Жеке адамды тану үшін көрсету
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.8
1 Бөлім. ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ.
1.1 Тану үшін көрсетудің ұғымы, мәні, түрлері және шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9.26
1.2 Жеке адамды тануда сыртқы бейне белгілерді пайдаланудың тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26.34
2 Бөлім. ЖЕКЕ АДАМДЫ ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУДІҢ ТАКТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1 Жеке адамды тану үшін көрсетуге дайындық ... ... ... ... ... ... ... ... 35.45
2.2 Мәйітті тану үшін көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45.49
2.3 Адамды фотосурет, жүрісі, дауысы арқылы тануға көрсету ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49.53
3 Бөлім. ЖЕКЕ АДАМДЫ ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУДІҢ НӘТИЖЕСІН ПРОЦЕССУАЛДЫҚ БЕКІТУ.
3.1 Тану үшін көрсетудің нәтижесін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54.62
3.2.Жедел.іздестіру қызметінде жеке адамды тану кезінде қолданылатын тактикалық тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62.67
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68.69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... .70.73

Тақырыптың көкейтестілігі. Тануға көрсету, соның ішінде тірі адамдарды тануға көрсету немесе тануға ұсыну – қылмыстық іс жүргізу заңының тәртібімен реттелетін және куә, жәбірленуші, күдікті немесе айыпталушы өзіне ұсынылған үйлес объектіні байқап қарайтын, ойша олардың белгілерін өзінің жанында сақталып қалған образбен салыстыратын және тепе-теңдік немесе топтық қатыстылығының бар-жоқтығы жайындағы сұрақты шешуден тұратын тергеу әрекеті. Топтық қатыстылығын процессуалды анықтаудың (көп жағдайда заттар) ұйғарынды мәні болады және тергеушінің іздеу жұмысын аяқтайтын нәтиже болуы мүмкін.
Танылатын объектілерге: адамдар, мәйіттер және олардың бөліктері, әртүрлі заттар, үй жануарлары жатқызылуы мүмкін. Тану түрлері: тікелей қарап-тану (тікелей өз бетімен), фотосуреттерге, галограммаларға, кино және бейнекескіндемелерге немесе диапозитивтерге, фонограммаларға, бетперделерге, мерт болған, қаза болған немесе өлтірілгендердің бөлек элементтерден жасалған (дене бөліктері) көшірме бедерлерге (жанама түрдегі тану) қарап тану жолымен жүзеге асырылады.
Танылатын субъектілеріне куәгерлер, жәбірленушілер, күдіктілер және айыпталушылар жатады.
Тануға көрсету тергеу әрекеттернің басқа түрлерінен ерекшеленеді. Оны жауап алумен, көзбе-көз беттестірумен және басқаларымен ауыстыруға болмайды.
Тануға көрсету туралы шешім тек қана тергеу барысында жауап алынатын тұлғаның сәйкестендірілетін объектіні байқау фактісі анықталған жағдайда және оның осы объектіні тану мүмкіндігі туралы негізделген болжам болғанда қабылданады. Тану, егер тұлға бастапқы байқаудан соң алдынала және қасақана белгілеріне қатысты мәлімет алған жағдайда, жүзеге асырылуы мүмкін болмайды. Мұндай жағдай, егер ізделіп отырған тұлғаны оны алдын байқап-көріп жүргеннің қатысуымен, немесе басқа да жағдаймен күдікті ретінде бөлектелген немесе оның тепе-теңдігін анықтайтын мәліметтер болғанда, қалыптасуы мүмкін.
Сонымен, тануға көрсету тергеу және жедел-іздестіру практикасында жүзеге асырылатын маңызды тергеу амалы болып табылады. Ең алдымен қылмыс жасаған тұлғаны сәйкестендіру қажеттігінен туындаған аталған жұмыс тақырыбының көкейтестілігі теориялық аспектіде де, практикалық аспектіде де аса маңызды болмақ.

Нормативтік құқықтық актілер
1. ҚР Конституциясы. Алматы, “Жеті жарғы”, 1996.
2. ҚР Қылмыстық Кодексі, Алматы, “Жеті жарғы”, 1996.
3. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Алматы, 2000.
Аранайы әдебиеттер
1. Алмаганбетов П.А. Проблемы криминалистической диагностики в установлении разыскиваемых лиц и неопознанных трупов. Дис. канд. юр. наук. –Алматы. –1998. –220 с.
2. Баев А.Я. Тактика следственных действий. –Воронеж: Изд. Воронежского ун-та, 1995. –224 с.
3. Бахин В.П. Тактика использования внезапности в раскрытии органами внутренних дел. –Киев: КВШ МВД СССР, 1990. –54 с.
4. Бурданов В.С., Быховский И.Е. Предъявление для опознания на предварительном следствии. М., 1975. С.17-18.
5. Белкин Р.С. Собирание, исследование и оценка доказательств. Сущность и методы. М., 1996. С.284-286.
6. Белкин Р.С. Собирание, исследование и оценка доказательств. Сущность и методы. –М.: Наука, 1966. –295 с.
7. Гинзбург А.Я. Опознание в следственной, оперативно-розыскной и экспертной практике: (Учебное пособие) – Алматы: НИиРИО Алматинской высшей школы МВД РК, 1995. – 108с. С.3
8. Гинзбург А.Я.,Белкин А.Р. Криминалистическая татика. Учебник Алматы.,1998г стр. 295-313
9. Гинзбург А.Я., Лившиц Ю.Д. Возникновение и развитие следственных действий в уголовно-процессуальном законодательстве Казахской ССР. Алма-Ата, 1971. С.66-74.
10. Гапанович Н.Н. Опознание в следственной и судебной практике. Минск, 1978.
11. Гусаков А.Н., Филющенко А.А. Следственная тактика. –Свердловск: УРГУ, 1991. –147 с.
12. Доспулов Г.Г. Психология допроса в уголовном процессе. –Алматы: Ғылым, 1996. –224 с.
13. Дулов А.В., Нестеренко П.Д. Тактика следственных действий. –Минск: ВШ МВД СССР, 1971. –272 с.
14. Драпкин Л.Я., Долинин В.Н. Тактика отдельных следственных действий. –Екатеринбург: Юрид.университет, 1994. –31 с.
15. Дулов А.В. Основы психологического анализа на предварительном следствии. –М.: Юрид.лит., 1973. –161 с.
16. Еркенов С.Е., Султанов С.И. Тергеу әрекетттернің тактикасы. Алматы Данекер 2002 ж 126-138 бет. Профессор Е.І.Кайыржановтың жалпы редакциясында
17. Еникеев М.И. Основы судебной психологии. Психология личности. –М.: ВЮЗИ, 1982. –124 с.
18. Жәкішев Е.Ғ. Криминалистік тактика. –Алматы: Жеті жарғы, 1997. –92 б.
19. Жогин Н.В., Фаткулин Ф.Н. Предварительное следствие в советском уголовном процессе. –М.: Юрид.лит., 1965. –367 с.
20. Еникеев М.И. Общая и юридическая психология: В 2-х частях. Ч.2: Юридическая психология. –М.: Юрид.лит., 1996.–560 с.
21. Зорин Г.А. Тактический потенциал следственного действия. –М.: Белгосуниверситет имени В.И. Ленина, 1989. –80 с.
22. Криминалистика: В 2т./Под ред. Р.С. Белкина, В.П. Лаврова, И.М. Лузгина. М., 1998. Т2. С.119
23. Крикунов А.Е., Маевский А.Ф. Тактика и психологические основы предъявления для опознания. Киев, 1977. С.27-29.
24. Карагодин В.Н. Использование данных о сокрытии преступления при производстве следственных дествий //Следственные действия (криминалистические и процессуальные аспекты). Межвузовский сборник научных трудов. –Свердловск: УРГУ, 1983. –143 с.
25. Ковалев А.Г. Психология личности. –М.: Просвещения, 1965. 288 с.
26. Ковалев А.Г., Мясищев В.Н. Психические особенности человека. –Ленинград: ЛГУ, 1957. –Т.1: Характер. –264 с.
27. Коновалова В.Е. Психология в расследовании преступлений. –Харьков: Высш. Школа, 1978, –63 с.
28. Левитов Н.Д. О психических состояниях человека. –М.: Просвещения, 1964. –344 с.
29. Леоньтев А.Н. Потребности. Мотивы и эмоции.М. МГУ, 1971. –40 с.
30. Потапов с. Принципы криминалистической идентификации //Советское государство иправо. 1940. N1. С.69.
31. Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. М., 1958. с.317-320.
32. Самойлов Г.А. Основы криминалистического учения о навыках. –М.. ВШ МВД СССР, 1968. –118 с.
33. Следственные действия. Волгоград: ВСШ МВД СССР, 1984. –240 с.
34. Хайдуков Н.П. Тактико-психологические основы следователя на участвующих в деле лиц. –Саратов: Саратовский университет, 1984. –122 с.
35. Словарь иностранных слов. Изд 4-е., –М.: ГИС, 1954. –856 с.
36. Следственные действия (процессуальная характеристика, тактические и психологические особенности). –Волгоград: ВСШ, 1984. 238 с.
37. Советский уголовный процесс. –М.: Академия МВД, 1982. –578 с.
38. Теория доказательств в советском уголовном процессе /отв.ред. Н.В. Жогин. –М.: Юрид.лит., 1973. –735 с.
39. Тарасов-Радионов П.И. Предварительное следствие: Пособие для следователя. –М.: Госюриздат, 1955. –247 с.
40. Ю.Торвальд «Век криминалистики» М.1974г. Перевод с немецкого. Стр.100-102

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Д.А.Қонаев атындағы Университет
Қылмыстық құқық, криминалистика және қылмыстық құқық қорғау қызметі
кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі:
з.ғ.к., доцент Варенникова С. П.
_______________________
_____ __________ 2009ж.
ЖЕКЕ АДАМДЫ ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУ
тақырыбына
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Мамандығы 050301 – заңтану
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
Алматы, 2009ж.
Д.А.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ

Диплом жұмысын орындау үшін
ТАПСЫРМА
___________________________________ ______________________ студентке
Жұмыстың тақырыбы: ___________________________________ ___________
___________________________________ _______________________________
200. ж. ________________№____ жоғарғы оқу орнының бұйрығымен бекітілген
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі: ____ _____ ______ж.
Жұмыстың жобасына берілген негізгі мәліметтер немесе дипломдық жұмыстың
қысқаша мазмұны
___________________________________ _________________________________________

________________
Диплом жұмысының және диплом жобасын жетілдіруге қатысты сұрақтардың
қысқашы мазмұны
а)___________________________________ ______________________________

ә)___________________________________ ______________________________

б)___________________________________ ______________________________

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ДАЙЫНДАУ
КЕСТЕСІ
№ Тараулардың атауы, өндірілетінҒылыми жетекшіге Ескертпелер
сұрақтардың тізімі ұсыну мерзімдері
Тапсырма берілген күн________________________
Кафедра меңгерушісі________________________ _ аты-жөні
қолы
Жобаның жетекшісі__________________________ аты-жөні
қолы
Тапсырманы орындауға қабылдаған
студент ____________________________ аты-жөні
қолы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-8
1 Бөлім. ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ.
1. Тану үшін көрсетудің ұғымы, мәні, түрлері және
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..9-26
2. Жеке адамды тануда сыртқы бейне белгілерді пайдаланудың
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26-34
2 Бөлім. ЖЕКЕ АДАМДЫ ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУДІҢ ТАКТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1 Жеке адамды тану үшін көрсетуге
дайындық ... ... ... ... ... ... ... ... 35-45
2.2 Мәйітті тану үшін көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45-49
2.3 Адамды фотосурет, жүрісі, дауысы арқылы тануға көрсету
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 49-53
3 Бөлім. ЖЕКЕ АДАМДЫ ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУДІҢ НӘТИЖЕСІН ПРОЦЕССУАЛДЫҚ
БЕКІТУ.
3.1 Тану үшін көрсетудің нәтижесін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54-62
3.2.Жедел-іздестіру қызметінде жеке адамды тану кезінде қолданылатын
тактикалық
тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .62-67
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68-69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... .70-73
Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі. Тануға көрсету, соның ішінде тірі
адамдарды тануға көрсету немесе тануға ұсыну – қылмыстық іс жүргізу заңының
тәртібімен реттелетін және куә, жәбірленуші, күдікті немесе айыпталушы
өзіне ұсынылған үйлес объектіні байқап қарайтын, ойша олардың белгілерін
өзінің жанында сақталып қалған образбен салыстыратын және тепе-теңдік
немесе топтық қатыстылығының бар-жоқтығы жайындағы сұрақты шешуден тұратын
тергеу әрекеті. Топтық қатыстылығын процессуалды анықтаудың (көп жағдайда
заттар) ұйғарынды мәні болады және тергеушінің іздеу жұмысын аяқтайтын
нәтиже болуы мүмкін.
Танылатын объектілерге: адамдар, мәйіттер және олардың бөліктері,
әртүрлі заттар, үй жануарлары жатқызылуы мүмкін. Тану түрлері: тікелей
қарап-тану (тікелей өз бетімен), фотосуреттерге, галограммаларға, кино және
бейнекескіндемелерге немесе диапозитивтерге, фонограммаларға,
бетперделерге, мерт болған, қаза болған немесе өлтірілгендердің бөлек
элементтерден жасалған (дене бөліктері) көшірме бедерлерге (жанама түрдегі
тану) қарап тану жолымен жүзеге асырылады.
Танылатын субъектілеріне куәгерлер, жәбірленушілер, күдіктілер және
айыпталушылар жатады.
Тануға көрсету тергеу әрекеттернің басқа түрлерінен ерекшеленеді.
Оны жауап алумен, көзбе-көз беттестірумен және басқаларымен ауыстыруға
болмайды.
Тануға көрсету туралы шешім тек қана тергеу барысында жауап алынатын
тұлғаның сәйкестендірілетін объектіні байқау фактісі анықталған жағдайда
және оның осы объектіні тану мүмкіндігі туралы негізделген болжам болғанда
қабылданады. Тану, егер тұлға бастапқы байқаудан соң алдынала және қасақана
белгілеріне қатысты мәлімет алған жағдайда, жүзеге асырылуы мүмкін
болмайды. Мұндай жағдай, егер ізделіп отырған тұлғаны оны алдын байқап-
көріп жүргеннің қатысуымен, немесе басқа да жағдаймен күдікті ретінде
бөлектелген немесе оның тепе-теңдігін анықтайтын мәліметтер болғанда,
қалыптасуы мүмкін.
Сонымен, тануға көрсету тергеу және жедел-іздестіру практикасында
жүзеге асырылатын маңызды тергеу амалы болып табылады. Ең алдымен қылмыс
жасаған тұлғаны сәйкестендіру қажеттігінен туындаған аталған жұмыс
тақырыбының көкейтестілігі теориялық аспектіде де, практикалық аспектіде де
аса маңызды болмақ.
Тануға көрсетудің ғылыми негізі материалдық әлемнің объектісінің
танылатындығы және жеке-даралығы туралы философияның ережелері болып
табылады. Криминалистика психологиялық ғылым жетістіктерінің негізінде
объектінің ерекшеліктері мен белгілерін дұрыс қабылдау және жадында сақтап
қалу, оларды барабар еске түсіру және бұрын қабылданған және елестетілген
объекті белгілерінің негізінде шынайы тұжырым алудың принципиалды
мүмкіндігін көрсетті. Танудың жетістіктері қабылдау жағдайларына, танушының
тұлғалық қасиеттеріне, объектінің жеке-дары белгілерінің айқындылыға
қатысты екені анықталған.
Тануға көрсетудің ақпаратты негізіне танушы қабылдаған ізделетін
объектінің образдық белгілері, тексерілетін объектінің белгілері, маман
алған сәйкестендіру ақпараты, танушының жанында түсірген ізді бейнелеудің
идеалды моделі, оның бұрын бақыланған образды және ұсынылып отырған ұқсас
объектілер арасындағы сәйкес келушіліктер жайындағы оның тұжырымдары
жатады.
Ақпараттың мұншалықты ағысы тергеушіні олардың әрқайсысын қадағалап
және бағалап отыруға міндеттейді. Сонымен қатар танушының айтқандарын
қалыптастырудың психологиялық процессі негізгі рөл атқарады. Ол үш негізгі
кезеңдерден құралады:
1) қалыптастырушы, онда образдың жанындағы қабылдануы, жатталып қалуы
және сақталуы;
2) репродуктивті, ол объектінің есте қаларлық қасиеттерін және
белгілерін сөзбен қайта еске алуы;
3) шын мәнінде тану, ол ізделетін объектінің бұрын қабылданған
образын тергеу кезінде ұсынылатынмен салыстыру жолымен анықтаудан
құралады.
Бұл процесстер өзара тығыз байланысты. Танушының жанындағы образды
қалыптастыру тергеу алды сатыға жатқызылады, өйткені ол қылмыстық-
процессуалды қызметтің аясынан тыс және оған байланысты емес жүзеге
асырылады. Репродуктивті және тану кезеңдерінің тергеу сатысына қатысы
болады, мұнда құқықтық реттеу осы процесстердің көкейтестілігін және дұрыс
өтуін қамтамасыз етуге бейімделеді.
Криминалистік оқып-танудың және қамтамасыз ету объектісі қылмыстық
сот өндірісіндегі іздеу-тану қызметі (практикалық із жүргізу) болып
табылады, ол бұған заңды уәкілеттігі бар органдармен және қылмыстық-
құқықтық амалдармен қылмысқа қарсы кәсіби күрес жүргізетін лауазымды
тұлғалармен жүзеге асырылады. Бұл жұмыстағы зерттеу объектісі –
процессуалды негіздер және тірі тұлғаларды танудың криминалистік тактикасы.
Зерттелетін зат – “тану үшін ұсынылатын” атауымен белгілі болған
тергеу амалы.
Зерттеу объектісі және заты:
- тірі тұлғаларды тануға ұсынудың жалпы ережелері;
- тануға ұсынудың түсінігі және мәні;
- тануға ұсыну туралы ілімнің қалыптасуы мен дамуы;
- тірі тұлғаларды тануға ұсынуға қатысатын субъектілер;
- тірі тұлғаларды тануға ұсынудың ерекшеліктері;
- тергеу амалының түсінігі және тактикасының құрамы;
- тірі тұлғаларды тануға ұсынуды дайындаудың негізгі шарттары;
- танушы ретінде болжамдалатын тұлғадан алдыңғы сұрау алу;
- тануға ұсынуды жүзеге асырудың объективтілігін қамтамасыз ету
(субъектілерді таңдау, уақытын, жағдайларын белгілеу);
- тірі тұлғаларды тануға ұсынудың тактикалық тәсілдері;
- тірі тұлғалардың тануға ұсынылуын процессуалды рәсімдеу;
- тануға ұсынуды бағалау;
- тірі тұлғаларды жедел-іздеу теңдестірудің негізгі тактикалық
тәсілдері анализімен байланысты.
Дипломдық жұмыс тек қана тірі тұлғаларды жедел-іздеу режимінде
теңдестіре отырып тануға ұсынуға арналған.
Диплом жұмысының методологиялық негізін осы тақырыпқа байланысты
криминалист ғалымдардың еңбектері құрайды. Олар: А.Ф.Аубакиров,
Е.Ғ.Жакишев, А.Я.Гинзбург, Р.С.Белкин, Г.И.Поврезнюк, П.А.Алмағамбетов,
О.Я.Баев және т.б.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған
әдебиеттер тізімінен құралады.
1 ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 Тану үшін көрсетудің ұғымы, мәні және түрлері .
Диплом жұмысын бастамас бұрын тану үшін көрсетудің тарихына тоқталып
кеткен жөн болады. Ерте замандарда үлкен қалаларда қылымыстың құрбаны
болған адам, өзінің мұқтажын айтып сағынып, билік жүргізетін адамдарға
қылмыскердің бет әлпетін сипаттап жаза қолдануын өтінетін болған. Кейіннен
бұл тергеу амалы кримналистика ғылымымен зерттеліп тергеу әрекеті ретінде
қылымыстық істер жүргізу заңына еңгізілді.Тануға ұсыну тергеу әрекеті
бірден заңға еңгізілген жоқ. Жәбірленушілердің қылмыскерлерді тану
мүмкіншілігін қолдану кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы тергеу
тәжрибесінен белгілі болып, тергеу тәжрибесінде жиі пайдалана бастады.
Тануға ұсыну бұл куәге, жәбірленушіге, сезіктіге немесе айыпталушыға
адамды заттарды немесе басқа да объектілерді барабарлығы (тождество) бар
немесе жоқ екендігін анықтау мақсатында көрсетуден туратын тергеу әрекетін
айтамыз. Тануға ұсынудың ғылыми негізін идентификация теориясы туралы ілім
табылады, ол материалдық әлемдегі кез келген объектінің индивидуалды, яғни
өзіне тән белгілері мен олардың танымдылығынан турады. Мысалы тонау кезін
көрген куәнің есінде тонау жағдайы, қылмыскердің әрекеті, олардың бет
әлпеттері есінде сақталып қалады. Тергеу тәжрибесінде танудың екі түрі
қолданылады:
1) анализдік танылатын объектінің жеке белгілері бөлу негізінде
қортындылады, сосын ол жалпы образға синтезделініп тануға ұсынылған
объектінің бұрын бақылаған объекті арасында ұқсастықтың бар немесе
жоқ екендігін айқындайды.
2) синтездік объектіні, оның белгілерін талдамай ақ жалпы қабылдау
негізінде қортынды шығарылады, яғни танылатын адам болса, онда оның
белгілерін көрсетпей ақ таниды: мысалы, туыстары немесе жақын
таныстары. Тергеу үшін анализдік тану тиімді, өйткені ол жеке және
нақты белгілерге негізделген. Егер тану адамның не заттың нақты
белгілеріне негізделмей, нақты емес белгілеріне негізделсе онда оның
дәлелдемелік негізі жоқ болады. [16. 126]
Тергеу үшін анализдік тану тиімді, өйткені ол жеке және нақты
белгілерге негізделген. Егер тану адамның не заттың нақты белгілеріне
негізделмей, нақты емес белгілеріне негізделсе, онда оның дәлелдемелік
маңызы жоқ (мысалы, ол адамды бойынан не дене бітімінен, не болмаса ақшыл
шаштарынан және т.б. тани аламын десе, онда бұндай танудың дәлелдемелік
күші жоқ.) ҚР ҚІЖК-ның 228 бабына сәйкес тану субъектісі ретінде танушылар:
жәбірленуші, куә, сезікті, айыпкер болады. Олар ересек адамдар және
танылатын объектілерді дұрыс қабылдай алатын және олар туралы мәліметтерді
айтып бере алатын кәмілетке толмағандар.
Тану объектісі деп нені айтамыз? Тану объектісі болып мыналар танылады:
а) адамдар, заттар, қылмыс құралдары;
б) қылмыстық әрекеттің объектілері (мысалы, ұрланған заттар)
в) бойында қылмыстың іздері сақталған объектілер;
с) қылмыстың ашылуына ықпал ететін кез келген объектілер
Әр түрлі объектілерді тану үшін көрсету тергеу практикасында жиі
жүргізілетін тергеу әрекеттерінің бірі болып саналады. Қандай да бір
объектіні тану үшін көрсету қажеттігі кез келген қылмысты тергеу барысында
туындауы мүмкін, әсіресе ол кісі өлтіру, шабуыл жасап тонау, ұрлық,
алаяқтық, жыныстық қылмыстар бойынша жиі жүргізіледі. Бұрын байқалған
адаммен немесе объектімен ұқсастықты немесе айырманы анықтау мақсатында
тергеуші тану үшін куәға, жәбірленушіге, сезіктіге немесе айыпталушыға
адамды немесе затты көрсете алады.
Тану үшін көрсетудің міндеттері кең. Тану үшін көрсету арқылы іс
бойынша дәлелдеме алынуы мүмкін. Тану үшін көрсету арқылы
жәбірленушілердің, куәләрдің, айыпталушылардың, сезіктілердің жауаптары
тексеріледі. Тергеудің басында фактілердің шығу көзі және олардың
арасындағы себепті байланыстың сипаты, тек топшылама болып тұрады.
Сондықтан, тану үшін көрсетудің бір міндеті болжамдарды тексеру болып
табылады. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін қылмыстың кейбір мән-жайларын
анықтау үшін қолданылуы мүмкін, мысалы, бірнеше тонаушының қылмыс орнында
әрқайсысының орындаған әрекеттерін дифференциациялау үшін пайдалануы
мүмкін. Алынған мәліметтер айыпталушыны немесе жалған айтқан куәні
әшкерелеу үшін қолданылады.
Тану үшін көрсетуде қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, тергеуші
танушыға тану үшін белгілі бір объектіні көрсетеді және таныған-танымағанын
анықтайды. Яғни, танушы ойында сақталып қалған кескін арқылы тануға
ұсынылған объектілерді ойша теңестіреді. Олардың тепе-теңдігі, ұқсастығы
немесе айырмашылығы туралы логикалық тұжырым осы теңестірудің нәтижесі
болып саналады. Бірақ, тану өте күрделі психологиялық процесс және
криминалистикада беріліп жүрген бұл процесстің түсіндірмесі қарапайым схема
ғана.
Сананың механизмі өте күрделі және физиология, биология,
психология, кибернетика және т.б. ғылымдардың ортақ зерттеу объектісі болып
табылады. Сол себепті, біз танудың психологиялық процессін қысқаша сипаттап
көрейік. Психолгогтардың айтуынша тану бір ойша операция. Ол адамның ойында
із түрінде сақталып қалған кескін арқылы жүзеге асады. Яғни, тану барысында
бұл іздер, бұрын қабылданған заттың немесе құбылыстың танымдық белгілері
ретінде жаңғырады. Танудың индивидуалдық және топтық түрі болады.
Индивидуалдық тануда дара объект танылады. Ол санада дәл сол бұрын
бақыланған объект ретінде бекітіледі. Топтық тану деген – бұл затты немесе
құбылысты қабылдап тану, яғни объектілердің белгілі бір классына жатқызу
деген сөз.
Психологтар тез және баппен (последовательно) тануды ажыратады. Егер
объект танымал болса және оны есте сақтау қиын болмаған болса тез тануға
болады. Баппен тану деген - варианттармен сатылап тану. Алғашқыда
шырамытады, одан кейін санасы жаңғырып толық таниды. Бұлар өте қолайлы
ситуациялар. Кейде адамдар бірінші рет көріп тұрса да объектіні танимын
дейді. Бұл өте қайшылықты құбылыс. Және қате танып, тергеу қателіктерінің
орын алуына жол береді. Олай болса, тану процессінің психологиялық негізін
тергеуші түсінсе бұл тергеу әрекетін дұрыс ұйымдастырып, алынған
нәтижелерді дұрыс бағалап, танудың нәтижелерін басқа да дәлелдемелермен
тексеруге мүмкіндігі болады.
Тергеуші немесе сот тану үшін көрсетудің нәтижесін бағалайды, яғни тепе-
теңдікті немесе топтық қатынасын анықтайды, өйткені бұл түсініктер
танушының жауаптарына негізделген бағалауды қажет ететін түсініктер.
Егер, тану үшін көрсету деген жәбірленуші, куә, сезікті немесе
айыпталушының бұрын байқаған объектінің тепе-теңдігін немесе топтық
қатынасын анықтауы дейтін болсақ, бұл қате көзқарас болған болар еді.
Аталған тұлғалар танушы тұлғалар ретінде объектіні танығандары жөнінде
мәлімдейді, ал тергеуші танушыға сұрақтар қою арқылы тану дәрежесін
анықтайды, алынған нәтижені бағалайды, басқа дәлелдемелермен салыстырады,
яғни осындай жолмен теңестіреді (идентификациялайды).
Дегенмен танудың әртүрлі дәрежесі болады - ұқсастықтан тепе-теңдікке
дейін тергеуші: ұқсастық па, әлде тепе-теңдік пе, соны анықтауға міндетті.
Еш уақытта танушының айтқанымен шектеліп қалуға болмайды.
Тану үшін көрсетудің нәтижесінде тепе-теңдік анықталады (нақты бір
объектіні анықтау), ұқсастығы анықталады (объектіні объектілердің тобына
жатқызу) немесе танылмауы мүмкін. Мысалы, танушы тануға көрсетілген
тұлғалардың арасынан біреуін, дәл сол бұрын көрген тұлға ретінде, ерекше
белгілері арқылы нақты таныса, бұл тепе-теңдік болып саналады. Егер танушы,
таныған адамы бұрын көрген адамға ұқсайды, бірақ ұқсас белгілерімен қатар,
оның мәнді айырмашылықтары да бар деп, сол себепті дәл сол адам деп айта
алмайтын болса, онда тануды топтық қатынасын анықтау деп түсіну керек.
Бірінші жағдайда әңгіме дәл сол объект ретінде болып отыр, сондықтан басқа
объектілерді зерттеуден тысқары шығарып тастауға болады, екінші жағдайда
сол және басқа да объектілер зерттеудің пәні болып қала береді.
Тану үшін көрсетудің барысында ұқсастық немесе айырмашылығы
ажыратылатын болғандықтан, бұл криминалистік идентификацияның бір түрі
болып табылады. Бұл туралы С.М. Потапов алғаш айтып кеткен. [30, 69]
Идентификация процессінің заңдылықтарына сай, индентификацияланатын
объект жалпы, нақты объект болу керек. Бұл тануға да тән. Ол айрықша
белгілерімен ерекшеленіп, оның қатысты тұрақты тану белгілері болады. Бұл
белгілер адам арнайы ғылыми-техникалық құралдардың көмегінсіз-ақ түсініп
және есіне сақтай алатындай айрықша және индивидуалды болуы керек. Ойша
кескін арқылы идентификациялаудың идентификацияның басқа түрлерінен
айырмашылығы, объект идентификацияланады, егер ол бұрын танушымен тікелей
бақылап қабылданған болса ғана. Яғни индентификациялаушы объект – идеалдық
категорияға жатады. Бұл адамның санасында сақталып қалған ойша кескін. Оны
зерттеу өте қиын. Сол себепті де тергеу практикасында қателіктер көп бой
алдырады. Сондықтан, тану үшін көрсетудің нәтижелерін бағалауға сонымен
қарау керек және қылмыстық іс жүргізу заңның барлық ресми талаптары мен
криминалистік тактиканың ережелерін қатал сақтаған жөн. Бұлар тану
нәтижелерінің шынайылығының кепілі. Ал қылмыстық іс жүргізу үшін тану тек
әрекет ғана емес, қылмыстық іс жүргізу заңы бекіткен рамкада ғана
жүргізілетін тану әрекеті. Тану – психологиялық әрекет. Қандай жағдайда да
ол орындалуы мүмкін. Қылмыстық іс жүргізуде ақиқатты анықтау үшін адамның
психикалық қызметінің нәтижесі ғана емес, сол әрекетті орындау формасы да
маңызды. Тану үшін көрсетудің нәтижелерінің шынайылығына күмәнданбас үшін
келесі ережелерді сақтау қажет:
Тануға қатыстырылатын адамдардан тиісті адамды немесе затты қандай жағдайда
байқағаны туралы, қандай белгілеріне және ерекшеліктеріне қарай тани
алатыны туралы алдын ала жауап алынады (ҚІЖК 228-бап, 2-бөлік).
Тануға көрсетер алдында танушы мен танытуға көрсетілетін адамдардың бірі-
бірін көрмеуін қамтамасыз ету және танушыға қандай да бір әсер етуді
болдырмау қажет.
Танылуға тиіс адам тануға қатыстырылатын адамға жынысы бір, сыртқы пішіні
мен киімінде айтарлықтай айырма жоқ басқа адамдармен бірге көрсетіледі.
Тану үшін көрсетілетін адамдардың жалпы саны кемінде үш адам болуы керек.
Бұл ереже мәйітті тануға қолданылмайды.
Тергеу іс әрекетіне арасында танылуға тиіс адам орналасқан өзге адамдардың
қатысуы тек олар ерікті түрде келіскен кезде және тануға қатыстырылған адам
олармен бұрын таныс болмаған жағдайда мүмкін болады.
Әдетте мәйіт жеке көрсетіледі. Апаттар туралы істер бойынша және құрбан
болғандардың саны айтарлықтай болған басқа істер бойынша мәйіт тану үшін
жалпы қаза болғандармен бірге көрсетілуі мүмкін. қажет болған жағдайларда
тергеушінің нұсқауы бойынша танушы адамға мәйітті көрсетпес бұрын маман
мәйітті гримдейді. Тергеушінің мәйітті оның жатқан жерінде сақталуын
қамтамасыз ету туралы нұсқауы тану үшін ұсынуға қажетті уақыт кезеңінде
орындалуға міндетті.
Егер танитын адам куә немесе жәбірленуші болса, оған танудың алдында айғақ
беруден бас тартқаны үшін, көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық
жауаптылығы туралы ескертіледі, оған сондай-ақ өзіне, еріне (зайыбына) және
өзінің жақын туыстарына, ал қызметшіге – тәубе үстінде өзіне ішкі сырын
сеніп ашқан адамдарға қарсы куәлік етпеу құқығы түсіндіріледі.
Тану жүргізудің алдында тергеуші танылуға тиіс адамға өзге адамдардың
арасында кез келген орынды таңдап алуын ұсынады.
Адамды көрсету мүмкін болмаған кезде тану оның фотосуреті бойынша
жүргізілуі мүмкін, ол бет әлпеті танылуға тиіс адаммен мүмкіндігінше ұқсас,
кемінде үш адамның фотосуретімен бірге көрсетіледі, тану сонымен бірге
дыбыс және бейнежазба бойынша да жүргізіледі.
Зат кемінде үш біртектес затпен бірге көрсетіледі. ұқсас объектілерді
іріктеп алу мүмкін болмаған немесе қиын болғанда затты тану үшін көрсету
жалғыз дана бойынша жүргізіледі.
Тану үшін көрсету куәгерлердің көзінше жүргізіледі.
Танушы адамға өзі ол туралы айғақ берген адамды немесе затты көрсету
ұсынылады. Жетекші сұрақтар қоюға тиым салынады.
Танушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ дауыс, сөйлеу,
жүріс ерекшеліктері бойынша тану кезінде адамды тану үшін көрсету танылуға
тиіс адам танитын адамды көрмейтіндей жағдайда жүргізілуі
мүмкін. Бұл жағдайда куәгерлер тануға тартылған адаммен бір жерде
тұрады. Тануға тартылған адам мен куәгерлерге тану үшін көрсетілген
адамдарды жеткілікті көріп байқау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
Тануға көрсетілген адамды сол белгілері бойынша танушының қайталап тануы
жүргізілмейді.
Тану үшін көрсету туралы хаттама жасалады (ҚІЖК 229-бап).
Тану үшін көрсету басқа да тергеу әрекеттеріне ұқсайды, дегенмен
олардың айырмашылығы бар. Мысалы, жауап алуда да және тану үшін көрсетуде
де, дәлелдеме болып жауаптағы фактілік деректер саналады. Бірақ, жауап
алуда куә белгілі бір фактілік деректер айтады, ал оны өзі тікелей
қабылдады ма, әлде біреуден естіді ма бұл маңызды емес. Тану үшін көрсетуде
танушы тек өзі тікелей бақылап қабылдаған объект туралы жауап береді.
Сонымен қатар, объектілерді теңестіру үшін криминалистік сараптама
қолданылады. Сондықтан тану үшін көрсету мен сараптамалық зерттеудің
арасында кейбір ұқсастықтар бар, өйткені екі жағдайда да теңестіру
жүргізіледі. Бірақ, сараптама теңестіруді материалдық объектілерде
бекітілген белгілер арқылы жүргізсе, ал тану үшін көрсетуде объект
танушының санасында бекітілген белгілері арқылы теңестіріледі.
Сарапшымен жүргізілетін теңестіру ғылыми әдістер мен тәсілдерге
негізделсе, тану үшін көрсетуде теңестірілетін объектінің белгілерін
субъективті елестетіп жүргізеді. Сараптама танудан сондай-ақ процессуалдық
тұрғыда ажыратылады.
Тану үшін көрсетуде танушы танытуға ұсынылған объектілерге қарау
жүргізеді. Бірақ, мұндай қарау тергеу қарауының бір түрі болып табылмайды,
өйткені тану барысында танытуға ұсынылған объектінің танушыға бұрын белгілі
болған белгілері бар-жоқтығы анықталады, ал тергеу қарауы барысында
қаралатын объектінің бұрын белгілі болмаған белгілері анықталады.
Тергеу қарауын тергеуші жүргізеді, ал тану барысында қарауды - танимын
деген тұлға (куә, жәбірленуші, сезікті немесе айыпталушы) жүргізеді.
Тану үшін көрсетілетін объектілер әртүрлі болады. Оларды түрлері
бойынша топтайды. Бұл процессуалдық жағынан және криминалистік тұрғыдан да
өте маңызды, өйткені объектілерді тану үшін көрсетудің процессуалдық
тәртібі мен тергеу әрекетін жүргізудің тактикалық тәсілдері объектілердің
түріне байланысты. Сол себепті, криминалистикада тану үшін көрсетудің
келесі түрлері бар:
Адамдарды тану үшін көрсету.
Мәйітті тану үшін көрсету.
Заттарды, қылмыс құралдарын, құжаттарды және жануарларды тану үшін көрсету.
Жер учаскелері мен үй-жайларды тану үшін көрсету.
Фотосурет, бейне және дыбыс жазбаларын тану үшін көрсету.
Бұл тізім қатып қалған тізім емес, тану объектілердің түріне және
жүргізу жағдайына байланысты көбеюі де мүмкін. Сондықтан да,
криминалистикада объектілерді ұқсастығына байланысты топтап береді. Осы
объектілерді тану заң негізінде жүргізілсе онда оның дәлелдемлік күші
болады. Тануға ұсыну тергеу әрекеті тәжрибеде жиі кездеседі, бірақ оны
қарапайым танудан ажырата білу керек. Мысалы.:
1. жәбірленуші қылмыскерді көшеде кездейсоқ кездестіріп қалып таныса
немесе одан өзінен ұрланған заттарын қөріп таныса;
2. қылмыскерді баспасөз ақпараттарынан көріп таныса (теледидар
бағдарламасынан, ғазеттер);
3. тінтуді жүргізу кезінде куәгер ретінде қатысқан көрші пәтерінен
ұрланған заттарын таныған және басқа да жағдайларда;
Бұл қарапайым тану және осы мәліметтер жауап хаттамасында бекітіледі.
Сонымен қатар, тергеу әрекеті ретіндегі тану жедел іздестіру қызметінің көп
адамдарға суреттерді көрсетуден туратын тактикалық тәсілдерден айырмашылығы
бар. Тәжірибеде жедел іздестіру қызметкерлері жәбірленушіні өзімен бірге
ерітіп алып кәсіпорындарды аралап шығар есіктерінің алдында тұрып қарапайым
тануды, көзбен шолуларды жүргізген. Жалпы тануға ұсынудың маңызы мынада, ол
жеке тергеу әрекеті ретінде дәлелдемелер жинаудың бір түрі болып табылады,
сонымен қатар тану мыналарды тексеру үшін қажет: тергеу болжамдарын
тексеру; қараудың нәтижелерін тексеру; жауаптарды тексеру; тінту
нәтижелерін тексеру. [16.126]
Осылайша тану үшін көрсету дегеніміз бұрын көрген объектінің дәл сол
екендігін немесе оның айырмашылығын анықтау мақсатында тергеуші тану үшін
куәге, жәбірленушіге, сезіктіге немес айпталушыға адамды, затты, жер
учаскілерін, үй жайларды және мәйітті көрсете алады.
[ҚР ҚІЖК- ның 228,229 б.б.]
Сурет1 . Адамдарды тану үшін көрсету тәбтібі.
Тану үшін көрсетудің негізгі шарттары. Объектілерді танытуға көрсетер
алдында тергеуші біраз дайындық жұмыстарын жүргізу керек. Осы жұмыстардың
ұқыпты, мұқият жүргізілуіне бұл тергеу әрекетінің сапалығы, нәтижелігі,
қорытындысының объективтігі тікелей байланысты.
Жоғарыда айтылғандай, объектілерді танытуға көрсетудің керектігі бұдан
бұрын куәгерден, жәбірленушіден, не айыпкерден алынған жауаптарынан
туындайды. Сондықтан, бұл тергеу әрекетін өткізу қажеттігін, оны өткізу
мүмкіндігін шешер алдында тергеуші осы адамдардың объектіні қандай жағдайда
көргендігін, оның сол объектіні қандай жеке белгілері, ерекшелігі бойынша
тани алатындығы жөнінде жауап алады. Бұдан соң бұл тергеу әрекетін қашан
және қай жерде өткізу керектігін, өткізетін жерін, уақытын тағайындайды.
Бұл мәселелерді шешуде тергеушінің объектіні танытуға неғұрлым тезірек
көрсету керектігін қатаң ескертуі тиіс. Өйткені уақыт өткен сайын куәнің
(жәбірленушінің) ойында көрген объектінің бейнесі, белгілері ұмытылып,
көмескіленуі мүмкін. Сонымен бірге бұл жұмысты асығыс өткізуге де болмайды.
Себебі дайындық кезіндегі асығыстық тергеу әрекетінің сапасына кері әсерін
тигізеді.
Тергеу әрекеті объектілерді көрсетуге қолайлы, ыңғайлы жерде өткізілуі
қажет.
Дайындық жұмыстарының ең бір күрделісі - көрсетілетін объектіге ұқсас
объектілер табу. Айталық, адамды танытуға осы адамға сыртқы тұрпаты, пішіні
ұқсас адам, зат болса белгілері ұқсас зат табу. Бұл тергеу әрекетін
жүргізгенде бұған белгілері бір мамандарды қатынастыруға тура келеді.
Айталық, мәйіттің кім екенін таныту үшін оны көрсетуге тура келсе сот -
медицина саласындағы маманды, объектіні танушы жасы жетпеген куә жас бала
болса педагогты қатыстыру керек. Дайындық үстінде тергеуші керек құрал-
саймандарды, ғылыми-техникалық құралдарды әзірлеп алуы керек. Суретке не
кинотаспаға түсіру керек болса фото-кинобейне аппаратын дайындап, оны
қолданып, түсіретін адамдарды тағайындау қажет.
Танытуға көрсетілетін объектілерге байланысты бұл тергеу әрекеті
бірнеше түрге бөлінеді. Атап айтқанда, адамның кім екенін таныту, заттарды
танытуға көрсету, өлікті кім екенін, оның аты жөнін білу үшін танытуға
көрсету. Малдарды танытуға көрсету, белгілі бір жерді не бөлмені, тұрғын
үйді танытуға көрсету. Объектілердің түрлеріне байланысты оларды көрсету
тактикасында да ерекшеліктері бар.
Тану үшін көрсету алдында жауап алу. Тануға қатыстырылатын адамдардан
тиісті адамды немесе затты қандай жағдайда байқағаны туралы, қандай
белгілеріне және ерекшеліктеріне қарай тани алатыны жөнінде алдын ала жауап
алынады. [ҚІЖК 228 бап, 2-бөлік] Аталған мәліметтер алғашқы жауап алғанда-
ақ анықталады және қосымша жауап алуда нақтылануы мүмкін. Тану алдында
алынған жауапқа көп нәрсе тәуелді. Мысалы, адамның сыртқы белгілері немесе
объектілердің белгілері туралы толық мәліметтер іздеуді жеңілдетеді,
танытуға ұсынылатын объектілерді дұрыс таңдауға жағдай туғызады, танудың
шынайылығын арттырады және тану үшін көрсетудің нәтижесін дұрыс бағалауға
септігін тигізеді.
Объектіні бақылау кезіндегі жағдайларды анықтай отырып, тергеуші толық
және дұрыс қабылдауға әсер ететін объективті және субъективті факторларды
анықтауы қажет. Оқиға басталар алдында, бақылау барысында және аяқталғанда
жауап берушінің қандай жағдайда болғаны, көңілінің қай жақта болғаны, қанша
уақыт бақылай алды, ол объектімен таныстығы, жарықтың күші және бағыты,
қабылдаған объектінің оны қоршаған басқа заттармен өзара орналасу жағдайы
анықталады. Жауап берушінің жауабын дұрыс бағалау үшін оның көру және есту
қабілетін, дефектілерін білу қажет. Адамның бет-әлпетін және заттардың
белгілерін есте жақсы сақтау мүмкіндігін анықтап алған дұрыс. Бұрын
иелігінде болған заттардың белгілерін атаған кезде, сол заттардың қандай да
бір бөлігінің жауап алынып отырған тұлғада қалған-қалмағаны анықталады.
Егер қалған болса оларға қарау жүргізіп, мүмкін болса сақтау керек.
Өйткені, іздеген сол заттар табылған жағдайда, танудың нәтижесін қуаттау
үшін криминалистік, тауартану, химиялық және басқа да сараптамалар
жүргізілуі мүмкін.
Бұрын бақыланған тұлғаның бет - әлпеті туралы жауап алғанда жауап
берушіден тергеуші ол туралы барлық білетінін тізіп шығуды ұсынады.Оның
әңгімесін тыңдай отырып, тергеуші оның атаған белгілерін қағазға түсіріп
отырады. Жауап берушіге тексеру сұрақтарын қоюға болады, ол оның жауабының
дұрыстығын бағалауға мүмкіндік береді. Егер еркін әңгімелеу барысында
берген жауабындағы мәліметтер жеткілікті негізделген, бірақ толық болмаса
тергеуші сөздік сипаттамасын толықтыруға бағытталған нақтылаушы сұрақтар
қоя алады. Адамның сыртқы белгілері туралы мәліметтер адамның сыртқы
белгілерін сипаттаудың криминалистік ережелеріне сай, ретпен алынады.
Бірінші жалпы белгілері, сосын жеке белгілері анықталады.
Адамның сыртқы белгілерін дұрыс сипаттауға көмектесу үшін, тергеуші
көрнекі құралдарды пайдалана алады: суреттер, адамның бетінің жекелеген
бөліктерінің кескіндері, таблицалар, компьютерлік және композициялық
портреттер қолданылады. Қандай да бір белгілерді сипаттағанда қолданған
жауап берушінің сөздері мен терминдерін тергеуші өзгерте алмайды, олар сол
күйінде хаттамаға түсіуі керек. Бірақ жауап берушінің қолданған терминдері
мен сипаттамасы адамның белгілерін түсіндіруге түсініксіз болса (мысалы,
өзі бір кең немесе түрі әдемі немесе әдемі емес деген сияқты т.б.) немесе
еш мағынасы болмаса, тергеуші олардың берген жауабымен шектелмеуі керек.
Бұл сипаттамаларды хаттамаға түсіре отырып, тергеуші нақтылаушы сұрақтар
қою арқылы адамның бет-әлпетін сипаттауда келтірген жауап берушінің
сипаттамаларын қуаттауы керек немесе нақтылауы керек. Жауап алу барысында
бұрыннан белгілі фактілік деректерге қайшы мәліметтер алынса, тергеуші
нақтылаушы сұрақтар қою арқылы оларды жояды және оларға жауап берушінің
көңілін аударады. Мұндай жағдайда тергеушіге өзінің ойын айтуына болмайды
және танытуға ұсынылатын тұлғаның белгілеріне қатысты мәліметтерді беруіне
болмайды.
Жауап аяқталғаннан кейін ол адамды ұқсас басқа адамдардың арасынан тани
алатындығын анықтайды.
Көп жағдайда жауап берушілер бұрын бақыланған тұлғаның белгілерін
естеріне жақсы сақтап қалса да, жауап алуға келгенде олардың сырт
белгілерін сипаттауда қиналады. Басқа адамның сырт белгілерін сипаттаудың
әдісін білмегендіктен, бұл тануға қарағанда психологиялық ауыр міндет.
Сондықтан, танушы бұрын көрген адамын тани аламын, бірақ сырт белгілерін
толық сипаттап бере алмаймын дейтін ситуациялар көп туындайды. Мұндай
жағдайда, тергеуші жауап берушінің сенімділігі неге негізделетінін анықтау
керек. Жауап берушінің көзбен көріп есте сақтау қабілеті (зрительная
память) жоғары болуы мүмкін, бірақ көргенін мүлде сипаттай алмауы мүмкін.
Белгілерге негізделмеген танудың дәлелдемелік маңызы жоқ деген ойлар
заңгерлердің арасында көп. Бұл психологияның мүмкіндіктеріне негізделген,
яғни есте сақтаудың мықтылығының кепілі, объектінің көзі жоқ кезде оның
белгілерін жаңғырта білу болып табылады. Егер тануға ұсынылатын объектінің
белгілері туралы жауап алуда толық мәліметтер алынса және танушы тану
барысында бұл белгілерді көрсетіп берсе оның нәтижелерін шынайы деуге
болады. Ал, танушының танытуға ұсынылатын тұлғаның белгілерін алдын ала
жауап алу барысында не себепті айта алмағаны түсініксіз болса, не болмаса
белгілерін көре алмадым десе, бірақ танытуға ұсыну кезінде таныса, мұндай
танудың дәлелдемелік құны күмән туғызады.
Психология заңдылықтарына сай, танытуға ұсынар алдында танушыдан қайта
жауап алу керек. Егер белгілерін толық айта алмаса одан белгілі бір уақыт
өткенннен кейін қайта жауап алған дұрыс. Мұндай әдіс тиімді нәтиже беруі
мүмкін. Мұндай жағдайлар, әсіресе уақытша санасынан айырылғанда немесе
асыра ширығудың нәтижесінен ағзасы шаршағанда орын алуы мүмкін. Аздап
тыныққаннан кейін бәрі орын-орнына келуі мүмкін, ұмытқаны есіне түсуі
мүмкін. Мұны психологияда реминисценция деп атайды. Сондай-ақ, қайта жауап
алғанда сырт белгілер туралы қосымша мәліметтер пайда болса, тергеуші
жауаптың өзгеру себептерін де анықтауы керек. Алғашқы және қайта жауап
алуда адамның сырт белгілері әртүрлі сипатталса және бұл қайшылықтар
жойылмаған болса, жауаптың қарама-қайшылығы анық, мұндай жағдайда танудың
дәлелдемелік маңызы болмайды.
Кейде бірнеше танушыдан жауап алынады. Олар танытуға ұсынылатын адамды
әртүрлі сипаттап береді. Мұндай жағдайда олар дәл сол адамды сипаттады ма
немесе олардың көңілі ол тұлғаның әр бөлігіне ауды ма деген сұрақтар
туындайды. Тергеу практикасында мұндай жағдайлар орын алады. Шындығында да
бірнеше адам тануға ұсынылған тұлғаның белгілерін дұрыс сипаттайды, бірақ
субъективті қасиеттеріне байланысты, олардың әрқайсысы тұлғаның әртүрлі
белгілеріне көңіл аударған болып шығады.
Объектілерді сыртқы белгілері максималды ұқсас объектілердің арасында
көрсету. Танылуға тиіс адам тануға қатыстырылатын адамға жынысы бір, сыртқы
пішіні мен киімінде айтарлықтай айырма жоқ басқа адамдармен бірге
көрсетіледі, ал зат кемінде үш біртектес затпен бірге көрсетіледі деп,
қылмыстық іс жүргізу заңы қатал талап қойған. Бұл талапты орындау қиын,
бірақ міндетті. Танушы бұрын көрген объектінің сырт белгілерін есте жақсы
сақтап қалған болса біртектес объектілердің арасынан оның белгілерін
ажыратып алып, салыстырып тануға мүмкіндігі болады. Ондай жағдайда танудың
нәтижесі де шынайы болмақ.
Егер бұрын көрген объектінің бет-бейнесі санада нашар қабылданған
болса, біртектес объектілерді қарау барысында танушы ұқсас объектілердің
арасында танылуы тиіс объектінің белгілерін ажыратып көрсете алмай қалады,
онда тану жүзеге аспайды. Олай болса, аталған процессуалдық ереже бұзылған
жағдайда қате тануға жол беріледі.
Танытуға ұсынылатын тұлғалардың сыртқы белгілерінің ұқсастығы деп нені
түсіну керек? Танытуға ұсынылатын тұлғаларды таңдау келесі талаптарға жауап
беруі тиіс:
жасында, бойында, дене бітімінде қатты айырмашылық болмау керек;
танытуға ұсынылатын тұлғалардың беттерінің формасы, контуры, беттің
жекелеген бөліктерінің көлемі, шаштың және беттің түсі, шаш үлгісі
максималды ұқсас болу керек, сонымен қатар нәсілдік және ұлттық
ерекшеліктері болмау керек;
танытуға ұсынылатын тұлғалардың киімдері мен аяқ киімдері атауы, фасоны,
түсі, тозғандығы бойынша да ұқсас болу керек.
Ал біртектес заттар туралы айтылғанда, біз: заттардың атауы,
маркілерінің, моделінің, формаларының, көлемдерінің, түстерінің, тозу
белгілерінің ұқсастығы туралы айтамыз. Қылмыстық іс жүргізу заңында заттар
кемінде үш біртектес затпен бірге көрсетіледі деп олардың минималдық санын
көрсеткен. Ал олардың максималдық санын тергеуші анықтайды. Бірақ, неғұрлым
олардың саны көп болса танушының көңілі де шашыраңқы болып кетеді.
Сондай-ақ, танытуға ұсынылатын тұлғалар мен заттар танушыға бұрыннан
таныс болмау керек. Танытуға ұсынылатын тұлғалардың нақты мекен-жайлары
хаттамаға бекітілуі керек, өйткені қажет болғанда сот оларды шақыруы
мүмкін.
Тану үшін қолайлы жағдайды таңдау. Тануға қатыстырылатын адамдардан
тиісті адамды немесе затты қандай жағдайда байқағаны туралы алдын ала жауап
алу барысында анықталады (ҚІЖК 228-бап, 2-бөлік). Өйткені бұл қабылдау,
тану, қайта жаңғырту сияқты факторларға негізделген психологиялық процесс.
Сол себепті, тану үшін көрсетуге әзірлену сатысында тергеуші тергеу
әрекетін жүргізетін қолайлы уақытты, қоршаған ортаны, орынды және жарықты
таңдап алады. Уақытты дұрыс таңдау танудың нәтижесіне де әсер етеді және
бұл көбіне істің ерекшеліктеріне байланысты болады.
Егер оқиғадан кейін тануды жүргізуді кешіктіретін болса ол бірқатар
жағымсыз салдарларға әкеледі, мысалы танушы адам объектінің белгілерін
ұмыта бастайды. Көбіне тану тергеушінің кабинетінде жүргізіледі. Ал тану
жүргізілетін орын оған барлық тұлғалар сиятындай, еркін отырып-тұра
алатындай, еш кедергісіз бақылауға мүмкіндігі болатындай кең және жарық
болу керек. Егер бұрын объектіні қабылдаған уақытта жарықтың бағытталуы
әсер еткен болса, арнайы жарықтарды пайдаланып оны жаңғыртуға болады. Егер
танушы объектіні басқа қолайсыз жерде көрген болса танудың орны ретінде
сондай жерлерді таңдап алуға болады. Сондай-ақ, танушы мен танытуға
ұсынылатын объектінің арасындағы ара-қашықтықты да ескеру керек. Әрине
обстановканы дәл ұқсату мүмкін емес, дегенмен тырысуға керек. Тану
барысында балағаттауға жол бермеу керек, тануға қатысатын азаматтардың
қауіпсіздігін де сақтау керек.
Танушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ дауыс,
сөйлеу, жүріс ерекшеліктері бойынша тану кезінде адамды тану үшін көрсету
танылуға тиіс адам танитын адамды көрмейтіндей жағдайда жүргізілуі мүмкін.
Бұл жағдайда куәгерлер тануға тартылған адаммен бір жерде тұрады. Тануға
тартылған адам мен куәгерлерге тану үшін көрсетілген адамдарды жеткілікті
көріп байқау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс (229-бап, 11-бөлік). Және
танудың алдында танушыға танытуға ұсынылатын тұлағаларды мүлдем көрсетпеуге
тырысу қажет.
Тану үшін көрсетуге дайындалуда тергеуші бірқатар әрекеттерді
ұйымдастыру керек:
танылуы тиіс адамды күзету. Тану орнынан қашып кеткен жағдайлар да көп
белгілі. Сол себепті сақтық шаралары болғаны жөн;
тану үшін көрсетудің нәтижелері мен танылған объектіні бекітуге арналған
ғылыми-техникалық құралдарды әзірлеп қою қажет. Бұған фотоаппарат, бейне
және дыбыс жазбалары жатады;
куәгерлерді алдын ала дайындап қою керек;
танушы немесе тануға ұсынылатын тұлға тергеу әрекеті жүргізілетін тілді
білмейтін болса, алдын ала анықтап аудармашымен қамтамасыз етілгені дұрыс.
Тануға ұсынудың алдында танушыдан жауап алынады, жауап алу міндетті түрде
танудан бұрын жұргізіледі. Ал бұл өз кезегінде танудың растығын және оның
нәтижелерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Жауап алу келесі мән жайларды
анықтау үшін жүргізіледі:
Объективті мән жайлар, яғни осы объект қандай жағдайларда бақыланды ( қай
жерде, қашан, күні, сағаты, жарықтығы,, объектіні қандай қашықтықта көрді,
егерде адамды дауысы бойынша тану жүргізілетін болса, онда оның оның
дауысын қандай қашықтықта көргені)
Субъективті мән жайлар, танушы адамның объектіні бақылаған көрген кезіндегі
адамның денелік және психикалық күйі( сезім органдарының және психикасының
қандай бір кемістігі жоқпа нашар көруі не естуі, қорқыныш үрей болуы,
мазасындануы)
Бақылаған адамның нақты еске сақтай алу мүмкіншілігі( еске сақтау, әдейі
еске сақтаймын деген ниетпен ойында жатталды ма, әлде ондай ойсыз
сақталдыма, не болмаса көрген адамның пішініне неге назар аударды және оның
белгілерін суреттеп, сипаттап бере алама) Яғни жауап алу кезінде қабылдау
сезімнің барлық объективтік және субъективтік мән жайлары анықталады.
1.2 Жеке адамды тануда сыртқы бейне белгілерді пайдаланудың тарихы
Тану үшін көрсету тереу әрекетінің түсінігін талдамас бұрын
криминалистикалық идентификация жайлы ілімді есімізге түсірген жөн. Себебі
осы адамның сыртқы бетәлпетін сипаттау барысында белгілі бір сипатталған
адамның түр келбетін жазудың жүйесіндегі арнайы терминдерін пайдаланып, ол
тұлғаны салыстыра отырып, белгілерінің ұқсастығын дәл сол немесе ол
еместігін тексереміз.
Тану үшін көрсетуде адамның сыртқы бейнесі негізінде қылмыскерлердің
бет әлпеті белгілері мен сыртқы пішінінің белгілерін сипаттау арқылы
теңдестіру көне заманнан бастап қолданған, бірақ кеңінен тарамаған. Осы
тұрғыда 18 ғасырда Ұлыбритания мен Франция мемлекеттерінде бас
бостандығынан айыру орындарында, сол мекеменің қызметкерлерімен бақылауымен
қылмыскерлерді жабық түрдегі шерулерін өткізу арқылы полиция агентеріне
қылмыскерлерді түр - әлпетін естеріне сақтап қалуларына ықпалын тигізіп,
сонымен қатар олардың арасынан бұрын сотты болғандарды айқындауға септегін
тигізіп отырған.
Бұрынғы кезде фотография, дактилоскопия болмаған кезде, адамдар
“сөздік портрет” әдісі бойынша адамның сыртқы бейнесін суреттеуді
білмегенде және тұлғаны айқындау мақсатында антропометрияны – адамның дене
бөліктерін өлшеуді қолдану мүмкіндігі болмағанда, яғни ғылыми әдістерсіз
қылмыстылықпен күрес жүргізу өте қиын болған. Сол кездері қылмыскерді жалпы
ортадан бөліп шығару үшін мертіктіру және таңбалау әдістері қолданылған.
Мертіктіру ежелде жаралау ретінде қолданылып ол арқылы қылмысты
сипаттайын физикалық белгілерін және тұлғаның қанша қылмыс жасағаның
анықтаған. Мысалы, б.з.д. екінші ғасырда пайда болған “Ману заңдары”
атауына ие болған ежелгі Үндістан ескерткішінде жазылған, егер төменгі
кастаның адамы жоғары кастадағы адамға соққы берсе, оның соққы берген дене
мүшесін кесіп тастаған. Ал ежелгі Вавилонда Хаммурапи заңдары бойынша
әкесіне қол көтерген баласының тілін кесіп тастаған, ежелгі Египетте ұрлық
жасаған адамның қолын кескен.
Мертіктіру жазалау және қылмыскерді тану әдісі ретінде Ресей
империясында да қолданылған. Саборда ұрлық жасаған адамның сол құлағын
кесіп, аяғына кісен салып, князь жіберген жерге жұмыс істеткізіп екі жыл
түрмеде ұстаған. Түрмеден шыққан кезде оның қолына ұрлық үшін отырғаны
туралы хат беріп шығарған. Егер босатқаннан кейін ол тағы да ұрлыққа барса,
онда оның оң құлағын кесіп, төрт жыл түрмеде ұстаған. [ 40, 100 бет]
Ал егерде ұрлықшы әскери адамның атын ұрласа, оның қолын кескен.Сонымен
қатар таңбалау да қылмыскерді тану әдісі ретінде ежелден қолданылып келген.
“Ману заңдары” бойынша төменгі тұрған адам жоғары тұрғанның қасынан орын
алғысы келсе, оның жамбасына таңба қойып қауымнан қуып жіберген. Таңбалау
ежелгі Францияда 14-18 ғасырларда қолданылатын, онда қылмыскердің денесіне,
оның жасаған қылмысының сипатын көрсететін таңбаларды әріптер түрінде
қойылған. Мысалы, “Ұ” әрпі ұрлықшы екенің көрсететін, екі “ҰҰ” әріптері
ұрлықшы рецедивист екенің білдірген. Сонымен қатар таңбалау басқа да
елдерде қолданылатын.
1637 жылы царьдың грамотасында былай деп жазылған “ақша” ұрыларын
шыбықпен ұрылып, өлім жазасына кесілген және олардың бетіне “ұры” деген
таңба қойған. 1691 жылы Петр бірінші жарлығында өлім жазасынан
босатылғандарды “в” әріпімен таңбалаған. Ресейде қалмыскерлерді таңбалау
1864 жылғы Соттық реформадан кейін тоқтатылды.
Кейіннен ғылым техниканың дамуына байланысты, адамның сыртқы
бейнесінің белгілерін бейнелеу үшін басқа ғылыми әдістер жетіліп қолданыла
басталды.Тұлғаны тануда 19 ғасырдың екінші жартысында ғылыми әдістерді
қолданыла бастады, оның бастауы “сөздік портрет” жетілдіруден көрінді.
Сөздік портрет әдісі – ғылыми жүйе негізінде адамның сыртқы бейнесінің
белгілерін біржақты терминалогияда бейнелеу болып табылады.
Сөздік портретті алғаш ойлап тапқан 1885 жылы француз криминалисті
Бертильон. Ол қылмыскердің белгілерін бұрынғы қалыпты нысанда емес, белгілі
бір анықталған жүйе негізінде бейнелеуді ұсынды. Бұл ғалымның жетілдірілген
жүйесі бойынша жалпы бастын және беттің әрбір көрінетін бөлігі анықталып
көрініс тапқан және сол арқылы сыртқы бейненің формуласы құрастырылған.
Бертильонның ережесі бірден Франция полициясының тәжірибесіне еніп кетті.
Полиция қызметкерлері қамаудағы белгісіз қылмыскерлердің формулаларын
жаттап, кейін түрмеге барып соларды танып білген. Француз ғалымы Альфонс
Бертилонның жасаған еңбектерінің нәтижесінде қылмыспен күресуші
органдарында адамның сыртқы келбетін сипаттаудың жүйесі пайда болды.
Дегенмен қателіктер әрине кездесті бірақ көп емес, танудың көпшілігі дұрыс
болып шықты.
Бірте бірте “сөздік портрет” әдісі басқа елдерде де кеңінен қолданыла
басталды. Итальяндық ғалым Оттоленгн сөздік портреттін белгілерін кенейтіп,
олардың қатарына әрекет нысаның көрсететін психологиялық белгілерді,
қасиеттерді қосуды ұсынды. Басқа елдерде мысалы Англияда сөздік портретке
абай қарады, оны тәжірибе жүзінде қолдануға бата алмады, себебі сөздік
потреттің конструкциясы күрделі және орта денгейдегі полиция қызметкеріне
менгеруі қиынға алып келетін болды. Дегенмен сөздік потреттің
кемшіліктерінен гөрі артықшылықтары көп болды, уақыт өте келе ол бүкіл
әлемді жаулап алды.
Адамның сыртқы бейнесінің белгілерін ежелгі кезден бері тану
мақсатында қолданылған. Мысалы, криминалистикада кең танылған: “Алабанданың
өкілі, Хризиптің баласы, Аристогеннің құлы Александрияға қашқан. Оның есімі
Герман, сол сияқты Неймос деп атаған, он сегіз жас шамасында, орта бойлы,
сақалы жоқ, аяғы түзу, иегінде шұңқыры бар, мұрынның сол жағында сүйелі
бар, ауызының сол жағында тыртық, оң қолында варварлық әріптермен жазуы бар
татуировка” деп б.з. дейінгі 14 жылдары қылмыскердің сыртқы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz