Жаһандану процесінің Қазақстандағы саяси мәдениетке тигізетін әсері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 бет
1.Бөлім. Жаһандану процесінің саяси мәдениетке тигізетін
әсердің теориялық.әдістемелік негіздері.
1.1Жаһандану процесі, оның негізгі ерекешеліктері ... ... ... ... ..6 бет
1.2.Жаһанданудың саяси мәдениетке тигізетін әсерін
бағалаудағы әлеуметтік.мәдени тәсіл ... ... ... ... ... ... ... .16 бет
1.3.Жаһандану жағдайындағы әлеуметтік.саяси
ұқсастық (идентификация) мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ..33 бет
2.Бөлім: Жаһандану жағдайындағы Қазақстандықтардың
саяси мәдениеті.
2.1. Жаһанды әлемдегі Қазақстан мемлекеті ... ... ... ... ... ... 37 бет
2.2. Қазақстан Республикасындағы демократиялық саяси
мәдениеті мен саяси сананың қалыптасу мен даму
үрдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41 бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55 бет
Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57 бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59 бет

Қазіргі заманғы күрделі және қайшылықтарға толы, мемлекет, әлеуметтік топтар мен жеке индивидтер дәрежесінде жүзеге асып отырған, әлемнің мәндік белгісі- жаһандану процесі. Бүгінде, әлемдік қоғамдастық өмірінің барлық жақтарын қамтуға бет алған жаһандану процесі дүниежүзілік саясат факторына айналып келеді. Жаһандану қай кезде басталды, оның табиғаты қандай екендігі жайында ғалымдар мен саясаттанушылардың әрқилы пікірлеріне қарамастан, қазіргі заманғы трихта бұл процесті ғылыми-техникалық революцияның күрт дамуына орай 1960 жылдардың басымен байланыстырады.
Өзектілігі – жаһандану процесінің бүкіл әлемге кең етек жайып, қоғам өмірінің барлық салаларына: экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік салаларға өз әсерін тигізуде. Әсіресе жаһандану дүниесі басқа елдердің алдына қойғаны секілді біздің еліміз алдына да өте күрделі де принципті мәселелер қойып отыр. Және де осы мәселелердің қалай шешілетіндігіне болашақта жас мемлекетімізде көп нәрсе байланысты болмақ. Жаһандану дүниесі көптеген, әсіресе дамушы немесе біз секілді өтпелі кезеңді бастан кешіп жатқан мемлекеттер үшін сандаған проблемаларды көлденең тартатыны барған сайын айқындала түсуде. Сонымен бірге, бұл процестің адамзатқа әкелетін жағымды жақтары да аз емес. Осы орайда Қазақстанның дербес дамуы мен сол жолымен нық жүріп келетінін ескере отырып, енді жаһандану жағдайындағы барша оңды әсерлерін игеріп, өзі соған кіріге отырып, оның серпінділігін сезінуші жақ қана емес, сездіруші жақ ретінде де әрекет етуді игеруі маңызды болып отыр.
Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың 2004 жылы 23 сәуірде Алматыда өткен медиа форумда "Бірден-бір дұрыс үлгі- жаһандану талаптарына ұлттық мемлекеттердің бірте-бірте етін үйретуі болады." айтқан сөздері де өзекті.[1]
"Қазіргі әлемде сырттай қарағанда сайыспайтын, бірақ диалектикалық тұрғыда бір-бірімен байланысты процестер жүріп жатыр. Бір жағынан әлем одан сайын іштей тұтастана түсіп, саяси, экономикалық және мәдени өлшемдердің көпшілікке тиімді көрінген, кейде өкшемдікпен таңылған үлгілерді кеңінен тарап, жаһандану қанаты кеңейе түсуде. Екінші жағынан, бұрын бодандықта болып келген халықтардың мемлекеттік тәуелсіздігін қалыптастыру мұмкіндігі күшейе түсті және оны жүзеге асыруға халықаралық құқық пен халықаралық ұйымдардың қызметі игі ықпал етуде. Жаңа тәуелсіз мемелекеттердің пайда болуы өз кезегінде сол мемлекетті құрған халықтың төлтумалығын, мәдени–рухани табиғатын бүкіл әлемге таратуға мүмкіндіктер ашады. Басқаша айтқанда, біз қазіргі кезңде әр түрлі бағыттағы объективті процестердің күәсі болып отырмыз. Әлемдегі бірлесу мен біріңғайлану құбылыстары әр түрлі мемлекеттер мен аймақтардағы халықтардың өзіндік мәдени-рухани болмысын сақтап қалуға ұмтылу процесі ауқымды көрініс табуда. Мұның бәрі осы мәселелерді жүйелі түрде ғылыми-теориялық талдау қажеттігін өзекті ете түсуде."[2.64бб]

Монографиялар:
1.Нысанбаев А. "Глобализация и устойчивое развитие Казахстана" Алматы 2002ж.
2.Лейбин В.И. "Модели мира " и образ человека. Краткий анализ идей Римского клуба. М.1998ж.
3.Бек У. "Что такое глобализация?" М. 2001.
4.Панарин А. "Искушение глобализмом". М. 2002ж.
5.Бауман З. Индивидуализированное общество. М.,2000г.
6.П.Бергер, С.Хантингтон "Многоликая глобализация" М.:2004ж.
7.Бауман З. Индивидуализированное общество.М.:2000ж.
8.Байдельдинов Л.А. "Казахстан как политическая реальность" Институт развития Казахстана, А.2000ж.
9.Нысанбаев А. "Глобализация и устойчивое развитие Казахстана".А.2002ж.
10.Сорокин П. «Человек.Цивилизация.Общество». М.1992ж.
11.Назарбаев Н.А. "Критическое деситилетие"
12.Алексис де Токвель. "Демократия в Америке" 1992ж.
13.Лейпхард А. "Демократия в многосоставных обществах: сравнительное исследование".М. 1997ж.
14.КадыржановР."Консалидация политической системы Казахстана: проблемы и перспективы".А.1999ж.
15.Ницше Ф. Собрание сочинений в 2-х томах.М. 1990,-Т.1.
16.Маркс К. Собрание сочинений. М.1963..
17.Жамбылов Д.Тәуелсіздік және саяси сана. А.:Жеті жарғы 1999ж.
18.Назарбаев Н.А. "Идейная консалидация общества как условие прогресса Казахстана", Алматы 1993г.
Мақалалар:
1.Нысанбаев А. Дербес даму және Қазақстан//Егемен Қазақстан. 2001ж.9қараша
2.Бурбаев Т. Казахстанский менталитет в контексте глобализации.//Мысль,2002ж.-№11
3.Галкин, Красин " Культура толерантности перед вызовами глобализации ".//Социальные исследования. 2003ж.- №8
4.Мамыканов Б. "Глобализация и проблемы национальной трансформации в странах ЦА"//Саясат,2004ж.-№10
5.Артемьев А.И. "Политическая культура в реалиях современного Казахтанского общества"//Саясат. 2002ж.-№4-5.
6.Іңкәрбаев Е."Постотолитарлық кеңістіктегі саяси өзгерулердің ерекшелігі."//Саясат.2002ж.-№1
7.Чепинский С."Историческое время и глобализация"
//Политические исследования. 2004ж.-№4
8.Лукин А. "Мир глобализирующийся и взаимозависимый"
//Политические исследования. 2004ж.-№5
9.Сухарев А. "Президент Казахстана об актуальных проблемах национального, регионального и глобального бытия"
//Политические исследования. 2004ж.-№6
10.Левин И. "Глобализация и демократия".//Политические исследования. 2003ж.-№2
11.Иглицкий А."Глобализация: за гумманистический и демократический выбор"//Политические исследования.
12.Т. Дөрбетхаұлы "Қазақ мәдениетін дамытудың ерекшелігі мен болашағы".//Саясат,2002ж. № 11.
13.Бұлұтай М. Жаһандастыру және біздің ел.
//"Жас алаш"2002ж. №58
14.Әлімұлы А. Қазақстанға қандай қазақ керек?(Тағы да жаһандану туралы)// Заң газеті 2002ж. 17шілде.
15.Алмонд Г.,Верба С. "Гражданская культура.Политические установки и демократии пяти наций" //Антология мировой политической мысли в 5-и томах. М.:Мысль,1997-Т2
16.Кант И. "Метафизика нравов в двух частях"//Антология мировой политичесой мысли.-М.:Мысль 1997.Т2
17.Федотова Н. "Кризис идентичности в условиях глобализации" //Человек. 2003ж.-№6.
18.Нысанбаев А. "Глобализация и транзитное общество" //Саясат,2001ж.- №10.
19.Межуев В.М. "Проблемы современности в контексте модернизации и глобализации"//Политика.- 2000.№3
20.S.Hoffman. The Clash of Cіvіlіzatіons.// Foreіgn affaіrs.№3
21.Делягин М. "Практика глобализации: игры и правила новой эпохи" М.:2000ж.
22.Нысанбаев А. "Глобализация и транзитное общество"//Саясат. 2001ж, №10.
23.Панарин А. "Имперская республика" на пути к мировому господству.// Общественные науки и современность.-1999ж.-№4.
24.Федотова Н."Возможна ли мировая культура?" //Философские науки-2000г.№4
25.Хантингтон С. "Столкновение цивилизаций."// Политические исследования-1994г.-№1
26.Бирюков М. "Глобализация: интеграция и дифференциация культур" //Философские науки №4 2000г
27.Пантин В. Социоестественная история и глобализация.//Материалы постоянно действующего междисциплинарного семинара Клуба ученых «Глобальный мирң. Вып. 3(15).-М.:"Издательский дом Новый век", Институт микроэкономики
Энциклопедиялар:
1. Энцеклопедия глобалистики.М.:2001ж.
2.Политическая энцеклопедия в 2-х томах.М.2000ж.
3.Казахстанская политологическая энциклопедия. Алматы 1999г.
4.Энциклопедия Мефодия и Кирилла. М. 1997г.

ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
ФӘЛСӘФӘ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫ
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
ЖАҺАНДАНУ ПРОЦЕСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ МӘДЕНИЕТКЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ.
ОРЫНДАҒАН
4 КУРС СТУДЕНТІ-------------------------- ҚАРАШИНА Б.С.
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ
С.Ғ.КАНД. -------------------------- ГАИПОВ З.С.
НОРМА
БАҚЫЛАУШЫ --------------------------- ЕСИМОВА Д.
САЯСАТТАНУ
КАФЕДРАСЫНЫҢ
МЕҢГЕРУШІСІ
С.Ғ.Д., ПРОФ. ---------------------------ИВАТОВА Л.М.
АЛМАТЫ 2005 Ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 бет
1.Бөлім. Жаһандану процесінің саяси мәдениетке тигізетін
әсердің теориялық-әдістемелік негіздері.
1.1Жаһандану процесі, оның негізгі ерекешеліктері ... ... ... ... ..6 бет
1.2.Жаһанданудың саяси мәдениетке тигізетін әсерін
бағалаудағы әлеуметтік-мәдени тәсіл ... ... ... ... ... ... ... .16 бет
1.3.Жаһандану жағдайындағы әлеуметтік-саяси
ұқсастық (идентификация) мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ..33 бет
2.Бөлім: Жаһандану жағдайындағы Қазақстандықтардың
саяси мәдениеті.
2.1. Жаһанды әлемдегі Қазақстан мемлекеті ... ... ... ... ... ... 37 бет
2.2. Қазақстан Республикасындағы демократиялық саяси
мәдениеті мен саяси сананың қалыптасу мен даму
үрдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4 1 бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55 бет
Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57 бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59 бет
Кіріспе
"ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен ақыл-ой
бәсекесінің ғасыры болмақ!"
Н.А.Назарбаев
Қазіргі заманғы күрделі және қайшылықтарға толы, мемлекет,
әлеуметтік топтар мен жеке индивидтер дәрежесінде жүзеге асып отырған,
әлемнің мәндік белгісі- жаһандану процесі. Бүгінде, әлемдік қоғамдастық
өмірінің барлық жақтарын қамтуға бет алған жаһандану процесі дүниежүзілік
саясат факторына айналып келеді. Жаһандану қай кезде басталды, оның
табиғаты қандай екендігі жайында ғалымдар мен саясаттанушылардың әрқилы
пікірлеріне қарамастан, қазіргі заманғы трихта бұл процесті ғылыми-
техникалық революцияның күрт дамуына орай 1960 жылдардың басымен
байланыстырады.
Өзектілігі – жаһандану процесінің бүкіл әлемге кең етек жайып, қоғам
өмірінің барлық салаларына: экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік
салаларға өз әсерін тигізуде. Әсіресе жаһандану дүниесі басқа
елдердің алдына қойғаны секілді біздің еліміз алдына да өте күрделі
де принципті мәселелер қойып отыр. Және де осы мәселелердің қалай
шешілетіндігіне болашақта жас мемлекетімізде көп нәрсе байланысты
болмақ. Жаһандану дүниесі көптеген, әсіресе дамушы немесе біз секілді
өтпелі кезеңді бастан кешіп жатқан мемлекеттер үшін сандаған
проблемаларды көлденең тартатыны барған сайын айқындала түсуде. Сонымен
бірге, бұл процестің адамзатқа әкелетін жағымды жақтары да аз емес. Осы
орайда Қазақстанның дербес дамуы мен сол жолымен нық жүріп келетінін
ескере отырып, енді жаһандану жағдайындағы барша оңды әсерлерін игеріп,
өзі соған кіріге отырып, оның серпінділігін сезінуші жақ қана емес,
сездіруші жақ ретінде де әрекет етуді игеруі маңызды болып отыр.
Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың 2004 жылы 23 сәуірде Алматыда
өткен медиа форумда "Бірден-бір дұрыс үлгі- жаһандану талаптарына ұлттық
мемлекеттердің бірте-бірте етін үйретуі болады." айтқан сөздері де
өзекті.[1]
"Қазіргі әлемде сырттай қарағанда сайыспайтын, бірақ диалектикалық
тұрғыда бір-бірімен байланысты процестер жүріп жатыр. Бір жағынан әлем
одан сайын іштей тұтастана түсіп, саяси, экономикалық және мәдени
өлшемдердің көпшілікке тиімді көрінген, кейде өкшемдікпен таңылған
үлгілерді кеңінен тарап, жаһандану қанаты кеңейе түсуде. Екінші
жағынан, бұрын бодандықта болып келген халықтардың мемлекеттік
тәуелсіздігін қалыптастыру мұмкіндігі күшейе түсті және оны жүзеге асыруға
халықаралық құқық пен халықаралық ұйымдардың қызметі игі ықпал етуде. Жаңа
тәуелсіз мемелекеттердің пайда болуы өз кезегінде сол мемлекетті құрған
халықтың төлтумалығын, мәдени–рухани табиғатын бүкіл әлемге таратуға
мүмкіндіктер ашады. Басқаша айтқанда, біз қазіргі кезңде әр түрлі
бағыттағы объективті процестердің күәсі болып отырмыз. Әлемдегі
бірлесу мен біріңғайлану құбылыстары әр түрлі мемлекеттер мен
аймақтардағы халықтардың өзіндік мәдени-рухани болмысын сақтап қалуға
ұмтылу процесі ауқымды көрініс табуда. Мұның бәрі осы мәселелерді жүйелі
түрде ғылыми-теориялық талдау қажеттігін өзекті ете түсуде."[2.64бб]
Біз үшін жасанды, виртуалды әлемде жоғалып кетпеу, жаһандану
заманында өз төлтумалығымызды, қайталанбас ұлттық болмысымызды, ұлттық
ойлауымыз бен кейпімізді сақтап қалуымыз маңызды болып отыр. Батыс
мәдениетімен бәсекеге түсе алатындай ХХІ ғасырдағы рухы биік
мәдениетімізді қалыптастырған жөн. Рухы мен мәдениеті биік деңгейдегі
халық пен мемлекеттің болашағы жарқын. Оған ешқандай күмән болмас.
Жаһандану дүниесіне кірудің дұрыс формуласын табу, оған бейімделу,
жаһандық бәсекелестік күшейіп отырған жағдайда әлемдік экономикалық
және саяси қатарда қолайлы позицияда болу - өте маңызды мәселе. Ал ол
үшін, ең алдымен, жаһандану процесінің ерекшеліктері неде екенін
түсінуге әрекеттену керек.
Мақсаты: Жаһандану процесінің мемлекеттің саяси-мәдени салаларына
тизізетін әсерін айқындау.
Міндеттері:
1.Жаһандану процесінің ерекшеліктерін ашып көрсету;
2.Басқа елдердің тәжірибесінде жаһандану процесінің әсерін
зерттеу;
3.Жаһандану жағдайындағы Қазақстан мемлекетіндегі демократиялық саяси
мәдениет пен саяси сананың даму мен қалыптасу үрдістерін көрсету.
Зерттеу обьектісі.
Зерттеу объектісіне жаһандану жағдайындағы Қазақстандағы саяси сана мен
саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы жатады.
Зерттеу пәні - жаһандану процесі мен қазіргі кезеңдегі жаһандану
әлемдегі мәдениет пен ұқсастық мәселелері.
Пайдаланылған әдістер:
- Тарихи әдіс. Жаһандану концепциялары мен ұғымының сонымен бірге,
Қазақстандағы саяси сана мен саяси мәдениеттің қалыптасуымен, әрі қарай
дамуын зерттеу мақсатында қолданылған.
- Кампаративистік әдіс. Жаһандану процесінің басқа да елдер
мәдениеттеріне тигізетін әсерін және бұл процестің ондағы өту дәрежесін
салыстыру мақсатында пайдаланылды.
- Әлеуметтік-мәдени әдіс. Жаһанданудың саяси мәдениетке тигізетін
әсерін бағалауда қолданылды.
Зерттелу дәрежесі:
Қазіргі таңда жаһандану процесі мен оның қоғамның түрлі салаларына
тигізетін әсері жайлы көптеген Батыс ғалымдары, көршілес Ресей
мемлекетінің ғалымдарымен қоса, бірқатар отандық зерттеушілер де
айналысуда. Мысалы, Батыстың зерттеушілерінен келесілерді бөлуге
болады: У.Бек, П.Бергер, С.Хантингтон, А.Гидденс, Р.Робертсон,
И.Валерстайн, А.Вебер және т.б. Ал, Ресейлік зерттеушілерден: Пантин В.И.,
Панарин А.С., Василенко И.В., Федотова Н.Н., Э.А. Азроянц, М.Г.
Делягин, В.И. Толстых, В.Гаджиев және т.б. бұл процесті зерттеумен
айналысуда. Отандық зерттеушілерге келер болсақ, олар: А.Нысанбаев, М.
Ашимбаев, А. Арыстанбекова, Д.Тасмағамбетов, Р.Лебеков, Н.Исингарин,
Гаипов З.С., Лигновская В.И., Ж. Джандосова, М. Шайхутдинов және т.б.
Жұмыс: кіріспе, негізгі - 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдалынған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Ондағы 1-нші бөлім- жаһандану процесінің
саяси мәдениетке тигізетін әсердің теориялық-методологиялық негіздеріне
байланысты жазылып, келесідей сұрақтарды қамтиды: процестің ерекшелігін
сипаттаған ғалымдардың тұжырымдары; жаһанданудың даму концепциялары;
жаһандану жағдайындағы саяси-мәдени ұқсастық мәселесі мен Қытай, Германия
және Түркия елдерінің тәжірибесіндегі мәдени жаһандану;
Жұмыстың 2-нші бөлімі: Жаһандану жағдайындағы Қазақстандықтардың саяси
мәдениеті деп аталып, келесі сұрақтарды қамтиды: Жаһанды әлемдегі
Қазақстан мемлекетінің орны мен Республикамыздағы демократиялық саяси
мәдениеті мен саяси сананың қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері.
Жұмыстың барысында келесі әдебиеттер пайдаланылды: М.Делягин
Практика глобализации: игры и правила ;П.Бергер, С.Хантингтон Многоликая
глобализация; Василенко И.А. Политическая глобалистикаң; А.Нысанбаев
Жаһандану және Қазақстанның орнықты дамуы, Человек и открытое
общество, О традиционной этике казахов; Л.АБайдельдинов Казахстан как
политическая реальность; Қазыбеков Н.А. Саяси процестер: мәдениет-
демократизация-жаһандану және т.б.
Сонымен бірге, бұл мәселеге байланысты жазылған келесі журналдардағы
бірқатар мақалалар пайдаланды: "САЯСАТ", "АҚИҚАТ", "Қоғам және дәуір",
"ПОЛИС", "Евразийское сообщество", "ІЗДЕНІС" және т.б.

1.1 Жаһандану процесі,оның негізгі ерекшеліктері.
"Жаһандану" терминін алғаш рет "Гарвард бизнес ревью" журналында
жариялынған "Нарықтың жаһандануы" деген мақаласында Гарвард бизнес
мектебінің профессоры Теодор Левитт ұсынған болатын. Осы ұғым арқылы ол
"жаһандық фирмалар" деп аталған кәсіпорындардың жаңа нышанындағы іс-
әрекеті арқылы дүниежүзіндегі нарықтардың бірігуін атады. Оның
пікірінше, жаөандану және технологиялар халықаралық қатынастрды
анықтайтын басты екі факторға айналды.
Жаһандану термині 1980 жылдардың ортасынан бастап, ақпарат пен
коммуникация саласындағы жаңа технологиялардың күрт дамуы салдарынан
капиталдың жарылыс бейнелі қозғалысы процесін, әрі қаржы сондай-ақ
биржалық нарықтардың интеграциясын бейнелеу үшін қолданыла бастады.
Сонымен, 1980 жылдардың соңында Жаһандану ұғымы экономикалық және қаржы
саласына қатысты ғана айтылып келді.
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында қырғи қабақ соғыстың аяқталуына
байланысты саяси процестер, орасан зор көлемдегі экологиялық қауіп-
қатерлер, біртұтас жершарын ортақ сезінуге әкелген экономикалық өзара
тәуелділіктің артуы Жаһандану құбылысына экономикалық қана емес,
сондай-ақ саяси, тарихи, географилық және мәдени сипат бере келе, оның
барынша кеңеюіне алып келді.
Француз ғылыми мектебінде Жаһандану ұғымы екі мағынаға бөлінеді:
мондиализация (la mondіalіsatіonң француздың la mondeң-бейбітшілік деген
сөзінен) және жаһандану (la globalіsatіonң). Бұл арада Жаһандану
терминімен одан да кең жаһандық процесс-мондиализацияның экономикалық және
қаржылық жақтарын ғана айтады.
Паскаль Лороттың редакциясымен шыққан француздың Мондиализация
сөздігің төмендегідей анықтама береді: Мондиализация кедергісіз
ғаламшарлық дамудың сатысын білдіреді, онда бәрі де жақын, қол
жеткірліктей, барлығы да бір-бірімен байланыста, осының жағымды
нәтижесіндей өзара тәуелділік пен ынымақтастық арта түсуде. Бұл 1970
жылдардан бастап, әсіресе, 1980 жылдары қалыптасқан біздің әлеміміздің
жай-күйі. Мондиализация, көрініп тұрғанындай, интернационалданудың
(елдердің және қызмет саласының бір бөлігін ғана қамтитын) соңы болып
табылады және жаһанданудан (кедергілер мен арақашықтарды жоюдың үстіне
ақпараттық технологиялардың көмегімен уақыт ұғымын да жоюға алып келетін)
ерекшеленеді.
Жаһанды даму концепцияларының 1960-1970-ші жылдар аралығында пайда
болуы ғалымдардың планетарлық мәселелердің асқынуына көпшіліктің көңілін
аударуға талпыныстары себеп болды. Жаһанды даму концепциялары дегеніміз
ол-әлемдік мәселелерді талдлау негізінде олардың шешудің жобалары мен
стратегиясын ұсынушы және ондай өзгерістер мен трансформациялардың әлемдік
қоғамдастықтағы салдарын болжау туралы теориялық құрылыстар. Ең алғашқы
"Жаһанды тепе-теңдік жағдайы" деп аталған теорияны жасаушылар, Рим клубының
"Даму мүмкіншіліктері" деген баяндамасында: қару-жарақ, қоршаған ортаның
бұзылуы, демографиялық өсу мен экономикалық тоқырау мәселелері қазіргі
замандық адамның ұзақ мерзімді орталық мәселелері ретінде жиі анықталып
отыр деп жазды.[3. 54б].
Жаһанды даму концепциясын жасауға, оны жасаушылардың математикалық
модельдеу мен жүйелі талдау әдістерін қолдану себеп болды. Американдық
ғалым Джей Форрестер мен оның Денис Медоуз бастаған шәкірттері қолда
бар мәліметтерді пәнаралық сипатта компьютерлік зерттеу арқылы
қорытындылау әдісін ұсынды. Олардың ғылыми зерттеу пәні- дүниежүзілік
дамудың күрделі көпфакторлы, өзара байланысты процестері. Ең алғашқы
мұндай зерттеулер формальды математикалық сипатта болғандықтан, оның
негізі ретінде тек әлемдік динамиканың физикалық параметрлері мен
сандық сипаттары ескерілді. Сондықтан мұндай әдістің жеткіліксіз
және тиімсіз екені анықталды. Алғашқы жаһанданулық концепцияларда тек
жаратылысы-табиғи және ғылыми-техникалық факторларға мән қойылып, саяси,
әлеуметтік, мәдени және идеологиялық фактор ескерілмеді.
"Даму мүмкіншіліктері" авторлары өздерінің болжауларында, 1970-1980-ші
жылдары, адамзаттың өмірін, сондай-ақ жаһанды даму сипаты түбегейлі ықпал
көрсеткен ғылыми - техникалық прогрестің жаңа кезеңдік жетістіктерінің
әлеуметтік мүмкіншіліктерін толығымен ескере алмады. Бірақ, зерттеу
барысында әлемдік қауымдастықты жаһанды көлемдегі қайшылықтардың асқынуы
мен дағдарысының арасындағы байланыс анықталды. Жаһанды даму мәселелерін
алғаш зерттушілерден кейінгі ғылыми ізденістер нәтижесінде жаһандық даму
концепциялары әлеуметтік-саяси және гумманистік-антропологиялық
мәселелерге бұрылды. Мұндай бетбұрыс адамзаттың жаһанды мәселелерінің,
әлеуметтік факторының ролі мен маңызын мойындауды сол кездегі
әлеуметтік идеялар мен теорияларды қолдану мен жаңа концепцияларды ұсынуды
білдіреді. Сондықтан жаһанды даму мәселелерінің саясаттанулық тақырыптары
да кеңейіп өсе түсті. Саясаттанудың ерекшелігімен байланысты әлемдік
тәртіпті қайта қарастыру, дүниежүзілік үкімет пен парламент жасау,
жекеленген қоғамдардың саяси жүйелерін трансформациялау идеялары пайда
болды. Мұндай идеяларда саясат өрісінің нақты мәселелері жиі айқындалды.
Бүгінгі кезде жаһанданулық концепциялар эволюциясының ең маңызды бағыты
- адам мәселесі мен оның болашағы туралы бағыт қалыптасты. Біреулер
жаһандануды ХХ ғасырлық әлеуметтік трансформацияның жаңа типі десе,
басқалары оны әлемнің бірлесу жолындағы адамзаттың жүріп өткен барлық
қадамдары деп ұғындырады, ал үшінші біреулері оны бірлескен тұтас әлемді
қалыптастырушы процесс деп дәлелдейді.
Әлемдік даму концепцияларын қалыптастыруда жаһанданулық зерттеулер
орталықтары мен топтар ерекше роль атқарды. Қазіргі замандық
концепциялардың дамуына әлемдік мәселелерді түрлі қоғамдық-саяси
қозғалыстар мен жеке тұлғалардың үлестері де ерекше. Осылардың ішінде,
1968 жылы өзінің пайда болған жерімен байланысты аталып кеткен, "Рим
клубы" ерекше орын алады. Себебі, әлемдік динамиканың алғашқы моделінің
пайда болуы дәл осы клубтың белсенді инициативасымен байланысты.
Батыс елдерінде өзінің тиімділігін көрсеткен либерализмнің жалпы
идеологиясы мен практикасынан жаһанды либерализация пайда болды.
Жаһанданулық үрдістерге ең басым ықпал еткен ол экономикалық
либерализация. Бұл идеология экономикаға мемлекеттің кірісуін шектеу мен
оның субъектілерінің дербестігінің дамуымен сипатталады.
Қазіргі замандық жаһанданулық жағдайда кеңістік пен уақыттың жаңа
өлшемдерін игеру қажеттілігінің пайда болуы анық. Жаңа ақпараттық
технологиялардың, олардың жаңа өрістер мен әлемдік аймақтарды қамтуының
маңызы өсе түсуі әлемнің "нығыздала" түсуінің үрдісі. Сондықтан, жалпы
адамзаттық өркениет тағдыры мен қазіргі замандық өркениетке тиесілі бұл
процестің мәні неде болып тұр? Бүгінігі ғылымда көптеген зерттеушілер
жаһандануды модерннің бір бөлігі деп түсінуде. Бұл процестің жандануы
Батыстың ықпалы мен оның мәдениетінің бүкіл әлемге таралуымен байланысты.
Жаңа индустриялдық, ақпараттық технологиялар әлемнің түрлі аймақтарының
арасындағы әрекеттестіктердегі теңсіз фрагментациялардың жаңа негізі
болғанын айқындайды. Қазіргі замандық жаһандық кезенде бай елдер мен кедей
өмір деңгейлерінің арасындағы айырмашылық өсе түсуде. Жаһандану бүгінгі
заманда әлемнің көптеген елдері үшін референттік көрсеткіш болғандықтан
көп жағдайда ол құндылықты бағдарланулардың ерекше жүйесіне айналды. Бұл
жүйенің негізінде басым жағдайда батыстық елдердің аксиологиялық жүйелері
жатыр. Мысалы саяси жүйеде-демократия, азаматтық қоғам, горизонтальды
байланыс; нарықтық шаруашылық жүйелері - жеке меншік институттары,
бәсекелестік, еңбекке жалдану мен табыс; мәдени жүйесінің мәні -
индивидуализм, прогматизм болып табылады. Сондықтан бүгінігі мәселе-жай
кезекті халықаралық қатынастар жүйесін жасау емес, ол ортақ жаңа әлемдік
ережені қалыптастыру мәселесі болып отыр.
Бұл құбылыстың әртүрлі аспектілерін зерттей келе, Кембриджде 2000 жылы
шыққан өзінің "Жаһандану дегеніміз не?" деген кітабында Ульрих Бек,
"Жаһандану - соңғы жылдары барынша кең тараған, көп ретте шындықтан алшақ
болса да, пікірталастарда негізгі сөз ретінде қолданылатын сөзге айналды
және алдағы жылдары да солай бола бермек. Алайда, дәл осы сөздің мағынасы
барынша аз анықталған, сондықтан көп жағдайда орынсыз қолданылатыны да
рас, соған қарамастан саяси тиімді ұғым болып табылады."
У.Бектің ойынша, жаһанданудың бірқатар өлшемдерін ажырата білу қажет.
Бұл орайда олардың кез келген тізбесіне коммуникациялық
технологияларды, экологияны, экономиканы, іс-қимылды ұйымдастыруды,
мәдениет пен азаматтық қоғамды енгізу лазым. Автор Жаһандану дегеніміз
экономиканың, ақпараттың, экологияның технологиялардың, мәдениаралық
жанжалдардың және азаматтық қоғамның әртұрлі өлшемдегі күнделікті іс-
әрекеті үшін шекаралардың маңызы барған сайын азайып бара жатқанын
білдіреді деп санайды. Ақша, технологиялар, тауарлар, ақпарат және
уландырғыш заттар шекаралар жоқтай еркін өте бередің[5.724б].
Ал Гарвардың белгілі ғалымы Стэнли Хоффман әлемде жаһандануды
қақтығысың жүріп жатыр деп пайымдайды, өйткені жаһандану оның пікірінше,
әрқайсысының өз проблемасы бар үш нысаннан тұрады. Бірінші-бұл
экономикалық жаһандану, ол технологиялар, ақпарат, сауда, шетелдік
инвестициялар және халықаралық бизнестегі революцияның жемісі болып
табылады. Оның басты ойыншылары компаниялар, инвесторлар, банктер, жеке
сектор, сондай-ақ мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар болып табылады.
Компаниялардың мамандануы мен интеграциялануы ортақ байлықты арттыруға
мүмкіндік берді, алайда таза капитализмнің логикасы әлеуметтік әділдік
үшін қолайлы емес. Сондықтан экономикалық жаһандану мемлекеттер
арасындағы және олардың ішіндегі теңсіздіктің ықтимал себепкері болып,
жаһандық бәсекелестікке және мемлекеттер мен бұл процеске басқа да
қатысушылардыңт осы проблеманы шешуіне байланысты аландаушылық пен
торығуды туғызады.
Келесі – мәдени жаһандану. Ол технологиялық революция және
экономикалық жаһанданудан туындайды, олармен бірге мәдени тауарлардың
қозғалысына ықпал етеді. Мұнда униформатизация (немесе, жиі айтылғандай,
"америкалану") мен әртүрлілілік арасында негізгі тандау тұр, оның
нәтижесі жергілікті салттар және тілдердің қайта өркендеуінен көрінетін
біркелкілікке қарсы реакция болып табылады.
Ақырында аталған екі нысаннан тұратын саяси жаһандану бар. Ол Құрама
Штаттардың және олардың саяси институттарының басымдығымен, сондай-ақ
халықаралық және аймақтық ұйымдар, үкіметтік емес байланыстар жүйесімен
сипатталады. Сонымен бірге, бұл ұйымдардың көпшілігінде, автор айтуынша,
демократиялық жауапкершіліктің, билік пен беделдің аздығы білінеді.
Жаһанданудың артықшылықтары дауссыз деп санайды Хоффман, бұның дәлелі
ретінде ол кері шегінудің болмайтындығын және бұлтартпастығын атайды.
Сонымен бірге, оның қол жеткізу шектеулі болып қалып отыр, өйткені ол
көптеген кедей елдерді экономикалық дамудың және әлеуметтік жағдайлардың
біркелкі болмағандығынан, мүмкіндіктен айырады. Азаматтық қоғам,
автордың пікірінше, эмбрионалды күйде қалуда, ал адамдардың жағдайын
кедергілерді жою арқылы жақсарту идеясы күмәнді болып табылады.[6.104б]
Жаһанданудың халықаралық саясатқа ықпалының көптеген факторларының
арасынан автор барынша маңызды үш факторды бөліп қарайды. Біріншісі,
институттарға қатысты. Көптеген мемлекеттер өздерінің егемендігінің
әлсізденуіне әкелетін жаһанданудың талаптарын құлықсыз қабылдайды.
Сонықтан БҰҰ билігі де шектеулі, әрі көп жағдайда теориялық болып
табылады. Мемлекеттер жаһанданудың немесе "гуманитарлық интервенция",
сондай-ақ лаңкестікпен күрес оқиғаларының соққысын көбірек сезінген
сайын, өздерінде бардан айырылып қалмауға ұмтыла түседі, сондықтан
әлемдік мемлекетке қарай қозғалыс шындықтан алыс жатыр.
Екіншіден, жаһандану азаматтықтың ұлттық табиғатын жоққа шығармайды.
Экономикалық өмір жаһандық масштабта жүріп жатыр, алайда адмдардың
белгілі бір ұлтқа жатуы сақталуда – осыдан мәдени гомогенизацияның
күшті қарсылығы туындайды.
Бүгінгі әлем технологиялар саласында біріккенімен, ұжымдық сана
немесе ұжымдық ынтымақтастыққа жеткен жоқ.
Үшіншіден, жаһандану, әртүрлі кедергілерді азайта отырып, жанжалдар
мен терроризмнің таралуына қолайлылық туғызады.
Шың мәнінде бүгінігі техника алыс елдер мен континенттер арасын
жақындастырды, электрондық ақпараттық және байланыс құралдары кез-келген
жерге хабар жеткізіп болған оқиғалар туралы мәлімет алуға мүмкіншілік
береді, ұлтаралық корпорациялар жұмыс күштерінің миграциясын ынталандыра
отырып өндіріс пен тауарлар нарығын жаһанды деңгейге кеңейтуде.
Жаһандануды көп жағдайда шекарасыз барлық өрістерге жаһанды біркелкілікті
орнатушы бірлескен қаржылық және ақпараттық нарықтың қалыптасуы деп
ұғыну да кездеседі. Осы феноменді зерттеушілердің алғашқыларының бірі
ресейлік ғалым М. Делягиннің дәлелдеуі бойынша жаһанданудың өзіндік
сипатталушы ерекшеліктері бар: елдер арасындағы әкімшілік барьерлердің
бұзылуы; аймақтық қаржылық нарықтардың планетарлық бірлесуі; жалпы
әлемдік сипаттағы қаржылық ағымдарды, бәсекелестікті, ақпаратты және
технологияларды игеру. Бұл процестің өте маңызды ерекшелігі – бүкіл әлем
көлемінде жай қаржылық және ақпараттық нарықты қалыптастыруында емес, ол
көп жағдайда адамның коммерциялық және оның барлық әрекеттері жүзеге
асатын қаржылық-ақпараттық кеңістікті қалыптастыруы (7.15бб.(
Бірақ та бүгінде жаһанданудың жалпы мойындаған концепциясы жоқ. Әлі
де бұл термин түрлі елдерде, аймақтарда, қоғамдар мен ғылыми пәндерде
өзіндік ерекше мәндерге ие болып отыр. Соған қарамастан бұл процесс
әлеуметтік - мәдени көптүрліліктің өсуін меңзейді. Басқаша айтқанда ол өте
күрделі көп өлшемді процесс және ұқсастық пен өзгешелікті, әмбебаптық пен
фрагментаризмді ұғындыратын құбылыс. Кейбір ғалымдардың, бұл процесті
біріңғайлықты қалыптастырушы әмбебаптық үрдіс деп қарастырады. Мұның айқын
мысалы ретінде – жаһанды капиталистік экономиканың өсуіне мән берілуші
жаһанданудың экономикалық дискурсы бола алады. Мұндай позиция әсіресе
американдық саясаттанушылар мен әлеуметтанушыларына тән. Әлемдік-жүйелік
баптың теоретиктері көп уақыттан бері әлеуметтік даму процесін ерекше
экономикалық теория арқылы талдап келе жатыр. Ондай зерттеушілердің
алдыңғы қатарында И.Валерстайн тұрғаны белгілі. Сондай-ақ, Париж
Университетінің профессоры Ата Худаштиан: жаһандануды жетік түсіну үшін
бұл құбылысты тарихи аспектіде зерттеу қажет. Жаһандану тарихи кезең болып
табылады, себебі ол коммунизм күйреген сәттен бастап пайда болып
тарихтың жаңа фазасын жасады. Осы мәселе туралы Ә.Н.Нысанбаев өз ойын
былай жеткізеді: Батыстың интеллектуалдық элитасы жаһандану феноминін көп
жағдайда асырып көрсетеді. Олар жаһандық процестердің, сондай - ақ
өзара мәдени алмасудың өте ерте кезден пайда болғанын және Ерте Дүниенің
алғашқы өркениеттер уақытынан бастап әлемдік тарихтың маңызды
элементтері болғанын ескере бермейді. Біздің бүгінде тап болып отырған
құбылыстарымыз өткен замандарда сан рет болып және оларды сол
процестер дүниеге әкеліп отырған. Көптеген тұрғындардың империялық
жүйеге бірігуі, олардың мәдени үстемдігі мен кейінгі күйрелуші
империлардағы локалдық қайта өрлеу ретінде танылған мәдени фрагментациялық
бөлінулері көп жағдайда зорлық - зомбылықпен жүріп отырған көне
құбылыс.[8.5б.] Осы пікірге қосыла отырып К.С.Гаджиев: Егер өркениеттердің
тарихи понарамасына ретроспективті түрде көз жіберсек, олардың әрқайсысы
бір жағынан қоршаған ортаға әрқандай ықпал етіп, байланысып, алмасып
отырса, екінші жағынан олардың өздері сыртқы әсерлер мен ресурстарды-
адамдық, материалдық-қабылдап оларды игеріп өздерін ұдайы өзгертіп жаңарып
отырды деп көрсетеді. [9.119бб]
Дамудың батыстық үлгісінің басымдылығын мойындау құқықтық
режимдерді, өмір салтын, құндылықтар жүйесін унификациялауға себеп
болады. Сондықтан мәдени - өркениеттік жүйелердегі адамдардың өмір
салттарын әмбебаптау үрдісі байқалуда. Әлемдік аренада Батыстық модель
"өркениеттік стандарттың" үлгісіне айналды. Кейбір жағдайларда жаһандану
әлемдік унификациялау процесі ретінде қарастырылғанда ол экономикалық
және мәдени империализмнің жаңа формасы немесе вестернизация,
американизация, жаңа отаршылдық ретінде талқыланып жүр. Себебі,
жаһандану туралы теориялық зерттеулердің басым көпшілігін ағылшындық,
скандинавиялық және американдық ғалымдар жасаған. Ал американизациялау
деген шын міәнінде жаһандануды американдық ұлттық мәдениет
элементтерімен толықтырылған нақтылықты білдіреді. АҚШ қазіргі
уақытта әлемнің ең ықпалды ақпаратты орталық. Сондықтан ұлттық
егемендікті шектеу, әлемдік тұтас құқықтық аланды жасау, әлемдік
экономикалық және саяси басқару органдар концепциялары өзінің дамуын
жалғастыруда. Мәдениет өрісіндегі американизацияның ерекшелігі
рационалдық матрицалардың иррационализациялануы мен сандық сипаттарға,
тұтынудың өсуіне, сапалық деңгейді қолдауға, мәдени образдарды
виртуализациялауға жете мән қойылуында. Осылардың салдарынан өзге елдер
өкілдерінің жаһандануды вестернизацияның жаңа түрі деп айтуына негіз
болып отыр.
Жаһандану мен модернизациялақ процестер өзара қиылысып отырғандықтан
олар бір-біріне ұқсас және жақын міселелерді туындатады. Оның себебі,
жаһандану модернизация сияқты социумды, ал онымен бірге бүкіл әлемді
өзгертуді көздейді. Бірақ ондай өзгерістердің салдары немесе нәтижелері
әртүрлі және олар әртүрлі бағаланып отырады. Бұл процестер біреулер үшін
оптимизм мен жақсылықтың бастамасы болса, ал басқа біреулер үшін жат,
жағымсыз құбылыс. Әрине оларды түсінуге болар, себебі өзгерістер көптеген
адамдардың үйреншікті жағдайларын бұзу мен бірге оларды маргиналға
айналдыруда. Ғылыми еңбектерде жаһандану мен вестернизацияның арақатынасы
туралы екі зерттеу бабы байқалады. Біріншісіне сәйкес жаһандану
модернизацияның салдары немесе нәтижесі, ал модерндік ол – Батыстық
дамудың өнімі. Басқаша айтқанда, оны кеңейтілген вестернизация, батыстық
капитализм мен батыстық институттардың таралуы ретінде ұғынуға болады.
Мұндай көзқарасты С.Амин, Л.Бентон қолдайды. Ал, А.Гидденс, Р.Робертсон,
М.Олброудың теориясына сүйенген екінші бапқа сәйкес, жаһандану
вестернизацияға қарағанда әлде қайда кең процесс ретінде жарияланды.
Оның дәлелі, жаһанданулық процеске қатысып отырса да олардың негізгі
құрылымдарына вестернизация ене қоймаған Оңтүстік-Азиялық елдері көрсетуге
болады. Көптеген батыстық емес мемлекеттер жаһадануды өздеріне туған
қатер деп санайды.
Осыдан бірнеше он жылдық бұрын, ішкі және сыртқы саясат тек ұлттық
мемлекеттердің функциясы болатын. Ал қазіргі жаһандану кезеңінде тіпті
басқа жағдай қалыптасуда – бүкіл әлем бірлескен комплекске айналуда. Мұндай
жағдайдың бірден бір себебі, саяси қайраткерлер мен ұйымдардың, Үкіметтер
мен мемлекеттердің болып жатқан оқиғаларды бақылау, шешімдерді қабылдап
оларды жүзеге асыру қабілеттері тек олардың ішкі мүмкіншіліктеріне емес,
сондай-ақ сыртқы әлемдегі жағдайлар мен ықпалдарды ескеру қабілеттерімен
байланысты. Ұлттық мемлекеттер шекарасына сырт елдерде немесе
халықаралық ұйымдармен қабылданаған шешімдер мен әрекеттерінің ролі өсе
түсуде. Ұлттық экономикалар арасындағы шекаралар азайып бұрын тек ішкі
саясат мәселелеріне тиесілердің көпшілігі халықаралық - саяси сипат алуда.
Басқаша айтқанда, бұрын болмаған, ішкі саясат пен сыртқы саясаттың өзара
іштесу процесі үдей түсуде. Барлық бұрынғы ережелер, тәртіптер мен
әдеттер бүгінгі саяси басқару практикасына жеткіліксіз. Мұндай үрдістер
кейбір мемлекеттердің халықаралық субъектісі ретіндегі ролін өзгертеді.
Қазіргі уақытта халықаралық қатынастар жүйесінің жалпы
трансформациялануы анық. Саяси шешімдерді қабылдауда үкіметтік емес
ұйымдардың ықпалы өсе түсуде. Ұлттық және халықаралық емес ұйымдар – құқық
қорғаушы, діни, экономикалақ т.б. – қоғамдық пікірлерге, саясатқа, заң
шығаруға белсенді ықпалдарын тигізіп, өздері әлеуметтік қорғау қызметін
атқарып, кейбіреулері БҰҰ-ның комитеттері мен комисияларының жұмыстарына
қатысып отырады. Мұның өзі үкіметтік емес субъектілер бұрын мемлекеттер
атқаратын біршама қызметтерді өздері атқаруда. Сонымен халықаралық
қатынастар жүйесінің жалғыз қатынасушысы ретінде болған мемлекеттер бүгінде
демонополизациялануда. К.С.Гаджиевтің айтуынша, қазіргі замандық әлемдік
қауымдастықта кем дегенде қатынастардың үш комплексі анықталған: мемлекет
пен мемлекет, мемлекеттер корпорациялардың корпорациялармен қатынастары.
Сондықтан егеменді ұлттық мемлекеттер өте күрделі процестерге
қатысуда.[9.119бб] Осы процестер Дж Розенаудың "әлемдік саясаттың екі
әлемі" туралы пікірге келуіне негіз болды. Бірінші әлемде егеменді ұлттық
мемлекетер болса, ал екінші әлемде мемлекеттік емес ұйымдар,
бірлестіктер, корпорациялар т.б.
Соңғы он жылдықта шетелдерде жаһандану мен демократизация жәй
доминанта емес, олар қазіргі замандық әлемнің даму үрдісінің өзара
толықтырушысы және өзара нығайтушысы деген көқарастар басым. Олар мұндай
тезисті күмәнсіз шындық ретінде көрсетіп, ешқандай теориялық дәлелдеуді
қажет етпейді деген пікірді қорғайды. Әрине жаһандану мен демократизацияның
өзара себептелуі туралы көзқарас асығыс тұжырым. Шын мәнінде әлемдік
саяси практика көрсеткендей жаһандану мен демократизацияның өзара
байланыстары өте күрделі де біркелкі емес. Бір жағынан жаһанданулық
процестер экономикалық даму демократиялық реформаларды ынталандырып отырса,
Оңтүстік Корея, Тайвань, екінші жағынан ол авторитарлы режимдердің
легитимдігін нығайтуда Синтапур, Сауд Арабиясы. Басқаша айтқанда,
жаһандану мен демократизацияның себептелген байланыстары біркелкі
реттілікке линейный сыйыспайды. Себебі жаһандану біздің әлемді
"нығыздаумен" бірге ол түрлі қатынастардың экономикалақ, әлеуметтік,
саяси, технологиялық т.б. көп жақтарын ажыратып бөлшектейді. Жаһандану
теңсіздік дәрежесін көбейтіп дамудан қалыс қалғандарды постиндустриялдық
авангардтың шикізаттық ресурсына айналдырып олардың даму ұмтылыстарының
перспективасын мәнсіз етеді. Әлемнің жаһандану әсерінен жіктелуі тек
әлеуметтік - экономикалық құбылыс емес, ол саяси және әлеуметтік - мәдени
сипат алуда. Мысалы бүгінгі діни фундаментализмнің өзі жаһандану мен
демократизацияның тиімді симбиоздық кескіні туралы пікірлерді көп жағдайда
қиялға айналдырады. Сондықтан, жаһандану демократияны ұғынудың проблемалық
аланың қайта қарастыруға итермелеп те отыратыны байқалады. Басқаша
айтқанда ең алдымен демократияның "көлемі" мен "өлшемі" және
демократиялық құрылыстың өзі туралы мәселелер туындауда. Себебі
антикалық полис демократиясы ұлттық мемлекет практикасына жарамсыз
болғандай, ұлттық мемлекет шеңберінде қалыптасқан демократиялық практика
жаһандалған әлемге бейімсіз болуы мүмкін. Осы пікірге сәйкес, кейбір
жағдайларда демократия ұлттық мемлекет шеңберінде дамушы "ішкі процесс"
ретінде танылады. Біз үшін демократизация күні кеше өзінің ауқымы жағынан
жаһанды, ықпалы жағынан универсалды болып көрінгенмен, бүгінгі күн оның
өзін сын көзбен қайта ойластыруды талап етеді.
Қарастырылып отырған процестің мәселесі - дәстүрлі емес "ашық" жаңа
жүйелі әлемге түрлі халықтар мен мемлекеттер бірдей дайындықсыз,
өздерінің экономикалық, әскери-стратегиялық және ақпараттық әлеуметтері
жағынан айтарлықтай айырмашылықтармен келеді. Ал жаһанданған әлемде
олардың арасындағы мұндай айырмашылықтар жақындаудың орнына олар алшақтап
бара жатыр. Мұндай жаһандалануда әлем жекеленіп іштей шиеленіскен,
белсенділер; үстемшілер және біршама енжарлы элементтер болып бөліну
қалпында. Қазіргі замандық әлемнің мұндай тұрпаты жаһанданулық
процестегі ондай элементтердің конструктивті ролін жоққа шығарып,
өздерінің экономикалық, саяси және мәдени қиындықтары мен мәселелерін
солармен байланыстыруда. Мысалы, А.С.Панариннің айтуынша, ондай
мәселелерге: табиғи ортаның бұзылуы, экономикалық босқындар, жаһанды
қаржылық спекуляциялар, әлемдік компьютерлік қылмыстар, халықаралық
қылмыстар мен терроризм, халықтардың мәдени және ұлттық ұқсастықтарын
жоғалту қаупі т.б. жатады.[10.11бб]
Тұтастай алғанда, ресейлік ой-парасатына жаһандануға деген
жақтырмаушылық көзқарас тән. Ресей саясаттанушысы А.Панарин өзінің
"Жаһанданумен дерттену" атты монографиясында жаһандану процесін жойқын
сынға ұшыратты. Ол жаһандануды "үшінші дүние" елдері үшін, дамушы
және өтпелі кезең елдері үшін апатты жоба ретінде көрсетті,
жаһандануды табиғи ресурстарды соңғы рет бөлу, экономикалық жағынан
барынша дамыған державалардың пайдасы тұрғысынан, трансұлттық
корпорациялардың пайдасы тұрғысынан ұлттық мемлекеттерді жаңағы
ресурстарға деген меншік құқығынан айыруды мақсат ету деп түсіндірді.
Оның айтуынша, мұндай бөлудің нақты тетіктері ретінде шикізат
ресурстарын мүмкін болғанша аз өңдей отырып, басым түрде экспорттау,
капиталды әкету эконномика инфрақұрылымының жоқтығы, ұлттық элитаның халық
мүддесін сатып кетуі, ұлттық мемлекеттілік пен дәстүрлі мәдениеттің
күйреуі бой көрсетеді деп баяндайды.[11.184бб]
Сонымен жаһандану деген не? Бұл сұраққа ресейлік ғалым В.М.Межуев
"Әлемдік қауымдастықты құрушы ұлттық мемлекеттер мен аймақтардың, өзара
тәуелділігінің өсуі, олардың барлығына ортақ экономикалық, саяси және
мәдени жүріс-тұыс тәртіптері мен ережелерінің бірітіндеп бір жүйеге
бірігуі" деп анықтама береді.[3.18 б].
Сондықтан, егер жаһандануды тек әлемдік капиталистік жүйенің
экспансиясына, нарықтық жаһандануға теңестірген жағдайда болашақтың
ондай болуы мүмкін.
Қазіргі таңда жаһандануға енудегі бірнеше үрдістер байқалады:
1.Өзгерістердің аумақтылығы мен комплекстілігі, әлеуметтік
құндылықтардың барлық параметрлерінің трансформациялануы.
Жаһандану теоретиктері жекеленген жақтардың нақтылы өзгерістеріне
емес, олар өзгерістердің өзара байланысуы мен өзара себептелуіне мән
қояды. Басақаша айтқанда олардың көңілі иновациялардың кеңістіктік -
географиялық параметрлеріне ауысқан. Трансформациялық процестер қоғамның
барлық микроқұрылымдарына еніп бұрынғы жабық әлеуметтік бітімдерді ашып
отыр. Бұл процестің бойлап тереңденуі әлеуметтік уақытты да қабылдауды
өзгертеді. Әлеуметтік уақыт болса, бірқатар кесімдерге бөлініп олардың
әрқайсысына ерекше қысқа мерзімді өмірлік "жобаға" сәйкестеледі. Ал әр
кесімнің "жобасы" аяқталған кезде даму траекториясын радикалды өзгертуші
жаңа кесім пайда болады. Оған ұйғарылғандар үшін, тіпті жанұйя сияқты
дәстүрлі институттың өзі экспериментке айналуы мүмкін. Айналадағының
барлығы тұрақсыз болып субъектілердің мұндай процестерге жедел
бейімделуін талап етеді. Сондықтан өзгерушілік пен "бейімдеушілік"
ең басты позитивті құндылыққа айналады.
2. Жаһандық құндылықтар мен бағдарланулардың локальдықтан басым
болу.
Жаһанданудың әлеуметтік құрылымға терең бойлап олардың
субъектілерін жаңа мәнділік иесі қылу оның маңызды ерекшелігі.
Жаһандық шындықтар әлеуметтік сана мен жүріс - тұрыстың тіпті ең
консервативті және тұрақты құрылымын түбегейлі өзгертеді. Сондықтан
ескіден арылу процесі өте жедел және анық өту үстінде. Кезкелген
инновация алдын - ала тиімді деп қабылданады, себебі ол жаһанды. Сонымен
жаһандық, ең жоғарғы құндылық дәрежесіне ие болуда. Ендігі жерде
жалпы әлемдік деңгейге шығу үшін локальды әлеуметтік институттарға
вертикалды иерархияның барлық сатыларынан өтіп отырудың керегі жоқ.
Жанұйя, кіші топтар, жергілікті ұйымдар, қозғалыстар мен институттар
жаһандық процестерге қатысудың жаңа формаларын көрсете отырып, өздері
тікелей жаһанданылуда. Вертикалды иерархияның мәні күрт төмендеуде.
Ақпарат, қаржыландыру, түрлі көмектер жоғарыдан келмейді, олар
горизонтальды жолмен келуде. Түрлі деңгейлер бір бірінен қашықталып
дербес тіршілікке ұмтылады. Бұл үрдістің негізді екендігі электораттардың
макросаясатқа деген күмәнданудың өсуінен байқалады.
3. Мәдениеттің гибритизациясы.
Жаһандану, біздің мәдениет туралы түсінігімізді радикалды түрде
өзгертуде. Бүгінгі жаңа жағдайда бірікпейтін бөліктерден тұратын, тым
тұрақсыз да дәстүрлі контекске қайшы келетін көптеген түрлі жаһанды және
локальды "әлеуметтік - мәдени" гибридтердің пайда болуын көрсетіп отыр.
4.Ұлттық мемлекеттік факторлардың әлсізденуі.
Жаһандану ұлтшылдықтың кезкелген көріністерінің, ұлттық
мемлекеттердің, ұлттық әлеуметтік дәстүрлердің немесе сананың белгілі
түрінің мәнін шайқатуда. Түрлі қоғамдар өздерінің горизонтальды
құрылымы бар конгломерациясын жасауда.
5."Ішкі" феномендердің босатылуы, "сыртқы шығуы". Құндылықтар
мен құндылықты бағдарлануларды интернационализациялау қоғамның реттеуші -
нормативтік қызметін айтарлықтай трансформациялап және азаматтық қоғам
мен басылып отырған, бұрын әлеуметендірілмеген "ішкі" феномендер
жаһандық процестер мен институттарда маңызды орын табуда. Түрлі
әлеуметтік "типтер" мен модельдердің болуы, рационализациялаудың
принципінің бірі болмауы, "ішкі" феномендермен еркін қатынас жасау әлемнің
жаһандық - постмодернистік кескінінің ажыратылмас бөліктері.
6. Рационалдылықтың "қазіргі замандығынан", "болашақ замандық" типіне
өтуі.
Жаһандану ерекше нормативті - теориялық парадигма үлгі ретінде
"қазіргі замандық" қоғам шеңберінде жасалған рационалдық концепцияны да
өзгертуде. Рационалдылықтың, көптүрліліліктің еркіндігін көздеуші жаңа
моделі өзінің бейнесін "мультикультуризм теориясынан" тауып отыр. Оның
негізінде регионалдық және кәсіби топтардың мәдени карталарының алуан
түрлілік принципі жатыр.
Жалпы, қазіргі замандық ақпараттық байланыс технологиялардың дамуы
экономикаға, саясатқа, мәдениетке және субъектілердің әрекеттеріне
түбегейлі өзгерістер әкелді. Көп жағдайда ұлттық мемлекеттер мен бірге
әлемдік саяси процестердің маңызды жаңа субъектілері ретінде, мемлекеттен
тәуелссіз әрекет етуші, трансұлттық ұйымдар мен қозғалыстар, индивидтер
белсенділік көрсетеді. Мұндай құбылыстар халықаралық мәселелердің даму
динамикасына тегеурінді ықпал етуде. Әлемдік жаңа инфраструктура негізінде
көптеген халықтардың, елдер мен аймақтардың әрекеттестігінің экономикалық,
экологиялық, саяси, әлеуметтік, мәдени т.б. формаларының көлемі өсіп
тереңдеді. Сондықтан, жаһандану туралы пікірталастардың мәні тек оның
ұғымдық түсінігімен байланысты емес.
1.2 Жаһанданудың тұлғаның саяси мәдениетіне тигізетін әсерін
бағалаудағы әлеуметтік-мәдени тәсіл.
Жаһанданудың өзіндік идеясының беделін сақтау мақсатында оның өзге
моделін қарастыру қажет. Ол мәдени жаһандану. Мәдениетті жете ұғыну және
оның қызмет етуінің нәтижелері, әлемдік көлемде жаңа шындықты жасаудағы
жаһанды эволюцияның факторы. К.Манхейм 1930-шы жылдары саяси демократия
деген мәдениеттің жалпы қамтушы принципінің бірден бір көрінісі деген
пікірді айтқан. Сондықтан мәдениетті экономикалық жаһандануға қарсы жай
реакция деместен, оны жаһанданудың шешуші аспектісі ретінде түсінуге
болады. Осыған байланысты Н.Н.Федотова: мәдениеттің жаһандануы
әлемдік көлемде мәдени біркелкілікті орнату деген емес. Бұл процесс
мәдени қақтығыстар мен қайшылықтарды қамтып отырады. Түрлі мәдениеттер
мен өркениеттер қақтығыстары мен қайшылықтары қазіргі замандық көп
полярлы әлемнің негізгі факторы деп көрсетеді.[13.18б] Басқаша айтқанда,
мәдениет пен дамудың өзара себептелуі мен әлеуметтік-мәдени динамика
қазіргі замандық әлемнің кеңістік - уақытық трансформация үлгісін жасаушы
деген пікірге келеміз. Жаһандану процесінің кеңістіктік - уақыттық
динамикасының өзіндік әлеуметтік өлшемі ретіндегі анықтаманы З. Бауман
былай келтіреді: Кімдер мұны өзіне мүмкін ете алса, олар уақытқа сай өмір
сүреді. Ал кімдердің мүмкіндіктері болмаса, олар "кеңістікте" тіршілік
етеді. Алдыңғылар үшін кеңістіктің маңызы жоқ, ал кейінгілер болса, бар
күшін салып өз кеңістігіне мән беру үшін күреседі.[14.176бб]
Сонымен жаһандану ол Азияның өрлеуі ғана емес, ол Шығыс пен Батыстың
байланыстарының күшейуі және батыстық емес қазіргі замандық дәстүрлі
құндылықтар мен мәдениеттің экстенсивті туралы ғана емес. Батыстық
мәдениеттің өзі де батыстық емес мәдени және құндылықтық бағдарланудың
ықпалын сезінуде. Мұндай процестің барысында мәдениеттердің өзара енісуі
мен бәсекелестігі жүруде. Американдық белгілі ғалым С.Хантингтон,
экономика мен ақпарат өрісіндегі жақындасулар мәдени айырмашылықтарды
асқындырады, ал соның салдары локалды немесе жаһанды деңгейдегі
даудамайларды туындатуы мүмкін дейді.[15.18б] Бұл пікірге У.Ганнерс
қосыла отырып-мәдениеттің унификациялануын; бөтен мәдениеттермен толығуын;
батыстық емес елдерде батыстық мәдениеттің құлдырауының; диалог пен алмасу
нәтижесінде әлемге ортақ мәдениеттің болу мүмкіндігін болжайды.
Ал Э. Валерстайн жаһандануды нақтылы барлық мәдениеттерде жаңа
жаһанды мәдениет пен әлеуметтік контекстің жасалуы ретінде түсіндіреді.
Ол мәдени координаттар жүйесін білдіретін "геомәдениет" түсінігін
ұсынды. Қалай болғанымен бүгінгі халықаралық әрекеттестіктің позитивті де
жақтары бар. Өзара әрекеттестік барысында Шығыс елдері өз экономикасында
батыстық технологияларды қолдануға мүмкіндік ашылады. Сондықтан қазіргі
замандық жаһандану үшін жаңа философия қажет. Ол Шығыс пен Батыстың өзара
түсіністік философиясы болуы тиіс. М.А. Бирюковтың пікірінше, қазіргі
замандық жаһандану өркениеттер, аймақтар, ұлттық мемлекеттер, жергілікті
халықтар, мемлекетінен айрылғандарға өздерінің тарихы мен ұқсастықтартарын
құрастыру үшін жаһанды жағдай жасауда. Әлемдегі халықтар мен аймақтарда
өзіндік ерекшелік көріністер күрт өсуде. Жерігілікті дәстүрлер мен
ерекшеліктерді қорғау жаһанды феноминге айналды. Жаһандану әлі де болса
өз территориясы мен табиғи ресурстарын бақылаушы ұлттық мемлекеттердің
әлемдік аренада жетекші субъект ретіндегі ролін жаңаша ұғынуды талап
етуде. Жаһандану заманында ұлттық мемлекеттердің автономиясы мен егемендігі
тұрақты түрде тарылуда. Екінші жағынан, көп жағдайда халықаралық
кооперация мен интеграция мемлекеттерге өздерінің ұлттық және
стратегиялық мүдделерін тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Коммуникациялар,
көпшіліктік турризм мен көптеген миграциялар ұлттық мемлекет саясатының
дәстүрлі ұғымын өзгертуде. Бұл процесс көп уақыттан бері ұлттық тіл мен
локальды таптауындарға сүйенген саяси қауымдастық туралы түсінікке де
қатысты. Жаһандануды қарапайым түрде түсінуге болмайды. Себебі ол
бейбітшілік пен келісімді нығайтуға әсер ету мен бірге ұлтшылдық және
этносепаратистік көңіл күйлерді де күшейте түсуде. Соңғы жылдары әлемде
ұлттық партиялар мен қозғалыста айтарлықтай өсті. Кейбір жағдайларда
ұлтшылдықтың өсуі жергілікті ұлттық дәстүрлердің жаһандануға қарсы
күрестің формасы болды. Ұзақ тарихи перспективада ұлттық мемлекеттер
жаһанданудың аспектісі ретінде дамыды деп айтуға болады.[16.33бб]
Жаһанданудың мәдени аспектісі, соның ішінде инвидтердің санасы жайлы
көптеген ғалымдар зерттеулерін жүргізді. Олардың бұл мәселе жөніндегі
бірқатар тұжырымдарына тоқталып кетейік.
Ақпараттық технологиялар анағұрлым табысты болып, енді
коммерциялық тиімді бизнес ретінде заттарды қайта жаңарту емес,
индивидуалды, коллективистік адам санасын жаңғырту болып табылады.
Ақпараттық технологиялар алғаш рет, сананы қалыптастырудағы
мемлекеттік үгіт-насихатқа қарағандағы ең жеңіл технологиялар мен
механизмдерді дүниеге әкеліп, коммерциялық тиімді және де баршаға қол
жеткізерлік болды. Нәтижесінде санамыздың өзгеруімен, енді ұлттық
тіпті әлемдік үкімет емес, кезкелген әлемдік продукт айналысады.
Алдыңғы қатарға PR технологиялар шығып, бұл технологиялар дәстүрлік
маркетингке қарағанда тауарды адамдардың мұқтаждықтары мен талаптарына
бейімделмей, керісінше керекті тауарға адамдарды бейімделу үстіде. Сана
қалыптастырудың ең тиімді бизнеске кәсіпке айналуы - коммерцияның жеке
мәселесі емес. Ол жалпы адамзаттың дамуын өзгертуде: егер де бұрын
адамзат қоршаған әлемді өзгертсе, енді адамзат өзін - өзі өзгертуде. Өз
әрекетінің эффективті, ықпал ету мен тартымды күшіне орай, ақпараттық
қоғам элитасы болып, сана қалыптастыруға қатысатын кезкелген адам бола
алады. Бұл ақпараттық қоғам ерекше дүниетанымдық көзқарасқа, өзіндік
құндылықтар жүйесі мен жүріс - тұрыстың стиліне ие болып, қазіргі танда
әрбір қоғам шеңберінде қоғамдық және индивидуалдық сананы өзгерту мен
қалыптастыруға қатысады.[16.185бб]
Жалпылықтың белгісі жаһандану, өзінің гумандық мәні мен талқылауда
стандарттылық пен унификациялаудан бөлек. Жаһандану –өзіндік ерекшеліктері
мен индивидуалдылық қасиеттерінен ешкімді бас тартуға міндеттенбейтін
баршаға ортақ және тиесілі процесс. Екінші жағынан, жаһандының барлығы
тек локальды, жеке және автономды болып қалмай, енді баршаға ортақ болып
келеді. Бұл неліктен және қалай мүмкін болып отыр? Осы сұрақтың жауабы,
адамдық қатынастардың барлық жүйесін гумманизациялауға қабілетті
жаһандануды процесс ретінде ашып, түсінуге толықтай мүмкіндік береді.
Жаһанданудың мәнін феноменологилық жағынан гөрі құбылыстар мен
процестердің тереңірек деңгейінде ашуға болады. Бастамасы ретінде келесі
объективті фактіні: әлемде автономды, басқалардан бөлек болып, өзара
байланыссыз ешбір мемлекет, ешбір халық өзі шеше алмайтын мәселелердің
пайда болуын мойындау болып табылады. Кезкелген ұйымдастырушылық шектеулер
мен саяси қадағалауларды аттап өткен ақпараттық технологиялардың дамуынана
туған әлемдік кеңістік пен уақыттың тығыздалуына орай, енді халықтар мен
мемлекеттердің өзара араласудағы ұйреншікті амалдар мен механизмдер енді
көздеген нәтижені бермей, қажетті қызмет атқармауда. Мемлекеттер мен
қоғамдар қазіргі заман, уақыт талаптарынан туған мәселелрді өзара
келісіп, бірлесіп шешуге мәжбүр болды. Өзара тәуелділікті жаһанданған
қоғамның тек қана тенденция мен қажеттілік ретінде түсінбей, сонымен
бірге оны адамдар ынтымақтастығының негізгі принципімен бірлесіп
тұрудың заңын ету қажеттілігін түсіну болып табылады. Жаһандану көбінде
болжамсыз да қайшылықтарға толы феномен. Сондықтан, бұл процесті
зерттеумен айналысқан авторлардың концепциялары мен көзқарастардың негізін
белгілеп, ажырату маңызды. Философиялық -әлеуметтік концептуалды жағынан
қарағанда, әлемнің біртұтастық жөніндегі көзқарастарға ерекше көңіл
бөлуге жөн.
Біз барлығымыз - христиандар мен мұсылмандар, иудейлер мен буддистер,
әртүрлі мәдениеттердің адамдары болып, ортақ жер шары кеңістігінде өмір
сүріп жүрміз. Бөлек уақыттық белдеуде, әртүрлі күнтізбектер бойынша өмір
сүре отырып, қазіргі заман атты кезеңнің адамдарымыз! Бізді ортақ
игілік пен махаббат сезімі ғана біріктірмейді, сонымен бірге, түрлі
саяси, діни көзқарастардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарына қарамай,
баршаға төнген қайғы - қасірет те біріктіреді. Бұл – аурулар, жер, су
апаттары, өлім алдындағы қорқыныш пен болашаққа деген сенімссіздік.
Осыдан көретініміз, зұлымдылық оған қарсы тұру үшін адамдарды
біріктіретін бірден - бір факторы болғаны.
Жаһандану - әлем қауымдастығының барша халықтыры, мәдениеттері және
өркениеттерімен жоғарғы игілік ретінде, тек егер де өзіңе адам мен аламзат
өмірі үшін күресті жеңу үшін қажетті талаптарын біріктірсе ғана
қабылданады. Міне бүгін, осы талаптар мен қажеттіліктерді өтеудің уақыты
келді.
Өркениеттердің қақтығысынан өзгеше, біз – мәдениеттер мен
өркениеттердің алуан түрлілігін, адамдар мен халықтардың, ұлтттар мен
мемлекеттердің бір - бірімен, табиғатпен бірлесіп өмір сүрудің тарихи
қалыптасқан тәсілі ретінде түсінеміз. Ерекше көңіл – біртұтастыққа,
дәлірек айтқанда, алуан түрліліктегі біртұтастыққа бөлінеді. Мұндай бағыт
және көзқарас жаһандану феноменін толықтай түсіну үшін анағұрлым тиімді де
жемісті болып келеді. Басқаларға өмір сүруге кедергілерді туғызбай, өмір
сүруге үйренуде жаһанданудың негізгі ойы жатыр.
Бірлік пен біртұтастық басымдылықтарында тұрып, әрине құндылықтардың
маңыздылығы тұрғысынан төмен деңгейде тұрмаған әлемнің алуан түрлілігін
ескермеуге де болмайды. Ал, гегемонист -глобалистер мұны ескермей,
халықтар мен этностардың өмір сүру келбеттерінің ерекшеліктері мен
мәдениеттерін өшіріп, олардың біріңғай өркениеттік болмысқа табынуды
көздейді. Баршаға эталонды тиімді әлемдік тәртіп пен өмір салтын жүктеу
дағдарысын тарихтағы болған ұлы империялар мен ұлы ойлардың
құлдырауынан көруге болады.
Сондықтан да, әлем тұтастығы мен бірлігі жөніндегі тұжырымдарды тек
экономика және экологиялық салаларға байланысты көрсеткен зерттеушілердің
сақтанғыштығын түсінуге болады.
Саясат пен мәдениет салалары жайында сөз қозғағанда, мұндай
тұжырымдарды олар біркелкі қолдана алмайды. Жаһандану өзі туралы бұл
салаларда түсінік беріп, олардың толыққанды дамуы мен тіршілік етудің басты
принципі мен заңы болуы тиіс. Жаһанданудың талаптары мен мәселелері ортақ
байланыс нүктесіне ие болып, жаһанды қоғам болашағының адами өлшемдері
жөніндегі сұрақ пен сол жаһандану процесінің төңірегінде шоғырланған. Оның
барлығы да, келер әлемдік тәртіп, жүйе мен жаңа заман қаншалықты
адамзатқа тиімді, гуманды болады деген сұраққа келіп тіреледі. Міне, осы
сұраққа бүкіл әлем жауап беруге тырысады. Әлемдік діндер мен мәдениеттер
ынтымақтастық, шыдамдылық, бостандық, теңдік, бауырластық, келісім және
басқа да адам болмысының өмірлік мәндері мен универсалды құндылықтарды
қалыптастыруға өзінің үлкен үлесін қосты. Әрбір тарихи кезең бұл
құндылықтарды жүзеге асыруға тырысты. Бірақ, өкінішке орай, бұл игілікті
де жоғарғы мақсаттарға жетуде бұрмаланған тәсілдерді қолдану кесіренен
аяғында бұл талпыныстар сәтссіздікке ұшырап отырды.
Жаһанды әлем дәуірі – бұл адамзаттың бір тұтастығы идеясын жүзеге
асыруға уақыты мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz