Ақпарат жинау және жазу шеберлігі пәнінен лекциялар
Лекция 1 Тақырыбы: Журналистиканың ерекшеліктері. Ақпарат таратудың маңызы.
Лекция 2 Тақырыбы: Журналистикада сұрақ қоя білу де өнер.
Лекция 3 Тақырыбы: Ақпараттың, жаңалықтың құндылығы, маңызы
Лекция 4 Тақырыбы: Жақсы репортер болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
Лекция 5 Тақырыбы: Дереккөздермен жұмыс істей білу керек
Лекция 6 Тақырыбы: Журналистік зерттеу және ақпарат жинау
Лекция 7 Тақырыбы: Бірінші абзац және онда пайдаланылатын деректер
Лекция 8 Тақырыбы: Информациялық хабарды беру
Лекция 9 Тақырып: Ақпаратты берудің тосын жолдары
Лекция 10 Тақырып: Суреттеу, салыстыру
Лекция 13 Тақырып: Хабарды, мақаланы, ақпаратты редакциялау
Лекция 14 Тақырып: Материалды берудің әртүрлі жолдары
Лекция 15 Тақырып: Журналистикадағы әртүрлі шектеулер. Журналистік этика мен журналистің кәсіби моралі

Журналист үнемі үнемі уақыт тапшылығын мойындайды, информацияның қол жетімсіздігінен зардап шегеді, құқықтық шектеулерден қолының қысқалығы ұнжырғасын түсіреді. Осы үш себептің әсерінен көбінесе қате жібереді. Сот табалдырығын тоздырады. Журналистің үстінен шағым жазылады. Оның қызметтік тексерулерге ұшырайтын кездері де аз емес.
Көбінесе «сенуге болады» деген ақпарат көздерінің өзі қате ақпарат береді. Немесе журналисті өзінің жеке мүдделеріне пайдаланып кетеді. Өш алу құралына айналдырып жібереді.
Қалай болғанмен де журналистердің өнімінсіз қоғам, оқырмандар өздері қалаған ақпаратты ала алмай қалған болар еді. Бірақ тағы да бір шындық бар. Журналист барлық уақытта «жоғарының қысымын сезіп отырады. Мысалы, 1998 жылы Ресей Президенті Борыс Елциннің 1997 жылғы табысы «325 мың АҚШ долларына тең болғаны» сол елдің ақпарат құралдарында жазылды. Бірақ бір де бір журналистер бұл көрсеткіш Ресей Президентінің табысы оныңи айлық жалақысының көлемінен 150 есе көп екені жөнінде жақ ашқан жоқ. Борис Ельцин 1997 жылдың сәуір айында Президенттің жылдық табысы 20 400 АҚШ доллары көлемінде болатындай айлық жалақы тағайындағанын журналистер «ұмыта» қалды.
Көтеген басқосуларда журналистер саяси қызметтің және қоғамдық өмірдің кейбір салалары журналистер үшін жабық, деген пікірді айтып жүр. Бұл рас.
Ресейдің «Среда» деп аталатын коммерциялық журналының бас редакторының ұлы Алексей Панкиннен «Ресейдің журналистері Борис Елцин туралы білетіндерінің бәрін жаза ала ма?» деп сұрапты. Сонда ол «Жоқ жаза алмайды. Ельцин туралы барлық білетіндерін жазса ол журналисті өлтіріп жіберуі ғажап емес» деген екен.
Газет құрылтайшыларының дегені болып тұр. Олардың ақ дегендері алғыс, қара дегендері қарғыс екенін қазір барша мойындап үлгерді. Қазақстанмен көрші Ресейдің өмірінен бір мысал келтіруге болады. «Известия» газетінің Игор Голембиовский деген бас редакторы болды. Игордың басшылығымен газет нарықтық қатынастарды белсенді қолдайтын газеттердің біріне айналды. Газет Егор Гайдар мен Анатолий Чубайстың ұстанымдарын қолдап жүрді. Қаржылық қиынжықтарға байланысты 1996 жылы акциясының 20 пайызын мұнай өндіретін «Лукойл» компаниясына сатты. «Бұл күшті қадам. Құралтайшымыз газетті қаржылай қолдайды. Бірақ оның ішкі жұмысына араласпайды» деп жазды «Известия». Голембиовскийдің қателігі де осы еді.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
АҚПАРАТ ЖИНАУ ЖӘНЕ ЖАЗУ ШЕБЕРЛІГІ ПӘНІНЕН
ЛЕКЦИЯЛАР
Лекция 1
Тақырыбы: Журналистиканың ерекшеліктері. Ақпарат таратудың маңызы.
Журналист үнемі үнемі уақыт тапшылығын мойындайды, информацияның
қол жетімсіздігінен зардап шегеді, құқықтық шектеулерден қолының қысқалығы
ұнжырғасын түсіреді. Осы үш себептің әсерінен көбінесе қате жібереді. Сот
табалдырығын тоздырады. Журналистің үстінен шағым жазылады. Оның қызметтік
тексерулерге ұшырайтын кездері де аз емес.
Көбінесе сенуге болады деген ақпарат көздерінің өзі қате ақпарат
береді. Немесе журналисті өзінің жеке мүдделеріне пайдаланып кетеді. Өш алу
құралына айналдырып жібереді.
Қалай болғанмен де журналистердің өнімінсіз қоғам, оқырмандар өздері
қалаған ақпаратты ала алмай қалған болар еді. Бірақ тағы да бір шындық бар.
Журналист барлық уақытта жоғарының қысымын сезіп отырады. Мысалы, 1998
жылы Ресей Президенті Борыс Елциннің 1997 жылғы табысы 325 мың АҚШ
долларына тең болғаны сол елдің ақпарат құралдарында жазылды. Бірақ бір
де бір журналистер бұл көрсеткіш Ресей Президентінің табысы оныңи айлық
жалақысының көлемінен 150 есе көп екені жөнінде жақ ашқан жоқ. Борис
Ельцин 1997 жылдың сәуір айында Президенттің жылдық табысы 20 400 АҚШ
доллары көлемінде болатындай айлық жалақы тағайындағанын журналистер
ұмыта қалды.
Көтеген басқосуларда журналистер саяси қызметтің және қоғамдық өмірдің
кейбір салалары журналистер үшін жабық, деген пікірді айтып жүр. Бұл рас.
Ресейдің Среда деп аталатын коммерциялық журналының бас редакторының
ұлы Алексей Панкиннен Ресейдің журналистері Борис Елцин туралы
білетіндерінің бәрін жаза ала ма? деп сұрапты. Сонда ол Жоқ жаза
алмайды. Ельцин туралы барлық білетіндерін жазса ол журналисті өлтіріп
жіберуі ғажап емес деген екен.
Газет құрылтайшыларының дегені болып тұр. Олардың ақ дегендері алғыс,
қара дегендері қарғыс екенін қазір барша мойындап үлгерді. Қазақстанмен
көрші Ресейдің өмірінен бір мысал келтіруге болады. Известия газетінің
Игор Голембиовский деген бас редакторы болды. Игордың басшылығымен газет
нарықтық қатынастарды белсенді қолдайтын газеттердің біріне айналды. Газет
Егор Гайдар мен Анатолий Чубайстың ұстанымдарын қолдап жүрді. Қаржылық
қиынжықтарға байланысты 1996 жылы акциясының 20 пайызын мұнай өндіретін
Лукойл компаниясына сатты. Бұл күшті қадам. Құралтайшымыз газетті
қаржылай қолдайды. Бірақ оның ішкі жұмысына араласпайды деп жазды
Известия. Голембиовскийдің қателігі де осы еді.
1997 жылдың 1 сәуірінде Известия газетінде Францияның Ле Монд
газетіне сілтете жасалып Ресейдің сол кездегі премьер-министрі Виктор
Черномырдиннің жылдық табысы туралы мақала жарияланды. Онда Үкіметті
басқарып отырған төрт жылдың ішінде Черномырдиннің байлығы 28 миллионнан 5
миллиард АҚШ долларына дейін жетті деген жолдар бар. Премьер-министр бұл
айыптауды жоққа шығарды. Газетте тыжырына қарағанын аңғартып қойды. Өзі
одан әріге барған жоқ. Бірақ Известиядан өш алудың жылдар іске асатын,
өзі үшін өте тиімді жолдарын қарастырыпты.
Лукойл газеттегі мақаланы жариялау туралы шешім қабылдағаны үшін
редакцияға наразы екенін айтты. Тіпті оның акцияларын арзан бағаға сатып,
құнын құлдыратып жіберетінін айтып қорқытты. Ол кезде Лукойл мен оның
қыздары газет акцияларының 42 пайызын өз қолдарына алып үлгерген екен.
Голембиовский мен оның жақтастары наразылық білдіріп. Лукойлға
мойынсұнбайтындықтарын айтты. Ал мұнай компаниясының басшылығы газетте
Черномырдиннің табысы туралы жарияланған мақала газеттің имиджін
түсіргенін, сондай-ақ Лукойлдың беделіне нұқсан кетіргенін айтып ақталды.
Известия бұған жауап ретінде АҚШ конгресіндегі тыңдауларды негізге алып,
Черномырдиннің қаржылық жағдайы туралы кеңірек мақала жариялады. Бұл
мақалада да Фпанцияның Ле Монд газетіне сілтеме жасалыпты.
Известия Лукойлдың неге шыр-пыр болып Черномырдинді қорғай қалғанын
да жазыпты. Олардың айтуынша, премьер-министр Лукойлдың Қазақстандағы
Қарашығанақ кенішінің 15 пайыз акциясын халықаралық консорциумда сатып алу
туралы Үкіметтің шешімін қодамай қойыпты. Ол 15 пайыз акция Газпромға
тиесілі екен.
Голомбиовский барынша қорғанып бақты. Ресейдегі елге белгілі отыз бас
редактор қол қойған хат Борис Ельцинге де жолданды. Онэксимбанктің
қожайыны Владимир Потанинді Ақ рыцар деп атайтын. Соған да ақ жалауын
көтеріп шыға ма деген үмітпен алдына барды. Бірақ Онэксимбанк Лукойлмен
бірігіп кетті де Голомбиовскиді Известиядан қуып шықты. Сдан бері
Известия Потаниннің музыкасымен билейді. Қазір Ресейде екі Известия
бар. Екіншісін Голомбиовский қызметтен қуылған соң ашып алған Жаңа
Известия.
Газет құрылтайшыларының өмірінен мұндай мысалдарды Қазақстанда да
кездестіруге болады. Кейде жақсы журналистика осыдай қиындықтарға тап болып
жатады.
Журналистикадағы мәдениет шебердің өзінен кейінгі шәкіртіне
қалдыратын кәсіби тәжірибесі. Ол ұдайы толығып, шыңдалып отыруы керек.
Осы мәселе ақсап жатыр.
Нарықтық заманда оқырман ең қажетті адамдар. Оларға газет табынады, оларсыз
газет ештеңе болмай қалады.
Таралымы аздау газеттер үшін жарнама беруші қаржылық жағынан қарағанда
оқырманнан да қымбат. Жарнама беруші болмаса таралымы аз газеттер жабылып
тынады. Сондықтан оларда жарнама берушіні тартатын мақалар жарияланып
жатады.
Пысықтау үшін сұрақтар:
1.Нарықтық кезеңдегі газеттердің ақпарат таратуға артықшылықтары мен
кемшіліктері?
2. Газет құрылтайшылары мен редакторларының арасындағы пікір алшақтықтары,
мақсаттарындағы қарама қайшылықтар.
3. Известия газетінің тарихынан алынған оқиға нені көрсетеді?
4. Журналистикадағы мәдениет, нарықтық замандағы оқырман, жарнама беруші.
Жеке-жеке сипаттап беріңіз.
Әдебиеттер:
1. Универсальный журналист. Москва, 2000 - жыл. МГУ баспасы.
2. Францияның Ле Монд газетінің сайты. Мұрағат.
3. Известия газетінің сайты мен сайттың мұрағаты.
Лекция 2
Тақырыбы: Журналистикада сұрақ қоя білу де өнер.
Қайраткерлердің бірінен сұхбат алуың керек. Сұхбаттың тақырыбы жадыңда
тұрсын. Біраз азматтармен сол тақырыпта әңгімелес. Сұрадың. Сенің
қайраткермен кездесуің әдемі әңгіме түрынде өтуі мүмкін. Бірақ ол әңгіме
емес. Сұхбат-ақпарат жинаудың қарапайым техникасы, өте қарапайым жолы. Ол
белгіленген сценарий бойынша өтпейді. Сен күтпеген сұраққа, тосын жауапқа
дайын болуың керек. Нақтылайтын сұрақтар қойып, ақпаратты толықтырып
отырғаның дұрыс. Сұхбат сұрақтарыңа толық жауап алғанша, немесе тақырыпты
толық ашқанша ұзаққа созылуы да мүмкін. Сұхбат алу барысы журналист үшін өз
пікірін көсіліп айтатын жер емес. Пікір таластыру да орынсыз. Эрудицияңды
да көрсетудің қажеті жоқ.
Сұхбат алудың алдында, оның барысында мына мәселелерді жадыңда ұста:
1. Сұхбатқа дейін одан не күтетініңді анықтап ал.
Әңгімелесушіден алатын ақпаратың туралы кездесуге дейін хабарың болуы
керек. Сұрақ қоя бастағанға дейін алдағы кезде жазатын материалды ойла,
мақаланың аяқталған нұсқасы қандай болуы мүмкін екенін білуің керек, яғни
қандай ақпарат естігің келетінін біл.Әңгіменің барысында жинаған
ақпараттарың болашақта жазатын мақалаңның нобайын қалай өзгертуі мүмкін
екенін шамала. Бұл күрделі сияқтанып көрінгенімен, іс жүзінде үйреншікті
әдетке айналады. Сонда Сіз нақты сұрақтар қоюды дағдыға айналдырасыз.
Әңгімелесу барысында жол берген олқылықтардың орнын толтыру үшін бір
кездескен адамыңызбен қайта-қайта тілдесудің қажеті болмайды.
2. Сұхбатқа дейін ақпаратты көбірек жинауға тырысыңыз.
Қозғалып отырған тақырып төңірегінде түк білмеймін деп қысылмаңыз, блігіш
сияқтанып та кетпеңіз. Алдын ала көбірек ақпараттар жинасаңыз өзіңіз
алданып қалмайсыз, басыңызды қатыруға да жол бермейсіз.
3. Ең жақсысы-қарапайым сұрақтар
Бір қайнауы ішіндегі сұрақтар сенің мақсатыңа жетуіңе кедергі келтіреді.
Тырнақ астынан кір іздеген, алдап түсіруді ойлаған сұрақтардың да мақсатқа
жеткізгенін журналистика тарихында кездестіре алмайсыз. Жақсы мақала жазуды
ойлаған журналист ондай сұрақтарды қоймайды. Сұрақтардың ішіндегі ең
жақсысымыналар:
Кім? Не? Қайда?
Қашан? Қалай? Неге?
Егер Сіз осы сұрақтарға жауап алсаңыз негізгі ақпарат қалтада дей беріңіз.
Егер Сіздің мақалаңыз бір оқиғаға арналған болса, болған жағдайды рет-
ретімен баяндайсыз. Онда әңгімелесушіңізді, егер білетін болса, бәрін
басына бастап рет-ретімен айтуын өтініңіз. Содан кейін не болды? деп
сұраудан қысылмаңыз. Оқиғаның қалай өрбігенін аяғына дейін біліп алыңыз.
4. Аты-жөнін және қызметін нақтылаңыз
Бұл майда-шүйде нәрсе емес. Егер Сіз редакцияға оралған соң аты-жөні қалай
жазылатынын білмей отырсаңыз, сонда қандай-күйде болатыныңды білесің бе?
Одан да әңгімелескен адамыңыздан аты-жөнін, қызметін анықтап айтуды
сұраңыз. Ал қиындау шет ел тіліндегі есім болса кітапшаңызға жазып беруін
өтініңіз.
5. Телефон номерлерін жазып алуды ұмытпаңыз
Журналистің қойын дәптерінде телефон номерлерінің көбірек болғаны жөн.
Міндетті түрде сұхбат алған адамыңыздың телефон номерлерін жазып алыңыз.
Ұялы телефонын да жазып алыңыз. Олар Сізге ойламаған жерден керек болып
қалуы мүмкін және жұмыстан тыс уақыттарда тауып алуға тура келуі де ғажап
емес.
6. Ақпараттың жетімсіз болғанынан артылып қалғаны жақсы
Қаншалықты тәжірибелі болсаңыз да мақаланың қалай шығатынын, қандай
болатынын жазу столына отырғанша білмейсіз. Сондықтан әңгімелесушіңізді
сұрақтың астына алып, көбірек ақпарат жинауға тырысыңыз. Ақпараттың
жетімсіз болғанынан артылып қалғаны жақсы.
7. Ақымақ болып көрінемін деп қорықпаңыз.
Мынадай ситуация жиі кездеседі. Журналист айтылып отырған әңгімені
түсінбесе де бас шүлғып, түсінген кейіп танытып отыра береді.
Әңімелесушісіне түк түсінбейтін сездірмеу үшін бас шұлғиды. Ақымақ деп
ойламасын дейді. Журналист ақмақ деп ойлайды деп қорықпауы керек. Мәселенің
мән-жайын толық түсінбесең жазған мақалаңда қателесесің. Түсінбеген
нәрсеңді сұрақ қою арқылы кеңірек айтқыз. Ақымақ журналист мақаласында қате
жіберген журналист.
Сен қосымша сұрақ қойсаң әңгімелесушің мынау ақымақ екендеп
ойламайды. Керісінше, мәселеге қызығушылық танытты деп қуанады,
түсіндіреді, ұқтырады.
8. Журналист сұрақты әңгімелесушінің ойын, пікірін білу үшін емес,
ақпарат жинау үшін қояды
мен ойлары айтылған сұхбаттарды оқу ауыр. Жауаптар көпшіліктің бұрыннан
айтып жүргендерінен аумайды. Тың, ерекше ойлар аз. Оқырман үшін де
мақаладан пайдалы ешнәрсе таппайсыз. Бұған бір мәселені талқалауға арналған
сұхбаттарды қосуға болмайтынын ескертуге тиіспіз.
9. Штамп сұрақтарды қоймауға тырысу керек
Басынан қайғылы жағдай өткен адамға Өзіңізді қалай сезініп тұрсыз? деп
сұрасаңыз ол сұрақтарғажауап беруден мүлдем бас тартуы ғажап емес. Мысалы
авиа апатта жалғыз ұлынан айрылған адамның қандай күйде болатыны
жұртшылыққа айтпаса да түсінікті. Лотареядан көп ақша ұтып алған адамның да
көңіл-күйі белгілі. Ал сол қаражатты не мақсатқа жарататыны қызықтау болуы
мүмкін.
10. Құлағыңа лапша ілуге немесе алдауға мүмкіндік берме.
Кез-келген жаргонды түсіндіруді талап ет. Кейбір сөздер техникалық
терминдерге ұқсас болады. Кез-келген индустрия, компания, бюрократиялық
құрылым шындықты жасыру үшін фразалар ойлап тауып қойған. Мысалы, Вьетнам
соғысы кезінде кезекті әуеден бомбалаудан соң АҚШ-тың қорғаныс министрінің
спикері, полковник Дэвид Оппер баспасөз мәслихатында Сіздер әуеден
бомбалады деп жазуды әдетке айналдырғансыздар. Бұл бомбалау емес. Бұл
әуеден қолдау көрсету деген екен.
1979 жылы Америкада Три Майл Айленд деген жерде атом электр стансасы
жарылды. Сонда атом өнеркәсібі эвфемизм ойлап тапты. Оларды естіген оқиға
ортасында болған адамдардың ашу-ызасы шарықтап шыға келтін. анамалдық
үдеріс, қуаттың утечкасы, жылдар қышқылдану, плутонияның резиденттік
таралуы деген сөздер шығарылды. Атом элект стансасы жарылды.Апат болды.
Оның соңы өртке ұласты, плутонии көп көлемде атылды. Міне, айтылаатын сөз
осындай болуы керек еді. Кейін әлігі эвфимизмдерге, елдің басын қатыратын
сөздерді қолдануға тыйым салынды. Байқоңырдан үшқан Протон ракета
танысғыштары жарылғанда да Ресей шенділері де тура Америка әскеридері
сияқты әңгімеге көкенін білесіздер.
11. Сұрағыңызға қайтарылған жауаптарды мұқият тыңдаңыз
Журналист бір сұрақ қояды да екінші қойылатынг сұрақты ойлап отырып,
жауапты естімей қалады. Былайша айтқанда жауапқа мән бермейді. Бұл дұрыс
емес. Мысал өте көп.
Француз жазушысы Жорж Сименон швейцарияның Діе Тат газетінің
тілшісінің сұрағына Мен 10 000 әйелмен байланыстымдепті. Газет сенген де
мұнысын жариялап жіберіпті. Бірақ мұндай көрсеткішке жету мүмкін емес еді.
Күнде бір әйелменг кездесіп тұрғанның өзінде Жоржға 65 жыл қажет болады
екен.
12. Мақала туралы ешқандай уәде берме
Мақаланың қандай формада берілетінін, оның көлемі қандай болатынын
редактор ғана шеше алады. Кімнен интервью алсаңыз ол міндетті түрде мақала
қашан шығатынын сұрайды. Мұндай сұраққа жауап беруге міндетті емессіз.
Ешқандай уәде беруші болмаңыз. Мен тек қана тілшімін деуге болады.
Редактордың телефонын бере салыңыз.
13. Баспасөз үшін айтқан жоқпын дей салады
Ашық әңгімелесіп отырған әңгшімелесушіңіз сөзінің соңында білгеніңіз жақсы
деп айтып отырмын. Бірақ баспасөз үшін айтқан жоқпын дей салды дейік.
Мұндаймен, біріншіден, сіз сирек келісіңіз. Бәрімен келісе берсеңіз
дереккөздердің есімін айта алмайтын дәрежеге жетесіз. Әңгімелесушіңізбен
қандай келісімге келгеніңізді май да-шүйднсіне дейін нақтылаңыз. Сонда
кейін дау тумайды.
Тәртіп мынадай: баспасөз үшін емес деген Сіз бұл туралы келіскен жағдайда
ғана күшіне енеді. Бірақ келістің ба, онда мақалада атын атама. Егер ол
терең подполияға кеткісі келсе, онда редактордан басқа бірде-бір адамға
есімін айтпа. Әсіресе әріптестеріңе білдірме. Әлемде журналистерден асатын
өсекші жоқ.
Баспасөз үшін емес дегені журналисті өзінің ойыны үшін құрған
құрығы"болып жүрмесін. Айтылған деректерді басқа бір дереккөз арқылы
тексеріп алыңыз. Принципсіз, қорқақ лауазымды тұлғалар да осы баспасөз
үшін айтқан жоқпынның тасасында қалып қоймасын. Егер әңгімелесушіңіз
жеке бір адамға, мекемеге, мемлекетке тиіссе онда ол мұны баспасөз үшін
жасауы керек.
Тақырыпты пысықтау үшін 13 мәселенің әрқайсысы бойынша практикалық
сабақта сұрақттар қойылады. Мақалалар жазу барысында осы мәселелер бойынша
оқытушының айтқанын орындау керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:

3. Швейцарияның Діе Тат газетінің сайты. Сайттың мұрағаты.
Лекция 3.
Тақырыбы: Ақпараттың, жаңалықтың құндылығы, маңызы
Жаңалықтар-бүл информация(ақпарат). Манчесто Гардаиан газетінің
редакторы С.П.Скот 1921 жылы Комментарий жасай бер, бырақ факты-бұл ең
қастерлісі деген екен.
Ең соңғы, әле жаияланбаған информация-ең құндысы осы.
Бүгінгі күні қоғам, оқырмандаың арасында жиі сөз болып отырған қандай
тақырып, сол тақырыптағы жаңалық ең маңыздысы.
Иттің адамды тістеп алғаны жаңалық емес, ал адам итті тістеп алса сол
жаңалық. Қасқырдың қойды жеп қойғаны жаңалық емес. Қой қасқырды жеп қойса
сол жаңалық.
Жаңалықтың көкесі-жаңа, бұрын адам естімеген нәрсе. Журналистердің
өмір бойы іздеп жүретіні осы.
Мысалы сен машина алдың дейік. Оны көп адамның білгенін қаламайсың.
Ұрылар, салық инспекторы естігенін қаламайсы. Ол сенің отбасың, туыстарың
үшін маңызды. Ал қоғам үшін түк те емес. Жаңалықтың қоғамдық маңызы болуы
керек. Белгілі, елдің арасындағы танымал адамдардың өміріндегі селт
еткізетін оқиғалардың жаңалықтық маңызы болуы мүмкін.
Репортердың есінде болуы керек: сіз анықтаған ақпаратты, деректі жақсы
жаңалық жасаудың қажеті болмауы мүмкін.
Тақырыптың ауқымы кең-оған барлық мақалалалар, қоршаған орта,
денсаулық, дипломатия, жасалған қылмыстар, экономика, мәдениет, саясат т.б.
бәрі сиып кетеді. Теориялық тұрғыдан алғанда барлық тақырып тең. Бірақ
кейбіреуі сиректеу кездеседі. Солар қадірлілеу. Мысалы, адам ұрлау, ар-
намысқа тиюмен салыстырғанда көбірек оқылады. Себебі сиректеу болатын
қылмыс.
Дереккөз. Сізге оппозиция өкілі жақында Елбасы оставкаға кетеді деп,
болжам айтты. Егер осы сөзді саған Елбасының өзі айтса жаңалықтың құндылығы
жоғары болады.
Бәрінен хабардар болып отыру. Оқиға туралы бірінші болып хабарласаң
саған соны айтқан дереккөзге алғыс айтуыңа болады Телеарнадан, радиодан
айтылып қойған жаңалықтың маңыздылығы төмендейді.
Уақыт. Шарап неғұрлым ұзақ сақталған сайын оның сапасы жақсарады. Ал
жаңалық керісінше. Жаңалықтың болған уақытынан бастап ол хабарланған
уақытқа дейін неғұрлым ұзақ уақыт өтсе ол солғұрлым құнсыз.
Сіз ақпаратты жаңалдықты товар деп есептей бастасаңыз, сол минуттардан
бастап журналист емессіз.
Мына үлгіге назар аударайық:
А. ООН-ның Украйна туралы бейбіт бастамасы.
Ә. Үкіметтің шет елдің автомашиналарын Қазақстанға кіргізбеу туралы тыйым
салғаны.
Б .Белгілі әртістің отбасынан, әйелінен ажырап жатқаны
В.Қаладағы аудандардың бірінде соңғы 3 күнде төрт қыз жыныстық қатынасты
маньягының қолынан қаза тапты.
Осы ақпараттардың қайсысы маңызды?
Бұл сұрақтарға ақпараттар қандай газеттер үшін дайындалғанын, оның
оқырмандары кімдер екенін білмей жауап беру мүмкін емес.
Мысалы жалпы көпшілік оқырмандарға арналған газет болса қыздардың өлімі
туралы, ал іскерлік аудитория үшін шет елдік автомашиналарды кіргізбеу
туралы мақала бірінші орынға шығады.

Лекция 4.
Тақырыбы: Жақсы репортер болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
Тілшінің, репортердың жұмысы –бәрін білу, ол тарихтың екпінді әскері
сияқты, ол бүгінгі күнгі хаостың алдыңғы қатарында жүреді, тыйым салынған
есіктерді қағып, соған кіреді, басын қатерге тігіп, шындықты білу үшін
небір қауіпті жерлерге барады.
Көпшілік ойлайды, тілші мен репартерға жақсы жаза білсе болды, деп.
Олай емес. Әдеби қабілеті оның жұмысының бір бөлігі ғана, тіпті тұтас
алғанда жұмысының үлкен бөлігі де болмауы мүмкін. Ең қиыны шындықты білу,
соның түп-тұқиянына дейін анықтау. Ол жақсы тілші, жақсы репортер болу үшін
тиісті тахникалық жабдықтарды меңгеруі керек және рухани мәдентеті болуы
маңызды.
Сонымен, оларға не керек?
1.Журналистің қойын кітапшасы (записная книжка).
Журналисте екі кітапша болуы керек. Біріншісі-кішкентайы. Оны жолда кетіп
бара жатып, асығыс жағдайларда суырып алып пайдалана қоюға болады.
Екіншісі- үлкені. Оған қызмет бабындағы барлық әңгімелерді жазып отырасыз.
Ол скрепкамен кыстырылған, немесе клеймен жапсырылған болмауы керек.
Спиральмен бекітілген болғаны дұрыс. Себебі ол беріктеу. Бетін аударған
кезде тегіс болып жатады, бір парағын жыртып алсаң кітапша шашылып
қалмайды. Оның сырқөыбетіне ең бірініші жазудың күнін жазып қою керек,
толған соң соңғы жазбаның күнін, жылын көрсетіп қой. Кітапша толған соң оны
сақтап қой. Кейін қажет болып қалуы мүмкін.
2.Стенография.
Үлгеріп жазып отырсаңыз станография сенің күшің, көп жағдайда тығырықтан
шығаратын сақтаушың. Магнитофон сынады, акуммуляторы отырып қалады. Кейбір
ситуацияларда оны қолдану мүмкін болмайды. Мұнан тыс, көп адам
магнитофонмен сөзін жазып отырғанды ұнатпайды.Қайтадан сұрап отырғанды
ұнатпайтындар жетіп артылады.
Стенограмманы жаттап алу қиын емес. Ол саған өмір бойы керек болады
3.Диктофон.
Диктофон екі жағдайда керек. А) Әңгімелесушімен бетпе-бет кездескенде.
Б) техникалық жағынан жарақтандырылған жағдайда телефон арқылы
сұрағанда әңгімені жазып алу.Бұл сұхбат беруші әңгіменің негізгі
мазмұнынан жалтарып кетпеуі үшін өте керек деуге болады.
Диктофонға жазып отырған күнде де қойын кітапшаңа айтылған
жәйттерді түртіп алуды ұмытпа. Лентаны қайта айналдырып отыру көп
уақытты алады. Сондықтан диктофонға кейбір мәселелерді нақтылау үшін
ғана қарайсың.
4. Адресті кітап.
Кез-келген журналист-тілші, репортер өзінің байланысқан адамдарының
мекен-жайын, телефон номерін,факсін, эл. поштасын жазып алып отруы
керек. Тәуліктің кез келген уақытында бір нәрсені білуің керек болып
қалады. Сондай сәттерде адресті кітапшаң кәдеге жарайды. Ерінбей адрес
кітапшасын толтырып қой. Мейілінше дереккөздердің телефондарын көбірек
жазып ал. Газет-журналдар оқып отырып, керек болып қалуы мүмкін деген
мамандарды жазып ал. Олардың телефондарын да біліп, жазып алуға тырыс.
5. Фотоаппарат.
Кәсіптік қызметін атқарып жүріп, қолына фотоаппарат ұстап көрмеген
жазғыш журналистер бар. Қазір заман басқа. Журналистердің барлығы
сурет түсіре алуы керек. Барған мекемең сенен бірінші кезекте
материалыңның суретімен жарияланғанын қалайды. Оның үстіне түсірілген
күні, сағатына дейін көрсетілетін цифрлық фотоаппараттардағы сурет
сенің сол адаммен белгілі бір уақытта кездескеніңді де дәлелдейді.
6. Тыңдайтын арнайы қондырғы.
Журналистік қызметте арнайы тыңдау қондырғыларына орын жоқ. Бұл
журналистік этикамен сыйыса алмайдыМұндай қондырғыларды екі-ақ
жағдайда құптауға болады: а) біреудің өмірін сақтап қалатын жағдайда.
б) ірі құқық бұзушылықты әшкерелейтін болсаң.
7. Компьютерлік сауаттылық.
Дәл қазір компьютерменжұмыс істей алмайтын тілші, журналист, репортер
болуға тиісті емес. Бұл ақпараттар жинауға да, мақала жазуға да, тіпті
жазған мақалаңды отандық, шет елдік газет-журналдарға жөнелтуге де
көмектеседі.
8. Шет тілі.
Шет тілін ең болмаса бір шет тілін білсең қадірің артады. Шет тілін
білу жақсы тілші, немесе репортер болуыңа көмектеспейді. Бірақ сол
шеттілін білгенің сенің шет елдіктермен тікелей сөйлесуіңе
көмектеседі. Сол тілде шығатын газеттерді оқып, журналистиканың осы
заманғы даму бағытын біліп отырасың. Ал жақсы жаза алсаң шет елге де
шығып, сол жақта жұмыс істеуіге де мүмкіндік аласың.
9. Аяғынан жоғары қарай оқу
Осындай мүмкіндікті бағалай бермейміз. Әңгімелесушіңіздің үстелінде
жатқан құжаттан керекті материалды оқып алсаң несі айып. Қоғамның да
шын ақпаратты білуге құқы бар деген принципті ұстанып мақала
жазасың...
10. Еріннің қимылына қарап дауыс естілмейтін жердегі лауазымды тұлғаның
не айтып тұрғанын білуге болады. Бұл шамалы этикаға томпақтау,
қателесіп кету қауіпі молдау мәселе, бірақ біліп алған жақсы,
журналист үшін керек жәйт.
11. Материалды беру мерзімін кешіктіру және оның көлемін көбейтіп жіберу.
Журналистің ешқашан жол беруіне болмайтын мәселелер. Бпасың дауға
қалады. Саған басшыларың сенбейтін болады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz