Мыс және мысты – молибденді кендерді байыту технологиясы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1. Мыс. Оның қосылыстары және оларды пайдалану ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Мысты . молибденді кендер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
3. Мысты және мысты молибденді кен орындары ... ... ... ... ... ... ... ... 7
4. Кен және концентраттар сапасына қойылатын талаптар ... ... ... ... ..9
5. Технологиялық сұлбалар, байыту көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
6. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
7. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм, яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.
Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.
Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады.
1919—1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған.
Күкірт табиғатта сульфаттар және сульфидтер күйінде, таза күйінде кездеседі. Сонымен қатар мұнай, көмір, табиғи газ, отын және кейбір минералды суларда шоғырланған. Жаһандық өнеркәсіпте күкірт екі сектордан тұрады: дискрециондық(табиғи күкіртпен колчедандарды алу) және дискрециондық емес (қосарлы өндірілетін күкіртті және күкірт қышқылының регенерациясы). Күкірттің жалпы өндірісінің дискрециондық секторының бөлігі 10% -дан аз құрайды. Күкірттің мұндай көздері Польша,Қытай және Оңтүстік Америкада орналасқан. Күкірт көзі ретінде колчедан, негізінен, көптеген елдерде, оның маңыздылығын жоғалтып ірі тауар өндірушілер арасында Қытай күкірт қышқылы өнеркәсібінде колчедан мен күкіртті негізгі шикізат ретінде қолданатын жалғыз ел болып табылады. Әлемде шамамен 80 % колчедандардың үлесі Қытайға тиесілі.
Қазіргі уақытта әлемде күкірт түрлерін өндіретін 80 ел бар. Олардың ішінде 23 ел ірі өндірушілер болып табылады(шамамен 500 мың тонна / жыл). Бұл 23 елдер әлемнің күкірт өндірісінің 90%-дан астамын құрайды.
Күкірт өндірушілердің қатарында АҚШ, Канада, Ресей, Қазақстан, Қытай, Жапония, Германия және Сауд Арабиясы әлемдік көлемнің 65%-ын құрайды.
Әр ел күкіртті өз қажеттілігіне орай өндіреді, мысалы: Мексика мен АҚШ, негізінен Фраш әдісін қолданады. Италия, капиталистік мемлекеттер арасында күкіртті өндіруден үшінші орынға ие, олар сицилиялық және Марко провинциясындағы күкірт кендерін (түрлі жолдармен) өндіреді. Жапонияда жанартаулардан шыққан күкірттің айтарлықтай қоры бар. Франция және Канада, ешқандай күкірт шығатын жерлері болмаса да, оны газдан алатын өндірісті әзірледі. Ұлыбритания мен Германияда күкірт өздігнен өндіретін орындары жоқ. Олар күкіртті қоспаларды қайта өңдеу арқылы(әсіресе пирит) өздерінің күкірт қышқылының қажеттіліктерін қанағаттандырады, ал кәдімгі күкіртті импорттайды. Ресей өзіндік өндіретін зауыттардың көмегімен бүкіл қажеттілігін қамтамасыздандырады. Өте ірі Карпаттық кен орындары ашылғаннан кейін Ресей мен Польша бай күкірт кен орындарын игеру өндірісі айтарлықтай өсті. Бұл өндіріс саласы дамуын жалғастыруда. Украинада жаңа ірі кәсіпорындары салынған, Еділде және Түрікменстанда ескі зауыттар жөнделді, табиғи күкірт газдарының өндірістері кеңейтілді.
1. Абрамов А.А Флотациялық байыту әдістері. М. :Недра, 1984.
2. Глембоцкш В.А., Классен В.И. Флотация. М. :Недра, 1973.
3. Руденко К.Г., Шемаханов М.М. Сусыздандыру және шаңсыздандыру.
М. :Недра, 1981.
4. Шилаев В.П. Пайдалы қазбаларды байыту негіздері. М .: Недра, 1986.
5. Хан Г.А. Байыту технологиясының процестерін сынамалау және бақылау. М. : Недра, 1979.
6. Кошербаев К.Т. Флотациялық байыту әдістері. Алматы, Қаз.ТУ,2000.
7. Көшербаев Қ.Т. Кен байыту негіздері. Алматы, ЖШС РПБК «Дэуір»,2011.
8. Зверевич В.А. Основы обогащения полезных ископаемых. М .: Недра, 1991.
9. Интернет желісі:
- http://computerchoppers.ru/gornoe-delo/Характеристики качества полезных ископаемых
- http://eligiblelatinos.com/sera/geo65.htmТехнология переработки серных руд.общая классификация методов получения серы;Природная сера.основные физико-химические свойства серы

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мыс және мысты - молибденді кендерді байыту технологиясы.
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1. Мыс. Оның қосылыстары және оларды пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ...4
2. Мысты - молибденді кендер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .5
3. Мысты және мысты молибденді кен орындары ... ... ... ... ... ... ... ... 7
4. Кен және концентраттар сапасына қойылатын талаптар ... ... ... ... ..9
5. Технологиялық сұлбалар, байыту көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... .12
6. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
7. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Кіріспе
Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм, яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.
Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.
Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады.
1919 -- 1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған.
Күкірт табиғатта сульфаттар және сульфидтер күйінде, таза күйінде кездеседі. Сонымен қатар мұнай, көмір, табиғи газ, отын және кейбір минералды суларда шоғырланған. Жаһандық өнеркәсіпте күкірт екі сектордан тұрады: дискрециондық(табиғи күкіртпен колчедандарды алу) және дискрециондық емес (қосарлы өндірілетін күкіртті және күкірт қышқылының регенерациясы). Күкірттің жалпы өндірісінің дискрециондық секторының бөлігі 10% -дан аз құрайды. Күкірттің мұндай көздері Польша,Қытай және Оңтүстік Америкада орналасқан. Күкірт көзі ретінде колчедан, негізінен, көптеген елдерде, оның маңыздылығын жоғалтып ірі тауар өндірушілер арасында Қытай күкірт қышқылы өнеркәсібінде колчедан мен күкіртті негізгі шикізат ретінде қолданатын жалғыз ел болып табылады. Әлемде шамамен 80 % колчедандардың үлесі Қытайға тиесілі.
Қазіргі уақытта әлемде күкірт түрлерін өндіретін 80 ел бар. Олардың ішінде 23 ел ірі өндірушілер болып табылады(шамамен 500 мың тонна жыл). Бұл 23 елдер әлемнің күкірт өндірісінің 90%-дан астамын құрайды.
Күкірт өндірушілердің қатарында АҚШ, Канада, Ресей, Қазақстан, Қытай, Жапония, Германия және Сауд Арабиясы әлемдік көлемнің 65%-ын құрайды.
Әр ел күкіртті өз қажеттілігіне орай өндіреді, мысалы: Мексика мен АҚШ, негізінен Фраш әдісін қолданады. Италия, капиталистік мемлекеттер арасында күкіртті өндіруден үшінші орынға ие, олар сицилиялық және Марко провинциясындағы күкірт кендерін (түрлі жолдармен) өндіреді. Жапонияда жанартаулардан шыққан күкірттің айтарлықтай қоры бар. Франция және Канада, ешқандай күкірт шығатын жерлері болмаса да, оны газдан алатын өндірісті әзірледі. Ұлыбритания мен Германияда күкірт өздігнен өндіретін орындары жоқ. Олар күкіртті қоспаларды қайта өңдеу арқылы(әсіресе пирит) өздерінің күкірт қышқылының қажеттіліктерін қанағаттандырады, ал кәдімгі күкіртті импорттайды. Ресей өзіндік өндіретін зауыттардың көмегімен бүкіл қажеттілігін қамтамасыздандырады. Өте ірі Карпаттық кен орындары ашылғаннан кейін Ресей мен Польша бай күкірт кен орындарын игеру өндірісі айтарлықтай өсті. Бұл өндіріс саласы дамуын жалғастыруда. Украинада жаңа ірі кәсіпорындары салынған, Еділде және Түрікменстанда ескі зауыттар жөнделді, табиғи күкірт газдарының өндірістері кеңейтілді.
Күкіртті көп өндіру күкірт қышқылы фосфорқұрамды тыңайтқыштардың өндірісі сұранысының көптігі арқасында артып жатыр. Ең негізгі күкіртті пайдаланушылар: АҚШ, Марокко, Тунис, Индия, Қытай және де Бразилия.
Күкірт өндірісінің әлемдік қоры 2000ж. бойынша - 57200000 тонна, ал бағасы - 23,4-98 $тонна.
1. Күкірт. Оның қосылыстары және оларды пайдалану
Таза күйінде күкірт кристалдық және аморфтық болып бөлінеді. Кристалдық күкірттен көбінесе ромбалық күкірт кездеседі, 95,5 °С-тан төмен температураға төзімді, және де моноклинді күкірт 95,5 - 119 °С-қа төзімді, ал аморфты күкірт - метастабильді; қалыпты температурада ол ромбалық модификацияға ауысады. Күкірт амфотерлі болғандықтан, ол тотыға да тотықсыздана да алады.
Табиғи күкірттің құрамында изоморфты қоспалары Se, Те, As, сонымен қатар глиналық минералдармен гипстың қоспалары, органикалық заттар (майлар, битумдар), ылғалды және минаралды қышқылдары болады. Қоспалар шамамен 0,5 % болады.

2-сурет.Таза күкірт
Таза күкірт сары түстес, ал қоспалар, әсіресі битумдар, оған қоңырқай, сұр немес қара түс береді. Қалыпты температурада күкірттің тығыздығы, 2.1 гсм3: ромбалық-2,07, моноклинді-1,96, аморфты-1,92. Бұл түрленулердің балқу температуралы сәйкесінше: 110-112,6оС; 114,5-119оС; және 114,5оС. Жылу- және электрөткізгіштіктері өте төмен; күкірт су мен қышқылдарда аса ерімейді, бірақ күкіртті көміртектерде, мұнай, бензин және тағы да басқа органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Күкірт диамагнитті.
Маңызды қосылыстары күкірт ангидриді(SО2), күкіртсутек(Н2S) және күкірт қышқылы(H2SO4).
Күкірт пен күкірт ангидридін алу көздері ретінде өздіндік күкірт,мұнай және табиғи жанғыш газдар, түрлі металдардың сульфидті кендері, сульфатты кендер(гипс және ангидрид), битумды құмдар және көмір қазбалары жатады.
Мұнай мен газдан алынатын күкірт жоғары тазалығы және төмен құнымен сипатталады.
Сульфидты кендерді қайта өңдеу кезінде күкірт қышқылын, сұйытылған күкірт ангидриді мен кәдімгі күкіртті алады.
Күкіртті ангидридтың басым бөлігі металургиялық зауыттардың өндірістік газдарынан сульфидты мыс,сынап, мырыш және 0,3-1,5% SO2 құрайтын басқа металдарды балқыту кезінде пайда болады. Бұл әдістер ауаның ластануына және сульфидті кендерді пайдалану күрделілігін арттырады.
Көмір қазбаларында күкірт сульфидтер (пирит және марказит) күйінде және аз мөлшерде кәдімгі күйде, көмірмен химиялық байланыста және де сульфаттарда кездеседі. Көмір құрамында күкірт шамамен 0,5-9,4% аралығында кездеседі.
Күкіртті шикізаттардың негізгі бөлігі (шамамен 70 - 90%) күкірт қышқылын алуға пайдаланылады. Соның ішінде көп бөлігі фосфорлы және азотты тыңайтқыштарды дайындауда, және де кішкене бөлігі калийлі тыңайтқыштарды дайындауда пайдаланады.
Келесі кезекте маңыздылығы жағынан түрлі қосылыстардың өндірісі, қышқылдар мен мұнай тәріздес заттарды тазалау жатады.Сонымен қатар, күкірт қышқылын инсектицидтер, сірінке, жарылғыш заттар, бояғыштар, пигменттер, синтетикалық талшықтар, сабын және жуғыш заттар, глюкоза, пластмасса, суды тұщщыландыру және фармацевтикалық өнеркәсіпте қолданады.
Аз көлемде күкірт қышқылын шыны өнеркәсібінде, қышқылдарға шыдамды цементтерді өндіруде, замазкалар, жасанды былғары, асфальт жасауда қолданады.

2. Күкірт қышқылы, алынуы, қолданысы
Концентрациялы күкірт қышқылы -- түссіз, ұшпайтын, май тәріздес, суда жақсы еритін, сұйық зат. Тығыздығы 1,84 гсм3, массалық үлесі 98%. Ол 280°С-та қайнайды, ал 10,4°С-та кристалданады. Күкірт қышқылы суда ерігенде көп жылу бөле отырып, онымен химиялық реакцияға түсіп, қүрамы әр түрлі гидраттар түзеді. Олар: H2SO4*2O, H2SO4*2H2O, H2SO4*4H2O.
Сондықтан да қышқылды суда еріткенде мынадай қауіпсіздік ережесін мұқият сақтау қажет: ауыр сұйықтықты (қышқыл) жеңіл сұйықтыққа (суға) шыны таяқшамен араластыра отырып, жайлап құю қажет. Сонда ауырлау күкірт қышқылы судың астыңғы қабатына дейін жетіп, бөлінген жылу біркелкі тарайды, ал керісінше суды қышқылға құйса, су қышқылдан жеңіл болғандықтан бөлінген мол жылу суды қайнау температурасына дейін жеткізіп, қышқыл жан-жаққа шашырауы мүмкін. Күкірт қышқылы күшті су тартқыш зат. Егер концентрациялы қышкыл толтырылған стаканды біраз уакыт ашық калдырса, ауадағы су буын бойына тартып сіңіреді де, қышқыл ыдыстан асып төгіледі. Осы қасиетіне бола күкірт қышқылын түрлі газдарды ылғалдан құрғату үшін пайдаланады.
Концентрациялы күкірт қышкылы адам терісіне, матаға, ағашқа тисе, оны карайтып күйдіреді. Сол себепті, күкірт қышқылымен жұмыс істегенде өте сақ болу керек. Теріге немесе матаға тиген күкірт қышқылын тездетіп сумен жуып, содан соң ас содасы ерітіндісімен шаю қажет.
Күкірт қышқылы өндірісте және көптеген өнеркәсіптерде маңызды шикізат көзі ретінде қолданылады. Сол себепті күкірт қышқылының синтезі адамзат үшін үлкен рөл атқарады.
Технология дамығаннан бастап күкірт қышқылының өнеркәсібінің жаңа технологиялық алу жолдары пайда болды.
Күкірт құрамды шикізаттан күкірт қышқылын өндіру бірнеше химиялық процестен тұрады, нәтижесінде күкірттің және аралық өнімдердің тотығу дәрежесі өзгереді.
Өнеркәсіпте химиялық процеске шикізатты дайындау процесі, пеш газдарын тазарту және басқа механикалық және физика-химиялық операциялар жатады.
Шикізат шикізатты дайындау шикізатты өртеу (күйдіру) пеш газдарын тазарту жанастыру абсорбция газды жанастыру күкірт қышқылы
Күкірт қышқылы -- химиялық технологияда қолданылатын негізгі өнім. Басқа қышқылдармен салыстырғанда, химия өнеркәсібінде кең көлемде қолданылуына сәйкес құкірт қышқылы бірінші орында тұр. Ол басқа бейорганикалық қьшқылдарды HCL, HN03, Н3Р04 және минералдық тыңайтқыштарды алуда кеңінен пайдаланылады. Металлургияда түсті металдар алу үтттін мұнай еңдеуде түрлі енімдерді тазартуға, қопарылғыш заттар, жасанды талшықтар, бояулар, дәрі-дәрмектер парфюмерия өндіруде, тері илеуде және пластмасса синтездеуде алатын орны ерекше

3. Күкіртті кен орындары
Күкіртті кендер алуан түрлі, бірақ өндірістік технологияда таза(табиғи,саф) күкірт күйінде қолданылады. Күкіртті кеннің шығатын негізгі екі гинетикалық орындары бар: жанартау-гидротермалды(вулканогенно -гидротермальные) және экзогенді.
Жанартау-гидротермалды(вулканогенно -гидротермальные) кен орындарыны жер асты жанартауларына байланысты. Таза күкірт тотығу-тотықсыздану жағдайында сульфаттар күйінде, мысалы, алунит немесе сульфидтер болып бөлініп шығады. Кеннің шоғырлары жанартаудың эманацияланған жерлерінде, яғни жарылымдарға жақын жерерде орналасады. Тереңдікте орналасуына байланысты бұл күкіртті кендердің шоғырлары беттік алдыңғы(350м тереңдікте) және беттік болып бөлінеді. Мұндай күкіртті кендердің шығатын жерлері Камчатка, Жапония, Курильдік арал, Чили, Перу және Филиппин.
Экзогенды кеннің шығу орындары әлемдік қордың 90 пайызын құрайды және таза күкіртті өндірудің 95 пайызын құрайды. Олар сәйкесінше синтетикалық(биохимиялық тұнбалық) және эпигенетикалық(энфильтрационды-биох имиялық) болып бөлінеді. Мұндай күкіртті кендердің шығатын жерлері Орта Азия, Мексика жағалауларында, Ресейде, Өзбекстанда, Карпат тауларында, Сицилияда, Испанияда және Францияның оңтүстігінде.
Кәдімгі күкіртті кендерді байыту кезінде және концентраттарды еріту немесе таза күкіртті кендерді Фраш әдісімен және де мұнай өнімдерін тазалау кезінде, табиғи газды қайта өңдегенде және коксохимиялық өндірісте алады.
Фраш әдісі. Таза күкіртті пластқа қыздырылған суды айдап, балқыған күкіртті сығылған ауамен бірге бетіне шығарады. Бұл әдіспен күкіртті Польшада, АҚШ, Мексика, ТМД елдерінде өндіреді. Сонымен қатар күкіртті жай әдіспен де алады, бірақ ол жеткілікті деңгейге тек Қытай, ТМД (Украина, Ресей, Түркіменстан) және Польшп елдерінде жетеді.

3-сурет. Күкіртті алу әдісі. Фраш әдісі

4. Кен және концентраттар сапасына қойылатын талаптар
Кендердің байытылу мүмкіншілігін және экономикалық тиімділігін анықтайтын негізгі қасиеттеріне ондағы бағалы заттардың проценттік үлесі, минералдық құрамы және сеппелік дәрежесі жатады. Бұл қасиеттердің әр қайсысының байыту процестеріне тигізетін әсерлерінің маңызды ерекшеліктері бар. Кенде бағалы заттың проценттік үлесі артқан сайын оны бөліп алу дәрежесі өседі. Оның байтылу мүмкіншілігі заттың проценттік үлесінің белгілі бір шамадан төмен болмауымен анықталады. Оның төменгі шегі байыту процестерінің даму деңгейімен байланысты.
Бағалы заттың кендегі үлесі жоғары болғанмен минералды құрамыиа қарай байытылуы тиімсіз болу мүмкін. Бағалы заттың кендегі сеппелік дәрежесінің де маңызы зор. Кен неғүрлым ірі сеппелі болса, соғүрлым технологиялық көрсеткіштер де жоғары болады. Соған байланысты кеңдер сатылы байытылады, демек қолданылатьш процестер және операциялар саны кебейеді.Ал кен эмульсионды сеппелі болса онда бағалы минералдарды жеке концентраттарға бөлу өте қыйындайды. Мүндай кендерден тек коллективті концентраттар ғана бөлініп, олардан минералдар тек металлургиялық өңдеу жолдарымен ғана белінеді.
Бұл келтірілген жайлардан байытылумен алынатын концентраттардың сапасы кен сапасына тәуелді екенін көреміз. Ал концентраттардың сапасы оларды металлургиялық не басқа жолдармен өндеу процесстерінің тиімділігіне көп әсер етеді. Осыған байланысты концентраттар сапасына белгілі бір талаптар қойылады. Ол талаптар кендердің қасиеттеріне қарай орныққан байытылу тәжірибесіне сай мүмкіншіліктерді есепке алу нәтижесінде қойылады. Осылай қойылатын талаптардың қабылдануын стандартизациялау деп атайды, ал құжат есебінде бекітілген түрін стандарт деп атайды, демек стандарт техникалық норматив.
Кендердің сапаларының өзгеріп отыруына байланысты әр бағалы зат концентраттарына әртүрлі талаптар қойылады, демек концентрат бірнеше сорттарға белінеді.
Біздің елде стандарттың бірнеше түрі бар: мемлекеттік стандарт - ГОСТ; республикалық стандарт-РСТ; сапалық стандарт- ГОСТ; өнеркәсіп орындарының стандарты - СТП және техникалық шарттар - ТУ.
Стандарттың міндетті түрде қолданылуы олардың қай деңгейде қабылдануына байланысты. Мысалы, ГОСТ талаптары бүкіл еліміздің шаруашылығында орындалуы қажет, ал ТУ бір кәсіпорынның талабыны сай қабылданады да, тек сол кәсіпорынында ғана қолданылады және т.б.
Бекітілген стандарттар заң ретінде саналады. Бірақ техникалық прогрестің дамуына байланысты олар мезгіл-мезгіл өзгертіліп отырады. Ол тек мемлекеттік аттестациялау комиссиялардың(ГАК- государственная комиссия) шешімі нәтижесінде жүргізіледі.
Стандарттардың езгеруі өндірілетін өнімдердің сапаларын арттыру және өнім сапасына қарай олардың құндары өзгеруі бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, 1 тонна мыстың бағасы оның концентраттағы проценттік үлесіне қарай өзгереді. Демек, жоғары сапалы концентрат шығару өндіріс орнына тиімді. Екіншіден, кеннен неғүрлым жоғары сапалы түрде бөлінсе, бағалы зат бөлу дәрежесі кеми береді. Сондықтан концентраттың сапасын басқа керсеткіштер есебінде емес, технологиялық процестерді жетілдіру, басқада шараларды комплексті жүргізу нәтижесінде көтеру қажет.
Күкіртті шикізаттардың алуан түрлілігімен байыту процестерінің тығыз байланыста болғандықтан, концентраттар мен кендерге ГОСТ және ТУ бойынша қойылатын талаптар жоқ. Тек күкірттің соңғы өнімі үшін ГОСТ белгіленген (кесте 1.1).
Кесте 1.1
Техникалық күкірттерге қойылатын талаптар ГОСТ 127.1-93
Көрсеткіштің атауы
Нормасы

сорт
9998
сорт
9995
сорт
9990
сорт
9950
Сорт
9920
1.Күкірттің массалық үлесі, %-дан кем емес
99,98
99,95
99,90
99,50
99,20
2.Күйенің массалық үлесі, %-дан көп емес
0,02
0,03
0,05
0,2
0,4
3.Органикалық заттардың массалық үлесі, %-дан көп емес
0,01
0,03
0,06
0,25
0,5
4.Күкірт қышқылына қатысты қышқылдардың массалық үлесі, %-дан көп емес
0,0015
0,003
0,004
0,01
0,02
5.Сынаптың массалық үлесі,%-дан көп емес
0,0000
0,0000
0,000
0,000
0,03
6.Селеннің массалық үлесі, %-дан көп емес
0,000
0,000
0,000
0,000
0,04
7.Судың массалық үлесі, %-дан
көп емес
0,0
0,2
0,2
0,2
1,0
8.Механикалық ластану(қағаз, ағаш, құм және т.б.)
Кездеспейді
Ескертулер: 1. 1-6 дейінгі заттар құрағақ күкнде берілгені бойынша нормалар;
2. 9998cортты сұйық күкірт қышқылында күйенің массалық үлесі 0,008%-дан көп болмауы тиіс, ал 9995сортты және 9990 сортты үшін 0,01%;
3. Күкірттегі селенның массалық үлесі целлюлозалы-қағазды өндіріс үшін 0,000%-дан төмен болу керек;

Кесте 1.2
Ұсақталған күкіртті кендердің резеңке заттар мен каучуктер үшін қойылатын талаптар ГОСТ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түсті металлургия шикізатын кешенді пайдалану
Мыс және мысты – молибденді кендерді байыту технологиясы. Заттық құрамы, негізгі түрлері. Кенің және концентраттың сапасына қойылатын талаптар. Технологиялық сызбалар және байыту көрсеткіштері
Пайдалы қазба қорының дәрежелері
Молибден кендері
Көктасжал кен орны кендерінің орташа құрамы
Балқаш мыс байыту фабрикасының тарихы
Мыс кендерін байыту технологиясы
Вольфрам кендерін және үгітінділерін байыту технологиясы
СУЛЬФИДТІ МЫС МИНЕРАЛДАРЫН ӘРТҮРЛІ ТОТЫҚТЫҒЫШТАРДЫ ҚОЛДАНА ЕРІТУ
Балқаш мыс комбинаты
Пәндер