Білім беру үлгілері


Оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бұл мәселенің қалыптасуын бірнеше кезеңге бөлуге болады.
1-кезең - 1920-жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды, соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау орнына «бригадалық-лабораториялық әдіс жүйесіне негізделген» өздігінен бақылаудың түрлері кең көлемде тартылды.
2-кезең - 1930-жылдары білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алуды бақылау (Е. В. Турьянов) және тәрбиелік; қызметке (П. Г. Ананьев) көптеп көңілі аударыла бастады.
3-кезең - 1940-1960 жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық ғылым мен практика тәжірибесін жинақтау жұмыстары қолға алынды. Онда білімді бақылау (Е. И. Перовский) оқушыларды бақылау ретінде қарастырылды.
4-кезең - 1970-жылдары оқу-тәрбие процесінің барлық буыңдарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындалды.
5-кезең - 1986-жылдары оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау және бағалаудың мазмұны, амал-тәсілдері мен қызметінің дидактикалық - әдістемелік негіздерін талдау жасау қолға алынды.
Бүгінгі таңда оқыту теориясында бақылау немесе бағаның мәні, тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалыптаспай отыр.
Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчествалық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау - бұл оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау - бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оқушының оқу танымдық әрекетін бағалау - оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Білім, білік және дағдының бақылау және бағалау қызметі мыналар:
Бақылаудың білім беру қызметі - оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алган білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.
Бақылаудың тәрбиелік қызметі - оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді.
Бақылаудың дамыту қызметі - оқушылар өзбетінше оқу тапсырмаларын орындауды жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды.
Бағалаудың қызметі үш топқа бөлінеді.
Хабарлаушылық қызметі - білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағанның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.
Басқарушылық қызметі - осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.
Тәрбиелеушілік қызметі - бұл қызметтің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде.
Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі:
• Әділдік, шындық принцнпі - білім сапасының нақтылығы, баға өлшемімен ережесі нормасына қатысты және субъективтік факторларды болдырмауды көздейді.
• Жүйелілік, бірізділік принципі - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезендерінде бақылау жүргізуді көздейді.
• Жан - жақтылық принципі - бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардьщ теориялық білімдерін, интелектуалдық және практикалық білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.
• Жеке - дара приыцип - эрбір оқушының ерекшелігін бағалау, яғни оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекетін т. б. қарастырады.
• Дифференциялдық принцип - ә рбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке дара қасиетін ескеріп соған сәйкес бағалаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.
Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінін алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Республикасы аумағында танылуы тиіс халықаралық шарпаг (келісім) негізінде жүзеге асырылады.
2001 жылы Алматыда екі күнге созылған Қазақстан Республикасындағы ара қашықтықтан білім беру тәжіржрибесі сараптамалары мен даму келешегі атты халықаралық тәжірибелік маслихат болып өтті.
Білім берудің жаңа түріне байланысты ғылыми көпшіліктің бас қосуын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Ресейдің Томск мемлекеттік университеті мен Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институты бірге отырып өткізді.
Мұндай халықаралық бас қосудағы мақсат - ара қашықтықтан білім беруді білім жүйесіне енгізудің мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударып, Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне көтерілуіне жағдай туғызу.
Қысқаша айтқанда, ара қашықтықтан білім берудің тиімді жақтары да жеткілікті. Бұл әдіс жоғарғы оқу орыңдарындағы студенттер үшін өте қажет. Мысалы, студенттер жоғары білім алу үшін бір қаладан екінші қалаға, бір мемлекетген екінші мемлекетке қатынамай-ақ тұрғылықты мекендерінде оқуларын жалғастыра береді. Білім берудің мұндай түрі қазір Европа елдерінде кеңінен пайдаланылуда.
Ара қашықтық (дистанциялық) оқу жүйесінің тиімді жері әлемнің кез келген нүктесінен білім алуына болады. Интернет арқылы тапсырмалар алып, дипломды да интернет арқылы қорғауына болады. Бұл барып оқығаннан тиімдірек, әрі арзанырақ.
Ш. Ақпараттық технологиялардың мазмұны
Бірлесіп оқудыц басты идеясы - білімді бірлесіп игеру.
Бірлесіп оқудың технологиясын қарастырмас бұрын, басты түсініктерін біліп алған жөн. Оқыту технологиясын әдістеменің негізгі принциптерін жүзеге асыру жолындағы студентгің танымдық және ұйымдастырушылық әрекеттерінің жалпы логикасын біріктіреді.
Көптеген елдердің білім беру жүйесінде қазіргі заманға сай тенденцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Бұл - білім саласындағы дүниежүзілік елдердің жаңа ақпараттық технологияларға соның ішінде осы дүниежүзі әлеміне есігін ашатын компьютерлі телекоммуникацияларға қызығушылық танытылуда. Қазіргі кезде мұндай мүмкіншіліктер қашықтық аралық білім беру, студент пен ұстаздардың қатынасы тек бір институт облыс көлемінде шектелмей одан да басқа мемлекеттер мен әлемнің аймақтарымен қатынасы көптеп етек алуда. Жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен тек күндізгі емес, үйден шықпай-ақ қашықтықта білім алуға болады. Интернеттің басты жүйесі әлемнің ғылыми орталықтарының, кітапханаларының ақпараттарына кіру, өздігінен білім алуға ой-өрісінің өсуіне, квалификацияның жоғарылануына жағдай жасайды. Барлық елдердегі білім саласымен, мұғалімдердің, студенттердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік туады. Қандай да болмасын білім беру жүйесі бұл ашық және тұрақты жүйе, сондықтан да мұндай оның компонентгері, білім беру мақсаты мен мазмұны, қандай да болмасын білім беру түрінде бір мемлекеттің ішінде және мемлекетте қабылданған білім беру бағдарламасымен белгіленген жүйесіне сәйкес өзгеріссіз қалу керек.
Халықаралық тәжірибеде телекоммуникация деп техникалық құралдар (телефон, радио, телевидение) көмегімен ақпаратгарды белгілі қашықтықта беруді айтады. Жоғарғы оқу орнының тәжірибесінде телекоммуниқациялар туралы айтқанда көбінше компьютерлік құралдармен (модем арқылы) ақпаратты беру, қабылдау, дайындау және сақтау туралы айтылады, я болмаса телефондық жүйе дәстүрі мен я болмаса спутниктің байланыс көмегімен - бұл компьютерлік телекоммуникациялар делінеді. (КТК) . КТК-дағы ақпараттарды өткізу мен қабылдау - компьютерден-компьютерге (синхронды байланыс - тікелей және уақыт аралық ЭВМ (асинхронды байланыс) арқылы брлуы мүмкін, олар қолданушы сұранысы бойынша оның жеке компьютеріне хабарларды толтырып, таратуына мүмкіндік береді.
ІV-тарау бойынша пысықтау мен бакылауга арналгая
сұрақтар:
1. «Инновация» ұғымының мәні.
2. Инновациялық процесс дегеніміз не?
20-лекция.
Ақпараттық технологиялар.
1. Білім беруді ақпараттандырудың даму тарихы.
2. Халықаралық іс-тәжірибеде білім беру үлгілері.
3. Ақпараттық технологиялардың мазмұны.
I. Білім беруді ақпараттандырудың даму тарихы.
Білім берудің дамыған өркениетті елдердегі үлгісіне қарап мемлекетімізге сай ұлттық сана мен халықтық дәстүр және даму ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың жаңаша түрлі жүйесінің бағдарламасы қолға алынғаны - алға қарай талпыныс, бүгінгі күннің талабы.
Білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді өмір сүруге бейім, өзіндік ой-талгамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
1997 жылдың 16-қыркүйегінде мемлекет басшысы Резиденциясында Елбасының білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасына қол қойған болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің сөзінде бұл бағдарламаның қабылдануын сол кездің өзінде-ақ біздің еліміздің бюджеті үшін ете қымбат шешім деп атаған еді, бірақ, сонымен қатар: "Бізге бұдан да өте қымбатка түседі, егер біз Қазақстаңның келешегі - өскелең ұрпақтың сапалы білімі туралы ойлансақ " - деп атап көрсетті.
Білім жүйесін ақпаратгандырудың 2002-2004 жылдарға арналған Концепциясы Үкіметтің қаулысымен бекітілді, онда оның негізгі бағытгары анықталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4. 3. 1. 9-тармақтарына сәйкес әзірленген және білім беру жүйесін дамытудың 2005 жылға дейінгі кезеңге арналган негізгі бағыттарын айқындайтын "Білім" мемлекетгік бағдарламасының негізгі міндеттерінде де:
- Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің мемлекетгік жалпыға міндетті стандарттарын енгізу және одан әрі дамыту, мамандықтардың мемлекеттік жіктегішін жетілдіру;
Білім беру бағдарламасын жетілдіру жолымен мамандарды даярлаудың жоғарғы сапасын қамтамасыз ету;
- Студенттерді даярлауда, олардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауда халықаралық ынтымакгастықты кеңейту, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеулерді жүргізу;
- Оқытудың жаңа ақпаратгық технологияларын енгізу, дистанттық білім беруді дамыту;
- Академиялық және салалық ғылымды жоғары біліммен кезең-кезеңмен интеграциялау.
Арақашықтықта оқыту - өз бетінше білім алудың бір түрі.
Дистантгық философиялық білімді толығырақ өз еңбектерінде В. Белла, А. Тоффлера, Р. Ф. Абдеева атап өткен. Қазіргі уақытта дистанттық білім термині нақты анықталмаған. АҚШ мамандары дистанттық білімді былай түсіндіреді: білім программасьш мынадай технологиялар арқылы жеткізуді атап көрсетеді, олар кабельдік және спутникті телевидение, видео және аудио жазбалар, факстар, модемдер, видео конференцияларды оқу орындарынан тыс жерлерде оқыту.
Сонымен қатар дистанттық білімді екі аспектіде - Қазақстан Республикасының білім беру системасының бір белшегі ретінде және педагогикалық система ретінде қарастыруға болады.
ІІ. Халықаралық іс-тәжірибеде білім беру үлгілері.
Оқу орындарында оқыту күндізгі, сырттай, кешкі оқу сияқты бұрыннан келе жатқан нысандармен қатар, халықаралық іс-тәжірибедегі білім беру үлгілері дистанциялық оқыту және экстернат нысандарында жүзеге асырылуы заңмен бекітілген.
Дистанциялыц оқыту дегеніміз - электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы білім беру ұйымдарынан алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметі мен дамуына нысаналы және әдістемелі түрде ұйымдастырылған басшылық жасау. Қысқаша айтқанда, алыстан білім беру.
Экстернат дегеніміз - ерекше санаттағы адамдарға арналған оқыту нысандарынын бірі, мұнда олар білім беру ұйымына үнемі бармай-ақ, білім беру бағдарламаларын өз бетінше меңгереді және қорытынды мемлекеттік атгестаттауға жіберіледі. Оқуды бітірген соң берілген құжаттар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде танылуы, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан
(зейін, қабылдау, ойлау т. б. процестерін) байланысты да әрекет жасайды.
Мұғалімнің оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлі көрнекі және техникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады.
Ауызша баяндаудың тағы бір ерекшелігі, оқытушының түсіндіруі мен оқушылардың ұғыну процесінің қатар жүруінде. Түсіндіру барысында әңгіме, әңгімелесу, ауызша-жазба және лабораториялық жұмыстарын қажетіне сай қатар қолдану керек.
Түсіндіру - оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де сындарлы баяндауы. Оның себебі, түрлі заңдылықтар мен ережелерді түсіндіру белгілі дәрежеде логикалық жүйелілікті қажет етеді.
Түсіндіру әдісінің мақсаты: заттардың елеулі белгілерін ашып көрсету, фактілер мен құбылыстарды талқылау. Сондықтан мұғалімнің оқу материалын түсіндіруінде әрқашанда пайымдау, қорыту, дәлелдеу көп болады.
Түсіндіру әдісінің ең маңызды мәселелері -оқушылардың алдына жаңа мәселені айқын, ашық етіп қойып, оку материалын тыңшылықты баяндап шығу. Түсіндіру әдісінің табысты болуы мұғалімнің нақтылы деректерді қаншама сәтгі қолдана білгендігіне де байланысты.
Түсіндіру әрқашанда заттар мен фактілердің, құбылыстардың мәнін ашу, қағидаларды түсіндіру, осылардың негізінде оқушыларға жаңа білімді баяндауда оны терен және түсінікті ұғынуларына мүмкіндік туғызады. Бірақ ол оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сынып және пән ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады.
Әңгіме - мұғалімнің сабақ барысында оқушылармен араласуынын неғұрлым қолайлы тәсілі болып табылады. Сөйтіп, оқушыларға жаңа білімді түсіндірудің неғұрлым қарапайым және түсінікгі түрі.
Әңгіме барысында мұғалім құбылыстарды бірізділікпен көркем суретгей отыра, өз сезін әртүрлі көркем шығармалар (картина, фотосурет) мен көрнекі құралдарды қолдану - арқылы жалғастырып отырады. Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың фактілер мен құбылыстарды жақсы түсініп, ұғынуына көмектеседі.
Бұл әдісті қолдану барысында мұғалім мен оқушылар арасында диалог пайда болады. Әңгіме оқытудың түрлі міндеттерін орындауға бағьпталады: жаңа білімді хабарлау, оны бекіту мақсатында қолданылатын әңгіме; өткен материалды жаңамен байланыстыру, өткенді қайталау, оны тексеру және бағалау үшін қолданылатын әңгіме.
Әңгіме әдісі көбінесе бастауыш немесе орта буын сыныптарда кеңінен қолданылады.
Мұғалімнің сабақта әңгіме әдісін қолдану ұзақтығы, берілетін оқу материалының сипатына байланысты болып келеді.
Әңгімелесу - мұғалім мен оқушылар арасында жаңа білімдерді хабарлау, пысықтау, қорытындылауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ-жауап тәсілінде қолданылады. Сондықтан әңгімелесу оқшудың аса күрделі әдісі больш есептелінеді. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану мұғалімдер тарапынан өте мұқият дайыңдықты талап етеді.
Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың жеке басынын, қабілетін, зейінін (т. б. психикалық процестерін), таным ерекшеліктерін танып біледі, баяндалып отырған немесе өтілген оқу материалын олардың қалай ұғынғанын анықтайды.
Әңгімелесуде баяндау, талдау, қорытынды жасау тәсілдері қолданылады. Бұл әдіс, сонымен қатар, сұрақ-жауап тәсілі арқылы да іске асады. Ол үшін мұғалімнің сұрақтары дәл, жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға бағытталған болуы тиіс.
Дәрісбаян - сөзге негізделген оқыту әдісі ретінде ол өзінің құрылымы, баяндалатын оқу материалының дәлдігі және сабақтың өн бойында тындаушыларының ойлау қабілетін белсенді етуі жағынан басқа әдістерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.
Дәрісбаян әдетте жоғары сынып оқушылары арасында көптеп қолданылатын әдістің бірі. Дәрісбаян барысында оқушылар жаңа оқу материалын тыңдайды, қабылдайды, ұғынады, мұғалім сөзіне зейін қоя тыңдайды, мазмұнын қадағалап отырады.
Дәрісбаянның басқа ауызша баяндау әдістерінен тағы бір ерекшелігі, мұғалімнен жаңа білімді баяндамас бұрын оқушыларға оның жоспарымен, қажетгі әдебиеттер тізімімен таныстыруын қажет етеді. Оқушылардың лекция жоспарымен алдынала танысуы, оның мазмұнын баяндауда мұғалімнің ойын жақсы ұғынуға көмектеседі.
Ол үшін лекция мақсатының идеялық бағыты, оның нақтылығы, берілетін білімнің оқушыларға түсінікті болуы мұғалімдер тарапынан үлкен шеберлікті қажет етеді.
Дәрісбаян барысында баяндалған оқу материалының мазмұнын оқушылардың қысқаша жазып отыруы, оны өз беттерінше қайталап оқуы, дағдылануы да қажеттілік болып табылады.
Дәрісбаян және әңгіме әдістері оқу материалына жұмсалатын уақытты үнемдеу жағынан тиімді болғанымен де, оқушылардың өз ойын, пікірін айтып, кеңес алуға қолайлы жағдай туғыза алмайды. Бұл турасыңда әңгімелесу әдісінің мүмкіндігі мол.
Мұғалім дәрісбаянға дайындалу барысында оның мазмұнына, амал-тәсілдеріне және құрылымына назар аударады. Дәрісбаянның мазмұнын ол оқу бағдарламасы, оқулық және оқу құралдарына байланысты анықтайды. Бірақ, бағдарламада көрсетілген барлық мәселелердің ішінен түйінді мәселелерді айырып, ғылымның соңғы жаңатықтары мен табыстарын озат тәжірибемен байланыстырып, материалдың белгілі бір бөлігін оқушыларға оқулықтан, басқа әдебиеттерден өздігінен оқып алуға тапсырмалар беріп отыруды оқытушы мұқият ойластыруы қажет. Сонымен лекцияның мазмұны, баяңдалу формасы, оқушының шеберлігі лекцияның тиімділігін арттырудың кепілі.
Оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдісі - оқушылардың өздігінен жаңа білімдерді қабыддау, сыныпта аттап бекіту, біліктілік пен дағды қалыптастыруда тиімді әдіс болып табылады.
Кітап - білімнің сарқылмас қайнар бұлағы. Ол білім мазмұнын кеңірек ашып, оқушылардың оны терең игеруіне көмеін тигізеді. Оқулық және кітаптың көмегімен оқушылар сабаққа немесе сабақтан тыс кездерінде түрлі жаттығу жұмысын орыңдап, мұғалімнің басқаруымен сыныпта алған толықтырып отырады.
Оқушылар оқулықтармен және басқа оқу кітаптарымен жұмыс істей отырып, белгілі білім жүйелерін меңгереді, өздерінің көзқарастарын қалыптастырады, ой-өрісін дамытады, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыланады.
Кітаппен жұмыс істеу оқушы үшін оқытуда күрделі тәсіл болып танылады. Қазіргі мектеп тәжірибесіне жүгінсек, көптеген жағдайда, оны бітірушілер арасында кітапты оқи немесе нәтижелі қолдана білмейтіндер кездеседі.
Кітапты немесе оқулықты оқи отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың негізгі ойын, құнды деректер мен қағидаларын жеке қарастыру, жетекші идеяларын ашып көрсете немесе өз сөзімен тиянақты баяндай алмау мәселелерін ұмытпаған жөн. Ол үшін оқушы оқу материалының құрылымымен жалпы танысу, оны көз жүгірте қарап шығу, содан кейін барып кейбір маңызды бөліктеріне жете мән беру, оған қатысты жаттығу жұмыстарын жасау, ең соңында оқығанын есіңде сақтауға күш салуға дағдылануы тиіс.
Екінші мәселе, бастауыш сыптан бастап оқушыларды дауыстап оқуға, одан кейін тез, іштей оқуға, оқығанды өз сөзімен айтып беруге дағдыландыру қажет.
Мәтінмен жұмыс істегенде оқушыларды, оның ең негізгі мазмұнын айтуға, бөліктерге бөліп жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету керек. Егер оқушы осындай тәсілдерді қолдана білсе, онда ол оқығандарын тек жаттап алуға дағдыланады.
Кітаппен жұмыс істеудің өзіндік мәнді психологаялық ерекшелігі бар. Кітап оқу мұғалімнің сөзін тыңдауға қарағанда оқушының ақыл-ой күші мен ерік-жігерін көп керек етеді. Ол оқушының өзіндік ойлауын, іс-әрекетін жандандырып, оның білім деңгейін, дүниетанымын арттырады. Қоғамға, өмірге, адамдар-арасындағы қарым-қатынаста басқаша көзқараспен қарауға тәрбиелейді. Яғни, ол білім беру кезі ғана емес, сонымен қатар тәрбие құралы.
Дегенмеңде, оқушының үй тапсырмасын кітап немесе оқулық көмегімен орындау барысында қажетті уақытты тиімді пайдалану, өзіне-өзі бақылау немесе есеп беру жұмыстарында айтарлықтай кемшіліктер бар. Барлық оқушылар бірдей біздің жоғарыда айтқан кітаппен жұмыс жасау тәсілдеріне мән бермейді, оның талаптарын толығымен сақтамайды. Соның негізінде білім мазмұны нашар меңгеріледі.
Сондықтан оқушының кітаппен өз бетінше нәтижелі жұмыс істеуін, оның саналы көзқарасын және өзіне-өзі бақылауды үйрету, ұйымдастырып отыру мұғалім тарапьшан жауапкершілікпен көңіл аударып отыруды қажет етеді.
Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіндік береді.
Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсіддері жатады.
Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орыңдау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңінен іске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.
Бақылау әдістерін қолданудың тиімділігі мынандай тәсілдерді қолдана білуге байланысты:
- байқаудың мақсатын анықтау;
- қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы олардың көптеген белгілерінің ішінен ең негізгі, бастыларын ажырату;
- оларды топтастырып, қортындылар мен тұжырымдар жасау.
Байқайтын нәрселердің, бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты бақылау әдісінің негізгі түрлері:
- демонстрациялық бақылау;
- экскурсиялық бақылау;
- лабораториялық бақылау;
- техникалық бақылау;
- оқушылардың өздігінен дербес бақылауы. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың күшті құралы - бақылау. К. Д. Ушинский "Бақылау-логикалық ойлаудың негізі", - депжай айтпаған. Ұлы педагог логакалық ойлауға үйрену үшін, ең алдымен, балаларды жан-жақты бақылауға үйрету керектігін де ескертеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz