Жеке тұлғаға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру



1. Жеке тұлғаға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру

2. Адамгершілік. Рухани Тәрбиенің Маңыздылығы
Бүгінгі оқушы – Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шыға қояр ма екен деген ой көпшілігімізді әсіресе тәрбие негізі қаланатын мектептегі ұстаздар қауымын толғандырады. Себебі Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Өйткені әрбір халық ұрпағымен көктеп өркен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза , санасы биік білімді де, білікті ұрпағынан қуат алады, ол өзінің әрбір жаңа буын жас ұрпағы жетілген сайын дамудың жаңа биіктеріне көтеріледі. Ал бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – енселі еліміздің кірпіші боп қаланатын әрбір қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: – Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз, – деген болатын. Ол үшін ең әуелі ұрпақтарымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы біліетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек.
Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.
Құндылық дегеніміз не? Құндылық – тәрбие мен оқутудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады.
Құндылықтар – шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді.
Ал жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Нақтырақ айтсақ, ана тілі мен ұлттық салт-дәстүрін құрметтейтін, басқа тілде де жетік сөйлей білетін, дүниетанымы, ақыл-ой парасаттылығы қалыптасқан, еңбекқор, мақсат қоя алатын және сол мақсатқа жету жолдарын таңдай білетін, жауапкершілігі мол, мінез-құлқы, айналадағы адамдарға, қарым-қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, күрделі жағдайларда нақты шешім қабылдай алатын, өзіне сын көзбен қарай білетін салауатты тұлға.
1. Мектептегі сыныптан жұмыстар, 2009 ж, №5
2. Бастауыш мектеп 2002 ж, №8
3. Бастауыш мектеп 2003 ж, №7
4. Бастауыш мектеп 2007 ж, №12
5. 12 жылдық білім 2006 ж, №

6.Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау».-Алматы, 2004.

7.Д.Дьюи. «Демократия и образования».2000.

8. В.А.Сластенин,В.П.Каширин. «Психолоия и педагогика».-Москва, 2004.

9.М.Жұмабаев. «Педагогика».1991

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Жеке тұлғаға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру

2. Адамгершілік- Рухани Тәрбиенің Маңыздылығы

ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУ

Бүгінгі оқушы – Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, осы балалардан
қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шыға қояр
ма екен деген ой көпшілігімізді әсіресе тәрбие негізі қаланатын мектептегі
ұстаздар қауымын толғандырады. Себебі Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі
ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен
біліміне байланысты. Өйткені әрбір халық ұрпағымен көктеп өркен жаяды.
Әрбір мемлекет рухы таза , санасы биік білімді де, білікті ұрпағынан қуат
алады, ол өзінің әрбір жаңа буын жас ұрпағы жетілген сайын дамудың жаңа
биіктеріне көтеріледі. Ал бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет
– енселі еліміздің кірпіші боп қаланатын әрбір қоғам мүшелерін, яғни жас
ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында
адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім
толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: – Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға
жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз
ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат
өсіре аламыз, – деген болатын. Ол үшін ең әуелі ұрпақтарымызды бала
кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы
біліетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек.
Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық
құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.
Құндылық дегеніміз не? Құндылық – тәрбие мен оқутудағы адамгершілікке
бағытталған мұраттар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық,
кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық,
шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани
байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады.
Құндылықтар – шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол
адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана
арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді,
соған сай әрекет етеді.
Ал жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі
ретіндегі индивид. Нақтырақ айтсақ, ана тілі мен ұлттық салт-дәстүрін
құрметтейтін, басқа тілде де жетік сөйлей білетін, дүниетанымы, ақыл-ой
парасаттылығы қалыптасқан, еңбекқор, мақсат қоя алатын және сол мақсатқа
жету жолдарын таңдай білетін, жауапкершілігі мол, мінез-құлқы, айналадағы
адамдарға, қарым-қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, күрделі
жағдайларда нақты шешім қабылдай алатын, өзіне сын көзбен қарай білетін
салауатты тұлға.

Ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып
өмір сынынан өткен, бүгінге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер негізінде
тәлім-тәрбие үлгілері қалыптасты.
Халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға өлмес
мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі, баланы бағып-қағып,
өсіріп, өнегелі азамат етіп шығару жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Ол бір
ұрпақтан екіншісіне ауысып, бірте-бірте қорланып, бай тәжірибемен кемелдене
келе Халық айтса, қалт айтпайтын кемістіксіз, ақаусыз дәрежеге жеткен.
Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мәдениетінің бастауы, түп төркіндері сонау есте
жоқ, ескі замандардан жеткен салт-дәстүрлерімізде жатыр.
Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле,-деп
бабаларымыз айтқандай халық педагогикасы баланың тәрбиесі туып-өскен
ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты
деп қараған.
Баланың қалай өсетіні: ары бар, адал да, жер бетіндегі жақсылық атаулы
үшін күрескер болып шығатыны немесе керісінше өзімшіл, ұсақ, тіпті ашықтан
-ашық зұлым адам болып шығатыны көп ретте мұғалімнің балалармен
жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұны мен әдістемесіне байланысты. Сонымен
бірге балаға ұлттық тәлім-тәрбиені дер кезінде беру, меңгерту-мұғалімнің
басты міндеті.
Сөз анасы – сәлем, Көргенді бала алыстан сәлем береді атты тәрбие
сағаттарында баланы инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеуді мақсат ете
отырып, сәлемдесудің маңыздылығын ұғындырдым. Өйткені бастауыш сынып
оқушылары қарым-қатынас жасауының алғашқы әліппесі, қадамы амандасудан
басталатынын білгені жөн.
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер деген тәрбие сағатымда
әрбір оқушының өз тегін біліп келулері арқылы олардың бойында туысқандық,
бауырмалдық қасиетін дамытуға ықпал жасадым дей аламын. Сондай-ақ Қонақ
келсе-құт атты тәрбие сағатында халқымыздың қонақжайлылығын насихаттай
отырып, қонақ күтудің өзіндік жөн-жоралғысы мен дәстүрі, ерекшеліктері бар
екендігін оқушыларға ұғындырдым. Оқушылар келген қонақпен амандасу, оған
құрмет көрсету, қонақты күту, дәмді тамақ пісіру секілді кәделерін көрініс
қою арқылы көрсете білді.
Оқушы санасына ұлттық құндылықтарды сіңірудің тағы бір жолы – халық ауыз
әдебиетінде жатқандығы белгілі. Өйткені жасынан ертегі, жаңылтпаштар,
жұмбақтар, мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер мен батырлар
жырларын, жыраулар шығармаларын оқып, жаттап, маңызды да, құнды тұнығына
қанып өскен баланың бойында еліне, жеріне, халқына адамзатқа деген
сүйіспеншілігі арта отырып, ұлтжанды, намысқой, арлы азамат боп
қалыптасады.
Жөргегінен бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, көңіл бөлген халқымыз осы
ауыз әдебиеті үлгілері арқылы адамды аздырып – тоздыратын: өсек, өтірік,
мақтаншақ, қыңыр, есер, бейбастақ секілді мінездерден сақтандырып келген.
Халық даналығы, батырлар жырлары ер – азаматтың ерлігін, ел – жұртын
ардақтаған адамгершілік қасиеттерін, елім деп еңіреген ердің өнегелі
істерін арттағы ағайын-туысқа, ұрпаққа үлгі-өнеге етіп отырды.
Бұл орайда Мақал – сөздің мәйегі, Ертегілер елінде, Қайыспаған
халқымның батырлары, Шешендік шайырлары, Жаңылтпаш айт, жаңылма атты
өткізген түрлі іс-шараларым оң нәтижесін берді. Оқушыларым бұл шараларға
аса жауапкершілікпен, қызығушылықпен атсалыса қатысты.
Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай аса
құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар. Бұл күнде ойынды халық
педагогикасының құралды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек. Себебі ойын
баланың күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп
қоймай,оның ақыл-ойының толысуына, есейіп-өсуіне де пайдасын тигізеді.
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты,
ептілікті, тапқырлықты, сондай-ақ күш-қуат молдығын, дененің шынығуын қажет
етеді. Ойын- тынысы кең, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат
бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы, яғни ойын
баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады.
Қазақтың ұлттық ойындары – ата-бабамыздың бізге жеткен, өткені мен
бүгінгісін байланыстырған баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан
оны күнделікті сабақ үрдісінде, тұрмыста да пайдаланудың заманымызға сай
тұлға тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.
Халықтық педагогиканың құндылығы сол – халық қазынасының азығын ақылды да
әдепті, жан-жақты жетілген, адамгершілігі мол азамат тәрбиелеуде таптырмас
тәрбие құралы етіп пайдалана білсек қателеспейміз. Ендеше, бұл қасиеттер
бесік тербеткен ана әлдиімен, ақ жаулықты әже ертегісімен бірге өскелең
ұрпақ бойына ұстаз тәлімі арқылы да дарытылып, сіңірілуі керек.
Жастайынан орнығып қалыптасқан тәрбие, орынсыз көріністерге баланы сын
көзбен қарауға үйретеді.Ұлттық құндылықтарымыздың туын биік ұстап, жас
ұрпақты қасиетті халқымыздың тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелеу- ең маңызды
міндет.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: Біз құрап жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы
– адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып
жатыр,- деген. Олай болса, оқушының өз өмір жолын таңдай білу қабілетін
дамытуда, ер баламен қыз баланың өмірлік ұстанымын, табиғи міндеттерін
түсіндіруде, өз өміріне ойлы көзбен қарап, адам өмірі ең жоғары құндылық
екенін санаға сіңіруде ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор
деп білемін.

Адамгершілік- рухани тәрбиенің маңыздылығы

Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу –
бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу
білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан
дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Рухани-адамгершілік тәрбиені қалай іс жүзіне асырамыз? Олар мына
қағидаларды сақтағанда нәтиже береді. Егер:
- тәрбие үрдісі оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерді игеруіне
бағытталса;
- оқушылар рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында
әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерсе;
- оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар рухани-адамгершілік
қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетіне көрсете
алу мүмкіндігін ерікті таңдаса.
Демек, рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе – баланы
құрметтеу. Сондықтан, әрбір оқушы өзін-өзі рухани жетілдіру үшін, өзін
тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екенін түсінуі тиіс деп
ойлаймын. Өзінің оқушысын өз бетінше білім мен тәрбие алуға үйретпеген
мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайтынын біледі. Бала ықпал ету
объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы тиіс.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаев: Рухани құндылық, биік адамгершілік
жоқ жерде үлкен өркениет орнату мүмкін емес деген болатын. Ендеше, жеке
тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын
дамыту- заман талабы.
Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал
үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан
баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни
адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде
отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани- адамгершілік тәрбие-
екі жақты үрдіс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың
балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиеленушілердің белсенділігін
қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді.
Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі
әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін,
тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершілік тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда
бар жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтан тазарып, жаны
таза, көңілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары
ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
Тәрбиенің қазіргі жағдайы, аналитикалық тәрбие.
Қазіргі жастардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру жолдары
Мектеп оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіру факторлары
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру шарты ретінде
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделі
Жеке тұлғаның өзін өзі танудағы рухани адамгершілік құндылықтарының маңызы
Білім берудің мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде анықтайтын
Тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері және ұстанымдары
Пәндер