«Жаңа бағыт» саясаты және латын америкасы елдері


АҚШ: «ЖАҢА БАҒЫТ» САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ ЕЛДЕРІ
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-та капитализмнің материалдық-техникалық базасының дамуында жедел өзгерістер байқалды. 1922-1929 жылдарда жаңа техниканы өндіріске енгізудің бұрын болмаған табыстары және өндірістің жедел артуы «гулдену» - (просперити) терминін туындатты. Америка кәсіпорындарының өнім өндіруінің артуы өндірістік өлшемдермен де байланысты. Мыңдаған зауыттар миллиондаған біркелкі детальдарды шығаруға мамандандырылды. Өнім өндіру үрдісі қарапайымдандырылды.
Жаппай өндіру механикалық және электр энергиясының қуатты базасына арқа сүйеді. Электр моторының дамуы фабрикалар мен зауыттардың ішкі бейнесін өзгертті.
АҚШ-тың гүлденуі елді автомобильдендіру мен де байланысты болды. 1922-1929 жылдары АҚШ автомобиль зауыттары дайын және жиналмаған 33 млн-нан астам машина шығарды. Автомобиль құрылысының дамуы арқасында мұнай өндіру 2, 5 есе артты. Автомобиль америка халқының көпшілігінің өмір салтын өзгертті. Ол халықтьщ тұрмысына, өлеуметтік жағдайына, қоғамдық өміріне ықпалын тигізді. Қалалардың арасын жақындатты, аймақтық кедергілерді жойды, штаттар мен қалалардың, қалалар мен фермалардың арасындағы байланысты жақсартты.
Ірі өнеркәсіп фирмалары мен компаниялары, корпорациялар әздерінің миллиардтаған капиталдарын құнды қағаздар - акциялар сату арқылы нығайта түсті. АҚШ-тың ондаған ірі қалаларында халық қор биржаларын төңіректеді. «Гүлдеудің» бес жылы ішінде жаңа миллионерлер пайда болды, ал бүрынғы миллионерлер болса өз байлықтарын арттыра түсті. Америка өнеркөсібі бүкіл капиатлистік әлемнің өндіретін өнімнің 48%-ын берді.
1929 жылдың қазан айында Нью-Йорк қор биржасында кенеттен акциялардың құлдырауы басталды. Американың «гүлденуі» кысқа уақыт ішінде тасталқан болды.
АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері. 1929- 1933 жылдары капиталистік елдерді қамтыған ауыр экономикалық дағдарыс АҚШ шаруашылығы мен халқына ауыр тиді. Өнеркөсіп өндірісі қатты құлдырады. Жұмыссыздық сол тұста американдықтардың өмірінің тұрақты белгісіне айналды. Жұмысын сақтап қалған-дардың өзі ертеңгі күніне сенімсіздікпен қарады. Фермалардың жағдайы ауырлады. Жер және мал шаруашылықтарының маңызды өнімдерінің құны екі-үш есе, одан да көп темендеп кетті. Бұл фермерлерді жаппай күйзеліске түсірді.
Экономикалық дағдарыс АҚШ-тың банк жүйесін де күйзелтті. Дағдарыс жылдары елдегі 5800 банктер өз жұмыстарын біржолата тоқтатты. Миллиондаған ұсақ салымшылар өздерінің соңғы жинақ ақшаларынан айырылды. Дүние жүзіндегі ең бай мемлекеттің жүз мыңдаған адамдары тақыр кедейге, баспанасыздар мен аштық жайлаған кезбелерге айналып, жұмыс пен азық іздеп ел ішінде тентіреп жүрді.
1932 жылғы президент сайлауы және Ф. Рузвельттің жеңіске жетуі. Республикалық партиядан сайланған президент Герберт Гувер елді күйзелісті экономикалық дағдарыстан алып шыға алмады. Жүрт келесі сайланатын жаңа президенттен зор үміт күтті. Демократиялық сайлауында айқын артыкшылыкпен жеңіске кол жеткізді. Демократтар Конгрестің екі палатасында да көпшілік орынды жеңіп алды.
Франклин Делано Рүзвельт 1881 жылы кәсіпкердің отбасында дүниеге келді. Ол отбасында тамаша білім алып, француз және неміс тілдерін жете меңгерді. Білімін жеке меншік мектепте одан әрі жалғастырды. Студенттік өмірді Гарвард университетінде, Колумбия университетінің құқық мектебінде білім алумен өткізді. Ол саясатқа ерте араласты. 1910 жылы демократиялық партиядан Нью-Йорк штатына сенат болып сайланса, 1913 жылы теңіз флоты министрінің орынбасарлығына тағайындалды. Атқарған қызметтері оны көпшілікке танымал етті. 1921 жылы Ф. Рузвельт мұхитқа шомылған соң, қатты салқын тиіп ауырып, өмірінің соңына дейін екі аяғымен жүре алмайтын сал ауруына ұшырады. Ауыр сырқатына қарамастан, ол саяси қызметке араласуын тоқтатпады. Демократиялық партияның ықпалды көшбасшыларының қатарынан берік орын алды. 1928 жылы Нью-Йорк штатының губернаторлығына сайланды, онда жәрдемге зәрулерге мемлекеттік кемек көрсетуді жүзеге асырды. Демократиялық партиялардағы көптеген әріптестерінен әлдеқайда бұрын саяси бағытта мәнді өзгерістер жасау қажеттігін түсінді. 1932 жыл оны Америка тарихындағы көрнекті қайраткерлердің қатарына қосқан жыл болды. Осы жылдан бастап Рузвельттің саяси мансабында шұғыл өрлеу бастапды. Демократиялық партиядан президенттік сайлауға үміткер ретінде елде реформа жүргізудің кең бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама тарихта «Жаңа бағыт» деген атпен белгілі болды.
Президент Ф. Рузвельттің «Жаңа бағыт» саясаты. Рузвельттің президенттік кызметке кіріскен (5 наурыз 1933 ж. ) тұсы АҚШ-та дағдарыстың шиеленіскен кезеңі еді. 10 мың Америка банктерінің жаппай банкротка отыруы етек алды. Бұл жағдай елдің экономикасын тіптен жансыздандырып тастады. Рузвельт банктерді дағдарыстан шығарудың жолын іздестірді. Арнайы Конгресс мәжілісін шакыртып, банктер жөнінде төтенше актілер қабылдатқызуға қол жеткізді. Бұл кұжаттар бойынша ірі банктер мемлекеттік несие алды, ал 5 мың ұсақ банктерге несие берілмеді, сондықтан олар жабылып қалды. Осындай төсілдер қолдану арқылы Рузвельт банктерді дағдарыстан құтқарудың бағдарламасын жүзеге асырды. Банктерді реформалау барысында олар орталыктандырылып, мемлекеттің қолына елдің бүкіл алтын қоры шоғырландырылды. Мемлекеттің банк жүйесіндегі ролі күшейтілді. Ұсақ және орташа қаржылы салымшыларды қам-
сыздандыру жұмысы колға алынды. Банктік жүйені қүтқарып қалудағы алынған шаралар Ф. Рузвельт үкіметінің «алғашкы жүз күнінің» бастапқы кезі болатын. Бұл кезде мемлекетті дағдарыстан шығаруға бағытталған бірқатар тетенше заңдар қабылданды. Президент өзінің сайлаудағы берген уөдесін орындады. Жумыссыз-дықты тоқтату цшін адамдарды қогамдық жумыстарга тарту шара-лары іске асырылды.
Өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы ұлттық заңның (НИРА) негізіңде кәсіпкерлер қауымдастықтары жеке бөсекелестің кодекстерін дайындап, Рузвельт бекіткеннен соң заң күшіне енді. Кодекстер өндірістің жағдайын және келемін, сондай-ақ қүн мөлшерін белгіледі. Жеке корпорациялардың, акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздар шығаруына мемлекеттік бақылау орнатылды.
Ауыл шаруашылығын реттеу заңы бойынша фермерлерге өндірісті қысқартқаны ушін мемлекет сыйақы төлеуге кірісті. 1933 жылы ауыл шаруашылығын жекешелендіру өкімшілігі қүры-лып, 1935 жылдың басында фермерлерге 3 млрд долл несие берді. Мемлекеттің экономиканы реттеуді ез колына алуы экономиканы жандандырды.
1935 жылдың мамыры мен 1936 жылдың қаңтарында Жоғарғы Сот НИРА және АҚШ жүйесін тоқтату туралы шешім шығарды.
Американдықтар көңіл күйіндегі өзгерістер. Экономикалық жанданудың басталуы елдегі өлеуметтік шиеленісті ушықтыра түсті. Осыған байланысты бүқара халықтың белсенділігі артты. Жұмысшылар жер-жерде өндірістік негізде күрылған көсіподақтарға мүшелікке өтті. Әлеуметтік реформаны жүзеге асыруда көсіподақтар белсенді катысуы керек деген тұжырым жасалды. Дағдарыстың қиыншылығынан шыға алмаған жұмыссыздар, фермерлер және т. б. әлеуметтік топтардың әкілдері бүкіл халықтың қажетін канағаттандыратын кооперативтік қоғам құратындығын жариялады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін жалпы ұлттык прогрессивті партия құруды ұсынды. Түптеп келгенде барлық бүқаралық қозғалыстардың өлеуметтік және экономикалық өмірді мемлекет тарапынан реттеуді күшейту талап етілді.
Кәсіподақ қозғалысының өрлеуі. Жұмысшылар қозғалысының негізінде көптеген жаңа кәсподактар күрылды. Сэмюэль Гомперс басқарған Америка еңбек федерациясының таптық келісімпаздық қызметпен айналысқанын сынға алған оның солшыл қанаты пайда болды. Ол көсіподақтардың қатарын - цехтық көсіподақтар күру жолынан бас тартып, өндірістік көсіподақтар, яғни «цехтарға» сәйкес үйымдаспай, керісінше мамандығына, кәсібіне, діни сеніміне, нөсіліне қарамай сол өндіріс саласының барлық жұмысшыларын біріктіріп, кәсіподақ кұруды талап етті. 1936 жылы Америка еңбек федерациясы екіге бөлініп кетті, солшыл қанат оның құрамынан шығып, өзінің «Өндіріс кәсіподақтарының конгресі» деп аталған орталығын құрды.
Өндіріс кәсіподақтары конгресінің құрылуы көсіподақтардың өсуіне және оңшыл көшбасшылардың ықпалын азайтуға әсерін тигізді.
Үкімет саясатындағы «солға ығысу» және ішкі саяси күрестің шиеленісуі. 1935 жылы сәуір айында Ф. Рузвельт өзінің жаңа багыт саясатында «солға ығысты». Либералдық реформада бірінші қатарға әлеуметтік мөселелер қойылды. 1935 жылы 5 шілдеде демократ-сенатор Роберт Вагнердің ұсынысымен әзірлешен «Еңбек қатынас-тары туралы» Заң күшіне енді. Вагнер заңы бойынша жұмысшыларды кәсіподақтар қозғалысына қатысқаны үшін қудалауға, үжымдық келісімшарт жәнінде келіссөз жүргізуге кәсіпкерлерге тыйым салынды.
1935 жылдың 14 тамызында АҚШ тарихындағы тұңғыш «Әлеуметтік қамсыздандыру» Заңы қабылданды. Онда еңбек өтілі (стажы) жеткілікті болып, 65 жасқа толғанда зейнетке шығару, оларға зейнетақы төлеу, жұмыссыздық үшін жәрдем кімдерге берілетіні, жөрдем ақының мөлшері және оны төлеу мерзімі белгіленіп жүзеге асырылды. Сонымен қатар жетім-жесірлерге, мүгедектерге көмек көрсетудің мемлекеттік жүйесі де қүрылды. Бірақ Ф. Рузвельт үкіметі саясатындағы «солға ығысу» ел ішінде саяси күресті шиеленістіріп, консерваторлық күштер үкіметке, Ф. Рузвельттің жеке басына қарсы ашық күреске шықты.
... жалғасыСонымен бірге «Жаңа бағытты» жүргізу америка монополиялары-ның жұмысшыларға, фермерлерге, қаланың ұсақ және орта буржуазиясына жасаған «ағайындық көмек» болып табылады. «Жаңа бағыт» саясаты жаппай жұмыссыздықты жойды, елдегі қоғамдық пікірді тыныштандырды, буржуазиялық демократияның негіздерін тұрақ-тандырды, Американы революциялық қопарылыстан құтқарып қалды АҚШ-тың сыртқы саясаты. Ф. Рузвельттің екінші рет президент болуы Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңымен сәйкес келді. Ф. Рузвельтке күрделі халықаралық жағдайда жұмыс істеуге тура келді.
Сол жылдары АҚШ-тың ішінде, Америка қүрльнынан тыс белсенді саясат жүргізуге шақырған оқшауланушылардың ықпалы орасан зор болды. Осы топтардың ықпалымен 1935 жылы АҚШ Конгресі АҚШ-тың бейбітшілік үшін күреске қатысуына кедергі келтіретін «Бейтараптандыру» туралы заңын кабылдады. Ф. Рузвельт басқыншы мен басқыншылықтың қүрбаны арасындағы айырмашылықты жүргізу қажет деп есептей келе, осы заңның қабылдануына қарсы тұрды. Фашистік басқыншылықтың қаулаған кезінде Ф. Рузвельт бейбітшілікті сақтауға мүдделі барлық мемлекеттерді ынтымақтастық әрекетіне шақырды.
1933 жылы 17 қарашада АҚШ КСРО-ны мойындап, онымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. 1939 жылы жазда Ф. Рузвельт «Бейтараптандыру туралы» Заңды қайта қарау мәселесін қойды. Оның бастамасы бойынша 1941 жылы 11 наурызда прези-дентке американ саясатының мүдделерімен сейкес келетін елдерге қару-жарақты жалға беруге құқық беретіп Ленд-лиз заңы қабылданды Латын Америкасы елдерінің қоғамдық дамуының ерекшеліктері. XX ғасырда бірте-бірте өндірісті жетілдіру мен ғылыми-техникалык дамудың жетістіктері ене бастады. Экономикалык өзгешеліктер бұл елдердің саяси бағыттағы ерекшеліктерін айкындады. Саяси түраксыздык орын алды.
Бразилия, Мексика, Аргентина сыртқы саясатта белсенділік көрсетуімен ерекшеленді.
1910-1917 жылдардағы Мексика революциясы. 1910 жылы 20 караша күні елде басталған буржуазиялык-демократиялық революция, 1917 жылы өз халқына карсы саясат жүргізген Диас режімін құлатып, ақпанда сол уақыттың ең демократиялық Конституциясын қабылдаумен және буржуазиялық-демократиялық қүрылыс орнатумен аяқталды. Мексика революциясы антифеодалдық, демократиялық, антиимпериалистік сипатта болды. Оған Мексика ұлтының өр түрлі топтары мен жіктері қатысты, атап айтқанда, шаруалар, пролетариат, зиялылар, ұлттық буржуазия. Революция халық арасынан Эмилиано Самата, Франциско Вилоя және т. б. жаңа көсемдерді, ұлттық батырларды шығарды. Бұл революция Мексиканың бүдан кейінгі бүкіл тарихына зор ықпал етті. Революция капиталистік даму жолында кедергі болған капитализмге дейінгі укладты шеттетіп, ұлттық капитализмнің дамуына үлкен серпіліс берді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz