Бірінші сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту жолдары


Бірінші сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту жолдары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І Бөлім Жалпы білім беретін метептерде оқушыларының танымдық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
1. 1. Қазіргі кезде оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту өзекті педагогикалық негіздері . . . 6
1. 2. Бірінші сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамытудың
ерекшеліктері . . . 14
ІІ Бөлім Қазіргі мектептегі бірінші сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамытуды ұйымдастыру
2. 1. Қазіргі мектептегі бірінші сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту мәселелері . . . 18
2. 2 Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытудың әдістері мен формалары . . . 22
2. 3. Қазіргі мектептегі бірінші сынып оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытудың қабілеттерін дамытудың тиімдің жолдары . . . 30
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ . . . 41
КІРІСПЕ
Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени - тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғамың сұранысының өсуі білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында (Астана, 1 наурыз, 2006 жыл. ) «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» - деп атап көрсеткен.
Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ететін - білім саласы. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бүл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе екендігін дәлелдейді.
Жалпы оқушылардың танымдық әрекеті ғылыми - педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген. Оқушылар бойында «танымдық іс-әрекет тәжірибелерін» қалыптастыру қажеттілігі туралы 80 жылдары - ақ И. Я. Лернер жазған болатын.
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шындалады. Келешекте осы елдің тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары болғандықтан, Қазақстандықтар барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқушылардың білім сапасы, даму бағыттары, келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында болып 1999 жылы 7 маусым куні «Білім туралы» заңың қабылданды.
Білім туралы заңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі- педагог қызметкелер, оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, баланың жеке шығармашылық қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі көрсетілген.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандарты министрлік алқасының 18. 07. 1996 жылы 81/2 шешімімен бекітіліп, 1998-1999 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне енгізілді. Бұл білім стандартында оқушылардың әл- қуатына қызығушылығы мен шығармашылык кабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, өзін-өзі дамытуыеа жағдай жасай отырып, міндетты деңгейлерін айқындау жұмыстары жүргізілді. Бастауыш мектеп- бұл оқушы тұлғасымен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондыктан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Мұғалімнің өз оқушыларының жүрегіне жол тауып, олардың өзі оқып қана қоймай оның ьеретін жетістіктерін де атап өткен. Мысалы, қызығушылық қабілетті арттыра отырып, оқушының танымдық қабілетін оятуға немесе дамытуға болады. Танымдық іс-әрекет- бұл бала бойындағы дарындылығын дамыту және оны тәрбиелеу- бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі оқытатын пәнге қызығуын арттыру тиіс. Осы қызығушылық қабілетін дамыту қажет. Жалпы қызығу- бұл адамның саналы әрекеті. Қызығушылық қалай пайда болады? Баланың қызығуы үшін оның көңіл-күйі көтеріңкі болуы тиіс. Бала бір нәрсеге қызығуы үшін қызығатын нәрсе адамға жағымды сезімдер туғызу керек.
Жалпы адамның қызығулары бірнеше түрге бөлінеді. Қызығу туралы психолог-педагогтар көптеген еңбектер жазған. Оларда ең көрнекті ғылымдар мыналар: У. Мак Дугал (1871-1938), Э. Торндайк, И. Ф. Гербарт. Бұл ғылымдар қызығушылықты зерттеп қана қоймай оның беретін жетістерін де атап өткен. Мысалы қызығушылық қабілетті арттыра отырып оқушының шығармашылық қабілетін оятуға немесе дамытуға болады. Шығармашылық бұл бала бойындағы дарындылығын дамыту және оны тәрбиелеу бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі.
«Шығармашылықң- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Адам әрқашан өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жойып жібермеуге қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең негізгі мақсаты болып табылады, -деп көрсетілген Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық, атап айтсақ қазақтың ұлы ойшылдары Ж. Баласағұн, Әл-Фараби, ұлы Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басының қабілеттерінің дамуын қарастырып, тиімді жолдарын көрсеткен.
Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л. Р. Выготский, В. В. Давыдов, В. А. Крутецкий, Б. М. Теплов, Л. В. Занков, С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, И. Л. Лернер, А. Н. Луктын, В. И. Андреев, Д. Б. Богоявленская, А. Л. Яковлевтың, қазақтың ағартушы ғалымдарынан А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. М. Абділдин, Қ. Б. Жарықбаев, М. М. Мұқанов, Т. С. Сабыров, т. б. еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінін теориясы мен практикасына қосқан зор үлесі деп білеміз.
Ғылыми жұмыстың мақсаты : Бастауыш мектепте бірінші сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту жолдарын анықтау.
Ғылыми зерттеу объектісі: бастауыш мектептің бірініші сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту жолдары.
Ғылыми зерттеу әдістері : озық педагогикалық іс-тәжірибелерді сұрыптау, ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, бақылау, байқау, әңгіме, анкета, т. б.
Зерттеу пәні : психология
Зерттеу әдістері: теориалық-ғылыми әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдісін қолдану, өзіндік жұмыстардың түрлерін ұсынып, нәтижесын көрсету.
Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
І Бөлім Жалпы білім беретін метептерде оқушыларының танымдық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
1. 1. Қазіргі кезде оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту өзекті педагогикалық негіздері
ХХ ғасыр - ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатыр. Жеке тұлға яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: “Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. Надан жұрттың күні - қараң, келешегі - тұман” - деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.
Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.
Білім сапасы дегеніміз - мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.
Сапалы білім тәрбие беруде орын алған кемшіліктерді жойып дүние жүзілік өркениеттілікке жету ХХІ ғасырдын үлесіне тиіп отыр.
Қазақстандағы білім беру ісін реформалаудың стратегиылық міндеттерінің бірі - шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін дара тұлғаға терең білім беру. Осыған орай, білім сапасы жөнінде әр түрлі пікірлер айтылып “Сапа” ұғымы екі мағынада қарастырылуда. Біріншісі - стандартқа сәйкестігі, екіншісі - оқушының сұранысын қанағаттандыру.
Я. А. Коменский: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет», -деп ерекше атап көрсеткен. Сонымен қатар, танымдық іс-әрекетті белсендіру әдістемесін жасап, оны былай көрсеткен: «Таным бастамасы - сезімнен, бала сезіне білмесе, оның ой-өрісінде ешқандай өзгеріс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкірттің ойын дамыту керек. Мен өз шәкіртімнің әрқашанда өз бетінше бақылауын, практикада өз бетінше тұжырым жасауын дамытуды - білім берудегі негізгі жетістікке жету құралы ретінде қарастырамын», -деп ерекше атап көрсетті.
Ж. Ж. Руссо тәрбие мақсатын аша отырып, оқу-танымдық, ізденімпаздық іс-әрекетін белсендірудің маңыздылығын көрсетіп берді.
Ж. Ж. Руссо идеясы И. Г. Песталоццидің еңбектерінде өз жалғасын тапты. И. Г. Песталоцци оқыту әдісінің жалпы психологиялық жағын қарастыруды және сол арқылы ғана адамның дамуын жүзеге асыруға болады деп есептеді. «Адамның әрбір сөзі, әрбір іс-әрекеті деп, - жазды ол, - бұл оның бақылаулары нәтижесінде қалыптасқан ой-өрісінің жемісі». Осы пікірге сүйене отырып, ол алғаш рет баланың оқу-танымдық іс-әрекетіне әсер ететін оқытудың эвристикалық әдістемесін жасайды.
А. И. Герценнің дәлелдеуінше, бұрынғы өткен ұрпақтың бүкіл тәжірибесі кітаптарда жинақталған және ол негізінен кітап арқылы таратылады. Герцен жастардың көркем және ғылыми кітаптарды өздігінше оқуына зор мән берген. «Жан-жақты білімділіктің өте зор құралы - өздігінше оқу»-деген.
Н. Г. Чернышевский еңбектерінде де оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің мәні айтылады. Ол: «Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді боламын десе, білімді өз бетімен игере алуы, ізденуі керек», - деп жазды.
Оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің маңызын ашуда К. Д. Ушинскийдің еңбектері көп үлес қосты. «Дүниеде барлық болып жатқан құбылыстарды, заттарды салыстыру арқылы ғана білеміз, егер бізге еш нәрсемен салыстыруға болмайтын, еш нәрседен айыруға болмайтын бір жаңа зат кездессе, біз бұл зат туралы бірде - бір пікір, бір ауыз сөз айта алмаған болар едік», - деп танымдық іс-әрекетті белсендіру қажеттігін көрсетеді.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде мұндай ішкі мүмкіндіктерді зерттеудің маңызы зор.
Ағартушы - ғалым Ш. Уәлиханов өз еңбектерінде жалпы халыққа білім беру және көздеген ой-пікірі, негізгі мақсаты - білім беру, оқыту, оқудың танымдық негізін қалыптастыру болды.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы Ы. Алтынсарин қазақ мектептерінде оқыту мәселесін жетілдіруде көп үлес қосты. Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің жоғары үлгідегі оқыту әдістерін таба біліп, оқушылармен тіл табыса біліп, дұрыс сөйлей білуінде. «Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз ортасын тануға, ой еңбегіне үйретуі тиіс», -деп көрсеткен.
Алтынсарин еңбектерінің маңызы қазақ мектептеріне байланысты дидактикалық міндеттерді қоя білу, оқу-танымдық іс-әрекет жолдарын табу, белсендірудің тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіру саласында оның еңбектері аса маңызды болып табылады. Алтынсарин мұғалімнің міндеттері туралы нұсқаулары - оларға қалай оқыту керектігі, оқушылармен болатын байланыс, олардың қалай оқу керектігі - оның өз заманындағы оқыту әдістемесін терең және жан-жақты білгенін көрсетеді. Ол: «Баланың әрбір еңбегі құр босқа жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек», - деп жазды. Ы. Алтынсарин шәкірттің танымдық іс-әрекетінде оқыту әдістері мен тәсілдерінің маңыздылығына ерекше тоқталды: «… оқыту әдістері-балалардың жүре келетін мектепке, сабаққа, кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол» -деп атап көрсетті. Әсіресе, танымдық іс-әрекетте мұғалімнің басшылық рөліне мән берді: «Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан, әрбір затты ықыласпен қарапайым тілмен түсіндіруі керек», - деп жазды.
Баланың жас кезінен-ақ танымдық әлемін кеңейту, сол бағытта әрекет ету маңыздылығы қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны А. Құнанбаевтың да еңбектерінде көрініс тапты. Мысалы, Абайдың «Жетінші қара сөзіндегі» ақыл-ой белсенділігі туралы пікірін айта кетелік: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар-тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, hәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп «Ол немене?», «Бұл немене?» деп, «Ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?»- деп көз көрген, құлақ естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген».
Ағартушы педагог С. Торайғыров халықты, жастарды оқуға дүниетануға, өнеркәсіп үйренуге, мәдениетке жетуге, өнерлі, прогресшіл елдерден үйренуге, үлгі алуға, ілгері өрлеуге, дамыған елдермен теңесуге шақырып, шәкірттердің оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру жөнінде құнды пікірлер айтқан .
Халқымыздың көрнекті өкілдерінің бірі Ш. Құдайбердиев, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсариндердің ғылым-білім жолына салған арна-дәстүрді әрі қарай жалғастырды. Шәкәрімнің ұсынған жолы - адалдық және ғылымды меңгеру. Берілген білім шәкірттің ойлау белсенділігін, ақыл-парасатын дамыту қажет деген бағдарды ұстанды. Берілетін білім мен оның тәлімдік-тәрбиелік ғибрат жолын бөлмей бірлікте қарауға ерекше мән берді. Оқытудың әдіс-тәсілдеріне уақыт деңгейі тұрғысынан қарап, білім алудың өнегелі жолын айқын көрсетті. Демек, ұстаздың беретін білімі де тәрбиелік тәлімі де шәкіртінің шамасына үйлеспесе, нәтиже болмайтынын баса айтып: « Оқыту мен үйрету зорлау, күштеу емес, баланың дербес ерекшелігі мен бейіміне қарай жүргізілсе дұрыс болады», - деп көрсетіп, бар білімнің түп атасы - ақыл деп қорытындылаған.
Сонымен қатар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды қазақ педагогтары да оқу-танымдық іс-әрекет туралы аса құнды пікірлер айтқан .
А. Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ жерінде білім-ғылымның дамуына ат салысып, ауыл мектебінде бала оқытып, мектеп ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштап тәрбие, оқу-танымдық жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденіп, еңбектер жазды.
А. Байтұрсынов «Қазақ газетінде» (1914 ж), «Мектеп керектері» деген мақаласында : «…Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екіншісі - оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы hәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді, hәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші - мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып шығу үшін оның үлгісі я мезгілді өлшеуі болу керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс - ол я артық, я кем шықпақшы…» -деп оқытудың дидактикалық принциптерін ғылыми тұрғыда нақтылы белгілеп берді. Ол: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалім балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек», -деп оқушының танымдық іс-әрекетінде дұрыс бағыт-бағдар беріп отыру қажеттігін атап көрсеткен.
Ж. Аймауытов болашақ ұрпақты озық жетістіктерге тәрбиелеуде, олардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде, оларға білім беру процесінде сол халықтың мінез-құлқымен, тұрмыс- салтын, әдет-ғұрпын еске ала отырып жүргізу қажеттігін айтты.
М. Жұмабаевтың «Педагогика» кітабы қажетті де ғажап дүние, ана тілімізде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды. Ол : «Бала заттарды, көріністерді, ұқсас сындары бойынша топ-топқа бөліп үйренсін, жеңілден ауырға көшуді естен шығармауы керек. Көріністердің, олардың аралығындағы байламды hәм олардың қайсысына себеп екенін тауып үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ереже- заң шығартқызып үйрету сықылды істермен болады», -деп жазды.
Өзінің еңбегінде бұл көзқарастарға талдау жасай отыра, Т. И. Шамова екі ұғымды бір - бірінен бөліп - жарып қарауға болмайтындығын атап көрсетеді. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге төмендегідей түсінік беріп: «Біз оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру шәкірттің ақыл-ой және дене қуатын жай ғана жұмылдыруына жатқызбаймыз, қайта оны жеке тұлға әрекетінің сапасы ретінде қарастырамыз, бұл сапа шәкірттің әрекет мазмұны мен процесіне көзқарасында, оның білімді және іс-әрекет тәсілдерін оңтайлы қысқа мерзімде тиімді игеруге ұмтылуында, мінез-құлық, ерік-жігерін оқу- танымдық мақсаттарға жұмылдыруында көрініс табады», -деп атап көрсетеді . Н. А. Половникова: «Оқу-танымдық іс-әрекеттің мәні - мектеп оқушысының білімді игеруде өз күшімен талаптануы», -дейді .
М. И. Махмутов: «Оқу-танымдық іс-әрекет-шәкірттің ақыл-ой белсенділігі және оның өз бетінше ізденіп оқуына мүмкіндік беретін әрекеті», -деп қарастырған. Оқу іс-әрекеті-мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті Бірінші сынып оқушыларының жалпы психикалық дамуы - мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Бірінші сынып оқушыларының оқу қабілеті оқу процесінде ерекше дамиды. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар. Оқушының ақыл-ой қабілетін қалыптастыру үшін білім мен ойлаудың өзара әсері өзара байланыс ерекшеліктерін білген жөн. Білім мен ойлау ақыл-ой тәрбиесінің негізгі шарты мен құралдары деуге болады.
Сурет 1 - Оқу танымдық іс-әрекетті жүзеге асырудағы оқу әдістерінің классификациясы
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын танымдық әрекетін дамытуда проблемалық оқытудың маңызын В. И. Зазвязинский, М. И Махмутов, М. Н. Скаткин, т. б. атап көрсеткен.
Оқушының оқу-танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттырудың тиімді құралдарының бірі - оқушының өзіндік жұмысы, өздігінен білім алу әрекеті Т. С. Сабыров, А. Е. Әбілқасымова, С. Смаилов, Р. С. Омарова т. б. еңбектері маңызды .
Бұл бағыт бойынша жазылған еңбектері талдай отырып, мынадай тұжырым жасауға болады:
а) мынадай ұғымдар берілген: танымдық белсенділік жеке тұлғаның сапасы (Т. И. Шамова) ; танымдық қажетсіну белсенділіктің, ізденімпаздықты дамытудың қайнар көзі (А. Е. Әбілқасымова) ; белсенділік дербестікті қажет етеді (Т. С. Сабыров) ; белсенділік - жеке тұлға әрекетінің көрсеткіші (С. Смаилов) ; белсенділік жеке тұлғаға тән қасиет (Р. С. Омарова) ретінде қарастырылды .
б) танымдық белсенділік проблемалық жағдаят туғызу арқылы: (М. И. Махмутов) танымдық белсенділік өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады (А. С. Мустояпова) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz