Қазіргі заман тарихындағы даму көрсеткіштерін жылдар бойынша сараптау



Елбасы Н.Ә. Назарбаев өткен жылы Тәуелсіздік сарайындағы салтанатты жиналыста: «Тәуелсіздіктің әр жылы – бұл жаңа Қазақстан тарихындағы тұтас дәуір», - деген болатын. Ал осы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ» – біздің мерейтойымыздың ұраны осы. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жолының – БОСТАНДЫҚ, БІРЛІК, ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ӨРКЕНДЕУ секілді арқаулық құндылықтары қалыптастырылды», - деді.
Осы себептерге байланысты, тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында еліміздің саяси процестері мен саяси институттарды ретроспективті және салыстырмалы тұрғыдан талдайтын әр түрлі тұжырымдамалар және жүйелі-құрылымдық, тарихи-философиялық, институционалды талдау әдістері арқау болатын оқу құралын жазып отырмыз. Кейбір талдаулардың міндеттері танымның жалпы ғылыми әдістерінде, пәнаралық тәсілдерді қолданумен ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді бастан кешіруде. Еліміздегі барлық қоғамдық салаларда модернизацияның орын алуы саяси тұрақтылыққа байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың пікірінше, модернизациялық процестер үш кезеңнен өтті:
-біріншісі (1991-1995 жылдар), бұл кезеңде біз кеңестік жүйені бұзып, мемлекеттің негіздерін құрумен айналыстық;
-екінші кезең (1996-2000 жылдар) экономика мен саяси жүйенің терең құрылымдық өзгерістерін іске асырумен байланысты болды;
үшінші кезең (2001-2006 жылдар) – экономикалық өсу уақыты. (Қараңыз: Назарбаев Н.А. Казахстанский путь: от стабильности - через модернизацию - к процветанию // Казахстанская правда. - 2006. - 16 декабря.).
БүгінгіҚазақстан мемлекеттің әлемдік қауымдастықтағы орны мен имиджінің дамуындағы жаңа кезеңге аяқ басып отыр. Жаңа әлемдік шарттар мен жаңа ғасырдың алғашқы онжылдығындағы жетістіктеріміз мол. Міне, осы ерекшеліктерді айқындай келе, еліміздің қазіргі заман тарихындағы даму көрсеткіштерін жылдар бойынша сараптауды міндет етіп қойып отырмыз.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы

Қазіргі заман тарихындағы даму көрсеткіштерін жылдар бойынша
сараптау

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өткен жылы Тәуелсіздік сарайындағы салтанатты
жиналыста: Тәуелсіздіктің әр жылы – бұл жаңа Қазақстан тарихындағы тұтас
дәуір, - деген болатын. Ал осы жылғы Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!
атты Қазақстан халқына Жолдауында: БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ
– біздің мерейтойымыздың ұраны осы. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан
жолының – БОСТАНДЫҚ, БІРЛІК, ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ӨРКЕНДЕУ секілді арқаулық
құндылықтары қалыптастырылды, - деді.

Осы себептерге байланысты, тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында
еліміздің саяси процестері мен саяси институттарды ретроспективті және
салыстырмалы тұрғыдан талдайтын әр түрлі тұжырымдамалар және жүйелі-
құрылымдық, тарихи-философиялық, институционалды талдау әдістері арқау
болатын оқу құралын жазып отырмыз. Кейбір талдаулардың міндеттері танымның
жалпы ғылыми әдістерінде, пәнаралық тәсілдерді қолданумен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді
бастан кешіруде. Еліміздегі барлық қоғамдық салаларда модернизацияның орын
алуы саяси тұрақтылыққа байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың пікірінше, модернизациялық процестер үш кезеңнен өтті:

-біріншісі (1991-1995 жылдар), бұл кезеңде біз кеңестік жүйені бұзып,
мемлекеттің негіздерін құрумен айналыстық;

-екінші кезең (1996-2000 жылдар) экономика мен саяси жүйенің терең
құрылымдық өзгерістерін іске асырумен байланысты болды;

үшінші кезең (2001-2006 жылдар) – экономикалық өсу уақыты. (Қараңыз:
Назарбаев Н.А. Казахстанский путь: от стабильности - через модернизацию - к
процветанию Казахстанская правда. - 2006. - 16 декабря.).

БүгінгіҚазақстан мемлекеттің әлемдік қауымдастықтағы орны мен
имиджінің дамуындағы жаңа кезеңге аяқ басып отыр. Жаңа әлемдік шарттар мен
жаңа ғасырдың алғашқы онжылдығындағы жетістіктеріміз мол. Міне, осы
ерекшеліктерді айқындай келе, еліміздің қазіргі заман тарихындағы даму
көрсеткіштерін жылдар бойынша сараптауды міндет етіп қойып отырмыз.

1991 жыл: Тәуелсіздіктің алғашқы қадамдары

Тәуелсіздік – бір ұлттың, мемлекеттің, діннің екінші бір ұлтқа
мемлекетке, империяға, дінге бағынышты емес, дербес территориялық,
экономикалық, саяси, діни дербестігін алған жаңа құрылған мемлекетке
қолданылатын саяси түсінік. Ол дербес әлеуметтік-саяси, экономикалық қимыл
жүргізетін, егеменділіктің белгісі болып табылады. Саяси тұрғыдан
қарағанда тәуелсіздік конституциялық құқыққа негізделген мынадай түрлі
принциптер мен институттардың сипаттамалық көрсеткіші саналады: егемендік,
билік бөлінісі, тұлғаның құқықтық мәртебесі, соттар мәртебесі және т.б.Бұл
ұғым 1776 жылы 4 маусымда ағылшын отарлары өкілдігінің екінші конгресінде
қабылданған. Осы Тәуелсіздік декларациясынан соң халықаралық саяси термин
ретінде қалыптасты. Демек, әр мемлекеттің тәуелсіздік жариялауы осы
декларацияны қабылдаумен тығыз байланысты. Егемендік (француздың
souveraineté - жоғарғы билік, үстемдік) – ұғымы кез келген мемлекеттің
жалпы сипаттамалық белгілерінің көрсеткіші болып табылады. Ғылыми
терминологияда ұлттық және халықтық егемендік түсінігі де бар. Демек,
мемлекеттік құрылымның қалыптасуында ұлттың немесе халықтың үстемдігі болуы
тиіс. Ал қазіргі саяси ғылымдарда тұлға немесе азамат егемендігі деген
термин де кең қолданысқа ие.Өткен ғасырдың 90-жылдардың басында Еуразиялық
кеңістікте КСРО-ның ыдырауы қарсаңы мен салдарынан жаңа тәуелсіз
мемлекеттер пайда болуымен қатар, жаңа геосаяси жағдай қалыптасты. Көптеген
ғалымдар бұл алып державаның құлауын төмендегідей себептермен
байланыстырады:

- елді демократияландыру себептерімен болған ұлттардың жеке мемлекет болып
бөлінуін қалауы;

- жүйенің құлауына әкелген КСРО саяси жүйесінің кемшіліктері;

- стагнацияға әкелген өндіріс, сауда және экономикалық қатынастардағы
тоқырау мен дағдарыстар;

- көп ұлтты мемлекеттерде кездесетін орталықтанған тенденциялар;

- КСРО-ның құлауына батыс елдерінің мүдделілігі.

Сонымен қатар, одақ территориясында ұлттар арасындағы қақтығыстар көбейе
түсті. Мәселен, Мәскеу әмірімен Г.В. Колбиннің Қазақстан Республикасы
компартиясының бірінші хатшысы қызметіне тағайындалуы халық үшін жылдар
бойы осы уақытқа дейін жинақталған ашуларын және қоғамдық пікірдің
қалыптасуына себеп болды. Жалпы жоғарыда аталған қиыншылықтарды одақтас
елдер әр түрлі қабылдады. Ең алдымен Балтық жағалаулары мемлекеттеріне
келсек. Литвада 1988 жылдың 3 мамырында тәуелсіздік жолындағы Саюдис
(литваша Sąjūdis - Қозғалыс) қозғалысы құрылды. Нәтижесінде 1990 жылдың
11 наурызында Литваның Жоғарғы Кеңесі ел егемендігі жөнінде хабарлады.
Эстонияда 1988 жылдың басында Эстония Халық Фронты құрылып, мамыр айында
астаналары Таллин қаласында әншілер революциясы өтті. Ал 1990 жылдың 30
наурызында Эстония Жоғарғы Кеңесі өз тәуелсіздігін жариялады. Бұл кезеңде
Латвияда да Халық Фронтының күшеюі байқалды. 1990 жылдың 4 мамырында Латвия
Жоғарғы Кеңесі егемендіктерін жариялап, 1991 жылдың 3 наурызында бұл шешім
референдум арқылы бекітілді.

Кейін Одақтас елдер қатарындағы мемлекеттер егемендіктері мен
тәуелсіздіктері мына ретпен қабылдай бастады:

- Грузия – 1991 жылдың 9 сәуірі (референдум
арқылы);

- Украина - 1991 жылдың 24 тамызы;

- Молдова Республикасы – 1991жылдың 27 тамызы;

- Қырғызстан - 1991жылдың 31 тамызы;

- Өзбекстан - 1991 жылдың 1 қыркүйегі;

- Тәжікстан - 1991жылдың 9 қыркүйегі;

- Армения - 1991жылдың 29 қыркүйегі;

- Әзірбайжан - 1991жылдың 18 қазаны;

- Түркменстан - 1991жылдың 27қазаны;

- Ресей Федерациясы -1991 жылдың 12 желтоқсаны;

- Белорусь Республикасы – 1991 жылдың 26
желтоқсаны.

Біздің еліміз болса өз тәуелсіздігін 1991 жылдың 16 желтоқсанында
жариялады. Осы күні Елбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қол
қойды. Түркия әлемдегі мемлекеттер ішінен бірінші болып ел тәуелсіздігін
таныды.Дегенмен, Қазақстан Республикасы азаматтары үшін ерекше күн 1990
жылдың 25 қазаны болды. Бұл күн еліміздің тарихындағы ескі кезеңнің
аяқталуы мен дамудың жаңа парақтарының бастауы болып табылады. Егемендік
күні Қазақстан тарихындағы өзгеріс туындатқан кезең. Мемлекетіміздің
негізін қалаған бірінші заңнамалық құжат Егемендік туралы Декларация болды.
Осы құқықтық, саяси және идеологиялық құжат қоғамның негізгі принциптерін,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, саяси плюрализм мен билік
бөлінісінің көрсеткіші еді. Бұл іргелі ережелер болашақ Конституцияның
негізі болып табылды. Осы жылдың 21 қарашасында Декларация негізіндегі
ҚазССР Конституциясы мен мемлекеттік мекемелерді жетілдіру жөніндегі Заң
қабылданды. Бұл әлемдік қауымдастық шарттарына бейімделуге бағытталған
алғашқы қадамдар болып саналады. Тәуелсіздік алу қарсаңында қуаты жөнінен
әлемдегі төртінші ядролық әлеуетке ие Қазақстан ядролық қарудан бас тартты.
Сондықтан Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 1991 жылдың 29 тамызындағы Семей
полигонын жабу туралы өкімін ерекше атап өтуге болады. Енді ғана
қалыптасуға бел буып отырған Қазақстан үшін әлем алдында бейбітшілікті
қолдайтын мемлекет екендігін көрсету тұрды.Осы жылдың 2 қазаны күні Сыр
топырағынан тұңғыш қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының ақырғы (72-ші)
ғарышкері, Халық Қаһарманы, техника ғылымдарының докторы, профессор,
академик, авиация генерал-майоры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1991 жылы Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкер дайындау орталығында әзірлігін
бастап, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. Союз ТМ ғарыш кемесінде және
Мир орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған
машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өткен. Тоқтар Әубәкіров зерттеуші
ғарышкер ретінде ресейлік Александр Волков пен австриялық Франц Фибек,
Союз ТМ-13 ғарыш кемесімен ғарышта 7 күн 22 сағат 13 минут болды.1991
жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Президентінің бірінші бүкілхалықтық
сайлауы өтті. Қазіргі іс басындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстанның Тұңғыш президенті мандатына ие болды. Сол кезде-ақ ұлт
басшысының саясаты Азия құрлығымен шектеліп қана қоймай, Еуропа және Азия
арасындағы халықаралық байланыстардың басымдықтары байқалды. Еліміз әлемнің
барлық елдерімен экономикалық және саяси байланыстарды орната бастады.

1991 жылдың 10 желтоқсанында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
Қазақстан Республикасы атауын иеленді. Осы жылдың 12 желтоқсанында Н.Ә.
Назарбаев Ашгабадтағы Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының
консультативтік кездесуіне қатысты. Елбасы Н.Ә. Назарбаев, Қырғызстан
президенті А.А. Ақаев, Тәжікстан президенті Р. Набиев, Түрікменстан
президенті С.А. Ниязов, Өзбекстан президенті И.А. Кәрімов Белорусь, РСФСР
және Украинаның ТМД құру туралы келісімін талдады. Нәтижесінде Тәуелсіз
Мемлекеттердің Евразиялық Одағын құру туралы Келісімге қол қойылды. Сол
жылдың 21 желтоқсанында Алматы қаласында посткеңестік кеңістік елдерінің 11
мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Бұл жиында төмендегідей ресми
құжаттарға қол қойылды: 1991 жылдың 8 желтоқсанында Минск қаласындағы
Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина қол қойған Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығын құру туралы Келісімнің Хаттамасы; Алматы
Декларациясы; ТМД-ның үйлестірушілік институттары туралы Келісім; ТМД
елдері басшылары Кеңесінің БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдарда мүше
болу туралы шешім.Сөйтіп әлемдік саясат цикліндегі геосаяси процестерде
өзгерістер орын алып, көптеген мемлекеттермен бірге картада Қазақстан және
жаңа аймақтық ұйым болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы пайда
болды.Осы жылдары Гурьев облысы мен қаласы қазіргі атауы Атырауды иеленіп,
көптеген орыс тілді атаулы қалалар қазақша айтылуға көшті. Бұл жылы жеке
банктердің ашылуына да мол мүмкіндіктер берді. Мәселен, осы жылдың 1
қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Әл Барака
Қазақстан Халықаралық банкін құру туралы Жарғыға қол қойып, кейін
Каспийский Банкі ААҚ оның құқықтық мұрагері болды. Бұл банк бүгінде
Kaspi bank ретінде танымал. Сонымен қатар, Қазақстандағы аймақтық банктер
ішіндегі танымал саналатын Павлодарлық Заман-Банк 1991 жылдың 6
маусымында құрылған болатынБұл кезең еліміздің дамуы үшін күрделі болғаны
анық. Еліміздің тік тұруына алғашқы нық қадамдар жасалып, жас мемлекеттің
қалыптасуына жаңа алғышарттар болса да, жұртшылық көптеген ауыртпалықтар
көргені жасырын емес. Бүгінгі күнде республикамыздың жетістіктері туралы
жазу да, айту да оңай. Басынан өткен азаматтар ғана сол оқиғаны оқу арқылы
есіне түсіре алады.

1992 ЖЫЛ: ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТАҒЫ АЛҒАШҚЫ БЕЛЕСТЕР

Тәуелсіз Қазақстан алғашқы күннен бастап әлемдік қауымдастық арасында
беделге ие болу мүмкіндігін қарастырды. Бұл күрделі қимылдар болса да, жаңа
мемлекеттің танылуы, елімізді өзге мемлекеттердің мойындауы жас елдің
негізгі басымдығы мол шара еді.1992 жылы мемлекетіміз көптеген ықпалды
халықаралық және аймақтық ұйымдарға мүше болып қабылдана бастады. Осы
жылдың 30 қаңтарында еліміз 2010 жылы төрағалық еткен, қауіпсіздік
мәселесімен айналысатын әлемдегі ірі және ықпалды аймақтық ұйым саналатын
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға мүше болды.
Аталмыш ұйым мүшелігіндегі белсенді қимылдар көрсеткішінің негізгі нәтижесі
ретінде 11 жылдық үзілістен кейін елордамызда саммит ұйымдастырып, Астана
Декларациясын қабылдау сол кезеңдегі орындалмас армандай еді. Солтүстік
Америка, Еуропа және Орталық Азияның 56 мемлекетін біріктіретін, Ауғанстан,
Моңғолия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Жапония, Австралия, Алжир, Египет,
Израиль, Иордания, Марокко, Тунис секілді ынтымақтас әріптестері бар
ұйымның беделін және дамуындағы үшінші кезеңді бастаған Қазақстан еді.Жалпы
бұл ұйымның тарихы ұзақ кезеңді алып жатыр. Алғашқы қимылдарды Кеңес деп
бастаған ұйымды шақыру КСРО мен Еуропаның социалистік елдері және АҚШ пен
Канаданың әскери қарама-қайшылықтарды алдын алу және Еуропадағы
қауіпсіздікті күшейту негізіндегі бастама арқау болды. Кеңес үш кезеңде
өтті:

1973 жылдың 3-7 шілдесі - Хельсинки – сыртқы істер министрлерінің кеңесі;

1973 жылдың 18 қыркүйегі – 1975 жылдың 21 шілдесі - Женева – Қорытынды акт
мәтініне ұсыныстар, өзгерістер енгізуге келісім жүргізу;

1975 жылдың 30 шілдесі - 1 тамызы Финляндия астанасы Хельсинкиде 35 елдің
басшылары Кеңестің Қорытынды актына (Хельсинки келісімі) қол қойды. Бүгінде
бұл ұйымның төмендегідей негізгі органдары бар: Саммит (жоғары деңгейдегі
бас қосулар); сыртқы істер министрлерінің Кеңесі; төраға басшылығымен
өтетін тұрақты кеңес; қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы (апта
сайын Вена қаласында кездеседі); ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы
комиссар; ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттары мен адам құқықтары жөніндегі
бюро; ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясы; БАҚ бостандығы жөніндегі
өкіл.Еліміз 2 наурызда халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мен
бекіту, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты даму бағытында құрылған
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Осы ұйымның негізгі қызметі
мен құрылымы ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы жетекші антигитлерлік
коалиция қатысушыларымен дайындалды. Біріккен Ұлттар атауы бірінші рет
1942 жылдың 1 қаңтарындағы Біріккен Ұлттар Декларациясында қолданылды. БҰҰ
Жарғысы 1945 жылдың сәуірі мен маусымы аралығында өткен Сан-Франциско
конференциясында бекітіліп, 1945 жылдың 26 маусымында 51 мемлекет өкілдері
қол қойды. Ал бұл Жарғының заңдық күші енген 24 қазан Біріккен Ұлттар
Ұйымының күні деп аталып өтеді. Ұйым құрылымы төмендегідей: Бас Ассамблея,
Қауіпсіздік кеңесі, Хатшылық, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Қамқорлық
жөніндегі кеңес, Халықаралық сот. Сонымен қатар, Әлемдік банк, МАГАТЭ,
ЮНЕСКО, Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ-ның балалар қоры, БҰҰ-ның
өнеркәсіпті дамыту жөніндегі арнаулы мекемелері мен Халықаралық Құқық
комиссиясы, Халықаралық Сауда құқығы жөніндегі арнаулы комиссиялар қызмет
атқарады. БҰҰ тарихындағы оның Бас хатшылары:

Глэдвин Джебб, Ұлыбритания, (24 қазан 1945 ж. - 1 ақпан 1946 ж.);

Трюгве Хальвдан Ли, Норвегия (2 ақпан 1946 ж. - 10 қараша 1952 ж.);

Даг Хаммаршельд, Швеция, (10 сәуір 1953 ж. - 18 қыркүйек 1961 ж.);

У Тан, Бирма (30 қараша 1961 ж. - 1 қаңтар 1972 ж.);

Курт Вальдхайм, Австрия (1 қаңтар 1972 ж. - 1 қаңтар 1982 ж.);

Хавьер Перес де Куэльяр, Перу (1 қаңтар 1982 ж. - 1 қаңтар 1992 ж.);

Бутрос Бутрос-Гали, Египет (1 қаңтар 1992 ж. - 1 қаңтар 1997 ж.);

Кофи Аннан, Гана (1 қаңтар 1997 ж. - 1 қаңтар 2007 ж.);

Пан Ги Мун, Оңтүстік Корея (1 қаңтар 2007 ж. – бүгінгі күнге дейін). Демек,
осы уақытқа дейін 9 Бас хатшы болса, оның төртеуі Батыс Еуропадан, екеуден
Азия мен Африка және Оңтүстік Америкадан біреу.Бүгінгі күнде БҰҰ-ның
Қазақстанда келесі ұйымдары жұмыс атқарады: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму
бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халық қоныстану қоры
(ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қылмыс мәселелері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ),
БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ), БҰҰ
Еріктілері (БҰҰЕ), Әйелдер қоры (ЮНИФЕМ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ),
БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО),
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі
ұйымы (ЮНИДО), Дүниежүзілік Банк (ДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ),
АТҚБЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және Қоғамдық ақпарат
жөніндегі департамент (ҚАД) (Интернет-ресурс: www. wikipedia.org).

Осы жылдың 1-3 ақпанында Елбасы Н.Ә. Назарбаев Швейцарияның Давос
қаласындағы Дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысып, мемлекет
және үкімет басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Бұл форум негізінен
халықаралық ынтымақтастықтың дамуына бағытталатын халықаралық үкіметтік
емес ұйым қызметін атқарады. Форум эгидасымен өтетін жыл сайынғы бұл жиын
әлемнің барлық елдерінде осындай іскерлік шараларды ұйымдастырудың
бастамашысы ретіндегі қимылдар жүргізеді. Еліміздің осындай ұйымдармен
байланысы өзге мемлекеттердің сенімін ұялататыны белгілі. Елбасы Н.Ә.
Назарбаевқа республикадағы дипломатиялық корпусты қалыптастырушы өкіл
болған Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Аргюн Езнай
бірінші сенім грамотасын табыстаған еді.Мемлекетіміз дамыған Еуропа
елдерімен ынтымақтастық орнату барысында ТМД мемлекеттерімен де
байланыстарын нығайта түсті. 1992 жылдың 15 мамырында ТМД-ның алты
мемлекеті Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан
ұжымдық қауіпсіздік келісім-шартына қол қойды. Кейін 1993 жылдың 31
желтоқсанында бұл алтылыққа Белорусь Республикасы қосылды. Бірнеше
күндерден кейін, дәлірек айтар болсақ, 18-20 мамырда Елбасы Н.Ә. Назарбаев
АҚШ Президенті Джордж Буштың шақыруымен Америка Құрама Штаттарына алғашқы
ресми сапар шекті. Бұл сапар Қазақстан-Америка қатынастарының негізін
қалап, екі мемлекет басшылары елдері арасындағы жаңа қатынастардың
орнағандығы туралы айтты.Осы жылдың 7 мамырында Қазақстанның дербес Қарулы
күштері құрылды. Елбасымен бірге Қарулы күштердің қалыптасуына Сағадат
Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың (1924 жылы туылған) қосқан үлесі зор. Бүгінгі
қазақ армиясында құрлық күштері, әуе қорғанысы күштері және әскери-теңіз
күштері нығая түсті.22 мамыр күні Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар
Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы ЮНЕСКО-ға (United
Nations Educational, Scientific and Cultural Organization - UNESCO) мүше
болып қабылданды. Ұйым 1945 жылдың 16 қарашасында құрылып, штаб-пәтері
Париж қаласында орналасты. Бүгінде ұйымның 193 мемлекет-мүшесі және 7
әріптес-мүшесі бар. 182 мүше мемлекеттердің Париж қаласында орналасқан
тұрақты өкілдіктері бар екендігін айта кеткен жөн. Ұйым құрамында әлемнің
әр түкпірінде орналасқан 60 бюро мен бөлімшелері тұрақты жұмыс істейді.
Ұйым қызметі айналысатын негізгі мәселелер мыналар: білім беру мен
сауатсыздық саласындағы дискриминация мәселелері; ұлттық мәдениетті зерттеу
мен ұлттық кадрларды даярлау; әлеуметтік ғылымдар, геология, океанография
мен биосфера мәселелері. ЮНЕСКО-ның басты назарында Африка мен гендерлік
теңсіздікте бар.1992 жылдың 25 мамырында Ресей Федерациясының астанасы
Мәскеу қаласында екі Елбасы Н.Ә. Назарбаев пен Б.Н. Ельцин Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында достық, ынтымақтастық және
өзара көмек туралы шарт және Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі
туралы келісімге қол қойды. Ғылыми-техникалық прогрестің белгісі, алғашқы
жер серігі ұшқан, адамзат тарихында тұңғыш адамның ғарышқа аттануы, ғарыш
саяхатшысының тұңғыш сапары өткен Байқоңыр ғарыш айлағының Сыр елі үшін
орны ерекше.

1992 жылдың 4 маусымында мемлекет басшысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шортанбай - қазақ әдебиетіндегі зар заман дәуірінің көрнекті өкілі
Дене тәрбиесі мен спорт психологиясының қазіргі жай күйі
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы туралы ақпарат
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Ресейде жарық көретін Наука Сибири мерзімді басылымының 1990 жылғы
Жастардың діни ұстанымы және дінге көзқарасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы
Әлемдік әдеби сынның эстетикасы
Әдебиеттанудағы дәстүрлі және жаңа ізденістер мәселелері
Пәндер