Еңбекке ақы төлеудің негізгі жүйелері



1 Еңбекке ақы төлеудің негізгі жүйелері
2 Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа ақы төлеу
3 Мереке және демалыс күнгі жұмыстарға ақы төлеу
4 Түнгі уақыттағы жұмысқа ақы төлеу
5 Қызметтерді ұштастырған кездегі еңбекақы төлеу
6 Еңбекті нормалау
7 Капиталист және социалист өндіріс
8 Өндірістік қуаттарын есептеу
9 Пайдаланылған әдебиеттер
Жалақы — еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс). Еңбекақы — қаржыландыру көзіне қарамастан , ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер. Бұлардың қатарына арнаулы заңға сәйкес қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыты (жыл сайынғы еңбек демалысы, мерекелік күндер, т.б.) үшін берілетін ақша сомасы да жатады. Е-ны нормалау негізгі екі әдіс: орталықтық және келісімшарттық реттеу арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке ақы төлеуді орталықтан реттеу дегеніміз Е. тарифтерін, қызметкерлердің барлық категорияларына Е. төлеуге арналған бірегей тарифтік кесте қолданудың негізгі шарттарын, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі бойынша сараланған разрядаралық кесімді коэффициенттерді, т.б. мемлекеттің тағайындауын білдіреді. Яғни Е-ны орталықтан реттеу мемл. нормалау тәсілі болып саналады. Сондай-ақ, Е-ны келісімшарт арқылы нормалау әдісі де қолданылады. Нарықтық қарым-қатынастардың, еңбек нарығының қалыптасу жағдайында Е. мөлшерін ұжымдық-келісімшарттық және жекеше-келісімшарттық реттеудің (ұжымдық және жеке еңбек келісімшарттары, шарттамалар) үлес салмағы артып келеді. Ал орталық реттеу тәртібі, негізінен, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне қатысты қолданылады. Жалақының ең аз мөлшері — Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік беретін меншік түрлеріне қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға төленетін ақшалай төлемдердің ең аз мөлшері. Жалақының ең аз мөлшерін Қазақстан Республикасының Парламенті жыл сайынғы республика бюджеті бойынша анықтайды.
1 “Қазақ Совет Энциклопедиясы”, ІV том
2 Сергиев А.В., Техническое нормирование труда в механических целях, М., 1964
3 Гальцов А.Д.Основы технического нормирования труда на промышленном предприятии, М., 1961
4 Петроченко П.Ф., Кузнецова К.Е., Организация и нормирование труда в промышленности СССР, [М.], 1971
5 С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1 Еңбекке ақы төлеудің негізгі жүйелері
2 Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа ақы төлеу
3 Мереке және демалыс күнгі жұмыстарға ақы төлеу
4 Түнгі уақыттағы жұмысқа ақы төлеу
5 Қызметтерді ұштастырған кездегі еңбекақы төлеу
6 Еңбекті нормалау
7 Капиталист және социалист өндіріс
8 Өндірістік қуаттарын есептеу
9 Пайдаланылған әдебиеттер

Еңбекке ақы төлеудің негізгі жүйелері
Жалақы -- еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс). Еңбекақы -- қаржыландыру көзіне қарамастан , ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер. Бұлардың қатарына арнаулы заңға сәйкес қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыты (жыл сайынғы еңбек демалысы, мерекелік күндер, т.б.) үшін берілетін ақша сомасы да жатады. Е-ны нормалау негізгі екі әдіс: орталықтық және келісімшарттық реттеу арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке ақы төлеуді орталықтан реттеу дегеніміз Е. тарифтерін, қызметкерлердің барлық категорияларына Е. төлеуге арналған бірегей тарифтік кесте қолданудың негізгі шарттарын, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі бойынша сараланған разрядаралық кесімді коэффициенттерді, т.б. мемлекеттің тағайындауын білдіреді. Яғни Е-ны орталықтан реттеу мемл. нормалау тәсілі болып саналады. Сондай-ақ, Е-ны келісімшарт арқылы нормалау әдісі де қолданылады. Нарықтық қарым-қатынастардың, еңбек нарығының қалыптасу жағдайында Е. мөлшерін ұжымдық-келісімшарттық және жекеше-келісімшарттық реттеудің (ұжымдық және жеке еңбек келісімшарттары, шарттамалар) үлес салмағы артып келеді. Ал орталық реттеу тәртібі, негізінен, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне қатысты қолданылады. Жалақының ең аз мөлшері -- Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік беретін меншік түрлеріне қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға төленетін ақшалай төлемдердің ең аз мөлшері. Жалақының ең аз мөлшерін Қазақстан Республикасының Парламенті жыл сайынғы республика бюджеті бойынша анықтайды.
Мемлекет жалақының ең аз мөлшеріне кепілдік береді. Соның өзінде бұл ереже олардың қызмет саласы мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, экономиканың мемлекеттік секторының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ жекеменшік ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін қызметкерлерге де қатысты.
Еңбекақынын ең аз мөлшері жылға тиісті бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы белгіленеді және жыл сайын қайта қаралады. Мысалы, 2005 жылы еңбекақының ең аз мөлшері жеті мың теңгені құрады.
Жалақыны нормалау мемлекет орталықтандырған және шарттық деп аталатын негізгі екі әдіс бойынша жүзеге асырылады.
Жалақыны орталықтандырылған әдіспен реттеу мемлекеттік нормалау әдісін білдіреді. Ол мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты.
Жалақыны шарттық әдіспен реттеу ұжымдық және жеке еңбек шартының негізінде жүргізіледі.
Айлық тарифтік ставкалар мен лауазымдық ақылар еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік тарифтер болып табылады.
Қазақстан Республикасында бірыңғай тарифтік сеткінің 1-разрядты тарифтік ставкасының бекітілген айлық мөлшерінен, жұмысшылар мен қызметкерлердің тарифтік коэффициенттері мен бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамасынан тұратын республикалық тарифтік жүйесі қн.;іым гш қим.
Бірыңғай тарифтік сеткінің 21 тарифтік ралриды болады және олар экономикалық барлық салаларында жұмыс істеушілерге қатысты. Белгілі тәртіпші бекітіліп күштердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасьына (БТ-БА) сәйкес қызметкерлердің екі санаты -- жұмысның және қызметкер болады.
Қызметкерлер мынадай топтарға бөлінген:
құжаттар әзірлеу және толтырумен, есеп және бақылаумен айналысатын техникалық орындаушылар
экономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының мамандары
әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсететін бөлімшелердің басшылары
кәсіпорындардың (мекемлердің, ұйымдардың) және өзге де құрылымдық бөлімшелердің (қызметтік және желілік) басшылары.
Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу уақытына, істеген жұмысына қарай немесе еңбекке ақы төлеудің өзге жүйелері бойынша жүргізіледі. Еңбекақының негізгі жүйелері лауазымдық, уақыттық, еңбегіне қарай ақылар (ставкалар) болып табылады.
Лауазымдық ақы (ставка) тұрақты ақша мөлшерінде жұмыс берушімен анықталады, бірақ ол еңбекақының ең аз мөлшерінен төмен болмауы керек. Еңбекке ақы төлеудің уақыттьіқ жүйесінде жалақы мөлшері тұрақты айлық, күндік немесе сағаттық тарифтік ставка бойынша жұмыс уақытының ұзақтығына байланысты анықталады.
Қызметкерлер үшін еңбекке ақы төлеудің уақыттық жүйесі көбіне айлық қызмет ақысы түрінде белгіленеді. Еңбегіне ақы уақыт бойынша төленетін жұмысшылар үшін қызмет көрсету нормалары, қызметкерлер санының нормативтері және олар жұмыс атқаратын агрегаттар мен станоктар санының нормативтері жасалып, қолданылады.
Жалақыны еңбегіне қарай төлеу -- алдын ала белгіленген бағалауларға қарай нақты шығарған өніміне сәйкес жүргізіледі. Ақыны істеген еңбегіне қарай төлеу жүйесі -- жұмысшының алатын жалақысын оның еңбегінің нәтижесімен тікелей байланыстыра отырып, қызметкердің еңбек өнімділігін арттыруға материалдық мүдделілігін көтереді, қызметкердің жалақы мөлшері еңбегіне қарай ақы төлегенде оның өнім өндіру номаларын орындауына ғана байланысты болады және оған ешқандай шек қойылмайды.
Еңбекақыны еңбегіне қарай төлеу жүйесі жеке және ұжымдық (бригадалық) болып бөлінеді.
Еңбекке ақы төлеудің жеке жүйесінде ақы төлеу әрбір жұмысшының жеке өндірген өніміне қарай анықталады. Ұжымдық еңбек ақы төлеу технология жағдайына қарай, жұмысты бір адам атқаруға болмайтын уақытта немесе қызметкерлердің өзара алмасып отыруын қамтамасыз ету үшін кәсіптерді кеңінен ұштастыру қажет болған жағдайда қолданылады. Ұжымға (бригадаға) бұл жүйе бойынша жалақы есептегенде ол ұжым (бригада) мүшелері арасында олардың разрядтары мен жұмыс жасаған уақытына қарай бөлінеді.
Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа ақы төлеу
Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа еңбекақы бір жарым мөлшерден кем төленбейді. Сонымен заң уақыттан тыс жұмысқа ақы төлеудің ең аз деңгейін ғана айқындап, екі жаққа шарт жасасу тәртібімен уақыттан тыс атқарылған жұмыс үшін неғұрлым жоғары мөлшерде ақы белгілеуге мүмкіндік береді.
Уақыттан тыс атқарылған жұмыстың демалыс беру арқылы орнын толтыруға болмайды.
Жұмыс қай кәсіпорынның мүддесіне орай жасалғандығына қарамастан ол қай жұмыс берушінің бұйрығымен орындалса, уақыттан тыс атқарылған жұмысқа еңбекақыны сол төлейді. Бұл арада өкімнің қай түрде (жазбаша не ауызша) берілгендігінің маңызы шамалы. Жұмыс берушінің өкімінсіз қызметкердің өз ұйғарымы бойынша жасалған уақыттан тыс жұмыс үшін ақы төленбейтіні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кепілдіктер мен өтемақылар
КӘСІПОРЫНДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мөлшері
Жалақы түсінігі мен басқа төлемдер
Еңбекақы туралы жалпы түсінік
Нарық жағдайында еңбек ақының теориялық негіздері
Еңбекақыны ұйымдастырудың құрылымы
Жалақыны құқықтық реттеу: теориялық және қызметтік практикалық мәселелері (құқық қорғау орᴦандары)
Еңбек ресурсы туралы
Оқу тәжірибесі есебі. «Еңбек құқығы және әлеуметік қамсыздандыру»
Пәндер