Жекелік айырмашылықтар ұғымы


Жекелік айырмашылықтар ұғымы.
2. Лекция жоспары: Жекелік айырмашылықтар орта мен тұқым қуалаушылық факторларының күрделі әрі көптеген әрекеттестіктерінің нәтижесі ретінде. Тұқым қуалау-шылық пен туыла берушілік ұғымдары. Психологиялық қасиеттердің тұқым қуалаушылық жолымен берілуі.
3Лекция мақсаты: Студенттерге жеке айырмашылықтар орта мен тұқымқуалаушылықтың туыла берілетіндігі жөнінде мәлімет беру.
4. Лекция мәтіні:
1. Жекелік айырмашылықтар орта мен тұқым қуалаушылық факторларының күрделі әрі көптеген әрекеттестіктерінің нәтижесі ретінде.
Индивидуалды психикалық вариацияларының көздерін анықтау - дифференциалды психологиядағы негізгі мәселе. Индивидуалды айырмашылықтар тұқымқуалаушылық пен орта арасындағы күрделі және көптеген өзара әсерден пайда болатыны белгілі. Тұқымқуалаушылық биологиялық түрдің тұрақты өмір сүруін қамтамасыз етсе, орта - өмірдің өзгермелі шарттарына бейімделу мүмкіндігі мен өзгергіштігін қамтамасыз етеді.
Тұқымқуалаушылық эмбрионның ұрықтану кезінде ата - ананың гендері арқылы беріледі. Егер химиялық баланисровка немесе гендер толық емес болатын болса, дамып келе жатқан ағзада физикалық аномалия немесе психикалық патология болуы мүмкін. Бірақ, кейбір қарапайым жағдайда да биохимиялық, физиологиялық, психологиялық - әр түрлі деңгейдегі реакция нормаларының қосындысының нәтижесі тұқымқуалаушылық мінез-құлық вариацияларының кең спектрін беруі мүмкін. Ал тұқымқуалаушылықтың ішкі шекарасының соңғы нәтижесі ортаға тәуелді. Осылайша, адамның белсенділігінің әрбір көрінісінен тұқымқуалаушылықтың және ортаның әсерлерін табуға болады, ең бастысы - бұл көріністің мазмұны мен шегін анықтай алу.
Сонымен қатар адамда жануарда жоқ әлеуметтік тұқымқуалаушылық бар (мәдени үлгінің ізімен жүру, акцентуацияның берілуі, мысалы, анасынан баласына суық аналық тәрбиенің салдарынан шизоидты мінез акцентуациясының берілуі, жанұялық көріністің қалыптасуы) . Бұл жағдайларда көбіне бірнеше ұрпақ барысындағы ерекшеліктердің тұрақты көрінуін анықтайды, бірақ генетикалық шегендеусіз белгілейді.
А. Анастази пікірінше, әлеуметтік мұра шын мәнінде қоршаған орта әсеріне қарсы тұра алмайды.
«Өзгергіштік», «тұқымқуалаушылық», және «орта» түсініктеріне қатысты бірнеше пайымдамалар бар. Тұқымқуалаушылық түрдің тұрақтылығына жауап береді, дегенмен тұқымқуалаушылықтың белгілері өзгеріске ұшырайды. Сонымен қатар, ортаның әсер ету салдары индивидтің психологиялық бейнесінде біршама тұрақты болуы мүмкін, дегенмен олар ген арқылы келесі ұрпаққа берілмейді (мысалы, туғанда алған жарақаттың салдарынан бала дамуының бұзылуы) .
Даралықтың қалыптасуындағы екі фактордың үлесін түрлі теориялар мен ықпалдар әр түрлі бағалайды. Олардың биологиялық, орта, әлеуметтік - мәдени детерминацияны таңдауға байланысты келесі теориясылар тобы бөлініп шықты:
1. Биогенетикалық теорияларда индивидуалдылықтың қалыптасуы алдын ала анықталған туа біткен және генетикалық нышандар ретінде көрсетіледі. Даму бұл қасиеттердің уақытқа қатысты ашылуы, ал орта әсері өте шектелген. Биогенетикалық бағыт ұлт айырмашылықтарының бастауы туралы ұлтшылдық ілімнің теориялық негізі болып табылады. Бұл бағыттың жақтаушылары Ф. Гальтон мен рекапитуляция теориясының авторы Ст. Холл болды.
2. Социогенетикалық теориялар (тәжірибе приматын нақтылаушы сексуалды бағыт) алғашында адам таза тақта сияқты болады, ал оның барлық жетістіктері мен ерекшеліктері сыртқы шарттармен (ортамен) шартталған. Мұндай позицияны Дж. Локк ұстанған. Бұл теориялар біршама прогрессивті, бірақ олардың кемшілігі - баланы туғаннан енжар, әсер ету обьектісі ретінде түсінуі.
3. Екі факторлы теориялар (екі фактордың конвергенциясы) дамуды туа біткен құрлым мен сыртқы әсердің өзара әрекеттесуінің нәтижесі ретінде түсінді. К. Бюлер, В. Штерн, А. Бине ортаны тұқымқуалаушылық факторына жатқызды.
Екі факторлы теорияның негізін қалаушы В. Штерн бір функция жайлы оның ішкі немесе сыртқы екенін сұрауға болмайтынын белгілеген. Бірақ екі факторлы теорияның шеңберінде де бала өзінде өтіп жатқан өзгерістердің енжар мүшесі болып қала береді.
- Л. С. Выготскийдің жоғары психикалық функциялар туралы ілімі (мәдени - тарихи бағыт) даралықтың дамуы мәдениеттің - адам тәжірибесінің кеңеюінің арқасында екендігін пайымдайды. Адамның туа берілген қасиеттері оның даму шарттары болып табылады, ал орта - оның дамуының бастауы. Бала ересектермен қарым-қатынас жасау және бірлескен іс-әрекет ету нәтижесінде мәдениет мазмұнын игереді.
Тұқымқуалаушылық пен ортаның үлесінің маңыздылығын әртүрлі түрдегі дисперсия себеп мәндерін талдаушы сандық белгінің генетикасы анықтайды. Бірақ әрбір белгі қарапайым, бір аллельмен белгіленбеуі мүмкін (доминантты және рецессивтісі гендер жұбы болуы мүмкін) . Сонымен қатар, қорытынды тиімділік әрбір геннің әсер етуінің арифметикалық қосындысы ретінде қарастырылмайды, өйткені олар бір уақытта көрініп, өзара әсерлесу арқасында жүйелі тиімділікке әкеледі. Сондықтан психологиялық белгінің генетикалық бақылау процесін зерттей отырып, психогенетика келесі сұрақтарға жауап алуға ұмтылады: 1. Даралық айырмашылықтардың қалыптасуын генотип қандай шекте анықтайды (яғни күтілген шектің вариациясы қандай) ? 2. Бұл әсердің нақты биологиялық механизмі қандай (хромасомалардың қай бөлігінде сәйкес гендер шоғырланған) ? 3. Гендердің ақуызды өнімі мен нақты фенотипті қандай процестер біріктіреді? 4. Зеттеуші генетикалық механизмдердің өзгеруіне әсер ететін сыртқы орта факторлары бар ма?
Тұқымқуалаушылық белгісі көрсеткіштер маңыздылығының абсолютті ұқсастығы бойынша емес, биологиялық ата - анасы мен баласының арасындағы көрсеткіштердің корреляциясының болуынан танылады. Зерттеу нәтижесінде биологиялық ата - ана мен баланы асырап алған ата - аналарының темпераменттерінің сипаттамаларының арасында ұқсастық табылады делік. Көбіне асырап алған жанұяда балалар жалпы және орта шарттарының айырмашылығын сезеді, соның нәтижесінеде абсолютті көрсеткіштер бойынша олар өздерінің асырап алған ата - анасына да ұқсап кетеді. Бірақ корреляциялар белгіленбейді.
Қазіргі уақытта тұқымқуалаушылық факторы мен ортаны жақтаушылардың арасындағы дискуссия өзінің өткірлігін жоғалтып отыр. Даралық вариацияларының көзін анықтауға арналған көптеген зерттеулер, ереже бойынша, ортаның немесе тұқымқуалаушылықтың нақты бағасын бере алмайды. Мысалы: 1920 жылдары егіздер әдісін қолданып жүргізген Ф. Гальтонның психогенетикалық зерттеулерінің арқасында биологиялық детерминацияланған сипаттамалар (ми көлемі, басқа өлшемдер) генетикалық анықталғаны, ал психологиялық сапа ( әртүрлі тест бойынша интеллектуалды коэфиценті) ортамен шартталатынына және үлкен айырмашылықтар болатыны анықталды. Оған жанұяның әлеуметтік және экономикалық статусы, туу реті және т. б. әсер етеді.
Орта мен тұқымқуалаушылықтың өзара әрекеттесуін зерттеу облысындағы қазіргі жағдай интеллектуалды қабілеттеріне орта әсерінің екі модельі бойынша иллюстратцияланады. Бірінші модельде Зайонч пен Маркус былай тұжырымдайды: Бала мен ата - ана қанша уақытты бірге өткізсе, соншалықты үлкен туысымен интеллектуалды корреляция коэфиценті жоғары болады, (Экспозиционды модель), яғни бала өзінің интеллектуалды қабілеті жағынан кім көп оны тәрбиелесе, соған ұқсайды, ал егер ата - анасы қандайда бір себептермен балаға аз көңіл бөлсе, онда ол апасына немесе тәрбиешісіне ұқсайтын болады. Екінші модельде қарама - қайшылық белгіленеді: Макаски мен Кларк оның идентификациясының пәні болып табылатын бала мен туысы арасындағы біршама жоғары корреляцияны бақылауға болады деген. (Идентификационды модель) . Яғни ең маңыздысы - бала үшін интеллектуалды автаритет болу керек, сонда оған алыста тұрып әсер етуге болады, ал күнделікті бірігіп әрекет ету міндет емес. Бір - бірін жоққа шығарушы екі модельдің өмір сүруі тағы да дифференционалды - психологиялық теориялардың көбі тар органикалық сипатта екенін көрсетіп отыр, ал жалпы теориялар практика жүзінде қалыптасқан жоқ.
2. Тұқым қуалау-шылық пен туыла берушілік ұғымдары.
Қазіргі уақытқа дейін психиканың индивидуалды айырмашылықтарының көрінуі мен қалыптасуына орта мен тұқымқуалаушылықтың үлесін мойындай отырып, дифференционалды психология бұл түсніктерді нақтылап жатыр. Тұқымқуалаушылық кең мағнада түсініле бастады: бұл тек мінез - құлыққа әсер ететін қарапайым жеке белгілер емес, ( мысалы, ұзақ уақытқа дейін саналған жүйке жүйесінің қасиеті), сонымен қатар мінез - құлық бағдарламасының туа біткендері мен әлеуметтік (грациализация, репрадуктивті, территорияльді мінез - құлық және т. б) саны үнемі көбейіп отыратын әлеуметтік мінез - құлық бағдарламасын социоэтология зерттейді. Бағдарламалар бұл жағдайда даму троекториясы асып түсетіндіктен белгілер ортасының әсерінен бір - бірін алмастыратындардан ерекшеленеді. Бағдарлама өзіне «жіберудің» уақыты мен критикалық нүктелердің жүйелілігін қосады.
Орта түсінігі де өзгерді. Бұл жай ғана индивидтің барлық өмір барысында - ауа мен тамақтан бастап, жолдастарымен қарым қатнастарының дамып, қалыптасуымен аяқталаталып, жауап қайтаратын өзгертуші стимулдар қатары емес, бұл адам мен ортаның өзара әрекеттесу жүйесі. М. Черноушек ортаның келесі белгілерін көрсетті:
1. Ортада уақыт пен кеңістікте мықты шегенделген шектер жоқ. (яғни, фигура ретінде көрінетін адам болмыстың фоны болып табылады) .
2. Ол барлық сезімдерге бірден әсер етеді.
3. Орта тек қана басты ақпаратты бермейді, сонымен қоса перефериялық ақпаратты береді.
4. Біздің қорыта алу қабілетімізге қарағанда, ол әрқашан біршама көп ақпараттан тұрады.
5. Орта іс - әрекетке байланысты қабылданады.
6. Кез келген ортаның материалды құндылыққа қарағанда психологиялық және символикалық маңыздылығы бар.
7. Қоршаған орта бір толық бүтін ретінде әрекет етеді.
Осыдан біздің бір уақытта бірнеше ортада өмір сүретініміз көрініп тұр.
У. Брофенбреннердің «Адамзат дамуындағы экология» атты кітабында экологиялық ортаны төрт концентративті құрлымынан тұратын ортадағы тұлғааралық өзара әсерлесулер мен рөлдердің іс- әрекет құрлымы болып табылады, яғни екі егіздерге қолданылады, біз ортаның дамуының ұқсастығын тұжырымдай алмаймыз, өйткені оларға түрлі талап, түрлі күтулер қолданылады, өйтекні олардың біреуі қолданылмастан ересегіне белгіленеді, ал басқасы - кішісіне белгіленеді. Мизожүйе - бір немесе бірнеше ортаның байланыс құрлымы. (жанұя мен жұмыс, үй және құрдастар тобы) . Егер бауыры мен қарындасы бір мектепке барып, қарындасына үйге достарын әкелуге рұқсат беріп, ал ағасына рұқсат бермесе, онда екеуінің өмірлік әрекетінің мезожүйелері бір - бірінен айрықшаланады.
Экзожүйе - кеңістікте маңызды оқиғалар болатын орта (қарым - қатнас ортасы) балалар бір мектепке бара алады. Дегенмен сыныптастармен болатын өмірлік маңызды оқиғалар біреуіне маңызды, екіншісіне маңызды емес болуы мүмкін мысалы, драмалық үйірмеде. Және соңғысы макрожүйе - субкультура. (адамдар бағынатын заңдар мен дәстүрлер, құндылықтар) . У. Бронфенбреннер макрожүйе адамның өмірін қалыптастыруында оның барлық «Ішкі» жүйелерін бағындыра отырып, маңызды рөл атқарады деп есептеген.
Егер елде туу мадақталмаса және балаға қарау үшін демалыс берілмесе, онда бала ананың депивациялық жағдайында өседі, ал осылайша микро, мизо, және экзожүйелер оның орнын басуға жеткіліксіз болып қалатыны түсінікті. Екінші жағынан, ішкі жеке жағдайларға тәуелсіз, негізгі өмірді қалыптастырушылар мен дүниетаным субкультурада сақталады.
3. Психологиялық қасиеттердің тұқым қуалаушылық жолымен берілуі.
У. Бронфенбреннердің көзқарасынша, орта екі негізгі өлшеуден тұрады: бұл адам өзі құмартып жүрген іс - әрекеті мен өзінің өмір барысында таңдайтын ұстаздарының мінездемесі. Адам дамуының әр сатысында ортаны таңдап, өзгертіп отырады. Сонымен қоса өмірінің барысында ортаның қалыптасуында өзінің белсенділік рөлін үнемі көбейтіп отырады.
Тағы бір орта құрлымын отандық атақты зеттеуші В. С. Мухина ұсынды. Ол орта түснігін - заттық әлем мен бейнелі - белгілік жүйелермен, әлеуметтік кеңістікпен, табиғи шынайылықпен түсіндіреді. Соған қоса адамның жетістіктерін көрсететін тілдік орта, қалыптастырушы орта жайлы айтады. (В. В. Рубцов) . Сонымен бірге қазір еш күмәнсіз виртуалды орта жайлы айтуға болады. («томагоччн» феномендерінде компьютерге тәуелділікте және басқа обьективті өмір сүретін құбылыстарға қатысты аффективті тұрақты құбылыстарда көрінеді) .
Осылайша, орта әсерлері (психикалық ерекшеліктермен) географиялық шарталған ландшафттпен, климатпен, және т. б. (географиялық детерминизм) - субьектке құнды және қажетті заттармен, культура және субкультураның мазмұнымен, және соңғысы адам қарым - қатнасының формасымен және сапасымен психикалық ерекшеліктердің анықтамасын білдіреді. Ортаның мазмұнын игеру - адамның өзіндік санасымен тұлғаға маңызды фактор болып табылады.
Биогенетикалық және социогенетикалықты жақтаушылардың концепцияларын қолданушының бірі Х. Вернердің ортогенетикалық концепциясы болып табылады. (Ортогенез - бұл тірі табиғаттың даму теориясы) . Оның көзқарасы бойынша, барлық ағзалар өзінің төменгі дамуында кемелденген функциялармен туады. (Соның ішінде психикалықта) . Олар ортамен әрекеттесе отырып, жаңа тәжірибе алады, ал бұл өз кезегінде әрекеттесудің минималдануын жаңадан анықтайтын жаңа функционалды құрылымдарда жаңа сапада бекітіледі. Осылайша, дамушы сатылардың ұйымдасуын білдіреді, бірақ келесілердің ұйымдасуын білдірмейді. Х. Вернер ағзаны сахнадағы актермен салыстырған: даму барысында сахнадан актерге жылжи бастайды. Оған тек қана енжар жауап қайтара бермей, саты жоғарлаған сайын ортаны басқаруды үйреніп келе жатқан, белсендірек болып келе жатқан индивидтің бастамашылығы жиі болады. Субьектінің мүмкіндігінің кеңеюі топтық мақсаттан кейінге қалдырылған және жоспарланған тапсырмаларға бас бұра алуынан көрінеді.
Басқа белгілі зерттеуші Дж. Вулвилл субьекттің белсенділігінің шегін өлшеуді белгілей отырып, субьект пен ортаның әрекеттесуінің төрт модельін ұсынды: «Ауруханалық төсек» модельі - адам өмірінің алғашқы айларын белгілейді, ол толығымен оның пассивтілігін білдіреді. «Луна парк» модельінде бала ортаның обьектілерін таңдай алады, бірақ олардың әсері өзгеріссіз қалады. «Жүзушілердің жарысы» атты модельде субьект өз жолымен жүреді, ал орта - тек қана өмір контексті. Және соңғысы «Теннис добы» модельі орта мен субьектінің үнемі өзара әрекеттесетінін сипаттаиды. (Бұл көзқарас жалпы Х. Вернердің ұстанымына сәйкес келгенін білдіреді) .
Сонымен, психиканың индивидуалды айырмашылығын зерттегенде біріншіден, «Орта» және «Әлеуметтік әсер», екіншіден, «Тұқымқуалаушы» және «Биологиялық», үшіншіден, «Тұрақты» және «Тұқымқуаланған» деген түсніктерінің сәйкес келмейтінін мойындау маңызды факт блоып табылатынын есте сақтау керек.
Орта өзгеретіндіктен, адамның туа біткен мінез - құлық бағдарламасы да әр түрлі қарқынмен өзгереді. Адам психикасының өмір барысында дараланатыны көрініп тұр. Сонымен қатар онда ортаның әсерінің тұрақтылыққа қатысты көптеген нұсқалық және сезімталдық бөліктері орналасқан. Оған қоса психогенетикалық әдістерді қолдану ортаның әр адамға жалпы және ажырататын тұқымқуалаушылық үлесін анықтауға мүмкіндік береді. Жалпылықты, ерекшелікті және бірлікті белгілей отырып, әдетте индивид, тұлға, индивидуалдылық терминдерін қолданады.
5. Бақылау сұрақтары:
1. Тұқым қуалау-шылық пен туыла берушілік ұғымдары.
2. Психологиялық қасиеттердің тұқым қуалаушылық жолымен берілуі.
1. Лекция тақырыбы: № 2 Дифференциалды психологияның теориясы және практикасы.
2. Лекция жоспары: Жекелік берілгендердің жеткілікті санын орташалу психиканың дамуындағы жалпы заңдылықтарға сенімділікпен анықтаудың теориялық маңызы. Кәсіптікке баулу, кәсіптікке іріктеу және оқыту мен тәрбиелеуді жекелікке бағдарлау т. б. сұрақтарды шешуде дифференциальды- психологиялық зерттеулердің қолданбалық маңыздылығы.
3Лекция мақсаты: Студенттерге дифференциалды психологияның теориясы және практикасы туралы мәлімет беру.
4. Лекция мәтіні:
1. Жекелік берілгендердің жеткілікті санын орташалу психиканың дамуындағы жалпы заңдылықтарға сенімділікпен анықтаудың теориялық маңызы.
Адамның жеке басының қасиеттері іс-әрекеттерінде, қылықтарында көрінеді; ол өзіне пайдалы немесе зиянды сапалар көрсетеді. Н. Г. Чернышевскийдің сөзіне қарағанда, адамның ақылы мен мінез-құлқы туралы ең анық мәліметтерді ол адамның іс-әрекеттерін зерттеу арқылы ғана білуге болады.
Сонымен қатар адам өзінің іс-әрекетінде қалыптасады. Бұған мысал ретінде А. С. Мақаренко басшылық еткен колонияның еңбек тіршілігін алуға болады. Ақылмен ұйымдастырылған іс-әрекет, бұл колонияда тәрбиеленушілерге ықпал жасау мен оларды тәрбиелеу шараларының тереңнен ойластырылған жүйесі оларда адамның бағалы сапаларын қалыптастырды.
Жеке адам, топ және ұжым
Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Қоғамдьщ тәрбие арқылы адам белгілі бір мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Кез-келген адам қандайда болмасын бір топқа кіреді. Топтар: үлкен (макро), кіші (микро) ресми емес, ресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған контактылы (адамдармен ылғи да жүздесіп жүретін топ) . Оқшауланған формалы, формасыз, жасанды, табиғи, шартты, референттік болып бірнешеге бөлінеді. Мәселен, сынып оқушылары, жұмысшы бриғадасы, әскери бөлімше, отбасы - контактылы немесе реалды топқа жатса, футбол алақында, кино залда отырған адамдар - ұйымдаспаған топқа жатады. Белгілі бриғада мүшелері, студенттер тобы - ресми топ деп аталынса, отбасы мүшелері, дос-жарандар, ағайын-туыстар - ресми емес топ деп аталынады. Топ екі адамнан бастап құралады. 2-ден 40 адамға дейінгі топ шагын топтар (мектеп класы) мыңдаған, миллиондаған адамдардың тобын (саяси партиялар, ұлт, кәсіподақ, діни ұйымдар, т. б. ) үлкен топтар дейді. Әрбір топтың ресми не ресми емес жетекшілері болады.
Түрткілер мен қажеттіліктер
Адамды әрекетке бағыттайтын, қажеттілігін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткі психологияда мотив (себеп) деп аталады. Жеке адамды қандайда болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив - оның түрлі қажеттері яғни, бір нәрсеге мұқтаждығы. Адамның қажеттіліктері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасады. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның емір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алатын материалдың қажеттіліктер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары, т. б. ) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті, еңбек құралдарын пайдалану секілді негізгі материалдың қажеттері біртіндеп дами келе қажеттіліктіқ жаңа тобын рухани қажеттерді туғызады. Рухани қажеттіліктердің дамуы материалдың қажеттердің қанағаттанды-рылуына байланысты. Адам қажеттілігінің дамуы - тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар - адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттіліктерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттіліктері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты да өзгерте алады. Қажеттіліктердің өтелуі, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш-сүйінішіне әсер етеді. Қажеттіліктер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін тугызады. Қажеттіліктерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттагы мәселелерді шешуге мүмкндік алады. Өйткені қажеттілік - адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана қоймай, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттіліктері -іс-әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады.
Қажеттілік, әсіресе табиғи қажеттіліктер - өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер табиғи қажет өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жагдайлар болмаса, адам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды.
Адам өмірі үшін рухани қажеттіліктерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттіліктердің өтелмеуінен адам көп Қиыншылық көреді, өйткені, бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Қажеттілік жа-нуарларда да бар. Бірақ бұл - биологиялық сипаттагы қажеттіліктер. Жануарлардың қажеттіліктері олардың қоректенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады. Мәселен, тауық жерден дән іздеп зыр жүгіреді.
Жеке адамның қасиеті ретіндегі қызығулар
Жеке адамның қасиеті ретіндегі қызығулар адамдарда әр түрлі болады да, адамның өмірі мен қызметіне сан-алуан әсер етеді. Қызыгулардың ерекшеліктері адамның ерекшеліктерін де сипаттайды. Қызығулардың маз-мұны адамның бағыт-багдарын, оның өмірде алдына қойған мақсаттарын білдіреді. Қызыгулардың тереңдігі адамның жалпы дамуымен, ақыл-ойымен тығыз байланысты. Қызығулар өсіп дамуы мүмкін егер, адамның қайсы бірі пайдалы нәрсеге, мысалы, көркем әдебиетті оқуға, өнерге ынтасы жеткіліксіз болса, бұларды, әуелі тиісті сабақтарға өзін мәжбұр етіп, содан соң, ой өрісінің кеңеюіне қарай баулып тәрбиелеуге болады, қызығуы бірте-бірте өсіп, тереңдей түседі. Бірақ адам бұларды қолдап отырмаса, оған қамқорлық жасамаса, оларды кезінде қанағаттандырмаса, қызығулар бірте-бірте нашар лап, соңында мүлде жоғалып кетуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz