Қазақстанның және көршілес мемлекеттердің флорасындағы Aлабұта (Chenopodiaceae) тұқымдасына шолу мақала



Алабұталар тұқымдасы (Chenopodiaceae) – тұзға төзімді шөптесін бұта немесе ағаш тәрізді өсімдіктер. Өсімдік топтарының ішінде құрылымдық-функционалдық жағынан алуан түрлі болады. Бұл тұқымдас 250 жылдан бері біресе күшейіп, біресе бәсеңдеп зерттеліп кележатыр. Қазіргі уақытта алабұталарға қызығушылық артуда.
Бұл тұқымдасқа 1600-ден аса түр жатады, 100-ге жақын туысы бар, Антарктидадан басқа барлық континенттерде кездеседі. Елімізде 47 туысы, 218 түрі кездеседі. Ылғал жетіспейтін Қазақстанның шөл аймақтарында, əсіресе оның оңтүстік аймақтарында, шөлді құмдарда алабұта тұқымдасы өкілдерінің биоэкололгиялық жəне шаруашылық маңызы үлкен. Өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатындығына байланысты үлкен теориялық жəне практикалық ғылыми маңыздылығы бар.
Қазақстанда алабұта тұқымдасының 21 түрі эндем. Олар: Қалың жапырақ көкпек-Atriplex crassifolia C. A. M., Ильин к. - A. iljilinii Aellen., Тікенді к. - A. pungens Trautv., Селдіргүл балқаңбақ - Corispermum laxiflorum Schrenk., Шренк сорқаңбақ - Kalidium schrencianum Bge., Ергежейлі ақсора - Suaeda pygmaea (Kar. et Kir) Iljin., Коссин а. - S. Kossinskyi Iljin., Қазақ климакоптера - Climacoptera kasakorum (Iljin) Botsch., Балық көз к. - C. turgaica (Iljin) Botsch., Сортаң физандра - Phasandra halimocnemis Botsch., Регель рафидофитон - Rhaphidophyton regilii (Lge.) Iljin., Торғай бұйырғын - Anabasis turgaica Iljin et. Krasch., Бұтақты б. - A. ramosissima Minkw., Аз гүлді б. - A. pauciflora M. Pop., Гипс б. - A. gypsicola Iljin., Сырдария б. - A. jaxartica (Bge.) Benth., Іле сексеуілше - Atrophytum iliense Iljin., Бізжапырақ с. - A. subulifolium Schrenk., Коровин с. - A. korovinii Botsch., Бетпақдала с. - A. betpakdalense Eug. Kor. et Mir., Қаттытүтік сораңша - Petrosimonia hirsutissima (Bge.) Iljin. [1]
Қазақстанның Қызыл Кітабінда алабұта тұқымдасының 6 түрі тіркелген: Хиуа сораңы -Salsola chiwensis M. Pop., Жалпақ жапырақты сораң - Salsola euryphylla Botsch., Регель - Rhaphidophyton regelii (Bunge) Iljin., Іле сексеуілше - Atrophytum iliense Iljin., Торғай бұйырғыны -Anabasis turgaіca Iljin et. Krasch., Пратов көкпегі -Atriplex pratovii Suchor. [2]
Chenopodiaceae тұқымдысы таксономикалық және фитоценоздық қарым-қатынастар жағынан құрғақ қуаңшылық аудандарда абиотикалық экстрималды жағдайларға жақсы бейімделген өсімдіктер жамылғысының негізін құрайды. Жиі алабұта тұқымдасының түрлері Еуразияның, Америка мен Австралияның далаларының және шөлдерінің доминанттары болып табылады. Оң түстік жарты шарда шөлді аймақтың қауымдастықтары қалыптасуында Atriplex және Chenopodium туыстары көрнекті рөл ойнайды. Еуразия шөлдерінде жіңішке немесе тіпті редукцияланған жапырақты Salsoloideae (Caroxylon, Anabasis, Haloxylon, Hammada) және Suaedoideae (Suaeda) тұқымдас тармақтарының бұталы түрлерінің саны үсткем болык келеді. Алабұталарды тік өсімдік зоналары бойынша қарастыратын болсақ, оларға әртүрлі қоңыржай ендіктегі тау етектері тән. Оған қарамастан, мысалы, Гималай таулар жағындағы тропикалық зонада аборигенді түрлері теңіз деңгейінен 2500- 5500 м үлкен биіктікте өседі, бірақ олардың түрлік құрамы кедей, ал табиғи маңыздылығы төмен.[3]
1. Басты редакторы Н.В. Павлов, Флора Казахстана ІІІ том, Алма-Ата 1960, 185-319 бет;
2. «Қазақстан Қызыл Кітабы» (2014), 2 том 1 бөлім, 25 бет.
3. Сухоруков Александр Петрович, Карпология семейства Chenopodiaceae в связи с проблемами филогении, систематики и диагностики его представителей, [Электрон. ресурс] -2015. - http://earthpapers.net/karpologiya-semeystva-chenopodiaceae-v-svyazi-s-problemami-filogenii-sistematiki-i-diagnostiki-ego-predstaviteley - (алу уақыты: 25.10.2016)
4. Сухоруков Александр Петрович, Карпология семейства Chenopodiaceae в связи с проблемами филогении, систематики и диагностики его представителей, [Электрон. ресурс] – 2016.- http://www.dslib.net/astrofizika/karpologija-semejstva-chenopodiaceae-v-svjazi-s-problemami-filogenii-sistematiki-i.html - (алу уақыты: 25.10.2016)
5. Сухоруков Александр Петрович, Ресей мен көрші мемлекеттерде өсетін Atriplex туысына (Chenopodiaceae) систиматикасы және хорологиясы, [Электрон. ресурс] - 2003. - http://earthpapers.net/sistematika-i-horologiya-vidov-roda-atriplex-l-s-l-chenopodiaceae-proizrastayuschih-v-rossii-i-sopredelnyh-gosudarstvah - (алу уақыты: 25.10.2016)
6. Моренко Майя Олеговна, Алтай тау жүйесінің CHENOPODIACEAE (алабұта)тұқымдасы, [Электрон. ресурс] -
http://sun.tsu.ru/mminfo/000237539/000237539.pdf - (алу уақыты: 26.10.2016)
7. Киселева Галина Константиновна, Haloxylon aphyllum (Minkw. ) lljin гүлдеу мен генративтік мүшелерінің эмбрионалдық құрылымдық құрылысының биологиясы, [Электрон. ресурс] -2002. - http://earthpapers.net/biologiya-tsveteniya-i-stroeniya-embrionalnyh-struktur-generativnyh-organov-haloxylon-aphyllum-minkw-lljin - (алу уақыты: 27.10.2016)
8. Мукимов Толибжон Худайкулович, Өзбекстанның тауетегі жазықтарындағы Salsola orientalis S.G. Gmel. бастапқы материалдары және селекциясы, [Электрон. ресурс] – 1991. - http://earthpapers.net/ishodnyy-material-keyreuka-salsola-orientalis-s-g-gmel-i-ego-selektsionnoe-znachenie-v-usloviyah-podgornoy-ravniny-uzbeki - (алу уақыты: 27.10.2016)
9. Ж. Ж. Кужантаева, Т. М. Секерова, ІЛЕ АЛАТАУ ТАУ АЛДЫ ШӨЛ АЙМАҒЫНДАҒЫ АЛАБҰТАЛАР ТҰҚЫМДАСЫ ТҮРЛЕРІНІҢ БИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ , Вестник КазНУ. Серия Биология. Том 52, № 6 (2011), 92-97 бет . [Электрон. ресурс] 2011. - http://bb.kaznu.kz/index.php/biology/article/view/425 - (алу уақыты: 30.10.2016)
10. Моренко Майя Олеговна, СЕМЕЙСТВО CHENOPODIACEAE VENT. (МАРЕВЫЕ) АЛТАЙСКОЙ ГОРНОЙ СИСТЕМЫ, [Электрон. ресурс]-2007. - http://sun.tsu.ru/mminfo/000237539/000237539.pdf - (алу уақыты: 30.10.2016)
11. Хаанова Р.Ф., Биктимирова Г.Я., ПРЕДСТАВИТЕЛИ СЕМЕЙСТВА СHENOPODIACEAE КАК ИНДИКАТОРЫ ЗАСОЛЕННОСТИ ПОЧВЫ, [Электрон. ресурс] - http://geochemland.ru/uploads/indconf2015/pages/151_indconf2015.pdf - (алу уақыты: 30.10.2016)
12. Л.Г. Безусько, С.Л. Мосякин, З.Н. Цымбалюк, CHENOPODIACEAE VENT. УКРАИНЫ В ПОЗДНЕМ ПЛЕЙСТОЦЕНЕ (ПО ПАЛЕОПАЛИНОЛОГИЧЕСКИМ ДАННЫМ), [Электрон. ресурс] - https://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=4&cad=rja&uact=8&ved=0ahUKEwjzhM2InqDPAhVBBiwKHdlWASMQFggtMAM&url=http://old.kpfu.ru/conf/botan200/p276.rtf&usg=AFQjCNFNVVSl523K5HfeH_trYcF0Bn7gAw - (алу уақыты: 03.11.2016)
13. Ф.Г. Мувсумова, Әзірбайжандаға алабұта (Chenopodiaceae) тұқымдаының арамшөптері, Ғылыми мәлімдемелер, Жаратылыстану ғылымдары сериясы. 2013. №10 (153). 23 - [Электрон. ресурс] - 2013. - http://earthpapers.net/biologiya-tsveteniya-i-stroeniya-embrionalnyh-struktur-generativnyh-organov-haloxylon-aphyllum-minkw-lljin
14. Маренко М.О., ГЕОГРАФИЧЕСКИЙ АСПЕКТ СЕМЕЙСТВА МАРЕВЫЕ (CHENOPODIACEAE) РУССКОГО И МОНГОЛЬСКОГО АЛТАЯ., [Электрон. ресурс] - 2004. - http://www.sbras.ru/ws/show_abstract.dhtml?ru+98+7480 - (алу уақыты: 03.11.2016)

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның және көршілес мемлекеттердің флорасындағы Aлабұта (Chenopodiaceae) тұқымдасына шолу мақала
Осмонали Бектемір Бірімқұлұлы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Биология және биотехнология факултеті
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы
Қазақстан Респуликасы, Алматы қ.
E-mail: be96ka_kz@mail.ru

Аннотация
Бұл мақалада Қазақстанның және көршілер мемлекеттердің флорасындағы Aлабұта (Chenopodiaceae) тұқымдасына қысқаша түсініктеме берілген. Алабұталар тұқымдасына жататын негізгі туыс түрлеріне жүргізілген зерттеулері және олардың нәтижелері тұралы мәліметтер бар. Алабұталардың Қазақстан үшін маңыздылығы, олардың аридтті аймақтарда өсуінің ерекшеліктері қарастырылған және мал азықтық түрлері мен дәрілік түрлері туралы деректер жеткілікті.
Кілтті сөздер: Алабұта, аридті, систиматика, жайылымдық, дәрілік

Аннотация
В этой статье приведено короткое определение семейству Маревых (Chenopodiaceae) во флоре Казахстана и соседних стран. Имеется информация о главных видах и родах, относящихся к семейству Маревых, в результате различных исследований. Рассмотрены их особенности обитания в аридных зонах, значимость для Казахстана, и достаточны данные об их кормовых и лекарственных видах.
Ключевые слова: Маревые, аридный, систематика, пастбищный, лекарственный

Annotation
This article provides a brief definition of the family Chenopodiaceae (Chenopodiaceae) in the flora of Kazakhstan and neighboring countries. There is information about the main species and genera belonging to the family Chenopodiaceae, as a result of various studies. We consider their particular habitat in arid zones, the importance for Kazakhstan, and sufficient information on their feeding and dosage forms.
Keywords: Chenopodiaceae, arid, taxonomy, pasturable, drug.

Кіріспе
Алабұталар тұқымдасы (Chenopodiaceae) - тұзға төзімді шөптесін бұта немесе ағаш тәрізді өсімдіктер. Өсімдік топтарының ішінде құрылымдық-функционалдық жағынан алуан түрлі болады. Бұл тұқымдас 250 жылдан бері біресе күшейіп, біресе бәсеңдеп зерттеліп кележатыр. Қазіргі уақытта алабұталарға қызығушылық артуда.
Бұл тұқымдасқа 1600-ден аса түр жатады, 100-ге жақын туысы бар, Антарктидадан басқа барлық континенттерде кездеседі. Елімізде 47 туысы, 218 түрі кездеседі. Ылғал жетіспейтін Қазақстанның шөл аймақтарында, əсіресе оның оңтүстік аймақтарында, шөлді құмдарда алабұта тұқымдасы өкілдерінің биоэкололгиялық жəне шаруашылық маңызы үлкен. Өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатындығына байланысты үлкен теориялық жəне практикалық ғылыми маңыздылығы бар.
Қазақстанда алабұта тұқымдасының 21 түрі эндем. Олар: Қалың жапырақ көкпек-Atriplex crassifolia C. A. M., Ильин к. - A. iljilinii Aellen., Тікенді к. - A. pungens Trautv., Селдіргүл балқаңбақ - Corispermum laxiflorum Schrenk., Шренк сорқаңбақ - Kalidium schrencianum Bge., Ергежейлі ақсора - Suaeda pygmaea (Kar. et Kir) Iljin., Коссин а. - S. Kossinskyi Iljin., Қазақ климакоптера - Climacoptera kasakorum (Iljin) Botsch., Балық көз к. - C. turgaica (Iljin) Botsch., Сортаң физандра - Phasandra halimocnemis Botsch., Регель рафидофитон - Rhaphidophyton regilii (Lge.) Iljin., Торғай бұйырғын - Anabasis turgaica Iljin et. Krasch., Бұтақты б. - A. ramosissima Minkw., Аз гүлді б. - A. pauciflora M. Pop., Гипс б. - A. gypsicola Iljin., Сырдария б. - A. jaxartica (Bge.) Benth., Іле сексеуілше - Atrophytum iliense Iljin., Бізжапырақ с. - A. subulifolium Schrenk., Коровин с. - A. korovinii Botsch., Бетпақдала с. - A. betpakdalense Eug. Kor. et Mir., Қаттытүтік сораңша - Petrosimonia hirsutissima (Bge.) Iljin. [1]
Қазақстанның Қызыл Кітабінда алабұта тұқымдасының 6 түрі тіркелген: Хиуа сораңы -Salsola chiwensis M. Pop., Жалпақ жапырақты сораң - Salsola euryphylla Botsch., Регель - Rhaphidophyton regelii (Bunge) Iljin., Іле сексеуілше - Atrophytum iliense Iljin., Торғай бұйырғыны -Anabasis turgaіca Iljin et. Krasch., Пратов көкпегі -Atriplex pratovii Suchor. [2]
Chenopodiaceae тұқымдысы таксономикалық және фитоценоздық қарым-қатынастар жағынан құрғақ қуаңшылық аудандарда абиотикалық экстрималды жағдайларға жақсы бейімделген өсімдіктер жамылғысының негізін құрайды. Жиі алабұта тұқымдасының түрлері Еуразияның, Америка мен Австралияның далаларының және шөлдерінің доминанттары болып табылады. Оң түстік жарты шарда шөлді аймақтың қауымдастықтары қалыптасуында Atriplex және Chenopodium туыстары көрнекті рөл ойнайды. Еуразия шөлдерінде жіңішке немесе тіпті редукцияланған жапырақты Salsoloideae (Caroxylon, Anabasis, Haloxylon, Hammada) және Suaedoideae (Suaeda) тұқымдас тармақтарының бұталы түрлерінің саны үсткем болык келеді. Алабұталарды тік өсімдік зоналары бойынша қарастыратын болсақ, оларға әртүрлі қоңыржай ендіктегі тау етектері тән. Оған қарамастан, мысалы, Гималай таулар жағындағы тропикалық зонада аборигенді түрлері теңіз деңгейінен 2500- 5500 м үлкен биіктікте өседі, бірақ олардың түрлік құрамы кедей, ал табиғи маңыздылығы төмен.[3]

Негізгі бөлім
Биологиялық әртүрлiлiктi сақтау - қазіргі заманғы әлемнің ең маңызды мәселесі, ал оны зерттеу - ғылым биологияның маңызды міндеті. Белгілі бір аумақтарды флоралық зерттеу, осындай жұмыстардың ажырамас бөлігі болып табылады, және заңдылықтары флористикалық процестерді таным тұрғысынан және биологиялық бағалау және оны сақтау жөніндегі іс-шараларды дамыту үшін де үлкен қызығушылық туғызады.
Chenopodiaceae алғашқы түрлері мен туыстарына Карл Линнейдің Species Plantarum (Linnaeus, 1753) және Generum Plantarum (Linnaeus, 1754) классикалық жұмыстарында жарияланған, онда 40 түрге ие 10 туысқа сипаттама берілген. Жарты ғасырдан кейін ботаник және табиғат танушы Е.Р. Вентенат (Ventenat, 1799) тұқымдастың қазіргі атауын жариялады - Chenopodiaceae ( лат. cheno - гусь, podium - аяғы).
Алабұталардың системациялау тарихында тұқымдас тармағы деңгейінде өзгерулер сипатталады. Тұқымдастың алғашқы бөлінуі тұқымның құрылысына байланысты, периспермі жоқ спиральды (Spirolobeae) ұрық және периспермі бар сақиналы ұрық (Cyclolobeae) (Meyer, 1829). Ұзақ жылдар бойы Э. Ульбриха (Ulbrich, 1934) классификациясы ортақ болып табылды, мұнда 8 тұқымдас тармағы бөлінді: Polysnemoideae, Betoideae, Chenopodioideae, Corispermoideae, Salicornioideae, Sarcobatoideae, Suaedoideae және Salsoloideae. Бірақта берілген автодың кейбір тұқымдас тармақтары жабылды (Williams, Ford-Lloyd, 1974; Kuhn et al., 1993; Judd, Fergusun, 1999). Көптеген ғалымдардың Chenopodiaceae тұқымдасының шығу уақыты мен орны туралы ойлары Жерорта теңіз бен Орталық Азияның ежелгі Жерорта теңізінің аумағында деп келісімге келді.
Chenopodiaceae түрлерінің биоэкологиялық жəне шаруашылық маңызы, көпшілігін мал жейді (изен, ебелек, cораң, т.б.), сондай-ақ отын (ақ жəне қара сексеуіл) ретінде пайдаланады, қолдан да өсіреді. Жас өскіндері аскөк ретінде тамаққа, ал тұқымын балықшылар балыққа жем ретінде пайдалынады. Сабын жасау үшін ел арасында оның күлін қайнатып алады. Көптеген түрінен медицинада дəрі- дəрмек дайындайды. Кəдімгі қызылша құрамында қанттың жəне басқа витаминдердіңтүрлерікөпкездеседі. Батыс Европа, Үндістан, Америкатеңізжағалауларында теңіз қызылшасын мəдени түрге айналдырған. Сондай-ақ бізжапырақтың (Polycnemum arvense) жапырақтары салат ретінде пайдаланған. Көптеген елдерде алабұтаның ақ (Chenopodium album), жасыл (Chenopodium viride), түрлері, көкпектің (Atriplex), гологетонның (Hologeton) жəне ақсораның (Suaeda) кейбір түрлері мен бұзаубас сораңды (Salicornia europae) салат ретінде пайдаланады. Перу, Чили, Боливия жəне Колумбияда жергілікті тұрғындар нан ретінде пайдаланған кионоа (Chenopodium quiona) өседі. Бұл өсімдіктің шығу тегі осы жер болғандықтан таудың 4000 м биіктігінде кездеседі. Ақ алабұта мен дуалды көкпекті қалмақтар мен моңғолдар нан ретінде пайдаланған. Сонымен қатар олар құмаршықтың тұқымын да асқа пайдаланған. Оңтүстік Америкада, яғни Чилидің солтүстік аумақтарында алабұта тұқымдасының өкілі Квиния алабұтасын астықтық дақыл ретінде үлкен плантацияларға егеді. Алабұта тұқымдас өкілдерінің дəрілік қасиеттері де аз емес. Оңтүстік Америкада амбрезтəрізді алабұтаны (Chenopodium ambrosioides) ішек құртқа қарсы, алабұта (Chenopodium thelminticum) тұқымынан эфир майларын, аскоридол алады. Амбрезтəрізді алабұтаны мексикалықтар шайға пайдаланады, оны суықтағанда, іш ауырғанда пайдаланады .
Алабұта тұқымдас өкілдері мал азықтық қасиеттері жағынан өте құнды. Көптеген елдер- де алабұта тұқымдасы өкілдерін мəдени түрге ендіру жұмыстары қарқындап жүріп келеді. Орта Азия елдерінде изен, теріскен, сексеу- іл, қараматау, шоған түрлерін жерсіндіріп мал азықтық өсімдік ретінде пайдаланады. Арген- тина, АҚШ, Египетте тиынды көкпек (Atriplex nummuleria ) жəне ергежейлі көкпек (Atriplex pumilio), жартылай гүлсағақты көкпек (Atriplex semibracteata), нағыз көкпек (Atriplex halimus) түрлерін жерсіндіру арқылы өте жақсы өнім алғандығы жазылған .
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында халық шаруашылығының əртүрлі салаларында пайдалы Алабұта тұқымдасы өкілдеріне бай. Біраз жылдардан бері Оңтүстік Қазақстанның таулы сұрғылт топырақты жерлерінде изен, теріскен, күйреуік, шоған, қара сексеуіл егіліп, сынақтан өтуде .
Қазіргі кезде шоған, күйреуік, черкез жəне қараматаудың түрлеріне интродукциялық жұмыстар жүргізілуде. Тұқымдастың сəндік түрлері мысалы, сыпырқы изен (Kochia scoporia) далалы шөлді аймақтардағы үйлер мен гүлзарларда егіледі. Томус тəрізді габлиция бөлме өсімдігі ретінде белгілі. Сондай-ақ алабұта туысының қызғылт-сары түс беретін, богрян тəрізді алабұта, содалы көкпек, киноа кокпегін бақтарда сəндік өсімдік ретінде егіледі.
Шығыс Еуропаға Chenopodiaceae құндылықтарының рөлі каспиймаңының далалары мен шөлдеріне тән. Димо мен келлера және еділден батысқытайға дейінгі зерттеулерден кейін шөлденген дала, жиі атауы жартылайшөл эдификаторлы өсімдіктер қауымдастығының қатарына Atriplex cana C. A. M., Bassia prostrata және Suaeda physophora хамефиттері жатқызылады. Алабұталардың шөптесін түрлерінің маңыздылығы екінші вегетациялық кезеңнен кейін байқалады, басқа тұқымдас өсімдіктері, негізінде эфемерлер және эфемероидтар, өздерінің өмірлік циклын толық бітіріп, онтогенездің аяқталу сатысында болады. Алабұталардың құндылықтары көбінесе қатаң тұзды субстраттарда өсуіне байланысты. Мысалы, микрорельеф элементтерінде түрлердің біркелкі таралмауы шөлді даланың өсімдік қауымдастығының күрделілігін айқын білдіреді. Chenopodiaceae өкілдері қалыпты жағдайда тұздылығы жоғары, сор және сортаң топырақтарда өседі. Chenopodiaceae ішінде хамефиттер Bassia prostrata, Camphorosma monspeliaca, Caroxylon laricinum және сүйір жапырақты терофиттер Ceratocarpus arenarius (Chenopodiасeae), Pyankovia brachiata, Petrosimonia litvinovii, P. triandra, Neocaspia foliosa, Sedobassia sedoides жаппай көп кездеседі. Қара-түсті шалғынды-қоңыр топырақта Chenopodiaceae түрлері сирек, алайда ашық қоңыр топырақтарда Petrosimonia, Bassia және кейбір басқа да туыс түрлерін кездестіруге болады. Тұзды шұңқырлар мен аңғарларда түрлердің таралу үлгілері ұқсас. Олар субстрат құрамындағы тұздардың күрделі өзгерістерімен сипатталады, демек өсімдік түрлерінің аңғар ортасынан шетіне қарай концентрлі таралуы тұздалудың деңгейіне байланысты. Сондай - ақ үлкен аумақтарда антропогендік трансформациясының нәтижесінде алабұталардың маңыздылығы жоғарылауда.[4]
Chenopodiaceae тұқымдасы ішіндегі саны бойынша көп болып келетін Atriplex туысы, С. Linnaeus (1753) анықтаған. 260 жуық түрі бар, Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Солтүстік Африка және Австралияда аридті және жартылай құрғақ аймақтарында артықшылығымен кездеседі. Менің деректерім бойынша, Еуразияда 60 жуық түрі бар екендігі белгілі, оның ішінде 45 түрі Ресей және көршілес мемлекеттерде .
Зерттеу аумақтарының шекаралары кездейсоқ болды. Atriplex туысының еуразиялық түрлері аутохтонды екенін және басқа материктердегі түрлерімен туыстық ұқсатықтары жоқ екенін айта кеткен жөн. Еуразияда кездесетін түрлер толығымен осы аймақтың барлық бөлімдерімен сипатталады.
Көрші мемлекеттердің ұлттық жинақтар мен қорлары ұсынылған гербариленген материялдарға бай, толық жердің 16 бөлігінде жүйелі және хорологиялық қайта қарауды жүзеге асыруға жеткілікті мүмкіндік береді. Бұны соңғы рет М.М. Ильин (1936) және P.Aellen (1939) жасаған.[5]
Іле-Балқаш өңіріндегі өсетін өте маңызды Haloxylon aphyllum Minkw. және Haloxylon persicum Bng. өсімдіктерінің морфо- анатомиялық сипаттамасына тоқтала кетсек. Жасалған зерттеулердің мәліметтері бойынша, Chenopodiaceae тұқымдасына жататын Haloxylon aphyllum Minkw., Haloxylon persicum Bng. түрлеріне анатомиялық морфологиялық сипаттама жасалды. Екі түрдің бүршіктеріндегі анатомиялық ұқсастықтар мен айырмашылықтар анықталды. Негізгі айырмашылық эпидермистің қабаттарының саны болып табылады: Haloxylon aphyllum - 1 қабат, H. persicum - 3 қабат. Ақ сексеуілдің эпидермисінің дефференциялануына байланысты эпидермис қабаттары көбейеді. Haloxylon persicum эпидермис қалыңдығы 12,79-13,62 мкм, ал H. aphyllum - 7,67-10,53 мкм. Бүршік құрылымын қоса, өсімдіктердің вегетативті органдарының анатомиялық құрылысының ерекшеліктері, бара-бара өсіп өнуінің бейімделуімен көрсетіледі. Haloxylon екі түрінің бейімделуінің салыстармалы сипаттамасы псаммофит және галофиттер белгілерін көрсетеді.[6]
Haloxylon (сексеуіл) туысы толығымен зерттелмеген. Haloxylon туысы туралы кейбір цитоэмбриологиялық деректері толың емес және қате болып келеді. Белгілі мәселелерді тереңдетіп зерттеу және әртүрлі материалдар арқылы толықтыру қажет. Аз зерттелген өзара экологиялық жағынан айырмашылықтары бар таксондарды, түрлерді салыстырмалы-цитоэмброналдық әдіспен зерттеу, өсімдіктің филогенетикасындағы және систиматикасындағы анық емес жағдайларға түсінік береді.
Қара сексеуі тек өзіндік экологиясымен ерекшеленетін түр ретінде ғана емес, сонымен қоса шөлді зонада практикалық маңызы зор. Бұл биологиялық тұрақты және ағашты порода, жылжымалы құмды ұстап тұруға, мал жайылымдық жерлерді эрозияға ұшырататын желдерден қорғауға, жайылымдық жерлердің азықтық өнімділігін жоғарылатуға , жануарларға қыстағы борандардан қорғаныс ретінде қызме етеді. [7]
Өзбекстанның тау етегі жазықтарындағы Salsola orientalis S.G. Gmel. бастапқы материалдары және селекциясына тоқталсақ. Зерттеу жұмыстарының негізінде мәденилендірілетін және жайылымдық жерлердің өнімділігін арттырытын аридті малазықттық өсімдіктердің өкілдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақ алабұта өсімдігі тамырының химиялық құрамы
Алабұта тұқымдасына сипаттама. Тіршілік формалары, гүлдері, жемістері
Алабұталар тұқымдасы
Chenopodiaceae Vent тұқымдасының Climacoptera B. туысы C.lanata өсімдігінің түрінің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктері
«Алабұталар және тарандар тұқымдасы»
Мезгілсіз өсімдік гүлі
Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау
Арамшөптер — адамдардын қатысуынсыз мәдени дақылдармен бірге өсуге бейімделген ерекше өсімдіктер тобы
Хан шыңғыс флорасы және экологиялық сипаттамасы
Қазақстан флорасындағы Papaveraceae Juss. тұқымдасына биологиялық сипаттама және оны оқу үрдісінде пайдалану
Пәндер