасында «стратегия» кәсіпорын дамуының келешек бағытын және қоршаған ортаның талаптарына сай қызмет қабілетін анықтайтын, сондай-ақ қойылған мақсаттарға жету үшін ресурстарды реттеуді қамтитын басқару шешімдерінің жүйесі ретінде түсіндіріледі. Стратегиялық жоспарлау - бұл стратегиялық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін, ақпаратты тұрақты толтырып және жүйелеп отыратын жүйе.

Туристік қызмет халықаралық сауданың ең танымал объектілерінің бірі болып табылады. Туризм нарығы әртүрлі факторлардың әсер етуіне ұшырағыш, сондықтан бұл саланың тым болмаса кейбір болашақ дамуының беталысын көре алу ішкі және халықаралық туристік нарықта маркетингтік қарым-қатынасты жоспарлау объективтілігін жоғарылату шарттарын туғызады.

Туристік бизнестегі тиімді стратегиялық іс-әрекет жоспары мынадай сұрақтарға жауап береді: «Сәйкес нарықтық бизнестік кеңістікте дәл қазіргі уақытта және келешекте қалай бәсекеге қабілетті бола аламыз?».

Қызмет көрсету стратегиясын құру үшін, кәсіпорын немесе ұйым жетекшілігіне ең алдымен жұмыс жасайтын нарықтық орта қандай, және өзінің кәсіпорны ол ортада қандай орынға ие соны түсініп алуы қажет. Дұрыс әзірленген стратегия сондай-ақ мына сұрақтарға да жауап беруі тиіс:

Біз қызмет көрсететін тұтынушыларға қандай қажеттіліктер қажет?

Біз басқалардан артық қызмет көрсете алатындай қажетті, толық білім мен тәжірибиеге иеміз бе?

Бізге ұзақ уақыт бәсекеге қабілеттілік тудыра алатындай және салынған капиталдан жеткілікті табыс көзін алу үшін тұтынушыларға қалай қызмет көрсетуіміз керек?

Сәйкесінше, кез келген кәсіпкерліктегідей, турбизнес саласында да стратегия өзіне үш негізгі құрам бөлікті қосады:

- тұтынушылардың қажеттілігі;

- кәсіпорынның бұл қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қабілеті;

- кәсіпорынның ұзақ мерзімдік кірісі [4] .

Қазіргі таңда туризм - бұл туристердің демалысын ұйымдастыру мен тұтынушыларға әртүрлі қызмет көрсететін көптеген фирмалар мен кәсіпорындардың тізімін байланыстыратын индустрия, тұтас сала.

Бәсекеқабілеттіліктің күшеюі, шығындардың өсуі, өндірістің құлдырауы, қызмет көрсету сапасының төмендеуінің барлығы кәсіпорынның маркетингтік және стратегиялық басқаруына қызығушылығын тудырады.

Стратегиялық жоспарлаумен айналыса отырып, бастапқыдан оның тез нәтижеге қол жеткізуге бағытталмағанын түсіну қажет. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты - қызмет көрсету кәсіпорындарының келешектегі тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. Бәрімізге белгілі, жапондық кәсіпкерліктің табыстылығының бірден бір себебі ұзақ мерзімдік бағдарламаларды ұстау болып табылады, яғни стратегиялық жоспарлаудағы табыстар.

Осылайша, заманауи талаптарға сай стратегиялық жоспарлау қызмет көрсету саласындағы туристік кәсіпорындарда маңызды рөл атқарады, себебі, біздің ойымызша, аз болжауға ие болатын сұраныс өзгерістері, дәстүрлі нарықтағы бағалар бәсекесінің қаталдығы, операцияларды өткізу кезіндегі тәуекелділіктің жоғарылауы сынды жергілікті және жаһандық жалпы нарықтық жағдайлардың даму үрдісі стратегиялық жоспарлаудың өсу рөлінің негізінде жатыр. Қызмет көрсету саласындағы туристік кәсіпорындарды стратегиялық жоспарлау өзінің құрамына мынадай мәселелерді қосады:

• стратегиялық жоспарлаудың күрделілігі. Бұл ойлау типінің өзгеруін қажет етеді. Стратегиялық жоспарлау жаңа идеяларды қолданатын жасампаз процесс болуы тиіс. Көптеген жетекшілер мұндай шешімдерді қабылдау типіне дайын емес. Стратегиялық жоспарлауды қолдану нәтижесінде жаңа қарым-қатынастар мен рөлдер пайда болуы тиіс.

• стратегиялық жоспарлау зерттеуге, ресурстарды сәйкесінше бөлуге, кәсіпорындағы өзгерістерге кететін уақытты айтпағанда, жаңа адамдарды тартуға қосымша уақытты талап етеді.

• стратегиялық жоспарлардың тиімділігі аз болуы мүмкін. Қате жорамалдар, оптимистік болжамдар және басқа да шешімдер тиімсіз стратегиялық жоспарға алып келуі мүмкін. Мұндай стратегиялық жоспар кәсіпорынға қиын проблемалар алып келуі мүмкін.

Аталған мәселелерді шешу қызмет көрсету саласындағы туристік кәсіпорындарға менің ойымша, стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаттық функциясын орындауға мүмкіндік береді. Олар нарықтағы туристік кәсіпорынның даму беріктігі мен тұрақтылығына себепші болатын ұзақмерзімдік бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету болып табылады. Сондай- ақ, стратегиялық жоспарды жүзеге асыруда көрсетілген мәселелерді шешу келесідей әлеуетті артықшылықтарға ие болуға көмектеседі:

• ұйымдастырушылық жұмыстың сапасын жақсартуға;

• болашаққа деген қозғалыстың нақты көрінісін көруге;

• «шығын-тиімділік» экономикалық көрсеткішінің өте жоғары деңгейіне жетуге;

• жұмыс ұжымының құрылуы мен сараптық білімнің жиналуы;

• қаржыландырушы ұйымдардың талаптарын орындау;

• туристік кәсіпорынның алдында тұрған мәселелерге аңдыған емес белсенді позицияны қабылдау.

Стратегия - бұл кәсіпорынның миссиясы мен мақсатын нақтылайтын және соған жету жолында жәрдемдесетін, болашаққа бағытталған толық жалпыламы кешенді жоспар. Стратегия жоғарыдағы басшылықпен жүзеге асады, әйткенмен оның жүзеге асуы басқарудың барлық деңгейінің қатысуын қарастырады, ал стратегияны бекіту үшін ақпараттық қамтамасыз етуді өнімнің физикалық өндірушілері немесе қызметкерлері құрады. Стратегия бір рет айқындалған және мәңгілікке емес, өте иілгіш болуы тиіс. Кәсіпорынның қызметін стратегиялық жоспарлау процесін төмендегі схема түрінде көрсетуге болады (сурет 1) .

Сурет 1. Кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау процестері

Ескерту - Мәліметтер [6] негізінде автормен есептелген

Туристік кәсіпорын стратегиясын анықтау үшін әлсіз және күшті жақтары мен оларға әсер етуші параметрлерін біліп қана қоймай, жағдайды толығымен, тереңірек зерттеу керек. Мүмкін, кәсіпорынға маркетингтің әсері аз шығар, өндіріске, қызметкерлермен жұмысқа жеткіліксіз көңілдің бөлінуі, қаржылық қызметтің әлсіздігі де болуы да мүмкін және т. б.

Кәсіпорынның стратегиялық бағыттарын анықтау мақсатында қызметтің барлық аспектілерін мұқият талдау қажет, себебі кәсіпорынның қалған қызметтеріне жағымсыз әсерін тигізетін проблемалық жақтарын біліп алу керек (сурет 2) .

Сурет 2. Кәсіпорын қызметінің негізгі стратегиялық аспектілері

Ескерту - Мәліметтер[6] негізінде автормен есептелген

Тәжірибеде туристік фирмалар мен кәсіпорындар өздерінің таңдауларын бір ғана стратегиямен шектеуі сирек кездесетін құбылыс. Көбінесе, кәсіпорын стратегиясы оның басым мақсаттарына бағытталған бірнеше стратегияларды кисындастырудан көрініс табады. Стратегияны енгізу кәсіпорынның әрекетіне тиімділікті енгізумен түсіндіріледі, яғни стратегиялық жоспарды өмірге әкелу және қалаған нәтижеге қол жеткізу болып табылады. «Енгізу» түсінігінің түбінде мына сызбамен жүзеге асырылатын үрдістер жатыр[6] :

Мақсатқа жету жолындағы стратегиялық жоспар барлық деңгейдегі қызметкерлердің экономикалық, әлеуметтік және жеке қызығушылықтарын ескеруі қажет. Көптеген туристік кәсіпорындар өздерінің мақсаттары өндірісті үлкейту деп есептейді, жоспарды қалыптастыруда келешегі бар маршруттар жобасы, материалды база макеттері, кеңселер және т. б. ретінде көреді.

Мамандар заманауи кәсіпорындар қолданатын, бір-бірімен байланысты жоспардың 4 түрін қарастырады:

• өндірісті дамытудағы басты жоспар қызметтің негізгі бағытын анықтайды және 10-15 және одан көп жылдарға келешегі бар болып табылатын стратегиялық жоспар;

• 1-5 жылға арналған өндірісті дамыту жоспары - бұл осы кезеңдегі тапсырмаларды стратегиялық жоспарлау (мысалы, басқа мемлекеттегі серіктестеріне шығу, ұсынатын маршруттар ассортиментін кеңейту, кәсіпорын құрылымын жетілдіру және т. б. ) ;

• тактикалық жоспарлар (ай, тоқсан, жарты жыл) кәсіпорынның ағымдағы қызметін анықтайды (қызметтерді жеткізушімен шарт жасау, сатылымның белгілі бір деңгейге жетуі және т. б. ) ;

• мақсатты сипаттағы жоспар - жобалар мен бағдарламалар - бұл көрме шараларына қатысу, аймақтық агенттік желіге шығу, қызметті жеткізушімен арнайы келісімдер және қосымша келіссөздер арқылы туристік өнімнің өзіндік құнын түсіру және т. б.

Туристік кәсіпорынның келешек көрінісі саясатты әзірлеудің негізі болып табылады. Мұндай саясат құрамына туристік кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жалпы мақсаттар мен қатынастар нормаларын анықтауды қосуы тиіс.

Менеджер үшін кәсіптің даму болашағын көру маңызды, себебі, соған сәйкес туристік кәсіпорын саясаты қалыптасады. Ережеге сай, бұл сұрақпен жоғары басшылық айналысады. Дегенмен, бұл туристік кәсіпорын жоспары туралы тек қана басшылықтың жоғары буыны ғана білуі керек дегенді білдірмейді. Нақты қалыптасқан саясат туристік кәсіпорынның даму келешегі мен жетістігін айқындай отырып, әрбір қызметкерге оптимизм беріп, туристік кәсіпорынның барлық персоналын сезінуі керек. Туристік саясат ережесі ұзақ мерзімдік мақсат, философия, саясат (қызығушылығы бар әртүрлі топтармен қатынас принципі), кәсіпорын ішіндегі (корпоративтік) мәдениет және сәйкес заңнамалық құқықтарды қосатын туристік бейнеге ие болады.

Шын мәнінде, жоспарлау процесінде кәсіпорын мақсаты қандай болуы керек және оған жету жолында қызметкерлер не істеуі керек туралы шешім қабылданады. Бұл үлгіде әмбебап сипатқа ие жоспарлау кезеңінің сатылары маңызды рөл атқарады (сурет 3) :

Сурет 3. Жоспарлау кезеңдері

Ескерту - Мәліметтер [7] негізінде автормен есептелген

4-суретте туристік кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайындағы жоспардың тұжырымдамалық жүйесі және заманауи туроператорлардың өз қызметтерін жоспарлау жүйесі көрсетілген.

Жалпы стратегиялық жоспар

Тактикалық жоспар

Туристік кәсіпорынның басты

жоспары

Туристтерге қызмет көрсетудің стратегиялық

жоспары

Маркетинг бойынша жоспар

Қаржылық жоспар

Әртараптандыру жоспары

Өндірістік жоспар

Агенттік желіні дамыту жоспары

Қызметті жеткізушімен шарт жасау жоспары

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары

Сату желісімен жұмыс жасау жоспары

Таратушы жоспар

Бизнес-жоспар

Нақты бағдарламалар мен жобалар :

  • чартерлік бағдарлама;
  • халықаралық және ұлттық ұйымдарға кіру және т. б.
  • көрмелерге қатысу;
  • жаңа туристік бағдарламалар;
  • PR бағдарламасы.

Сурет 4. Заманауи туроператордың жоспарлар жүйесі

Ескерту - Мәліметтер [6] негізінде автормен есептелген

Жоспарлау кезеңдері сәйкес деңгейде жүзеге асады. Стратегиялық жоспарлау (жоғары деңгей) - бұл ұзақмерзімдік келешекте кәсіпорынның негізгі құраушыларын анықтайтын әрекет; оның айналасында қандай үрдістер бақыланатынын; бәсекелестердің іс-әрекеті қандай болатынын анықтау.

Бұл кезеңдегі жоспарлаудың негізгі мақсаты - кәсіпорынның өзінің нарық сегментіндегі іс-әрекетін анықтау болып табылады.

Туристік кәсіпорын қызметін жоспарлауда сандық, сапалық көрсеткіштері арқылы дамуын, басқаруын, қалыптасуын, болашақ мақсатын анықтайтын басқа салаларға ұқсамайтын құралдар мен әдістердің жүйелік процесі анықталған.

  1. Туристік кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлаудың әдіс-тәсілдері мен ерекшеліктері

Біздің сараптауымызша, жоспарлау көрсеткіштері мен әдістері тағы да бір маңызды сұрақ болып табылады. Туристік кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау бірнеше әртүрлі әдістердің көмегімен жүргізіледі. Олардың ішіндегі ең негізгілерін қарастырайық (сурет 5) .

Сурет 5. Туристік кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау әдістері

Ескерту - Мәліметтер [8] негізінде автормен есептелген

Стратегиялық жоспарлау әдістерін талдап болып, енді көрсеткіштерге көшейік. Заманауи есеп пен статистика көрсеткіштері түсінігінде әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен қоғамдағы үрдістердің сандық-сапалық сипаттамасы жатыр. Сапалық жағы - құбылыстар мен үрдістердің уақыт пен орынның нақты шарттарын, ал сандық жағы - оның өлшемін, абсолютті және қатысты көлемін суреттейді.

Стратегиялық жоспарлауда қолданылатын көрсеткіштер жүйесі арнайы талаптарға жауап беруі тиіс. Олардың ішіндегі ең маңыздылары:

• жоспарлаудың дәл қазіргі сәттегі деңгейіне сай көрсеткіштердің міндеттілігі мен бірлігі. Бұл тапсырма бекітілген тізімдер мен көрсеткіштерді есептеуде қолданылатын әзірлеу жолдарымен шешіледі.

• стратегиялық жоспарлауда қолданылатын көрсеткіштер нақты өлшемге ие болуы тиіс, яғни айқындалған, өлшенген.

• көрсеткіштер жүйесі тұтасымен алғанда жоспарлау объектілерінің барлық аспектілерінің жұмыс істеуінің кешенді сипаттасын қамтамасыз етуі тиіс.

• көрсеткіштер жүйесі иілгіш, бейімделгіш, жоспарлау объектісінің жағдайында барлық өзгерістерді көрсете алатындай болуы тиіс.

• стратегиялық бағдарламалар мен жоспарлардың көрсеткіштері жоспар тапсырмаларын орындаушыларға нақты нұсқауланған болуы тиіс, яғни мекен-жайлық [9] .

Заманауи туристік кәсіпорындарында стратегиялық жоспарлаудың қажеттілігі бәсекелес кәсіпорындарының санының артуы, кәсіпорынды басқару формаларының көптүрлілігі, құрылымдық бөлімшелердің көптігі, жеткізушілермен, фирма-агенттіктермен кәсіпорынаралық тығыз байланыс, ҒТП талаптарына сай жаңа техникалық әдістерді меңгеру және нәтижесін шығару сынды себептерге байланысты туындады.

Туристік кәсіпорындарға заманауи талаптарға сай орталықтан басқару құралы ретінде стратегиялық жоспарлаудың дамуына көп көңіл бөлу керек. Мұндай даму туристік кәсіпорындарды орталықтан басқару үрдісінің күшеюімен тікелей байланысты және барлық бөлімшелердің қызметтерін бір ғана стратегияға бағындырып ұштастыру көзделген.

Туристік кәсіпорындардағы стратегиялық жоспарлау құрылымы қызметтің негізгі бағыттарын анықтау, нарық сұранысы мен материалдық ресурстар есебінен келешектегі дамудан құралады. Л. В. Абчука пікірінше, стратегиялық жоспарлаудың мәні - кәсіпорынның барлық және әрбір бөлімшелерінің жекелей арнайы уақыт кезеңіне сай мақсаттың нақтылануынан, маркетинтік тапсырмаларды айқындаудан, оларға жету жолдары және жүзеге асу мерзімі мен үздіксіздігінен, қойылған тапсырмаларды шешу жолында қажетті ресурстарынан көрініс табады [10] .

Туристік кәсіпорын қызметтеріннің өмірлік циклі стратегиялық жоспарлауда мақсаттар мен тапсырмаларды анықтаудан, мамандануы, өлшемі, ресурсстары, көлемі, туристік қызмет пен туристік өнімді тұтынушылар нарығын және т. б. анықтаудан басталады. Миссияның орталықтанған сәті мынадай сұрақтарға жауап беруден басталады: «Туристік кәсіпорынның негізгі мақсаты қандай?». Дәл қазіргі таңдағы ғана емес болашақтағы да туристік өнімді тұтынушылардың қызығушылығы, күтілетін нәтижелері мен құндылықтары бірінші орында тұруы тиіс.

Туристік қызметтің сапасына негізделген туристік кәсіпорындардың миссиясына тоқталайық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетингтік стратегияны анықтау
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауы
Маркетингті жоспарлаудың теориялық негіздері мен «Қант»ААҚ-ның жұмысын тиімді жоспарлаудың маңызы
Транспорт Логистика Таможня кәсіпорнының бөлімдерінің байланысы
Диссертация тақырыбы
Кәсіпорын экономикалық стратегиясы мен бағдарламасын әзірлеу
Туризм индустрия құрылымы
Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастыру
ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
Маркетингті жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz