Мыс және мысты – молибденді кендерді байыту технологиясы. Заттық құрамы, негізгі түрлері. Кенің және концентраттың сапасына қойылатын талаптар. Технологиялық сызбалар және байыту көрсеткіштері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. Мыс. Оның қосылыстары және оларды пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Мысты . молибденді кендер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3. Мысты және мысты молибденді кен орындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Мысты өндіру процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5. Кен және концентраттар сапасына қойылатын талаптар ... ... ... ... ...
6. Технологиялық сызбалар, байыту көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ...
7. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
8. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм, яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.
Кендердің байытылу мүмкіншілігін жңне экономикалық тиімділігін анықтайтын негізгі қасиеттеріне ондағы бағалы заттардың проценттік үлесі минералдық құрамы және сеппелік дәрежесәі жатады. Бұл қасиеттердің әрқайсысының байыту процестеріне тигізетін әсерлерінің маңызды ерекшеліктері бар. Кенде бағалы заттың проценттік үлесі артқан сайын оны бөліп алу дәрежесі өседі, 30 жылдары құрамында 0,3 пайыз мыс бар кендерді байытып, мыс концентратын бөліп алу тиімсіз болса, қазіргі кезде технологияның жетілуіне байланысты мыс үлесі 0,2 пайызға тең кен байытылады. Бағалы зат үлесінің тиімді төменгі шегі әр зат үшін әр түрлі. Мысалы молибденнің проценттік үлесі 0,01 пайыздан жоғары болса кен тиімді байытылады. Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады. Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының (Жезқазған, Балқаш, Ертіс мыс, Шымкент, Риддер, Өскемен қорғасын мен мырыш, Павлодар алюминий қорыту зауыттары) шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі.
Отандық минералдық шикізаттың қорлары өте көп болғанымен, құрамы күрделі және нақты бір металл бойынша бай болмауы себебінен, аумақтың күрделі және тасымалдау қашықтығының көп болуы салдарынан оларды өңдеу бәсекеге сай келмей қалады. Қазіргі кездегі елімізде қолданылатын технологиялардың басым көпшілігі де осы себепке байланысты экологиялық, экономикалық және минералды шикізатты кешенді өңдеу талаптарына сай келмей отыр. Осының себебінен елімізде қалдықтар, шаң, шлактар, олардың түрлері өте көп болып отыр және олардың алатын орындары дала болсын, өндіріс маңайында болсын өте ауқымды.
1. Абрамов А.А Флотациялық байыту әдістері. М. :Недра, 1984.
2. Глембоцкш В.А., Классен В.И. Флотация. М. :Недра, 1973.
3. Руденко К.Г., Шемаханов М.М. Сусыздандыру және шаңсыздандыру.
М. :Недра, 1981.
4. Шилаев В.П. Пайдалы қазбаларды байыту негіздері. М .: Недра, 1986.
5. Хан Г.А. Байыту технологиясының процестерін сынамалау және бақылау. М. : Недра, 1979.
6. Кошербаев К.Т. Флотациялық байыту әдістері. Алматы, Қаз.ТУ,2000.
7. Көшербаев Қ.Т. Кен байыту негіздері. Алматы, ЖШС РПБК «Дэуір»,2011.
8. Зверевич В.А. Основы обогащения полезных ископаемых. М .: Недра, 1991.
9. Интернет желісі:
- http://computerchoppers.ru/gornoe-delo/Характеристики качества полезных ископаемых
- http://eligiblelatinos.com/sera/geo65.htmТехнология переработки серных руд.общая классификация методов получения серы;Природная сера.основные физико-химические свойства серы

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мыс және мысты - молибденді кендерді байыту технологиясы. Заттық құрамы , негізгі түрлері. Кенің және концентраттың сапасына қойылатын талаптар. Технологиялық сызбалар және байыту көрсеткіштері.

Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Мыс. Оның қосылыстары және оларды пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2. Мысты - молибденді кендер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3. Мысты және мысты молибденді кен орындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4. Мысты өндіру процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Кен және концентраттар сапасына қойылатын талаптар ... ... ... ... ...
6. Технологиялық сызбалар, байыту көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ..
7. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм, яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.
Кендердің байытылу мүмкіншілігін жңне экономикалық тиімділігін анықтайтын негізгі қасиеттеріне ондағы бағалы заттардың проценттік үлесі минералдық құрамы және сеппелік дәрежесәі жатады. Бұл қасиеттердің әрқайсысының байыту процестеріне тигізетін әсерлерінің маңызды ерекшеліктері бар. Кенде бағалы заттың проценттік үлесі артқан сайын оны бөліп алу дәрежесі өседі, 30 жылдары құрамында 0,3 пайыз мыс бар кендерді байытып, мыс концентратын бөліп алу тиімсіз болса, қазіргі кезде технологияның жетілуіне байланысты мыс үлесі 0,2 пайызға тең кен байытылады. Бағалы зат үлесінің тиімді төменгі шегі әр зат үшін әр түрлі. Мысалы молибденнің проценттік үлесі 0,01 пайыздан жоғары болса кен тиімді байытылады. Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады. Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының (Жезқазған, Балқаш, Ертіс мыс, Шымкент, Риддер, Өскемен қорғасын мен мырыш, Павлодар алюминий қорыту зауыттары) шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі.
Отандық минералдық шикізаттың қорлары өте көп болғанымен, құрамы күрделі және нақты бір металл бойынша бай болмауы себебінен, аумақтың күрделі және тасымалдау қашықтығының көп болуы салдарынан оларды өңдеу бәсекеге сай келмей қалады. Қазіргі кездегі елімізде қолданылатын технологиялардың басым көпшілігі де осы себепке байланысты экологиялық, экономикалық және минералды шикізатты кешенді өңдеу талаптарына сай келмей отыр. Осының себебінен елімізде қалдықтар, шаң, шлактар, олардың түрлері өте көп болып отыр және олардың алатын орындары дала болсын, өндіріс маңайында болсын өте ауқымды.
Түсті металдарға мыс, қорғасын, мырыш, молибден, вольфрам, висмут, қалайы, және тағы кейбір металдар жатады. Олар кен құрамында күкіртті, тотықты, карбонатты түрінде кездеседі. Республика аумағында мыс кентасының порфирлі, мысты құмтас, колчеданды, скарндық мысты-цеолитті, мысты-никельді, т.б. кен орындарының көптеген түрлері белгілі. Мыс кентасының ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Жаман Айбат, Бозшакөл, Көксай, Қасқырмыс, Нұрқазған (Самара), т.б. жатады. Жекелеген кен орындарының (Жезқазған мыс кені, Жаман Айбат мыс кені) мыс қоры 10 млн. тоннадан асады. Қазақстан сирек металдарға бай өлке. Молибден қоры жөнінен республика әлемде төртінші, Азия елдері арасында бірінші орын алады. Молибден кентастарының қоры 34 кен орны бойынша есепке алынған, олардың 26 - сы баланстық. Ірілері: Көктіңкөлі, Оңтүстік, Шалқия, Жәнет, Батыстау, Жоғарғы Қайрақты, Қараоба, Ақшатау. Молибден кен орындары негізінен штокверктік (порфирлік) типті. Қазақстан КСРО-дағы жоғары сапалы тантал концентраты мен ниобийдің негізгі өндірушісі болды. Тантал бойынша өнеркәсіптік шикізат базасы төрт кен орында шоғырланды:Бәкен, Белогор, Юбилейное және Жоғарғы Баймырза. Кен орындарының барлығы Қалба жотасында орналасқан. Солтүстік Қазақстанда ірі Сырымбет пен Донецк қалайы кен орындарының ашылуы қалайы шикізат базасын айтарлықтай ұлғайтты. Оған дейін ілеспе қалайының 5 кен орны балансқа алынған болатын, негізгілері кешенді сирек металл кентасты Қалайы тапқан (жалпы қордың 70 % - ға жуығы), Қараоба, Бәкен, Юбилейное және Ахметкин кен орындары.
Қазақстан сирек металдарға бай өлке. Молибден қоры жөнінен республика әлемде төртінші, Азия елдері арасында бірінші орын алады. Молибден кентастарының қоры 34 кен орны бойынша есепке алынған, олардың 26 - сы баланстық. Ірілері: Көктіңкөлі, Оңтүстік, Шалқия, Жәнет, Батыстау, Жоғарғы Қайрақты, Қараоба, Ақшатау. Молибден кен орындары негізінен штокверктік (порфирлік) типті. Қазақстан КСРО-дағы жоғары сапалы тантал концентраты мен ниобийдің негізгі өндірушісі болды. Тантал бойынша өнеркәсіптік шикізат базасы төрт кен орында шоғырланды:Бәкен, Белогор, Юбилейное және Жоғарғы Баймырза. Кен орындарының барлығы Қалба жотасында орналасқан. Солтүстік Қазақстанда ірі Сырымбет пен Донецк қалайы кен орындарының ашылуы қалайы шикізат базасын айтарлықтай ұлғайтты. Оған дейін ілеспе қалайының 5 кен орны балансқа алынған болатын, негізгілері кешенді сирек металл кентасты Қалайы тапқан (жалпы қордың 70 % - ға жуығы), Қараоба, Бәкен, Юбилейное және Ахметкин кен орындары.
Өңделетін шикізат түріне, металдар мен олардың қоспалар қасиеттеріне процесс мақсатына байланысты гидрометаллургиялық тәжірибеде әртүрлі дайындау және негізгі процестер, операциялар пайдаланылады. Олардың негізгілері:
1) кенді шикізатты шаймалауға дайындау. Дайындау операцияларына мыналар жатады:
- бағалы материалдарды ашу және шаймаланатын қатты фазаның үлкен меншікті бетін құру мақсатымен кенді шикізатты механикалық өңдеу (ұсақтау, ұнтақтау, классификациялау). Механикалық өңдеу материалдың химиялық құрамының өзгеруімен жүрмейді.
- гидрометаллургиялық өңдеуге қажетті қосылыстарды алу мақсатымен шикізаттың химиялық құрамының өзгеруімен бастапқы материалды өңдеу.
2) шаймалау- еритін компоненітті қатты фазадан сулы ерітіндіге бөліп алу.
3) қатты және сұйық фазаларды бөлу (тұндыру, қоюлану және фильтация операциялары);
4) ерітінділерді олардан металдардың немесе таза қосылыстардың бөлінуіне дайындау;
- ерітіндіні қоспалардан тазарту (рафирнирлеу);
- бөліп шығарылатын компонент бойынша ерітіндінің концентрация-лануы (буландыру, ион алмасу немесе экстракция процестерін қолдану);
5) Ерітіндіден металдардың немесе олардың қосылыстарының бөлінуі (цементация, қиын еритін қосылыстардың тұнбаға түсуі, электролиз т.б) [8].
Осы сатыларға сәйкес мысты гидрометаллургиялық әдіспен алу кезінде кенді ұсақтау керек. Процесс үйіндіде, сонымен қатар ағаш және бетон ыдыстарда жүргізіледі. Шаймалау H2SO4, Fe2(SO4)3, NH4OH және т.б. ерітінділер көмегімен жүргізіледі

Құрамынан мыс алынатын табиғи шикізат. Оның құрамына мысы бар 240-тан аса минерал кіреді. Олардың ішінде өнеркәсіптік негізгілері: халькопирит (құрамындағы мыстың мөлшері 34%), борнит (63,3), ковеллин (66,4), халькозин (79,8), теннантит (57), тетраэдрит (52,3), энаргит (48,3), куприт (88,8), тенорит (79,8), малахит (57,7),азурит (55,3), хризоколла (36,1), брошантит (56,2), атакамит (59,5). Мысты құмтас кен орындарында мыстың мөлшері көп болады.

Қазақстанда бұл кен типтері басты орында (мысалы, Жезқазған кен орны). Минералдық және химиялық құрамдарына байланысты мыс кендерінің технологиялық сорттары сульфидтік, тотыққан, аралас болып ажыратылады. Сонымен қатар мыс кендері сом және сеппелі-тарамшалы болып бөлінеді. Қазақстанда мыс кендерінің ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Жаманайбат, т.б. жатады
Жезқазған мыс кен орны - Қарағанды облысы Ұлытау ауданында, Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км қашықтықта орналасқан. 1904 жылы кен орны ағылшындардың "Атбасар мыс кентасы" қоғамына концессияға беріледі. Жете барлау жұмыстары 1925 жылдан жүргізіліп, бірінші отандық мыс 1928 жылы Қарсақбай комбинатында балқытылады. Кеннің минералдық құрамы: борнит, халькозин, халькопирит, галенит, бетехтинит, сфалерит, пирит, домейкит, арсенопирит, альгондит. Тереңдігі 10-60 м, тотығу белдемінде азурит, малахит, хризоколла, куприт, элит және таза мыс түзіледі. Негізгі кен құрамдас бөліктері: мыс, мырыш, қорғасын, қосымша Au, Ag, Re, Os, Mo, Nі, Co, Cd, Ge, Se, Te, Ga, S, т.б. Кен денелері таспа, линза, кейде күрделі пішінді. Инженерлік-геологиялық жағдайлары бойынша кен алаңдары оңтайлы, орташа, күрделі және өте күрделі түрлерге бөлінеді. Кен өндіру ашық және жер асты әдістерімен жүргізіледі.
Қазақмыс - пайдалы қазба байлықтарды өндірумен айналысатын, негізгі қызметін Қазақстанда атқаратын, Ұлыбританияда тіркелген халықаралық компания. Компанияның негізгі қызметі - мыс өндіру және сату болып табылады. Компания аса ірі 10 әлемдік мыс өндірушілер қатарына кіреді. Мыс өндіру бөлімшесінің өндірістік алаңқайларының ішінде 15 карьермен жер асты кендері, 10 кен байыту фабрикасы және мыс балқыту кешені бар. Бұл компания иелігінде Бозшакөл мен Ақтоғай. 2007 жылы компанияға тиесілі мыс кені - дәлелденген 700 млн тоннаны, ал шамамен алғанда - 2 млрд тоннаны құрайды. Қазақмыстың еншілік мекемесі - Корпорация Қазақмыс ЖШС - Қазақстанда 19 жерасты мыс кені мен 2 металлургиялық комбинаты бар.
Ақтоғай мыс кен орны - Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарының түйіскен жерінде орналасқан. Ақтоғай темір жол станциясынан шығысқа қарай 22 км жерде. Мыс-молибдені бар кенді штокверк 800 м тереңдікке дейін бойлайды, оның ұзындығы 2500 м, ені 50-830 м. Кенді штокверктегі мыс пен молибденнің мөлшері оның ішкі және сыртқы шекарасына қарай азаяды және бұл екі құраушының ең үлкен шоғырлануы бір-біріне сәйкес келеді.
Саяқ кенді ауданы - Қарағанды облысында Балқаш қаласынан шығысқа қарай 200 км жерде, Балқаш - Саяқ - Ақтоғай темір жолының бойында орналасқан кенді өңір. Кен орны 1930 жылы ашылып, кен өндіру жұмыстары 1970 жылы басталған. Бастыминералдары: борнит, халькопирит, буланжерит, арсенопирит, кобальтин, молибденит, т.б. Өндірістік мәні бар металдары: мыс (10 - 15%), молибден (0,01 - 1%),кобальт (0,151%), алтын (орташа 7,8 гт), т.б. Кентас ашық кеніш арқылы өндіріледі. Ауданның кен орындары Балқашмыс кәсіпорнының шикізат базасы болып табылады.
Балқашмыс - Қазақстанның түсті металлургия саласындағы ірі кәсіпорын. Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы Бертіс шығанағында (Балқаш қаласынан орналасқан. Ол алғаш (1938) Балқаш мыс және түсті металл өңдеу зауыттары мен Қоңырат мыс және Гүлшат қорғасын-мырыш кеніштерін біріктіру нәтижесінде Балқаш кен-металлургия комбинаты болып құрылған. "Балқашмыс" негізінен тазартылған мыс, асыл және сирек кездесетін металл үгінділерін, қорғасын мен мырыш өнімдерін, молибден мен темір концентраттарын, күкірт қышқылын шығарады. "Балқашмыс" кен өндіруден бастап түсті металл прокатын шығаруға дейінгі технологиялық процестер толық атқарылатын және түгелдей автоматтандырылған бірден-бір өндіріс орны. Кәсіпорын ұзақ жылдар (1940 -- 1980жж) бойы Қазақстан ауыр өнеркәсібінің көшбасында болды. Нәтижесінде өнімнің сапасы артып, Балқаштың шақпақ мысы сапа эталоны ретінде Лондонның түсті металл биржасында тіркелді. 1998 жылы "Балқашмыс" Корея республикасының "Самсунг" корпорациясының басқаруына берілген "Жезқазғантүстіметтің" құрамына кірді. "Балқашмыстың" афинаж зауытында платина және сирек кездесетін металдар алу көзделген. "Балқашмыстың" өнімдері, негізінен,Батыс Еуропа мен Қытайға сатылуда. [
Қоңырат кен орны - Қарағанды облысы, Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 15 км жерде. Алғаш 1927 жылы Михаил Петрович Русаков ашқан. Геологиялық барлау жұмыстары 1928 жылдан жүргізіле бастады. 1934 жылдан Балқаш тау-кен металлургия комбинатының шикізат қорын беретін негізгі кеніші. Кентас 200 метр тереңдікке дейін таралған. Кентастанудың сипаты сеппе және желілі сеппе түрінде. Сондай-ақ, тік бағыттағылармен қатар көлбеу кентастану белдемділігі де білінеді. Кен орынның тотығу және сульфидке қайта баю белдемдеріндегі кентас сарқылған. Металдардың қоры бойынша Қоңырат мыс кен орны ірі кен орындары қатарына жатады, қазір мұнда аз көлемде ашық әдіспен кен өндірілуде.

Мыстың қолданылуы
Электротехникада
Өзіндік өте төмен кедергілік қасиетіне сәйкес (күмістен кейін) мыс, электротехникада күшті кабельдер де басқада түрде қолданылады. Мыс сымдары энергия сақтайтын орамдарда және күшті трансформаторларда қолданылады. Бұл үшін металл өте таза болуы тиіс қоспалар электрөткізгіштігін төмендетіп жібереді, мысалы, мыстың құрамында 0,2 % алюминий болған жағдайда электрөткізгіштігі 10 %-ға төмендейді.
Жылуалмасу
Мыстың тағы бір қасиеті - өте жоғары дәрежедегіжылу өткізгіштігі. Бұл қасиетіне сәйкес жылу бөлінетін, жылу беретін жерлерде қолданады. Бұларға суыту радиоторлары, кондиционерлер және жылу радиоторлары жатады.
Құбыр өндірісінде
Өте жоғары механикалық мықтылығына сонымен бірге механикалық өңдеуге тез келетініне сәйкес дөңгелек мыс құбырлары сұйықтар мен газдарды тасымалдауға су құбырларының ішкі системаларында жылыту жүйелерін газбен жабдықтау, кондиционер құрылғыларында, суыту агрегаттарында пайдаланылады. Көптеген елдерде мыс құбырлары осы жағдайлар үшін ең негізгі болып табылады. Франция, Ұлыбритания және Австрияда ғимараттарды газбен қамтамасыз ету үшін. АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Гонконгта сумен қамтамасыз ету үшін, Ұлыбритания мен Швецияда жылыту үшін қолданылады. Ресейде мыстан жасалған су-газ құбырларын пайдалану және өндіру ГОСТ стандартына сәйкестендірілген. Сонымен бірге мыстан жасалған құбырлармен құймалар, кеме жасау және энергетикада, су мен буды тасымалдауға қолданылады.
Басқа жерлерде қолданылуы
Ацетиленнің полимеризацияда мыс ең негізгі, ең көп қолданылатын катализатор, сондықтан мыс құбырларында ацетилинді тасу үшін құбыр құймасындағы мыстың құрамы 64%-дан аспауы қажет.
Мыс сонымен бірге архитектурада қолданылады. Ғимараттардың төбелері мен маңдайшаларына мыстан жасалған қаңылтырларды пайдалану 100-150 жылға дейін жетеді.
Жақын уақыттарда медицинада мыстың бактерицитті қасиетін пайдалану болжануда. Аурухана ішілік бактерияны таситын: есіктер, есік тұтқалары, су құбырлары, қабат аралық қорғандар, керуеттің бастары, столдың беттері - барлық заттар қай жерге адам қолы тиеді.Және де:
* Ежелгі адамдар мысты тиын жасау үшін қолданған.
* Мыстан қарулар, құралдар және безендіру заттарын жасауға болады.
* Мыс күшті, жылуды жақсы өткізетін және тот басуға тұрақты металл болғандықтан,тамақ істеу табаларын жасауда қолданылған.
* Мыс электр қуаты өндірісінде күнделікті тұтынуда электр схемалары мен өткізгіштерін жасауда қолданылады.
* Музыкалық аспаптар мен мүсіндер жасауда қолданылады.
* Мыс тот басуға тұрақты және жылуды жақсы өткізетін болғандықтан, су жүргізу жүйелерінде және жылыту құралдарын жасауда қолданылады.
* Мыстан жасалған құбырлар үйлер және басқа да ғимараттарға ыстық және суық суларды жеткізеді.

Мысты - молибденді кендер
Мыс - молибденді кендерге, молибден молибденит минералы түрінде болады. Молибденнің кендегі проценттік үлесі өте төмен болады. Молибдениттің басқа барлық сульфидтерден ерекшелігі өте флотоактивті минерал сондықтан да жинағыш реагенті ретінде аполярлы заттар қолданылады. Олардың ең көп тарағаны керосин.

1 - сурет. Молибденит

Мыс минералдарының жеке молибдениттің флотациялық қасиеттері жоғары болғандықтан кендерден олар тек бірге флотацияланады. Жинағыш реагенттері ретінде ксантогенаттар және аполярлы заттар қатар пайдаланылады. Бұл кендерде әр түрлі мөлшерде пирит болады. Оның флотациясы ізбеспен басылады. Мыс молибден коллективті концентраты бірнеше түрлі әдістермен бқлінеді. Олардың бастылары:
1. Мыс минералдарының басқышы ретінде натрий сульфиді қолданылып молибденит керосинмен флотацияланады. Әдістің тиімділігі пульпаның температурасы 80 - 90 градус көтерумен анықталады.
2. Мыс минералдары жоғары температурада ізбеспен басылады. Өте сирек жағдайды егер коллективті концентратта молибденнің проценттік үлесі мыстан жоғары болса, молибденит флотациясы крахмал, декстрин және тағы сол сияұты органикалық заттармен басылып мыс минералдары флотацияланады.

Кен және концентраттар сапасына қойылатын талаптар
Кендердің байытылу мүмкіншілігін және экономикалық тиімділігін анықтайтын негізгі қасиеттеріне ондағы бағалы заттардың проценттік үлесі, минералдық құрамы және сеппелік дәрежесі жатады. Бұл қасиеттердің әр қайсысының байыту процестеріне тигізетін әсерлерінің маңызды ерекшеліктері бар. Кенде бағалы заттың проценттік үлесі артқан сайын оны бөліп алу дәрежесі өседі. Оның байтылу мүмкіншілігі заттың проценттік үлесінің белгілі бір шамадан төмен болмауымен анықталады. Оның төменгі шегі байыту процестерінің даму деңгейімен байланысты.
Бағалы заттың кендегі үлесі жоғары болғанмен минералды құрамыиа қарай байытылуы тиімсіз болу мүмкін. Бағалы заттың кендегі сеппелік дәрежесінің де маңызы зор. Кен неғүрлым ірі сеппелі болса, соғүрлым технологиялық көрсеткіштер де жоғары болады. Соған байланысты кеңдер сатылы байытылады, демек қолданылатьш процестер және операциялар саны кебейеді.Ал кен эмульсионды сеппелі болса онда бағалы минералдарды жеке концентраттарға бөлу өте қыйындайды. Мүндай кендерден тек коллективті концентраттар ғана бөлініп, олардан минералдар тек металлургиялық өңдеу жолдарымен ғана белінеді.
Бұл келтірілген жайлардан байытылумен алынатын концентраттардың сапасы кен сапасына тәуелді екенін көреміз. Ал концентраттардың сапасы оларды металлургиялық не басқа жолдармен өндеу процесстерінің тиімділігіне көп әсер етеді. Осыған байланысты концентраттар сапасына белгілі бір талаптар қойылады. Ол талаптар кендердің қасиеттеріне қарай орныққан байытылу тәжірибесіне сай мүмкіншіліктерді есепке алу нәтижесінде қойылады. Осылай қойылатын талаптардың қабылдануын стандартизациялау деп атайды, ал құжат есебінде бекітілген түрін стандарт деп атайды, демек стандарт техникалық норматив.
Кендердің сапаларының өзгеріп отыруына байланысты әр бағалы зат концентраттарына әртүрлі талаптар қойылады, демек концентрат бірнеше сорттарға белінеді.
Біздің елде стандарттың бірнеше түрі бар: мемлекеттік стандарт - ГОСТ; республикалық стандарт-РСТ; сапалық стандарт- ГОСТ; өнеркәсіп орындарының стандарты - СТП және техникалық шарттар - ТУ.
Стандарттың міндетті түрде қолданылуы олардың қай деңгейде қабылдануына байланысты. Мысалы, ГОСТ талаптары бүкіл еліміздің шаруашылығында орындалуы қажет, ал ТУ бір кәсіпорынның талабыны сай қабылданады да, тек сол кәсіпорынында ғана қолданылады және т.б.
Бекітілген стандарттар заң ретінде саналады. Бірақ техникалық прогрестің дамуына байланысты олар мезгіл-мезгіл өзгертіліп отырады. Ол тек мемлекеттік аттестациялау комиссиялардың(ГАК- государственная комиссия) шешімі нәтижесінде жүргізіледі.
Стандарттардың езгеруі өндірілетін өнімдердің сапаларын арттыру және өнім сапасына қарай олардың құндары өзгеруі бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, 1 тонна мыстың бағасы оның концентраттағы проценттік үлесіне қарай өзгереді. Демек, жоғары сапалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түсті металлургия шикізатын кешенді пайдалану
Мыс және мысты – молибденді кендерді байыту технологиясы
Балқаш мыс байыту фабрикасының тарихы
Мыс кендерін байыту технологиясы
Көктасжал кен орны кендерінің орташа құрамы
Жалпы металлургия пәнінен дәрістер жинағы
Вольфрам кендерін және үгітінділерін байыту технологиясы
Пайдалы қазба қорының дәрежелері
Мыс шикізатын шахталық пештерде балқыту
Мыс және мырыш элементінің алыну мен қолданылуы
Пәндер