Аристофан туралы мағлумат



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Аристофан туралы мағлумат
2. Өмірі
3. Комедиялары
Пайдаланылған әдебиеттер
Эллинизм дәуірінде театр қоғамдық-саяси тақырыптан қол үзді. "Жаңа аттикалық комедия" (Менандр, т.б.) тек үй ішіндегі қарым- қатынасты, жеке адамның күйініш-қасіретін берумен шектелді. Эллинистік дәуірде кең тараған тұрмыстық, пародиялық, сатиралық шағын көріністер — мимдер Грекияда ерте кезден-ақ орындалып келді. Мим актерлері маскасыз ойнады. Мұнда әйелдер де қатысты. Эллинистік дәуірде мифологиялық сюжетке кұрылған пантомималық би сауықтары да тарады. Театр халықтың тәрбиешісіне айналып, Эллада азаматтарының еркін көзқарасы мен сенімін қалыптастырды. Грек трагедиясы мифтік тұлғалар арқылы халықтың сыртқы жаулармен саяси теңдік, әлеуметтік әділет жолындағы қаһармандық күресін бейнеледі. Трагедия кейіпкері қаза тапқанымен, көрермендер көңілінде мақтаныш сезім, тағдырдың қатал, ырыққа көнбейтін күштеріне қарсы тұра алатын адам қабілетіне деген сенім ұялататын. Ол адамның жеке басының еркін өсуіне бөгет жасайтын күштерді күйретуге тырысты, сол күрес көрермендерді таңыркатты. Трагедиялық кейіпкер гректерге өнеге болып, олардың бойында адамгершілік парасат сезімдерін, азаматтың биік этикалық асыл қасиеттерін нығайтты.
Грекияның театр мәдениеті дүниежүзілік театрдың дамуына зор әсер етті. Күрделі қоғамдық-саяси, философиялық және этникалық мәселелерді қозғау, зорлық пен езгіге қарсы күресу, көрермендердің ой-санасын тәрбиелейтін қаһарман тұлғалар жасай білу, осының бәрі — Ежелгі Грекия театр өнерінің өміршең куатын танытты
1. Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
2. Античная литература. Анпеткова-Шарова Г.Г., Чекалова Е.И. –Л., 1981
3. О.Е.Людинина. Античная литература. Пропедевтика. Пособие для студентов. Алматы, 2007, стр. 99. Античная литература. Под ред. Проф.А.А.Тахо-Годи. Второе издание, переработанное. М., 1973
4. Шетел әдебиетінің тарихы. Қобланов Ж.Т. Алматы, ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2011.
5. Аристофан. Лисистрата. Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер. Аударған М.Базарбаев. Алматы, «Өнер» баспасы, 1991, 166-бет
6. Аристофан. Лисистрата. Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер. Ауданы М.Базарбаев. Алматы, Өнер, 1991ж. 159-бет

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Аристофан туралы мағлумат
2. Өмірі
3. Комедиялары
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Аристофан (б. з. д. 445 -- 385 жылдар шамасы) -- комедияның атасы болып саналады. Аристофан 44 комедия жазған. Олардан толық сақталғаны 11. Олар:
* "Ахарняндықтар"
* "Салт аттылар"
* "Бүттар"
* "Аралар"
* "Бітім"
* "Құстар"
* "Әйелдер Фесмофорий тойында"
* "Лucucmpama"
* "Бақалар"
* "Әйелдер халық жиналысында"
* "Байлық".
Аристофанның басқа комедияларынан 900-ге жуық ұсақ үзінділер, фрагменттер ғана калған. Аристофан комедияларының тақырыбы -- әлеуметтік теңсіздікті, идеялық ағымдарды күшейтіп, Афины демократиясының дәстүрлі негізіне нұқсан келтіретін соғыс саясатын сынау болды. Аристофан соғысқа қарсы болды, бейбітшілікті аңсады. Ол тек шаруалардың ғана емес, бүкіл Грекияның мүддесін айлады. Аристофан комедиялары халықтың театр формаларымен тағыз байланысты еді. Оның кейіпкерлері адам мінезінің бір қырын ғана алған және ол оны өткір, гротескілі түрде көрсетеді. Сонымен қатар актерлер көрермендерді күлдіру үшін шарж, пародия, буффонадаңы кең пайдаланды. Аристофанның ең жақсы саяси комедиясы б.з.д. 424 жылы қойылған "Салт аттылар" (салт аттылар -- Афины әскерінің ақсүектер бөлігі) болды.

1. Аристофан туралы мағлумат

Эллинизм дәуірінде театр қоғамдық-саяси тақырыптан қол үзді. "Жаңа аттикалық комедия" (Менандр, т.б.) тек үй ішіндегі қарым- қатынасты, жеке адамның күйініш-қасіретін берумен шектелді. Эллинистік дәуірде кең тараған тұрмыстық, пародиялық, сатиралық шағын көріністер -- мимдер Грекияда ерте кезден-ақ орындалып келді. Мим актерлері маскасыз ойнады. Мұнда әйелдер де қатысты. Эллинистік дәуірде мифологиялық сюжетке кұрылған пантомималық би сауықтары да тарады. Театр халықтың тәрбиешісіне айналып, Эллада азаматтарының еркін көзқарасы мен сенімін қалыптастырды. Грек трагедиясы мифтік тұлғалар арқылы халықтың сыртқы жаулармен саяси теңдік, әлеуметтік әділет жолындағы қаһармандық күресін бейнеледі. Трагедия кейіпкері қаза тапқанымен, көрермендер көңілінде мақтаныш сезім, тағдырдың қатал, ырыққа көнбейтін күштеріне қарсы тұра алатын адам қабілетіне деген сенім ұялататын. Ол адамның жеке басының еркін өсуіне бөгет жасайтын күштерді күйретуге тырысты, сол күрес көрермендерді таңыркатты. Трагедиялық кейіпкер гректерге өнеге болып, олардың бойында адамгершілік парасат сезімдерін, азаматтың биік этикалық асыл қасиеттерін нығайтты.
Грекияның театр мәдениеті дүниежүзілік театрдың дамуына зор әсер етті. Күрделі қоғамдық-саяси, философиялық және этникалық мәселелерді қозғау, зорлық пен езгіге қарсы күресу, көрермендердің ой-санасын тәрбиелейтін қаһарман тұлғалар жасай білу, осының бәрі -- Ежелгі Грекия театр өнерінің өміршең куатын танытты

Өмірі
Оның өмірі жөнінде нақты мәліметтер аз. Аристофан Пандион жанындағы Кидафин (Кидатенайон) округінде шамамен б.з.б. 445 жылы дүниеге келген, ал шамамен б.з.б. 385 жылы қайтыс болған деп көрсетіледі.
Әкесінің аты - Филипп, анасының аты - Зенодора. Кей деректерде Аристофанның Филипп, Арар, Никострат, Филетр есімді ұлдары болған және олар комедия жанрының ақындары делінеді. Зерттеушілердің кейбірі Аристофанның афиндық азамат екендігіне күмән келтіреді. Оны Эгинеде, Родоста, енді бірі Египетте дүниеге келген дейді.[[2]] Эгинелік азамат деген пікір Аристофанның бұл жерде үй-жайы болғандықтан айтылған болуы да ықтимал. Бірақ, антик дәуірінен бізге жеткен жазбалар Аристофанның Афины қаласының тең құқылы азаматы болғанын дәлелдейді.
Аристофанның бүкіл жан-тәнімен афиндық ақын болғандығы оның тілінен, ойынан, тіпті темпераментінен де байқалып отырады. Ахарндықтар шығармасындағы ақынның келтірген мәліметтеріне сүйеніп, ол клерух, яғни Эгине аралындағы афиндық колонист болған деген де болжам бар.[[3]]
Б.з.б. ІV ғасырдың басынан сақталып қалған жазба деректе, Аристофанның Пандионид бесжүздік Кеңес мүшесі болғандығы айтылады. Комедиограф өмірінің көп бөлігі Пелопоннес соғысы кезеңімен тұспа-тұс келеді. Ол Перикл дәуірі демократиясын жақтаушылардың бірі әрі орта шаруалы жериеленушілердің көзқарасын қолдаушы болды. Оның комедияларының соғысқа қарсы бағытта жазылып, саудагерлер мен өнеркәсіпшілер құрып отырған радикалды демократиялық үкіметке деген оппозициясының өткір болу себебі де осыдан.
Аристофан жазуды ерте бастаған. Сондықтан оның Тойлаушылар, Вавилондықтар, Ахарндықтар атты алғашқы шығармалары (б.з.б. 427-425 жж.) актер Каллистраттың атынан жарияланған. Аристофан актер ретінде де танылған. Ол өзінің Салт аттылар комедиясында Пафлагондық-Клеонның рөлін ойнаған. Бізге жеткен Байлық атты комедиясынан кейін де Аристофан Кокал, Эолосикон атты драмаларын жазады. Бірақ бұл екі драмасы бізге жеткен жоқ. Оны Аристофанның қазасынан кейін ұлы Арар сахналаған. Кей деректерде бұл екі драмасын Аристофан ұлы Арардың есімі театрлық ортада танымал болу үшін оған сыйға берген делінеді.
Аристофан 40-тан аса комедия жазғанымен, бізге 11 еңбегі ғана жеткен. Хронологиялық тәртіп бойынша келтірсек: Ахарндықтар - 425 жыл, Салт аттылар - 424 жыл, Бұлт - 423 жыл, Аралар - 422 жыл, Бейбітшілік - 421 жыл, Құстар - 414 жыл, Лисистрата - 411 жыл, Фесмофорлар мейрамындағы әйелдер - 411 жыл, Бақалар - 405 жыл, Халық жиналысындағы әйелдер - 392 немесе 389 жыл, Байлық - 388 жыл. Сонымен қатар, Аристофан комедияларының мыңдаған фрагменттері жеткен. Антик әдебиетін зерттеуші ғалым А.Ф.Лосев әлеуметтік-тарихи кезең тұрғысынан Аристофан шығармашылығын 3 кезеңге бөліп қарастырады
1. Бірінші кезең - б.з.б. 427-421 жылдар аралығы (Пелопоннес соғысының алғашқы кезеңінен бастап Никиев заманына дейін). Бұл кезеңге жататын шығармалары саяси сарында, халықтық стиль дәстүрін қатаң сақтай отырып жазған. Оған Кутила (б.з.б.427 жыл), Вавилондықтар (б.з.б.426 жыл) атты сақталмаған туындыларынан басқа, Ахарндықтар (б.з.б.425 жыл), Салт аттылар (б.з.б 424 жыл), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гомер дәуірінін, мәдениеті
Ежелгі дәуір мәдениеті
Қазақ драматургиясының өркендеуі
Ежелгі Грекия
Грек классикалық мәдениеті
Ежелгі Грек мәдениеті. Гомер кезеңі
Комедия. Драмадағы тарихи тұлға
«ЕЖЕЛГІ ГРЕК МӘДЕНИЕТІНІҢ КЛАССИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ»
Эзоп мысалдары мен Крылов мысалдарын салыстыру
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Пәндер