Кәсіби білім берудегі әлеуметтік жұмыс


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Социология кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС
Орындаған Амирова А. М.
4 курс студенті (қолы, күні)
Ғылыми жетекші Аженов М. С.
философ. ғ. д, профессор (қолы, күні)
Норма бақылаушы Ильясова И. Б.
Оқытушы. (қолы, күні)
Қорғауға жіберілді:
әлеуметтану кафедрасының
меңгерушісі,
социол. ғ. д., профессор Садырова М. С.
(қолы, күні)
АЛМАТЫ
2008
ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
I Тарау. Қазақстан Республикасындағы кәсіби білім беру және білім беру реформаларының ерекшеліктері
1. 1 Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау және кәсіби білім беру
сатылары . . . 6
1. 2 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жж арналған мемлекеттік бағдарламасы. Кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2010 жж. мемлекеттік бағдарламасы туралы . . . 21
1. 3 Қазақстан Респуликасындағы кәсіптік білім беру:
көкейкесті проблемалар . . . 36
II Тарау. Кәсіби білімі жоқ жұмыссыз жастар жағдайы және осы мәселені шешудегі әлеуметтік жұмыстың ролі
2. 1 Қазақстан Республикасындағы жастар жұмыссыздығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері . . . 43
2. 2 Жұмыссыздық мәселесін тудырушы себептер. Онымен күресудегі әлеуметтік жұмыстың үлесі . . . 48
III Тарау. Қазақстан Республикасындағы кәсіби білім беру саласы бойынша құрылған Үкіметтік емес ұйымдар
3. 1 Білім беру саласында қызмет көрсететін Үкіметтік емес ұйымдардың
басты көтеретін мәселелері . . . 56
3. 2Үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби білім берудегі жасалынған
жобалары . . . 57
Қорытынды 62
Глоссарий . . . 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 66
Кіріспе
Қазақстандық білім беру жүйесінің жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігуі ең алдымен отандық білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап етеді. Ол үшін, республика мектептерінің материалдық-техникалық базасын елеулі түрде нығайта отырып, оқушылардың білім сапасының барынша жоғарлауына мүмкіндіктер тудырылуы керек. Техникалық және кәсіптік білімнің рөлін жаңаша сезініп отырып, жастарға кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындары желісін дамытуға бағытталған шаралар қолға алынуы тиіс. Жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін мектептердегі еңбек сабақтарында, сондай-ақ нарықтық қоғамдық қатынастарға тән экономикалық процесстердің мән-мағыналары түсіндірілуі тиіс.
Елбасы өзінің “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Дүниешаруашылық байланыстары жүйесіне белсене кіріккен осы заманғы белді мемлекеттердің барлығы дерлік бәрін де “парасатты экономиканың” жолына тіккен еді” деп атап көрсетті. Бұл дегеніміз - білім беру білімнің қайнар көзі ретінде аса маңызды басымдық әрі қоғамды дамытудың негізі болып отырғанын көрсетеді. Сондықтан бүкіл қазақстандықтардың толыққанды білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналып отыр. Мұндай мәселенің шешімін табу бүкіл ел аумағындағы білім беру қызметінің құқықтық негізін жасауды қажет етеді.
“Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды” құру бізден жеке адамдардың, қоғамның және еңбек рыногының талаптарын қанағаттандыра алатын бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” жаңа Заңы дәл осы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Қазіргі кезде нарықтық қоғамға тән жаңа қоғамдық қатынастар орнығып, жұмыс істей бастағалы республика кәсіпорындарына, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету салаларына белгілі бір кәсіп түрін меңгерген жоғары білікті маман жұмысшы кадрлары - механиктер, слесарлар, тракторист-машинистер, копьютерде жұмыс істей алатын шеберлері, интернет, веб-дизайн, e-mail мамандары, телерадио жөндеу шеберлері, тұрмыстық күрделі техникаларды жөндеуші ісмерлер, газэлектриктер, даяшы-сатушылар, бармендер, аспазшылар, тігіншілер, сатушы кассирлер, еурожөндеуші құрылыс шеберлері, слесарь-сантехниктер, сауда жарнамалық агенттер, ветеринар, фельдшер, қонақ үй бизнесін, туризмді, шағын және орта бизнесті дөңгелетіп әкететін қызметшілер, т. т. көптеп қажет болып отыр.
Осыған байланысты, өсіп келе жатқан жас, жеткіншек ұрпақтың белгілі бір кәсіп түрін дұрыс таңдап, оны саналы түрде меңгерулеріне ұйытқылық жасау, сөйтіп олардың қазіргі нарықтық қоғам өндірісі талаптарына сәйкес кәсіптенулеріне шынайы, ақ ниетпен көмектесу қажеттілігіне айрықша назар аударылып отыр. Бұл мәселенің ойдағыдай шешілуі, ең алдымен жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін мектептерде оқушыларды кәсіпшілдіктің белгілі бір нысанын таңдауға бейімдеп, оны меңгертудің жай-жапсарын жан-жақты саралап, зертеуді талап етеді.
Жеткіншек ұрпақты кәсіпшілдіктің белгілі бір түрін таңдауға бейімдеп, оны меңгерту, сөйтіп барып оларды өндіріс кәсіпорындарында, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету салаларында еңбектендіруге талаптандыру қажет.
Тақырыптың өзектілігі : Мемлекеттің дамуы, көркейюі, ең алдымен ондағы тұрғындарының білім деңгейімен байланысты болады. Ал жаһандану жағдайында, яғни қазіргі таңда ғылым мен техниканың жылдам дамуы нәтижесінде мемлекетке әртүрлі салада кәсіби мамандар қажет. Ал олар өз кезегінде өте тапшы болуда. Осы тұста бастауыш және орта кәсіби білім берудің маңызы өте зор.
Білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау негізгі орта білім беру базасында (10 сынып) және кәсіптік лицейлерде, училищелерде, колледждерде және жоғары техникалық мектептерде жалпы білім беру базасында (12 сынып) жүзеге асырылатын болады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басты міндеті - әмбебап және икемді дағдыларға ие үздіксіз білім беруге қатыса алатын мамандарды даярлау болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім беруге арналған оқу бағдарламалары біріншіден, техникалық және қызмет көрсету саласындағы жаппай қажет болатын мамандарды дайындау, екіншіден, мамандықтары мен практикалық дағдылары арқылы экономиканың барлық салаларындағы техникалық және қызмет көрсету еңбегінің жұмыстарын орындайтын күрделі кәсіптерді игеру; үшіншіден, техникалық еңбектің жоғары білікті мамандарын даярлау және оларды қайта даярлау мен біліктілігін көтеру.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті: Кәсіби білім беру саласындағы әлеуметтік жұмыстың басты мақсаты - кәсіби білім берудегі әлеуметтік мәселелермен танысу, білім беру мәселесін шешуде әлеуметтік зерттеу әдісін қолдануды үйрену, әлем елдеріндегі білім беру процесімен толығырақ танысу, жаңа білім беру реформасының мақсаты мен негізін дұрыс бағалай білу.
Жұмыстың объектісі: білім алушылар, кәсіби білімі жоқ жұмыссыз жастар.
Пәні: жастардың кәсіби білім алуы және осы алынған білімі бойынша жұмысқа орналасуы, маман иесі болуы.
Практикалық қолданылуы: кәсіптік білім беруге қатысты Республикамызда реформалардың жүргізілуі, осы білім беру түрін қайта қолға алу нәтижесінде, басқа көптеген мәселелерді шешу.
Қазіргі күнде білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «Білім туралы» ҚРның жаңа заң жобасы дайындалды.
Жаңа заң жобасы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы түйіндерді шешуді заңнамалық тұрғыдан бекітеді. Атап айтқанда:
- 6 жастан бастап оқытумен 12 жылдық жалпы орта білім беруге және 1112 сынып оқушыларын кәсіптік және кәсіби бағдарлап оқыту жүйесін енгізуге көшіру;
- жоғары техникалық мектеп жүйесін дамытумен кәсіптік орта білімнен кейінгі білім деңгейін өз алдына бөлек құру;
- дәстүрлі сырттай оқытуды біртіндеп қашықтықтан оқыту технологиясына көшіру және академиялық кредит жүйесіне негізделген кәсіптік кадрлар - бакалавриат - магистратура - докторантура, яғни бұл мамандықтарды дайындаудың үш сатылы тұтас моделін жасап, оны орнықтыру;
- білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру тәрізді ауқымды істер заңнан көрініс табады.
Білім берудегі әлеуметтік жұмыс қазіргі заманның, әлемнің дамуында білімнің қандай рөл атқаратындығын анықтайды. Бұл жерде европалық, әлемдік білім беру стандарты туралы және осындай стандарттың құрылу жолдары жайлы ой туындайды. Осындай стандарттың не үшін керек екендігі жайлы туындаған сұраққа жауап ізденуде. Кәсіби білім берудегі әлеуметтік жұмыскер келесі ерекшеліктерді меңгерген дұрыс:
- өзінің клиенттерінің жас ерекшеліктеріне көңілін аудару керек (бұл негізінен 15-18жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар) ;
- олардың қызығушылығы мен құндылықтарын түсінуі және қабылдауы керек;
- сол салаға қатысты өзінің құқығы мен міндеттерін білу;
- клиенттің еңбек саласында орнын іздеуі мен табуында дұрыс бағыт-бағдар беру[1] .
Жалпы, білім беруді түрлі деңгейінде екі негізгі функцияға бөліп қарастыруға болады. Олар: 1) білім беруді тапсыру немесе беру, 2) социализация, тәрбие беру.
В. И. Добреньков және А. И. Кравченко білім берудің келесідей түрлерін анықтаған: 1) білімді ұрпақтан ұрпаққа тапсыру (трансляция) және мәдениетті тарату; 2) қоғамның мәдениетін сақтау және оны генерирлеу; 3) тұлғаның әлеуметтенуі, әсіресе, жастардың және олардың қоғамдағы интеграциясы; 4) тұлға статусының анықталуы; 5) қоғам мүшелері дифференциациасының әлеуметтік таңдауы (селекция) ; 6) жастарың кәсіби бағдарын және кәсіптік таідауын қамтамасыз ету; 7) үзіліссіз білім алу барысында білім беру базасын құру; 8) әлеуметтік-мәдени новациялар, жаңа идеяларды мен теорияларды құру және дамыту; 9) әлеуметтік бақылау[2] .
I Тарау. Қазақстан Республикасындағы кәсіби білім беру және білім беру реформаларының ерекшеліктері
1. 1 Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау және кәсіби білім беру сатылары
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында сол сияқты, «Білім беру заңында» да еліміздің білім беру жүйесіндегі барлық сатыларындағы проблемаларды мәдени тұрғыда жіктеп бергендігін ескеретін болсақ, соның ішінде кәсіби білімге қатысты бірқатар қиын мәселелерді шешу міндеттері ерекше аталады.
Еліміздің даму деңгейі осы арқылы бағаланатынын әрбір мемлекеттің мәдени-экономикалық дамуы қайсібір тарихи кезеңдерде болмасын ондағы кәсіптік білім жүйесінің деңгейіне байланыстылығы дәлелдейді. Сондықтанда қазіргі таңда кәсіптік білімге көзқарас та, сұраныста әлемдік деңгейде бетбұрыс алуда. Елімізден экономикалық жүйені қалыптастыратын бірден-бір жол - кәсіптік білім жүйесі болмақ [3] .
Қазіргі кезде нарықтық қоғамға тән жаңа қоғамдық қатынастар орнығып, жұмыс істей бастағалы республика кәсіпорындарына, ауыл шаруашылығы мен қызмент көрсету салаларына белгілі бір кәсіп түрін меңгерген жоғары білікті маман жұмысшы кадрлары - механиктер, слесарлар, тракторист-машинистер, копьютерде жұмыс істей алатын шеберлері, интернет, веб-дизайн, e-mail мамандары, телерадио жөндеу шеберлері, тұрмыстық күрделі техникаларды жөндеуші ісмерлер, газэлектриктер, даяшы-сатушылар, бармендер, аспазшылар, тігіншілер, сатушы кассирлер, еурожөндеуші құрылыс шеберлері, слесарь-сантехниктер, сауда жарнамалық агенттер, ветеринар, фельдшер, қонақ үй бизнесін, туризмді, шағын және орта бизнесті дөңгелетіп әкететін қызметшілер, т. т. көптеп қажет болып отыр.
Осыған байланысты, өсіп келе жатқан жас, жеткіншек ұрпақтың белгілі бір кәсіп түрін дұрыс таңдап, оны саналы түрде меңгерулеріне ұйытқылық жасау, сөйтіп олардың қазіргі нарықтық қоғам өндірісі талаптарына сәйкес кәсіптенулеріне шынайы, ақ ниетпен көмектесу қажеттілігіне айрықша назар аударылып отыр. Бұл мәселенің ойдағыдай шешілуі, ең алдымен жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін мектептерде оқушыларды кәсіпшілдіктің белгілі бір нысанын таңдауға бейімдеп, оны меңгертудің жай-жапсарын жан-жақты саралап, зертеуді талап етеді.
Жеткіншек ұрпақты кәсіпшілдіктің белгілі бір түрін таңдауға бейімдеп, оны меңгерту, сөйтіп барып оларды өндіріс кәсіпорындарында, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету салаларында еңбектендіруге талаптандыру қажет.
Жеткіншек ұрпақты кәсіпшілдікке бейімдеу - кең өрісті жалпы, политехникалық және еңбекке дайындау негізінде оқушылардың жеке бейімділігін, қабілеттерін және қоғамдық қажеттіліктерді есепке ала отырып, дер кезінде оларды еңбектік іс-әрекеттің түрлерімен таныстыруға бағыталған жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін мектептердің оқу-тәрбие процестерінің құрамдас бөлігі. Десек те, оқушыларды кәсіптің белгілі бір түрін меңгертуге бейімдейтін, оларға кәсіптік бағдар беретін бастапқы негізгі буын жалпы беретін мектеп. Әйткенімен, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты кәсіпшілдікке бейімдеу жұмыстары өз құрылымы мен мазмұнына әрбір оқушының белгілі бір кәсіпті меңгеруге талаптылығын есепке ала отырып, оларға жалпы орта, бастауыш және кәсіп түріне машықтандыру әрекеттерін де қамтиды. Олай болса, осы жоғарыда біздер тарапынан нақтыланған іс-әрекеттер мен шараларды іс-жүзіне асырып келе жатқан жеткіншек ұрпақты кәсіби тұрғыдан тәрбиелеуге, әрбір өсіп келе жатқан жас азаматтың белгілі бір кәсіпті өз бетінше дұрыс таңдап, меңгеруіне негіз қалайды.
Оқушыларды кәсіпшілдікке бейімдеудің құрылымында жетекші орынға ие болатын «кәсіптік бағдар беру» ұғымына түсініктеме бере кетейік.
«Кәсіптік бағдар беру» ұғымының қалыптасуына оның ішкі «іс-әрекет», «кәсіп» және «бағдар беру» сияқты құрылымдық элементтері ерекше рөл атқарады. Кәсіпшілдікке бейімдеу көп салалы қиыншылығы мол күрделі процесс. Кәсіпшілдікке бейімдеу негізгі жалпы, жалпы орта политехникалық білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін жүйелі түрде сабақтастық сақтала отырып үздіксіз жүргізіледі. Сонымен қатар, кәсіпшілдікке бейімдеу кәсіптік мектептер мен сондай-ақ тікелей өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, курстарда және жұмысшылар мен қызметтерді даярлайтын басқа да оқу-өндірістік құрылымдарда жүзеге асырылады. Шын мәнінде, бұл жалпы политехникалық білім беретін мектептерден бастау алатын әлеуметтік-кәсіптік бейімдеу, кәсіптік тәрбие, оның тиімділігі, политехникалық білім беретін негізгі жалпы, жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісі өндіріске қаншалықты жақын екендігіне тікелей байланысты. Жас ұрпақты кәсіпшілдікке бейімдеу, оларға кәсіптік бағдар беру ісі табандылықты, тиімді ұйымдастыру амалдары мен нысандарын үнемі іздестіріп, жетілдіріп отыруды талап етеді.
«Кәсіптік бағдар беру» белгілі бір кәсіптік дәріптеу немесе оны басқа бір кәсіппен салыстыру арқылы оқушыларға таңдатуға мүмкіншілік тудырады. Сондықтан-да, жеткіншек ұрпаққа кәсіптік бағдар беруде басқару органдары, оқу-ағарту жүйелері және мұғалімдер қауымы оның әлеуметтік астарына айрықша назар аударуы тиіс. Атап айтқанда, олар оқушының белгілі бір кәсіпті немесе мамандықты таңдауыны ғана көңіл аударып қоймай, белгілі бір кәсіп пен мамандықты дұрыс таңдай білудің терең мәнді әлеуметтік құндылығы болатындығын да жан-жақты негіздеп, түсіндірулері керек. Өйткені, өскелең ұрпаққа кәсіптік бағдар беруді дұрыс түсіндіріп, ұғындыру, оқушының білім деңгейі мен қабілетіне қарай кәсіптік, арнаулы және жоғары оқу орнын дұрыс таңдату, талап-тілегіне сай белгілі бір еңбек ұжымына жұмысқа орналасуына көмектесу, қызмет бабында өсуіне ықпал ету, тағы сол сияқты кәсіптік бағдар берудің әлеуметтік салалары болып табылады.
Кәсіптік бағдар беру мен еңбекке даярлаудың диагностикалық технологиясы, яғни тәсілі. Бұл тәсілді пайдаланудың мақсаты әрбір баланың белгілі бір кәсіпке бейімділігі мен қабілеттілігін алдын ала анықтап, байқау. Себебі, зерттеліп отырған объект немесе үрдіс туралы алдын-ала ақпарат алудың жалпылама тәсілі болып табылады. Мектеп мұғалімдері мен өндірістік оқыту шеберлері, сынып жетешілері мен тәлімгер үшін басты мақсат - оқушылардың өздері өздерінің бейімділіктері мен қабілеттіліктеріне орай, кәсіптің белгілі бір түрін таңдауларын анықтаудың барынша кең тараған құралдары - тестімен, сауалнама таратумен, тіптен болмаса, кәсіп таңдаудың компьютерлік диагностиканы пайдаланумен жұмыс жүргізу болып саналады.
Оқушының белгілі бір кәсіп түрін меңгеруге бейімділігі, олардың әлеуметтік-кәсіби тұрғыдан қалыптасуы көбінесе өндірістік практикада көріне бастайды. Сондықтан да өндірістік практика оқу жоспарларына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі.
Кәсіптік тәрбие оқушыларды кәсіпті әрекетті жүзеге асыру тәжірибесімен қаруландырады, кәсіптік таңдауда және оны меңгеру барысында жеткіншектердің қабілеттіліктері мен бейімділіктерін дамытады, қоғамдық белсенділіктерін арттырады, еңбекке, ғылым мен техникаға, өнерге, әдебиетке, спортқа, ұлттық дәстүрге құштарлығын тәрбиелейді, парызгерлік пен жауапкершілік сезімдерін, кәсіби іскерлігі мен кәсіби мақтанышын қалыптастырады.
Қазіргі қоғамдық құрылысқа тән құндылықтарды ескере отырып, олардың орнын нарықтық қоғамдық қатынастарға тән құндылықтардың басқандығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Осыған байланысты біздің елімізді де нарықтық ашық қоғам сұраныстарына сай өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты кәсіпшілдікке бейімдеудің, оларды кәсіптендірудің шарттары біршама өзгеріске ұшырады.
Ал, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпаққа кәсіптік бағдардың дұрыс берілгендігінің, олардың кәсіптің белгілі бір түрін шебер меңгергендігінің анықтаушы орны, әрине бұл өндіріс кәсіпорны. Себебі, нарықтық қоғамда өндіріс кәсіпорындары жұмыс беруші заңды тұлға ретінде кадр мәселелерін шешуде жұмысқа орналасуға тілек білдірген тұлғаның жеке басына, оның біліктілігі мен ісмерлігіне, күші мен моральдық тұрғыдан мықтылығына зор мән береді.
Сонымен қатар, нарықтық қоғамда кез-елген маман үшін, мейлі ол жоғары білікті маман жұмысшы болсын немесе жай қарапайым қол күшімен еңбектенетін жай жұмысшы болмасын жұмысқа орналасу өте күрделі. Кез-келген маманға жұмысқа орналсу үшін өзі тақлеттестермен бәсекеге, тартысқа түсуге тура келеді. Олардың ішінен тек біліктілігі жоғарғысы, ісмерлік шеберлігі ептісі ғана жұмысқа қабылданады. Олай болса, мемлекетіміз үшін де, кәсіптік білім беретін мектептер үшін де өсіп келе жатқан жас ұрпаққа, әсіресе, ауылдық жерден шыққан жеткіншектерді кәсіпшілдікке бейімдеп, оларды кәсіптендіру ісін одан әрі жан-жаұты жандандырып дұрыс жолға қою кезек күттірмейтін іс, уақыт сұранысы, заман талабына сай.
Қазіргі жас ұрпақ кәсіп таңдауда белгілі бір кәсіптік тек тартымдылық деңгейіне ғана қызықпайды, сонымен қатар, таңдалған кәсіптің өздерінің көзқарастары бойынша әлеуметтік маңыздылығына да ой жүгіртеді. Нарықтық экономиканың орнығып, дамуы, еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке енуі көбіне көп кәсіби біліктілігі жоғары маман кадрларды көптеп дайындауға байланысты, бұл бағытта елімізде бірқатар игі істер атқарылуда. Ол жұмыстарға көптеген ғалымдар ат салысуда. Атап айтатын болсақ, кәсіптік білім беру жұмыстарын негіздеуде академик А. П. Сейтешов баға жетпес еңбек атқарды. Ол мемлекеттік білім беру стандартының «Бастауыш және орта кәсіптік білім беру» бөлігінің авторларының бірі. Ол бастауыш және орта кәсіптік білім беру оқытушыларын даярлаудың 22 түрі қамтылған әртүрлі техникалық арнайы пәндердің жобасын жасап, даярлап берді.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беру стандарттарының маңызды шарттарының бірі оның мазмұнының әрдайым жүйелі түрде жаңартылып отырылуы қажет. Өйткені, олар білім беру халықаралық стандартты жіктеу халықаралық еңбек рыногында ұсынылатын білікті маман жұмысшы кадрларға қойылатын талаптарға сай болуы керек.
Білім беруді халықаралық стандартты жіктеу ұсынымдарына сәйкес бастауыш және орта кәсіптік білімді меңгерту стандарттарының негізгі мазмұны төмендегідей болып келуі мүмкін:
- халықаралық стандартқа сәйкес белгілі бір кәсіптің эквиваленттілігінің түзілуі;
- мемлекеттік білім органдары тарапынан тиісті нормативтік-құқықтық базаның әзірленуі;
- кәсіп иесінің кәсіби білімі, дағды-ісмерлігі мен біліктілігі деңгейіне және сапалығына барынша оңтайлы талаптар қою және білім мазмұнының халықаралық талаптарға сәйкестенуі;
- белгілі бір кәсіп иесінің бәсекелестікке қабілеттілігін бағымдау, т. б.
Жалпы жеткіншек ұрпаққа кәсіби бағдар беру барысында төменгі тұжырымдарды ескерген жөн:
- жеткіншек ұрпақты жалпы негізгі, жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру мектептерінде кәсіпшілдікке бейімдеудің міндеті - әрбір оқушының жеке басты мүдделері мен жергілікті еңбек рыногының қажетсінуін есепке ала отырып, оларға өздері өмір сүріп келе жатқан аймақта, ауданда, ауылда атқарылатын шаруашылық түрлерімен айналасуға мүмкіндік беретін кәсіптерді саналы түрде таңдауларына түрткілік жасау;
- бастауыш және орта кәсіптік білім берудің белгіленген оқу жоспарларында көрсетілген білім түрлерін меңгерту арқылы оларды белгілі бір кәсіп түріне икемдеу;
- сол кәсіпті меңгертуге ықпал ете алатын биліктілік пен шеберлікті меңгерту, халық шаруашылығының әртүрлі салалары, әртүрлі мамандықтар туралы, оқушылардың ұғым-түсініктерін еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру негізінде қалыптастыру;
- әрбір оқушының шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен берік берік адамгершілік негіздерін қалыптастыру, дара ерекшелікерін одан әрі жетілдіру арқылы байыту;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz