Журналистика пәнінен дәрістер


Лекция тақырбы: Си-Эн-Эн ақпараттық корпорациясы
1. Корпорция тарихы.
2. CNN-нің ақпарат беру тәсілдері.
3. CNN туралы зертеушілер пікірлері
1. 1977 жылы желкен жарысы бойынша АҚШ-тың чемпионы Тед Тернер өзінің бар байлығын телебизнеске жұмсады. Миллионердің ұлы болғандықтан ол 70-жылдардың өзінде-ақ Атланта жергілікті шығынға ұшыраған телестудияны сатып алаып, спутниктік байланысты жалға алып, өз бағдарламаларын Американың барлық кабельді теледидар жүйесі арқылы таратты.
«Тернер бродкастинг систем» (Ти-Би-Эс) -тәулік бойы кабельді теледидар арқылы хабар таратса, қазір бұл CNN- спутниктік кабельді қызмет деп аталып, дүниежүзін тәулік бойы ақпа CNN- кабельді жаңалықтар жүйесі деп аталғанымен, қазі бұл қызмет нағыз электронды спутниктік жүйе. 19 космостық байланыс жер серігі арқылы 220 мемлекеттің телекөрермендері әлемнің барлық түкпіріндегі оқиғаның куәсі болып отырады. 1991 жылы компания президенті Тед Тернер «Жыл адамы» атануы да осыған байланысты.
CNN- Интернет қызметін пайдаланады. Өзінің барлық ақпаратын Интернетке салады. Мұның өзі тиімді де өйткені 24 сағат бойы жаңалықты теледидар алдында мізбақпай көріп отыру мүмкін емес, ал Интернет арқылы «Хедлайн ньюс»(шұғыл хабар) алу өте ыңғайлы.
КТК» телеарнасынан әрбір жұма сайын 21. 00-де «Тек КТК-да Си-Эн-Эннің ерекшелігі, ол әлемнің қай бұрышынан болмасын, өзекті деген бейнетаспаларды береді. Бұл бағдарламаның дикторлары мен жүргізушілері, тек қана ақ нәсілден еместігін, ақпарттарды қара нәсілдер, латын-американдықтар, үнділіктер де жүргізетінін азиялық мемлекеттерге дәлелдеуде. Тіпті Си-Эн-Энмен бәсекеге түскен «Би-Би-Си» ақпарттық блогы, журналистерін азиялықтардан таңдайды. Осы ерекшелігі арқылы ол Мәскеуге қарғанда еркінірек болып саналады. «Би-Би-Си» тәулік бойы берілетін бағдарламаға жатпайды. Әйтсе де ақпарат беру тәсілі Еуропа, Азия мен Солтүстік Африка елдерінің әдістеріне ұқсайды. Сөйте тура «Би-Би-Сиді» Қазақстанда тікелей арнада көру мүмкін болмай отыр. Си-Эн-Эннің кейбір бағдарламалары іріктеліп, беріліп отырады, және орыс тіліне аударылып беріледі. Мәселен, 90 жылдары әлемдік Си-Эн-Эн жаңалықтары» деген берілетін. «Хабар» агенттігі Си-Эн-Энмен тығыз байланыста болған. «Хабар» Си-Эн-Энннің хабарларын қазақ және орыс тіліне аударып беруге келісім-шартқа қол қойған. «Аргументы и факты» (1996 жыл, №4) газетінде берілген сұхбатында «Хабар» аганттігінің менеджері Александр Шухов былай дейді: «Осы кезге дейін Ресей БАҚ-тарына тәуелді болған Қазақстандық телеарналарға енді республикалық ақпараттық кеңістікке жол ашылды. Бүгінде Си-Эн-Эн бағдарламаларын беру жолға қойылды. «Би-Би-Симен» күнделікті қойылатын «Кино, кино, кино» мен музыкалық жаңалықтарды, сондай-ақ мультфильмдер мен хайуанаттар туралы деректі бағдарламаларды көрсетуге келісім алған. Бір жылдары жеті миллиард доллар үшін Си-Эн-Эн өзге компаниямен қосылған. Бұл оқиға 1995 жылдың қыркүйек айында орын алған. Екі алып атанған американдық телевидениеге - «Тайм Уорнердің» төрағасы Левин мен Си-Эн-Эннің иесі Тед Тернер «Ти-Би-Эсті» сатып алып, екеуі бірлесе, әлемдегі ең үлкен телекорпорацияға айналдырмақшы болды. Бұдан сәл ертерек уақытта «Уолт Дисней» компаниясы беделді деген үш американдық каналдардың бірі саналатын Эй-Би-Сиді сатып алады. Осындай алып «Эй-Би-Си» арнасын «жұтып қою» үшін жапондықтар «Уолт Дисней» компаниясына 13 миллиард доллар құйған.
2. Ақпарат беру тәсілдері
Парсы шығанағында соғыс оты қайнап тұрған сәтте Си-Эн-Эннің үш қызметкері Бағдат қаласындағы Эр-Рашид мейманханасынының тоғызыншы қабатында болған. Олар мұннан соғыстың басталғаны туралы хабар беріп жатқан. Эй-Би-Си арнасында дәл осы сәтте кешкі жаңалықтар жүріп жатқандықтан, олар бұл ақпаратты Си-Эн-Энге қарағанда бір минут ерте беріп үлгерді. Телеарна Си-Эн-Эннің есептегенінен сәл ертерек шықты. Эй-Би-Си ақпартты бірінші болып жеткізсе де, сюжеттерінде видео кадрлар қайталанып берлді, себебі көрсететін басқа кадр болмаған деседі. Ал Си-Эн-Эннің қызметкерлері Бағдатта болып жатқан жайттың толық көріністермен дәлірек айтқанда снарядтардың жарылып, пулеметтердің атылып жатқанын кеш болса да анық көрсетті. Соғыс ортасында жүрген Эй-Би-Си телеарнасының репортерлері бұйрық бойынша бомбадан жасырынатын орынға тығылды. Ал Си-Эн-Эннің қызметкерлері бұл бұйрыққа бой бермей эфир қамын ойлап соғыс ошағы ортасында қалды. Бұл нағыз жүректілердің ісі еді. Әлем ақпаратты алдымен бізден білуі керек, қандай да бір өзгерістер орын алған жағдайда, олар қалайда соны алғашқылардың бірі боп беруді мақсат тұтқан. Олар өздерін мейманхана қызметкерлері байқап қолмауы үшін, өршіп жатқан оқиғаны жатқан күйде бақылап хабарлап жатты. Егер тәртіп сақшылары оларды көріп қойып, қуғандай жағдай орын алса, екеуі бірдей кетіп қалмай біреуі қалып, соғыс шындығын қалайда халыққа шынайы көрсете жеткізуді көздеді, солайда болды. Шешуші мезгілде журналистер өз ісіне адал, әрі деген мақсатына жету үшін ержүректік таныта алатындығын байқатты. Нәтижесінде, Америка Құрама Штаттың жалпы халықтық үш желісінің бірі Эй-Би-Си, Си-Эн-Эннен оқиға куәгерлері ретінде өз арналарына да шығып тұруларын өтінуге мәжбүр болды. Оның үстіне тек солардың ғана қолына тиген эксклюзивті бейнематериалдар қай арнаның болмасын уысына түсіруді армандайтын бейнелеріне айналды. Мұндай көріністерді көрсетуді әлемнің өзге елдеріндегі арналар да ниет танытты. Соның ішінде, Ресейдің мемлекеттік теле арналары да бар. Бағдат шахарында орын алып жатқан оқиғаның, әлем үшін маңызды болғаны сонша, ақпараттық «Время» бағдарламасы Си-Эн-Эннен алған бейнекөріністерді қайталап көрсете берді. Тек бір ғана сюжеті емес, тұтастай оқиғаның өрбуін «Шығанақтағы соғыс» деп ағылшын әріптерімен аудармасыз, сол қалпында көрермен назарына ұсынылып отырды. Соғыс алаңынан берілген бұл көріністерге аударып сөз қосып жатудың өзі артық еді. Бүгінгі таңда Си-Эн-Эн арнасы әлемге американдық саяси ұстанымды, әлем жұртшылығына тарататын ақпарат құралы дегені бар. Көгілдір экраннан көрінген кейбір фактілер, сюжеттер АҚШ-тың қарсыластарына көмек боп кете жаздапты. Кім біледі, бәлкім солай да болған шығар. Не десе де жедел ақпараттың үлгісін Си-Эн-Эн көрсете алды. Ақпараттың шапшаңдығы сонша, бірде Си-Эн-Эн қызметкерлеріне «ақыр заманды көрсете аласыздар ма?» деген сауал түсіпті. - Әрине. Әуелі ақырзаманды хабарлаймыз да, сосын бәріміз бірге өлеміз» деп жауап берді 4-ші билік өкілдері. Америка Құрама Штаттары Ливия мемлекетіне соғыс ашқанын Си-Эн-Эн арнасы көрсете алды. Оның бағдарламаларын әлем көре бастады. Репортаждар оқиғаның нақты ортасында жүрді. Қансыраған адамдар, АҚШ-тың солақай саясатының нәтижесі, сондай-ақ оның қару-жарағы, әскери базасы жөнінде толық көрсетіп жатты. Жеңілгенге жұдырық демекші алып АҚШ-тың Ливиядағы күдікті нысандарды бомбалауы, халықарылқ терорризмді желеу ете, ойына келгенін жүзеге асырғаны мен ұшқыштардың шат-шадыман көңіл-күйлерін көрсеткен бейнекөріністер орын алды. Терроризм үшін айыпталып, Ирак пен Ливияны алаңсыз бомбының астына алу, Куба мен Иранның жұртшылығына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жетпей қиналған күйін әлем бақылады.
Журналистиканың қоғамдық міндеті - халықты барынша ауқымды және сан алуан ақпаратпен қамтамасыз ету. Мәселе кішкене ғана қалашық немесе белгілі бір тұлға туралы, болмаса Вашингтондағы маңызды мекеме туралы болды делік, ендеше ондағы ең негізгі мақсат сол жөнінде толыққанды, нақты мәлімет беру болып табылады. Қандай шешім болса да, оны журналистер қабылдамайды. Журналистер тек жариялайды, әлгі ақпаратты таратады. Тыңдаушының өзі сараптап, қажетін сұрыптап алады, сол арқылы саяси ой қалыптастырады. Ешкімнің түсіндірмесінсіз таза ақпаратты алған адам ғана сол мемлекеттік институттар жөнінде, коммерциялық ұйымдар туралы нақты шешім шығарып, пікір қалыптастырады.
Си-Эн-Эн туралы медиа-зертеушілер пікірі
Әлем жаңалықтарынан хабардар болу үшін телекөрермендерге белгілі бір сағатты күтіп отырудың қажет жоқ. Ол тек Си-Эн-Энді қосса болғаны. Ертеңгілікте те, кешкісін де Си-Эн-Эндегі ақпарат пен жаңалықтар блогы мезгілі дәл бір уақытта жүреді. Жаңалық бар ма, оны Си-Эн-Эн көрсетеді. Си-Эн-Энді қоссаң, жаңалық болып жатады. Маңызды оқиғалар жүреді. Тура сол болған уақыттан бастап жүреді. Яғни тікелей жүргізіледі. 1986 жылы қаңтар айында космостық желқайық «Челленджер» жарылғанда, осы ұшақтың бастауын бас-аяғын жалғыз болып көрсеткен Си-Эн-Эн. Қаншалықты жақсы дүниелерді көрсеткенімен оның ішінен атап, телекомпанияның тарихында қалатын оқиға Парсы шығанығындағы соғыс болып келеді. Бұл соғысты сапалы әрі әсерлі етіп көрсету үшін мыңдаған ақша бөлініп, технологиялар жаңартылған болатын. Олардың Бағдатта жеке құралдары болмағандықтан, Иорданиядан жалға алып отырған. Иордандықтар спутниктік жүйенің он минутына мың долларға дейін сұраған. Сол себепті Си-Эн-Эннің шығанақтағы шығысы 1 млн. -3млн. дейін жеткен. 1993 жылы Си-Эн-Эн бәсекелестерін басып түсетін тікелей эфирді көрермендерге көрсетті. Компания Мәскеудегі Ақ үйге шабуылды 25 сағат бойы күн құрғатпай беріп отырды. Екі-үш күндік Ресейдегі ахуалды көрсету үшін бұл каналдың 10 млн ақшасы кеткен екен. 1995 жылы Си-Эн-Энге жазылушылар саны 140 мемлекеттің ішінен 156 млн. көрерменге көбейген. «Барлығы тек Си-Эн-Эн көрді. Тілшілері жердің түпкір-түпкірінен хабар таратып жатыр. Бүгінде Си-Эн-Эн халықаралық қатынастың бір элементіне айналды», - дейді Америка Құрама Штатының президент апаратының қызметкері Джон Уолт. Cи-Эн-Эн журналистері халықты ақпаратпен қамтамасыз етеміз деп, өздерінің өмірлеріне қауіп төндірді. Мысалы: 2003 жылы Бағдатта көрініс тапқан соғысты баяндауда телеарнаның екі журналисі мерт болған. Телекомпанияның берген мәліметтеріне сүйенетін болсақ соғыс басталғалы бері телеарнаның 6 журналисі қаза болған. Оның бірі аудармашы - Дурейд Исса Мұхамед, және көлік жүргізуші - Яссер Хатиб. Екі жеңіл көлікпен келе жатқан Си-Эн-Эн қызметкерлерінің екеуі сол жерде көз жұмып, қалған жолаушылар жарақат алған. Сондай-ақ, оның ішінде каналдың тілшісі - Майкл Холмста болған екен. «Си-Эн-Эн» хабарлары 2004 жылдан бастап Қазақстанда да таратыла бастады, әрине ол тек спутниктік жүйе арқылы қабылданды. Оның өзіде техникасының дамығандығын көрсетеді. Әсіресе, Си-Эн-Эннің хабар ұйымдастыру тәсілдері кез-келген елдің телеарнасы үшін табыс бола алды. Си-Эн-Эн кабельді жаңалықтар жүйесі деп аталғанымен, қазір бұл қызмет нағыз электронды спутниктік жүйеге айналған. 2005 жылы 1 маусымда олар өздерінің 25 жылдық мерейтойын атап өткен. Сол жылы Си-Эн-Эн, он төрт түрлі ақпарат таратудың кабелдік және спутниктік жүйесін, екі радиостанциясын, алты интернет жүйесі мен әлем бойынша 37 бюросын ашып, ақпарат таратқан. Cи-Эн-Эн жаңалықтары 38 әуе желісі арқылы таратылады, яғни оны 212 мемлекеттің 1, 5 млн тұрғыны әлемнің барлық түпкіріндегі оқиғаның куәсі болып отырады. 1991 жылы Тед Тернер «Жыл адамы» болуы да осыған байланысты. Парсы шығанағындағы белең алған әскери ахуалдың шындығын бүкіл әлемге тікелей эфирде таратқан Си-Эн-Эн рейтингі бірден өсті. Сондай-ақ қырғи-қабақ соғыстың дәл қайнаған ортасында тұрып, репортаж жасаған журналистер көрермендер арасында танымал бола бастады. Тәулік бойы шынайы ақпаратты жедел түрде жеткізген арнаның беделі өзге телекомпаниялармен салыстырғанда біраз алға қадам басты. «Журналист» журналының 2004 жылғы 7 тамыз айындағы санында Си-Эн-Энге қатысты мынадай пікір айтылып кеткен: «Қысқа жаңалықтар жобасы Еуропаны жаулап алғанына көп уақыт болды. Бұл жанрды алғашқы болып қолданған американдық телеарналар. Оның ішінде «Кейбл Ньюс Нетуорк» (Си-Эн -Эн) телекомпаниясы. Дәл осы телеарна пайда болғаннан бастап жаңалықтың жаңа әдіс-тәслін ойлап тапты. Жаңалық оперативті түрде беріліп, әрдайым жаңа үлгіде шықты. Жаңадан түскен материалды әсерлі түрде жеткізу арқасында көрермендер өздерін болған оқиға жерінде болғандай сезінетін. Сюжеттерінің дайын күйде жіберілуінің негізі құпиясы, операторлардың кадрлардың монтажды түрде түсіргенініде. Си-Эн-Эн тарихында елеулі орынды алатын оқиғаның бірі 2001 жылғы 11 қыркүйектегі Манхеттендегі әуе қақтығысы болып саналады /. Си-Эн-Эн бағдарламалаларының ерекшелігі неде? 24 сағат бойы көрермендерге қандай хабарлар таратады? Қаншалықты қызықты бағдарламалары бар екенің соңғы беттегі төмендегі қосымша: № 1-ші кестеден көруге болады. Бұл кесте бойынша Си-Эн-Эн Орта Азияға, яғни әлемдік жаңалықтарға көп сағат бөлгеннің көруге болады. Мәселен: «Би-Би-Си» Индия мен Африканың тұрмыстық, экономикалық жағдайына көп тоқталса, Си-Эн-Эн Азия елдеріне қатысты жаңалықтарды алдыңғы қатарға қойып отыр. Си-Эн-Эн жаңалықтарында маған ұнағаны «Әлем репортажы». Аналитикалық талдауға толы бұл бағдарлама, жан-жақтылығымен ақпараттың өзектілігмен ерекшелінеді. Бір байқағаным журналистері де мәселе көтеріп жатқан елдің тұрғыны болып келеді. Яғни штап-пәтері қай жақта болса, журналист − редакторы сол жерден таңдап алынады екен. Си-Эн-Эн сияқты басқа компанияларда «Азия», «Еуропа» деген жеке бағдарламалар жоқ. Сонымен қатар, Си-Эн-Эннің атақты тележүргізушісі Ларри Кингтің жеке авторлық бағдарламасы бар. Ол «Ларри Кингпен сұхбат» деп аталады. Бұл бағдарламада белгілі бір тақырып төңірегінде әңгіме қозғалады. Журналист тарапынан сұхбат беруші адамның жеке басына қатысты да сұрақтар қойылады. Студия қонағы соларға да барынша ашық жауап беруге дайын болуы тиіс. Жұртты жиі толғандыратын мәселелердің басын ашып алу. Түсінбей қалған тұстарды ұғынықты етіп жеткізу. Шенеуніктерге олардың басқарып отырған саласына, аймағына байланысты мәселелерді көтеретін сұрақтар қойылады. Халыққа сұхбат берушінің жеке тұлғасына қатысты жайттар да қызықты болуы мүмкін. Сол жағына да мән беру. Бұл хабарға үкімет адамдарынан бастап қарапайым адамға дейін (шенеуніктер, депутаттар, қоғам қайраткерлері, әдебиет, өнер өкілдері . . . ) қатыса алады. Олар өз сөзін шынайы жеткізіп, дәлелдеп бере алуы тиіс. Ал «Азиядағы жаңалықтар» деген сараптамалық бағдарламасы, апта бойында сағат 15-00 пен 16-00 аралығында жүреді. Негізгі мақсаты осы континетте болып жатқан барлық жаңалықтарды тізбелеп, сараптап шығу. Міндетті түрде террорлық-лаңкестік топтарға тоқталады. Осы сағатта көгілдір экранды қосып қалсан, бірінші блокта Ауғаныстандағы, Ирактағы жаңалықтар кетеді, бұл біздің елге қаншалықтты зиян? деген сұрақтарға жауап іздейді. Ал бейсенбі күндері «Азия туралы әңгімелесу» деген сенсациялық бағдарламасы бар. Бағдарламаға арнайы саясаткерлерді, қоғам-қайраткерлерді шақыртады. Олар Азия мемлекеттерінде шешімін таппаған мәселені көтереді. Келген қонақтар өздерінің пікірлерімен, ойларымен бөліседі. Осыған мысал ретінде 2006 жылы 29-шы қыркүйекте, Вашингтонда өткен конгрессті Си-Эн-Эн тікелей эфирде көрсетті. Біздің елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Америка Құрама Штатына ресми сапармен жүрген кезі болатын. Бұл жиналыстың негізгі көтеріп отырған мәселесі ядролық-қару. Осы Ядролық қауіп-қатерді қалайша жоюға болады? деген сұраққа жауап іздейді. "Ядролық қауіп-қатерді қысқарту" қорының жетекшісі, Си-Эн-Эн телеарнасының негізін қалаушысы әрі қожайыны болып табылатын, миллиардер Тед Тернер Нұрсұлтан Назарбаевқа былай дейді: "Біз үшін қарусыздану мәселесі бойынша сізбен жұмыс істеу үлкен мәртебе. Сіз ядролық қарудан бас тарту жөнінде аса батыл әрі көреген қадам жасадыңыз. Егер барлық мемлекет басшыларының көзқарасы сіздікіндей болса, онда әлемде ядролық қару қауіпі деген болмаған болар еді. Сіз дүниежүзіне үлгі көрсете білдіңіз. Біз сіздің әріптесіңіз болғанымызды мақтан тұтамыз", - деді Т. Тернер. Мен үшін сізге АҚШ жерінде сәлем беру үлкен мәртебе. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан бейбітшіліктің моделін жасауда. Сіздің басшылығыңыздың арқасында Қазақстан халқы қауіпсіз әлемде өмір сүре бастады", - деді "Ядролық қауіп-қатерді қысқарту" қорының тең төрағасы, сенатор Сэм Нанн. Қазақстан президентіне конгресс мүшесі Шелли Беркли ханым да сәлем берді. "Президент Назарбаев ядролық қарудың ауқымды қорынан құтылу қажет деген айрықша маңызды қадам жасады. Бұл адам бейбітшілік жолын таңдап, өзінің таңғажайып елін қауіпсіздік пен гүлденуге қарай бастап барады. Ол өз елі үшін, мүмкін тіпті бүкіл адамзат дүниесі үшін тарихтың бағдарын бұрып жіберді", - деді ол. Қазақстан президенті кездесуді ұйымдастырушыларға ризашылық білдіріп, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дуайт Эйзенхауэрдің немересі, саясаттанушы Сюзан Эйзенхауэрге "Бүгінгі кештің қожайыны болуға ақ пейілмен келісімін бергені үшін" алғыс айтты . Си-Эн-Эн Америка Құрама Штатында бірінші телеарна болып есептелгенімен, әлем бойынша «Би-Би-Сиден» кейінгі екінші орынды иемденеді. Оның басты себебі екі телеарнаның тарихи айырмашылығы болып табылады. Си-Эн-Эннің жер бетінде 100-ге тарта бөлімшелері бар. Соның ішінде ең ірі бөлімшесі − Мәскеуде, ал екіншісі − Лондонда орналасқан.
Қазіргі заманғы ақпарат нарығы - бұл жан-жақтылығымен, көптүстілік және тауардың сан қырлылығымен ерекшеленетіні белгілі. Осы орайда жаңалықтың жаңалығын таңдау, ақпараттың құнын, бағасын түсіну, оны лайық деңгейінде жеткізе білу - журналистің дұрыс деп тапқан ақпарат көзіне де тәуелді екендігі белгілі. Қандай болмасын өнімнің өз бет-бейнесі, қайталанбас, есте қаларлық қасиеті болады. Ақпарат та журналистика өнімі ретінде осы тұрғыдан бағаланады. Зерттеушілер пікіріне сүйенсек, әрбір ақпараттың бойында мынадай 7 белгі тоғысқаны жөн екен: Сенсациялық, елден ерекше, елеулі, қызғылықты, қажеттілігі, маңыздылғы, әйгілілігі. Осы бөлшектер қосыла келіп, жаңалықтың негізгі ерекшеліктерін анықтайды. Алайда соңғы уақытта ақпараттың сенсациялық түріне деген сұраныстың басқаларға қарағанда жоғары екендігін жасыра алмаймыз. Ондай ақпарат телеарна жаңалықтарын ғана емес, бүкіл газет-журналдарды да қызықтырады. Бірақ сондай таңқаларлық ақпарат жетегінде кетіп, қарапайым этика заңдылықтарын ұмыту, елді таң қалдырамын деп мән, мағына, мазмұн байлығын естен шығару − журналистер тарапынан соңғы уақытта айтылатын басты сынның бірі. Қандай сипаттағы жаңалық болмасын, бастысы − мазмұн, сапа болуы тиіс. Зерттеушілер атап кеткен 7 белгіні Си-Эн-Эн ақпартаттарынан табуға болатыны белгілі. Си-Эн-Эн жер жаңалықтарына қызығушылық артып отырады. Бұл түсінікті де. Адам үшін келесі көшеде не болып жатқанын білу қызық. Мұндай жаңалықтар жылы және көрерменге жақын болып көрінеді. Мұнда ешқандай “ақыр заман” жоқ. Сондай-ақ, көрермендер үшін пікірлер ғана емес, арнайы мамандар берген түсініктеме де қызығырақ, әрі құнды. Міне осы қасиеттерді ала отырып, Си-Эн-Эн ақпарат таратуда алдыңғы қатарға шығады. Бірақтан 24 сағат бойында ақпарат берудің өзі, яғни қайталап берудің өзі көрермендерді жалықтырып жіберетін сыңайлы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz