Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық негіздері



1. Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық негіздері
2. Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың танымдық
3. қабілетін қалыптастыру
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Білім беру, тәрбиелеу және балалардың ой-өрісі қабілетінің дамуы бұл сабақтың алға қояр мақсаты болып табылады. Өмір сүру үшін білімді меңгерудің маңызды екендігі жайлы ғұлама бабаларымыз әл-Фараби. Қ.А.Ясауи, М.Х.Дулати, Ж.Баласағұн тамаша өсиеттер қалдырған. Ұлы ойшылдар ағартушы-педагог Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, А.Дистерверг. Ы.Алтынсарин, К.Д.Ушинский оқыту арқылы оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін, дербестігін, ойлауын дамытуға көңіл бөлу керектігін айтқан болса. оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен ұстанымдары, оқыту әдістері мен құралдарын М.А.Данилов, Б.Н.Есипов, Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, М.Жұмабаев, Т.Сабыров. т.б. өз еңбектерінде оқушылардың өз бетінше жұмыс орындауда дидактикалык ойындардың пайдалы жақтарын талқылаған, ғылыми түсініктер берген. Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындар арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалық дамуын қалыптастыруға болады.
Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардын бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабак үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып. ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлауын, зерделеуін дамытады.
1 Назарбаев Н.Ә., «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты», Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, 2012 жылғы 27 қаңтар.
2 Қазақстан Республикасы біліктілікті арттыру жүйесін дамытудың 2015 жылға дейінгі түдырымдамасы. 2004
3 Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. - Алматы: Мектеп, 1978.- 110 б
4 Турскелдина М. Дене тәрбиесінің әдістері 2001. Алматы
5 Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. - М.: Педагогика, 1981. -185 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қ.АЛсауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті ОҚО әкімдігі білім басқармасының №23 кәсіптік лицейі МКҚМ

Министерство образования и науки Республики Казахстан Международный казахско-турецкий университет имени Х.А.Ясави Профессиональный лицей №23 управления образования акимата ЮКО

Қазақстан - 2030: Мемлекеттің болашақта тұрақты даму парадигмасы
атты Халықаралық ғылыми - теориялық конференция

Международная научно-теоретическая конференция на тему:
Стратегия Казахстан - 2030: парадигма устойчивого развития государства на перспективу

Түркістан, 13 желтоқсан 2012ж.
Туркестан, 13 декабрь 2012ж.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Д.Ж.Кішібаева - п.ғ.к.,
доцент Н.Алтынбеков - студент

Қ.А.ЯСАУИ атындағы ХҚТУ

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Білім беру, тәрбиелеу және балалардың ой-өрісі қабілетінің дамуы бұл сабақтың алға қояр мақсаты болып табылады. Өмір сүру үшін білімді меңгерудің маңызды екендігі жайлы ғұлама бабаларымыз әл-Фараби. Қ.А.Ясауи, М.Х.Дулати, Ж.Баласағұн тамаша өсиеттер қалдырған. Ұлы ойшылдар ағартушы-педагог Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, А.Дистерверг. Ы.Алтынсарин, К.Д.Ушинский оқыту арқылы оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін, дербестігін, ойлауын дамытуға көңіл бөлу керектігін айтқан болса. оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен ұстанымдары, оқыту әдістері мен құралдарын М.А.Данилов, Б.Н.Есипов, Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, М.Жұмабаев, Т.Сабыров. т.б. өз еңбектерінде оқушылардың өз бетінше жұмыс орындауда дидактикалык ойындардың пайдалы жақтарын талқылаған, ғылыми түсініктер берген. Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындар арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалық дамуын қалыптастыруға болады.
Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардын бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабак үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып. ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлауын, зерделеуін дамытады.
Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рөл атқарады Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындар әр түрлі болып келеді. Сөз сөйлеудің дамуы, тәрбиеленушінің білім қоры педагогтарға оларда әртүрлі ойындарға деген іскерлікті қалыптастыруға: сюжетті-рөлдік, дидактикалық, қозғалмалы мүмкіндік береді. Балалар мінезіндегі өзгешеліктерді ажырата бастайды және өзінің іс-әрекеттерінде ойындардағы әдістерді, құралдарды пайдаланады.
Мұғалім сонымен қатар, балалардың өзіндік ойындарын басқарып, оларды дұрыс бағытқа ойынның арнайы дайындалған кезеңдері арқылы нәтижеге қол жеткізеді. Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық - оңай жолмен; қажеттілер - қызық жолмен беріледі;
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
3. Ойын болжамдар. Бұл ойындар "Не болар еді...?", "Мен не істер едім, егер ..." деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс тапсырмаларын белгілеуді талап етеді.
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарының болуында. Олар баланың ой-әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.
Мектепте оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ойын түрлерін мазмұнына қарай бөледі:
1. Сюжетті рольді ойындар.
2. Құрылыс материалдарымен ойнау.
3. Қимылды ойындар.
4. Дидактикалық ойындар.
5. Драмалық ойындар.
6. Myзыкалық-дидактикалық ойындар. Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
1. Балалардың орындаушылық әрекетін талап ететін ойындар.
2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындар.
5. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.
Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді:
1. Сюжеттік - рөлдік ойындар.
2. Жаттығу ойындар.
3. Драмалық ойындар.
4. Шығармашылық ойындар.
5. Әдеби-музыкалық ойындар.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
1. Білімдендіретін (білім беретін) ойындар.
2. Тәрбиелейтін ойындар.
3. Дамытатын ойындар.
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
5. Диагностикалық ойындар.
Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының да мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптың оқыту үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.
Сюжеттік-рөлдік ойындар. Оқу жылының алғашқы жарты жылында тәрбиеші балаларда ойындық іскерлік пен негізгі рөлдік қимылдарды қалыптастырады. Ол бірігіп ойынға балаларды қосады немесе сюжетті кішігірім әңгіме негізінде көрсетеді. Балалардың төменгі топтарында негізгі ойындық іскерліктер қалыптасады, бұл оларға ойын барысында өзара байланысқан шарттық құралдарды пайдалануға көмектеседі. Педагогтың алдында мынандай міндеттер тұрады. Ол балалардың шығармашылық белсенділігін теңдестіру. Бұған ойынның құрамына әртүрлі рөлдерді қосу; әлеуметтік сферадағы әртүрлі өмірді, әртүрлі әдеби шығармаларды, ертегілерді, сонымен қатар, ертегідегі және шын өмірдегі персонаждарды қосады.
Дидактикалық ойындар. Мұғалім сабақ үстінде дидактикалық ойындар өткізгендей, сабақтан тыс жерде балалар жаттығуларын, олардың түрлерін, көлемін, түсін, кеңістігін, дыбысын білуі тиіс. Дидактикалық ойындар көмегімен балалар құралдарды сыртқы пішіні секілді, олардың белгілері бойынша салыстыруға және топтауға, есептерді шешуге оларда дайындық қалыптасады.
Ойындардың ішінде дидактикалық ойындардың маңыздылығы жағынан өзгелерінен бөле-жара айтуға болады. Бірақ, бір ескертетін нәрсе, маңызды екен деп сабақ мазмұнына үйлеспейтін ойын түрлерін қолданудан аулақ болған жөн. Әр ойынның өз реті бар.
Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданатынын сабақ мазмұнына, мақсатына сәйкес таңдап алған жөн. Өйткені ойын мектепке келген 6 жасар балалар үшін қызықты әрекет, іс-қимыл бола отырып, сонымен бірге оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол педагогикалық ізденістің арқасында ғана қуатты құралға айналады. Ойынды басқара жүріп, мұғалім баланың жеке басының барлық жағына: оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды.
Ойынды негізінен ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене мүшелерінің дұрыс қалыптастыру мақсаттары үшін пайдаланады. Мазмұны ойлай білуге құрылған ойын процесінде балалардың білімі мен түсінігі айқындалып, тереңдей түседі. Ойын үстінде қайсыбір рөлді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетінде көрсетеді. Демек, ойын балалардың алған білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге өзінше бір белсенді танымдық іс-әрекет формасы болып табылады. Сондықтан оқу-тәрбие процесіне ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Назарбаев Н.Ә., Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты, Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, 2012 жылғы 27 қаңтар.
2 Қазақстан Республикасы біліктілікті арттыру жүйесін дамытудың 2015 жылға дейінгі түдырымдамасы. 2004
3 Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. - Алматы: Мектеп, 1978.- 110 б
4 Турскелдина М. Дене тәрбиесінің әдістері 2001. Алматы
5 Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. - М.: Педагогика, 1981. -185 б.

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ
ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Д.Ж.Кішібаева - п.ғ.к.,доцент Б.О.Мусабекова - магистрант
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында белгіленген орта білім берудің негізгі міндеттерінің бірі: ...білім алушылардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін тілдік фактілерді жалаң емес, қатысымдық тұрғыдан меңгерту қажет. Бұл Отанымыздың келешекте дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдері сапына қосылуымен, қазіргі мектеп оқушыларының білім дәрежесімен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дидактикалық ойындар негізінде қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәні
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда дидактикалық ойындарды пайдаланудың тиімділігі
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жайлы
Мектепке дейінгі білім беруде балалардың дидактикалық ойындар арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыру
Мектеп оқушыларының ойын әрекетінің табыстылығын бағалаудың объективті критерийлері
Пәндер