Электрондық оқу құралын lcds жүйесі бойынша ұйымдастыру



Қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалайық» деген 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында (28.01.2011ж.) «Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыру мен инновациялық дамуының негізі болуы тиіс» деп көрсетілген [1].
Еліміздегі білім беру саласын ақпараттандыруға бағытталған міндеттерді жүзеге асыру, сапалы білім беру арқылы жоғары білікті мамандарды қалыптастыру, оның ішінде қоғамның сұранысына қажетті мамандарды дайындап, білім мен ғылымды интеграциялау арқылы білім берудің сапасын арттыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру ісіне тиімді қолдану мәселелеріне қол жеткізу, еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік озық тәжірибеге сай реформалауды пәрменді жүргізуді қажет етіп отыр.
Сондықтан, білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында ақпараттық – компьютерлік технологияларды тиімді пайдалануға негізделген бағдарламалық құралдар болып табылатын теориялық материалды ұсынатын, оны меңгеруде өз бетінше шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырып және білім деңгейін бағалауға қажетті электрондық оқулықтарды жетілдіру және құрудың негізгі мәселесінің көкейкестілігі күннен-күнге өсуде.
Кадр даярлаудың барлық деңгейлерін қамтитын маңызды аспектінің бірі электрондық оқытуды e-learning кеңінен енгізу. Мамандар мұның болашағы зор екендігіне түйінді болжамдар жасап отыр. Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Финляндия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдерде электрондық оқыту бойынша ұлттық бағдарламалар орындалып, қағаз оқулықтардың орнын алмастыру мәселесі талқылануда. Электрондық тәсілмен оқыту 2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50%-ын қамту, 2020 жылы бұл көрсеткішті 90%-ға жеткізу жоспарлануда. Сол секілді таяу жылдары мектепке дейінгі тәрбиеде компьютерлік оқыту ойындары, орта мектепте – электрондық оқулықтар, колледждер мен кәсіптік лицейлерде – виртуалды тренажерлар, жоғары оқу орындарында – электрондық ғылыми зерттеу зертханалары пайдаланылатын болды [2].
Қазіргі кезде электрондық оқыту жүйесін (е-learning) құру жеткілікті түрде өзекті міндет болып саналады. Жүйенің мақсаты – жаппай сапалы білім беруге бағытталған жақсы білімдік ресурстар мен техногогияларға білімдік процестің «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін ақпараттандыру» заңы ғылым мен білім беруді дамытудың басты бағыттарының бір саласы болып табылады [3].
Сондықтан да ақпараттық – компьютерлік оқыту құралдарын оқыту процесіне енгізу мен білім беру саласын компьютерлендіру кезек күттірмейтін мәселе. Мемлекеттік бағдарламада ақпараттық және коммуникациялық технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психологиялық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жандүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркінділігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық ғалымдар бойынша ой-өрісі кең, жан дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез-келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі – жоғары білімде. Өйткені жоғары білім үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі.
1. Назарбаев Н.Ә. «Болашақтың іргесін бірге қалайық» (Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы) //Егемен Қазақстан, 29.01.2011ж.
2. Жұмағұлов Б. Бағдарлама баяны нәтижемен өлшенеді. //Егемен Қазақстан, 12 қаңтар 2011 жыл. – 4 б.
3. Қазақстан Республикасының заңы «Ақпараттандыру туралы». Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 11–і, №217 – ІІІ ҚРЗ.
4. https://www.microsoft.com/learning/en/us/training/lcds.aspx#tab1.
5. Сарвиро Ю. Создание курсов дистанционного обучения с помощью Microsoft Learning Content Development, «День некоммерческих организаций», Конференция, Краснодар, 13 октября 2011 года.

УДК 004.415.53

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН LCDS ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ҰЙЫМДАСТЫРУ

Альжанова М.Т.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, Астана

Ғылыми жетекші - Нурбекова Ж.К.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Болашақтың іргесін бірге қалайық деген 2011 жылғы
Қазақстан халқына Жолдауында (28.01.2011ж.) Сапалы білім беру Қазақстанның
индустрияландыру мен инновациялық дамуының негізі болуы тиіс деп
көрсетілген [1].
Еліміздегі білім беру саласын ақпараттандыруға бағытталған міндеттерді
жүзеге асыру, сапалы білім беру арқылы жоғары білікті мамандарды
қалыптастыру, оның ішінде қоғамның сұранысына қажетті мамандарды дайындап,
білім мен ғылымды интеграциялау арқылы білім берудің сапасын арттыру және
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру ісіне тиімді қолдану
мәселелеріне қол жеткізу, еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік озық
тәжірибеге сай реформалауды пәрменді жүргізуді қажет етіп отыр.
Сондықтан, білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында ақпараттық –
компьютерлік технологияларды тиімді пайдалануға негізделген бағдарламалық
құралдар болып табылатын теориялық материалды ұсынатын, оны меңгеруде өз
бетінше шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырып және білім деңгейін бағалауға
қажетті электрондық оқулықтарды жетілдіру және құрудың негізгі мәселесінің
көкейкестілігі күннен-күнге өсуде.
Кадр даярлаудың барлық деңгейлерін қамтитын маңызды аспектінің бірі
электрондық оқытуды e-learning кеңінен енгізу. Мамандар мұның болашағы зор
екендігіне түйінді болжамдар жасап отыр. Жапония, АҚШ, Ұлыбритания,
Финляндия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдерде электрондық оқыту бойынша
ұлттық бағдарламалар орындалып, қағаз оқулықтардың орнын алмастыру мәселесі
талқылануда. Электрондық тәсілмен оқыту 2015 жылға қарай білім беру
ұйымдарының 50%-ын қамту, 2020 жылы бұл көрсеткішті 90%-ға жеткізу
жоспарлануда. Сол секілді таяу жылдары мектепке дейінгі тәрбиеде
компьютерлік оқыту ойындары, орта мектепте – электрондық оқулықтар,
колледждер мен кәсіптік лицейлерде – виртуалды тренажерлар, жоғары оқу
орындарында – электрондық ғылыми зерттеу зертханалары пайдаланылатын болды
[2].
Қазіргі кезде электрондық оқыту жүйесін (е-learning) құру жеткілікті
түрде өзекті міндет болып саналады. Жүйенің мақсаты – жаппай сапалы білім
беруге бағытталған жақсы білімдік ресурстар мен техногогияларға білімдік
процестің Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін ақпараттандыру заңы
ғылым мен білім беруді дамытудың басты бағыттарының бір саласы болып
табылады [3].
Сондықтан да ақпараттық – компьютерлік оқыту құралдарын оқыту процесіне
енгізу мен білім беру саласын компьютерлендіру кезек күттірмейтін мәселе.
Мемлекеттік бағдарламада ақпараттық және коммуникациялық технологияны білім
беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде
анықталады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті
ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа
қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім жүйесін дамыту стратегиясының
басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім үлгісінің негізгі
бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы
орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психологиялық даму ерекшелігіне мән
беру, сол арқылы оның рухани жандүниесінің баюына, саяси көзқарасының,
шығармашылық еркінділігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің
қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы –
жаратылыстану мен гуманитарлық ғалымдар бойынша ой-өрісі кең, жан дүниесі
бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс
қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез-келген
ситуациядан шығудың жолын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілі сабақтарында мәтіндік және ақпараттық материалдар
Электрондық оқыту құралдарын жасаудың ақпараттық архитектурасы
Электрондық оқулықтың құрылымы
Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері жайында
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты
«Информатиканың теориялық негіздері» пәнін оқыту үрдісінде электронды оқу құралын қолдану
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
Оқыту процесін компьютерлендіру проблемалары және перспективалары
Visual Basic және Delphi тілінде жасалған электрондық оқулықтар
Пәндер