Шежіренің деректік маңызы, орның ерекшелігі


Шежіренің деректік маңызы, орның ерекшелігі
- Шежіренің түрлері.
- Шежіренің тарихи дерек ретіндегі эволюциясы.
- Шежіренің пайда болуын сынау.
- Шежіредегі объективтілік пен субъективтілік.
- Шежіретану - кезеңдері мен қажеттілігі.
Шежіренің мақсаты. Шежіренің мәнін, мағанасын қолданылуын жіне зерттелуіне тоқталу. Шежіренің мазмұны. Елімізде білім берудің жаңа жағдайында білім және ғылым жүйесінде педогогикалық және ғылыми шығармашылық қызметке дайын мамандар даярлау. Іргелі педагогикалық және ғылыми дайындықтар негізінде кең көлемдегі жалпы және кәсіптік біліктілікті меңгерулері, Қазақстан тарихы ғылымының қазіргі жағдайын, келешек даму үрдесін, негізгі бағыт - бағдарларын білулері керек. Келешек тарихшы - зерттеушілер ретінде магистрлар ғылыми зерттеу ісінің методологиялық, теориялық және методикалық негіздерін, зерттеу әдістемесін т. б. нақты зерттеу объектілеріне қолдана білуге үйренулері қажет. Ғылыми зерттеу методының жалпыфилософиялық, жалпығылыми және арнайы методикалық тәсілдерін нақты - проблемалық мәселелерді шешуге қолднана білуге үйренулері тиіс.
Ғылыми зертеу ісінің теориялық - методикалық дайындығын қамтамасыз ету және өз беттерніше шығармашылықпен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізе білуге үйрету қажеттілігінмен анықталынады.
Деректанудың теориялық проблемаларын меңгеру; деректану методтарын меңгеру және оларды пайдалана білу; деректану принциптерін меңгеру және оларды қолдану; деректанудың жалпы методологиялық проблемаларын білу; шежіренің пайда болуын сынау; пайда болуының объективтілігін анықтау; дерек көздері ретіндегі маңыздылығын анықтау; сақталу формаларын анықтау; пайда болуының тарихи жағдайларын анықтау; субъективтілік деңгейін анықтау; дерек көзі ретіндегі ерекшелігін анықтау
Тарих пәнінің теориялық курстары ; тарих пәнінің қолданбалық курстары; Қазақстан тарихының деректері; теориялық деректану; деректану және тарихнаманың теориялық проблемалары; отан тарихының іргелі проблемалары; археологияның іргелі проблемалары; әлем тарихының іргелі проблемалары; этнологияның іргелі проблемалары
Қазақстан тарихы ғылымының қазіргі жағдайынан хабар болу; әр түрлі деңгейлердегі ғылыми методтарды меңгеру; деректерді деректанулық сыннан өткізе білу: деректану теориясын меңгеру; деректердің пайда болуын сынау «сыртқы сынң; деректердің шынайылық деңгейін анықтай білу «ішкі сынң; деректердің пайда болу объективтілігін анықтай білу; деректердің әлеуметтік табиғатын анықтау; деректердің субъективтілік деңгейін анықтай білу.
Қазақ халқының қалыптасуы үш мың жылға созылған күрделі тарихи процесс. Бұған Қазақстан аумағын мекендеген барлық ру-тайпалар (байырғы. Келімсек, түркі, түркіленген моңғол тайпалары, т. б. ) қатысты. Ал, шежіре - осы күрделі құбылыстың басты көрінісі болып табылады. Сондықтан да, қазақ халқының қалыптасу, бірігу және тұтас халыққа айналу процесін бейнелейтін тарихи білімдер жиынтығын ұлттық төлдеректерден, атап айтсақ шежіреден ала аламыз. Яғни, шежірені - қазақ халқының тұтас тарихын қалпына келтіруге көмектесетін жекелеген ру-тайпалар тарихы деп атап көрсете аламыз. Сонымен қатар, шежіретану ғылымын қалыптастырып, дамыту үшін түркі тілдес басқа да туысқан халықтардың жеткен жетістіктерін басшылыққа алу өзіндік оң нәтиже береді.
Дала тарихнамасы (ауызша тарихнама) мен жазбаша тарихнаманың басты ерекшелігі; дала тарихнамасында тарих ең алдымен есте сақталу бойынша баяндалса, жазбаша тарихнамада тарих уақытына қарай баяндалады. Сондықтан, қазақ шежіресі-уақыттандырылмаған, керісінше тұлғаландырылған. Батыс деректеріне қарағанда, қазақ шежіресінде уақытқа аса көңіл бөлінбейді, қазақ шежіресінде жеке тұлғалардың (би, ақсақал, батыр, хан) немесе жеке ру-тайпа көсемдерінің істеген ісін, батырлығын сипаттау арқылы тарихты баяндау жүзеге асырылады, яғни қазақ шежіресі - субъектінің өзінің өткені жайлы есте қалған фактілер жиынтығы. Ал шежіредегі ата-тек - сол есте қалған мәліметтерден құралатын деректер қорының негізі, ортақ діңі болып табылады. Шежіренің негізі болып, басқа нәрсе емес, ата-тектің тарқатылуының жатуына басты себеп, қазақ халқының дүниетанымында жатыр. Осыған орай, тақырыптың өзектілігі зерттеу нысанының өзіндік құндылығына, танымдық маңыздылығы және қазақ халқының рухани өрлеуіне аса зор рөл атқаруға тиісті тарих ғылымының алдында тұрған мақсат, міндеттерге негізделген өзара байланысты өлшемдермен анықталады.
- мәселені ұлттық және өркениеттілік мүдде тұрғысынан қарастыра отырып, тарихнама ғылымы саласындағы дәстүрлі әдіснама - тарихи тұжырымдар мен жаңашыл теорияларды басшылыққа алған;
- қазақ халқының қалыптасуына үлес қосқан ру-тайпалардың тарихын бейнелейтін - шежірелерді тұғырнамалық теориялар негізінде талдаған;
- тақырып бойынша әдебиеттерді қамтуда тілдік, ұлттық, хронологиялық, мемлекеттік шектеулер жасамай тарихнамалық талдауларды жан-жақты жүргізген;
- Қазақ шежіресін зерттеу саласына қатысты мәселелердің ақтаңдақ тұстары анықталған;
- шежіренің пайда болу, даму мәселесінің этникалық, әлеуметтік-экономикалық алғышарттары мен бұл үрдісте халық ауыз әдебиетінің дамуының дәстүр сабақтастығы мәселелерінің отандық және шетелдік тарихшылар еңбектерінде пайымдалуын қарастырған;
- Қазақ шежіресінің зертелу негізінің қалануы мен дамуының негізгі кезеңдерін және бағыттарын анықтаған.
- Шежіретану, шежіретану мектебі ұғымын пайдаланып, алғаш рет ғылыми анықтамасын берген.
Ең алдымен жекелеген ру-тайпалардың тарихы болып табылатын - шежірені зерттеу барысында тарихнамалық зерттеулердің жан-жақтылық, нақтылық, тарихи және объективтілік принциптерін басшылыққа алған. Нәтижесінде әр түрлі идеологиялық көзқарастар негізінде жазылған еңбектерге объективті тұрғыда баға берілген.
Қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі қазақ шежіресінің алатын орны мен маңыздылығы атап көрсетіліп, халықтың ру-тайпалық құрамы мен олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтауда А. И. Левшин, Н. Аристов, П. И. Рычков, А. Харузин, Л. Мейер, И. Казанцев, В. В. Вельяминов-Зернов, И. И. Гейер, В. В. Радлов, М. Н. Галкин, В. В. Бартольд еңбектеріне тарихнамалық талдаулар жасалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz