Қарашығанақ мұнай - газ конденсаты кен орны



Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізігі бөлім

II.1 Қарашығанақ мұнай.газ конденсаты кен орны;
II.2 Кен өндірудегі өндірістік объектілері;
II.3 Кенішті игеру
III.1 Қарашығанақ жобасының 10 жылдығы аталып өтті.
III.2 Қарашығанақ мұнай.газ конденсаты;
III.3 Қарашығанақ газ конденсатының геоэкологиялық проблемаларына байланысты жүргізілген шаралар

ІV. Қорытынды.
Кіріспе
Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны (ҚМГККО) Ақсай қаласының солтүстігінде 25 шақырым қашықтықта орналасқан. Кен орны 1979 жылы ашылды. Оның ауданы 30000 га, мұнай- кен конденсаты 1200 млн тонна, газ 1350 млрд м3 астам.
Ресейге Орынбормұнай өңдеу зауытына ұзындығы 130 км құбыр салынып, газ бен конденсатты экспортқа шығаруға байланысты оны өндіру 1984 жылдан басталды.40 жылға есептелген оның өнімін бөлісу, кен орнын пайдалану және болашақта өндіруді қамтитын келісімге (ОСРП) 1997 жылы қол қойылды. Келісім Қазақстан Республикасымен бірлескен кәсіпорыны компанилары Сэджип (32,5%), Бритиш газ Интернешинл (32,5%), Тексако(20%), Лукойл (15%) аралығында құрылды.
Қарашығанақ кен орнын өндіру ОСРП-ке сәйкес, жетекші құжат негізінде жүргізіледі.
Қарашығанақ интегрилі ұйым (ҚИҰ) кен орнының потенциалын толық жүзеге асыру үшін өндіру жабдықтарының өндіріс қуатын кеңейту жұмысы тапсырылды. Бүгінде өндіріс өндіру объектісі ГП-5 скважинннен газ бен конденсат алады, бір бірінен айырады, Орынбор қаласына экспортқа дайындайды. Бұл құрылысты қайта құру жұмысы жүргізіледі.
Пайдаланылыған әдебиеттер тізімі:

1. Жайық өңірі. (Приуралье) Роберт Сүйірбаев, 154-163 б.
2. Орал өңірі, мамыр айы, 2007.
3. Атамекен, маусым 2006.
4. Экология және табиғатты қорғау, Броцкий.
5. Интернет

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізігі бөлім

II.1 Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны;
II.2 Кен өндірудегі өндірістік объектілері;
II.3 Кенішті игеру
III.1 Қарашығанақ жобасының 10 жылдығы аталып өтті.
III.2 Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты;
III.3 Қарашығанақ газ конденсатының геоэкологиялық проблемаларына
байланысты жүргізілген шаралар

ІV. Қорытынды.

Кіріспе
Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны (ҚМГККО) Ақсай қаласының
солтүстігінде 25 шақырым қашықтықта орналасқан. Кен орны 1979 жылы ашылды.
Оның ауданы 30000 га, мұнай- кен конденсаты 1200 млн тонна, газ 1350 млрд
м3 астам.
Ресейге Орынбормұнай өңдеу зауытына ұзындығы 130 км құбыр салынып, газ
бен конденсатты экспортқа шығаруға байланысты оны өндіру 1984 жылдан
басталды.40 жылға есептелген оның өнімін бөлісу, кен орнын пайдалану және
болашақта өндіруді қамтитын келісімге (ОСРП) 1997 жылы қол қойылды. Келісім
Қазақстан Республикасымен бірлескен кәсіпорыны компанилары Сэджип (32,5%),
Бритиш газ Интернешинл (32,5%), Тексако(20%), Лукойл (15%) аралығында
құрылды.
Қарашығанақ кен орнын өндіру ОСРП-ке сәйкес, жетекші құжат негізінде
жүргізіледі.
Қарашығанақ интегрилі ұйым (ҚИҰ) кен орнының потенциалын толық жүзеге
асыру үшін өндіру жабдықтарының өндіріс қуатын кеңейту жұмысы тапсырылды.
Бүгінде өндіріс өндіру объектісі ГП-5 скважинннен газ бен конденсат алады,
бір бірінен айырады, Орынбор қаласына экспортқа дайындайды. Бұл құрылысты
қайта құру жұмысы жүргізіледі.

II 1. Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны:
Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны әлемдегі мұнай газ конденсаты
кеніштерінің бірі. Кеніш 280 шаршы километр аумақты алып жатыр. Оның
қойнауында 1,2 миллиард тонна мұнай мен конденсат және 1,35 триллион текше
метр газ бар.
Бүгінгі таңда Қарашығанақ Қазақстандағы 5,5 миллиард доллардан асатын
шетелдік салымымен ірі инвестициялық жоба болып табылады.
Кенішті игеру төр халықаралық компаниялар басшылығымен жүзеге
асырылуда. Олар Би-Джи Групп. (Ұлыбритания), Эни (Италия) 32,5 % құрайды,
Шеврон (АҚШ) – 20% және Лукойл (Ресей) 15% капитал үлестері бар.
Қарашығанақ жобасын жүзеге асыру үшін осы төр компания Қарашығанақ
Петролиум Оперейтинг Б. В. Компаниясы болып бірікті. Қарашығанақ Петролиум
Оперейтинг өз қызметін Қарашығанақ әріптестерінің Қазақстан Үкіметімен 1997
жылғы қарашада қол қойылған өніміді бөлу жөніндегі негізгі келісімге сәйкес
жүзеге асырады. Келісімнің шарттарына сәйкес КПО Қарашығанақ жобасын
басқаруды 2038 жылға дейін жүзеге асыратын болды.

II.2 Кен өндірудегі өндірістік объектілер.

Кен өндіруге өндірістік дайындықтың жаңа объектілеріне мыналар кіреді:
1. Газ және конденсатты бір бірінен бөлінетін ГП-2 қондырғыны орнату,
одан өңделмеген конденсат жаңа Қарашығанақ өңдеу комплексіне (ҚӨК)
жіберіледі.
2. Қарашығанақ өңдеу комплексі Концорциум Каспий құбырына (КҚП) беру
алдында конденсатты тұрақтандыруға және газды экспортқ тасымалдау
немесе жер қабатына қайтадан айдар алдында тазалауға арналған.
3. Өндіру өнімдерін жинақтау Көмірсутекті шикізат скважинадан ГП-2, ГП-3
және ҚӨК-не беру үшін спутникті жинақтау бекетіне жеткізіледі.
4. Өндіріс ішіндегі құбырлар. (газ және сұйық өнімге арналған) ГП-2, ГП-3
және ҚӨК құрылыстарын өзара жалғастыруға арналған.
5. Экспортты құбыр. ҚӨК-мен Атырау қаласына мұнай мен конденсатты
тасымалдауға арналған онда Ресейдің Новороссийск қаласына көмірсутекті
шикізатты экспортқа шығару үшін ККҚ құбырына жалғастырылады.
6. Скважиндер. 2013 жылы Қарашығанақ кен орнында 240 өндіретін және 60
айдамалау скважиндері болады.КПО серіктестері Қазақстан Республикасы
Үкіметімен 1997 жылдың қарашасында өнімді бөлісу жөніндегі 40-жылдық
негізгі келісімге қол қойған кезде Қарашығанақ мұнайының әлемдік
нарыққа шығуын қамтамасыз ететін жаңа өндірістік объектілер салуды
міндеттеріне алған болатын.
4,3 миллиард доллар құрайтын осы жобаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінен
5 жылдан сәл ғана асқан кезде осы міндеттер орындалған болатын. Атап
айтқанда Қарашығанақ қайта өндеу кешені, газды жер қабатына қайта айдау
және кешендік әзірлік қондырғысы, сондай-ақ Қарашығанақ – Үлкен Шаған –
Атырау экспорттық құбыры сияқты жаңа объектілер салынып, іске қосылды. 2003
жылдың 1-ші тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев Қарашығанақ кенішінің осы жаңа өндірістік объектілеріне ресми
түрде старт берді.
Бүгінде Қарашығанақ мұнайы 635 шақырымдық құбырменен Каспий құбыр
консорциумы жүйесі арқылы әлемдік нарыққа тасымалдануда. Мұның өзі
Қазақстандығы ірі халықаралық жобалардың бірінің дамуындағы жаңа кезеңді
паш етеді.
Соңғы жылдар ішінде кеңес уақытында салынған өндірістік қуаттар қайта
жабдықталды, 100-ден астам құбырлар күрделі жөндеуден өтті, қуаты 120
меговатт құрайтын электростансасысалынды. Құрылыстардың қызған шағында оған
20 мыңнан астам жұмысшы тартылды, оның 80 пайызын қазақстандық мамандар
құрайды.

II.3. Кенішті игеру
Қарашығанақ кеніші 1979 жылы ашылды. 1985 жылы газ бен конденсаттың аз
ғана көлемі Ресейге, атап айтқанда, Орынбор қаласындағы қайта өндеу
зауытына құбыр арқылы тасымалдана бастады.
1992 жылы Қазақстан Республикасының үкіметі өнімді бөлісу жөніндегі
келлісімге қол қоюға шетелдік серіктестермен келіссөз жүргізе бастады. Бес
жылдан кейін Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В. Қарашығанақты игеруге
40 жыл мерзімге лицензия алды.
2002 жылы жобаны игерудің негізгі 2 фазасы басталды. Оның шеңберінде
газ бен сұйық көмір сутектерін қайта өндейтін, газды жер асты қабатына
қайта айдайтын КПК және УКПГ-2, кенішті құбыр консорциясы жүйесімен қосатын
және Қарашығанақ мұнайын одан әрі Қара теңіздегі Новоросийск портына дейін
тасымалдауға мүмкіндік беретін 635 шақырымдық Қарашығанақ – Үлкен Шаған –
Атырау экспорттық құбыры сияқты жаңа өндірістік обьектілер салынып, іске
қосылды. Бұған қоса КПО ескі өндірістік қанаттарды қайта жабдықтау
мақсатында кең көлемді жұмыстар жүргізу.
Атап айтқанда 100-ден астам ұғгыма күрделі жөндеуден өтті, 120
мегаваттың газ турбиналық электр стансасын салып, іске қосты.
Құрылыстың қызған шағында 20 мыңнан астам жұмысшы тартылды, оның 80 %
Қазақстандық мамандар болды. 500-ден астам Қазақстандық компаниялар
тауарлар жеткізу мен қызметтер көрсетуге келісім шарттар алды.

III. 1. Қарашығанақ жобасының 10 жылдығы аталып өтті

Тоқсаныншы жылдардың орта кезінде ел экономикасы адымын ашып, бауырын
жаза алмай, өліара шақты бастан кешті. Осындай кезеңде республика
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауқымы мен жер асты байлығының мөлшері
бойынша әлемдегі ең үлкен кен орнының қатарына кіретін Қарашығанақты
игеруге шетелдік инвесторларды тарту жөнінде шешім алды. Сөйтіп, 1997
жылдың күзінде Қарашығанақ газ конденсаты кен орны өнімін өзара бөлісу
жөніндегі түпкілікті келісімге қол қойылды. Міне, бүгінде осындай тарихи
құжаттың қабылданғанына он жыл толып отыр.
Кеше Жайықтың жағасындағы қалада осы мерейлі датаға байланысты кешенді
шаралар мәреге жетті. Ол осы шараларға таяу және алыс шетелдерден арнайы
келген қонақтардың Оралдағы күрделі жөндеуден өткен “Динамо” стадионының
жаңадан ашылуына қатысуынан басталды. Өйткені, кеніштегі КПО б.в.
компаниясы алғашқы жылдардан бастап Ақжайықтағы әлеуметтік жобаларға
қаржылай қолдау көрсетіп отыруды дәстүрге енгізген-ді. Осы ретпен аталмыш
стадион құрылысын қаржыландырған да шетелдік консорциум болатын.
Бұл нысан халықаралық талаптарға сай жабдықталған. Оның мінберіне 2500
адам еркін жайғасып, халықаралық деңгейдегі ірі спорт жарыстарын тамашалай
алады. Мұндағы футбол алаңына жасанды шөп төселген. Осы арқылы өңірде
бұқаралық спорт түрлерін одан әрі дамытуға да кең жол ашылмақ. Сонымен
бірге, осында орналасқан №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі
спортшыларының жетістіктері туралы да айта кеткен жөн. Олар 20 республика
және 4 Азия рекордтарын жаңартқан.
Бұдан соң кеше түстен кейін меймандар Батыс Қазақстан мәшине құрастыру
компаниясы мен облыс, қала мұражайларында болып, өңірдің өндірістік, мәдени
және рухани тыныс-тіршіліктерімен танысты. Орал мұражайлар қаласы деп
тектен-тек айтылмаса керек. Олардың бәрі тарих пен ғасырлар қойнауынан
терең сыр шертіп, келушілерді өңірдің бай шежіресімен таныстыра алады.
Оралдың республиканың өзге қалаларынан басты бір артықшылығы да осында.
Өткеніміз бен кешегімізді құр жалаң қызықтау мақсат емес. Осы бай тарих
аймақ пен елдің бүгіні мен ертеңін жалғастыруға, қажетті тағылым алуға
қызмет жасай білген кезде ғана қазыналы, мағыналы. Батыс Қазақстан облыстық
тарихи өлкетану, экология мұражайлары, Мәншүк Мәметова, Александр Пушкин,
Емельян Пугачев мемориалдық мұражай үйлерін тамашалаған шетелдік қонақтар
одан елдік пен мемлекеттіліктің, ерлік пен намыскерліктің, достық пен
тамырластықтың іздері мен белгілерін тапқандай еді.
Сондай-ақ кеше Орал қаласындағы қазақ драма театры ғимаратында
Қарашығанақ жобасының он жылдығына орай салтанатты жиын өткізілді. Оған
шетелдік және ұлттық компаниялар жетекшілері, кеніштің бастауында қызмет
жасаған отандық мұнай-газ өндірісінің майталмандары қатысты.
Салтанатты жиында айтылған түйіндер тізбегі төмендегідей. Қарашығанақ
жобасы бойынша бұдан он жыл бұрын жасалған келісім шетелдік компаниялар мен
қазақстандық тараптар арасындағы қарым-қатынастарды реттей алатын қабырғалы
құжат. Осыған сай кенішті игеру жобасы үш кезеңге есептелген. Бүгінде оның
екеуі іске асты. Бүгінгі Қарашығанақ халықаралық стандарттар өлшеміне сай
заманауи технологиялар мен бюджетке түсіп жатқан қомақты сома. Мемлекет
қазынасын толықтырып отырған үлгілі салық төлеуші. Бұған қоса ол кен орны
орналасқан аймақтың тұрақты да ырғақты дамуының кепілі.
Қарашығанақ жобасы туралы айтқанда ұмыт қалдыруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарашығанақ мұнай газ конденсаты
Қарашығанақ мұнай газ конденсатының геоэкологиялық проблемалары
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі
Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ саласының даму жолдары
Батыс Қазақстандағы мұнай кен орны
Қарашығанақ компаниясының әлеуметтік жобалары
Каспий теңізі жағалауындағы елдердің мұнай – газ проблемалары
Отын - энергетикалық ресурстар
Органикалық заттардың химиялық технологиясы
АҚ «Интергаз Орталық Азия» компаниясы
Пәндер