Информатиканың негізгі түсініктері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
Ф-ӘД-001/026
№1-лекция
Информатиканың негізгі түсініктері
Жоспары:
1. 1. Информатика ғылым және техниканың бірлестігі.
1. 2. Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны.
1. 3. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері.
1. 4. Ақпараттың бейнеленуінің әртүрлі деңгейлері.
1. 5. Мәліметтерді тасушылар.
Лекция мақсаты: Пәнге кіріспе ретінде студенттерге ақпараттың құрылымы мен қасиеттерін, ақпараттың бейнеленуін түсіндіру, таныстыру.
Лекция мәтіні:
Ақпарат ұғымы. Информатика және оның мәселелері . Қарапайым түрде айтқанда түрлі нысандар, құбылыстар мен процестер және т. б. жөніндегі мағлұматтар ақпарат делінеді.
Ақпаратты беру түрлері: мәтіндік, сандық, графикалық, дыбыстық.
Ақпарат ұғымының өзі әдетте, кем дегенде, үш бірдей нысанға - ақпарат көзі, ақпаратты тұтынушы және таратушы ортаға арқа сүйейді. Ақпарат таза күйінде таратыла, қабылдана немесе сақтала алмайды. Оның тұғыры - мәлімет болып табылады. Мәлімет - ақпарат көзі арқылы және әлдебір реттелген жиын құратын шартты етіс таңбалар (әріппе) тізбегі арқылы өрнектелген оқиғаның дөптелген баламасы. Ақпараттың байланыс арналары хабарды тарату құралдары болып табылады. Сигнал - байланыс арнасына тарайтын және қайсыбір оқиға туралы, бақылау немесе тексеру нысандарының жай-күйі туралы, басқару, көрсету әмірлерін және т. б. таситын таңба, физикалық үдеріс немесе құбылыс.
Информатика - есептеу техникасы құралдарының көмегімен мәліметтерді қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін техникалық ғылыми пән. Ол ақпараттың қасиеттерін, ақпараттың көрсетілуі мен автоматты түрде өңдеу әдістерін зерттейтін және интернет жүйесін пайдаланатын комплексті ғылым.
ЭЕМ-нің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып ақпаратты жинау, өңдеу және оны пайдаланушыларға жеткізіп беру тәсілдерін ақпараттық не компьютерлік технология деп атайды. Аппараттық және бағдарламалық құралдар мен адамның өзара қарым-қатынасының әдістері мен құралдарын қолданушы интерфейсі деп атайды.
Информатиканың негізгі мәселесі - есептеу техникасының аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып табылады.
Бүгінгі таңда информатиканың негізгі мәселелерінің құрамына келесі бағыттарды жатқызуға болады:
- есептеу жүйелерінің архитектурасы (мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған жүйелерді құрудың тәсілдері мен әдістері) ;
- есептеу жүйелерінің интерфейсі (аппараттық және бағдарламалық жасақтаманы басқару тәсілдері мен әдістері) ;
- бағдарламалау (компьютерлік бағдарламаларды даярлау әдістері) ;
- мәліметтерді түрлендіру;
- ақпаратты қорғау;
- автоматтандыру;
- стандарттау (әр түрлі есептеу техникасы құралдарына сәйкес аппараттық және бағдарламалық құралдар арасындағы, мәліметтерді берілу пішімі арасындағы үйлесімдікті қамтамасыз ету) . Ф-ӘД-001/026
Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу түрінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.
Ақпарат - бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.
Ақпарат қасиеттері: дәлдік, толықтылық, бағалылық, түсініктілік.
Егер ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, онда ол ақпараттың дәлдік қасиетін қанағаттандырады.
Егер ақпарат түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда ол ақпараттың толықтылық қасиетін қанағаттандырады.
Егер ақпарат қандай да бір мәселелерді шешуге байланысты пайдаланылса, онда ол ақпараттың бағалылық қасиетін қанағаттандырады.
Егер ақпаратты оны пайдаланушылар тілінде жазса, онда ол ақпараттың түсініктілік қасиетін қанағаттандырады.
Мәліметтер -ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес мәліметтер әр түрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең тараған мәліметтерді тасуыш қағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады.
Ақпараттық процесс барысында мәліметтер әдістердің көмегімен бір түрден екінші түрге өзгереді. Мәліметтерді өңдеу көптеген амалдардың жиынтығынан тұрады:
- мәліметтерді жинау;
- мәліметтерді қалыптастыру;
- мәліметтерді сүзгілеу;
- мәліметтерді сұрыптау;
- мәліметтерді топтастыру;
- мәліметтерді архивтеу;
- мәліметтерді қорғау;
- мәліметтерді тасымалдау;
- мәліметтерді түрлендіру.
Жоғарыдағы мәліметтерге қолданылатын амалдар тізімі толық емес. Бүкіл әлемде миллиондаған адамдар мәліметтерді құру, өңдеу, түрлендіру және тасымалдаумен айналысады, әрбір жұмыс үстелінде әлеуметтік, экономикалық, ғылыми және мәдени процестерді басқару үшін қажет арнайы амалдар орындалып отырады. Барлық мүмкіндік болатын амалдардың толық тізімін құРаастыру мүмкін емес және оның қажеті жоқ. Бұдан ақпаратпен жұмыс істеуге көп уақыт кетеді, сондықтан оны автоматтандыру қажет деген қорытындыға келеміз.
Егер мәліметтер реттелген, яғни қандай да бір берілген құрылымға сәйкестендірілген болса, онда олармен жұмыс істеуді автоматтандыру оңайға түседі. Мәліметтер құрылымының негізгі үш түрі бар: сызықтық, кестелік және иерархиялық.
Мәліметтердің сызықтық құрылымы дегеніміз - әрбір элементтің адресі мен номері бірмәнді анықталған, реттелген құрылым. Сызықтық құрылымға мысал ретінде тізімдерді алуға болады.
Кестелік құрылымды мәліметтермен танысу үшін біз көбейту кестесін еске түсірсек жеткілікті. Кестелік құрылымдардағы элементтер ұяшық адрестерімен анықталады. ¦яшық адресі кестенің қиылысқан жолдар мен бағандардың номерімен анықталады.
Тізім немесе кесте түрінде бейнелеуге келмейтін, реттелмеген мәліметтерді иерархиялық түрде бейнелейді. Бұл тәріздес құрылымдар күнделікті өмірден таныс. Негізінен түрлі ғылыми жүйелеуде кеңінен қолданылады. Иерархиялық құрылымдардағы әрбір элементтің адресі құрылымның төбесінен берілген элементке дейінгі жолмен анықталады.
Ф-ӘД-001/026
Мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған құрылғылардың жиынтығын есептеу техникасы деп атайды. Өзара қарым-қатынаста болатын құрылғылар мен бағдарламалар жиынтығын есептеу жүйесі деп атайды. Есептеу жүйесінің негізгі құрылғысы компьютер болып табылады.
Компьютер қолданылуына қарай мынадай топтарға бөлінеді: үлкен ЭЕМ (электронды есептеуіш машиналары), мини-ЭЕМ, микро-ЭЕМ және дербес компьютерлер.
1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халықаралық стандарт -PC99 спецификациясы жұмыс істеуде. Жаңа стандарт бойынша дербес компьютерлерді келесідей топтарға бөледі:
- бұқаралық дербес компьютер (Consumer PC) ;
- іс дербес компьютер (Office PC) ;
- ықшам компьютер (Mobil PC) ;
- жұмыс бекеті (Workstation PC) ;
- ойын ДК (Entertainment PC) :
Қазіргі кездегі қолданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік бейнелеу құралдарына қойылатын талаптары шағын болады. Ықшам компьютерлердің құрамында байланыс құралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік (desktop), ықшам (notebook), қалталық (palmtop) деп бөлуге болады.
Үйлесімділігі бойынша жүйелеу. Әлемде компьтерлердің көптеген түрлері мен типтері бар. Олар түрлі фирмаларда жасалып, түрлі бөлшектерден жинақталып, әр түрлі бағдарламалармен жұмыс атқарады. Мұндай жағдайда компьютерлердің үйлесімділігі ең басты мәселе болып ауыспалылығы, бағдарламалардың бір компьютерден екіншісіне тасымалдау қабілеттілігі, әр типтес компьютерлердің ортақ мәліметтерден бірігіп жұмыс атқару мүмкіндіктері олардың үйлесімділігіне тікелей байланысты.
Аппараттық үйлесімділік. Аппараттық үйлесімділігі бойынша компьютерлер аппараттық платформаларға бөлінеді. Дербес компьютерлер саласында кең тараған екі негізгі аппараттық платформа бар: IBM PC және Apple Macintosh. Бұлардан басқа кейбір жеке алған региондар мен салаларда ғана қолданыс тапқан аппараттық платформалар да бар. Компьютердің бір аппараттық платформаға жатуы олардың үйлесімділігін күшейтеді.
Аппараттық үйлесімділіктен басқа операциялық жүйе деңгейіндегі үйлесімділіктер де бар.
Есептеу жүйесінің құрамы . Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу жүйесінің аппараттық және бағдарламалық құралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылғандықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен бағдарламалық конфигурациясы да жеке-жеке қарастырылады.
Аппараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық конфигурациясын құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер есептеу кешендері блокты-модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.
Орталық процессорға қатысты алғанда құрылғылар ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Енгізу-шығару құрылғыларының көбі және ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғылар сыртқы құрылғыларға жатады.
Жеке түйіндер мен блоктар арасындағы үндестік аппараттық интерфейс деп аталатын аппараттық-логикалық құрылғылардың көмегімен орындалады. Есептеу техникасындағы аппараттық интерфейс стандарттары хаттама деп аталады.
Ф-ӘД-001/026
Бағдарлама деп реттелген командалар тізбегін айтады. Кез келген компьютерлік бағдарламаның негізгі атқаратын қызметі - аппараттық құралдарды басқару. Аппараттық және бағдарламалық жасақтама үнемі өзара тығыз байланыста болады.
Бағдарламалық жасақтама бірнеше сатылардан тұрады: негізгі, жүйелік, қызметтік және қолданбалы.
Негізгі бағдарламалық жасақтама аппараттық құралдармен өзара байланыста болады.
Жүйелік бағдарламалар компьютерлік жүйенің аппараттық жасақтамасымен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Нақты бір құрылғымен байланысты жүзеге асыратын бағдарлама драйвер деп аталады. Жүйелік сатыға енетін бағдарламалардың екінші бір тобы қолданушымен өзара қарым-қатынасты орнатады. Мұндай бағдарламалық құралдар қолданушы интерфейсін қамтамасыз ету құралдары деп аталады.
Қызметтік бағдарламалық жасақтама. Негізгі сатыдағы бағдарламалармен де, жүйелік сатыдағы бағдарламалармен де тығыз байланыста болады. Қызметтік бағдарламалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік бағдарламалардың қызметін жаңарту мен кеңейту үшін қолданылады.
Қолданбалы бағдарламалық жасақтамалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т. б. мақсатта нақты жұмыстар атқарылады.
Қолданбалы бағдарламалық құралдарға мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер қорын басқару жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері, баспахана жүйелері, Web-редакторлар, броузерлер және т. б. жатады.
Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конгфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады: жүйелік блок, дисплей немесе монитор, пернетақта, тышқан.
Компьютердің ең негізгі құрылғысы - жүйелік блок . Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына: процессор, жедел жад (RAM), тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және ақпарат тасуыштар енеді.
Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.
Монитор - мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы. Компьютерден кез келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады. Монитор негізгі шығару құрылғыларының бірі болып табылады. Оның негізгі тұтыну параметрлері: экранның мөлшері, экран қалқасының қадымы, бейнені жаңартудың максималдық жиілігі, қорғау класы.
Экранның мөлшері оның диагоналының өлшемімен анықталады. ¤лшеу бірлігі ретінде дюйм қабылданған. Экранның стандартты мөлшерлері: 14”, 15”, 17”, 19”, 20”, 21”. Қазіргі кезде мөлшерлері 15, 17 дюйм болатын мониторлар кеңінен тараған. Ал графиктік кескіндермен жұмыс істеу үшін 19-21 дюймді мониторларды пайдаланған тиімді.
Кейбір мониторлар бейненің айқындылығын күшейтетін тік сымдардан тұратын қалқамен жабдықталған. Осы тік сымдар арасындағы қадым (экран қалқасының қадымы) неғұрлым кішкене болған сайын, алынатын бейне соғұрлым анық болады. Қалқа қадымы милиметрмен өлшенеді. Қазіргі кездегі ең көп тараған мониторлардың қалқа қадымы 0, 25-0, 27 мм.
Пернетақта - дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған.
Ф-ӘД-001/026
Монитор мен пернетақтаның бірігіп қызмет атқаруын қолданушы интерфейсі деп атайды. Пернетақта дербес компьютердің стандартты құрылғыларының қатарына жатады. Стандартты пернетақта жүзден аса пернелерден тұрады. Олар бірнеше функционалдық топтарға бөлінген: алфавиттік-цифрлық пернелер тобы символдардан тұратын ақпаратты енгізуге арналған; функционалдық пернелер тобына пернетақтаның жоғарғы бөлігінде орналасқан он екі перне кіреді (F1-F12) . Мұндағы әрбір перне қандай да бір функционалдық қызмет атқарады; қ ызметтік пернелер алфавиттік-цифрлық пернелер тобының маңайында орналасқан және курсорды басқару пернелері.
Төменде пернелер тізімі мен олардың атқаратын қызметі сипатталған:
- Enterпернесінің көмегімен команда, мәтіннің азат жолы енгізіледі.
- AltжәнеCtrlпернелері басқа пернелермен бірігіп командалар түзеді;
- Tabпернесі мәтінді терген кезде табуляция позициясын енгізу үшін қолданылады;
- Escпернесі соңғы орындалған команданы қайтару үшін қолданылады.
- Print Screen- ағымдағы экранның күйін баспаға жіберуге немесе оны алмасу буфері деп аталатын жедел жадтың арнаулы аймағына сақтауға арналған;
- Shiftпернесі жоғарғы регистрдегі сиволдармен басқа әріптерді енгізу үшін, сонымен қатар басқа пернелермен бірігіп кейбір командалардың орнына қолданылады;
- Home- меңзерді жолдың басына алып келеді;
- End- меңзерді жолдың аяғына апарады;
- Delete- мәтіндік меңзердің оң жағындағы символды өшіруге арналған перне, сонымен қатар қаптамаларды, құжаттарды, экран объектілерін жою үшін де қолданылады.
- Рage UpжәнеPage Down- бір бет жоғары немесе бір бет төмен жылжу;
- Caps Lockпернесі бас әріптер режимін қосады немесе ағытады;
- Num Lockпернесі қосымша цифрлық пернетақтаны қосады немесе ағытады.
Тышқан - графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тышқанның жазық беттегі қозғалысы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тышқанды жазық бетте жылжытады және оның оң немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытта басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды.
Монитор мен тышқан бірігіп қолданушы интерфейсінің жаңа түрі - графиктік интерфейс құрайды. Тышқанның көмегімен объектілердің қасиеттері өзгеріліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.
Дербес компьютердің ішкі құрылғылары. Аналық тақша дербес компьютердің негізгі тақшасы болап табылады. Онда келесі құрылғылар орналасады:
- Процессор;
- Шина;
- Жедел жад;
- Тұрақты жад;
- Слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыш тарақшалары) .
Процессор - көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлдерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді.
Процессордың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтері (модельдеріне) мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақты жиілік-олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді.
Қатты диск. Қатты диск үлкен көлемдегі мәліметтер мен бағдарламаларды ұзақ уақытқа сақтауға арналған негізгі құрылғы. Шындығына келгенде ол бір диск емес
Ф-ӘД-001/026
бірнеше дискілердің жиынтығынан тұрады. Қатты дискінің негізгі параметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс өнімділігі жатады.
Иілгіш дискілерге арналған дискжетек. Иілгіш дискілер бір компьютерден екінші компьютерге ақпарат алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою
үшін қажет. Иілгіш магниттік дискілер арнаулы дискжетек деп аталатын тасуышқа салынады.
Қазіргі дербес компьютерлерде 3, 5 дюймдік дискеттер қолданылады. Оған 1, 44 байт көлеміндегі ақпарат жазылады.
Жинақы дискіге арналған дискжетек. 1994-1995 жылдары аралығанда дербес компьютердің құрамына кіретін диаметрі 5, 25 дюймдік дискілерге арналған дискжетек алып тастылынып, оның орнына өлшемдері тура осындай болатын CD-ROM тасуыштарын енгізді. CD-ROM (Compact Disk Read-Memory) сөзінің қазақша аудармасы жинақы дискіге негізделген тұрақты есте сақтау құрылғысы. Кәдімгі жинақы-диск көлемі 650 Мбайтқа жуық мәліметті сақтай алады.
Бейнекарта. Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысқан амалдардың барлығын бейнекарта (бейнеадаптер) деп аталатын басқару блогы атқарады.
Компьютердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылып, көмекші қызмет атқарады.
Сыртқы құрылғыларды келесідей төрт топқа бөлуге болады:
- мәліметтерді енгізу құрылғылары;
- мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары;
- мәліметтерді сақтау құрылғылары;
- мәліметтерді алмасу құрылғылары.
Енгізу құрылғылары. Мәліметтерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және т. б. жатады.
ЭЕМ-ді компьютер деп, автоматты құрылғының, не адамның өңдеуіне бейімделіп дайындалған сандық, символдық, мәтіндік, т. б. ақпаратты деректер, не берілгендер деп те атайды.
Деректер (берілгендер) - ақпаратқа тең келе бермейтін ұғым. Олар- ақпараттың диалектикалық құрылымды бөлімі, тіркелген түрлі белгілер мен сигналдар. Мысалы, Морзе әліппесі арқылы қабылданған телеграмма, физикалық дененің механикалық қозғалысының формула бойынша жазылуы, құбылыстың электрлік, магниттік сипаттамалары және т. б. деректермен жұмыс істеудегі мынадай әрекеттерді атауға болады:
- шешім жеткілікті түрде, толық болуы үшіндеректерді жинау;
- қол жеткізуге мүмкін ететіндей етіп, деректерді формальдау(мысалы, ұшып бара жатқан ғарыш кемесінің траекториясын теңдеулер жүйесі арқылы модельдеу) ;
- есепті шешудегі артық деректерді алып тастау үшін олардысүзгілеу(фильтрлеу) ;
- түсінуге жеңіл болу үшін деректердіреттеп, сорттау;
- сақтауға жеңіл болуы және жоғалып, бұзылып кетпеуі үшін деректердіархивтеу және қорғау.
Мақсатқа жету үшін ақпаратты ЭЕМ-де арнайы ережелер бойынша түрлендіру оны өңдеу деп аталады. ЭЕМ арқылы деректерді өңдеу машинаға түсінікті нұсқаулар тізбегі ( бағдарлама - өңдеу бағдарламасы ) арқылы жүргізіледі.
Түрлі салаларда жиі пайдаланылатын деректер көп болғандықтан, олар әр түрлі материалдан тұратын магниттік таспаларға, дискілерге жазылып, сақталып қойылады. Мұндай материалдар тасымалдаушылар делінеді.
Бір компьютерден екіншісіне ақпарат тасымалдау үшін дискеталар мен оптикалық дисклер (CD-ROM, DVD-ROM, BD-ROM) қолданылады


Ф-ӘД-001/026
Иілгіш диск (дискета) . Иілгіш магниттік дискіге (дискета) 1, 44 Мбайт көлемінде ақпарат сыйғызуға болады. Кейбір ақпарат түрлерін сақтап, тасымалдау үшін бұның жеткіліксіз екені айтпаса да түсінікті.
Дегенмен бұл ақпарат тасымалдаушылар 1970, 1980-жылдары және 1990-жылдардың басына дейін қолданылып келді. (Қазір оларды flash-тасымалдаушылар ауыстырды)
Иілгіш магниттік дискідегі ақпаратты арнайы дискжетек оқып жазады. Дискжетек дегеніміз - ақпаратты дискетаға жазуға мүмкіндік беретін құрылғы.
Дискетаның ақпарат тасымалдау сенімділігі төмен. Егер дискетаға механикалық зақым тисе, электромагниттік өріс әсер етсе немесе т. б. факторлар әсер етсе дискетадағы мәліметтің жоғалып кетуі әбден мүмкін. Қарапайым мәтіндік құжаттарды, шағын программаларды сақтау үшін қазірдің өзінде дискеталар жиі қолданылады. Өйткені дискетаның бағасы flash-тасымалдаушыдан ондаған есе арзан.
Үлкен көлемде ақпарат тасымалдау үшін CD-ROM компакт-дискілерін қолданған тиімді. CD-ROM («Compact Disk Read Only Memory» - жады оқылатын компакт диск) ақпаратты сақтау үшін кең көлемде қолданылатын ақпарат тасымалдаушылардың бірі. Компакт дискінің ақпарат сыйымдылығы 650-700 МБайт шамасында.

Компакт-дискілерде барлық мәлімет иілгіш дискілердегідей магнитті емес, оптикалық принциппен сақталады. Дискідегі барлық мәлімет лазерлік сәуленің көмегімен оқылады.
Компакт-дискідегі мәліметтерді оқу үшін CD-ROM дискжетегі қолданылады. CD-ROM дискжетегінің негізгі параметрі - оқу жылдамдығы. Оқу жылдамдығының өлшем бірлігі ретінде 80-жылдары музыкалық компакт дискілердің (аудиодискілер) оқу жылдамдығы ретінде белгіленген өлшем бірліктер қолданылады. Қазіргі заманғы CD-ROM дискжетектерінің оқу жылдамдығы 40х - 52х.
Қазіргі кезде сыйымдылығы мол, бағасы қымбат лазерлік-жинақты дискілер де бар (сыйымдылығы 720 Мбайттан кем емес. Оларда түрлі инфомацияға қоса, бейнефильмдерді де сақтау мүмкін) .
Компакт-дискілердің CD-R (Compact Disk Recordable) және CD-RW (Compact Disk ReWritable) деген түрлері болады. CD-R дискілерге ақпаратты бір рет, ал CD-RW дискілерге бірнеше рет жазуға болады.
Ф-ӘД-001/026
Бақылау сұрақтары:
- Ақпарат дегеніміз не?
- Ақпараттың қандай түрлерін білесіз?
- Мәліметтер деп нені айтамыз?
- Мәліметтерге қандай амалдар қолданылады?
- Мәліметтер қандай құрылымдардан тұрады?
- Сызықты құрылымды мәліметтерге мысал келтіріңіз.
- Кестелік құрылымды мәліметтерге мысал келтіріңіздер.
- Иерархиялық құрылымды мәліметтерге мысал келтіріңіздер.
- Бит, байт ұғымдарын қалай түсінесіздер?
- Файл дегеніміз не?
- Файлдық құрылым қалай анықталады?
- Информатика пәні қандай ұғымдарды қаРаастырады?
- Информатиканың негізгі мәселесі қандай бағыттардан тұрады?
- Қолданушы интерфейсі деп нені айтады?
- Ақпараттық технология дегеніміз не?
- Ақпараттық процестер. Олардың қоғамдағы ролі.
- Дербес компьютер дегеніміз не?
- Дербес комьютердің негізгі және қосымша құрылғылары.
- Код дегеніміз не?
№2-лекция
Дискретті математиканың негіздері
Жоспар:
2. 1. Функция, қатынас және жиын.
2. 2. Логика негізі, логикалық байланыстар, ақиқаттылық кестелері
2. 3. Графтар және ағаштар: ағаштар, бағытталмаған графтар, бағытталған графтар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz