Мерекелердің құқықтық негіздері және оның патриоттық тәрбиемен сабақтастығы



Кіріспе. Мерекелердің құқықтық негіздері және оның патриоттық тәрбиемен сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ..
1 тарау. Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі ...
2 тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3 тарау. Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер мен атаулы күндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4 тарау. Қазақстан Республикасындағы кәсіптік мерекелер ... ...
5 тарау. Еліміз аумағында аталып өтілетін 2008/1429 жылғы Ислам Діни Мерекелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6 тарау. Қазақстан Республикасында 2008 жылы күнтізбеде көрсетілуге тиісті мерекелер мен атаула күндер (алдыңғы тарауларда көрсетілген мерекелік күндерден басқа) ...
7 тарау. Мереке туралы әр түрлі жайттар ... ... ... .
Қорытынды орнына.Мерекелер туралы кейбір ойлар...
Тіркелген құжаттар ... ... ... ... ... ...
Мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..+
«Ұлттаралық қатынастардың тұрақтылығы ең алдымен түрлi ұлттық топтар мүддесiн ескеруге байланысты. Ең бастысы - осы мүдделердiң үйлесiмдi iс-қимылын қамтамасыз ету», - деген болатын Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 1 сессиясында сөйлеген сөзiнде. Осы бағытта елімізде атап өтіліп жүрген мерекелердің орны ерекше.
Елiмiздiң егемендiк алуына байланысты бұрын мерекеленген атаулы күндердiң өзгерiстерге ұшырағаны жалпы жұртшылыққа белгiлi. Коммунистiк жүйенiң идеологиясына негiзделген мерекелердiң орнына ұлттық салт-дәстүр, қоғамдық қатынастар мен бүкiл адамдардың наным-сенiмiн қанағаттандыра алатын күнтiзбе келдi. Әйтсе де кейбір оқырман қауым осы мерекелерден хабардар болғанымен, оның кішігірім тарихын тегіс біле бермеуi мүмкін.
«Өткен күннiң бәрi мереке» дейдi халық. Осы бiр сөзде адамзат баласы өмiрiнiң мәнi, бүкiл болмыстық пәлсафасы жатыр. Өйткенi¸ әрбiр халық белгiлi бiр атаулы күндi өткiзер тұста өткенiн екшеп таразылайды, алда жүзеге асыратын iстерiне бағам жасап, болжайды. Сондықтан мерекелер мен мерекелік күндердің қалай пайда болғандығына, олардың бала тәрбиесіне игі әсеріне мән беруіміз қажет. Осы себепті елімізде аталып жүрген ұлттық, мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндердің тізімін түздегенді жөн көрдім.
Оның бірнеше себептері болды. Көпшілік адамдар кейде еліміздің Егемендік алған күні мен Тәуелсіздік алған күнін шатастырып айтатындығы кездесті. Және бірде металл қалдықтарын жинаумен айналысатын серіктестік басшысы: «Бүгін менің кәсіптік мерекем», - деді. Сөйтсек ол «металлургтер күнін» айтып отыр екен. Осы тұрғыдан алғанда бұл кітаптың қолданбалы маңызы болады деп есептеймін.
Мерекелердің аталып өтілуі патриоттық тәрбиеге тығыз байланысты. Сондықтан оның мәнін, тарихын, мағынасын білген өте дұрыс.
Әрбiр азаматқа, әрбiр адамға сонын iшiнде мемлекеттiк қызметкерлерге «отан, патриоттық сезім» деген сөздер бос сөз болмауы тиiс. Бiздiң елiмiзде патриотизмнiң құқықтық негiздерi қаланған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 2 бабында: «Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдістермен, онын iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу», - деп негiзделген.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 143 бет
Таңдаулыға:   
Ертай Жұмағазиев,
Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы
өкілінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
Мерекелердің құқықтық негіздері және оның патриоттық тәрбиемен
сабақтастығы
Ұлттаралық қатынастардың тұрақтылығы ең алдымен түрлi ұлттық топтар
мүддесiн ескеруге байланысты. Ең бастысы - осы мүдделердiң үйлесiмдi iс-
қимылын қамтамасыз ету, - деген болатын Қазақстан Республикасының
Президентi Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 1 сессиясында
сөйлеген сөзiнде. Осы бағытта елімізде атап өтіліп жүрген мерекелердің орны
ерекше.
Елiмiздiң егемендiк алуына байланысты бұрын мерекеленген атаулы
күндердiң өзгерiстерге ұшырағаны жалпы жұртшылыққа белгiлi. Коммунистiк
жүйенiң идеологиясына негiзделген мерекелердiң орнына ұлттық салт-дәстүр,
қоғамдық қатынастар мен бүкiл адамдардың наным-сенiмiн қанағаттандыра
алатын күнтiзбе келдi. Әйтсе де кейбір оқырман қауым осы мерекелерден
хабардар болғанымен, оның кішігірім тарихын тегіс біле бермеуi мүмкін.
Өткен күннiң бәрi мереке дейдi халық. Осы бiр сөзде адамзат баласы
өмiрiнiң мәнi, бүкiл болмыстық пәлсафасы жатыр. Өйткенi¸ әрбiр халық
белгiлi бiр атаулы күндi өткiзер тұста өткенiн екшеп таразылайды, алда
жүзеге асыратын iстерiне бағам жасап, болжайды. Сондықтан мерекелер мен
мерекелік күндердің қалай пайда болғандығына, олардың бала тәрбиесіне игі
әсеріне мән беруіміз қажет. Осы себепті елімізде аталып жүрген ұлттық,
мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндердің тізімін түздегенді жөн көрдім.

Оның бірнеше себептері болды. Көпшілік адамдар кейде еліміздің
Егемендік алған күні мен Тәуелсіздік алған күнін шатастырып айтатындығы
кездесті. Және бірде металл қалдықтарын жинаумен айналысатын серіктестік
басшысы: Бүгін менің кәсіптік мерекем, - деді. Сөйтсек ол металлургтер
күнін айтып отыр екен. Осы тұрғыдан алғанда бұл кітаптың қолданбалы маңызы
болады деп есептеймін.
Мерекелердің аталып өтілуі патриоттық тәрбиеге тығыз байланысты.
Сондықтан оның мәнін, тарихын, мағынасын білген өте дұрыс.
Әрбiр азаматқа, әрбiр адамға сонын iшiнде мемлекеттiк қызметкерлерге
отан, патриоттық сезім деген сөздер бос сөз болмауы тиiс. Бiздiң елiмiзде
патриотизмнiң құқықтық негiздерi қаланған. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 2 бабында: Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi:
қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн
экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды
мәселелерiн демократиялық әдістермен, онын iшiнде республикалық
референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу, - деп негiзделген.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2030 Жолдауында: ...бiз Қазақстанның
барлық азаматтарының отаншылдық сезiмi мен өз елiне деген сүйiспеншiлiгiн
дамытуға тиiспiз, - деген болатын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет туралы Заңының 3 бабы 1
бөлiмiнде мемлекеттiк қызметтiң түбегейлi принциптерi белгiленген. Осы
бөлiмнiң 2 тармақшасы негiзгi принциптердiң бiрi ретiнде - қазақстандық
патриотизм деген ұғым енгiзілді (заңның 1995 жылғы мәтінін де бұндай
принцип болған жоқ).
Демократияны үйренуге болады, ал отаншылдык сезiмдi тәрбиелеу керек.
Тәрбиенiң негiзi - тарихта; ал тәрбие мен тарихтың негiзi - мектепте.
Данышпан қазақ халкы ораза-намаз - тоқтықта деп айтса да, өз елiн, жерiн
қорғауда мың өлiп, мың тiрiлген жоқ па!?
Мемлекеттiк қызметкерлер патриотизмнiң үлгiсiн көрсетуге тиiстi. Ендi
бiрнеше жылдардан кейiн елiмiз мықты дамыған 50 елдің біріне айналған
сәтте, осындай күйге тез жетуге кызмет жасаған азаматтардың аты аталып,
есімдері түстеледі. Сол кезде олардын есiмдерiн халық өзi айтатын болса,
солар ғана патриот болып, тарихта қалады. Сондықтан бүгiнгi мемлекеттiк
қызметкерлер ертең жазылатын қазiргi заман тарихының кейiпкерлерi.
Казакстандық патриотизм сезiмiн ешкiмге күштеп таңа алмайсың, ол
психологиялық саяси-әлеуметтiк құбылыс. Ол жеке адамнын бiлiмi мен
тәжiрибесiнен де гөрi, оның жеке тәрбиесi мен жеке көзғарастарына
байланысты.
В.Г.Белинский айткандай, Кiмнiң болса да патриотизмi сөзбен емес,
iспен дәлелденедi.
Ақын Ж.Әбдірашов:
Кен қазсаң да: Отан үшiн! деп баста,
Жыр жазсаң да: Отан үшiн деп баста!.
Отан үшiн деген сөзбен тазала,
Көңіліңнің көк семсерiн тот басса!, - деп жазып еді (Сана соқпағы
кітабынан, Алматы, Жазушы, 1988 жыл).
Сонымен қазақстандық патриоттық сезiм дегенiмiз не? Жәй ғана сөзбен
айтар болсақ, қазақстандық патриотизм дегенiмiз отанға деген сүйiспеншiлiк,
өз күш-қуатың мен бiлiмiңдi Отан игiлiгi мен мүддесiне жұмсау; туған жерiн,
ана тiлiн, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрiн құрмет тұту және осы жолға өз
болмысың мен бiтiмiңдi арнау, қызметiңе шексiз адалдық, заңға деген құрмет
және әнұран мен елтаңбаны, мемлекеттік жалауды құрмет ету, өз еліңнің
ұлттық мерекесі мен мерекелерін өскелең ұрпақты тәрбиелеумен ұштастыру.
Осының барлығын жеке іс-әрекетіңмен көрсету. Патриотттық тәрбие мен
мерекелердің арасында үлкен сабақтастық бар.
Мерекеге келетін болсақ, бұл да бір елдің тарихымен қабаттасып жүретін
құбылыс іспетті. Тарихқа шегініс жасасақ, мысалы, 1975 жылы мерекелі
күндер деген ұғымға былай түсінік берілді: халықаралық яки
бүкiлдүниежүзiлiк ынтымақты, достық пен бауырластықты, айрықша тарихи
жағдайлар мен белгiлi бiр мамандық ерекшелiктерiн салтанатпен атап өтетiн
күндер (ҚСЭ, Алматы, 1975 жыл, 616-бет).
Ал егемендік алғаннан кейінгі елімізде атап өтілетін мерекелердің
құқықтық негіздерін айқындайтын ең басты құжат Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы 2001 жылғы 13 желтоқсандағы
N 267-ІІ Заңы болып табылады.
Жалпы мерекелер ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және
өзге де мерекелер – мерекелік даталар болып ресми түрде жіктелген.
Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал
еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан
Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде
орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі.

Қазақстан Республикасындағы ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап
өтілетін 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні.
Мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін
мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар
өткізілуі мүмкін.
      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер - мына күндері
атап өтілетін мерекелер:
1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
22 наурыз - Наурыз мейрамы;
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
9 мамыр - Жеңіс күні;
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
25 Қазан - Республика күні.
Кәсіби және өзге де мерекелер Қазақстан Республикасындағы мерекелік
даталар болып табылады.
Кәсіби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттік мерекелер
мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін
мерекелер. Мерекелік даталар тізбесін Қазақстан Республикасының
Президенті белгілейді.
Кезекті басты құжат Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге
де мерекелер туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20
қаңтардағы N 3827 Жарлығымен қазақстандық патриотизм мен кәсiптiк
мақтанышты, сондай-ақ жалпы адамзаттық ынтымақтастықты тәрбиелеу мақсатында
елімізде аталып өтілетін кәсіптік және өзге де мерекелер бекітілген.
Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердiң
тізбесі:
 Отан қорғаушы күні - 7 мамыр
Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске - 31 мамыр
алу күні
Медицина қызметкері күні – маусымның
                                                 
үшiншi жексенбiсi
Қазақстан Республикасының мемлекеттік - 4 маусым
рәміздері күні                                  
Полиция күні - 23 маусым      
Баспасөз, теледидар және радио күнi            - маусымның
соңғы жексенбісі
Металлург күні                                  - шілденің үшінші
                                                  жексенбісі
Көлік және байланыс қызметкерлері күні         - тамыздың
бірінші жексенбісі

Құрылысшы күні                                  - тамыздың екінші
                                                
жексенбісі
Спорт күні  - тамыздың үшінші жексенбісі
Шахтер күні  - тамыздың соңғы жексенбісі
Бiлiм күнi - 1 қыркүйек
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні – қыркүйектің

                                                  бірінші жексенбісі
Қазақстан Республикасының халықтары  - қыркүйектің
тілдерінің күнi                                   үшінші
жексенбісі
Мұғалiм күнi - қазанның бiрiншi жексенбiсi
Ұлттық валюта күні - 15 қараша
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні – қарашаның

                                                  үшiншi жексенбiсi
Энергетик күні  - желтоқсанның үшінші жексенбісі  
Ресми емес (діни) мерекелер ел заңдылығына қайшы болмаса, қоғам
дамуына кері әсерін тигізбесі анық. Жыл сайынғы атап өтілуге тиісті
мерекелерді реттеп отыру қажет. Бұл ретте Қазақстан Мұсылмандар діни
басқармасы мен Православие шіркеуі ғана өз мерекелерін жұртшылыққа
жариялайды. Ал қалған діндер немесе діндер өкілдерінің мерекелерін кім
реттейтіндігі туралы сұрақ бақылауды қажет етеді.
Бүгінгі күнге 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Қазақстан Республикасының
Еңбек кодексі Кодексімен 2 діни мерек үлкен мәртебе берілді. Кодекстің 96
бабы 4 тармағына сай мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан
айттың бірінші күні, 7 Қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері
болып табылады.
Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның салалық ұйымдарының
шешімдерімен бекітілген халықаралық, дүниежүзілік, бүкіләлемдік
атаулы күндер бар. Мұның барлығы ел мен елді елдестіру үшін, өзара қарым-
қатынасты дамыту үшін, тығыз байланыс орнату үшін жасалғандығына шүбә жоқ.

Мерекені өткізуге - мемлекеттік талап: Қазақстан Республикасы
Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының 2001 жылғы 13 қаңтардағы N 20-51
тапсырмасымен Қазақстан Республикасында мереке күндеріне дайындық пен
оларды өткізу тұжырымдамасы да мерекелерге қатысты құжаттардың біріне
айналды.
Тұжырымдамада мереке туралы ең басты тұжырымдамалар баянды болған.
Атап айтқанда, мерекелер халықтың рухани-мәдени топтасуын, өскелең ұрпақтың
қоғамдануын, рухани және адамгершiлiк-имандылық құндылықтарды өрiстету мен
ұластыруды қамтамасыз ететiн ұлттың идеялық топтасуының қуатты факторы
екеніне тоқталған.
Тұжырымдаманың мақсаты республиканың қазiргi заманғы болмысын, күллi
қоғам мен жеке алғанда әрбiр азамат үшiн мән-маңызы бар құндылықтарды
бейнелейтiн әрi әлемдiк қоғамдастыққа мәдени кiрiгудi қамтамасыз ететiн
мереке күндерiне дайындық пен оларды өткiзудiң бiрыңғай жүйесiн құру болып
табылады.
Тұжырымдама бойынша, Қазақстанның тарихи даму кезеңiнiң ерекшелiгiн
ескере отырып, мерекелер мынадай принциптерге сай келуі тиiс:
Қазақстанның мемлекеттiлiгiн нығайтуға;
қоғамның топтасуына, iшкi саяси тұрақтылықты, азаматтық татулық пен
ұлтаралық келiсiмдi қамтамасыз етуге;
қоғамның демократиялануына және ымырашылдығына;
қоғамда қолайлы әлеуметтiк-психологиялық жағдай туғызуға, әлеуметтiк
серiктестiк қарым-қатынастарын қалыптастыруға;
әлемдiк қоғамдастықта Қазақстанның оң бет-бейнесiн нығайтуға, оның
әлемдiк экономикалық кеңiстiкке кiрiгуiне;
қоғамды Қазақстан-2030 Стратегиясының мiндеттерiн орындауға
жұмылдыруға.
Қазақстан Республикасында мереке күндерiне
дайындық пен оларды өткiзудiң стратегиясы да осы тұжырымдамада айқындалған.
Мысалы, Жаңа жыл мерекесі сипаттауда былай түзіледі. Яғни, Жаңа жыл
григориан жыл санауды қабылдаған мемлекеттерде дәстүрлi аталып өтiледi.
Ресейде бұл мерекені I Петр 1700 жылы Жаңа жылды тойлауды "басқа еуропа
халықтарымен келiсiмге" келтiру мақсатында енгiздi. Соңғы ғасырда мереке
зайырлы сипатқа ие болды.
КСРО пайда болғаннан кейiн мемлекеттiк мереке ретiнде Одақтың бүкiл
аумағында және Еуропаның көптеген социалистiк елдерiне тарады. Еуропа,
Америка және Австралия елдерiнде рождество мерекелерiнiң үлкен мәнi бар,
Шығыс және Азия елдерiнде Жаңа жыл ай немесе күн күнтiзбелерi бойынша
аталып өтiледi және әр түрлi айларға сәйкес келедi.
1-2 қаңтарда сол сияқты басқа да халықаралық және ұлттық мерекелер
атап өтiледi: Дүниежүзiлік бейбiтшiлiк күнi (VI Павел папа енгiзген, 1968
жылдан берi аталып өтiледi), Тәуелсiздiк күнi (Гаити Республикасы, Судан
Республикасы), Азаттық алу күнi (Куба Республикасы) және т.б.
Қазақстанда Жаңа жыл 1-2 қаңтарда атап өтiледi және халықтың ең
сүйiктi мерекелерiнiң бiрi болып табылады.
      Тұтастай алғанда, елімізде осы мерекеге тән мынадай негiзгi
белгiлердi атап өтуге болады:
мерекемен өткен кезеңнiң қоғам қызметiнiң барлық саласындағы
қорытындысы және жаңа мiндеттер мен мақсаттардың мемлекет ауқымында да,
сондай-ақ жеке алғанда, отбасы мен әрбiр адам деңгейiнде де iске
асырылуының басталуы байланыстырылады;
      Жаңа жыл ең бұқаралық мерекелердiң бiрi болып табылады. Осы кезеңде
қатысушылар санының көптiгiне арналған iс-шаралардың елеулi бөлiгi
өткiзiледi (балалар мерекелерi, жастар балы және т.б.). Сонымен бiрге Жаңа
жыл отбасы мерекелерiнiң санатына жатады.
Сөйтiп, Жаңа жыл мерекесi ұлты мен дiнiне қарамастан, барлық адамның
өмiрiндегi маңызды оқиға болып табылады. Онда жалпыадамзаттық,
демократиялық құндылықтар түрiнде топтастыру әлеуетi бар. Бұл орайда ол
қайырымдылыққа, халықтың табысы төмен топтарына, балаларға, мүгедектерге
мемлекеттік қамқорлық көрсету үшін зор мүмкiндiктер туғызылады.
Мерекенiң мақсаты - қоғамда әлеуметтiк сенiмдiлiк сезiмiн
қалыптастыру, қоғамды имандылық, қоғамдық келiсiм және қазақстандық
отансүйгiш идеялары төңiрегiнде топтастыру.
Мерекені атап өтудің міндеттері: жалпыдемократиялық және
жалпыадамзаттық құндылықтарға негiзделген қоғамды топтастыру; халықтың
әлеуметтiк қорғансыз топтарына атаулы көмек көрсету, қайырымдылық пен
демеушiлiк институтын қалыптастыру; салауатты өмiр салтын қалыптастыру,
мерекенi халықты спорттың қысқы түрлерiмен шұғылдануға тарту үшiн
пайдалану.
      Мемлекеттiң өткен жылдағы оң жетiстiктерiн насихаттауға және жаңа
жылда көзделген мақсаттарды түсiндiруге бағытталған мерекенi ақпараттық-
идеологиялық тұрғыдан қолдау.
Қоғамда жалпыадамзаттық құндылықтарға негiзделген дәстүрлерді одан әрі
қалыптастыру.
Отбасының бос уақытын ұйымдастыру, отандық жаңа жылдық ойын-сауық
телерадио бағдарламаларын жасау.
Мерекелiк идеялық көркемдiк тұжырымдамасы - Қазақстан Республикасы
Президентiнiң күллi мемлекеттiк электрондық БАҚ бойынша өтiп бара жатқан
жылдың соңғы минуттарында берiлетiн жыл сайынғы құттықтауы. Құттықтаудың
негiзгi идеясы - өткен жылдың негiзгi қорытындыларын көрсету және мемлекет
дамуының алдағы жылдағы басым бағыттарын жария ету болып табылады.
      Президенттiң Жаңа жыл қарсаңындағы сөз сөйлеуi қазақстандық
отансүйгiштiктi қалыптастырудың ең әсерлi компоненттерiнiң бiрi, халық оны
мемлекеттiң саяси тұрақтылығының белгiсi ретiнде қабылдайды. Президент сөз
сөйлеген сәтiнде өзiнiң Мемлекет басшысы, оның жоғары лауазымды тұлғасы,
халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң нышаны әрi кепiлi (Қазақстан
Республикасы Конституциясының 40-бабы) ретiндегi мiндеттерiн неғұрлым айқын
iске асырады.
Президенттiң жаңа жылдық шыршасы Қазақстанда 1991 жылдан бастап жетiм
балалар, мектеп-интернаттар тәрбиеленушiлерi, ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балалар мен табысы аз көпбалалы отбасы балалары үшiн өткiзiледi.
Мерекенің мазмұны ағымдағы жылдың тақырыбымен айқындалады. Шырша жыл сайын
Қазақстанның бір облыс орталығында өткiзiледi. Мерекенiң теледидарда
көрсетiлетiн нұсқасы жасалады, оны "Хабар" компаниясы дәстүрлi түрде 1
қаңтарда берiп отырады. Бұл iс-шараның тәрбиелiк мәнiн едәуiр кеңейтедi әрi
оның дайындығына да талапты күшейтедi.
        Қалыптасқан iзгiлiк дәстүрлерiн пайдалана отырып, жергiлiктi
деңгейде халықтың ұйымдасқан топтарына жаңа жылдық мерекелердi, бұқаралық
iс-шараларға қатыса алмай үйде қалатын мүгедек балалар үшiн атаулы
құттықтауларды (Аяз Ата мен Ақшақардың келуiн), табысы аз азаматтар үшiн
қайырымдылық ас ұйымдастыруға болады. Осы жұмысқа қоғамдық институттарды
және халықты кеңiнен тарту қажет. Халықтың қайырымдылық iзгiлiк қызметке
деген ұмтылысын қалыптастыру үшiн БАҚ-тың белсендi және мақсатты
бағытталған жұмысының маңызы зор.
      Жаңа жыл мерекесін тойлауда бұқаралық іс-шараларды үй-жайлардан тыс
ұйымдастыру қажеттiгiне көңiл бөлген жөн. Мұз қалашықтарының бүкiл
жергiлiктi тұрғындар үшiн қысқы ойын-сауық орталықтары ретiнде қолжетiмдi
болуы өздерiн жақсы жағынан танытады.
Салауатты өмiр салтын насихаттау үшiн әуесқой аула командалары
арасындағы спорттың қысқы түрлерi бойынша жарыстар, өткен жылдан жаңа жылға
өтудiң бұқаралық эстафеталары (мысалы, 1999 жылдан 2000 жылға) және т.б.
(осындай жарыстарды өткiзу үшiн жергiлiктi органдар мемлекеттiк спорт
бағдарламасына сәйкес қарапайым спорт құрылыстарын: хоккей алаңдары, шаңғы
жолдарын, сырғанақтарды және т.б. салуы қажет) сияқты таза ауада
өткiзiлетiн бұқаралық iс-шаралардың мүмкiндiгi зор (Қазақстан
Республикасында мереке күндеріне дайындық пен оларды өткізу тұжырымдамасы
13.01.2001 жыл).
Мерекелер және еңбек қатынасы: Қазақстан Республикасындағы ұлттық және
мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының
еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады.
Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер
болып табылады.
Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі
жұмыс күні демалыс күні болады.
2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Кодексі демалыс күндердегі еңбек қатынасын құқықтық жағынан реттейді.
Кодекстің 98-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс
берушінің бастамасы бойынша демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа
қызметкердің жазбаша келісімімен жол беріледі.
 Демалыс және мереке күндерінде қызметкердің бастамасы бойынша жұмысқа
жұмыс берушінің рұқсаты негізінде жол беріледі.
  Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс кезінде қызметкердің қалауы
бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе Кодекстің 128-бабында
көрсетілген мөлшерде ақы төленеді.
Қызметкердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға
мынадай ерекше жағдайларда мүмкін болады:
 1) төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны
болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;
 2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің опат болуын немесе бүлінуін
болдырмау және оларға тексеру жүргізу үшін;
 3) жалпы ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі
қалыпты жұмысы осылардың жедел орындалуына тәуелді болатын шұғыл, бұрын
көзделмеген жұмыстарды орындау үшін жол беріледі.
Қызметкерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту жұмыс
берушінің актісімен ресімделеді.
Тарихқа көз жүгіртсек, демалыс берілетін азаматтық және діни мерекелер
саны әр елде әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы, ондай күндер Австрияда -
14, Бельгияда - 16, Швейцарияда - 19, Чехияда - 12, Германияда - 15,
Данияда - 12, Испанияда - 19, Францияда - 12, Финляндияда - 15,
Ұлыбританияда - 14, Грецияда - 16, Венгрияда - 12, Италияда - 15,
Ирландияда - 16, Люксембургте - 12, Норвегияда - 14, Нидерландыда - 9,
Португалияда - 19, Польшада - 10, Швецияда - 13, Словакияда - 14, Түркияда
- 10, АҚШ-та – 10, Ресейде 10 және біздің елімізде 10 болып табылады.
Бұдан да басқа елімізде жыл сайын мерейтойлар мен атаулы күндер
өткізіледі. Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеуді үйлестіру,
өткiзiлетiн салтанатты iс-шараларды реттеу мақсатында Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы
1999 жылғы 28 қыркүйек N 1465 қаулысы қабылданды.
Бұл қаулы бойынша республикалық деңгейде мыналар аталып өтiледi деп
белгiленген:
1. жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалардың
мерейтойлық және атаулы күндерi, республиканың экономикалық және рухани
әлеуетiне аса зор үлес қосқан қызметтiң түрлi саласындағы жекелеген
ұйымдардың құрылған жылдықтары;
рухани мәдениеттi дамытуға, мемлекеттiң қалыптасуы мен нығаюына зор
үлес қосқан, халыққа кеңiнен танымал әйгiлi қайраткерлердiң, ғылым мен
өнердiң көрнектi қайраткерлерiнiң мерейтойлары.
      2. 1) облыстардың, қалалардың, қызметтің түрлi саласындағы
айтарлықтай нәтижелерге қол жеткiзген ұйымдардың мерейтойлары жүз
жылдығында және одан әрi әрбiр 25 жылда аталып өтiледi;
    2) жекелеген тұлғалардың мерейтойлары алғашқы жүз жылдықта - жүз
жылдығы, одан кейiнгi жүзжылдықтарда әрбiр жиырма бес жылда аталып өтiледi.
     3) республикалық деңгейде өткiзiлетiн мерейтойлық және атаулы
күндердi мерекелеу Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының негiзiнде
жүзеге асырылуға жатады.
Үлкен мерейтойлар – халық бірлігінің кепілі: Мысалы, Түркiстан
қаласының 1500 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде атап өтілді (құқықтық
негіздері - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 6 наурыздағы N
3860 өкiмi).
Аса көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Ораз Жандосовтың туғанына
100 жыл толуы мерекеленді (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999
жылғы 9 шілдедегі N 100-ө Өкімі).
Қазақстан мұнай өнеркәсiбiнiң 100 жылдық мерейтойы табыспен өтті
(Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1999 жылғы 29 шілдедегі N 114-ө
Өкімі).
Бүкiл адамзат рухани қазынасының аса көрнектi өкiлi Қорқыт Атаның
мұрасын терең зерделеп, кеңiнен насихаттау мақсатында және халықаралық
ЮНЕСКО ұйымының Қорқыт Ата кiтабының 1300 жылдығын мерекелеуiне
байланысты біздің елімізде үлкен іс-шара өтті (Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі N 1337 қаулысы). Қызылорда қаласында
Қорқыт Атаға ескерткiш орнатылды. Қорқыт және Ұлы Дала сазы халықаралық
дәстүрлi саз фестивалi, қобызда орындаушылардың Қыл Қобыз республикалық
конкурсы өткiзiлді.
Суырып салма ақын Иса Байзақовтың туғанына 100 жыл толу мерейтойы
болып өтті (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 4
мамырдағы N 69-ө өкімі).
Ұлы Жібек жолының аса маңызды тарихи орталығы болып табылатын
Қазақстанның көне қалаларының бірі - Тараз қаласының мәдени маңыздылығын
ескере республикалық деңгейде атап өтілді (Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілде N 1141 қаулысы).
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық соғысының
тарихи рөлi және Аңырақай шайқасының 270 жылдығының тойлануы үлкен серпіліс
әкелді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 тамыздағы N 1221
қаулысы).
Халық батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 90 жыл толуы да өз
дәрежесінде мерекеленді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10
қазандағы N 1515 қаулысы).
Кенесары ханның Қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы маңызды тарихи
рөлін ескере отырып, 2002 жылы Кенесары ханның 200 жылдық мерейтойы
мерекеленді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 қарашадағы N
1440 қаулысы).
Қозы Көрпеш - Баян сұлу эпосының 1500 жылдығын мерекелеу өз
деңгейінде өтті (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 наурыздағы
N 288 қаулысы).
Тың және тыңайған жерлердi игеру басталуының 50 жылдығы кең көлемде
мерекеленді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N
42 қаулысы).
Қазақстан Республикасының Конституциясы қабыл дануының 10 жылдығын
мерекелеу үлкен табыспен атап өтілді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1272 Қаулысы).
Әрбір жылды атау – Президент дәстүрі. Бұл да бір өзінше мереке.
Республика азаматтарының, қоғамдық бiрлестiктерi мен ұйымдарының көптеген
өтiнiштерiн ескере отырып, жалпыұлттық татулықты, қоғамдық-саяси
тұрақтылықты нығайту мақсатында 1997 жыл Жалпыұлттық татулық пен саяси
қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды ( құқықтық негізі -
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 1996 жыл, 30 желтоксан,
№3299).
Жалпы ұлттық татулық пен ұлттық тарихты зерделеудi қамтамасыз ету
мақсатында 1998 жыл Халық бiрлiгi мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды
(Қазақстан Республикасы Президентiнің Жарлығы, 1997 жыл 12
желтоксан, №3790).
Ұрпақтардың өзара байланысын дамыту және Қазақстан халқының бірлігін
нығайту мақсатында 1999 жыл Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп
жарияланды (Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, 1998 жыл 30
желтоксан, № 4187).
Қазақстанның көпұлтты мәдениетін жаңғырту, сақтау және өркендету
мақсатында 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды (Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығы, 1999 жыл, 28 желтоксан, №316).
Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтуды, Қазақстан халқының
рухани-мәдени топтасуын, қазақстандық отансүйгіштікті арттыруды, сабақтаса
және ілгерілей дамуды қамтамасыз ету мақсатында 2001 жыл Қазақстан
Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылы деп жарияланды. Ол
Бейбітшілік пен достықтың 10 жылы ұранымен өткізілді (Қазақстан
Республикасы Президентінiң Жарлығы, 25 желтоқсан 2000 жыл, №529).
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2001 жылды Тәуелсiздiк жылы деп белгiлегенi өте
орынды шешiм болды. Елiмiз үшiн, әрбiреуiмiз үшiн Тәуелсiздiгiмiзден артық
не бар?
Қазақстан халқының денсаулық жай-күйін жақсарту, денсаулық сақтау
жүйесін қолдау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2002 жыл
Денсаулық жылы болып жарияланды (Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы. 2001 жылғы 30 желтоқсан N 751).
Қазақстан-Ресей қатынастарын одан әрi дамыту және екi жақты
байланыстарды кеңейту мақсатында 2004 жылы Қазақстан Республикасындағы
Ресей жылы өткiзiлдi (Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 22
желтоқсандағы N 433 өкімі).
Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экономикалық, ғылыми-
техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру,
байланыстарды нығайту және Қазақстан Республикасының Президенті мен Украина
Президенті кездесулерінің барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды
орындау мақсатында 2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылы өтті (Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 235 Жарлығы).
Ал 2008 жыл Қазақстан Республикасындағы Украина жылы болып белгіленіп,
тиісті іс-шаралар ұйымдатырылуда (Қазақстан Республикасы Президентінің 2007
жылғы 27 қарашадағы N 448 Жарлығы).
Әр жылды, әрбір онжылдықты атау Бiрiккен Ұлттар Ұйымында да жасалады.
Мысалы, 1991-2000 жылдар Отаршылдықты жоюдың халықаралық онжылдығы, 1994-
2004 жылдар – Дүниежүзінің тұрғылықты халықтарының онжылдығы, 1995-2004
жылдар - Адам құқығын қорғаудың онжылдығы, 1997-2006 жылдар –
Қайыршылықты жою күресінің онжылдығы деп жарияланса, 2000 жыл –
Халықаралық дүниежүзілік мәдениет және зорлықсыздық жылы және Халықаралық
ризашылық жылы деп жарияланса, ал 2001 жылды – Халықаралық ерiктiлер жылы
деп атады. Волонтерлер деп қоғам игiлiгiне ерiктi түрде және қаржысыз
қызмет етушiлердi айтамыз. Алғашқыда әскерилердi осылай атайтын.
Волонтерлер қозғалысы әлемнiң 40 елiнде, соның iшiнде бiздiң елiмiзде де
бар.
Сонымен қатар, мерекелердің тарихын әрбір азамат білуі тиіс. Сондықтан
оның тарихын жүйелеу осы кітаптың басты мақсаты болып отыр.
Мереке дегеніміз – бұл тек қана демалыс күндері ғана емес, бұл тарихи
оқиғаны еске алу, соның нәтижесінде жас жеткіншектің, болашақ азаматтың
бойында Отанға деген шексіз сүйіспеншілікті дамыту болып табылады.
Мерекелер ұрпақтан ұрпаққа берілуімен - құнды. Мерекелер халықтарды
біріктіреді, олардың ынтымағын арттырады, сондықтан әрбір мерекеге ерекше
мән беруміз қажет.
Мерекелер біздің республикамызда тұратын ұлттардың араласуына,
тұрғындардың құқықтық-мәдени санасын көтеруге, өсіп келе жатқан ұрпақты
тәрбиелеуге көмектеседі.
Мерекелерді балаларға насихаттауда Жыл - он екi ай атты 1962 жылдан
бастап жарык көрген кiтап болатын. Балабакша балалары мен бастауыш сынып
окушыларына арналып үзбей шығып келе жатқан баршаның сүйiктi кiтабы 1993
жылы тоқтап қалды, алайда 2001 жылдан альманах ретiнде шықты (Ұлан
газетi, 8 мамыр, 2001 жыл).
Мерекелерді тұрғындар арасында насихаттауда қазақ календары
(күнтiзбесi) маңызды орын алады.
Әр халықтың өмiрдегi тәжiрибеден жинақтаған өз календары болады. Ол
көбiнесе сол елдiң тұрмыс-тiршiлiгi мен кәсiбiне, салт-сана, дәстүрiне
байланысты көрiнiс тауып отырады. Қай жұрт болса да ең алғаш қоршаған
табиғат – Күн, Ай, Жұлдыз календарын пайдаланып келген. Кейде Күн, Ай
календарын бiр-бiрiне сәйкестендiрiп те қолданатын болған. Бұлардың бәрi де
ежелгi Рим, Египет, Вавилон календарларын негiзге алғаны анғарылады (Қазақ
халқының мұрасынан, Құрастырған - М.Аяпұлы, Алматы, 1993 жыл).
Мерекелерді реттестіруде Орынборда Қазақ мемлекет баспасынан 1923
жылы араб әрпiмен шығарылған календарь Қазақ календары (Киргизский
календарь) үлкен тарихи рольге ие.. Оған табель-календарь, айдың римше
және арабша атауы, күн аттары, қазақ халкының тарихынан қысқаша
материалдар, жұмысшы табының көсемдерi, РК(б)П тарихынан, комсомолдар,
шаруалар, әйелдер өмiрiнен, республиканың географиялық сипаттамасы,
әкiмшiлiк аудандары, ауыл шарушылығы өнеркәсібі жайында түрлi тақырыпта
кеңестер берiлдi. Бұл бұдан кейiнгi уақыттарда анықтамалар шығаруға жол
ашты. Кейiн аты "Шаруа календары" делiнiп, латын әрпiмен 1931 жылға дейiн
Қызылордада шықты. Оны жазып құрастырғандар: Б. Майлин, I.Жансүгiров,
Е.Алдоңғаров, А.Асылбеков, Ә.Мұстафиндер болды. 1959 жылдан бастап Қазақ
календары деген атпен шығып келдi (Қазақ ССР, 1-том, қысқаша энциклопедия,
1984, 218-бет).
Кейбір елдерде мерекелер тіпті қызық. Мысалы, ...жақын арада Үндi халқы
Ой Күнiн мерекелеген. Сол күннiң ертесiне Теннис Күнi атап өткен. Наурыз
айында Қобалжу күні және бір аптаға созылатын Жәйлату апталығы атты
мейрамдар бар екен. Наурыз айы зонтик айы болып есептеледi. Ал жаз
айларында белгiленген мерекелер күнтiзбенiң бетiнен көп екен де, ал тамыз
айында бүкiл ел болып тойлайтын Достық күнi бар (Казахстанская правда, 2
марта 2001 года).
Мерекелер дегеніміз тек қана күнтізбенің беті емес, ол үлкен тәрбие
мектебі және ұрпақ болашағы. Жас жеткіншектер бойында Туған жерге деген
махаббатты ұялату үшін, Туған тілге деген сүйіспеншілікті егу үшін, Туған
дәстүр, салт-санаға деген көзғарасты ояту үшін және Туған траихына
құрметпен қарауды үйрету үшін ұлттық мерекеміз бен мерекелерімізді атап
өтуге баса назар аударуымыз қажет. Бұл қастерлі сезім көрнекті ақын
М.Шахановтың Төрт Ана атты өлеңінде былай деп келтіреді:
Тағдырыңды тамырсыздық iндетiнен қалқала!
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдiреттi төрт ана:
Туған жерi – түп қазығы, айбыны,
Туған тiлi - сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы - тiрегi,
Қадамыңа шуақ шашар үнемi.
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрi қасiреттi болса да.
Төрт анаға әнiн жалғай алмаған
Пенделердiң басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ-жұлдызы жанбаған.
Қасиеттi бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшiн болған күрес – күрестердiң ұлысы!

1 тарау. Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні
(16-17 желтоқсанда атап өтіледі)

Тәуелсіздік тағдыры - қолымызда
1991 жылғы 16 желтоқсанда тәуелсiздiк алған қазақ елi 17 жылдың iшiнде
саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да дүние жүзiне баянды ел болып,
өз тәуелсiздiгiн сақтап қалды. Бұны әрбiр қазақ азаматы мақтаныш тұтуға
және оның болашақ дамуына өз үлесiн қосуға тиiс.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасыны
мемлекеттiк егемендiгi туралы декларация қабылданды.
Қазақ елi егемендiгiн алғаннан кейiн қабылданған көптеген заң
актiлерiнiң iшiнде қазақ ұлтының тағдыры үшiн маңызы зор заң актiлерiнiң
орны бөлек. Атап айтсақ, 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ Кеңестiк
Социалистiк Республикасының атауын өзгерту туралы заң қабылданды. Аталған
заң бойынша, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасының атауы Қазақстан
Республикасы болып өзгертiлдi және 1991 жылы 10 желтоқсаннан кейiн
қабылданған заң актiлерiне бұл атау қолданылатын болды.
Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жария еткен
аталмш заңда Қазақстан Республикасы – тәуелсiз, демократиялық, құқылық
мемлекет. Ол өз территориясында өкiмет билiгiн толық иелендi, өзiнiң iшкi
және сыртқы саясатын дербес белгiлеп жүргiзеді, - делiнген.
1991 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының БҰҰ-на мүше болып
қабылдануы туралы Президент Н.Ә.Назарбаевтың қол қойған өтiнiшi Бiріккен
Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына табыс етiлдi.
БҰҰ-на мүше болып енгiсi келетiн мемлекеттiң өтiнiшi ең алдымен БҰҰ-
ның бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн жауапты органы -
Қауiпсiздiк Кеңесiнде қаралады.
1992 жылдың 23 қаңтары күнi БҰҰ-ның Қауiпсiздiк Кеңесi өз мәжiлiсiнде
Бас Ассамблеяға Қазақстан елi бейбiтшiл мемлекет ретiнде БҰҰ-ның мүшелегiне
қабылдауды ұсынды. 1992 жылдың 2 наурызы тәуелсiз Қазақстанның тарихында
айрықша күн болды. Бұл күнi өз жұмысын қайта бастаған БҰҰ-ның Бас
Ассамблеясының 46-сессисясы консенсус арқылы Қазақстанды БҰҰ-на мүше етiп
қабылдады.
Тәуелсiздiк күнi бүкiл дүние жүзiнде мемлекеттiлiктiң негізі салынуын
және халықты топтастыратын қоғамдық құндылықтардың негiзгi кешенiн
бiлдiретiн ең басты ұлттық мерекелердiң бiрi ретiнде атап өтiледi.
      Қазақстанның Тәуелсiздiк күнi мемлекеттiк егемендiк туралы қастерлi
идеяның шындыққа айналуы ретiнде тарихқа ендi. Сол уақыттан бастап
республиканың күллi аумағында бүкіл билiкке толығымен ие және сыртқы әрi
iшкi саясатты өз бетінше айқындап, жүргiзетiн, тәуелсiз, демократиялық және
құқықтық мемлекет мәртебесiнiң түбегейлi құқықтық ресімделуiне ие болды.
      Бұл күн халықтың сан ұрпағының тәуелсiздiк үшiн күресінiң нәтижесi
едi. Қазiргi заманғы мемлекеттiң мiндеттi атрибуттарының пайда болуы осы
күнмен байланысты.
      Қазақстандықтар үшiн ол уақыт өлшемiнiң жаңа нүктесiн, экономикадағы
түбегейлi реформалардың басталуын, Қазақстанның ашық, демократиялық,
әлеуметке бағытталған қоғам құрушы, халықаралық қатынастардағы толыққанды
субъект ретiнде бағытын бейнелейдi (Тұжырымдамадан).
2008 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 17 жыл толады.
Тәуелсіздігіміздің он жылдығы мерейтойына керемет туындылар дүниеге келді.
Соның бірі Қ.Жұмағалиевтің Он жылымыз - он асу! атты өлеңі болатын.
Он жыл тәуелсiз елмiз!
Бұл - он асу!
Өзiң үшiн Болашаққа жол ашу!
Өзге елдермен
Терезең тең болмаққа
Тар кезеңде
Тәуекел деп,
Таласу!

Он жыл тәуелсiз елмiз!
Бұл - он асу!
Алыс-жақын елдерменен Жарасу!
Құдай өзі қоңсы қылған ұлттармен,
Барлық мемлекеттерменен Санасу!

Он жыл тәуелсiз елмiз!
Бұл - он асу!
Кейде нәрiн –
Қара нан мен қара су!
Жүдеу елдiң шығармаққа бүйiрiн
Бай елдермен Жақындасу, жанасу!

Он жыл тәуелсiз елмiз!
Бұл - он асу!
Керек десе - Жарау аттай таң асу!
Өзiң түлкi құрсақ болып жүрсең де,
Амалсыздан жоқ-жiтiкке қарасу!

Он жыл тәуелсiз елмiз!
Бұл - он асу!
Болашақтың iргетасын қаласу!
Халқымызға Жаббар ием жар болса,
Ұлы Тарих Көшiменен әрi асу!

Ж.Молдағалиев,
Мен қазақпын
Мен - қазақпын мың өлiп, мың тiрiлген,
Жүргегiмде таныстым мұң тiлiмен.
Жылағанда жүрегiм, күн тұтылып,
Қуанғанда, күлкiмен түн түрiлген.

Мен - қазақпын, бiр биiк белеспiн мен,
Еуропа да, Азия да емеспiн мен.
Аралықпын, жетiншi материктей,
Бiрақ барша адаммен тел өстiм мен...

Республика ! Ерiктi ел - Қазақстан!
Келдi ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келдi алыстан аңсатып, армандатып.
Торды бұзған мен де бiр мәз арыстан.

Мен – айғақпын, ұстамын ертегiге,
Мен - инемiн бүгiнге, ертеңiме.
Конституция!
Гербi - Қазақстан
Елдiк күйiн, ел күйiн шертем мен де!
Мен - қазақпын жаныммен, жүрегiммен,
Еңбек өмiр, ер өмiр, жыр өмiрмен.
Алабөтен болмаймын өзгелерден,
Өзгемен бiр өзiм боп жүремiн мен.
Қандай дүние жетедi балауыңа !
Бәрi сенiң, жан Отан, қалауыңа!
Өз бейнеңдей әлемге түр танылып
Қазақстан гербi де, жалауы да.
Мен- қазақпын, биiкпiн, байтақ елмiн,
Қайта тудым, өмiрге қайта келдiм.
Мен мың да бiр тiрiлдiм мәңгi өлмеске -
Айта бергiм келедi, айта бергiм!..

2 тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері

1 қаңтар - Жаңа Жыл мейрамы

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
Халықаралық әйелдер күнi - 8 наурыз - әйелдердiң экономикалық,
әлеуметтiк және саяси теңдiк үшiн күресiн, халықаралық ынтымақтастығын
бiлдiретiн күн. Бұл мерекенi жыл сайын өткiзу 1910 жылы Копенгагенде
социалист әйелдердiң 2 халықаралық конференциясында К.Цеткиннiң ұсынысы
бойынша қабылданды. Содан кейiн тұңғыш рет 1911 жылы Германияда, Австрияда,
Швейцарияда, Данияда, ал 1913 жылдан Ресейде өткiзiлдi. Ал 1914 жылдан
бастап барлық елдерде өтетiн болды. Ал бұрынғы Кеңестер одағында ҚСРО
Жоғарғы Кеңесi Президиумының 1965 жылғы 8 мамырдағы Жарлығы бойынша мейрам
күнi болып жарияланды. Бұған дейін жұмыс күні болып есептелді. Бүгінгі
күнге ТМД елдерінің ішінен Эстония, Литва, Латвия, Грузия мен Арменияда 8
наурызды мерекелеу күшін жойды.
Түпкі тарихы 1857 жылғы 8 наурыздан бастау алады. Бұл күні Нью-Йорк
қаласындағы тігін және аяқкиім фабрикасының жұмысшы әйелдері 10-сағаттық
жұмыс күнін, ер адамдармен тең еңбек ақы талап етіп, қолдарына бос кастрюль
алып шықты. Бұл күн тарихта Әйелдер күні ретінде қалды. Бұдан кейін үлкен
іс-шара 1908 жылы ұйымдастырылды. Осы манифестация кезінде 129 әйел өрт
құшағында қайтыс болды. Бұл мереке халықаралық әйел құқығы күні деп те
айтылады.
Қазақстан халқының 52 пайызын әйелдер құрайды. 1994 жылы БҰҰ-на мүше
179 мемлекеттiң алтауында ғана әйелдер билiк тұғырына көтерлiген. Қазір
біздің елімізде мемлекеттік билік тұғырында біршама әйелдері орын алған.
Бұның өзі елімізде жүрген гендерлік саясаттың жемісі деуге болады.

М.Мақатаев,
Арулар - асыл жандар
Арулар - асыл жандар.
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасынғандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Арулар - асыл жандар!
Арулар - асыл жандар!

Арулар - әрбiр үйдiң шамшырағы,
Әрбiр үйге от болып жағылады.
Әрбiр үйде таң болып атты-дағы,
Әрбiр үйге сәуле боп жамырады.

...Арулар - аяулылар, ардақтылар,
Өмiрдiң жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар - тiршiлiкке күре тамыр,
Өмiрдi бiр-бiрiне жалғап тұрар.

М.Хакімжанова,
Апама
Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген, апатайым.
Сәлем жазып бүгiн саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Ана еңбегiн ардақтаған
Бiздiң елдiң заңы ғана.
Ана орденiн берiп саған,
Деп атады Ардақты ана.

22 наурыз – Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы жер бетiндегi ең ежелгi мерекелердiң бiрi, ол көктем
мерекесi және табиғаттың оянуы ретiнде 5 мың жылдан астам уақыттан берi
аталып өтуде.
1926 жылы тыйым салынғаннан кейiн Наурыз мейрамы Қазақстанда тұңғыш
рет 1988 жылы мерекеленiп, кең көлемде қоғамдық сiлкiнiс тудырды. Көктемгi
халықтық мереке - Наурыз мейрамы туралы Қазақ КСР Президентiнiң 1991 жылғы
15 наурыздағы Жарлығы шыққаннан кейiн Наурыз мейрамы ресми танылды.
      Жалпыадамзаттық құндылықтарды бекiту, республика халықтарының достығы
мен туыстығын нығайту, ежелгi дәстүрлердi қайта жаңғырту, сондай-ақ табиғат
пен адамның үйлесiмi, оның шынайы iзгiлiк тiнiнде рухани тазаруы мақсатында
Ел Президентi көктемгi күн мен түннiң теңесу күнi 22 наурызды Көктемгi
халықтық мереке күнi - Наурыз мейрамы етiп жариялады.
      Сол уақыттан берi Наурыз мейрамын бүкiл республика бойынша кеңiнен
мерекелеу басталды. Мереке тек театрландырылған көрiнiстер мен салтанатты
тiгiлген киiз үйлер, дәмдi дайындалған наурыз көже түрiнде ғана емес,
сонымен қатар қайырымдылық шараларын өткiзу халықтық спорт ойындары, жасыл
көшеттердi күту, ағаш отырғызу, саябақтар мен басқа да демалыс орындарын,
көшелер мен алаңдарды тазарту түрiндегi қазiргi заманғы келбетiне ие болды.

Қазiргi күнi Наурыз мейрамы көктемгi, жалпыхалықтық мерекеге, еңбек
және бiрлiк мерекесiне айналды. Бүгiнгi күнi ол терең рухани-этикалық
мағынаға ие болып, онда қазiргi заманның ең көкейкестi мәселесi - адамның
табиғатпен бiрлiгi мен үндестiгi орын алған.
Наурыз мейрамы мерекесiнiң қазiргi заманғы келбетiн беру үшiн оны
iзгiлiк идеясына негiздей отырып, ұлтына және дiни нанымына қарамастан,
күллi халықты адамзаттың ежелгi мұраттарын түйсiнуге тартуға қабiлеттi iс-
шаралардың қазiргi заманғы нысандары мен мазмұнына назар аудару маңызды.
Көктем мен жаңарудың дiни емес мерекесi ретiнде Наурыз мейрамының түпкi
идеологиясын қысты шығарып салумен, Қазақстанның күллi халықтарының
өмiрiндегi басқа да маңызды сәттермен тамырластыруға, ортақ желiлер табуға
мүмкiндiк бередi (Тұжырымдамадан).
Наурыз мерекесі - мұсылман елдерiнiң жаңа жылы. Тек қазақ қана емес,
мұсылманның көпшiлiгiнiң дәстүрiнше 22 наурыз жаңа жыл басы, көктем айының
басы. Қар ерiп, күн жылынып, көктем лебi еседi. Күн мен түн теңелiп, күн
ұзара бастаған. Бұл жайдары, шуақты кездi үлкендi-кiшi қуана қарсы алады.
Қазақтың құл құтылар құрықтан, күң құтылар сырықтан дейтiнi де осы кез.
Ол күн – жаңа жылдың басталған күнi - Ұлыстың ұлы күнi. Қазақтардың тыныс
тiршiлiгiнде, тұрмысында бұл күннiң мәнi, тәрбиелілік сипаты ерекше.

Ә.Табылдиев,
Наурыз тойы
Күн мен түн теңелдi:
Жер шуаққа кенелдi,
Қуанышта ел ендi.
Наурыз келдi - салтымыз:
Көгерсiн! - деп халқымыз
Көшеге тал егедi.

Жарқырады күнiмiз,
Жайқалып жас гүлiмiз,
Бақта құстар сайрады.
Жайнап көктем нұрымен,
Жаңа дәстүр, жырымен
Ел наурызды тойлады.

Қ.Баймағанбетұлы
Наурыз туралы
...Дүниеге Майхы атадан екі ұл келген,
Аттары Құмиян, Тұмиян енді деген.
Тұмияннан өзбек халқы туған бала,
Құмиянан Алаш, Наурыз өсіп, өнген.

Алаштан айыр қалпақ туған бала,
Наурызға перзент бермепті хақ тағала,
Істеген наурыз көже сонан қапты,
Ата-есімім қалмай ма деп бара-бара.

Наурыздың туған айы көктем екен,
Ұрпақсыз талай көктем өткен екен.
Ойланып тегін көже таратыпты,
Әлемге сахи аты кеткен екен.
Тағамнан жеті түрі дәм берумен,
Бізге де осылай жеткен екен.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Бірінші мамыр мерекесі – еңбекшiлердiң халықаралық мейрамы, бүкiл
дүние жүзi жұмысшыларының ынтымақ күнi.
1889 жылы шiлдеде Парижде ашылған II Интернационалдың 1 конгресi 1886
жылы Маккормик зауыты төңірегінде митингіге жиналып, тұрмыс жағдайын
жақсартуды, 8 сағаттық жұмыс күнiн тағайындауды талап етен Чикаго
жұмысшылары ереуілдерін еске түсіру үшін барлық елдер пролетарларының
халықаралық ынтымақ күнi деп жарияланды.
1889 жылы 1 мамырда халықаралық мереке ретiнде тұңғыш рет атап өтiлдi.
Ал Қазақстанда тұнғыш рет 1905 жылы 1 мамырдан бастау алады.

Қ.Баянбаев,
Мамыр жыры
Бұлбұлдары сайраған
Бұйраланған бақ қандай !
Теректерi жайнаған
Жасыл бантик таққандай.
Самал желмен таранған,
Қызғалдақты қыр қандай !
Жер бетiнде сан алуан
Жалау өсiп тұрғандай.

9 мамыр – Жеңіс күні
Аға ұрпақтың Ұлы Отан соғысының от жалынды жылдарындағы ерлiк iстерi,
соғыстан кейiн қираған халық шаруашылығын қалпына келтiру жолындағы қажырлы
еңбектерi бiз үшiн өшпес өнеге, өлмес мұра. Сол шежiре - бiз арқылы келер
ұрпақтың жадына сiнiрiлетiн баға жетпес игiлiк, - деген болатын Елбасы
Н.Ә.Назарбаев.
Соғыс – соры, сұмдығы жер үстінің,
Сондықтан тойлаймыз Жеңiс күнiн.
Ашық болсын, адамзат, аспан асты,
Аман болсын, мәңгiлiк кеңiстiгiң!...
Мерейi үстем болсын Отан - Ардын,
Батасы қабыл болсын аталардың.
(Заң газетi, 7 мамыр 2001 жыл).

Қ. Жұмағалиев,
Жеңіс күні
Ойлап-ойлап тұрдым көп,
Сауал бердiм бiлгiм кеп:
- Қуанышты мереке -
Жеңiс күнi қай күн? – деп.
Апамнан да сұрадым,
Папамнан да сұрадым,
Атамнан да сұрадым,
Анамнан да сұрадым.
Тосты бәрi құлағын:
-Дұрыс, - дестi сұрағың
-Бейбiт күннiң бәрi де
Жеңiс күнi, шырағым!

С.Мәуленов,
Соғыстан қайтқан солдаттар
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртiп жаңа бiр.
Хабарсыз ұлын сұрауға
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдiң ұрлап адамын,
Қанша үйде сөнiп қалды оттар.
Көрдiң бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан, солдаттар.
..Қаралы қағаз жiберiп,
Қаншама қайғы салды оқтар.
Барады үнсiз түнерiп
Соғыстан қайтқан солдаттар!

Ә.Сәрсенбаев
Сен құрметте оны!
Түсіңдің бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап жүрген жоқ,
Қолтығындағы ұзын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелері
Қазақстан Республикасында мереке күндері
Мектепке дейіңгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар
Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
Біздің жемісіміз – алдымыздағы шәкірттер
Ұрпақ тәрбиесі - қоғамның болашақ мұрагерлерін тәрбиелеу ісі
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ҮРДІСТЕГІ ЗАТТЫҚ ДАМЫТУШЫЛЫҚ ОЙЫН ОРТАЛЫҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Бастауыш мектептерде жаратылыстану пәндері арқылы экологиялық білім беру
Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Пәндер