Жапон қоғамының күрделі капитализмге өту жолдары


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Жапонияда 17 ғасырдан бастап капиталистік укладтар қалыптаса бастады, сонымен қатар феодалдық тәртіп дағдарысқа ұшырай басталды. Елдің басын біріктіру, Европалықтардың тең емес шарттарын жою, феодалдық сепаратизімді жоюсынды күрделі міндеттер тұрды. Батыс елдердің елге таңыған тең емес шарттары әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрт төмендетті. Ел аграрлық шаруашылықта қала берді. 1867-1868 жылдардағы революция нәтижесінде сегундық билік пен феодалдық тәртіп түбегейлі жойылды. Император билікті қолына ала салысымен кең көлемді барлық шаруашылық саласы қамтыған реформалар жүргізе бастады. Реформалар елде сәтті жүріп Жапонияның бет бейнесін түбегейлі өзгертті. Бұрынғы артта қалған феодалдық аграрлық ел дмыған капиталистік өнеркәсіпті мемлекетке айналды. Милитаризм мен экспансиялық саясат ұстаған. Жапония Азиядағы бірқатар мемлекеттерді колонияға айналдырды. Бұл Жапонияның құдыреті мен күшінің артқанын, батыс елдерімен отар иелену жолында бәсекеге түскенін білдірді. Жапон тарихында айрықша орын алатын «Мейдзи реформасы»өте өзекті де күрделі тақырыптардың бірі.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Жапонияның реформаға дейінгі жағдайы мен елдің Жапон қоғамының күрделі капитализмге өту жолдары, реформаның маңызын түсіндіру. Жапон қоғамы капитализмге қалай тез икемделді, қандай себептер әсер етті деген сұрақтарға жауап қарастыру.

Тақырыпта төмендегідей міндеттер алға қойылды:

  • Европалықтардың Жапон жағалауларына жетуі, және елдегі феодалдық тәртіптін дағдарысын атап өту
  • Токугава сегунатының европалықтарға жасаған шаралары мен «Жабық есік» саясатян кең көлемде көрсету
  • 19 ғасырдың 50-ші жылдарындағы Батыс елдерінің Жапонияның күшпен ашуын, елдегі революциялық ахуалды айқындау
  • 1867-1868 жылдардағы буржуазиялық революция және императорлықбиліктің орнауын баяндау
  • Жапон қоғамында түбегейлі өзгерістер әкелген «Мейдзи реформасы» және елдің буржуазиялық бет бұрысы
  • Реформалардан кейінгі Жапонияны шолу

Тарихнамасы.

Жапон қоғамында ерекше орын алған реформалық кезең, сонымен

қатар бүкіл Жапон елінің тарихы жайында батыстық әрі кеңестік ғалымдар жазған еңбектері бар.

Курстық жұмыста Ю. Д. Кузнецов, Г. Б. Наблицкая, И. М. Сырицын сынды авторлар шығарған «История Японии» атты еңбегі, А. А. Губер, Г. Ф. Ким, А. Н. Хейфецтің «Новая история стран Азии и Африки» атты оқулығы, Совет энциклопедиясынан кең пайдаланылды.

Тақырыптың құрылымы: Тақырып кіріспеден және Жапония дағы феодалдық тәртіптін дағдарысы, европалықтардың Жапонияны күшпен ашуы және «Мейдзи реформасы» атты екі тақырыптан, қорытынды мен сілтемелер, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жапониядағы феодалдық тәртіптің дағдарысы

Жаңа заман кезеңінде Жапонияда да Азияның басқа елдері сынды феодалдық мемлекет болды. Бірақ Азияның басқа елдері Қытай, Иран, Осман империясына қарағанда Жапон қоғамындағы феодалдық қатынас феодал иеліктерінің көптігімен ерекшеленеді. Сонау орта ғасырларда Индия, Қытай, Жапонияда қалалар пайда болды. Бір ерекшелігі Жапон қалалары сол кездің өзінде-ақ феодалдардан тәуелсіздік алып, еркін муниципалды басқару жүйесі бар қалаларға айналды. Азия елдерімен тығыз байланыста болған Жапония буддизм, конфуцизм сынды идеологиялық жүйелерді қабылдады. Азия Батыс елдеріне қарағанда феодалдық тәртіп ұзақ сақталды. Жапон қоғамында сонау 16 ғасырдың өзінде-ақ алғашқы буржуазиялық укладтар, өсімқорлық орталықтаржолдамалы еңбекке негізделген мануфактуралық өндіріс, тауар-ақша қатынастары енді. Батыс елдерінде бұл уақытта үлкен ғылыми ашылымдар мен «Ренесанс» кезеңі, ұлы географиялық ашылымдар сынды тарихи оқиғаларболып жатты. Теңіз жолы ашылған соң ескі құрлықтағы сауда жолын маңызын жойды. Бұл Азиядағы ірі құатты елдердің артта қалуына тікелей себепкер болды. Европалықтар теңізде жүзуді меңгеріп Оңтүстік Азиядағы әлсіз аймақтардыколониялай бастады. 1497 жылы португан теңізшісі Васко Да Гама Үндістанға жете кешінен испандықтар мен голландтар Индонезия мен Филиппиныды иеленді. Әлсіз алғашқы қоғамдық құрылыстық даму сатысындағы жергілікті тұрғындар европалықтарға қарсылық көрсете алмады.

1542 жылы португалдықтар тұңғыш рет Жапонияның оңтүстігіндегі Кюсю аралына табан тіреді. Будан кейін португалдықтардың Жапон жағалауларына келуі жиіледі1.

Португалдықтар Жапонияның мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында оқ дәрімен атылатын қаруды алтынға айырбастап отырды.

1549 жылдан бастап елге Рим папасының қолдауымен христиан- католиктік миссионерлер көптеп келе бастады. Бұл миссионерлер мен көпестерді жергілікті феодалдар қолдау көрсетті. Жапониямен сауда байланысында Жапондықтар қыруар табысқа кенелді. Жапон феодалдары да өз кезегінде европалық қару -жарақтарды сатып алуға мүдделі болды.

Миссионерлер елде кең ахуалды үгіт насихат жүргізіп, зор табысқа жетті. 16 ғасырдың 80-ші жылдары Кюсю аралында 1 христиан болса, 17 ғасырдың ортасында 7- ға жетті. Сонымен бірге бір ауқытта ағылшын және голланд көпестері де Жапонияға келе бастады.

Европалықтардың елге келуі, Жапонияның бірігуі үшін күрес болып жатқан тұсқа сай келді. Елдегі сегун билігі номиналды ғана болды. Оңтүстігінде ұлы княздіктер сегунға бағынбады. Феодалдардың елді біріктіру үшін күресуі бір жағынан европалықтар тарапынан төнген тікелей қауіпке байланысты болды.

Елді біріктіру жолындағы күресте жапонның аңызға айналған 3 тұлғасы Ода Нобунага, Теотому Хидаеси, Ияху Токугава сынды тұлғалар шықты. Жапондар бұл үшін арысын осы күнге дейін құрметпен пір тұтады. Елдің бірігуіне тағы бір себеп шаруалардың феодалдарға қарсы таластармаған бас көтерулері әсер етті.

Сонау 7 ғасырда қалыптасқан императорлар билігі 16 ғасырда құқығынан айрылып қала сыртындағы сарайда мамыратай тіршілік қалпына көшті. Сегун әскерлері император сарайын қатаң күзетті, ішкі, сыртқы қатынастарын бақылауға алды. Жапон императоры қатты құрметтелді. әрі ол жоғарғы абыз саналды. 17 ғасыр басында Иэясу Токугава өз билігіне Жапонияның көп бөлігін қаратып, сегуп болып жарияланды. Осы кезден бастап токугава сегунаты жалпы 250 жыл билік етті. Сегун елді шексіз билегу кең құқықтар иеленді. Жалпы алғанда архипелагтық ірі Хонсю, Кюсю, Сикокуу, Хоккайдо мен майда аралдардан құралған Жапониядағы бытыраңқылық пен феодалдық сепаратизм жойылды.

17 ғасыр басында Жапон халқының саны 17 млн-ды құраса 17 ғасырдың соңында 25 млн-ға дейін өсті. Жерді жеке меншік ретінді сегун, феодалдар мен будалық және синтойстік храмдар мен монастырлар иеленді. Сегун, княздер мен бай ауқатты самурайлар иелігінде шаруалар еңбек етті. Шаруалар еңбек өнімінің жартысынан астамын қожайындарына төлесе, жан басы салығын сегун қағынасына төледі, қалған бөлігі күнелтуге зорға жетті. Сол кездіге шаруалар жағдайы жапон тарихшысы Эйдзиро Хондзе былай суреттейді: «Шаруалардың қолы мен аяғы кісендеулі, бұғаулы болды. Сегунды, феодалдарды асырап отырған бұл шаруалар тек қана салық төлеу үшін жаралған. Шаруаларға мақтадан тігілген киімдерді киінуіне тыйым салынды. Күрішті шаруалардың қолданылуы тың артық саналды. Шаруа бұл күнжіт майы неғұрлым қаттырақ сықсан, соғұрлым көбірек май аласын деген мақал қоғамда кең тараған»2.

Шаруаларды қанау олардың ашашылыққа күйзеліске әкелді. Шаруалар күйзелістеп шығу үшін өсімқорлардан қарыз алды, соңында олар төлей алмас қарыздарға айналды. Өсімқорлық капитал жүйесі жапон деревьнясына тереңдеп ене бастады.

Токугава саясатының елді біріктіру қалалар мен сауданың өркендеуіне жол ашты. Токугава тұсында 200-ге жуық қалалар мен қалалық типтегі поселкілер болды. Олардың ірілері Эдо, Осака, Киото және басқа қалаларда жүз мыңнан астам халық тұрды. Жапон қалалары қолөнер мен сауданың орталығы болды. Қолөнершілер цехқа бірігіп, кей салаларда монополия болып алды. 17 ғасырдан бастап мануфактуралық типтегі өндіріс орындарының саны өсті. Қаладағы көпестер өте ауқатты тұрып, қоғам өміріне өз ықпалын жүргізе алды. Кейбір көпестерді байлығына соншалық сегун мен княздерді қаржыландыратын сенімді адамдарға айналды. Көпестер кедейленген феодалдар мен княздердің шаруашылықтарын, өндіріс орындарын өз қолдарына алды.

Токугава сегунаты тусында елге феодалдық қатынас дағдарысқа ұшырады. Шаруаларды қанау одан ары күшейді. Барған сайын төменгі тап өкілдерінің бас көтерушілері күшейді.

17 ғасырдың 30-шы жылдарында сегун Иэлицу Токугава Жапонияның сыртқы әлемнен оқшалануы туралы бірқатар шараларды іске асырды. Европалықтарды және христиан миссионерлерін елден қуу, христиан дінінің одан ары тарауына жол бермеу шаралар ерекше орын алды. 1640 жылы португалдықтар макао портына келіп, сегунмен келіссөз жүргізу мақсатын айтып өтті, миссия қатысушыларының бірі дарға асылды.

Жапонияның «Жабық есік саясатын» ұстануы Европалықтардың елге ықпал етуін доғарып, феодалдық тәртіпті ретке келтіру мақсатында жасалды. Сегун мен феодалдықтар Европалықтардың келуі өз біліктерінен айыруы мүмкін деп қорықты. Бұған себеп 1637 жылы Симабарадағы христиан туы астындағы шаруалардың антифеодалдық бас көтеру болды.

Жапонияның ресми табылуы Европамен сауда байланыстарын тоқтатты. Тек Симабарадағы көтерілісті басуға көмектескен үшін голландықтарға ғана кейбір порттарға келуге мүмкіндік берілді. Жапония, Қытай көпестерімен сауданы жандандырып, екі елде ашық сауданы өркендетті. Жапон көпестері Қытай, Индонезияда, Филиппиныда сауда жүргізді.

17 ғасырда орыс теңізшілері де Тыңық мұхитының солтүстік айдынында жүзіп жүрді. 18 ғасырдан бастап орыс теңізшілері Куриль аралдарын игере бастады. 1739 жылы В. Беринг экспедициясы Жапон жағалауларына жетті 1792-1793 жылдары орыс теңізшілері А. К. Лаксман Жапон үкіметімен сауда келісімдері туралы келіссөздер жүргізбек ниеттері сәтсіз болды. Жапонияның біршама уақытта оралықтануы елдегі өзара қақтығыстарды тоқтатып, шаруашылықтың дамуына мүмкіндік берді. Деревняға товар-ақша қатынастары енді, қолөнер өркендеді, Жапонияның феодалдық экономикасында капиталистік укладтар бастады.

18 ғасырдың мануфактуралық өндіріс өркендеп, тігін, шарап өндіру, бояу өндірісі, қант, қағаз өнеркәсіптері кеңейді. Бір сөзбен айтқанда жапон экономикасының кпиталистенуіне феодалдық тәртіп бөгет жасады. Шаруаларды қанау барынша күшейе түсті. Төменгі сословиеге салынатын салық түрлері де көбейді. Бүкіл 18 ғасырдығ он бойы шаруалар көтерілістерімен ерекшеленді. Токугава сегунаты тусында елде сословиелік күрес анық байқалды. Бір уақытта Батыс Европада өнеркәсіптік капилизм жеңіске жетіп нық орнықты. Батыс елдері орташылдық қиғылды көздеп, Азияның әлсіз елдеріне ауыз сала бастады. Жапонияда феодалдық тәртіп терең дағдарыс шегінде тұрды. Батыс елдерінің бұл елді колониялау қауіпі тұрды3.

Европалықтардың Жапонияны күшпен

ашуы және Мейдзи реформасы

19 ғасырдың ортасында Батыс елдерінде ұлы өзгерістер жүріп жатты. Бүкіл Европаны қамтыған революциялар шарпыны мен өнеркәсіп төнкеріс кезеңі басталды. АҚШ, Англия, Франция сынды елдер буржуазиялық укладқа нық орнығып, енді Азиядағы әлсіз елдерді отрлауға көшті. Бұл кезеңде Англия кең байтақ Үндістанды отарлауға аяқтап, Қытайға ауыз сала бастады. АҚШ, Франция да өз кезегінде Жапонияны ықпал ету аймағына айналдыра бастады. 1855 жылы Ресей елшілігін бастап келген А. Путятин Жапонияны шекараны межелеуді, сауда байланыстарын жалға қоюға мақсат етті. Жапония мен Ресей арасындағы шекара Итуруп пен Уруп аралдары бойымен өтті. Сахалин аралы даулы мәселе болып қалды. Ресей басқа Батыс державаларымен қарағанда Жапониямен бейбіт қатынаста болды.

1855 жылы АҚШ пен басқа да европалық державалар Жапониямен келіссөздер жүогізілді. Бұған қанағаттанбаған АҚШ, Франция, Англия қорқыту арқылы жаңа тең емес дәрежедегі келісім шартты Жапонияға күштеп таңды. Шарт бойынша Батыс державаларына бүкіл Жапон порттарын ашу. Европалық таварларға төмен кедеңдік тарифтер белгілеу, амермкандықтарды жапон сотымен соттамау, елде қарулы армия ұстау мүмкіндік алу жапон сегуны тарапынан орындалды. Көп ұзамай бұндай құқықтарды Англия, Голландия, Франция, Ресей де иеленді.

1858 жылы Жасаған Жапония мен Батыс елдері арасында тең емес дәрежедегі шарттар елдің күшпен ашылуын білдірді. Европалық капиталдың енуі Азияның басқа елдері секілді Жапонияда да халықтың күйзелісі мен феодализмнің даңдарысын одан әрі тереңдетті. Шетелдік қымбат бұйымдарды пайдалану феодалдарға көп қаржыны талап етті. Бұл мәселені орындау үшін феодалдар шаруалардан салық салуды көбейтті. Шетел таварларына кедең тарифының өте төмен болды, олардың тым көбейіп кетуіне әкелді. Тең емес дәрежедегі шарттар кейінгі шетел таварларының қаптап кетуі елдегі қолөнер мен шаруаларды күйзеліске ұшыратты. Жергілікті өнім өндіру үрдісі тоқырады. тұтыныс тауарларының қымбаттады. Қаланы аз қамтыған төменгі жігіне ауыр соққы болды. Сол кезде өмір сүрген бір жапондық: тауарлардық бағасы күн өткен сайын өсуде, бұл қарапайым халыққа ауыр тиюде, бұл жабайылар бізге керек емес заттарын әкеліп, күнделікті тұтынатын қажеттілігімізден айырып отыр. Халық кедейшілікке ұшырады, бұл европалықтар жақын арада бүкіл Жапонияны басып алатын шығар. Бұл қайырымсыздылықты өзміздің сегун сеуіп отыр4.

19 ғасырдың 60-шы жылдары Жапония саяси дағдарыс одан әрі тереңдеді. Елдің әртүрлі аймақтарында шетелдіктерге қарсы стихиялық бас көтерулер күшейді. 1862 жылы Сацума княздігіде ағылшын азаматы өлтірілді. Жапонияда Британ өкілі бұл оқиғаны пайдаланып қалуға тырысып Жапон үкіметінен адам өліміне жүз мың фунт стерлинг төқлеу талабын қойды. Бұл халықтын ашу- ызасын тудырды. Қалаларда «шетелдерге байкот жариялау» туралы листовкалар таралды. Бүкіл Жапонияда шаруалар көтерілістері мен толқулары таластамады. Тек төменгі сословие ғана емес көп артықшылықтарынан айырылған төбе топ феодалдар мен самурайлар да сегунга қарсы шықты, киото тұрғындары тек императорға ғана бағынатынын, сегунга қазіргі жүйені жою туралы ультиматум қойды. Тесю княздігінен самурайлар жасақтары сегунат үкіметіне қарсы шықты. Сегун феодалдарымен татуласуға ұмтылып олардың отбасына аманатқа алу сынды бұрыннан келе жатқан тәртіпті жойды.

1863 жылы сегун Киотаға императормен кездесуге келді. Бұл жерде сегун күшпен ұсталып, императордың шетелдіктерді елден қуу туралы указын орындауға мәжбүр болды. 1863 жылы сегун үкіметі шетелдік өкілдерге «бүкіл жапон порттарының жабылатыны» туралы нота жолдады. Бұл шешімді орындау үшін симоносэки батареялары портқа жақындаған шетел кемелері оқ жудырды. Бұған қарсылық ретінде сол 1863 жылы ағылшын эскадрасы артилериялық бомбылаумен Сацума княздігінің орталығы Кагосима қаласын талқан етті. Сегун үкіметінің елдегі беделі құлдырады. Шетелдіктерге қарсылық білдірген Тесю княздігінің самурайлары император астанасы Киотаны қолында ұстады. Сегун феодалдарқолдауынан айрылған соң шетелдік державаларға арқа сүйей бастады. АҚШ-тағы болып жатқан азамат соғысы елдің Жапонияның ішкі ісіне белсене араласуына жол бермеді. Басты орында Англия тұрды. III Напалеон басқарған Францияда Жапониядағы өз ықпалын күшейтуді ойлады. Француз өкіметі ағылшын жапон қақтығысына арағайындық жасауға өз келісімін берді. француздар сегунға ақшалай көмек беріп, қару-жарақпен жабдықтады. Француз офицерлері сегун армиясын дайындау ісін қолына алды. Сегун өзіне қарсы шыққан Тесю феодалдарын берікшілер деп жариялады. Сегун армиясы Тесюғе қарсы аттанғанда ағылшын, француз, голланнд, американдық біріккен эскада симоносэки портын артилериялық бомболаудың астында қалды. Тесю княздігі аз уақыт күресін тоқтатқанымен кейінірек қайта жалғастырды. Шетелдіктерді берген көмегі сегунға қымбатқа түсіп, оларға қосымша жеңілдіктер беруге мәжбүр болды. Шетел тауарларына кедең тарифын төмендету, шетел азаматтарының елде өндіріс ашуына, жапон соты шетел азаматтарын соттай алмайтыны туралы құқықтар берілді. Англия мен Франция өз дипломатиялық миссиясын қорғаймыз деген сылтаумен елд әскер ұстауға мүмкіндік алды.

Азияның өзге елдері Қытай, Индия, Иранға қарағанда бұл кезенде Жапонияда капиталистік уклад кеңге жайылып, буржуазиялық революцияның алғы шарттарын қалады. 60-шы жылдары елде жапон феодализмінің әрі Токугава режимінің саяси дағдарысы тереңдеді. Революцияның алғы шарттарын қорытындылай келіп В. И. Ленин: Билеуші топтын шексіз билігінің мүмкін еместігі, яғни жоғары топтың дағдарысы деп тұжырымдады5.

Жоғарғы топтын арасындағы өзара қырқыстар антисегундық оппозициясың күшейюі, император сарайы елдегі екінші саяси орталыққа айналуы сегунаттың дағдарысы болды. Жапон феодализіміне қарсы басты революциялық күш шаруалар болды. 1852-1859 жылдары арасында 40 шаруа көтерілістері орын алған болса, 1860-1867 жылдары 86 көтеріліс болып өтті. Кейбіреуінде 200-250 мыңға шуық шаруалар қатысты. Шаруалар көтерілісін қаладағы бас көтерулерімен толықтады.

Қалыптасып келе жатқан жапон буржуазиясы да феодалдық тәртіптерді жоюға мүдделі болды. Қалаларда пайда болған негізінен самурайлардан шыққан әртүрлі интелигация өкілдері елде буржуазиялық идеалогиларды таратты. Жапон буржуазиясы сегунмен байланыста болып, капиталистік жолдағы күресте қабілетсіздік танытты. буржуазиялық шаруалар мен қаладағы колөнершілер көтерілістерінен қорықты. Буржуазия феодалдармен компромиске келіп, елде бұрынғы тәртіпті өзгертпейтін буржуазияға қолайлы аздаған реформалар жүргізуді талап етті.

Антисегундық әскери-саяси орталықтарретінде оңтүстік княздіктер Сацума, Тесю, Тоса және Хирзэн ерекше көрінді. Өздеріне географиялық қолайлығына сүйенген бұл княздіктер сегуннан іс жүзінде тәуелсіз болды. әрі бұл аймақтарда капиталистік қатынастар жақсырақ дамыды. 1863-1864 жылдары бұл княздіктер шетелдіктердің 4 ірі княздік өзара одақ құрып, мықты антисегундық коалицияны құрады. Княздіктің мақсаты императорлық билікті орнату болды.

Ішкі дағдарысты пайдаланған Англия мен Франция елдегі ортаршылдық саясатын одан әрі күшейтті. Франция бұрынғысынша сенды жақтады. Ағылшындар болса Сацума княздеріне қолдау көрсетіп, сегунға айдап салды. Шығысты әлемдік капиталистік рынокқа тарту елдің дәстүрлі шаруашылығы, қолөнер мен мануфактуралық өндірістерді тақырауға ұшыраты, экономиканың дамуын тежеді.

Елдегі 1862-1864 жылдарындағы оқиғалар антифеодардық бас көтерушілер күшейді. 1865 жылы Осака қаласында күшті шаруалар көтерілісі болды. Көтеріліс толқыны сегун астансы Эдоны да шарпыды. Оңтүстік княздері мен феодалдары халық көтерілістерін тек қана сегун үкіметін жою ғана басуға болады деп түсінді.

1867 жылы дәстүрлі императорлық таққа 15 жасар Муцухито келді. Оның істеген әрекеттерінің бәрі оңтүстік княздерінің айтуымен жүргізілді. 1867 жылы антитсегундық оппозиция император атынан сегунге билікті императорға беру туралы меморандум жариялады. Өз қарсыластырын күшті екенін есептей білген сегун бір талапты қабылдауға мәжбүр болды. Оңай беріле салғысы келмеген сегун өзінің сенімді армисымен қарсы шығуға бел байлады. Феодаолдық тәртіппен өз артықшылдарын сақтап қалуға тырысқан феодалдар сегунды қолдады. 1868 жылы Киото түбіндегі 2 қарсы жақтын шайқасында сегун әскері жеңіліске ұшырады. Осы жылдын ақпай айында сегун астанасы Эдо жеңілген туралы капитуляцияға қол қойды.

1868 жылы император армиясы елдің солтүстік шығысында әліде басылмаған феодалдың қарсыласқан соңғы ошақтарын басты. Сегунат өзінің өмір сүруін түбегейлі тоқтатты.

Император Муцухито патшалық еткен кезең Мейдзи яғни «ағартулық басқару» дегенді білдіреді. Император жанына буржуазиялық өзгерістер мен реформалар қалаған оңтүстік княздері мен самурайлары топтасты. Елде императордың бстамасымен барлық шаруашылық саласы қамтыған кең ауқымды реформалар жүргізіле бастады. Бірінші кезекте феодалдық сепаратизммен елдің бірігуі мақсатында феодалдық князьдіктер жойылып, олардың орнына үш орталықтан Токио, Киото, Осакадан басқарылатын префектуралар құрылды.

1872 жылы ресми түрде үш сословие: дворяндар, сословия және қарапайым халық болып белгіленді. Бай жоғары санаттағы самурайлар мемлекет басқару істеріне араласа бастады. Жоғары қызметтерге оңтүстік дворяндары тағайындау дәстүріне айналды. Сацума мен Тесю дворяндары армия мен флоттағы жоғары басшылық қызметтерге тағайындалды.

1872 жылы Жапонияға бірдей әскери міндеткерлік жүйесі енгізілді. 1873 жылы Токиода әскери академия ашылып, онда француз мамндары жапон армиясының командалық составын даярлаумен айналысты6.

Теңіз әскери академисы мен училищисінде ағылшын офицерлері сабақ берді. Жапон армиясы батыстық үлгісімен жасалғанымен, оның идеологиялық түбі сонау самурай моралі мен рухы, синтоизм мен тенноизм мәдинетімен тәрбиеленді.

1872-1873 жылдар аралығында елде ауылшаруашылық реформасы жүргізілді. Деревнядағы капиталистік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында үкімет жаңа помещиктермен ауқатты шаруаларды қолдап отырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы тарихтан дәрістер
Еуроппалықтардың Жапония жағалауларына келуі
Н. Кузанский, Ф. Ницше, Ф. М. Достоевский, Кьеркегор философиясы және модернизмнің философиялық, дүниетанымдық принциптерінің байланысы (ғылыми шолу)
Бірінші дүниежүзілік соғыс
1868 жылдан кейінгі Жапониядағы саяси жағдай
Аралас экономиканың мазмұны мен белгілері
Қазақстанның тұтынушылық мәселесінің салдары
Үндістан, Қытай, Жапонияның саяси феодалдық құқықтық институтарының негізгі және қайнар көздері
Дамыған нарықтық экономикаға негізделген мемлекеттің араласуы
«Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы» пәнінен лекция жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz