Қоғамдағы құқықтық нормалардың бұзылуының ұйымдастырылуы мен құқық бұзушылықтың негізгі қағидаларын, сонымен қатар құқық бұзушылық нәтижесіндегі заңды жауапкершілікті қарастыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде . құқық бұзушылық түсінігі
1.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі және белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 5
1.2 Құқық бұзушылықтың құрамындағы элементтер ... ... ... ... ... ... ... .10
ІІ Құқық бұзушылық нәтижесіндегі заңды жауапкершілік
2.1 Заңды жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3 Заңды жауапкершіліктен босатудың мән.жайлары ... ... ... ... ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық – қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс.
Құқық бұзушылық – заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдын, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет – бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиян тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарының орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Сондықтан да азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындап, құқықтары мен бостандықтарын пайдалану арқылы, осы іс-әрекетпен азаматқа да, қоғамға да зор пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіп сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдаланып, қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың тұрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай тудыртады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қоғамдағы құқықтық нормалардың бұзылуының ұйымдастырылуы мен құқық бұзушылықтың негізгі қағидаларын, сонымен қатар құқық бұзушылық нәтижесіндегі заңды жауапкершілікті қарастыру.
1. Қазақстан Республкасының Конститутциясы. Алматы, 2007 ж.
2. Қазақстан Республкасының Қылмыстық Кодексі. Алматы, 2009 ж.
3. Қазақстан Республкасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс. Алматы, 2007 ж.
4. Сапарғалиев Ғ., ИбраеваА. Мемлекет жөне құкықтеориясы. Алматы, 2003.
5. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясының проблемалары (оқу құралы). Түркістан: Қожа Ахмет Ясау атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті, 2005 ж.
6. Жоламан Қ.Д., Мухтарова А.Қ., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық те-ориясы. Алматы, 1998.
7. Проблемы теории государства и права. Москва, 2000 г.
8. Зиманов С.З. Общая теория права и ее место в системе правоведения. Алматы, 1982.
9. Матюшин Г.Н. У истоков человечества. М., 1982.
10. Алексеев В.П., Першиц А.И. История первобытного общества. М., 1999.
11. Гумпеловт Л. Общее учение о государстве.
12. Каутский К. Материалистеческое понимание истории. М-Л., 1931. 2-том.
13. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.
14. Рыскулов Т. Революция и коренное население Туркистана. Ташкент, 1925. 77-бет.
15. Тәтімов М., Әлиев Ж. Дербестігіміз — демографияда. Алматы, 1999,34-бет.
16. Тоинби А. Постижение истории. М., 1990. 43-бет. Карл Ясперс. Смысл и значение истории. М., 1994. 30-бет.
17. Нерсесянц В.С. Общая теория права и государства. М., 1999
18. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды, 2002.
19. Құдайбергенов УД. Теория государства и права. Алматы, 1999.
20. Шоқан Уәлиханов. Таңдамалы. Алматы, 1985.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде - құқық бұзушылық түсінігі
1.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі және
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... 5 5
1.2 Құқық бұзушылықтың құрамындағы
элементтер ... ... ... ... ... ... . ... 10

ІІ Құқық бұзушылық нәтижесіндегі заңды жауапкершілік
2.1 Заңды жауапкершіліктің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3 Заңды жауапкершіліктен босатудың мән-
жайлары ... ... ... ... ... ... ...2 0

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..29

Кіріспе

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік
етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны
адамдар ежелден-ақ түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын
қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім
азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық – қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол
да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс.
Құқық бұзушылық – заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар
жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Заң бұзушылық
адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді.
Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдын, сана-сезімнің
қатынасуынсыз жасалмайды. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың
арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке
тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе
әрекетсіздік болып табылады. Әрекет – бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай
отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының ешқандай іс-қимыл
орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Құқық бұзушылық құқықтық нормалар
қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиян
тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың
талаптарының орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға
кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне,
денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Сондықтан да азамат өзіне
жүктелген міндеттерді орындап, құқықтары мен бостандықтарын пайдалану
арқылы, осы іс-әрекетпен азаматқа да, қоғамға да зор пайдасын тигізетіні
сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда
заңдылық пен құқықтық тәртіп сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен
бостандықтарын тиімді пайдаланып, қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың
тұрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті
жағдай тудыртады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қоғамдағы құқықтық нормалардың
бұзылуының ұйымдастырылуы мен құқық бұзушылықтың негізгі қағидаларын,
сонымен қатар құқық бұзушылық нәтижесіндегі заңды жауапкершілікті
қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Құқық бұзушылықтың негізгі түсінігі мен белгілерін анықтау;
• Құқық бұзушылықтың құрамын белгілеу;
• Заңды бұзушылық нәтижесінде туындайтын заңды жауапкершілікті
қарастыру, талдау;
• Заңды жауапкершілікке толық, жалпы сипаттама беру;
• Заңды жуапкершіліктен босатудың мән-жайларын, мәселелерін көрсету.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізіне: Қазақстанның және Ресей
ғылымдарының еңбектері басшылыққа алынды.

І-тарау. Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде - құқық бұзушылық түсінігі
1. . Құқық бұзушылықтың түсінігі және белгілері

Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде құқық бұзушылық – құқыққа
сай емес тәртіптің негізгі түрі болып табылады (оның басқа түрі –
объективті құқыққа қарсы тәртіп) және соған сай ол құқықтық тәртіптің
түрлерінің бірі, себебі, соған қатысты құқыққа сай емес тәртіп (құқықа
сайлықпен қатар) оның түрі ретінде көрінеді.
Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде құқық бұзушылыққа мынадай
белгілер тән:
1) Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде құқық бұзушылық – бұл әр уақытта
әрекет және әрекетсіздік не вербальдық (сөз жүзіндегі) тәртіп. Құқық
бұзушылыққа ой, сендіру, берік ниет жатады, егер олар сырттан
көрінбесе. Адам заң үшін өзінің тәртібінсіз өмір сүрмейді: оған өз
кезінде Гегель де көңіл аударыпты.
2) Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде құқық бұзушылық – бұл әрекет, ол
қоғам үшін қауіпті, оған зиян келтіреді. Мұнда көңіл аударатын нәрсе,
нақтылы қоғамдық қатнастарға тиіспей, құқықты бұзу мүмкін емес. Құқық
бұзушылық заң нормаларының өзіне зиян келтірмейді. Ондай жағдай зиянды
не болмаса тек нақтылы құқыққа қауіпті және заңмен қорғалатын
жекелеген қоғамдық қатнастардың ықыласына тиеді.
Құқықты бұзғанда белгілі адамдар, олардың ұйымдары жауапқа тартылады,
ал құқық нормалары әрекетін жалғастыра береді және міндетті деп есептеледі.
3) Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде құқық бұзушылық – бұл құқыққа
қарсы әрекет, яғни ондай әрекетті жасау құқықпен әртүрлі нысанда
тыйым салынған (тікелей тыйым салу, позитивті әрекет жасауға,
әрекеттің жазалатынын белгілеуге арналған заңды міндеттерді тапсыру).
Құқыққа қарсылық дегеніміз, құқықтағы әрекеттің қоғамдық зияндылығын
көрсету.
4) Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде құқық бұзушылық – бұл әр
уақытындағы кінәлі әрекеттер: кінәсіз құқық бұзушылық жоқ. Кінә - бұл
құқық бұзушылық өзінің әрекетіне ерекше психикалық қатынас және оның
нәтижесіне де қатысты.[6]
Сонымен, заңды жауапкершіліктің негізі ретінде құқық бұзушылық –
қоғамға қауіпті құқыққа қарсы кінәлі әрекет. Құқық бұзушылық қоғамға
қауіптілік деңгейіне сай: қылмыс (қылмыстық құқық бұзушылық) және теріс
қылық болып екіге бөлінеді. Теріс қылық, өз жағынан әкімшілік, азаматтық
(азаматтық-құқықтық бұзушылық) және тәртіптікке бөлінеді. Сонымен қатар,
процессуальдық құқықтық қатнастар тобын (процессуальдық құқық нормаларын
бұзуда) бөлуге болады.[8]
Әкімшілік құқық бұзушылықты екіге бөлуге болады:
а) әкімшілік құқықтан шығатын позитивті заңды міндеттерді орындамау;
б) кодекспен белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтағы әкімшілік-
құқықтың тыйым салғандарын бұзу.
Олардың айырмашылығы сонда, біріншісі таза әкімшілік құқық
бұзушылық, ал екіншісі өзінің табиғатына қарай қылмыстық құқық бұзушылыққа
ұқсас және олардан айырмашылығы тек қоғамдық қауіпсіздігінің аздығында.
Тәртіптік теріс қылық – дегеніміз, құқық бұзушының еңбек, қызмет,
әскери, оқу тәртіптерімен байланыстыратын заңды міндеттерді бұзуын айтамыз.
Азаматтық құқық бұзушылық (деликт) әдебиетте құқыққа қарсы
әрекеттермен жеке адамға не болмаса азаматтың мүлкіне зияндық жасау,
сонымен бірге ұйғарымдарға зияндық жасау, заңға қарсы келісім жасау,
шарттың міндеттін орындамау, меншіктік құқықты бұзу, авторлық не
изобретательдердің және басқа азаматтардың құқығын бұзуы көрсетілген
(проф. О.Э.Лейст[5]
Құқық және мәжбүрлеу.
Санкциялық қалай болса да әлеуметтік реттеуге тұтасымен тән нәрсе,
өзінді қамтамасыз ету құралы, оның ішінде мәжбүрлеу де және әлеуметтік
нормалардың әр түрлері бар. Дегенмен, құқықта күшті және дамыған әлеуметтік
реттеуші ретінде, мәжбүрлеу (басқа әлеуметтік нормалардың қасиеті ретінде
мысалы нормативілік және процедурность) терең және өзіндік көріну
ерекшелігін табады.
Мәжбүрлеу, құқықтың объективтік қасиеті ретінде құқықтың билік
табиғатымен, мемлекеттік – еректік ұйғарыммен қамтамасыз етілген және нақты
құқықтық мәжбүрлеу актысында өзін көрсетеді.
Мәжбүрлеу құқықтағы, құқықтық мәжбүрлеу ретінде көрініп сол
қаситетімен талай арнайы ерекшеліктерге ие болады.
Біріншіден, бұл мемлекеттік мәжбүрлеу - мемлекеттің ұйымдастыру
күшімен негізделген және мемлекеттік ерікке бағынуға бағытталған тәртіпке
жасалатын сыртқы ықпалды түсінеміз.
Екіншіден, бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі, себебі мемлекеттік
мәжбүрлеу тек құқықтық қана болмайды, тікелей фактыдағы мәжбүрлеу
актыларында көрінеді, яғни өзіндік мемлекеттік қинау актысында.
Үшіншіден, құқықтық мәжбүрлеуді оның ерекше мақсаты айырып көрсетеді –
заң нормаларын орындауға мәжбүрлеу, құқықтың ұйғарымын.
Төртінші, құқықтық мәжбүрлеу – бұл сондай мәжбүрлеу, құқық нормаларын
орындауға, заңды, яғни құқықтық негізде. Заң ұйғарымдарын заңсыз орындауға
мәжбүрлеу де болады. Мысалы, ешқандай оны жасауға негізі жоқ
жауапкершілікті жүктеу.
Бесінші, құқықтық мәжбүрлеуге белгілі процедуралық нысандар тән, сонда
орындалуы міндетті, яғни құқықтық мәжбүрлеу процессі құқықпен белгіленген.
Бұл процедуралық нысандар әртүрлі жағдайға байланысты әртүрлі, өздерінің
қиындық деңгейімен мен дамығандығымен, олардың болуы міндетті. Мысалы,
құқық жүйесінде кейбір тұтас салалар бар, олардың тек бір ғана белгілі
мақсаты болады – құқықтық санкцияның іс жүзіне асыру процедурасының
тәртібін белгілеу. Бұған процессуальдық құқық салалары жатады – азаматтық
процессуальдық құқық, қылмыстық процессуальды құқық т.б.
Құқықтық мәжбүрлеу шарасын түрлерге бөлуге болады. Мұны былай бөлуге
болады: превентивті (ескертушілік) шаралар, құқықтық қорғау шарасы және
заңды жауапкершілік. Олар ең алдымен, өздерінің негіздеріне және мақсатына
сай белгілеу (тағайындау).
Превентивті мәжбүрлеудің заңды негізіне, жағдайлар қоғамға, орнына
келтіруге болмайтын зиян келтіру мүмкіндігін болжайтын ең жоғарғы
деңгейдегі жағдайлар жатады. Яғни, мұндай жағдайда заңды презумция қызмет
жасайды, олар өмір тәжірибесінің нәтижесіне негізделген, заңдармен және заң
ғылымдарымен біріктірілген. Превентивті шаралардың негізіне стихиялық
қыйыншылықатар да жатады. Олармен күресуге транспорттарды реквизиялауға
мүмкіндігі бар және құқыққа сай тәртіп (ұшақтағы жолаушылардың жүктерін
тексеру) және жеке адамдарға тиімсіз сипаттама беру (аң аулайтын
мылтықтарды алу).
Превентивтік шараларды белгілеудің мақсат, болуы ықтимал
(презюмируемые) негативтік оқиғаның алдын алып болдырмау.
Қорғану шарасының негізіне объективті құқыққа қарсылық және зиян
келтірген әрекеттер, бірақ кінәліге жатпайды. Кінәнің жоқтығы – қорғану
шарасының белгісінің сипаты. Тағы да сондай шаралар, азаматтық құқық
теориясында кінәлі емес заңды жауапкершілік деп атайды және олар
азаматтық – құқықтық қорғану шарасына жатады. Себебі кінәсіз заңды
жауапкершілік болмайды және болуы да мүмкін емес. Азаматтық-құқықтық
қорғану шарасының мысалына мәжбүрлеумен, яғни виндикциондық искінің
негізінде тәртіпті қабылдаушыдан заттарды алу.
Қорғану шарасының белгісі – бұрынғы дұрыс құқықтық ережені орнына
келтіру, субъектіні мәжбүрлеу арқылы бұрынғы субъектіге жүктелген, бірақ
орындалмаған заңды міндеттерді орындату. Қосымша негативті нәтиже субъекті
үшін, сонда болады, егер ол объективті түрде құыққа қарсы әрекет жасаса,
бірақ ол негізгі емес, ілесуші сипатта болады.
Заңды жауапкершіліктің негізіне кінәлі құқыққа қарсы әрекет жатады –
құқық бұзушылық, сондықтан жауапкершілік шарасы құқықтық орнына келтіру
функциясымен өте терең мақсатты көздейді – қорғану шарасында жоқ арнайы
құралдарды пайдалану арқылы құқық бұзушының санасын өнегелі –
психологиялыққа өзгерту көзделген.
Жалпы бағытта айтуға болатыны, заңды жауапкершіліктің негізіне құқық
бұзушылық жатады. Мұндағы негізгі принцип: құқық бұзушылық болмай заңды
жауапкершілік жоқ. Дегенмен, толық және нақты құбылыс ортасын белгілеуге,
әрбір нақтылы оқиға бойынша заңды жауапкершіліктің жүктелгенін білу қажет,
соған қажетті занда арнайы конструкция болады – құқық бұзушылықтың
құрамы.[18]
Егер заңды конструкцияны түсінуге тек терминологиялық, сөздік белгілеу
тұрғысынан қарасақ, оның құқық бұзушылықтың ішкі жағын ашуға, құқық
бұзушылықтың элементерін сипаттауға арналған екен деп ойлауға тура келеді.
Алайда, егер сол орта құбылысын талдасақ, ол өзінің элементті ретінде
құқық бұзушылықтық құрамын камтитындығын байқаймыз, яғни, бұл
конструкцияның тіптен басқа орны бар, яғни жеткілікті түрде заңды
жауапкершілікті жүктейтін құбылыс ортасын көрсету керек. Яғни – бұл құқық
қолданушының қолындағы сайман ретінде болады және әрбір нақтылы оқиғада
субъектінің заңды жауапкершілігін белгілеуге қызмет етеді.

1.2. Құқық бұзушылықтың құрамындағы элементтер

Дәстүрлі тұрғыдан құқық бұзушылықтың құрамына оны элементтері ретінде
мыналар қосылған:
а) Құқық бұзудың субъектісі;
б) Құқық бұзудың объектісі;
в) Құқық бұзудың субъектік жағы;
г) Құқық бұзудың объективтік жағы;
Бұл құрамынан құқық бұзудың өзінің элементті ретінде тек субъективтік
және объективтік жақтарын есептеуге болады. Мысалы: құқық бұзудың
объектісіндегі ерекше заңды конституцияның, құқық бұзудың құрамындағы
әлементі болғандықтан, құқық бұзудың өзінің элементіне жатпайды: объект
(оны қоғамдық қатнастар ретінде есепке алған) құқық бұзуға қарсы тұрады,
сондықтан оның сыртында болады.
Құқық бұзудың құрамындағы элементтерінің бірі: құқық бұзу
субъектісінің негізінде, кінәлі қоғамға қауіпті құқыққа қарсы әрекеттер
жасаған адамның деликтоспособностьсы шешуге болады.
Деликтоспособность – арнайы әрекеттілік: заңды жауапкершілікпен
байланысты адамның міндеттерін іс жүзіне асыруға қажет заңды қабілеттілік.
Мысалы, азаматтық құқықта жеке адамның жалпы әрекеттілігінің пайда болуы
үшін әр түрлі қажетті жағдайлар көрсетілген. Ал қылмыстық құқықты, оның
субъектілерінің әрекеттілігі, олардың деликтоқабілеттілігіне жатады.[9]
Құқық бұзудың объективтік жағы – егер құқық бұзушылық сырттан болса
оған мыналарды қосады:
а) құқыққа қарсы әрекет;
б) оның қоғамға зиянды нәтижелер;
в) әрекетпен болған нәтиженің арасындағы себепті байланыстылық.
Құқық бұзудың субъективтік жағына (себебі мен мақсаты мен қатар) кінә
жатады. Кінәсіз құқық бұзушылық жоқ және болуы да мүмкін емес. Кінәсіз
заңды жауапкершілікті жүктеуді объективті арту деп атайды, оны жіберуге
болмайды. Қазақстан Республикасының қылмыс кодексінің 19 бабы бойынша осы
туралы былай көрсетеді: 1. Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған
қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған
қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.[2]
2. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық
жауаптылыққа жол берілмейді.
3. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі
деп танылады....
Кінә - құқық бұзушының өзінің қоғамға зиянды құқықа қарсы әрекетіне
психикалық қатнасы, соған қоса оның нәтижесіне және құқық бұзушының ой
өрісінің ерекше жағдайы, еркі, оның қоғамның бағалылығына деген негативтік
қатнасын көрсетеді.
Кінәсін белгілеу, заңды жауапкершіліктің негізін белгілеу арқылы
мемлекет субъектінің бостандық еркінен шығады және оның әртүрлі вариантты
алу тәртібін анықтайды.
Кінәлі есебінде мойындауға субъектінің ерекше жағдайдағы ой өрісі және
еркі қасақаналық түрінде (нысанда) не болмаса абайсыздық болып бөлінеді,
олар ой өрісінің сипаты мен ерікті кездерімен бөлінеді.
Қасақаналық кінәлі нысаны сонда болады, егер субъект өзінің
әрекетіндегі қоғамдық зиянын (қатерлілігін) түсінсе және сондай нәтиженің
болуын күтсе (тікелей қосақаналық) не болмаса біле тұра оған жол берсе
(жанама қасақаналық).
Абайсыздық нысандағы кінәліліктің қасақаналықтан айырмашылығы сонда,
құқық бұзушы өзінің тәртібіндегі қоғамдық қауіптілікті мойындамайды.
Қылмыстық құқық теориясында абайсыздық нысандағы кінәнің екі түрін бөліп
көрсетеді – қылмыстық-менмендік және қылмыстық-немқұрайдылық.
Егер адам өз іс әрекетінің қоғамға қауіпті тұғызуы мүмкін екенін
алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз болғызбау
мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендігіпен жасалған қылмысқа жатады. Егер
адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап тілуге
тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің)
қоғамдық қауіпті зардаптардың болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс
немқұрайдылықпен жасалған қылмыс болып танылады.
Субъект кінәсіз қоғамға қауіпті (зиянды) әрекеттер жасауы мүмкін,
мысалы казус (оқиғаға) байланысты. Онда, адам өзінің тәртібінің қоғамға
зияндылығын алдын-ала білмейді және білуге мүмкіндігі де болмайды, яғни
істің жағдайына байланысты алдын-ала білуге мүмкіндік болуы да мүмкін емес
еді. Бұны жеңуге болмайтын күштен айыра білуін оның да құқық бұзушының
кінәсінің жоқтығын дәлелдейді.[8]
Жеңуге болмайтын күш (форс мажор) – сол жағдайға тосқауыл қоюға
мүмкіндік жоқ күштерге тосын оқиғалар жатады (мысалы стихиялық жағдайлар:
су тасуы, жер сілкінуі т.б.)
ІІ- тарау. Құқық бұзушылық нәтижесіндегі заңды жауапкершілік

2.1. Заңды жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы

Жасалынған құқық бұзушылық міндетті түрде заңды жауапкершілікті
тудырады. Істеген қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылмаған қоғамда, әділ
сот ісінің салтанат құруы, заңдылықтың орнауы мүмкін емес. Сондықтан заңды
жауапкершіліктің қоғамда атқаратын рөлі ерекше. Халықтың әлеуметттік
психологиясы құқық бұзушылық жасап, қоғамға, мемлекет мүддесіне зиянды
зардаптар келтірген адамның пара беріп, айла-амалдар тауып заңды
жауапкершіліктен құтылып кетуі коррупцияның нағыз шыңы деп қабылдайды сот
билігіне сенімсіздігін қалыптастырады. Ал, соттарда нағыз әділеттілік
орнамайынша құқықтық мемлекет құру идеясы бос сөз болып қала бермек.
Занды жауапкершіліктің негізі — құқық бұзушылықтың жасалуы және
адамның іс-әрекеттерінің құқық бұзушылық кұрамымен қамтылуы. Егер жасалаған
іс-әрекет құқық бұзушылықтың құрамында қарастырылмаса, бекітілмесе ешқандай
заңды жауапкершілік те болмайды. Заңда жауапкершілік жеке адамның қоғам
алдындағы міндеттерін, жауапкершілігін сезінуі, құқыққа қарсы жасаған іс-
әрекеті, оның қауіптілігі мен зияндығы үшін қолданылатын жазаны мойнымен
көтеруі.[19]
Заңды жауапкершілік мемлекетпен құқық бузушылыққа барған жеке адамның
арасында пайда болган құқықтық қатынастардың нәтижесінде құқық бұзушылық
жасаған субъект өзінің жасаған қауіпті, зиянды әрекеті үшін арнайы
қолданылған жазаға төзуін айтады.
Заңды жауапкершілікті теориялық мағанада зерттеп қарағанда оның екі
түрі айқындалады:
1. Позитивтік заңды жауапкершілік — барлық құқық субъектілерінің заң
және басқа нормативтік құқықтық кесімдер тыйъш салған талаптарын бұлжытпай
орындау, құқыққа сай мінез-құлықты қалыптастыру. Мұндай жауапкершілік
негізінде болашақта қалыптасатын мінез-құлыққа тікелей қатысы бар.
2. Ретроспективтік занды жауапкершілік — құқық бұзушының ондай
әрекетке төзуі. Мысалы, субъект жасаған ұрлығы үшін міндетті түрде жазаға
тартылып, сазайын тартуы тиіс. Қызыл бағдаршамға өтіп кеткен жүргізушіге
белгіленген заң мөлшерінде айып салынуы тиіс және т.б.
Заңды жауапкершілік өзінің функцияларына байланысты компенсациялық
және жазалаушылық болып бөлінеді.
Компенсациялық заңды жауапкершілік деп субъектінің құқыққа қарсы
жасалған әрекетінің нәтижесінде келтірілген зиянды өтеуі. Мысалы, авторлық
кұкықты пайдалану, плагиат арқылы субъектінің зиянкерлік құқығына қол
сұққаны үшін зиянды зардаптарды сот шешімі арқылы өтейді.
Жазалаушылық занды жауапкершілік жариялылық құқықтық тәртіпті қорғау
үшін құқық бұзушыны жазалаудың жолы. Мысалы, пара алған лауазымды тұлға
жазалаушылық заңды жауапкершілікке тартылады.
Құқық салалары бойынша конституциялық, қылмыстық, әкімшілік,
азаматтық, тәртіптілік, материалдық болып бөлінеді.
Конституциялык занды жауапкершілік Қазақстан Республикасының барлық
азаматтарының, лауазымды тұлғалардың, мемлекет қызметкерлерінің, Үкіметтің,
Президенттің ата заң алдындағы жауаптылығы. Мұндай талаптар Конституцияның
34-бабынан туыңдайды және онда конституциялық жауапкершілік мына мағанада
берілген: Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және зандарын
сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-
намысын құрметтеуге міндетті.[1]
Қылмыстық құқықтық жауапкершілік субъекттердің жасаған қылмыстары үшін
тек қана сот органдары, қылмыстық кодексте белгіленген қылмыстар үшін
қолданылады. Бұл жауапкершілік басқа құқықтық жауапкершілікке қарағаңда
қатаң жаза қолданумен айшықталады.
Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік-атқарушы-орындаушы органдардың
басқару жүргізу барысында әкімшілік теріс қылықтар үшін қолданылатын
жауапкершіліктің жиынтығы. Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік Қазақстан
Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде бекітілген.[3]
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік-жеке тұлға мен заңды тұлғалардың
шарт, келісім, мәмле арқылы өздеріне жүктелген құқықтық міндеттерін
орындамауынан және адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіруден туындайтын
жауапкершілік.
Тәртіптілік-құқықтық жауапкершілік-заңды тұлғалардың әкімшілігі
тарапынан еңбек тәртібін бұзған адамдарға қолданылатын тәртіптік жазаның
колданылуы. Мысалы, өз міндеттерін орындай алмағаны үшін ескерту, сөгіс,
қатаң сөгіс, жұмыстан босату.
Материалдық жауапкершілік жұмысшының, қызметкердің жұмыс істейтін
орнында өзінің кінәлі әрекетінің нәтижесінде келтірген зиянын өтеуі.
Мысалы, мүлікті қиратуы. [18]
Занды жауапкершілік заң негізінде болғандықтан оның өзіне тән
қағидалары болады. Сол кағидалар нақтылы сақталған жағдайда жауаптылыққа
тарту әділетті болады. Теорияда занды жауапкершіліктің мынандай қағидалары
бар:
1. Жауапкершіліктің мақсатқа сай болуы. Бұл қағиданың мазмұны бойынша
жауапқа тартылған субъекттің мінез-құлқы жан-жақты танылып, барлық
субъективтік, объективтік жағдайларды ескеріп, жаза колданылуы тиіс.
Мысалы, судья сотталушыны жауапқа тартып, жаза қолданғанда жазаны
жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескеріп (53, 54-баптар) мақсатқа
сай келетін жазаны тағайындауы тиіс.
2. Барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі. Жауапқа тарту, құқық
қолдану, жаза тағайындау барысында ешбір адамға артықшылық беруге
болмайды. Тек заң негізінде, тең құқылыкты қатаң сақтау арқылы
жауапкершілік іс жүзіне асырылады.
3. Әділеттілік. Жауапкершілік тиімді нәтиже береді, қоғамдық санада
әділеттілік ұғымы салтанат құрады. Әділеттілік субъективтік факторларды
объективтік талаптардың аяғына жығу, оған тәуелді ету.
4. Заңдылық. Заңды жауапкершілікке тарту тек заңдылық қағидалары
негізінде іс жүзіне асулары тиіс. Заңды бұрмалау арқылы жауапқа тартып,
жаза қолдану мемлекеттік органдардың халық алдыңдағы беделін түсіреді,
бассыздық, адам құқықтарын аяққа таптауға тікелей жол ашады.
5. Заңды жауапкершілікке тек қана кінәлі субъекттің тартылуы. Құқық
талаптары бекіткен және тек қана кінәлі субъект заңды жолдармен алынған
дәлелдер негізінде жауапқа тартылуы тиіс.
Зандылық ұғымы.
Зандылық туралы заң ғылымында құнды зерттеулер мен монографиялар жарык
көрді. Көптеген ғалымдар зандылыкты екі мағанада түсінеді: Бірінші топтағы
ғалымдар заңдылықты мемлекеттегі басқару режимі десе, екінші топтағы
зерттеушілер заңды бұлжытпай орындау деген идеяны алға тартады. Сонымен
қатар заңдылық құл иеленуші және феодалдык мемлекеттерде болмаған деген
пікір қалыптасқан.
Адамзат тарихында қабылданған тарихи-құқықтық ескерткіштерге назар
аударсақ, зандылық құл иеленуші, феодалдық мемлекеттерде де болған, бірақ
мүддені қорғауда тар шеңбер аумағында, таптық сипат деңгейімен ғана
шектелген. Мысалы, ежелгі Римдегі Юстинианның Дигестеріңде заңдылық туралы
мынандай норма бар: Заң деген ол сол, оған барлык адамдар бағынулары
тиіс. Хамурапи, Ману заңдарынан да осындай талаптар аңғаруға болады.
Мысалы, б.э. дейін XVIII ғ., ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықбұзушылық және заңды жауапкершлік
Қылмыстың объект
Құқық бұзушылықтың құрамы
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Заң алдындағы жауаптылық және құқықтық санкциясы
Құқық бұзушылықтың түрлері
Заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлері
Жауапкершілік
Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар
Құқыққа сәйкес мінез-құлық, құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық
Пәндер