Өнеркәсіптік құрылыс саласындағы еңбек гигиенасының қазіргі үрдістері


М. Оспанов атындығы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Кафедра: Кәсіби аурулар және гигиеналық пәндер
Пәні: Қазақстандағы алдыңғы қатарлы өндіріс салаларындағы еңбек гигиенасы
Тақырыбы: Өнеркәсіптік құрылыс саласындағы еңбек гигиенасының қазіргі үрдістері
Орындаған: Қасымова. Н. Б 502м\п
Тексерген: Құлбаева. А. Б
Ақтөбе 2016ж
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
- Құрылыс өндірісінің еңбек гигиенасы
- Құрылыс материалдары
- Сауықтыру шаралары
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І Кіріспе
Ел экономикасы үшін құрылыс саласының мән-маңызы айтарлықтай рөл ойнамақ. Дамыған елдерде құрылыс материалдарының өндірісі экономиканың аса маңызды салаларының құрамына кіретін құрылыс кластерінің ажырамас бөлігіне айналып үлгерген. Ал бізде құрылыс индустриясын 700-ге тарта өнеркәсіптік кәсіпорындар құрайды. Олардың қызметі құрылыс материалдарын өндірумен ғана шектеліп отыр.
Біздің еліміз цемент, құрылыстың известь, темір бетон, асбестті цементті мен терезе әйнектерін өндіруде әлем бойынша жетекші орын алады.
Құрылыс өндіріс технологиясы - құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындау әдістерінің жиынтығы, осы әдістердің тиімді жолдарын зерттейтін ғылыми пән. Құрылыс өндіріс технологиясы құрылысқа пайдаланылатын материалдар мен шала өнімдердің түріне (топырақ, тас, бетон және темірбетон, ағаш) немесе тұрғызылатын құрастырымдық элементтердің түріне (құрылыс құрастырымын құрастыру, қада қағу, шатыр жабу, оқшаулау, т. б. жұмыстар) қарай алуан түрлі технологиясы үдерістерге бөлінеді.
Құрылыс өндіріс технологиясындағы үдерістер әр түрлі жұмыстардан, ал бұл жұмыстар өз кезегінде түрлі әдістерден құралады. Үйлер мен ғимараттар, т. б. құрылыстар салу үшін оның жер асты, жер үсті бөліктерін тұрғызуға арналған құрылыс-құрастыру және өңдеу жұмыстары орындалады.
Өндірістік ортаның негізгі қолайсыз факторы шикізат пен дайын өнімнің шаңы, интенсивті шу, ысытылған микроклимат болып табылады.
Еңбек жағдайы:
Жұмысшыларды тері аурулары кең тараған. Тері ауруларының себептері хром мен кобальт, сирен-шенель болып табылады. Сонымен бірге тыныс жолы ауруларының созалмалы бронхит пен бронхиальды айна түрінде де тіркеліп отыр.
Өндірісте негізгі зиянды факторлар:шу, діріл, қолайсыз микроклимат пен жұмысшы қаланың ауасының шаңымен(цементті, силикат, металл) ластануы. Қолмен жұмыс жасауды қажет етітін операциялардың болуы терінің зиянды затымен және шаңмен қатынаста болуына алып келеді.
Штамптермен және үздіксіз жұмыс жасайтын пресстермен жабдықталған цехтардағы шулы режим тегіс - импульсивті сипатта болады, ал үздіксіз жұмысқа ие агрегаттармен, олар: шарлы дирмен, бетоналмастырғыш құрылғы, жылжытпалы стол, жабдықталғын цехтардағы шу тұрақты тегіс сипатқа ие.
Бетонды және темір бетонды зауыт
Бетонды және темір бетонды зауыт жұмысшыларының арасында кәсіби дерматоздар мен пневмоканиоздар сияқты, ал формалаушы- бетомцинтерде діріл ауруы, есту аппарытының невриті сынды кәсіби аурулардың формаларф көрінеді. Өндірістің негізгі цехтарында жоғары температура мен салыстырмалы ылғалдылық әсерінен өолайсыз микроклимат жағдайы туындайды. Асбессті шаңда ұзақ дем алғанда жұмысшылардың жоғарғы тыныс жолы, кальсифиттер мен плевриттер аурулары дамуы мүмкін. Терінің кәсіби ауруы сипатталған: «асбессті сүйелдер».
Өндірісте негізгі қолайсыз қндірістік факторлар: ауаның саз бен шамат шаңымен ластануы, ауаның жоғары температурасы мен ультрақызыл сәулелену, интенсивті шу, физикалық күштеме, т. с. с.
Зауыттардағы ауаның шаңмен ластануының негізгі себептері болуы мүмкін: құрылғылардың (диірмен, уақтағыш, элеватор, буинерлер) жеткіліксіз герметтілігі, олардың дұрыс емес эксплуатациялау, құрылғының жоғарғы қысым астында болуы. Құрылғыларды маман дайындайтын цехтарда қолданғанда шу пайда болады. Уақтағыш және шарлы диірмен жұмыс істегенде шудың деңгейі нормадан асып кетеді.
Құрылыстық өндірістік
Құрылыстың негізгі мақсаты- өндірістік коммунальды-тұрмыстық және де басқа да бағыттағы обьектілермен тұрғын үйлер салу. Құрылыстың өндірістік технологиясы келесі жұмыс түрлерінен тұрады:
- Ғимараттың жер асты бөлігін салу: жерлі, буровые, жарылғыш, кессонды, транспортты, тиеу-жинау жұмысы.
- Ғимараттың жер беті бөлігін салу: монтажды, тасты, бетонды және темір бетонды, ағаш антокоррозиялы, кровельді, жылу дыбыс гидроизоляциялық жұмыстар.
- Қорытынды цикл: штурнатуралы, молярлы, әйнекті, обоилы жұмыстар, беткей жұмыстар.
Жер жұмыстары өсімдік қабатынан грунт, домб, себінділер, котловандарды қазу каналдар мен траншиялар қазудың шекараларын тазартудан тұрады.
Машинистер төмендегідей құрылыс машиналарымен жұмыс жасайды:
- Бульдозер
- Скреперлер
- Гридерлі-элеваторлы мен канал қазушылар
- Жер қазатын экскаваторлар.
- Сирек гидроликалық және жарылу әдістері қолданылады.
Машинистердің жұмысы экскаваторлар мен бульдозерлерді техникалық өңдеуден, басқарудан, ағымдағы ремонтпен, сонымен қатар машиналарды монтаждау мен демонтаждаудан тұрады. Еңбек процесін ұйымдастырудағы жауапкершіліктің салдарынан жұмысшыларды нерв-эмоциональды бұзылысқа алып келеді. Жер қазушы машиналармен жұмыста діріл мен шу пайда болады.
Жұмыс зонасының ауасы грунтты және құмды шаңмен ластанады. Жазғы периодта машиналар кабинасындағы матордың жылудан сақтауы жоқ болғанына байланысты ауа температурасы 38-45С қа жетеді. Қыс мезгілінде кабинадағы шамалы жылу оқшаудың әсерінен ауа температурасы 4-12С төмендейді.
Бетонмен жұмыс жасау
Бетонмен жұмыс жасау дайындық және құрылыстан кейінгі процестерден тұрады.
1. Дайындық процестері (бетонды қоспаларды дайындау) зауыттарда немесе құрылыс алаңынан тыс полигондарда жүргізеді.
2. Құрылыс процестері ( арматураларды мантаждау және құру, транспорттау, салу мен бетон қоспасын тұрғызу) құрылыс аудандарында, технологиялық циклды құра отырып, жүргізу керек.
Бетондау кезіндегі микроклимат температураның кқтерілуін және төмендету, инголяция, салыстырмалы ылғалдыдық, ауа қозғалысы, қоршаған беткейлерді анықтайды.
Ағашпен жұмыс жасау плотниктер мен столярлар жұмысынан тұрады. Бұл жұмыс мәжбүр деңгейдегі физикалық ауыр күшті қажет ететін жұмыс. Аралау, кесу кезіндегі жұмыс зонасының ауасы ағаш шаңымен ластанады. Сонымен қатар ауа шіруге қарсы, антисептикалық заттардан тұратын өнімдермен де ластанады: калций содасы, кремний - фторлы натрий, органикалық ерітінділер(ацетон, ксилол, толуол) бумен.
Бояу (маляр) жұмысы
Бояу материалдары келесі операциялардан тұрады: беткейді тазарту, шпаклевка, грунтовка, шлифовка және бояу.
Шпаклевкалауды қолмен беткейге енгізеді.
Бояуды келесі әдіспен жүргізеді: элекутропульт, пневмотикалық қармақ, шашыратқыш пистолеттер.
Қолайсыз факторлар болып қоршаған ортаға полимерлер түрінде, шаң пластмасса және комплекті зиянды заттар болуы мүмкін.
Құрылысшылардың ауруға шалдығуы
Ауруға шалдығу деңгейі жұмысшылардың жасына, жынысына, санитарлы -тұрмыстық жағдайы және басқа да факторларға байланысты.
Көп ауруға шалдығатындар бетоншылар мен тасшыларда. Ауру көрсеткіші ерлерге қарағанда әйелдерде жиі. Көп тараған ауруға келесі аурулар жатады: тұмау, тыныс мүшелері аурулары, тірек-қимыл апараты, тері, тері асты клечаткасы және асқорыту мүшелері аурулары.
Сауықтыру шаралары
Сауықтыру шаралары жұмысты механизациялау мен индустриялизациялау деңгейін көтеруге, ауыр қол жұмысын жоюға бағытталған. Жұмыс орындарын желден қорғау қажет. Зиянды химиялық заттардан бөлмені желдету арқылы тазартып отыру қажет.
Тері зиянды заттармен зақымданудан қорғау ондай заттармен байланыста болудан қорғау болып табылады.
Құрылыс монтаж алаңындағы жұмыс құрылысшылардың санитарлы-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз етумен бірге жүреді.
Құрылысшыларды санитарлы-тұрмыстық қамтамасыз ету төмендегідей арнайы ғимараттарда жүргізілуі мүмкін:
1. Әртүрлі типтегі ғимараттар
2. Қызмет ететін мекемелерді қызмет ететін стационарлы тұрмысты комплекстер.
3. Құрылыс алаңында орналасқан ғимараттар.
4. Уақытша санитарлы-тұрмыстық жабдықталған өндірістік комплекстер.
Құрылысшыларға медициналық көмек цех принципі бойынша жүріп, медициналық санитарлық бөлікте немесе поликлиника базасында жүргізіледі.
Жеке қорғану құралдары және қорғану киімі
1. Егер жазатайым оқиғаның ықтимал болуынан немесе қолайсыз жағдайларды қоса, денсаулыққа келтірілетін зияннан тиісінше қорғау өзге құралдармен қамтамасыз етілмеген болса, жұмыс беруші қызметкерлер үшін, жұмыстың сипаты мен қатерін ескере отырып, ұлттық заңнамадағы және ережелердегі ұйғарымдарға сәйкес тиісті жеке қорғану құралдарын және қорғану киімін тегін береді және оларды тиісті жағдайда тегін ұстайды.
2. Жұмыс беруші қызметкерлерге жеке қорғану құралдарын
пайдалануға мүмкіндік беретін қажетті құралдарды береді және олардың
тиісті қолданылуын қамтамасыз етеді.
3. Жеке қорғану құралдары және қорғану киімі құзіретті органдар эргономикалық принциптерді мүмкіндігінше ескере отырып белгілеген стандарттарға сәйкес болуға тиіс.
4. Жұмыс істейтін адамдардан жеке қорғану құралдарын және қорғану киімін тиісті пайдалану және ұқыпты ұстау талап етіледі.
Алғашқы көмек
Жұмыс беруші кез келген уақыттағы алғашқы көмекті оқытылған қызметшілер жасауына жауапты болады. Жарақат алған немесе кенеттен ауырып қалған қызметкерлерді, оларға медициналық көмек көрсету мақсатында эвакуациялауды қамтамасыз ететін шаралар қабылданады.
Санитарлық-тұрмыстық жағдайлар
1. Әрбір құрылыс алаңы немесе одан қолайлы қашықтықта қажетті
сапалы ауыз су қорымен қамтамасыз етіледі.
Әрбір құрылыс алаңында немесе одан қолайлы қашықтықта жұмыс істейтін адамдар санына және жұмыстың ұзақтығына қарай қызмет
көрсетілетін:
а) санитарлық және жуыну бөлмелерімен;
b) киім ауыстыратын, сақтайтын және кептіретін бөлмелермен;
с) тамақтануға және ауа райының жайсыз болуы себебінен жұмыстағы үзілістерде адамдар паналауға арналған бөлмелермен қамтамасыз етіледі.
3. Қызметкер әйелдер мен еркектер жеке санитарлық және жуыну бөлмелерімен қамтамасыз етіледі.
Қорытынды
Кәсіби аурулардың профилактикасы жұмысшылар аурушаңдығын және денсаулық жағдайындағы ауытқулардың даму тәуекелін төмендетуге, олардың үдемелілігін болдырмауға, жағымсыз салдарын азайтуға бағытталған шаралар жүйесінен тұрады. Оларға медициналық ( санитарлық гигиеналық), экономикалық, құқықтық сипаттағы шаралар кіреді. Жалпы көрсетілген аурулардың профилактикасы тәуекел факторларын заңнамалық реттеу (ШРЕД және ШРЕК бекіту) және өндірісте қауіпсіз еңбек және тұрмыс жағдайын құру жүйесі бойынша мақсатты бағдарламалар құру жолымен жүзеге асырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- «Еңбек гигиенасы бойынша оқу құралы»
Профессор Т. К. Каримовтың басшылығымен доцент В. М. Сабырахметова, К. Н. Шаяхметова, Л. Д. Сакебаева, Г. И. Карашова құрастырған.
- «Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасы туралы конвенция»
- «Еңбек гигиенасындағы машықтану сабақтарына арналған жетекші оқу құралы»
Жалпы редакциясын басқарған Қ. Қ. Тоғызбаева
- Ғаламтор мәліметтері
- «Еңбек медицинасы негіздері»
А. А. Мамырбаев
Бағалау критерийі
0-0, 1 шарты орындалмаған
0, 2-0, 3 шарты ескертулермен орындалды
0, 4-0, 5 шарты орындалды
Операция поиска #1
[14:17:46] Не загружена страница из запроса №2-1 (30092 миллисек., превышен таймаут в 3 миллисек. ) : http://www. cbs-atyrau. kz/uploads/2011/08/1. 01. 32-2005. pdf
[14:17:49] Возникла ошибка при загрузке страницы из запроса №15-2 (30014 миллисек. ) : http://kaznmu. kz/rus/wp-content/uploads/2013/07/%D0%94__%D1%80%C2%A6%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%80-4-%D0%BA%D1%83%D1%80%D1%81. -%D0%BA%D0%B0%D0%B71. doc ( Время ожидания операции истекло )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz