Қазақтың ұлттық бұйымдары



1 ҚАЗАҚ ҮЙ
1.1 Түкті, тақыр кілем
1.2 Сырмақ жасау
1.3 Сырмақ әзірлеуге қажетті шикізаттар
1.4 Сырмақ әзірлеу әдіс.тәсілдері
2 ОЮ.ӨРНЕК АТАУЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Ши дайындау
2.2 Шиден жасалатын заттар
2.3 Ши тоқу өнері
3. 9.СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ҚАЗАҚ ҮЙ ЖИҺАЗДАРЫМЕН ТАНЫСТЫРУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Үй іші жиһаздарының ішіндегі ұнамдылығы жағынан да, көркемділігі жағынан да, әсіресе, сырмақ жасау өнері халық ұнататын көп тараған өнер.
Сырмақ жасау. Әдетте, сырмақ, текемет жасалатын, киіз не шымқай ақ не шымқай қара болуы шарт. Киізде түйіртпек, ошаған, тесік болмауы тиіс. Мұндай кемшіліктер оюға, сыруға, бір тегіс иектеуге бөгет жасайды. Сондықтан сырмақ, текемет басатын киіздің жүні, оның өңі күні бүгін таңдалып, ол көбінесе қозы жүнінен алынады. Оны сабағанда да ерекше қадағалап, үлпілдетіп сабайды. Осындай іріктелініп алынған жарамды жүннен сырмаққа, текеметке арнап бет басады. Бет болатын ақ немесе қара киіздің екеуі екі бөлек басылады. Оны ысырап етпес үшін көлеміне қарай әрі шағын, әрі жүнді үнемдеп жұқалау етіп басады. Сондықтан алдын-ала оның көлемін, оған салынатын ою-өрнектің қандай болатынын қарастырады. Сырмақтың беті кейіннен киізбен не кенеппен астарланып сырылады.
Көлемі жағынан қазақ сырмақтар негізінен 4 түрге бөлінеді. Мұның ең үлкені – көш сырмақ. Бұл сырмақты көшкенде жүк артылған түйенің үстіне жабуға арнайды, жалпы көлемі 3-3,5 метрдей, екінші төсеніш сырмақ. Жалпы көлемі 3-3,5 метрдей. Мұндай сырмақтар кейде киіз үйдің төрі бейнелес ірге жағы етектене дөңгеленіп, отбасымен төрге дәлденіп жасалады. Ол тамның, шошалаңның, киіз үйдің төрінің от жағына жалғастыра төселеді. Үшіншісі – төр сырмақ көлемі 2-5 метр. Бұл жиекті жалпы төсеніш киіздің үстінен, қонақ көрпенің астынан салады. Төртіншісі – төсек сырмақ немесе төсек алды сырмағы деп те атайды. Көлемі 2-2,5 метрдей жер төсектің орнына немесе төсектің алдына төсейді. Сырмақтардың кейде 1-1,5 метрлік шағын түрлері де кездеседі. Олар бір кісілік сырмақ деп аталады. Сырмақтың көбінесе ені тар, 1,5-1,7 метр шамасынан аспайды, ал ұзыны 3 метр, кейде одан да артық бола бермек.
Түр жағынан алғанда қазақ сырмақтарының 4 түрлі атауы бар. Оларды “ақ сырмақ”, “қара ала сырмақ”, “жиекті сырмақ”, “дебіске сырмақ” деп аталады.
1 Аймауытұлы Жүсіпбек. Психология. – Алматы: Рауан, 1995.
2 Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1995.
3 Аубакирова Ш. Халық қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1995.
4 Әмірғазин Қ. Қазақ қолөнері. – Алматы: Дайк-пресс, 1995.
5 Бабанский Ю.К. Методы обучения в современной общеобразовательной школе. – М.: Просвещение, 1984.
6 Жасанова А. Технология оқу әдістемесі. 6-сынып. – Алматы: Атамұра, 2002.
7 Зотов Ю.Б. Организация современного урока. – М: Просвещение, 1984.
8 Ильина Т.А. Педагогика. – Алматы: Мектеп, 1977.
9 Кальний В.А., Капралова В.С., Поляков В.А. Основы методики трудового и профессионального обучения. – М.: Просвещение, 1987.
10 Климов Е.А. Общая психология. – М., 1999.
11 Қалиев С., Мыңбаева Ғ., Тәжібаев Қ. – Алматы: Мектеп, 1988.
12 Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Қазақстан, 1995.
13 Қоянбаев А., Қоянбаев С. Педагогика. – Алматы, 2000.
14 Нұрғалиев Р.Н. “Шаңырақ” үй-тұрмыс энциклопедиясы. – Алматы, 1990.
15 Поляков В.А., Соколов Б.А., Уланов В.Г. Методика трудового обучения и воспитания учащихся. – М.: Просвещение, 1984.
16 Чебышева В.В. Психология трудового обучения. – М.: Высшая школа, 1983.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
1 ҚАЗАҚ ҮЙ
Көшіп қонса, өзімен ала жүрген,
Киіз үймен көркейді дала мүлдем.
Жоқ оның не бұрышы, қабырғасы,
Көшпендіге ол баспана бола білген.
Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалады.
Балташылар ағаш ұсталары, ершілер қайыңды, үйеңкіні, үйшілер ағаш ойып,
шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Ағаш ұсталары стол, шкаф, сөре,
орындық, кебеже, асадал, рамалар жасайды. Ағаш шеберлері балта, пышақ,
үстірік (сүргі), бұрғы, қысыр, үскі, қашау сияқты аспаптарды пайдаланады.
Бұл жұмысқа бұтақсыз, таза ағаш таңдап алынады. Ағаштан бұйым жасайтын
шеберлер: емен, қайың, самырсын, үйеңкі, қызыл қарағай, шынар, қара ағаш,
май қарағай сияқты ағаштарды пайдаланады. Әрбір істің ерекшелігіне қарай әр
түрлі жеңіл, әрі жонуға жақсы деп ерді, арбаның төс ағашын, кереуеттің
басын қайыңнан істейді. Пышақтың сабы, қасық, шөміш сияқты заттар әрі
жеңіл, иісі жақсы болғандықтан арша ағашынан жасалады.
Қазақ үйдің уық, керегелерін талдан, табалдырығын қайыңнан істейді.

Киіз үй

Қазақтың байырғы ұлттық баспанасы киіз үй болған, оны кейде киіз үй,
кейде қазақ үй деп атайды. Қазақ үйлерінің үлкен-кішілігін керегелер санына
қарай белгілейді. Академик Ә.Марғұлан өзінің “Қазақ үйі және оның
жиһаздары” деген еңбегінде киіз үйлердің екі, үш қанатынан бастап он екі,
он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлкен түрлері болғандықтан бір үйдің
керегелерінің басы 70-80-нен бастап 360-қа дейін болатындығын айтады. Соған
орай киіз үйлердің түрлері мен атаулары да көп. Бұрынғы хан сұлтандарға тән
атақты байлардың үйлері 8 қанаттан бастап 30 қанатқа дейін баратын. Ал,
орта шаруа кедей шаруалардың киіз үйлері алты қанат, ақ үй, боз үй, қара
үй, лашық, жапта, кепе, күрке деп атаған.
Қазақ киіз үйлерінің негізінен “қыпшақ үлгісі”, “қалмақ үлгісі” деп
аталатын 2 түрі бар. Оның біріншісі – мінсіз дөңгелек, екіншісі – еңсесіз
шошақ үй.
Қазақ үйлерінің сүйегі кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, таяныш,
табалдырық, сықырлауық деп аталатын ағаш құралдарынан тұрады.
Керегеге арналып кесіліп, тезге салып игені, бас-аяғын күміспен
күптеген ағаштарды тор көзден құрастыру арқылы жасалады. Оның әрбір бөлек
қабырғаларын қанат деп атайды. Керегенің басы мен шаңырақтың ортасын
тұтастырып тұратын ұзын ағаш шыбықтарды уық деп атайды. Оның кереге жақ
басын уықтың иіні дейді.
Шаңырақ – киіз үйдің төбесі. Мұны керегенің қанат саны мен басына қарай
мөлшерлеп, қайыңнан иіп жасайды да, өн бойынан уық шанышатын төрт бұрышты
тесіктер қашайды. Оны шаңырақтың көзі немесе қаламдығы дейді.
Маңдайша – екі босағаның үстіңгі жағынан бекітіп тұратын әшекейлі
көлденең ағаш. Киіз үйдің есігінің екі жақтау ағашын таяныш дейді.
Табалдырық – екі таяныштың аяғын көлденең бекітіп тұратын ағаш.
Бұлардың ішінде шаңырақ, табалдырық, маңдайша, қайыңнан, ал басқалары тал,
қара мойылдан, терек сияқты ағаштардан жасалады.
Сықырлауық – киіз үйдің өте әшекейленіп жасалатын сәнді есігі. Бұл
ортасынан ашылып-жабылатын жарма есіктерге ұқсас. Сықырлауықты көздеп,
оюлап, сүйектеп, бояп жасайды. Осы аталып өткен барлық киіз үй ағаштарын
киіз үйдің сүйектерінің барлығы да балқытылып, иіп, ырғаққа тастап кептіру
арқылы жасалады. Үй жасайтын шеберлерді үйші дейді. “Тоғай аралаған - үйші,
ел аралаған - сыншы” деген мақал осыдан қалса керек. Ертеде үй ағашын ел
жайлауға шыққан кезде кесетін. Кесілген ағаштың сыртқы қабығын аршып бас
аяғын тұжырымдап көлеңкеге кептіреді. Үй ағаштарын морға салып балқытады.
Мор дегеніміз – ұзыннан қазылған шұңқыр жерге қойдың қиын тұтанып, үстіне
дымқыл көң, қи үйіп бықсытып қана жаққан ыстық қоламта. Ағаштарды морға
салып балқытқан соң оны ыстық күйінде тезге салып, қажетті бейнеге салып
кептіріп, иеді, содан соң ырғаққа салып қатырады. Ырғақ деп – кірпіштен не
тастан қалап, не жуан ағаштан кертіп жасаған қалыпты айтады.

1.1 Түкті, тақыр кілем

Қазақ қолөнерінде кілемдерді екі түрге бөледі. Олар: тоқу әдіс-
тәсілдерімен, құрамымен, ою-өрнек әуендерімен, мазмұнымен және сипатымен
танымал.
Біріншісі түкті кілем – бірнеше қабат жіптерден тұрады, “түк” атауы
көне түркі тілінде қалың деген мағынаны білдіреді. Мұндай кілемнің тоқу
барысында бірнеше жіптер қолданылады: желі жіп, арқау жібі, жиектеу жібі
және әр түсті теру жібі.
Түкті кілемді жерге төрт қазықпен бекітілген “өрмек ағашта” тоқиды.
Тоқу екі әдіс-тәсілге бөлінеді: 1. Күрмеп алу әдісі, ғылыми атауы “екі
түйінді айқаспа”, “гиордес” кейде “түрік айқаспасы” дейді. Осы айқаспа
кілем тоқуда кеңінен тараған.
Гиордес – түркі елінің кілем тоқу орталығы болып саналатын шағын
қаласы.
Тоқу әдісі өте қарапайым түк шығаратын жіпті екі желі жібінің үстіне
көлденең қоя отыра, екі ұшын желі жібінің сырт жағынан артына қайыра отырып
ортасынан бетіне шығарамыз. Сонымен түк теру жібінің екі ұшы сырттан ішке
кірді. Қазақша “кір” - түрікше “гир”. Менің тұжырымдауымша “гиордес” сөзі
“гир” түбірі қазақтың кір, дес деген жалғаудың мағынасы мынада деп
ойлаймын, қазақтың бірлес, жерлес, қандас, тұқымдас сөздерінің мағынасындай
бір жіптің екі ұшы бірігіп бір жерден шығуы болған сияқты.
Екінші түрі – желі жібінің біріне түк шығаратын теру жібін шалып,
екінші желі жібінің артынан шығарып теру. Жіптің ұшын бос тастайды. Осы
әдісті қазақша оңды-солды шалып алу деп атайды. Ғылыми атауы “полуторный”
немесе “сэннэ” (синэ, сехна) бұл көне иран жеріндегі Сэннэ қаласы (қазіргі
Сенендедж). Бұл қала Иран елінің қазірде кілем тоқу орталығы.
Кей кездерде бұл айқаспаны парсы түйіні деп атайды. Енді ең бастысы,
жоғарыда айтылып кеткендей түкті кілемді еденге төселген аласа өрмек ағашта
тоқылады. Көлемі тықыр кілем тоқитын өрмек ағашынан әлдеқайда үлкен болады.
Желі жіптері осы өрмек ағаштың үстіңгі және астыңғы бел ағаштарына оралады.
Адырғы арқылы желі жіптерді астыңғы, үстіңгі жіптерге бөледі, үстіңгі
қатардағы жіптерді қазақ “еркек жіп” деп атайды, ал астыңғы қатардағы
жіптерді “ұрғашы жіп” деп атайды. Басқа халық тілдерінде де бұл атаулардың
мағынасы осындай ұғымды білдіреді.
Тоқымашы кілем желісінің үстінде орналасқан жылжымалы орындықта отырып
тоқиды. Еден бойлай жатқан кілем желісінің желі жіптеріне теру жіптерімен
түкті айқаспа шығарсақ, түк шығарған теру жібіміз кілем желісіне қарағанда
тік бойлай орналасып шығады, ал арқау жібімізді алатын болсақ, ол тыным
таппай кілем желісінің бір жиегінен екінші жиегіне қарай екпінді қозғалыста
табылады. Осыған орай арқау жібінің міндеті түк шығарған теру жіпті бір
орынға қозғалтпай қатырып түйіп тастайды. Енді теру жібі болса бір орында
түйін болып қалады. Осыған орай түкті кілемдерді “қалы” кілем немесе “ғалы”
кілем атауларына қазақтың “қал”, “қатып қал” түркі халықтарының “ғал” деген
сөздері себеп болған сияқты. Бұл сөздердің мағынасы бірдей “қозғалмай тұр”
деген ұғымды білдіреді.
Түкті кілем туралы жазылып жүрген деректерге сүйенсек, “ғалы”, “қалы”
деп парсы тілінде аталады. Қазақ тіліне осы атаулар кілем бұйымдарымен
бірге кірме сөз деп дәлелдейді.
Ал, Әлікей Марғұлан көзқарасына сүйенсек өте көлемді, түкті кілемдерді
қазақтар “ғалы”, “қалы” деп атаған, ал көлемі кіші кілемдерді түкті кілем
деп атаған. Туыс түркі халқы және басқа халықтарда “ғалы”, “қалы” деп тек
қана түкті кілемдерді, тықыр кілемдерді килим, кілем деп атайды.
Бүгінгі эстетикалық ғылымда анықталған шешім халық қолөнерінің өшпес
қасиеті адамның өзіне біткен талабы және іс-тәжірибе өрісінің атадан
балаға, анадан қызына жалғасатын ісмерлік шеберлік жолдары.
Халық қолөнерінде әр ұлттың өзіне тән өмірден алған іс-тәжірибесінің
дүниетанымға мәні жатыр. Осы ұлттық ерекшеліктер қайталанбас қолтаңба
ретінде оның жасау жолдары естелік болып қалыптаса отыра, тарихи-мәдени
мұра болып қалады. Археологиялық қазбалардың деректеріне сүйенсек, Алтай
таулы өлкесіндегі Пазырақ қорғанынан б.д.д. VІ-V ғғ. табылған көне бұйымдар
арасында түкті кілем, тақыр кілем және басқа тоқымалар болған. Табылған
түкті кілем желісіндегі жіптің орналасу тығыздығы 3200 дмҚ, егер
салыстырмалы түрде қарасақ, қазіргі Алматы кілем фабрикасы шығарған
кілемдердің тығыздығы 1600 дмҚ. Осы деректерді салыстыра отырып, түкті
кілемнің негізгі шыққан жері және “ғалы”, “қалы” деп аталуы, басқа елден,
жұрттан келмей түркі халқы жайлаған Алтай өңірінен тараған деген ой
көңілімізден өріс алады.
Тықыр кілем – бір қабатты, ою-өрнек әуендері сыртынан да, бетінен де
бірдей болып көрінеді. Оны тіке тұрған өрмек ағашта тоқиды.
Тоқу үрдісі: желі жібінен, теру жібінен кейде арқау жібінен тұрады.
Қазақтың қолданбалы қолөнерінде – осы кілемдерді түр-сипаты, ою-өрнек
әуендері, мазмұны арқылы айырады. Мысалы, алты ауыл кілем, шаршы кілем,
тақта кілем, таз кілем деп аталуы айқаспалардың құрамына байланысты. Ендігі
мәселе, тықыр кілемнің бір түрі – ол арабы кілем. Кейбір деректерде осы
кілемді араб кілем үлгілерінен алынған делінген. Егер көне археологиялық
деректерге сүйенсек, көне түрік халықтары арба үстіндегі киіз үйдің еденіне
төсеген киізден жасалған бұйымды – арабаш деп атаған (от киіз). Кейін қазақ
қолөнерінде кілем тоқу өнері ұлғайып жетіле келе киіздің үстіне кілем
төсейді. Міне, осы кілемнің атауы – “арабы” деп аталған. Бұлай аталу
себебі, көптеген түркі халқы тілдерінде, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанда да
арбаны бүгінге шейін араба дейді. Кілемнің осылай аталуы, бұйымның
қолданатын орнына байланысты шыққан деп алғанымыз дұрыс болар.
Халқымыздың кілем тоқу өнерінің тамыры тереңде жатқаны мына деректерден
дәлелдеп топшылауға болады. Мысалы, орыс тілінде “ковер” деп айтылып жүрген
сөз, Фасмердің және т.б. зерттеулері бойынша болгар (Волга, Дунай) тілінде
“kaver”, “kebіr”, түркі тілінде “kіvіz”, “kumuz”, шығыс түркі халықтарында
“keqіz” қазақтың “kііz” деген сөзінен шыққан.
Оқу барысында сағаттың аз бөлінуінен лекцияда нобай тұрғызу, жүн түту,
бояу, сабау, иіру, т.б. жоспарланбаған.
І-семестрде студенттер тәжірибе-оқу барысында тоқуға керек құрал-
саймандарды кілем ағашын, өрмек ағашты пайдалана отырып, жіптердің
атқаратын міндетін және айқаспалардың әдіс-тәсілдерін толық меңгереді.
ІІ-семестрде айқаспалардың күрделі түрлерін қолдана отырып, шағын кілем
немесе гобелен тоқып шығарады.

І. Кілем тоқуға керекті құрал-жабдықтар мен өрмек ағашты жұмысқа
даярлау.
Олар: инелік – оған арқау жібін не болмаса теру жібін орап, ою-өрнек
әуенін тергенге қолайлығы үшін. Тарақ-тоқпақ тоқу барысында жіптерді
нығыздап отырғызу үшін.
Ілмек-пышақ - түкті кілем тоқығанда қолданатын құрал.
Қайшы – түкті тегістеп қырқып отыру үшін.
Қарындаш – түк шығарғанда не тұзақ айқаспаларын тоқығанда керек құрал.
Дәстүрлі кілем тоқуда кілем ағаш – керегеге тікесінен сүйеп, тықыр
кілем тоқитын құрал.
Кейде сүргіленген ағаш кесінділерін бір-біріне қиыстырып төртбұрышты
өрмек жасап кілем тоқиды.

І.1. Желі жібін өрмек ағашқа керу.
Оқу үрдісінде тіке тұрған, көлемі шағын кілем ағашы өте қолайлы. Арқау,
теру жіптеріне қарағанда желі жібі жуан және оның мақта-мата жібінен
болғаны дұрыс. Желі жібінің бір ұшын алып төсеу ағаштың басына байлап,
астыңғы белағашқа тақай ұстап, желі жібінің бір ұшын бет жағымен ала
отырып, астыңғы белағашқа іліп алып, төсеу ағашқа әр қатар сайын бір рет
орап отырамыз. Осылай кілем желісінің керекті еніне дейін қайталап
отырамыз. Осы желі жібі керілген кеңестікті қазақ кілем желісі дейді.
Адырғы ағашы арқылы желі жіптер екі қатарға бөлінеді. Үстіңгі қатар “еркек”
жіп, астыңғы қатар “ұрғашы” жіп деп бөлінеді.

І.2. Кілем желісіне бірінші айқаспаны орындау “алабас” немесе “алақұт”,
оны қарапайым айқаспамен жалғастыру.
Бұл үрдісте бір ақ, бір қара жіп қолданамыз. Әуелі кілем желісінің нақ
ортасында орналасқан жіпті табамыз. Ол астыңғы қатарда болуы тиіс. Осы
жіптен оңнан солға қарай бір ақ, бір қара жіптердің ұштарын өткізіп аламыз.
Сол қолмен тарта отырып, жіптердің ұштарын теңестіріп аламыз. Енді сол
қолдағы жіпті оң қолға, оң қолдағыны сол қолға ауыстыра отырып, жіптерді
айқастырамыз.
Оң қолдағы жіптерді бос тастаймыз, сол қолдағы ақ жіппенен тоқу үрдісін
бастаймыз.
Сол қолымызбен үстіңгі қатардағы жіпті іліп алып, оң қолмен ақ жіптің
ұшын осы жіптің артына өткіземіз. Қара жіпті алып, ақ жіппен айқастыра
отырып, сол қолымызбен астыңғы қатардағы келесі жіпті іліп алып, осының
артына қара жіпті өткізіп, өзімізге қарай шығарып аламыз. Одан кейін ақ
жіппен орындайтын айқаспаны қайталаймыз. Осылай ақ жіп пен қара жіптің
кезектесе тоқылуы қайталанып отырады.
Бұл үрдісте ақ жіптің міндеті - үстіңгі, астыңғы қатардағы жіптердің
ортасымен өтіп отыруы, ал қара жіптің міндеті – астыңғы, үстіңгі қатардағы
желі жіптерін бүріп тартып отыруы. Осылай кілем желісінің жиегіне жеткен
соң, осы үрдіс кілем желісінің ортасына дейін қайталанады. Содан кейін
келесі қос жіппен солдан оңға қарай осы айқаспаның түрін жалғастырамыз, осы
үрдіс алдыңғы тәртіпті қайталайды, ортасына жеткенде барлық жіптердің ұшын
алып, кілем желісінің артына өткізіп жібереміз.
Осы айқаспаның нәтижесінде жамбастап жатқан рим цифрының (V) бесіне
ұқсас ою-өрнек әуені шығады.
Осы ою-өрнек әуенін қазақ қолөнерінде “алабас” деп атайды.
Көп зерттеулерге қарағанда бұны аңтабы ою-өрнек тобына жатқызады. Бұл
теріс анықтама сияқты. Себебі “алабас” сөзі, қазақтың екі түбірден тұратын
“ала+бас” сөзі.
Кілем тоқуда бұл атаудың мәнін бір нәрсенің басына ұқсағандық емес,
кілем-басы, яғни кілем желісіне түсетін бірінші айқаспаның атауы.

1.2 Сырмақ жасау

Үй іші жиһаздарының ішіндегі ұнамдылығы жағынан да, көркемділігі
жағынан да, әсіресе, сырмақ жасау өнері халық ұнататын көп тараған өнер.
Сырмақ жасау. Әдетте, сырмақ, текемет жасалатын, киіз не шымқай ақ не
шымқай қара болуы шарт. Киізде түйіртпек, ошаған, тесік болмауы тиіс.
Мұндай кемшіліктер оюға, сыруға, бір тегіс иектеуге бөгет жасайды.
Сондықтан сырмақ, текемет басатын киіздің жүні, оның өңі күні бүгін
таңдалып, ол көбінесе қозы жүнінен алынады. Оны сабағанда да ерекше
қадағалап, үлпілдетіп сабайды. Осындай іріктелініп алынған жарамды жүннен
сырмаққа, текеметке арнап бет басады. Бет болатын ақ немесе қара киіздің
екеуі екі бөлек басылады. Оны ысырап етпес үшін көлеміне қарай әрі шағын,
әрі жүнді үнемдеп жұқалау етіп басады. Сондықтан алдын-ала оның көлемін,
оған салынатын ою-өрнектің қандай болатынын қарастырады. Сырмақтың беті
кейіннен киізбен не кенеппен астарланып сырылады.
Көлемі жағынан қазақ сырмақтар негізінен 4 түрге бөлінеді. Мұның ең
үлкені – көш сырмақ. Бұл сырмақты көшкенде жүк артылған түйенің үстіне
жабуға арнайды, жалпы көлемі 3-3,5 метрдей, екінші төсеніш сырмақ. Жалпы
көлемі 3-3,5 метрдей. Мұндай сырмақтар кейде киіз үйдің төрі бейнелес ірге
жағы етектене дөңгеленіп, отбасымен төрге дәлденіп жасалады. Ол тамның,
шошалаңның, киіз үйдің төрінің от жағына жалғастыра төселеді. Үшіншісі –
төр сырмақ көлемі 2-5 метр. Бұл жиекті жалпы төсеніш киіздің үстінен, қонақ
көрпенің астынан салады. Төртіншісі – төсек сырмақ немесе төсек алды
сырмағы деп те атайды. Көлемі 2-2,5 метрдей жер төсектің орнына немесе
төсектің алдына төсейді. Сырмақтардың кейде 1-1,5 метрлік шағын түрлері де
кездеседі. Олар бір кісілік сырмақ деп аталады. Сырмақтың көбінесе ені тар,
1,5-1,7 метр шамасынан аспайды, ал ұзыны 3 метр, кейде одан да артық бола
бермек.
Түр жағынан алғанда қазақ сырмақтарының 4 түрлі атауы бар. Оларды “ақ
сырмақ”, “қара ала сырмақ”, “жиекті сырмақ”, “дебіске сырмақ” деп аталады.
Ақ сырмақты бояулы жиекпен ғана тоқылған жиекпен немесе таңдайлап
иірген қара ала жиекпен жиітіледі.
Қара ала сырмақты қара және ақ киізбен ойыстырып, сырып жасайды.
Оюларды құраған тігістің үстіне бояулы жиек бастырылады. Бұл сән-салтанатта
сыйлы қонақтарға төселетін, көш жүгіне төселетін еді. Жиекті сырмақты тұтас
біріңғай ақ немесе қара түсті киіздің бетіне бірнеше түсті бояумен өрнектеп
жиек бастыру арқылы жасайды. Мұны мүлікті тең етіп бууға, жолға алып шығуға
және басқа да күнделікті тұрмыста көп пайдаланған.
Дебіске сырмақты жасағанда тұтас киіздің бетіне әр түсті матаны оюлап
бастырып, сол оюлардың шет-шетіне жіңішке жетік басады. Кейде кестеленген
тұтас матамен тыстап та дебіске жасайды.
Қазақ халқын ескі салт-ғұрпында мал еті мүшелері әрбір кісіге сыбаға
ретінде белгіленген тәрізді, үй іші төсеніштерінің, үй мүліктерінің де жас
мөлшеріне қарай арнаулы адамдары болған. Мысалы, ақ сырмақты қазақтың ескі
ғұрпында көбінесе күйеуі ұрын келмеген оң жақтағы қыздың астына немесе қара
жамылып, жоқтау айтып отырған жесірдің астына төсейтін. Ал, дебіске
сырмақты төсек үстіне, төсек алдына, жас келіншектер мен күйеу жігіттерге
төсейтін. Дебіске сырмақты түс киіз орнына да пайдаланған.
Сырмақты оюлар. Сырмақ жасаушы шеберлер өзі білетін немесе қолында бар
ою үлгілерінің қайсысын алып, оны қалай орналастыруды қарастырады. Сонымен
қатар киіздің көлеміне қарай оны көп кесіп, қырдасынды көп түсірмеу жағын
да ойластырады. Сонан кейін сырмаққа арналған киіздің оң бетін еденге
жаяды. Таңдап алынған ою-өрнектерін қағаз бен тықыр теріге немесе клеенкаға
түсірілген үлгісін киіздің үстіне салып, сол үлгінің ізімен өткір пышақпен
немесе қайшымен мінсіз етіп қиып алады да, сырмақ бетіне салады. Оң беті
қара киізден ойылған болса, оның ортасы ақ киіздің ортасына түседі. Сырт
оюлары ақ киізінің шетіне келіп, ақ киіздің ортасы мен қара шеттің ішінен
орналастырылған, екі түсті, оны жөрмеп тігеді. Осы тәртіппен сырмақтың оюлы
беті құрастырылып болған соң ою жоспарларының үстінен боялған жиек
бастырады. Мұны жиектеу дейді. Оюларын жиектеп басып болған сырмақты астар
төсеп бетпен қоса сыриды.
Сырудың тігісі де екі түрлі: біріншісі – жеке жіптің өзімін әрлі-берлі
тік шаншып сыру арқылы тігу де, екіншісі - қос жіппен сырып тігу, бұл әдіс
инедегі жіпті; астынан тағы бір жіпті бос төсей отырып сыру арқылы іске
асырылады. Мұндай тігіс тігін машинасының тігісіне ұқсайды. Сырмақты сыру
үнемі ою-өрнектің бағытымен оюлана сырланады. Сырылып болған соң сырмақтың
шеттерін тегістеп қиып, шетіне жиек бастырады.
Жиек жіптер неғұрлым ашық түсті, ұяң ақ жүннен иіріледі. Ақ жүнге бояу
жақсы қонады. Жиек жібін иірер алдында одан істелгелі отырған бұйымның
көлеміне қарап қанша метр немесе қанша құлаш керектігін алдын-ала есептеп
шамалайды. Шамалап мөлшерлеудің бұл түрін жіп иірушілер “алқым”, “домалақ”
деп атайды. “Екі ұршық жіп”, “бір алқым жіп”, “4 алқым жіп”, “бір домалақ
жіп” деген сөздер де осы шамалап шыққан.
Жиекке арналған жіпті жалаң қабат түрінде біреуін оңқай, біреуін
солақай етіп иіреді. Содан кейін оларды өз-өзіне қосады да, оны екі
қабаттап екі бөлек етіп тағы да иіреді. Бұл екі қабатталып иірілген екі
бөлек жіпті екі “тін” деп атайды. Бұдан кейін екі “тінді” екі бөлек
домалақтап мөлшерін біліп алған соң, оны бояуға салу үшін қайтадан төгеді
де, жарты метр шамасында етіп босатып шумақтайды. Мұны жіпті келептеу
дейді. Келептелген жиек жіпті қазанға салып, бояумен бірге аударыстырып
отырып қайнатады. Қайнату үстінде жиек жіпті қылшықтары бүріліп,
сыптығырланады да бояу жақсы сіңеді. Қазақтың халықтың әдісінде бояуға
ашудас, мүсәтір, тұз қосып, аздап май салады. Бояу сіңіп, қайнап болған
жіпті су келептеулі қалпында сөреге іліп, кептіреді. Бояудың бір қалыпты
сіңуі үшін сөредегі жіпті де сағат сайын аударыстырып отырады.
Қою қоңыр түске көтерілсе, дөңестене орналасқан, анық басылған әсем
өрнектерге таңданбасқа болмайды. Ертедегі шеберлердің мұрасы саналатын
мұндай бірегей туындылар халықтық қолөнердің, оның эстетикалық мәдениетінің
жарқын үлгісі болып табылады. Осындай туындылары тек мұражайлардан
кездестіресіз. Қазіргі уақытта түскиіз, сырмақ пен текеметтің қарапайым
түрлерінің жасалу жолын әркім біле бермейді.

1.3 Сырмақ әзірлеуге қажетті шикізаттар

Адам баласы өте ерте заманнан бері жан-жануарлардың етін тамақ,
терісін, жүнін киім етіп, сүйегі мен мүйізін еңбек құралдарын, тұрмысқа
қажетті бұйымдар жасағанын тарихи деректерден жақсы білеміз. Кейінірек олар
жабайы аңдарды қолға үйретіп, күнделікті өмір тіршілігіне пайдалана
бастады. Малдарды күш-көлік ретінде ғана пайдаланбай, сүтін сусын, етін
қорек етті. Төрт түлік малды тіршілігінде тірек еткен ата-бабаларымыз,
әсіресе мал, аң терісінің, жүннің маңызын, қасиетін өмірге, тұрмысқа
қажеттілігін ерте түсініп, жоғары бағалап, оны ұқсата да білді.
Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізаттың бірі және ең бастысы
– жүн болды. Халық шеберлері материалдың табиғи қасиетіне зер салып, оны
өңдеуге техникалық тәсілінің барынша тиімді және күнделікті тұрмысқа ең
қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әсемдік, әдемілік дүниесіне де көңіл
бөле білді.
Қай заманда болмасын киізді, одан жасалынатын мүліктерді, көбінесе қой
жүнінен жасаған. Әсіресе, Орта Азия мен Қазақстан жерінде сырмақтардың
сапасы мен түрі, түсі өте жоғары бағаланған сырмақ жасауға жұмсалатын қой
жүнінің ең сапалысы жіңішке жібектей мамық жүннің алынатын орталығы
Қазақстанның оңтүстік өлкелерінен бастап, шығыс жағын тегіс қамтиды. Жүннен
жасалған бұйымдар суреттерде көрсетілген.
Әрі әсем, әрі сапалы да мықты бұйым шығу үшін алғашқы шикізат – жүннің
сапасы ерекше орын алды. Сапалы бұйым шығуы жүн өңдеу процестеріне баса
көңіл бөлу қажет, яғни жүн таза қырқылып, дұрыс сұрыпталуы керек және
маусымдық қырқым дер кезінде өткізілуі тиіс. Жүн сапасы, одан жасалған
бұйымның сәнді болып талғампаз қауымның көңілінен шығу үшін өте қажет бір
нәрсе – оның табиғи түсі, жылтырлығы. Бұл ең алдымен, қой тұқымына
байланысты. Ал керісінше, өнім сапасына нұсқан келтіретін жәйт - сапасы
әртүрлі жүннің араласып кетуі. Кейде осындай себептермен жүнді амалсыз
бояуға мәжбүр болады.
Жүннің тұрмыстық қажеттілігімен қатар ғылымда дәлелденген тиімді әрі
денсаулығына пайдалы әсерлері де бар. Оны ғалымдар былай тұжырымдайды:
Жүн жылуды жақсы сақтайды;
Жіңішкелігі мен көлемі бірдей басқа талшықтармен салыстырғанда жүннің
салмағы жеңіл;
Жүн талшығы иілгіш, созылғыш, серпімді келеді;
Жүннің күн көзінің ультракүлгін сәулесін өткізгіш ерекшелігі бар;
Жүн бояуды жақсы алады, әрі басқа талшықтардай көп оңбайды;
Жүннің әр түрлі шуды және тербелістерді төмендететін қасиеті бар.
Қойдың жүнін “жабағы”, “күзеу жүні”, “қозы жүні”, “өлі жүн” және “шет-
пұшпақ” деп бес түрге бөліп атайды.
Сырмаққа қойдың “күзем” жүнін пайдаланады. Жабағы жүн қойдан күн жылып,
мамыражай болғанда, яғни жазғытұрым қырқылады.
Күзем жүн қойдан күз мезгілінде қырқылып алынады. Тағы да жергілікті
жердің ауа-райын ескере отырып, қара суыққа ұрындырмай, қойды бірнеше рет
тоғытып, жүн кепкеннен кейін қырқады.
Қозы жүні - қозы туған жылғы бірінші қырқылған жүн. Сапасы жағынан
талшықтары нәзік, ұйыспаған күзем жүнге ұқсас келеді. Күзем жүні мен қозы
жүнінен киіз басылады. Текемет, қалпақ, кебенек, киіз етік сияқты киім-
кешектер жасалады. Күзем жүні мен қозы жүні иіруге келмейді.
Малдың терісінен жұлынып немесе жидітіп алынған жүн қойдың бауырында,
пұшпақтарында байланып жүретін білтеленген жүндер “елі жүн” деп аталады.
Қотанның ортасында түсіп қалған, бұтаның басынан жиналған, бау-шу ескеннен
қалған үзік жүндерді “шет пұшпақ жүн” деп атайды. Мұндай жүндер көбінесе
арқан жіп есуге жұмсалады.
Алдымен жүн сабалады. Оған ең алдымен ұзындығы метрден артығырақ сабақ
таяқ керек. Сабауды жыңғылдың, ырғайдың бүрін тегістеп немесе бұтақсыз жас
талдың қабығын сындырып, кептіріп жасайды.
Жүн сабайтын жер тегіс, әрі кең болуы керек. Жүнді тулақ үстінде
сабайды. Тулақ - жүн сабауға арналып, ірі малдың терісін шикілей керіп,
кептіріп жасалады. Кепкен тулақты пайдаланар алдында сүт бүркіп жібереді.
Сонда жүн сабау кезінде тулақ сынып кетпейді.
Сұрыпталған жүн салынып, реттеліп, келесі өңдеу жұмыстарына әзірленеді.
Қолөнерде пайдаланатын бояулардың негізінен екі түрі бар. Біріншісі –
ерте замандағы табиғатта даяр күйінде кездесетін бояулар. Екіншісі – осы
заманғы химиялық әдістермен өндіретін алуан түсті ұнтақ не сұйық бояулар.
Ерте кезде қазақтар жүнді өсімдіктен алынған бояулармен бояйтын.
Өсімдік тамырынан бояу алу, жүнді сонымен бояу жұмыстарымен күзді күні
айналысқан. Бұл уақытқа дейін керекті өсімдіктер мен өсімдік тамырларын
жинаумен шұғылданады. Барлық жерге белгілі өсімдік бояуы “тамыр бояу мен
қызыл бояу” шөп “морена” болды. Оларды керегінше күздігүні қазып алып,
сыртқы қабығынан тазартады. Егер де тез арада бояу жасалатын болса, сол
күйінде мұздай сумен ғана жуылады. Ал кейінге қалған жағдайда жуылған
тамырды күн көзіне кептіріп, ұзақ уақыт сақтау үшін ұнтақтап құрғақ жерге
алып қоятын болған.
“Томар бояуды” ашудастан ыстық суға салып араластырып қайнатқанда сары
бояу, қызыл бояу, “шөп” қызыл бояу берген. Қазақтар көк бояуды ермен, жусан
мен қайың жапырағынан, ашық қызылды қынадан, ашық сары атқұладан, т.б.
алатын болған. Боялатын жүн міндетті түрде алдын-ала мұздай суға жуылуы
тиіс. Қызыл, сары, көк және осыларға жақын түстегі бояулар мен тек қана ақ
жүн ғана бояуы, ал қара және көкшіл түске сұр түстер ғана боялуы тиіс.
Өйткені, оның түрі көп.

1.4 Сырмақ әзірлеу әдіс-тәсілдері

Текеметтей емес сырмақ даярлауда алдын-ала өлшеніп, нақты белгіленген
үлгілері болады. Ою қатаң тәртіппен орналастырылады. Сырмақтың ақ киізі бір
бөлек, қара киізі бір бөлек басылып, екеуін беттестіріп, үстіне ою
үлгілерін салып, бормен сызып (бор орнына бұрындары тұз бен көмір, сабын
қосып қайтанып бор тектес зат дайындайтын болған), екі киізді бірдей
үлгімен ойып алатын болған. Сонан соң ойылған оюдың ағын қараға, қарасын
аққа апарып қиюластырып тігеді. Құрастырылған оюды сол қалпымен тұтас үлкен
киізге жапсырады. Оюлардың құрастырылар жерінің (тігістің) үстін бастыра
жиек басады. Жиектік жіптің иірілуі де, қабатталуы да басқаша және оның
түсі, бояуы да оюды айшықтап тұратын ашық түсті болады. Текеметтей емес,
сырмақ мықты келеді. Кейбір сырмақтарды жарты ғасырдан артық төсеуге
жарайды. Жоғарыда аталғандай оюларды құрастырып, үстінен басып тігуі біткен
соң сырмақты тұтастай сырады. Ақ киіздің үстін ақ жіппен, қара киіздің
үстін қара жіппен ұсақ етіп түгелдей тігіп шығады. Сырмақ сонда шымыр,
қатты болады. Оның төзімділігі де осында болса керек.
Қазақтар сырмақты қойдың табиғи ақ не қара, қоңыр, боз көгілдір
жүндерінен қарама-қарсы деген екі түрін алып оюлап жасайтын болған. Бертін
келе бұл дәстүр бұзылып, Жетісу бойында сырмақтың киізі ашық түсті бірнеше
бояуға боялып, оюланатын болды. 1930 жылдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мозаикалық мата бұйымдарының көркемдік ерекшеліктері
Дизайн және этнодизайн
Қазақтың зергерлік өнері
Зергерлік әшекей бұйымдар
Зергерлік өнердің тарихы
Қазақ халқының зергерлік бұйымдары
Қазақ халқының қолданбалы ұлттық қол өнері
Қазақстанның зергерлік өнері
Қазақ халқының қол өнері
Мектеп оқушылар сәндік қолданбалы өнер үйірмелерінде оқыту әдістемесі
Пәндер