Банктің активтерінің сипаты мен сапасы


ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНE БІЛІМ МИНИCТPЛІГІ
Л. Н. ГУМИЛEВ AТЫНДAҒЫ EУPAЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВEPCИТEТІ
«Қapжы» кaфeдpacы
«Банк ісі» пәні бoйыншa
КУPCТЫҚ ЖҰМЫC
тaқыpыбы: Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
Экoнoмикa фaкyльтeтінің cтyдeнті
3 кypc Қapжы-31 тoбы
Тұрабай Бердібек Әлназарұлы
(aты-жөні)
Ғылыми жeтeкшіcі:
aғa-oқытyшы
(ғылыми aтaғы, дәpeжecі)
Жaмиeвa A. E.
(Aты-жөні)
Acтaнa 2016
Кіріспе
Банктік активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады. Банк активтерінің сапасына баға беруде және жалпы жағдайда несие банк ісінің негізіне алынуда. Әлемдегі банктердің банкротқа ұшырауы банктердің активтерінің сапасының төмендігінен туындап отыр. Көптеген банкирлер және реттеуші ұйымдардың пайымдауынша активтерді басқару банктің активтерінің сапасының басты көрсеткішін сипаттайды.
Қазіргі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы, өз кезегінде банктердің активін басқарудың тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарынының болуын нақты дәлелдейді.
Көптеген банк қызметкерлері банктің активін кешенді басқару пайданы арттырып, тәуекелді азайтады деп пікір айтады. Бұл жерде күтілетін табыстар мен өтімділікті дұрыс бағалау қауіпі бар. Бұл жерде банк активі мен пассивін басқару тәуекел мен табыстардың ара қатынасын дұрыс түсіне білу қажет, себебі, банк тәуекелін бір бағытта қысқарту, банк қызметінің басқа бағыттары бойынша оның артуына жол береді. Банк қызметінде тәуекелдің жоғары деңгейде болуы, өз кезегінде тек қана табыссыздыққа ғана емес өтімсіздікке ұшырауға себеп болары сөзсіз. Ендеше, банктік сектордағы орын алған өтімділік дағдарысынан шығуға тиісті қолданылатын шаралардың кешігуі, ертеңгі банктік дағдарысқа жол беруі әбден мүмкін.
Кypcтық жұмыcтың өзeктілігі : Активті операциялар негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрде қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Банк активтерінің сапасы несиелік қоржынның сапасына байланысты. Қаншалықты несиелік қоржында жіктелген несиелердің үлесі жоғары болса, соғұрлым банк активтерінің рейтингі төмен болып келеді. Сондықтан да несиелік қоржынды басқару бұл өз кезегінде активтерді басқарудан туындайтын маңызды шаралардың біріне жатады.
Курстық жұмыстың мақсаты : Қазақстандағы коммерциялық банктердің активтері құрылымының экономикадағы рөлі, коммерциялық банктерді нарықтық экономиканың бір буыны ретінде қарастыру. ҚР коммерциялық банктерінің активтеріне шолу жасай отырып, оларға баға беру және банк секторының ағымдағы жағдайын терең түсініп ұғыну болып табылады.
Кypcтық жұмыcтың міндeттepі:
- Банк активтерінің теориялық аспектілерін қарастыра отырып оларды қалыптастыру тәртібінің экономикалық мәнін ашу;
- ҚР-дағы коммерциялық банктер активтерінің құрылымына қойлатын нормативтік талаптармен танысу;
- ҚР II деңгейлі банкті зерттеу объектісі ретінде қарастыра отырып, оның активтері мен активті операцияларына талдау жасау.
Кypcтық жұмыcтың зерттеу пәні: «Казкоммерцбанк» АҚ-ның активтерін орналастыруы.
Кypcтық жұмыcтың oбъeктіcі болып «Казкоммерцбанк» АҚ табылады
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде мен коммерциялық банктердің активтерінің ұғымына, түрлеріне, жіктелуіне мән бердім. Сонымен қатар осы активтерді ұлғайтуға, табыстылығына өзінің ықпалды әсерін тигізетін активті операцияларға да тоқталдым. Олардың түрлері және ерекшелігі, артықшылығы және кемшілігі жөнінде толығырақ қарастырып өттім. .
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде ҚР-ның коммерциялық банкі, нақтырақ «Казкоммерцбанк» АҚ ағымдағы активтерінің құрылымына, олардың түсінігі мен үлестік орындарына тоқталдық. Осы аталған банк ҚР-ның жетекші әрі үздік банк қатарын бастап тұрғанын атап өттік. Сол себепті екінші бөлімде осы банктің қызметімен таныстым.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде банктің алдағы уақытта даму жоспарлары мен мақсаттары қарастырылған.
Кypcтық жұмыcты жaзy бapыcындa мaтepиaлдap: Жapлықтapы, ҚP нopмaтивті-құқықтық зaң aктілepі, қapжы жәнe банк ісі тypaлы oқyлықтap, мoнoгpaфиялap, мepзімдік бacылымдapдa жapиялaнғaн мaқaлaлap, ҚP Қapжы миниcтpлігінің, ҚP cтaтиcтикa Aгeнттігінің, Ұлттық банктің мәлімeттepі қoлдaнылғaн
1. БАНК АКТИВТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1. 1. Банк активті операцияларының қалыптасу және жіктелу тәртібі
Көп жағдайларда актив деп шаруашылық субъектілерінің муліктік құқықтарының жиынтығы түсініледі, ал банк активтері деп - бұл пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әртүрлі активтер бойынша орналастырылған каражаттары. Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады. [1]
Банк активтері қордаланған қаржыны қолдану бағытын көрсетеді және келесідей қасиеттерге ие:
- банктің барлық активтері оның пассивтерімен анықталып және оған тәуелді болады;
- табысты және табыссыз болып бөлінеді;
- барлық активтер, негізгі құралдардан басқа, қаржылық ресурстармен айқындалады;
- банктің шаруашылық субъектілері және жеке тұлғалармен, Ұлттық банк және басқа да банктермен, халықаралық қаржы институттары және мемлекетпен өзара қарым-қатынасын білдіреді; [2]
Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:
- касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
- берілген несиелер;
- бағалы қағаздарға жасалынған инвестициялар;
- банктің ғимараты мен жабдықтары.
Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көлеміне, бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады. [5]
Банктің қаржылық есеп беру үлгілері мынадай негізгі құжаттар арқылы берілген: баланс, пайдалар мен шығындар туралы есеп, қаржыландыру көздерінің қозғалысы туралы есеп, акционерлік капитал туралы есеп, түсіндірме. Банктің балансы ақшалай түрде көрсетілген коммерциялық банк ресурстарының жағдайын, оларды қалыптастыру көздері мен пайдалану бағыттарын, сондай-ақ есепті мерзімнің басы мен аяғындағы банк қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайды. Оларға талдау жасау банктердің өтімділігін бақылауға, банктің қызметін басқаруды жетілдіруге мүмкіндік береді.
Банктер балансының құрамы мен құрылымы оларды қызмет сипаты мен өзіне тән белгілеріне, банк операцияларында пайдаланылатын бухгалтерлік есептің құрылу қағидаларына қатысты болады.
Банк балансының базалық формасы:
Активтер = міндеттемелер + меншікті капитал
Банктердің балансы үш негізгі бөлімнен: активтерден, міндеттемелерден, және меншікті капиталдан тұрады. Баланста активтер өтімділікті көрсететіндей ретпен санамалап орналастырылады. [7]
Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын талаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді. Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға бөлінеді:
- жоғары өтімді активтер;
- өтімді активтер;
- ұзақ мерзімді өтімді активтер.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтерге сәйкес жоғары өтімді активтерге мыналар жатады:
- қолма-қол ақшалар;
- мемлекеттің бағалы қағаздары және Қазақстан ипотекалық компаниясының борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ өтімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздар;
- құйма қымбат бағалы металдар;
- Ұлттық Банктегі Standard & Роогs және басқа рейтингтік агенттіктердің «А» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар бейрезидент банктердегі талап етуге дейінгі депозиттер;
- Stаndагd & Рооrs және басқа рейтингтік агенттіктердің «А» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар Қазақстан Республикасының банктерге берген «овернайт» займдары.
Банктің бұл қаражаттары банк айналымынан қажет уақытында алуға мүмкіндік беретін активтерге жатады. Банктің өтімді қаражаттарының құрылымына жоғарыда аталғандарынан басқалары, яғни қайтару мерзімі 30 күнді құрайтын, шетел валютасында берген барлық несиелер, алдағы 30 күн ішінде аталған банкке келіп түсуге тиісті басқа да төлемдер жатады.
Ұзақ мерзімді өтімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген несиелердің бәрі, сондай-ақ 50% кепіл хат және кепілдікпен 1 жылдан жоғары уақытқа берілген несиелер, үкіметтің кепілхатымен, бағалы қағаздарды және бағалы металдарды кепілге алып берілген ссудаларды шегеріп тастағандағы мерзімі өткен несиелер.
Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі:
1 топ. Алғашқы резервтер - бұл алынатын салымдарды төлеуге және несиеге деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең өтімді активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады:
- Касса;
- Инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де төлем құжаттары;
- Басқа да коммерциялық банктердегі корршоттағы қаражаттар.
Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банктің өтімділігінің негізгі көзі болып табылады.
2-топ. Екінші реттегі резервтер - бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Оларға мыналар жатады: вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар; талап етілетін (онкольдық) несиелер; бірінші сыныпты қарыз алушыға берілетін несиелер. Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты - алғашқы резервтерді толықтыру көзі ретінде қызмет ету болып табылады.
3-топ. Банктік активтердің маңызды бөлігі - банктік несиелік портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банктің пайдасының басты көзін құрайды.
4-топ. Бұған инвестициялық портфелъ жатады. Инвестициялық портфелді қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде болу. [1]
Несиелердің жіктелуі олардың сапасына, қамтамасыз етілуіне, қарыз алушының қаржылық жағдайына, оның несиелік тарихына, несиелердің жіктелу санаттарына байланысты жүзеге асады. Банкаралық несие басқа банктердегі депозит сияқты жіктеледі.
Басқа банктерде орналастырылған банк депозиттерінің жіктелуі өзінше ерекше. Егер А тобындағы рейтингінен төмен емес рейтингі бар шетел банкінде немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен емес жеке рейтингі бар кез келген резидент банкте депозит (соның ішінде корреспонденттік шот) орналастырылған болса, депозиттен, соның ішінде корреспонденттік шоттан қаражатты аудару уақытында жүзеге асып отырса, онда ондай депозит стандартты болып табылады.
Сонымен қатар, егер А тобындағы рейтингінен төмен емес рейтингі бар шетел банкінде немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен жеке рейтингі бар кез келген резидент банкте депозит (соның ішінде корреспонденттік шот) орналастырылған болса, онда банк құжат негізінде оның қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.
Қаржылық жағдайын анықтайтын мониторинг болмаған жағдайда, ондай банкте орналасытырылған депозит не корреспонденттік шот бір категорияға төмендеп жіктеледі.
Бағалы қағаздарды жіктеудің өзіндік ерекшелігі бар. Бағалы кағаздарды жіктеу банктің инвестициялық портфеліндегі баланста қайта бағалауға жатпайтын қарыздық бағалы қағаздар түрлері бойынша жүзеге асырылады.
Занды тұлғалардың акцияларына жұмсалынған инвестициялар жіктелуге жатпайды. А тобындағы рейтингінен төмен емес рейтингі бар шетел эмитентінің немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен емес жеке рейтингі бар резидент-эмитенттің, сондай-ақ Қазақстан қор биржасының А категориясының ресми тізіміне енген бағалы қағаздар бойынша төлемдер кешіктірілмеген жағдайларда олар стандартты болып саналады.
А тобындағы рейтингінен төмен рейтингі бар шетел эмитентінің немесе Қазақстан Республикасының суверенді рейтингі бір деңгейге төмен жеке рейтингі бар резидент-эмитенттің қаржылық жағдайына құжат негізінде банк мониторинг жүргізеді.
Бағалы қағаз эмитентінің қаржылық жағдайын анықтайтын мониторинг болмаған жағдайда, ондай бағалы бағаздар бір категорияға төмендеп жіктеледі.
Дебиторлық қарыздарды жіктеуге әкімшілік және шаруашылық қызметке байланысты өтеу мерзімі үш айдан жоғары дебиторлық қарыздардан басқалары жатады. Қайтару мерзімі алдын ала белгіленбеген, бірақ банк балансында алты айдан жоғары мерзімде есепте тұрған дебиторлық қарыздар бойынша бір категорияға төмендейді.
Егер бір дебитордың дебиторлық қарызы банктің меншікті капиталының 5 пайызынан жоғары болса, онда дебиторлық қарыздың пайда болған күнінен бастап банк дебитордың қаржылық жағдайына тиісті құжаттар бойынша мониторинг жүргізеді. Дебитордың қаржылық жағдайына жүргізілетін мониторинг болмаған жағдайда ондай активті жіктеу бір категорияға төмендейді.
Банктің шартты міндеттемелерінің жіктелуі клиенттің тапсырмасы бойынша қабылданған және келісімшартқа сәйкес клиент үшін банкке төлем тәуекелін тудыратын міндеттемелер бойынша жүзеге асады.
Шартты міндеттемелерді есепке алу және жіктеу банкпен оның клиенті арасындағы келісімшарт жасалған күннен басталады.
Шартты міндеттеме бойынша сыйақы төлеу мерзімі кешіктірілмеген және шартты міндеттеме ашылған клиенттің қаржылық жағдайы тұрақты болған жағдайда ондай шартты міндеттеме стандартты болып саналады.
Клиенттің қаржылық жағдайы тұрақты болмаған және сыйақы төлеу мерзімі кешіктірілген жағдайда ондай шартты міндеттемелер жіктеледі.
Провизиялардың көлемі жіктелген активтердің сомасынан, олардың сапасына байланысты 5%-дан 100% -ға дейін құрылады.
Провизиялар - активтердің қайтарылмауы немесе олардың құнының төмендеуінен келген шығындарды жабу үшін қажетті құралдардың сомасы.
Провизиялар жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы провизиялар - бұл банктің арнайы провизияларды құруды қажет ететін активтерден басқа да барлық жиынтық активтері бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін құрылған провизиялар,
Арнайы провизиялар - бұл құны өзінің сатып алу құнынан екі есе төмен немесе қайтарылмай қалуы мүмкін нақты жіктелінген активтер бойынша шығындарды жабуға арналған провизиялар.
Активтер мен шартты міндеттемелер айына екі рет жіктеледі.
1. Алдын ала жіктелім, яғни айдың соңғы күнінен 7 күн бұрын жасалатын жіктелім және оның мақсаты:
- айдың соңына таман Банк бойынша жалпы алғанда активтер мен шартгы міндеттемелердің сапасын тәуекелдің дәрежесіне қарай болжау;
- айдың соңына дейін қарыз алушыларды қарыздары бойынша ескерту және қайтармай қалу тәуекелінің алдын алу;
- қарыз алушыға қызмет көрсетумен байланысты болуы мүмкін мәселелерді несиелік бөлімшелерге хабарлау.
2. Ақырғы жіктелім. Айдың соңғы күнінде банктің балансында провизия мөлшерінің өзгерісі көрсетіледі. [1]
Активтік операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға ерекшелігін сипаттайды.
Коммерциялық банктердің активті операцияларының негізінде экономиканың шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрде қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады. Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Қазақстан Респупликасының активтік банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:
1-кесте. Қазақстан Респупликасының активтік банктік операцияларының жіктелуі
- Жеке тұлғаларға
- Заңды тұлғаларға
1. Портфелдік инвестициялар
2. Нақты капитал инвестициялар
3. Материалдық емес активтерге салынған инвестициялар
Лизингтік опер/р:
- шұғыл лизинг
- қаржы лизингі
Факторингтік опер/р
Форфейтингтік опер/р
Ескерту: Мақыш С. Б., «Банк ісі»: оқулық. - Алматы: Жеті жарғы, 2009., 5-тарау, 161- бет
Банктің активтік операцияларының маңызды бөлігін - банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары не:гізінде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды. [1]
Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылығы бар. Несие - банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бiр формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi. Қазіргі таңда банктер тарапынан ұсынылатын несиенің түрлері өте көп.
Жалпы қорытындылай келе, банктер несие беру барысында несиелiк саясатты iске асырады. Несиелiк саясат - банктiң несиелiк жұмысын ұйымдастыру негiзiн және несиелеу процесiне қажеттi құжаттар жүйесiн жасау шарттары.
Банктің инвестициялық операциялары несиелік операциялардан кейінгі орында тұрады. Бұл операциялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы қалыптасады. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырудың мақсаттарына банкке табыс әкелу және өтімді активтер қатарын толықтыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:
- Мемлекеттік бағалы қағаздар;
- Корпоративтік бағалы қағаздар.
Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.
Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруы дамып келе жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:
- Акциялар;
- Облигациялар;
- Депозиттік және жинақ сертификаттары;
- Ипотекалық куәліктер;
- Депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық операциялардың негізгі бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі.
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг - бұл лизинг берушiнiң өзiне тиесiлi құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндiрiске және сауда саттыққа арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтiк төлем төлеу шартымен, белгiленген мерзiмге пайдалануға беруiн қарастыратын жалға беру шарты.
Коммерциялық банктердiң ең көп таралған делдалдық қызметiнiң бiр түрi - факторинг. Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшiн уақытын кешiктiрiп төлеуге беретiн тауар формасындағы және ашық шот түрiнде рәсiмделетiн коммерциялық несиенiң болуын сипаттайды. Факторинг - клиенттiң айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық операциясының бiр түрi. Бұл жерде факторингтiк компания клиенттердiң шотын 90%-ға дейiн төлеу шартымен сатып алады. Факторингтiң мақсаты кез-келген несиелiк операциялардың ажырамас бөлiгi болып табылатын тәуекелдi қалпына келтiруiн шешуге бағытталады.
Форфейтинг - бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктiң немесе арнайы компанияның экспортерға импортердiң төлеуге тиiстi төлем талабын сатып алуы.
Форфейтинг мәмiлесiде үш қатысушы болады:
1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзiмдi кезеңге несиеге берушi;
2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
3. Форфейтор, яғни мәмiленi қаржыландырушы банк немесе арнайы
ұйым.
Форфейтинг механизмiн мынадай екi мәмiле түрiнде пайдаланады:
1. Қаржы мәмiлесiнде - орта мерзiмдi қаржы мiндеттемесiн тез арада iске асыру мақсатында.
2. Экспорттық мәмiле бойынша - шетелдiк сатып алушыға несиеге тауар бергенi үшiн экспортерға қолма-қол ақшамен түсiм түсуге ықпал ету мақсатында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz