Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылық


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Аубакирова Таңшолпан

Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылық

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы

Түркістан - 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Гуманитарлық ғылымдар факультеті

«Білім технологиялары» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

«Білім технологиялары» кафедра

меңгерушісі

п. ғ. д., доцент Ортаев . Б

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылық

5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы

Орындаған: Аубакирова Т

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. к., доцент Жаздықбаева М. Б.

Түркістан 2015

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
3
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: АНЫҚТАМАЛАР . . .
3: 4
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
3: 6
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: КІРІСПЕ . . .
3: 7
: 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
3:
: 1. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылықтың психологиялық-педагогикалық мәселелері . . .
3: 11
: 1. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылықтың мүмкіндіктері . . .
3: 24
: 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСШЫЛЫҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
3:
: 2. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылықтың мазмұны . . .
3: 34
: 2. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылықтың әдістері . . .
3: 46
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 67
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 69
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҚОСЫМШАЛАР . . .
3: 71

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep көрсетілген:

«Балапан» бағдарламасы балалар болашағының кепілі. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы арнайы шығарылым Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы //Егемен Қазақстан. - Алматы, 26. 12. 03 ж.

2007 жылдың 27 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2004.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. - Астана, 2004.

Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2010.

Типтік оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы. -Алматы: Мектеп, 1989.

Б. Баймұратова, М. Т. Тұрыскелдина, Ф. Н. Жұмабекова. Оқыту тәрбиелеу бағдарламасы. - Алматы. Рауан, 1992.

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар көрсетілген:

Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты - жоғары білім беру құрылымын, мазмұнын және жоғары білімнің негізгі бағдарламаларының көлемін анықтайтын құжат.

Білім беру бағдарламасы - білім беру мазмұны мен оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайтын білім беру мекемелерінің нормативтік - басқару құжаттары.

Оқу үдерісі - оқытудың арнайы ұйымдастырылған түріндегі жеке тұлғаның жалпы дамуы мен тәрбиесінің, білім беру мақсатын айқындайтын біртұтас педагогикалық үдерістің нақты көрінісі.

Менеджмент- (ағылшынша мanage - басқару, меңгеру, ұйымдастыру) - ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы

Жоспарлау- фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтауды (белгілеуді) тілейді. Ұйымдастыруға фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара өсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.

Оқу бағдарламасы: ә рбір оқу пәні бойынша меңгерілуге жататын білім, іскерлік және дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.

Құзыреттер - студенттердің оқыту үдерісі кезінде алған білім, іскерлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті.

Дидактикалық жүйе - оқыту мақсатына жету жолында қолданылатын бірыңғай, іштей тұтас құрылым мен элементтер жиынтығы.

Бақылауға - жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау және фирма қызметеріне түзету енгізу жатады.

Техника-технологиялық міндеттер: оқытудың электронды методикасын құру, мектептік локалдық жүйесін интернет технологиялық базасы арқылы құру, әдістемелік орталықтармен ақпараттық жүйе құру.

Ұйымдастыру басқару міндеттері: мектептің дамуы үшін жаңа функционалдық лауазымдар кіргізу, лауазымдық міндеттеріне өзгерістер енгізу, мектептік әдетке айналған құрылымына өзгеріс енгізуге міндетті.

Координациялық кеңес міндеттері: мектепте проектілік жұмысты ұйымдастыру шарттарын құруды, «уақытша ұжымдастыру» проектіні іске асыру үшін құруды қамтиды; оқу-тәрбие үдерісінде мектептік ақпараттық ресурстардын қолдану шарттарын құрады; білімге қатысты ортақ жоба құру, іске асыру мақсатында отандық және шетелдік партнерлер, әріптестер іздеу, өз мектебін әлемдік ақпараттық кеңістікке шығару, мектептшілік веб-серверіндегі білім ресурстарын толықтыру

Инклюзивті білім беру. Мүмкіндігі шектеулі балалар басқа балалармен бірдей мектепке дейінгі ұйымдарға арналған білім беру бағдарламалары бойынша білім алады.

Басшылық - басқару субъектісінің қызметтер жиынтығын дейді

Іскерлік - стильмен жұмыс істейтін басшының белгісі.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

ҰО- Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті

ПДО- Пәндік-дамытушы орта

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі . «Балапан» бағдарламасы балалар болашағының кепілі. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы арнайы шығарылым Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақстандық жолдың жаңа кезеңі - ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер екенін атап өтті. Қазіргі әлемде бұл әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізгі мәселесі. Бұл Қазақстанның таяу онжылдықтағы дамуының басты бағыты.

Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз - экономиканы осы сынаққа дайындау, оны диверсификациялауды жалғастыру, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев[1, 45б. ] .

Президент Қазақстан он бағыт бойынша кешенді міндеттерді жүзеге асыруы қажеттігіне тоқталды.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген[2, 33б. ] .

Бағдарламаның басты басымдығы 3-6 жасқа дейінгі балаларды ұйымдастырылған тәрбиемен және оқумен қамту, оқу қызметіне балаларды сапалы дайындау үшін жағдайлар жасау болып табылады[3, 4-5б] .

Республика көлемінде мектепке дейінгі балалардың психологиялық мәселелері Т. Тәжібаева[4. 95б], С. Балаубаев[5, 23б], М. Мұқанов[6, -330б Ә. Алдамұратов[6-330б], Х. Шериазданова[7, 18-24б], Ғ. Ракимбеков[8], А. Нұрахұнова[9, 86б. ] т. б. сияқты психолог-ғалымдардың еңбектерінде зерделенсе[10, -330б. ], балалар көркем шығармаларының тәлімдік мәнін М. Ғабдуллин[11, 90б], Б. Момышұлы[12, 23б], Б. Адамбаев[13, 30б], Ш. Ахметов[14, 47б. ], М. Әлімбаев[15, 78б], Қ. Жарықбаев[16, 63б], С. Қалиев[17, 15б], Ә. Табылдиев[18, 69б], М. Балтабаев[19, 135б], М. Бөлеев[20, 23б], З. Ахметова[21. 135-1846], М. Құрсабаев[21. 135-1846. ], М. Смайылова[21. 135-1846], М. Оразаев[21. 135-1846. ], С. Ұзақбаева[23-25, 145-201б. ], Қ. Қожахметова т. б. сияқты педагог-ғалымдар зерделеген[26, 18-21б ] .

Елімізде мектепке дейінгі тәрбиенің ғылыми-теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеген: Б. Баймұратова[27, 138б], Қ. Меңдаяқова[28, 75б. ], М. С. Сәтімбекова[29, 34-36б], М. Жаздықбаева[30, 13-15б], Р. М. Жұмағожина[31, 154б], А. К. Меңжанова[32, 89б], Ф. Жұмабекова[33, 68б] . Г. Меңлібекова[34, 88б], Ә. С. Әмірова[35, 75б], М. Т. Тұрыскелдина[36, 96б], Н. Храпченкова[37, 18б], Т. Иманбеков[38, 18б], Т. А. Левченко[39, 28б], А. Е. Манкеш[40, 188б], С. Жиенбаева т. б. педагог-ғалымдардың еңбектерін атауға болады[41, 63б] . Бұл ғылыми-педагогикалық еңбектердің құндылығы, республикадағы мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиелеу және білім беру іс-тәжірибелері талданып оны ұйымдастарудың мазмұндарын, әдіс-тәсілдерін жаңартуда басшылыққа алатын ғылыми-әдістемелік ұсыныстар болып саналуымен қатар, зерттеу жұмысымыздың бағыт-бағдарын белгілеуге жағдай туғызды.

Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті білім беру стандартының танымдық саласын іске асыру мақсатында білім беру үдерісінде сараптаудан өткен және балалардың оқуына рұқсат етілген 300-ден астам әдебиеттер пайдаланылады[42, 55б] . Сөйлеу, ойлау қабілеттері, еркі жағынан және мінез-құлқы бұзылған және дамуында басқа да ерекшеліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды топтық және жеке психологиялық-педагогикалық алып жүру бағдарламалары әзірленді және сынақтан өткізілді. Жалпы білім беретін жүйесінің құрамдас бөлігі әрі алғашқы сатысы болып есептелетін мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие орындарының міндеті жанұямен тығыз байланыс жасай отырып, сәбилерді жігерлі рухта тәрбиелеу, білім беру, олардың дербес қасиеттері жетіле бастауына негіз қалау және мектептегі оқу ісіне дайындау. Бағдарламаның мазмұны баланың жеке жас ерекшелік әлеуетін ашу үшін жағдайлар жасауды, тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған білім жүйесін қалыптастыруды, әлеуметтік ортада дұрыс қарым-қатынасқа қабілетті шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуді қарастыратын мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу мақсатын іске асыруға бағытталған.

Б. Ж. Ноғайбекова, И. А. Тирская, Г. К. Мақсұтова ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1. 001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген[43, 69б] .

Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

«2030 Қазақстан Республикасының гүлденуі мен ұзақ мерзімді даму және өркендеу бағдарламасын» жүзеге асыру тарапынан жекелікті дамыту проблемасымен мектепке дейінгі денсаулығы мықты баланы қалыптастыру маңызды орын алады[44] .

Әдістемелік басшылықты жүзеге асыру - тәрбиешілерге дұрыс көмек көрсету, оларды үйрету және бақылау. Тәжірибеде әкімшілік құқықтарымен әуестенген жас жетекшілер аз емес, олар тәрбиешілерді үйретуге, дер кезінде көмек көрсетуге жеткілікті көңіл бөлмейді.

Тәрбиешілерге талап қойғанда әрқайсысының мүмкіндігін көре білетін, дифференциалдық бап қажет. Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігінің өсуі осындай талаптарға негізделеді. Жас меңгерушінің тәрбиешілерге қоятын талап мөлшерін білмей, тәжірибелі тәрбиешілер мен жас тәрбиешілерге бірдей қарап, қиналатын кездерін біз тәжірибеде жиі кездестіреміз.

Сіз өзіңіз үшін не істеу керек (бұны әдетте меңгерушілер біледі) деген сұраққа жауап тауып қана қоймай, осы жұмысты қалай іске асыру керек екенін табады деп үміттенеміз. Оның көкейкестілігі мен ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерттелмегендігі, тақырыпты «Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылық» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылықты теориялық тұрғыдан негіздеу

Зерттеу нысаны: балабақшалардағы тәрбиелік-білім беру кешендері

Зерттеу пәні: мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылық үдерісі

Зерттеудің міндеттері:

- мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылықты ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу;

- мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылық көрсеткіштерін айқындау;

- мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылықты ұйымдастыру жағдайын саралау;

- мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылыққа әдістемелік нұсқаулар беру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні

1. «Басшылық», «ұйымдастыру», «тәрбие», ұғымдарының мәні нақтыланып, мазмұндық сипаттама берілді;

2. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылық мазмұны анықталып, отбасы тәрбиесіндегі мүмкіндігі айқындалды;

3. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылықтың педагогикалық шарттары негізделді;

4. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылықтың әдістемесі жасалып, іс тәжірибе өту кезінде тексерістен өтті.

Зерттеудің практикалық мәні: жоғары оқу орындарының студенттері мен тәрбиешілерге арнап: мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылықтың диагностикалық деңгейінің әдістемесі; аудиториялық және аудиториядан тыс іс-әрекеттерде мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылыққа байланысты әдістемелік нұсқаулар жасалып пайдаланылуға берілді.

Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнаулы орта педагогикалық оқу орындарында, мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылық білімін, іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: халықтың материалдық және рухани мәдениетті жасау мен сақтаудағы, олардың берік бірлестігіндегі рөлін, ежелгі мәдени мұраға көзқарасын, қазақ этнопедагогикасын және оның жүйеленген компоненттерін зерттеуге бірыңғай көзқарасты білдіретін философиялық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық, этномәдениеттік, педагогикалық тұжырымдамалар; ұлттық мәдениеттің тәрбие жұмысындағы орны туралы ілімдер; жалпыадамзаттық құндылықтардың негізіндегі тәрбие тұжырымдамаларын анықтайтын құжаттар болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылыққа байланысты тәрбие үлгісі жасалып пайдаланылуға берілді.

Зерттеу әдістері: тақырыпқа байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді ғылыми-теориялық тұрғыдан талдау, тәрбие мазмұны мен бағдарламаны сұрыптау, тәрбиешілер мен ата-аналар арасында сауалнама жүргізу, бақылау, озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижесіне баға беру, оларды математикалық тұрғыда өңдеу ұсыныстар беру.

Зерттеудің базасы: Түркістан қаласы №31 мектеп балабақша, Әлия балабақшасында өтті.

Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, тұжырымдар мен қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1 мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылықтың ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басшылықтың психологиялық- педагогикалық мәселелері

Қазақстанның әлеуметтік-эконмикалық дамуы жалпы білім беру жүйесіне, оның ішінде бастауыш буынға − мектепке дейінгі тәрбиеге жаңа талаптар қойып отыр.

Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына Жолдауында «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз − белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» деп атап айтқан.

Мұндай жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру мектепке дейінгі жастан басталады.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытудың өзектілігі бір ғана мақсатпен түсіндіріледі: терең ойлы, дені сау, ақылды және мейірімді бала қалыптасатындай білім беру.

Адамды мектепке дейінгі жастан дамыту оның алдағы барлық өмірінің анықтауышы болып табылады. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту жүйесіне инновациялық технологиялар негізінде әзірленген ақпараттық технологиялар, электронды оқу-әдістемелік кешендері енгізілуде.

Жаңа оқу жылының негізгі міндеттері:

- мектепке дейінгі білім берудің нормативті құқықтық базасын жетілдіру;

- мектепке дейінгі ұйымдар желісін арттыру және олардың материалды- техникалық жағдайын, пәндік-дамытушы ортасын нығайту;

- мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбиелеу үдерісінің бағдарламалық- әдістемелік мазмұнын жаңарту;

- мектепке дейінгі білім беру педагогтарының біліктілігін артыру жүйесін

жетілдіру;

- ата-аналар қауымдастығымен ынтымақтастық болып табылады.

Қазіргі уақытта республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында 670 мыңнан астам баланы қамтыған 9 мыңдай мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді. 1 жастан 6 жасқа дейін балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту - 48, 8% - ды, ал 3 жастан 6 жасқа дейін - 73, 4%-ды құрайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының басым бағыттары 2014-

2015 оқу жылында мектепке дейінгі білім беру жүйесі қызметінің негізі бағыттары:

- сапалы мектепке дейінгі білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

- тәрбие мен оқытудың инновациялық технологияларын ендіру негізінде

білім беру үдерісін жаңғырту;

- пәндік-дамытушы ортаны моделдеу;

- тәрбиелеу-білім беру үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді ендіру;

- мектепке дейінгі ұйымдарда тілдердің үштұғырлылығын іске асыру;

- педагогикалық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру;

- мектепке дейінгі ұйым қызметіне ата-аналарды тарту, бала тәрбиесі үдерісінде өзара әрекеттің түрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені жүзеге асыруда психологиялық-педагогикалық қолдау болып табылады.

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары, олардың ведомостволық бағыныстылығына және меншік нысандары, типтері мен түрлеріне қарамастан, педагогикалық білім беру қызметін нормативті құжаттарға сәйкес жүзеге асырады (қосымша 1) .

Педагогикалық үдерісті ұйымдастырудағы әдістемелік тәсілдер. Мектепке дейінгі білім беру саласында педагогикалық үдеріс келесі негіздерде қамтамасыз етіледі:

- мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқытуда тиімді тәсілдер, мазмұнның бірлігі және сабақтастығы, тәрбиелеу және оқыту әдістері;

- мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үдерісін жүзеге асыруда инновациялық тәсілдер, оқытудың мақсатын, мазмұны мен әдістерін жаңартудың әлеуметтік кесімділігі;

- танымдық әрекеттерді бес білім беру саласы арқылы ұйымдастырудағы кіріктірілген тәсілдер (Денсаулық, Қатынас, Шығармашылық, Таным, Әлеуметтік орта) ;

- сөйлесу, ойын, зерттеу әрекеттері арқылы білім беру үдерісін интерактивті құру, ересектермен және құрбыларымен ынтымақтастық;

- жас ерекшеліктеріне сәйкес бала дамуының мониторингі;

- баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда және оның қабілеттерін дамытуда педагогикалық үдеріске қатысушылар - ата-аналар, педагогтар, әлеуметтік орта арасындағы кешенді бірлестік;

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Мектепке дейінгі ұйымдарда пәндік-дамытушы орта құру. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үйлесімділігі және мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту үдерісін жүзеге асыру үшін қауіпсіз пәндік-дамытушы орта құруға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Барлық мектепке дейінгі ұйымдар «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысымен бекітілген ережелерді басшылыққа алады.

Пәндік-дамытушы ортаны ұйымдастырудың негізгі міндеті - балаларда

еркіндік пен белсенділікті анықтау үшін жағдайлар жасау.

Келесі міндет балалардың бірлескен әрекет пен ойында өздерінің қызығушылығын ұйымдастыра білу мүмкіндігінен тұрады, бұл арқылы әлеуметтік қабілеттерді дамытады:

- тіл табыса білу;

- түрлі әлеуметтік рөлдерді бөлу және орындау;

- бір-біріне көмектесу және қолдау;

- тапсырмаларды орындау.

ПДО білім беру әлеуетінің ең көп іске асырылуын қамтамасыз етуі, қолжетімді болуы, яғни тәрбиеленушілердің ойын мен ойыншықтарға еркін рұқсаты болуы қажет.

Секторларға (дамыту орталықтарына) жабдықтарды орналастыру балаларға ортақ қызығушылықтары бойынша топтарға бірігуге мүмкіндік береді.

Міндетті құралдар танымдық әрекеттерді белсендіретін материалдар болып табылады:

- дамытушы ойындар;

- техникалық құрылғылар және ойыншықтар;

- тәжірибелі-іздеу жұмыстарына арналған нәрселер;

- үйренуге арналған түрлі материалдар, эксперименттеу, коллекция жинақтау.

Балабақшада пәндік-дамытушы ортаны ұйымдастыру кезінде дамытушы зонада түрлі тапсырмаларды ойластыра білетін барлық педагогтардың шығармашылық қызметі қажет. Тапсырманы балалардың қызығушылығы мен қажеттілігіне байланысты өзгертуге болады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үдерісін ұйымдастыру. Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиелеу-білім беру үдерісін «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» негізгі білім беру бағдарламалары, «6 жастағы балалардың мектепалды даярлығына арналған жалпы білім беру бағдарламалары», «Қайнар», «Балбөбек» балама бағдарламалары және т. б. негізінде жүзеге асырады.

Білім беру бағдарламаларында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес мектепке дейінгі білім берудің базалық мазмұны анықталған.

Білім беру үдерісі бес білім беру саласын «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» кіріктіру арқылы қамтамасыз етіледі, олардың әрқайсысы баланың жас ерекшелігіне байланысты мақсатты бағыттары бар өзіндік тараулардан тұрады.

«Денсаулық» білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға, сауықтыру-гигиеналық процедуралар өткізуге эмоциональды-жағымды қатынасқа, қозғалыстарды жетілдіруге, физикалық және мықтылық қасиеттерін дамытуға, балалардың дербестігіне бағытталған педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны, міндеттері белгіленген.

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған

оқу қызметінде іске асырылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ БАЛАЛАР ҚАБЫЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Педагогтың өздік жұмысы
Бастауыш мектептерде компьютерлік техниканы тиімді қолдану негізінде оларға компьютерлік сауаттылық элементтерін меңгеру, ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның міндеттері мен құрылымының теориялық негіздері
Мектепке дейінгі мекемеде балалардың музыкалық оқу іс - әрекетін ұйымдастыру жолдары
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
Балабақша мен отбасы
Мектепке дейінгі және бастауыш оқытудың сабақтастығын орнатудың маңызы
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісінің мәні, оның міндеттері мен құрылымының әдістемесі
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz