Жеке тұлға, оның құрылымы және бағыттылығы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

КІРІСПЕ

I- ТАРАУ . ЖЕКЕ ТҰЛҒА, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ

  1. Тұлға туралы жалпы түсінік
  2. Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері
  3. Қызығу, дүниетаным, сенім, мұрат
  4. Тұлға және қарым - қатынас

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Жеке тұлға, оның құрылымы және бағыттылығы.

Тұлға туралы жалпы түсінік.

Жаңа туған нәресте « адам » деп аталғанымен, « тұлға » деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңын мен солын, өзінің «менің » басқа « мендерден », яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетіншеәрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды - көпті өмір тәжірибесі, білім мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам - мұраты, бағыт - бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс - әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман - жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т. б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.

Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде « Он үште отау иесі » ( қыз балалар үшін ), « Он бесте отау иесі » ( ұл балалар үшін ) дейтін аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс - тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар - ожданы, кісілік, кескін - келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.

Жеке тұлға - қоғамдық - тарихи котегория. Оның қоғамдық мәні мен әлеуметтік функциясы жеке тұлға сипаттамасының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке тұлға- тек қана қоғамдық ғылымдардың: тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика т. б. зерттеу объектісі.

Жеке тұлға қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз - жеке тұлғаның атқаратын әлеуметтік қызметі, мәселен, ата - ананың ролі - балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі - мұғалімдер колективін басқару және оқушыларды оқыту процесін ұйымдастыру.

Жеке тұлғаның позициясы дегеніміз - оның қатынастарының жүйесі. Жеке тұлға мәнді қатынастарына: өмірдің материялдық жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне, өзі мойынына алған міндеттерге, қоғамдық, еңбек міндеттеріне, деген т. б. қатынастар жатады. Бұл қатынастар жеке тұлғаның адамгершілік бейнесін, оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды.

Қатынастарды тек олардың объектіге деген бағытына қарап қана айырмайды, сондай - ақ олардың аңғарылу деңгейіне байланысты да ажыратады. Әдетте қатынастарды аз аңғарылған және терең түсінілген деп бөледі. Аз аңғарылатын қатынастар дегеніміз - ұнату мен жек көру сезімдері. Терең түсіну дегеніміз - принциптік қатынастар, олар ситуация талаптарымен емес, жеке адамның қалыптасқан мұратымен, ішкі сенімімен, парыз бен міндеттерді сезінумен анықталады.

Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері.

Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив ( себеп ) деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез - құлқының мән - жайын толық түсіну қиын болады.

Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психология әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай, оның түркілері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс - әрекеттің бағыт - бағдарына нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс - әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді.

Жеке адамды қандай болмасын әректке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив - оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер ( тамақ, баспана, киім, еңбек құраладары т. б. ) болады. Адам баласының тарихи дамуы жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құраладарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын - рухани қажеттерді ( білім, көркемөнер т. б. ) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы - материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы - тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс - әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өзінің қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелу, өтелмеуі адам психологиясына, оның, күйініш -сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажет - адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттері - іс - әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет - ( әсіресе, табиғи қажеттер ) өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажет өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана - сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Қажет жануарларда да бар. Бірақ бұл - биологиялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың қажеттері - олардың қоректенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады. Мәселен, тауық жерден дән іздеп зыр жүгіреді. Ит қожасын көргенде тілін салақтатып, аузынан сілекйін шұбыртады. Сөйтіп, аң біткенің бәрі өз қажетін өтеу үшін әрекеттенеді. Мұндай қажет аңдарға туа бітеді, олар шартсыз рефлекстік сипатта болады.

1. 3 Қызығу, дүниетаным, сенім, мұрат.

Қызығу - шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Сонымен қатар, қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады.

Қызығулар да бейімдіктер тәрізді балалардың кішкентай кездерінде ерекше байқалады. Мәселен, кейбір балалар кішкентайында автомобилге, тракторға жалпы - техника атаулыға әуесқой келеді. Мұндай балалардың есі - дерті машина болып, уақытының көбін соның айналасында өткізеді, олардың маркасын жақсы айыра алатын болады. Кейін осы бала мектеп қабырғасында физика, қол еңбегі сияқтыпәндерді бар ықыласымен оқиды, ал мектеп бітіргеннен сол балалардың біразы жасынан өзі жақсы көретін техника саласында нәтижелі жұмыс істеп, өз қабілеттерін жақсы көрсетеді. Қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Ол ең алдымен өзінің көлемі жағынан ажыратылады. Осы тұрғыдан бір адамның қызығуы кең, жан - жақты болып келеді де, екінші біреудікі керсінше өте тар болады.

Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың ішінде басты біреуі, ең басыңқы қызығуыболады. Мұндай қызығулар, әсіресе, оқу әрекетіне аса қажэет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеруіне, білімді терең алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.

Адамда қызығудың жөнді көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда ол енжар болып, іші пысады, зерігіп, берекесі кетеді. Қызығудың мазмұнды әрі кең, өрісті болуы оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнысыз адамның рухани өмірі дамымайды. К. Маркс бір сөзінде: «Адамға лайықтың бәрі де маған жат емес» деген екен. Бұл қызығуы жан - жақты дамыған адамның ғана айтатын сөзі. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс - әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады. Кейбір адамдар кез - келген нәрсеге қызығады да, сайып келгенде, оның бірі де біреуіне жөндеп тұрақтамайды. Мұндай «көрсе қызар» әуесқойлық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл - үлкен кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтере білуге жәрдемдеседі.

Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материялдық, қоғамдық, саяси кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, танымдық, т. б. болып келеді.

Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, білімге, еңбекке, спорттық ойындарға қызығуларды жатқызуға болады. Жанама қызығу - бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Мұндай қызығуға іс - әрекет қызмет бабына және қоғамдық жағдайда белгілі бір дәрежеге ие болуға, ғылыми атаққа немесе еңбектің деген қызығулар жатады.

Жеке адамның психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі - адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Нағыз дүниетаным мистика мен идеализмге жат, дәйекті ғылыми материалисттік дүниетаным. Бірден - бір ақиқат - дүниенің. Даму заңдарын дұрыс түсіндіретін ғылымға негізделген дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт береді. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Адамның дүниетанымына берік сенім нақты іс- әрекеті мен тәжірибесіне байланысты бекімеген дүниетаным берік болмайды. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі, құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез - құлық та болмайды.

Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші - сенім . Сенім жоғалған жердегі тіршіліктің мәні де шамалы.

Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің енді бір түрі - мұрат. Бұл - адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат - адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгенінің барлығын пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш - жігерін соған сарп етеді.

Жеке адамның психологиясынан елеулі орын алатын қасиеттердің бірі - талғам. Бұл - адамның дүниетанымы мен сеніміне, өмірлік позициясына, бағыт пен мұратына, бағдарына, мақсатына байланысып жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның құрылымы
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жеке тұлға туралы ақпарат
Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы
Тұлғаның психологиялық сипаттамасы
ТҰЛҒА ДАМУЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ШАРТТАРЫ
Тұлғалық белгілер
Оқытушылар МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒА АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ психологиялық ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Психикалық белсенділік
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz