Философия пәнінен дәрістер



КІРІСПЕ
№1 Лекция сабағының тақырыбы: Философия мәдениет феномені хақысында.
№2 Лекция сабағының тақырыбы: Көне Үнді және қытай философиясы
№3 Лекция сабағының тақырыбы: Антикалық мәдениеттегі философия.
№4 Лекция сабағының тақырыбы: Батысевропалық ортағасырлық мәдениеттегі философия мен діннің феномені.
№5 Лекция сабағының тақырыбы: Исламдық ортағасырлық мәдениет контексіндегі арабтық мұсылмандық философия.
№6 Лекция сабағының тақырыбы: Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия.
№7 Лекция сабағының тақырыбы: Жаңа уақыт мәдениетіндегі батыс европалық философия. ХХ ғ. мәдениетіндегі батыс европалық философия.
№8 Лекция сабағының тақырыбы: ХІХғ. аяғы ХХ ғ. басындағы ресейлік мәдениет контексіндегі орыс философиясы.
№9 Лекция сабағының тақырыбы: Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.
№10 Лекция сабағының тақырыбы: ХХ ғ. мен ХХІ ғ. қарсаңы мәдениеті контексіндегі батыстық философия.
№11 Лекция сабағының тақырыбы: Болмыс философиясы. Философиялық антропология.
№12 Лекция сабағының тақырыбы: Әлеуметтік философия. Мәдениет философиясы.
№13 Лекция сабағының тақырыбы: Махаббат философиясы.Дін философиясы.
№14 Лекция сабағының тақырыбы: Тарих және саясат философиясы.
№ 15 Лекция сабағының тақырыбы: Диалектика теориясының мәселелері. Эпистемология. Глобальдық мәселелер философиясы.
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Философия - ерекше ғылым. Оның мәні дүниеге көзқарасы мен методологиясында. Философия - қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі.
Философия – барлық қоғамдық ғылымдардың түп атасы. Ол - үнемі дамып, адамзат ақыл-ойының жетістіктерімен толықтырылып отыратын ғылым. Сондықтан бұл пәнді дүние жүзі өркениетті елдерінің бәрі де бағалайды. Философия пәні дүние жүзіндегі барлық оқу орындарында оқылады. Философия – алдымен жалпылық ғылым. Бұл әсіресе қазіргі ғылымдарға қажет. Өйткені философия ғылымдардың басын біріктіретін, белгілі теорияға негіздейтін жалпылық ғылым. Ол әрбір жеке ғылымдардың бәріне тән заңдылықтарды зерттейді, топтастырады, әрқайсысының дүниетанымдағы, оны өзгертудегі алатын орнын көрсетеді. Сөйтіп, жалпылық ғылым нақты ғылымдарға жетекшілік, методологиялық рөл атқарады. Осыған байланысты философия пәнін тарих мамандарына оқыту өте көп көңіл бөлінді.
Пәннің мақсаты:
Философия дүниеге ғылыми көзқарастың, ойлаудың, диалектикалық жүйесін жасап, болашаққа сеніммен қарауды қалыптастырады. Бұл іліммен қарулану, әсіресе, қазіргі өмірді революциялық қайта құру процесіне бірден-бір сәйкес және қажет ілім. Философияның методикалық принциптерін негізге алу өмір талабы. Сонымен қатар, қазіргі демократия, жариялыққа сәйкес, ол бұрынғы өмірден алшақтықтан, догматизмнен тазарып, шыңдала түсуде.
Пәннің міндеттері:
Философия басқа пәндер арасында тығыз байланысы бар. Олар бірінсіз бірі өмір сүрмейді. Өйткені, философия – жалпы теориялық ілім. Ол объективтік шындықтың жалпы заңдылық-тарын зерттеп, теориялық қорытынды жасайды. Философияның ғылыми маңызы өзіне керекті нәрді өмірдің өзінен алуында. Ол нәрді тудыратын - практика, нақты, нақты фактілерге негізделген ғылымдар. Сондай-ақ нақты ғылымдар үшін жалпы теориялық ғылым – философия қажет.
Сонымен қатар ұсынылып отырған лекциялық курс әлемдік философияның түрлі ағымдары, ұғым, терминдер, философиялық бағыттары мен мектептері, және маңызды философиялық еңбектер жөніндегі анықтамалар жан-жақты қамтылған. Бұл лекциялық курс негізінен күндізгі бөлімінің студенттеріне өте тиімді, маңызды және ыңғайлы болып табылады.
Бұл лекциялық курс Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен типтік бағдарламаға сәйкес жазылған.
1. Кішібеков Д. Сыдықов Ұ. Философия. - Алматы: Қарасай, 2008.- 360 б.
2. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетали Қ. Философия тарихы. - Алматы : Раритет, 2006. - 312 б.
3. Нұрышева Г.Ж. Философия тарихы. - Алматы: Зият Пресс, 2005. - 180 б.
4. Есім Ғ. Фалсафа тарихы. - Алматы: Раритет, 2004. - 304 б.
5. Ғабитов Т. Х. Философия. - Алматы : Раритет, 2005. - 400 б.
6. Ғабитов Т. Х. Қазақ философиясы - Алматы: Раритет, 2011. - 280 б.
7. Алтай Ж. А. Ғылым тарихы мен философиясы . - Алматы : Раритет, 2008. - 368 б.
8. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. - Алматы: Бiлiм, 2001. – 328 б.
9. Философиялық сөздік/ Бас редакторы: Р.Н. Нұрғалиев/. - Алматы, 1996. - 525 б.
10. Габитов Т.Х. Философия. Алматы: Қаржы-қаражат, 2003. - 368 с.
11. Антология мировой философии. В 4-х т. - М.: Мысль, 1969. – 712 с.
12. Барулин В.С. Социальная философия.. М., 2000. – 560 с.
13. Введение в философию. Учеб. Для ВУЗов. Под ред. И.Т.Фролова. М.,Политиздат., 1990.-367 с.
14. Ақназаров Х.З. Философия тарихынан дәрістер курсы. Алматы. 1992. – 110 б.
15. Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. – Алматы: Ғылым, 1990. – 300 б.
16. Әлеуметтік философия. Хрестоматия. - Алматы: Ақыл кітабы, 1997. - 226 б.
17. Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. - А.: 1996. - 168 б.
18. Сегизбаев О.А. История казахской философии. - Алматы: Ғылым, 2001. - 456 с.
19. Молдабеков Ж. Қасабек А. Шығыс философиясы: - Алматы: Қазақ ун-тi, 2001. - 307 б.
20. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Адамға қарай бет бұрсақ. - Алматы: Қазақ университі, 1992. - 160 б.
21. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік. – Алматы: Білім, 1994. - 112 б.
22. Қариев З. Даму. - Алматы: Қазақ университетi, 1993. - 144 б.
23. Орынбеков М.С. Философские воззрения Абая. - Алматы: Білім, 1995. - 152 с.
24. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Жазушы, 2005. - Т.1. - 295 б.
25. В мире мудрых мыслей. - М.: Знание, 1962. - 360 с.
26. Чанышев А.Н. Курс лекций по древней и средневековой философии. - М.: Высш. шк., 1991. - 512 с.
27. Асмус В.Ф. Античная философия. М., - 451 с.
28. Богомолов А.С. Античная философия. - М., 1985. – 342 с.
29. Чанышев А.Н. Курс лекций по древней и средневековой философии. -М., 1991. – 417 с.
30. Соколов В.В. Средневековая философия. - М.: Высшая школа, 1979. - 448 с.
31. Степанянц М. Т. Восточная философия. - Ростов-на-Дону: Феникс, 1997. - 178 с.
32. История философии в кратком изложении.– М.: Мысль, 1995.– 590 с.
33. Соколов В.В. Европейская философия ХV – ХVП веков. – М.: Высш. шк., 1996. – 400 с.
34. Философия ХХ века. – М.: ЦИНО общества Знание России, 1997. – 288 с.
35. История философии в кратком изложении. - М.: Мысль, 1995. - 590 с. 36. Очерки по истории философии и культуры. - М.: Политиздат, 1991. - 432 с.
37. Гулыга А.В. Немецкая классическая философия. - М.: Мысль, 1986. - 334 с.
38. Радугин А.А. Философия - курс лекций. - М. 2004. - 336 с.
39. Философский энциклопедический словарь. Гл. ред. Ильичев Л.Ф., Федосеев П.Н. и др. М.: Советская энциклопедия, 1983. — 836 с.
40. Скирбекк Г. История философии. – М.: Гуманитар. Изд. Владос, 2008. – 799с.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 141 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Философия - ерекше ғылым. Оның мәні дүниеге көзқарасы мен
методологиясында. Философия - қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға
ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің рухани мәдениеттің ажырамас
бөлігі.
Философия – барлық қоғамдық ғылымдардың түп атасы. Ол - үнемі
дамып, адамзат ақыл-ойының жетістіктерімен толықтырылып отыратын ғылым.
Сондықтан бұл пәнді дүние жүзі өркениетті елдерінің бәрі де бағалайды.
Философия пәні дүние жүзіндегі барлық оқу орындарында оқылады.
Философия – алдымен жалпылық ғылым. Бұл әсіресе қазіргі ғылымдарға
қажет. Өйткені философия ғылымдардың басын біріктіретін, белгілі
теорияға негіздейтін жалпылық ғылым. Ол әрбір жеке ғылымдардың бәріне
тән заңдылықтарды зерттейді, топтастырады, әрқайсысының дүниетанымдағы,
оны өзгертудегі алатын орнын көрсетеді. Сөйтіп, жалпылық ғылым нақты
ғылымдарға жетекшілік, методологиялық рөл атқарады. Осыған байланысты
философия пәнін тарих мамандарына оқыту өте көп көңіл бөлінді.
Пәннің мақсаты:
Философия дүниеге ғылыми көзқарастың, ойлаудың, диалектикалық
жүйесін жасап, болашаққа сеніммен қарауды қалыптастырады. Бұл іліммен
қарулану, әсіресе, қазіргі өмірді революциялық қайта құру процесіне
бірден-бір сәйкес және қажет ілім. Философияның методикалық
принциптерін негізге алу өмір талабы. Сонымен қатар, қазіргі
демократия, жариялыққа сәйкес, ол бұрынғы өмірден алшақтықтан,
догматизмнен тазарып, шыңдала түсуде.
Пәннің міндеттері:
Философия басқа пәндер арасында тығыз байланысы бар. Олар
бірінсіз бірі өмір сүрмейді. Өйткені, философия – жалпы теориялық ілім.
Ол объективтік шындықтың жалпы заңдылық-тарын зерттеп, теориялық
қорытынды жасайды. Философияның ғылыми маңызы өзіне керекті нәрді
өмірдің өзінен алуында. Ол нәрді тудыратын - практика, нақты, нақты
фактілерге негізделген ғылымдар. Сондай-ақ нақты ғылымдар үшін жалпы
теориялық ғылым – философия қажет.
Сонымен қатар ұсынылып отырған лекциялық курс әлемдік
философияның түрлі ағымдары, ұғым, терминдер, философиялық бағыттары
мен мектептері, және маңызды философиялық еңбектер жөніндегі
анықтамалар жан-жақты қамтылған. Бұл лекциялық курс негізінен күндізгі
бөлімінің студенттеріне өте тиімді, маңызды және ыңғайлы болып
табылады.
Бұл лекциялық курс Қазақстан республикасы Білім және ғылым
министрлігі бекіткен типтік бағдарламаға сәйкес жазылған.

№1 Лекция сабағының тақырыбы: Философия мәдениет феномені хақысында.

1. Сабақ жоспары:
1. Философия, оның пәні, обьектісі мен қызметі.
2. Философияның мәні мен мақсаты.
3. Көзқарас ұғымы. Мифология. Дін. Философия.

2. Сабақ мақсаты:
Философия тарихындағы көптеген философтардың дүниетанымдық ерекшелігі
мен философиялық көзқарастарын болашақ мамандарға ғылыми тұрғыда
сараптама жасай отырып түсіндіру.

3. Лекция мәтіні:
1. Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан
белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық
жағынан ой жіберілмеген, негізделмеген, түрлі қарама-қайшы
түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал, философия болса табиғат,
қоғам, адам және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың, көзқарастар
мен түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес, олардың жүйелі системасы.
Дүниеге философиялық көзқарас жәй өз принциптерін жариялап, оларды
адамдардың санасына сіңіріп қана қоймай, ол принциптерді дәлелдеп,
логикалық тұрғыдан қорытып шығарады.
Демек, философия дүниеге ғылыми көзқарастың, ойлаудың,
диалектикалық жүйесін жасап, болашаққа сеніммен қарауды қалып-
тастырады. Бұл іліммен қарулану, әсіресе, қазіргі өмірді революциялық
қайта құру процесіне бірден-бір сәйкес және қажет ілім. Философияның
методикалық принциптерін негізге алу өмір талабы. Сонымен қатар,
қазіргі демократия, жариялыққа сәйкес, ол бұрынғы өмірден алшақтықтан,
догматизмнен тазарып, шыңдала түсуде.
Ертең халық шаруашылығының тұтқасын ұстап, ел тағдырын шешуге,
қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін
философия пәнін оқып үйрену қажет. Онсыз мынау күрделі, сан-салалы,
қатпар-қатпар дүниенің, бүкіл әлемнің ішкі сырын, табиғатын, дамуының
мән-мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқып үйрену іске
творчестволықпен қараудың ойлана-толғана білудің түрлі құбылыстарды
талдап, маңыздысын ажырата білудің, ой-өрісі кеңейтудің, жан-жақтылық
пен жоғары мәдениеттің кепілі.
Философия дегеніміз табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің
дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп
отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені
тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын,
қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Философия – бұл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс
ыдырап, қоғам құл иленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде мифологиялық
діни түсініктермен күрес барысында қалыптасып, сол кездегі пайда болған
барлық білімнің басын құрады. Көне грек тілінен аударғанда философия
ұғымы данышпандыққа құштарлық деген мағына береді. Жалпы философия
өте ертедегі көне дүние Үндістанда, Қытайда, Орта Азияда туды, ал
Грецияда тұңғыш рет біркелкі жүйеге түсірілді. Философияның одан әрі
дамуы, философиялық түсініктер мен ұғымдардың көбейе түсуі, тереңдеуі,
баюы әр түрлі философиялық теориялар мен бағыттардың пайда болуына
негіз қалады.
Айталық, философияның негізгі салалары ретінде: Онтология –
болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология –
таным теориясы; логика - дұрыс, яғни байланысты, дәйекті, дәлелді
ойлаудың формалары туралы ғылым; тарих философиясы этика, эстетика,
т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика,
медицина, астрономия, табиғат тану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп
шықты. Философия дүниетанымдық, методологикалық жүйе болып қалды.
Өйткені, ол дүниенің, бізді қоршаған орта: табиғат пен қоғамның және
адам дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан, философияның
маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі, оның дүниеге
көзқарас ұғымымен байланысын, арақатынасын өзара байланысын білген жөн.
2. Философия табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің
дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп
отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені
тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын,
қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Философия – бұл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс
ыдырап, қоғам құл иленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде, яғни,
мифологиялық діни түсініктермен күрес барысында қалыптасып, сол кезде
пайда болған барлық білімнің басын құрады. Көне грек тілінен аударғанда
философия ұғымы данышпандыққа құштарлық деген мағына береді.
Жалпы, философия өте ертедегі көне Үндістанда, қытайда, Орта Азияда
пайда болды, ал Грецияда тұңғыш рет біркелкі жүйеге түсірілді.
Философияның одан әрі дамуы, философиялық түсініктер мен ұғымдардың
көбейе түсуі, тереңдеуі, баюы әртүрлі философиялық теориялар мен
бағыттардың пайда болуына негіз болды.
Айталық, философияның негізгі салалары ретінде: Онтология –
болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология –
таным теориясы; логика - дұрыс, яғни байланысты, дәйекті, дәлелді
ойлаудың формалары туралы ғылым; тарих философиясы, этика, эстетика,
т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика,
медицина, астрономия, табиғаттану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты.

3. Дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл
әлем тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы
туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас одан қоғаммен бірге пайда болған қоғамдық тарихи
құбылыс.
Оның шығуының қайнар көзі, адамның тіршілік болмысы. Расында,
дүниенің пайда болуы, оның эволюциялық тұрғыдан жетілу ерекшеліктері,
адамның дүниедегі орны, болмыстың мән-жайы, адамзат өніп-өсуінің сипаты
мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып,
көкейлерінен кетпейді, ізденіске салды. Сөйтіп әлем құбылыстарын
түсіндіруге талпынған әрекеттер дами берді. Ал қоғамдық өмірдің ілгері
басуы, бір кезеңнен екіншісіне өтуі, олардың сабақтастығы, өмір
салтының материалдық және рухани деңгейінің жоғарлауы яғни еңбек
өнімділігінің артып, тәжірибесінің молаюы дүниге көзқарастық ұғымдарды
молайта береді. Үсті-үстіне жаңа түсініктер мен ұғымдар пайда болып,
дамып жатты. Айталық, материя, сана, кеңістік, қарама-қайшылық, т.с.с.
ұғымдар туралы түсініктер дамып, тереңдетіліп отырды.
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары дүние және адам. Олар
ажырамас диалектикалық бірлікте. Яғни адамның бөлектенген дүние және
табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті,
ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниеге көзқарасты құрай
алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік
позициясы, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар
туралы түсініктер тиянақталынады. Осыдан келіп, дүниеге көзқараста
біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, оларды бірлігі туралы,
екіншіден адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен
болашақтың мән жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса
бастады. Дүниеге көзқарастың тұтастығын құрастыратын негіз. Ертедегі
ойшылдар тек білім ғана нақтылықты жоятынын, қала берсе халық пен
халықты теңестіретін күш екеніне кәміл сенді. Ештеңе білмейтін және
бірдеңе білейін деп талпынбайтын адам - өте нашар адам деп ертедегі
грек философы Платон бекер айтпаған. Әл-Фараби бабамыз айтқандай:
Білімді болу деген сөз - белгісіз нәрсені ашу, игеру қабілетіне ие
болу деген сөз. Ал халқымыз Білімді ырыс қазығы дейді. Білім
тереңдеген сайын, ғылыми арнаға түскен сайын одан бастау алатын дүниеге
көзқарас та нақтыланып, екшеленіп, жүйелік, тұрақтылық сипатқа ие
болады. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір
тәжірбиесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналды.
Сенім - дегеніміз көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы адамның
өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына
деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі
қонымды, бағыты қашан да айқын.
Дүниеге көзқарас адам қызметіне, оның белсенділігі мен
әлеуметтік бағдарына шешуші ықпал тигізеді. Сондай-ақ дүниеге
көзқарастың қалыптасуы дамуының өзі табиғи, әлеуметтік және нақ-ты
мәдени ортаға тәуелді. Осы тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарасты ғылыми
және ғылыми емес деп бөлуге болады.
Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі ғылыми емес, қарапайым
көзқарастар. Олар күнделікті қызмет әрекет барысында қалыптасады,
өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке дәлелдерден нәр алап,
олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі,
жалпылама, сыдырта білімпаздық басым. Сөйтіп қарапайым дүниетанымда
мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және
идеалистік ұғымдар араласып, шатасып жатады. Ал тарихи тұрғыдан алғанда
қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысы
дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және
философиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен бірге қалып-тасқан
дүниеге мифологиялық көзқарасқа тән нәрсе – адам қоршаған ортада өзін
ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсастықты ғана пайымдау,
сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына - символдық қызметіне
ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік,
ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім
әлементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф – адамның қауымдық алғашқы
қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін
ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде
ұғынуды, қабылдауды талап етеді.
Дүниеге діни көзқарас мифологиялық сананың табиғи жалғасы.
Дүниеге діни көзқарас табиғаттан тыс құдіретті күшке адамның мүлтіксіз
бағынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған
бейнесін туғызады, оның табиғатын өзгерту мүмкіндігінен шеттетуге
бейімдейді. Мифология мен діни сананың кемістіктеріне қарсы күресті
біршама батылдықпен жүргізген натуралистік философия болды. Ол жеке
жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы
тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты. Бірақ онда дүниені өзгермейтін
нәрсе ретінде қарастыру басым еді.
Натуралистік дүниеге көзқараста жаратушының даралығын
дәлелдейтін тұжырымдар да аз емес. Әйтсе де ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бұл
дүниетанымда табиғатқа деген материалистік көзқарас жүйеге келтірілді.
Дегенмен, ақиқатын айтқан жөн, нақты ой философиялық ой толғамдар мен
тұжырымдар таптық қоғамның орнығу барысында, яғни ертедегі Қытай
Греция, Үнді елдерінде айқынырақ қалыптасты. Осы кезеңдегі экономика
мен мәдениет ошақтары ірі-ірі қалаларында шоғырланды. Жерге жеке меншік
орнады. Өндіріс құралдарының шоғырлануы еңбек бөлінісін тездетті, әрі
тереңдетті.
Біреулердің қолында өндіріс байлығы, саяси билік, жерді, ондағы
бар мүліктерді иемденуге мүмкіндіктері сақталынды. Басым көпшілік
бұқара қауым мұндай игілік пен құқықтан айырылды.
Өндіріс өсті, өндіріспен біріге өндіргіш күш те жетілді.
Осындай адамның табиғи ортадан тәуелсіздігі дербестелінді, керісінше
адамдар арасында қарым-қатынас та, практикалық саяси тәуелділік те
тұрақтанылды. Қоғамдық қайшылықта адам тұлғалынды. Қажетті күшке
айналды. Сонымен қатар адамның әлеуметтік жағдайы мен жеке билік
өзімшілдікті орнықтырды, оған әлеуметтік мән берді.
Таптық қайшылық қоғамдық өмірдің күрделі мәселелерін тәртібіне
қойды. Қайшылық салдарынан таным мен өндіріс қызметі, ой еңбегі мен
дене еңбегін бір-бірінен дараланып бөлінді. Білім жеке биліктің
есебімен ғана практикалық қолдау тапты. Міне, осы жағдайда философиялық
көзқарас қалыптасты.
Бір жағынан, өмір мен сұлулық, бақыт пен болашақ жайлы сезімтал
көз-қарастар дами түсті. Жеке адамның артықшылығын мойындаушылық
дамыды. Адамзат күші табиғаттағы ең керемет күш деп ұғынушылық негіз
алды. Адам өз тағдыры үшін өзінің де, өзгенің де ой-пікіріне талғаммен
қарайтын болады.
Екіншіден, шындық пен дүниені ұғыну өздігінен келмейді, күресте
қалыптасады. Ал, күрес білімнен практиканың көкжиектерін кеңейтті,
мифологиялық наным теріс ұғыныстардың қай-қайсысына болмасын бөгет
жасады. Әлеуметтік дертке қарсы күресте адам да, қоғам да, олардың
көзқарастары да мәдениеттің жаңа сатысына көтерілді. Билікке қарсы
ымырасыздықтың барысында ескі мифологиялық санадан жаңа философиялық
білімге бетбұрыс басталды. Дүниеге философиялық көзқарас қалыптасты.

4. Бақылау сұрақтары:
1. Философияның пән аралық байланысы қандай?
2. Не себепті философия ғылымдардың атасы деп аталды?
3. Мифтің мәні мен мазмұнын түсіндіріңіз?

№2 Лекция сабағының тақырыбы: Көне Үнді және қытай философиясы

1. Сабақ жоспары:
1. Үнді философиясының пайда болуы мен кезеңдері.
2. Көне Үнді филсофиясының ерекшелігі, негізгі философиялық ұғымдары.
3. Көне қытай философиясының пайда болуы мен кезеңдері.
4. Қытай философиясының философиялық ұғымдары.

2. Сабақ мақсаты:
Үнді және қытай философиясының пайда болуы мен дүниетанымдық
мәселелерімен және философиялық бағыттарымен таныстыру.

3. Лекция мәтіні:
1.Философия туралы пікірлер көне дәуірде туындаған және әр
сақта таралған. Философиялық әңгімелер тарихтың терең түбірінен нәр
алады, әр заманда өз жалғасы мен түйінін тапты. Тылсым дүние мен өмірге
деген жалпы әуесқойлық барысында философиялық әңгімелер жалпылама сипат
алды және ұдайы жаңарып отырды. Философиялық толғаныстар қашанда
болмасын мәңгі, өзекті және өтімді деген қағидалар қамтыды.
Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде
қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады.
Осыған орай ежелгі үнді қоғам варнаға (каста) бөлінді. Олар:
1) Брахмандар (абыздар) – үлесіне ой еңбегі бар адамдар енді.
2) Кшатриилер (әскербасылар) - әскери қызметтегі адамдар жатады.
3) Вайшьилер (ауқатты шаруалар) – егін шаруашылығы, қолөнер кәсібі,
саудагерлік тиген адамдар.
4) Шудралар(құладар) – қара жұмысты істейтін адамдар болды.
Осы кезде қоғамдық өмірге әлеуметтік қатынастарға сай келетін
мифологиялық, философиялық көзқарастар қалыптасты. Олар негізінен
ежелгі үнді мәдениеттің ескерткіші – ведаларда (веда-білім)
жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады:
1. Самхит – құдайларға араналған гимндер жинағы.
2. Брахман – самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер.
3. Аранъякта (Орман кітабы) – брахманға тән ритуалдардың орнына, сол
құдайларадың іштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойлап-толғану сияқты
көзқарас.
4. Упанишадта – дәстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы
ең жоғары білім арқылы жоққа шығару болады деген идея уағыздалады.
Упанишадтың басты тезисі – Брахман – бар әлемнің генетикалық,
түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Жалпы, білімділік Упанишадта
өте жоғары бағаланады. Мысалы, тікелей құрбандық шалғаннан гөрі,
құрбандық шалу туралы білім өте құндырақ. Нағыз брахман - өмір
қиыншылығынан, үмітінен, қызғаншақтықтан арылып, тыныштық тауып,
алдамай ой кешіп, атманды түсініп, білген адам.
2. Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдерге байланысты әр
түрлі бағыттарға бөлінеді: жайнизм, буддизм, чарвака-локаяттар, санкхья
және т.б.
Жайнизм. Жайнизм б.д.д. ІV ғ. діни ағым ретінде қалыптасады.
Жайнизм идеясы, оның негізгі философиялық көзқарастары одан да бұрынғы
ғасырларда қалыптаса бастаған. Жайнизмге деген сенім, деректерге
қарағанда, 24 ұстаз (тиртханкара) арқылы таралады. Жайнизмнің негізін
қалаушысы – Махавира Джина (джина- жеңімпаз). Жайнизмнің идеялық жүйесі
Сидханта деген еңбекте ( б.д.д. ІІІ) жинақталынған.
Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен,
дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп
түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз
қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол үшін сансардан
(жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруінен) құтылу қажет.
Материалды қабаттан құтылған жан ғана мокшаға (жанды қасіреттен азат
ету мүмкіндігіне) жетеді, өзін құтқарады, тіпті толық жалғандықтан
босануға икемделінеді, нирваналық күйге енеді. Жайнизмде материя
дегеніміз жұқа қабаттан тұратын карма немесе кармаға жабысқан тұрпайы
нәрселер. Осы тұрғыдан алғанда, дүние мәңгі, өзгермейтін екі нәрседен –
дживадан ( жан, рухани бастама) және адживадан (тірі емес, жансыз,
материалды бастама) тұрады. Әрбір жайнизм дживадағы, тіршілігі бар
ортаға ұмтылады, өйткені ол – жетік, белсенді. Тұтас дүниеде джива
карма арқылы (әділ жаза арқылы) адживамен (тіршілігі жоқ кеңістікпен)
байланысады. Джива карма арқылы мәңгі, үздіксіз түрленеді, денелердің
айналымын құрайды.
Жайнизмнің ұстаушының бірінші міндеті – карманың ағымын
тоқтата алу, екіншісі – карманың қалдығын сарқу, одан арылу.
Жайнизмде мокша тіршілігі бар және тіршіліксіз әлемдердің арасын
толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді. Карманың өзі көп түрлі.
Оның бірі – денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген отбасын
айқындаса, екіншісі өмірдің ұзақтығын, үшіншісі – тіршілік пен
тіршілігі жоқтардың біріктірудің негізі болып есептелетін құштарлыққа,
ләззаттануға қатынасты анықтайды.
Сансардан азат болу үшін үш қазынаны сақтау керек. Ол дұрыс
қылық, шынайы білім, дұрыс сенім. Дұрыс сенім - тиртханкалар деп
аталатын 24 әулиенің іс-әрекетіне сену болса, дұрыс қылық – тазалықты,
шындықты, сабырлықты т.б. сақтау. Ал шынайы білім – жанның сезім
мүшелері мен ақыл-ойға сүйенбей алған білімі. Мұндай танып-білу
процесінде жан қарастырып отырған заттармен тікелей байланысады.
Жайнизм пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп
қабаттан тұрады. Төменгі екі қабатында - әзәзіл ( перілер), ортаншы
қабатта жер, келесі қабатта – құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта –
құдайларға ұқсас жындар орналасқан. Жайнизм пікірінше, құдай жоқ, оның
бар екендігі туралы келтіріп жүрген дәлелдердің бәрі негізсіз қате,
сондықтан құдайға емес, 24 тиртханкарға (әулилер) және жындарға сену
керек.
Жайнизм кейіннен, дигамбар және шветамбр деген екі сектаға бөлініп
кетті. Жайнизмге Үндістанда қазірдің өзінде көптеген адамдар сенеді.
Буддизм. Буддизмнің негізін қалаушы б.д.д. VІ ғ. шакья ( сакья)
тайпасынан шыққан князьдің баласы Сидхарата Гаутаманың ( б.д.д. 563-
483ж.ж.) есімімен тығыз байланысты. Будда термині жарқырау,
сергу, жадырау деген мағынаны білдіреді.
Буддалық ілім бойынша, өмір – қобалжу, азап, өмірге келу мен
қарттық, ауру мен өлім, сүйгеннен арылу мен сүйметінмен бірге тұру,
орындалмаған арман және қанағаттанбаған тілек – мұның бәрі де азаптың
көрінісі, әрі жалғасы. Адам қанша әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан,
кәріліктен, өлімнен құтыла алмайды.
Тойымсыз құштарлықты тоқтату үшін артық тілектен тартыну керек,
жер бетіндегі әуреліктен арылу дұрыс. Азаптан арылудың осындай жолын
тапқан нирванаға жетпек.
Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің және нирванаға жақындаудың
сегіз сатылы жолын атап өтеді:
1. Шынайы сенім. Дүние қайғы-қасіретке толы, оны тоқтату үшін ой мен
бойдағы құмарлықты басу керек деген Будда сөзіне сену;
2. Тура, әділ шешімге ұмтылу. Өз құмарлығың мен қызбалықты шектейтін қысқа
жолды біржолата айқындау;
3. Шыншыл сөз. Айтпақ сөзіңді мұқият қадағала, ол зұлымдыққа итермейтін,
қайта дұрыс, рақымды болсын;
4. Дұрыс істер. Теріс ниетті, қас қимыл-әрекеттен сақтану, игі іске икемді
болу;
5. Дұрыс өмір. Тіріге зиян келтірмейтін, құрметтеуге, тұрарлық өмір сүру;
6. Дұрыс ой. Ойыңның бағытын саралай отырып, одан күдікті, күмәнді нәрсені
қудалап, жағымдыны жалғастыру;
7. Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;
8. Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемі және төзімділікпен жаттықтыру,
шындыққа жетпек талпынысты өзіңе шоғырландыру, оны тереңдету қабілетін
шыңдау.
Дұрыс жинақтала білудің өзі төрт сатыдан тұрады:
1. Ойды төрт ақиқатты түсініп, пайымдауға бағытау.
2. Осы төрт ақиқатқа сену. Ол біздің жанымыздың тыныштықты және қуанышта
болуына мүмкіндік береді.
3. Қуаныш – қайғыдан, өз денеңді сезінуден арылу.
4. Толық сабырлылық және толғаусыздық жағдайға жету.
Соңғы сатыны Будда нирвана деп атайды ( адамның тірі кезінде
жанды сансардан толығымен азат ету). Нирвана жағдайына өткен адам архат
(қадірлі, құрметті, сыйлы адам) деп аталады. Нирвана – ең жоғарғы
ләззат. Кейіннен, нирвана ұғымы адамның бойынана бүкіл әлемдік
көрініске ауысады. Әлемдегі нирвана мәңгі, оны ешкім дүниеге әкелмейді
және пайда болуының себебі жоқ. Әлемдік нирвананы сезім мүшелері арқылы
қабылдау мүмкін емес, оны тек қана дұрыс жолмен жүрген, ақыл-ойы таза,
күнделікті қызықтан алшақ адам танып біле алады.
Сонымен, Буддизмге сүйенушілер Үндістанның өзінен гөрі одан тыс
мемлекеттерде көп кездеседі
3. Қытай – көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі мен жері.
Мамандар Қытай өркениетінің басталуын ся дәуіріне, яғни б.д.д. ІІІ-ІІ
мың жылдық уақытқа жатқызады. Ал оның күйреуін Хань империясының
күйреуімен (б.д.д. 220ж) ұштастырады.
Б.д.д ХVІІІ-ХІІ ғ.ғ. Шан-Инь мемлекетінде қола мәдениеті
дамыды, қалалар қалыптасты, шаруашылықтың құлдық қоғамдық түрі жетілді.
Қала мен өндіріс төңірегінде қауымдастықтың шоғыр-лануы негізінде екі
жағдайда – шаруашылық пен әскери себептеріне орай дамыды.
Ежелгі Қытай мемлекеті – шын мәніндегі Шығыстық деспотия болды.
Мемлекет басшысы - әрі монарх, әрі абыз және жалғыз ғана жер иесі
болды. Әр түрлі рангтегі аристократия мемлекеттік қызметте болды.
Олардан кейін әлеуметтік сатыда - ру басылары, от басылары тұрды. Ал
құлдар болса, олар жануар сияқты, әлеуметтік сатыдан тыс қалды.
Құлдардың еңбегін, әсіресе мал шаруашылығында, егінде, құрылыста,
тұрмыс қажетіне пайдаланды.
Шын мәнінде, заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары
тұрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Шань-Инь қоғамының
саяси билігі ван топтары арқылы жүргізілді. Ван шаруашылық мәселесіне
де, әскери, діни билікте де ең жоғары басшы болды. Ванның билігі
шандықтар дәріптеп, оны тәңірге теңеген. Шан-ди деген титулға ие
болған ван өзін Мен –адамдардың арасындағы ерекше жаратылыспын,
жалғызбын деп жариялады. Байлар мен шонжарлар арасында біртіндеп
эгоорталық сипат пен пиғыл тамыр жайды. Шан – жер кіндігінің Ұлы
қаласы, Қытай – жердің Ұлы орталығы деген уағыздар таратылды.
Халық арасындағы қарым-қатынас күрделі, шым-шытырақ ритуалға
негізделді. Бұл ритуал аспан қозғалысының тұрақтылығына, жердегі
құбылыстардың реттілігіне және халықтың әдет-ғұрыптарына негізделді.
Ритуалдар тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат
құбылыстарына, жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде
қалыптасқан діни көзқараспен тығыз байланыста болды.
Сонымен саяси-экономикалық жаңа жағдайлармен тайпа, цзундық
әлеуметтік ұйымдасу тәртібінің арасында алшақтық біліне бастады. Дәстүр
көнеге, өндіріс жаңа ережеге тартты. Мемлекет ұсақ отбасы мен топтардың
жойылып кетпеуін реттеуге тырысты.
Осы тұрғыдан философтар елді дұрыс басқару бағдарламасын және
адамның мінез-құлқын дұрыстайтын талапты талқылағанда миф мәселесіне
оралады. Ойшылдар мифті персонаждарын адамның мінез-құлқы мен қимыл-
әрекеттері арқылы сипаттайды.
Миф біртіндеп тарихтың ғана емес, философиялық идея мен
ілімнің де құрамдас бөліміне айналды. Оны ерте Қытай діни бастауы мен
философиясының қайнар көзінен пайымдаймыз. Қытайлардың сол кездегі
дүниетанымдық ой-пікірлері Бес кітап деп аталатын кітаптарда
шоғырланып, өздерін білімді санайтын әр адамның көзқарастарын
қалыптастыруда зор рөл атқарды.
Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола
бастады. Мысалы: математика, астрономия, медицина. Осы ғылым-дар
саласындағы жетістіктер негізінде Ай мен Күннің тұтылу мезгілін
анықтауға, астро-номиялық құбылыстар мен жердегі құбылыстардың
байланысын анықтап, күнтізбе, уақыт есептеу, және т.б. тәсілін ойлап
табуға мүмкіндік туды. Бұл жағдай философиялық ілімдердің деңгейіне
әсер етпей қойған жоқ.
Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың аяғында пайда болған
Ежелгі Қытай философиясы негізгі алты философиялық бағыттағы
мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі
(легистер), даоизм, тұрпайы философия (натурфилософия) және Атаулар
мектебі.
Қытай идеологиясы мен саясатында екі бағыт айқындала бастады:
консерваторлық (керітартпа) және прогресшілдік, бірі – мистикалық,
екіншісі – атеистік бағыттар. Алғашқы материалистердің пікірінше, әрбір
бес түрлі бастапқы әлементтерден (металл, ағаш, от, су, жер) тұратын
болса, керісінше идеалистердің пікірінше, табиғаттың жаратылуы, дамуы
даоға байланысты деп атады.
4. Қытай дүниетанымының ерекшелігі сол, ол өзін-өзі реттейтін,
бастауы ішкі динамикалық тәртіппен байланысты дүниеге, әлемге
негізделеді. Ертедегі Қытай философиясында конфуцийлік бағыт басты рөл
атқарды.
Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы мен
қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары Мән-
цзы және Сюн-цзының есімдерімен тығыз байланысты.
Кун-фу-цзы (б.д.д.551-479ж.ж.) кедейленген ақсүйек әскербасының от-
басында өмірге келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол, тек 15 жасында
ғана білімге құштарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін
қалыптастырады. Оның көптеген ізбасарлары болады. Олар ұстазының және
өздерінің ой-пікірлері, қағидалары мен тұжырымдарын жинақтап Әңгімелер
мен пікірлер (Лун юи) деген конфуцийшылдық ілімнің негізгі
шығармасын дүниеге келтірді. Қытайлардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты
үлгі тұтып, басшылыққа алған. Кун-фу-цзы бұдан басқа бірнеше кітаптары
болды: Өлеңдер кітабы, Көктем мен күз, жылнамасы, Сұхбат және
пікір айту т.б.
Кун-фу-цзы аспанды өзіндік болмысы бар дүние ретінде, ең жоғарғы,
құдіретті күш ретінде қарастырады. Аспан, ол үшін, әділеттілік аясы,
аспан өз еркін әр адамға білдіреді, өз үкімін барлық аспан астындағы
елдерге, мемлекеттер мен қоғамға таратады. Содан аспан ұғымы конфуция
философиясында діни, саяси және этикалық қызметте атқарады.
Кун-фу-цзы өз ілімінің өзегі етіп материалдық денелердің
заңдылықтарын, бабалар рухын зерттеуден гөрі адам арасындағы қарым-
қатынас, тәрбие мәселелерін қабылдайды. Осыған орай, мынадай ұғымдарға
көп көңіл бөледі. Олар: тең орта, адамгершілік және өзара
сүйіспеншілік. Осы үш ұғым бірігіп дао (дұрыс жол) құрайды. Әр
адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.
Тең орта - адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-
әрекеті. Ал адамгершіліктің негізі жэнь - ата-анасын құрметтеп және
үлкен ағаларын сыйлау. Ал өзара сүйіспеншілік арқылы қарым-қатынас
конфуцийшілдік әдептілік ілімінің негізгі өзекті ұғымы.
Конфуция идеясы, ілімі, діни идеологиясы екі мың жылдан артық
уақытта қытайлықтардың сана-сезімін қалыптастырды, олардың мінез-
құлқына, психологиясына, сеніміне шешуші ықпал етті, өмір салтын
жалғастырды. Осы бас бағыт пен үлкен әрекет барысында ұлттық тұтас
менталитет қалыптасты. Ол дегеніміз:
- әлеуметтік қатаң тәртіпті қажет дегенде ұсақ-шағын нәрсеге бейімдей
білу;
- еңбекқорлық пен білімге деген ынта-ықыласты суытпау;
- қызмет бабында өсу үшін жарыстан тайынбай, өзін-өзі жетілдіруге
әрдайым ұмтылу;
- отбасы-әлеуметтік байланыстардың мызғымастығын сақтау.
Мұның бәрі ұлттық мінездегі конфуциялық ерекшеліктер.
Мән-цзы — (б.д.д. 372—289 жж.) — Кун-фу-цзының ілімін әрі қарай
жалғастыра отырып, аспан (көк) — объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде
жақсылықты қорғайды дей отырып, аспанның еркі — адамдардың жігер еркі
арқылы көрінеді деген пікір айтады. Осыдан келіп, ол: "Адамның табиғаты
тек жақсылықтан жаратылған". Олай болса, ван (билеуші) халықты өз
баласындай сүйсе, халық оны әкесінен жақсы көруі керек, — деген тұжырым
жасайды.
Сюнь-цзы (б.д.д. 313-белгісіз) Аспан мен жерді барлық денелердің
шығу тегі ретінде мойындаса да, тағдырды аспанның жігереркі ретінде
мойындамайды. Оның пікірінше, аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып
отырғаннан гөрі, керекті заттарды көбейтіп, аспанның өзін бағындырған
дұрыс.
Әлем өзінің табиғи зандылықтарымен өмір сүреді, оны зерттеп, сырын
ұқса, өз қажетіңе жаратуға болады. Олай болса, бақытты немесе бақытсыз,
бай немесе қайыршы болу адамдардың өзіне байланысты. Жалпы адамдар
табиғатынан зұлым, қызғаншақ, дүниеқоңыз болып туады. Тәрбие арқылы
адамдарды адамгершілікке баулып, оның табиғатын өзгертуге болады. Ал
адамдар өз тарапынан өзін өзі жетілдіруге құлшынуы тиіс.
Конфуцийшылдық б.д.д. I ғ. мемлекеттік ілімге, ал IX ғасырдан
бастап Қытайдағы негізгі діни көзқарасқа айналды.
Легистер (заңгерлер). Легизм (лат. т. –заң деген мағ. береді)
–фацзя мектебінің заң туралы ілімі, ерте қытайдағы саяси-этикалық ілім,
адамды, қоғамды және мемлекетті басқару туралы көзқарастар. Легизмнің
көрнекті өкілдері – Цзы-чан (б.д.д. VІ ғ.), Гуань-Чжун (б.д.д.
645ж.қайтыс болған), Шан Ян (б.д.д. 390-338), Хан Фэй Цзы (280-233), Ли
Куй т.б.
Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген
заңдар арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше,
мемлекетті тек қана билеушінің өзі шығарып, өзі бекіткен заңға сүйеніп
басқаруға болады, себебі мейірімділік пен адамгершілік - қылмысқа
апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын
жазалаудан алады деп уағыздады.
Легистер байырғы рулық қатнастарды, оның тірегі – ақсүйектік тұқым
қуалаушылықты сынады. Олар елді басқарудың рулық дәстүрі мен рәсімдерін
қабылдамады. Конфуцияның этикалық талаптарын ойын сөзге жатқызды.
Сөйтіп, легистер арожданның орнына заң алдындағы қорқыныш негізгі
қағида етіп ұсынады. Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін төмендегі
ережелерді сақтау керек:
1) мақтаудан гөрі жазалау тәсілін көбірек қолдану;
2) аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру;
3) ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау арқасында үлкен қылмысқа жол
бермеу;
4) адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру.
Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана ел арасында
тәртіпсіздік болмайды, халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды
және керек болса, өлімге де барады.
Мемлекеттің негізгі мақсаттары: ұсақ патшалықтарды біріктіріп,
аспан аясындағы мемлекет құру және оған басқа халықтарды бағындыру. Осы
тұрғыдан өнерге, білімге деген құштарлық тежелуі қажет. Мемлекеттің
экономикалық негізі – қолөнер, сауда емес, егін шаруашылығы болуы
керек.
Жоғарғы өкіметтің бас мндеті – егін шаруашылығын жетілдіру,
базардағы тауарлардың нарқын реттеу, армияны күшейту. Оның ұраны:
Халықтың дәулеті – егін шаруашылығында. Билеушінің үкіметін күшейту
үшін табиғи байлыққа мемлекеттің үстемдігін орнату және табысты
мемлекеттің қазынасына өткізу шарт.
Сонымен конфуция ілімі шынайы мораль мен көне дәстүрге арқа
сүйенсе, легистер әкімшілік тәртіпті бәрінен де жоғары қойды. Конфуция
өткенге құрметпен қараса, легистер күшпен келетін билікке тәжім етті.
Даоизм. (б.д.д. VІ-Vғ.ғ.) Бұл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VІ ғ.
өмір сүрген Лао-Цзы деп есептелді. Оның негізгі еңбегі -Дао және дэ
туралы кітап (Дао дэ цзин). Даоизм философиясының негізгі мәселесі –
ұлы Дао (ұлы жол) туралы, жалпылама Заң және Абсолют туралы ілім. Даоны
ешкім жасаған жоқ, бірақ бәрі де содан тараған. Дао барлық жерде,
әрқашан, әр уақытта, шексіз өз үстемдігін жүргізеді. Оны сезім арқылы
көруге, естуге болмайды. Дао табиғаттың, қоғамның, адам мінезі мен
ойының табиғи, бірақ көрінбейтін заңы. Оның бастамасы да, аяғы да жоқ.
Ол уақыт пен кеңістіктен тәуелсіз, солай бола тұра, жарық дүниедегі
барлық нәрсенің негізі мен бастамасы, аты және түрі. Дао сансыз
заттарды жасаса да, әрекетсіз күйін сақтайды; бос қуыс сияқты, бірақ
мәңгі, таусылмайды, оларды әруақытта реттейді.
Даоизмдегі қарама-қарсы пікірлерге толы, көмескіленген ілімдердің
бірі – екі түрлі дао туралы ілім. Даоның бірінші түрінің аты жоқ.
Себебі, ол – денесіз, екі ұшты, кішкентай, көрінбейді, жалғыз. Ол -
мәңгі, еш уақытта өзгермейді, еш нәрсе оны өзіне бағындыра алмайды, ал
өзі басқа заттардың дамып, жетілуіне көмектесе алады, бұл жағынан
шектелуді білмейді.
Ал аты бар дао ұсақ бөлшектерден (ци) тұрады. Ол бөлшектерде
заттардың кескіні бар, сондықтан да олар барлық заттардың анасы. Аты
бар даоның негізгі қасиеттері: шексіз, таусылмайды, құдіретті,
әрекетшіл. Бұл екі түрлі дао бір-бірімен іштей тығыз байланысты,
екіншісі біріншісінен туындайды, ал кейбір жағдайларда олар бір-біріне
ауыса береді, осының арқасында әлемде түрлі ғажайыптар болып тұрады.
Сонымен дао түпнегіз ретінде заттарды дүниеге келтірсе, олардың
әрі қарай өмір сүруі дэге байланысты. Себебі дэ олардың өмір сүру
заңы, олардың өмір сүру заңы, оларды қоректендіруші. олай болса, дао
және дэсіз еш нәрсе дүниеге келіп, өмір сүрулері мүмкін емес.
Әлемдегі денелер аспан (ян-еркек) мен жер (инь- әйел) бастамалары
және заттардың өмір сүру заңы арқасында гармониялықта бірлікте болады.
Ян –еркек бастамасы, күн нұрындай жарық, ашық мекем және күшті. Ян
жалпы жағымды нәрсенің бастамасы.
Инь - әйел бастамасы, аймен байланысты, сондықтан көлеңкелі,
күңгірт те, әлсіз.
Екі бастама өзара байланыста болған, сол үйлесімділіктің
нәтижесінен күллі мәнді нәрселер туындайды.
Сонымен, даоизм конфуцийшылдарға, легистерге де қарсы болды. Кейін
келе даоизм дінге айналып, өзінің алғашқы кездегі көптеген идеяларынан
айырылып қалды.

4. Бақылау сұрақтары:
1. Каста дегеніміз не?
2. Жайнизмнің кітабы туралы не білесіз?
3. Буддизмдегі әлем түсінігің мәні?
4. Нирвана дегеніміз не?
5. Нирванаға жетудің жолдарын атаңыз?
6. қытай философиясының ерекшелігі?
7. Кун-фу-цзының еңбектері?
8. Дао ұғымының мәні?

№3 Лекция сабағының тақырыбы: Антикалық мәдениеттегі философия.

1. Сабақ жоспары:
1. Ежелгі грек өркениетінің өзіндік санасының ерекшеліктері және
алғышарттары.
2. Софистика – философия және мәдениет құбылысы ретінде.
3. Сократ, Платон, Аристотель философиясы.

2. Сабақ мақсаты:
Антика философиясы тарихындағы көптеген философтардың дүниетанымдық
ерекшелігі мен философиялық көзқарастарын болашақ мамандарға анализ
жасай отырып түсіндіру.

3. Лекция мәтіні:
1. Антика заманының философиясы б.д.д VІІ-VІ ғасырларда кіші
Азияның батыс жағалауында гректер салған қалаларда өмірге келді. Б.д.д.
VІІ-V ғасырларда антикалық рухани даму мифологиялық діни көзқарастан
ғылыми философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық
философия тарихында Сократқа дейінгі ал б.д.д. V-ІІІ ғасырларда
ойшылдардың мәнділіктің генетикалық бастамасын, түп негізін, жалпы
дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып, философиялық ойлаудың биік
деңгейге көтерілуіне байланысты кезеңді Сократтан кейінгі немесе
классикалық кезең деп екіге бөледі.
Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе Дж.Реале мен Д.Антисери антик
философиясы дамуы туралы көзқарастарын былай қарастырып отыр:
1. Б.з.д. VІ және V ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос
мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мұның өкілдері қатарына
иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик- эклектиктер жатады.
2. Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік
кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері – софистер және Сократ.
3. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді
органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтез
кезеңі.
4. Александр Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектеп-тер мен
пұтқа табынушылық заманы соңына дейін – кинизм, эпикреизм, стоицизм
және эклектицизм бағыттары кезеңі.
5. Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойынынң діни дәуірі –
неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.
6. Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары
тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі.
Ежелгі Грекия дүниетанымның жаңа формасы – философияны
қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның
қалыптасуына Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлеріндегі заңдылықтар қатты
әсер етті. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің
шығыстық философиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері
болды. Философияның қалыптасуына алғышарт болған грек өмірі формалары
қатарына мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, әдеттік сана
және тіршілік даналығы жатады.
Грек философиясы физис философтары немесе натур-философтар
болған милет мектебі өкілдерінен (Фалес, Анакимандр және Анаксимен),
Гераклиттен және Пифагордан басталады. Олар дүниедегі барлық заттардың
түпнегізін іздеумен айналысты, нәтижесінде дүниетанымда төңкеріс
басталып, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.
Сократқа дейінгі кезеңде дүниеге келген алғашқы филосо-фиялық
мектеп кіші Азияда шыққан Милет мектебі болды. Оның негізін қалаушы
Милет қаласында өмір сүрген жеті данышпандар қатарына жататын солардың
ішіндегі ең сыйлысы Фалес болды. Ол Бастама туралы, Күн туралы,
Күн мен түннің теңесуі туралы деген еңбектер жазған. Фалестің
ілімінше барлық денелердің генетикалық бастамасы – су. Фалес біржағынан
барлық денелер суда қалқып жүреді десе, екінші жағынан ол жай су емес
ақыл - ойдың осы тұрғыдан ол құдай тектес дейді. Күн және басқа әлемдік
денелер судың буымен қоректенеді. Фалестің философиялық көзқарасы
тұрпайы, балаң болғанымен, табиғат құбылыстарын олардың пайда болуын
даму заңдылықтарын табиғи тұрғыдан танып білуге ұмтылған алғашқы
талпыныс болды.
Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті және жолын қуушы үлкен –
Анаксимандр (б.д.д. 611-545ж.) жалғастырды. Негізгі еңбектері –
Табиғат туралы, Жер картасы, Глобус. Анаксимандр барлық
денелердің бастамасын сол денелердің түп негізі сатысына дейін көтерді.
Бастаманы ол заттардың түп негізі апейронмен теңестіреді. Апейрон
генетикалық бастама ретінде де, түп негіз ретінде де таусылмайтын
шексіз және төрт дүлей күштің (жер, су, ауа, от) бір-бірімен араласып,
ауысу процесінің негізі, бірақ апейрон кеңістікте шексіз емес, сол төрт
дүлей күштің негізі ретінде шексіз, көмескі, және мәңгі. Ол еш уақытта
қартаймайды, өлмейді және жойылмайды, және қозғалыста болады. Осы
қасиеттердің арқасында өзінен қарама-қарсы құбылыстар – ылғалмен
құрғақтық, салқындық пен жылулық шығарады. Олар екі-екіден қосылып жер
– құрғақтықпен салқындық, су – ылғалдық пен салқындық, ауа – ылғалдық
пен жылылық, от – құрғақтық пен жылылық түзейді. Осы төртеуі
арақатынасқа түсіп, олардың ортасында ең ауыр жер орналасады да,
қалғандары оны сумен, ауамен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ӘЗІРЛЕУ
Дін мамандарынан ұлттық бағытты ұстануға қатысты сұхбат алсам
Джон Дьюидің өмірбаяны
Дьюидің презентациясындағы мектеп
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Бағалау критерийі
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны
Пәндер