Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасына физикалық-географиялық сипаттама



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. ЖЕТІСУ АЛАТАУЫНЫҢ СОЛТҮСТІК.ОРТАЛЫҚ ЖОТАСЫНА
ФИЗИКАЛЫҚ.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1. Жетісу Алатауының солтүстік.орталық жотасының
орографиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2. Жетісу Алатауының солтүстік.орталық жотасының геологиялық
тұрғыдан зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Жетісу Алатауының солтүстік.орталық жотасының тектоникалық
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ІІ. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ. ЖЕР БЕДЕРІНІҢ
ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТИПТЕРІ
2.1. Жетісу Алатауының геологиялық құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... .. 30
2.2. Жетісу Алатауының солтүстік.орталық жотасындағы жаңа
тектоникалық қозғалыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
2.3. Жетісу Алатауының солтүстік.орталық жотасының жер бедерінің
геоморфологиялық типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
2.4. Климаты және ішкі сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 58
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Қытай халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын Жетісу Алатауын табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке табиғат аймағы ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз болады:
1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір-бірінен терең тауаралы аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік қатпарлы-жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы құрылымының айқындауы.
2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасы мол жауын-шашын түсуіне орай табиғатының сыртқы келбетін шөлді-шөлейтті, таулы далалы, таулы орманды, биік таулы субальплік және альплік ландшафтлар.
3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далалар, қылқан жапырақты таулы ормандар мен биік таулы таулы субальплік және альплік шалғындар басым болуы.
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының табиғатының ерекшеліктерін жан-жақты оқып үйрену жаһандану кезеңіндегі нарықтық экономикалық қатынастарға сәйкес табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып қоршаған ортаның тепе–теңдігін сақтау мәселесін шешумен қатар, қазіргі экологиялық ақуалын жақсартып адамның шаруашылық әрекетінен деградацияға ұшыраған геожүйелерді біртіндеп қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
1. Афоничев Н.Н. Металлогения Джунгарского Алатау. Алматы, 2006
2. Афоничев Н.Н. Новейшая тектоника и рельеф северного склона Джунгарского Алату. Алматы, 2000
3. Веселова Л.К. Морфоскульптура гор юго-восточного Казахстана. Современные рельефообразующие процессы на территории Казахстана. Сб. Научных статей. Изд. КазГУ, 2007
4. Воскресенский В. Геоморфология СНГ. М., 2008
5. Вилисгаузова А.В., Владимиров Н.М. Рельеф Казахстана. Часть 2. Алматы, 1991
6. Гвозденский В., Николаев В.А. Казахстан. Изд. «Мысль». М., 2001
7. Голоскопов В.П. Флора Джунгарсокго Алатау. Алматы, 2004
8. Диденко-Кислицина Л.К. Новейшая тектоника Джунгарского Алатау.
9. Диденко-Кислицина Л.К. Южно-Балхашская, Лепсинская и Алакольская впадина. Геология СНГ. М., 2001
10. Геология СНГ. М., 2001
11. Зенкова В.А. «Ледники Джунгарского Алатау». Алматы, 2009
12. Сваричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азии. М., 2003
13. Юдичев М.М. Джунгарский Алатау, М., 2000
14. Щукин И.С. Геоморфология Средней Азии. М., 2003
15. Юничев М.М. Альпийские движения в Джунгарскогом Алатау. «Проблемы сов. геологии», 2007
16. Щульц С.С. Роль тектонических процессов в образовании современного рельефа Тянь-Шаня. М., 2008
17. Абдулин А.А. Геология Казахстана. Алматы, Наука, 2001
18. Афоничев Н.А. Новейшая тектоника и рельеф северного склона Джунгарского Алатау. Вопросы географии Казахстана. Алматы, 2000
19. Афоничев Н.А., Азбель К.А., Борукаева М.Р. Геологическая карта СНГ, Талдыкурган. М., 2008
20. Афоничев Н.А., Азбель К.П., Байкенев Ш.А., Борукаева М.Р., Диденко- Кислицына Л.К., Мотрин С.Е., Шлыгин А.Е. Геологическое строение.- В.кн.: Геология и металлогения Джунгарского Алатау. Алматы, Наука, 2006
21. Беручев Г.М., Бекшивили К.Р., Флейшман СМ. Главные типы селевых потоков и особенности структурных селей. Изд. АНРК, 2000
22. Богданович К.И., Карк ММ., Корольков Б.Я., Мушкетов Д.И. Землятресение в северных цепях Тянь-Шаня, 2004
23. Беспалов В.Ф. Альпийская тектоника Южного Казахстана. Изд. АНРК, 2005
24. Бочкарев В.П., Медеуов А. Склоновые процессы в горных районах Юго-Восточного Казахстана. Инженерная геология. 1990
25. Горбунов А.П. Мерзлотные явления Тянь-Шаня, Труды КазНИГМИ, 2000
26. Диденко-Кислицына Л.К. Новейшая тектоника Джунгарского Алатау. Проблемы тектонических движений и новейших структур земной коры. М., Наука, 2008
27. Диденко-Кислицына Л.К. Геоморфология, стратиграфия и новейшая тектоника северо-восточной части Джунгарского Алатау. Материалы по геологии и полезным ископаемым Южного Казахстана. Алматы, 2005
28. Думитражко Н.В. Некоторые вопросы картирования селей. Геомрфология. №4, 2006
29. Жандаев М.Ж. Сели и их прогнозирование. – В.кн.: Горные геосистемы. М., 2002
30. Жандаев М.Ж., Абдрасилов С.А. Формирование дельты р. Или. М., 2007
31. Эрозионные и русловые процессы. Луцк. 1991
32. Жандаев М.Ж. Эрозия и пространственное развитие речных долин., сб. Современные рельефообразующие процессы на территории Казахстана. Алматы, 2008
33. Констенко Н.Н. Геологический разрез Джунгарского Алатау и его полеозоологическое обоснование. – В кн.: Материалы по истории Фауны и флоры Казахстана, Алматы, Изд. АНРК, 2001
34. Куликовский К.Т., Эдинов Ю.И. Геолого-тектонические условия формирования селей на северных склонах Заилийского Алатау. Материалы научно-технического совещания по вопросам методике изучения прогноза селей, обвалов и оползней. Душанбе, 2000
35. Кусаинов С.А. Жалпы геоморфология. Алматы, "Қазақ университеті 1998
36. Целепанов О.М. Средняя Азия, Алматы, Гидрометелиздат, 2003

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3

І. ЖЕТІСУ АЛАТАУЫНЫҢ СОЛТҮСТІК-ОРТАЛЫҚ ЖОТАСЫНА
ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1. Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының
орографиясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... . 6
1.2. Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының геологиялық
тұрғыдан зерттелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 9
1.3. Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының тектоникалық
құрылысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 25

ІІ. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ. ЖЕР БЕДЕРІНІҢ
ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТИПТЕРІ
2.1. Жетісу Алатауының геологиялық құрылысы
... ... ... ... ... ... ... ... .. 30
2.2. Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасындағы жаңа
тектоникалық қозғалыстар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 39
2.3. Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының жер бедерінің
геоморфологиялық типтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
2.4. Климаты және ішкі сулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 51

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Қытай
халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын Жетісу Алатауын
табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке табиғат аймағы
ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз болады:
1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір-бірінен терең тауаралы
аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік
қатпарлы-жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа
тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы
құрылымының айқындауы.
2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа
массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл
континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Жетісу
Алатауының Солтүстік-Орталық жотасы мол жауын-шашын түсуіне орай
табиғатының сыртқы келбетін шөлді-шөлейтті, таулы далалы, таулы орманды,
биік таулы субальплік және альплік ландшафтлар.
3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далалар,
қылқан жапырақты таулы ормандар мен биік таулы таулы субальплік және
альплік шалғындар басым болуы.
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының табиғатының
ерекшеліктерін жан-жақты оқып үйрену жаһандану кезеңіндегі нарықтық
экономикалық қатынастарға сәйкес табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып
қоршаған ортаның тепе–теңдігін сақтау мәселесін шешумен қатар, қазіргі
экологиялық ақуалын жақсартып адамның шаруашылық әрекетінен деградацияға
ұшыраған геожүйелерді біртіндеп қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты:
- жеке физикалық–географиялық провинция ретінде қарастыруға мүмкіндік
беретін табиғатының негізгі ерекшеліктерін айқындау;
- ғылыми жазба деректерге сүйене отырып, қазіргі жер бедерінің сыртқы
бейнесін айқындайтын геологиялық құрылысы мен табиғатының қалыптасу
тарихын, пайдалы қазбаларының түзілу жолдарын анықтап, ой қорытындыларын
шығару;
- климатының қалыптасуына ішкі суларының қоректену режиміне, биіктік
белдеулерінің ауысуына әсер ететін негізгі факторларға талдау жасау;
- табиғат байлықтарын игеруге байланысты туындаған түйінді экологиялық
мәселелер мен оны шешу жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының географиялық орны мен
физикалық– географиялық тұрғыдан зерттелуі;
- геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихын Палеозой,
Мезозой, Кайназой эраларындағы палеогеографиялық, палеоэкологиялық жағдайы;
- геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктері мен
неотектоникалық қозғалыстардың қазіргі жер бедері мен пайдалы қазбаларының
түзілуіне әсері;
- климатының қалыптасуына, температура мен жауын-шашынның таралуына
әсер ететін негізгі факторларды, жыл маусымдарындағы атмосфера
циркуляциясының негізгі ерекшеліктер.
Ішкі суларының қоректену режимі, топырағы мен органикалық дүниесінің
қалыптасуына әсер ететін орта жағдайларына, адамның шаруашылық әрекетінен
қазіргі ландшафтларының өзгеруі мен оларды қалпына келтіру мәселелеріне жан-
жақты талдау жасау.
Зерттеудің әдістемелік-методологиялық негіздері:
Ұсынылған бітіру жұмысының теориялық негізі ретінде М.И. Давыдова мен
Э.М. Раковскаяның Физическая география СССР, Жаналиеваның редакциялық
басшылығымен шыққан Қазақстан Республикасының физикалық географиясы, В.М.
Чупахиннің Физическая география Казакстана оқулықтары басшылыққа алынып,
салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындыларын шығару әдістері қолданылды.
Зерттеудің практикалық маңызы:
Ұсынылған практикалық жұмыстағы жазба деректер, тақырыптық карталар
мен графиктік кестелерді, география мамандығының студенттері, туристік
фирмалардың қызметкерлері, өндірістің жеке салаларының мамандары.
Зерттеудің құрылымы мен мазмұны:
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының физикалық-
географиялық орыны, геологиялық құрылысы мен тектоникалық құрылысы және
геологиялық зерттелу тарихы қарастырылған, сонымен қатар, геологиялық
картасы берілген.
Екінші тарауда Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының жер бедерінің
геоморфологиялық типтері мен олардың таралу ерекшеліктеріне сипаттама
беріліп жер бедерін түзуші үрдістерді анықтаған.

І. ЖЕТІСУ АЛАТАУЫНЫҢ СОЛТҮСТІК-ОРТАЛЫҚ
ЖОТАСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

1.1. Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының орографиясы

Жетісу Алатауы Қазақстаның оңтүстік - шығысында орналысқан. Оның
құрылысы күрделі. Ол Солтүстік-Орталық және Оңтүстік-Орталық жоталар
тізбегінен тұрадыдан тұрады. Аталаған жоталар тізбегі Көксу, Бұратала
өзендерінің суайрығы болып табылатын Қоңыроба алқабында түйлісіп, біртұтас
тау жүйесін түзеді. Ең биік шыңы Сарқан, Лепс өзендерінің алабындағы
абсолют биіктігі 4464 метрге жететін Бесбақан шыңы. Солтүстік-Орталық жота
бірінен бірі биік болып клетін басбалдақ тәрізді сатыланып келетін төбесі
текшелі орқаш тау.1
Геологиялық құрымы өте күрделі әр түрлі болып келеді. Бұл аймақта
палеозой қатпарлығы айқын көрінеді. Солтүстік-Орталық жотасының ең көп
тараған девон мен карбонның теңіздік шөгінділері алып жатыр. Тау алды мен
тау аралық ойыстарға кайназой шөгінділері жиналған.
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының жер бедері орқаш таулы
антиклимнормімен оларды бір-бірінен бөліп жатқан тау аралық ойыстар
синклинормімен кезектесіп келуімен ерекшеленеді. Ол ірі жарылулармен
тиімденген, олар Жоңғар алды Балхаш маңы және Алакөл. Мұнда жаңа
техтоникалық қозғалыстарымен сипаталады.
Солтүстік-Орталық жотаның жер бедері төрт типке бөлінген: 1) Биік
таулы жер бедері; 2) Орта таулы жер бедері; 3) Аласа таулы жер бедері; 4)
тау аралық ойпаттар.
Жетісу Алатауы Қазақстанның шығыс бөлігінедегі таулы аймақ.Іле аңғары
мен Алакөл ойсыы аралығында,шығыс жақ шеті Қытай халық республикасының
солтүстік-шығыс шекарасы өтетін Жоңғар қақпасына дейі созылып жатыр..
Жетісу Алатауы батыстан шығысқа қарай 450, солтүстіктен қарай ені 100-125
шақырымға созылып жатыр Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасы үш
бөлікке бөлінеді. Тастау, Сарқантау, Басқантау (абс.биікт. 2800-3500 м)
Солтүстүстікке қарай екінші саты: Күнгей, Марқатау, Желді- Қарағай таулары
кіреді абсолют битіктігі 1500-2500 метр аралығында ауытқиды. Аталған тау
жоталарын бірін бірі биік үш сатылы Аудаусай, Аманбөктер, Құрымбел,
Теректі, Айпара-төңкеріс Лепсі, Екіаша, Ойжайлау, Сарыбөктер сыяқты тау
аралық криптодепрессиялық ойыстар бөліп жатыр.
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының жер бедері өте күрделі,
тау етегі жазық, адыр, шоқы, тобешік болып келеді. Сонан соң жоғары қарай
аласа жайпақ таулар, тобесі қар мен мұз басқан жоталар жатады. Бұлардың
рельефі биік шыңдардан тік беткейлерден, аңғарлық және кқар тектес
мұздықтардан түзілген.2
Солтүстік-Орталық жотаның ең көтеріңкі аймақтарынан, солтүстікке
қарай ені 30 шақырымға жететін, палеогенге дейінгі денудациялық жазықтықтың
бір көрінісі ретінде Сарқан-Тентек өзендері аралығында биік таулы үстірт
сақталынып қалды. Үстірттің мередианальді кесіндіде 1100 метр тереңдікте
Басқан, Лепсі және Тентек өзен алқаптары бар. Үстерттің солтүстігіндегі
биіктігі 1200 м террассалы тектолникалық кертпелі лепсі ойпаты бөлінген.
Үстірттен батысқа қарай солтүстік жотаның етегінде Аудаусай ойпаты жатыр,
солтүстік ендік бойынша биіктігі 3100м-ге дейінгі таулы жүйелер Желді –
Қарағай, Ақшығанақ, Көкжотамен шектелген. Үстіртен батысқа қарай Сарыбұқтар
(2000 м) және батыстағы жалғасы Ақши (1400м) ойпаты. Жатыр солтүстіктегі
Тастау жотасынан бөлек Айдаусай ойпатының батыс жалғасына. Құрымбел мен
Арасан – Қапал ойпатының солтүстік-шығысы Аманбөктер ойысына ұласады.
Олардың аралығын сарқан өзенінің аңғары бөліп жатыр. Арасан – Қапал,
Теректі, Аманбөктер ойпаттары алдыңғы сатыдағы биіктігі 1500-2100 метр
биіктік аралығында ауытқиды. Қоңыртау, Қайрықкөл және Марқатау тауларымен
шектелген, Балқаш маңы жазықтығында биіктігі 1100 м Сарқан кертпешімен,
батыстағы (биіктігі 1400 м) Қызылағаш кертпештерімен бөлінген. 3
Биіктігі 1000 метрден асатын солтүстігінде биік таулы үстермен
шектесетін Екіаша және Лепсі ойыстары орналасқан, биіктігі 1100 м асуларен
бөлінген. Ойжайлау ойысы 1400 метр биіктікте орналасқан. Ойыстар биіктігі
1400-2000 м болатын Шатырбай, Ешкіөлмес, Үшқайың, Кеттібай-Борлы, Алмалы
тауларымен шектелген. Оның солтүстік етегінде биіктігі 900-1000 м-де
Төңкеріс ойысы орналасқан. Ол шығысында Ойжайлау Қараүңгір, Сарыбөктер,
Ақши, Шолақ ойыстарына ұласады. Тағыда шығысында биіктігі 2000-2400 м.
Солтүстік-Орталық жотаның шығыс бөлігінде Көксуат, Күнгей (3000) жотасының
солтүстік беткейлері ежелгі төрттік мұзбасуларының әсерінен түзілген
солтүстікке бағытталған перпендикуляр бағытта созылған Бесбақан, Қара-
Алмалы, Арқалық деп аталатын таулармен тілімденген (2000-2500 м). Ал
солтүстік шығыс бөлігінде едәуір көтерілген Жабық тауы (2900 м) жатыр.
Бұлардан солтүстікке қарай тау аралық Сапақ-Айпара ойысы орналасқан. Ол
биіктігі 1200-2300 метр болатын Шыбынды, Бұланбай, Қайқң, Қарасарық
тауларын бір-бірінен бөліп жатыр. Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық
жотасының қиыр солтүстік- батыс шеті Текелі тауымен аяқталған.
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының шығысы биіктігі 2000
метрге жететін Арпабиік тауымен аяқталады. Оның оңтүстік- шығыс шетінде тау
аралық Шолақ ойысы орналасқан.4
Осындай жағдайдан жоңғар Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық
жотасының жер бедерін сатыланып келуі жақсы байқалады. Солтүстікке қарай
біртіндеп аласаратын ойыстардың биіктік айырмалары Ақши ойысында 2000-1400
метр, Ттөңкерісте 600 м дейінгі аралықта ауытқиды..
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының батыс сілемдеріне:
Үшқоныр, Бурақай, Лабасы, Қызылжар, Түйемойнақ, олар солтүстік-батыс
бағытта созылып жатыр. Олардың әр қайсысын тау аралық криптодепрессиялық
Көксу-Қаратал, Қоғалы Құрымбел ойпаттары бөліп тұр.
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының ең биік жоталарында
мәңгі мұздықтар басып жатыр. Олардың жалпы саны 724, көлемі 1120,3 текше
шақырым. Мұздықтар 12 топқа бөлінеді, оның 7 Солтүстік-Орталық 5 Оңтүстік-
Орталық жотада орналасқан.
Бұлардың ең ірілері Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының
шегінде таралған. Олар, ұзындығы 5,5 шақырымға жететін Жамбыл, ұзындығы 8
шақырымғнан асатын Берг мұздығынынан басталатын өзендердің аңғарлары
көбінесе терең шатқалдармен өтеді.

1.2. Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының геологиялық
тұрғыдан зерттелуі

XX ғасырдың бірінші жартысына дейін Алакөл ауданының табиғатын
физикалық географиялық тұрғыдан зерттеу баяу жүргізілді. Аймақтың табиғат
жағдайы туралы алғашқы деректерді орта ғасырдағы саудагерлер жинады. Ол
деректердің көбі толық емес әрі жүріп өткен бағыттарына ғана сипаттама
берумен ғана шектеледі. Қазақстанның патшалық Ресейге қосылуына байланысты
аймақтық табиғат жағдайлары мен байлықтарын зерттеу мәселелері қолға алына
бастады.
Алакөл ауданының жер бедерін, геологиялық құрылысын оқып үйрену
пайдалы қазбаларды іздестіру мен тікелей байланысты жүргізілген
зерттеулерді Қазан төңкерісіне дейінгі және Кеңестік деп екі кезеңге бөліп
қарастыруға болады.[1]
Қазан төңкерісіне дейінгі кезең 1700-1917 жылдар аралықтарын қамтиды.
Алакөл ауданының табиғаты туралы Патшалық Ресейдегі алғашқы жазба деректер
XVIII ғасырдың басын мен 1840 -1841 жылдар аралығында Алакөл ойысы мен
Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігінің табиғатын географиялық тұрғыдан
оқыр үйрену ісін белгілі орыс геоботанигі Александр Шнерк қолға алды. Ол
Балқаш-Алакөл алабының табиғатын зерттеп, Жетісу Алатауы мен Аралтөбенің
Флорасы жөнінде көптеген құнды деректер жинады.
1841-1842 жылдары аралығында Г.С. Корелин Тарбағатай мен Жетісу
Алатауының солтүстік-шығыс бөлігіне саяхат жасап, аймақтың табиғатына
физикалық-географиялық сипаттама берді. Ол өсімдіктер жамылғысын жанжақты
зерттеп, түр құрамын анықтады.
1855-1858 жылдар аралығында Ш.Ш. Уалиханов Жетісу мен Қашқарияға
саяхатының барысында алғаш рет Балқаш пен Алакөл ертеректе бір көл болған
деген болжам айтты. Ол өз ойын көктемде еріген қар, жаңбыр суымен толығып,
аумағы артқанда екі көл бір-бірімен қосылатынын дәлелдей келе олардың
араларын жазда кеуіп қалатын сорлар бөліп жатқаны арқылы дәлелдейді.
Шыңғысұлы Шоқан Уалиханов Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауының
флорасымен фаунасына сипаттама бере отырып тау беткейлеріндегі биіктік
белдеулерінің байқалатыны жөнінде өз пікірін айтып сол кезеңдегі ғалымның
жетістіктеріне сай үш белдеуге бөлді. Олар: Таулы, жартылай таулы және
жазық белдеу.
1866 жылы А. Голубев Алакөл, Ұялы, Сасықкөл, Жалаңашкөл жағалауына
саяхат жасады. Ол өз еңбегінде Алакөл жүйесіндегі көлдерге физикалық-
географиялық сипаттама берді.
1871 жылы Матусовский Жоңғарияның шекаралас ауданы арқылы Зайсаннан
Манасқа дейін Бағыттық кескіндеу жұмыстарын жүргізді. Ол өзен бөліктеріне
Тарбағатайдың оңтүстік беткейі мен Еміл, Ырғайты, Жаманты, Тентек өзенінің
салалары жөнінде қысқаша деректер берген.
Тентек, Жаманты, Ырғайты өзендері бастау алатын Жетісу Алатауының
солтүстік-орталық жотасының шығыс бөлігін алғашқы зерттеу жұмыстары ХІХ
ғасырдың екінші жартысында И.В. Мушкетов (1874), Г.Д. Романов (1879) және
Р. Закржевсктердің (1892) аумақтың жекелеген бөліктеріне маршруттық зерттеу
сапарларын жасағаннан кейін басталды. И.В. Мушкетовтың еңбегінде бірінші
рет Жетісу Алатауының аса ежелгі құрылымы-гнейсті метаморфтық қабаты мен
кристаллды тақтатастары мен бірқатар пайдалы қазбалардың пайда болуы
(темір, мыс, қорғасын) туралы қысқаша сипаттама берілді. 6
1874-1890 жылдар аралығында Түркістанға белгілі геолог И.В. Мушкетов
саяхат жасады. Алты жылға созылған ғылыми экспедицияның нәтижесінде
жинақталған нақты заттай дерек көздері Орта Азияның табиғаты жөніндегі
маңызды деректер „Түркістан” атты іргелі еңбегіне негіз болды. Түркістан
түсінігіне И.В. Мушкетов „Түркістан” немесе „Түркістан алабы“ Солтүстігінде
Шыңғыстау мен Арал Ертіс суайрығының, батысында Мұғалжар мен Үстірттің
шығысында Тарбағатайдың, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Памир, Тянь-Шань,
Жетісу Алатауының аралығындағы Азия құрлығының ірі бөлігін алып жатқан
аймақ” деген анықтама береді. [2] 1878-1879 жылдар аралығында И.В.
Мушкетовтың экспедициясының құрамында болған Т.Р. Романовский Түркістанның
геологиялық картасын құруға қажетті материал жинаумен айналысты.
Сол жылдар арлығында 1886 және 1893 жылдары Закржевский топограф
Богданов пен бірге Еміл өзенінің аңғары мен Барлық жотасының таулы
бөлігінің көзмөлшері кескіндеу жұмыстарын жүргізді. Жүргізген
бақылауларының нәтижелеріне сүйеніп “Барлық таулы өлкесінің қысқаша
очерктері” еңбегін жазды. 1892 жылы Р. Заваржевский Алакөл ойысы мен Жетісу
Алатауының солтүстік-шығыс бөлігін тағы зерттеді. Зерттеу нәтижесінде
аймақтың геологиялық-геоморфологиялық тұрғыдан аса көрнекті ғалым В.А.
Обручев зерттеді. Ол аталған ойыстағы лесстің түзілуінің эолдық ғылыми
болжамын ұсынды. Ғалым өзінің шекаралық „Жоңғария“ атты еңбегінде тұрақты
түрде түзілген шаң-тозаңның негізгі көзі Алакөл мен Балқаш, Жалаңашкөлдің
аралықтарындағы Қарақұм, Сарықұм,сияқты сусымалы, төбелі құм шағылдар
екенін атап көрсетті. Солтүстік-батыс желдері құм шағылдардан көтерілген
ұсақ шаң-тозаңдардың оңтүстік-шығысындағы Барлық тауының етегіне шөктіріп
лесс түзілген деген ой қорытындысын шығарады. Ол Барлық пен Шолақ
тауларының аралығын бөліп тұрған Жіңішке көнтағай қолатын, Жоңғар қақпасы
деп атауды ұсынды.[3]
В.А. Обручевтің 1907, 1914, 1940 жылдар аралығында жүргізген
экспедициялық зерттеулері нәтижесінде Алакөл ойысы мен оған шектесетін
Тарбағатай, Барлық-Майлы, Жетісу Алатауының геологиялық-геоморфологиялық
құрылысының ерекшеліктерін анықтады. Ол ойыстың жербедерінің қалыптасуында
мезозой құрылымдарының дамуы мен кайназой эрасындағы жаңа (Бірмағамбетов.
Қазақстанның физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі. Алматы: Рауан 2004.
55-57б) тектоникалық қозғалыстарының нәтижесінде жүрген тік бағыттағы
көтерілулер мен үзілмелі бұзылыстардың ерекше рөл атқарғаны жөнінде жан-
жақты түсінік береді. Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысын зерттеу
нәтижесінде мезозой мен кайназойдағы тектоникалық үрдістерді сағылулар мен
созылулардың күресінің барысында алғашқысы басым болатынын айғақтайтын
пульсациялық теориясын ұсынды. Бағыттық сипат алғанына қарамастан В.А.
Обручевтің көптеген ой қорытындылары әлікүнге дейін өзінің маңызын
жоғалтқан жоқ.
Ол геологиялық құрылысының ұқсастығын ескеріп Барлық-Майлы таулары
Жетісу Алатауының жалғасы деп санады. Жоңғар техтоникалық жарығының
бойындағы Жоңғар қақпасы Жетісу Алатауын Барлық-Майлы тауларынан бөліп
тұрған опырылмалы ойыс екені жөнінде дұрыс түсінік берді.
1904 жылы Алакөл ойысының шығыс бөлігіне В.В. Сапожников экспедициясы
зерттеулер жүргізді. Зерттеулердің нәтижесінде ойыспен шектесетін тау
жүйелерінің орографиясы, өзен торлары мен жүріп өткен жолына қысқаша
сипаттама берген Жетісу очерктері атты еңбегін жазды. Өз еңбегінде ғалым
Алакөлдің оңтүстік бөлігінде оңтүстік- батыстан солтүстік -шығысқа
бағытталып созылып жатқан табиғи бөгеті болғаны жөнінде қызықты дерек
келтірді. Оның ұзындығы 15 верст екі 20-100 саженге жеткен. Ұзын бөгет
Лепсі мен Барлық-Арасынды, Бақтыны байланыстыратын төте жол болды. 12-15
жыл бұрын бөгет біртіндеп бұзыла бастады деп жазды. (В.А. Обручев.
Пограничная Джунгария. І. ІІІ. Вып. – М. 1940. 50-60 б.)
1906 жылы А.К. Мейстер Тентек және Лепсі өзендерінің алаптарының
төменгі таскөмір кезеңіне жататын фаунаны және таскөмірдің пайда болуын
анықтады. 1906-1910 жылдар аралығында Жетісу Алатауының солтүстік бөлігін
В.А. Обручев (1915) зерттеу жүргізді. Оның еңбегі Жетісу Алатауының
кеңестік бөлігінің геологиялық құрылысының ерекшелігін және жер бедерінің
қалыптасуы туралы дұрыс түсінік қалыптастыруға көп мүмкіндік туғызды.
1916 жылы Н.Г. Кассин басқарған (1927), П.А. Грюша, М.Ф. Крутиков,
В.А. Николаев, К.Б. Терлец және А.А. Шильниковтардың атқарған еңбектері,
Жетісу Алатауының солтүстік бөлігінің тектоникасын, осы аумақтың
палеогеографиясын зерттеді.
Ұлы Қазан революциясынан кейін Жетісу Алатауының солтүстік-орталық
жотасының геологиялық зерттелуі Түрксібті салумен байланысты болды. С.В.
Калесник (1933) Жетісу Алатауының Солтүстік жотасынан, Ырғайты, Жаманты
өзендерінің бастауларынан гнейстер мен гранитті-гнейстерді анықтап,
сипаттама берді. Ф.А. Макаренко (1936) ортатентек Көксуат өзендерінің
алабынан жоғарғы силур фаунасын анықтады және жоғарғы силур кезеңінің
конгломератынан (жұмыртас) малтатас гнейстерінің жұмырланғанын
кездестірді.7. 1927 жылы Жетісу Алатауының солтүстік беткейінде Н.Н.
Горностаевтің экспедициясы жұмыс істеді. Зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне
талдау жасай келе, аймақта Кайназой эрасының неоген-төрттік дәуірлеріндегі
неотектоникалық қозғалысынан соң екі мұзбасу жүргені жөнінде қорытынды
шығарды. Ежелгі төрттік мұзбасуларының аралық кезеңінде жабын және жартылай
жабын мұздықтардың қарқынды еруінің нәтижесінде Алакөл ойысындағы қалыңдығы
бірнеше жүз метрге жететін моренналы жыныстардан тұратын зандрлы жазықтар
түзілгендігі жөнінде өзінің ғылыми болжамын ұсынды. Ол Балқаш-Алакөл
ойысының қазіргі бедері Текелі (Вюрм) мұзбасуларының қалың моренналы
шөгінділерінің өңдеуі нәтижесінде түзілді деп есептеді. Н.Н.Горнастаевтің
пікір бойынша Текелі мұзбасуынан соң Балқаш-Алакөл ойысы Арал-Каспий
алабына қарай ашылатын ауқымды өзен аңғары болған.
1929-1931 жылдардың аралығында Жетісу Алатауының Солтүстік беткейімен
Алакөл ойысының батыс бөлігінде С.В.Калесник геологиялық-геоморфологиялық
кескіндеу жұмыстарын жүгізді. Олар Алакөл ойысындағы палеогеннің қызыл
түсті сазды жыныстарын зерттеді. Алакөл плитасына жататын бұл қызыл түсті
саздар негізінен карбонатты гипсті жыныстардың қатарына жататынын анықтады.
Төртік дәуірдің сусымалы ұсақ құмды, сазды, моренналы шөгінділеріне
сипаттама берді. Жаңа тектоникалық қозғалыстарға баса назар аударған ғалым
экспедициялық зерттеу нәтижесінде төрттік дәуірдің шөгінділердің жарып
жатқан бірнеше тектоникалық жарықтарды анықтады.
КСРО Геология комитетінің Жерасты сулары бөлімінің қауылысына сай 1931
жылы Б.К.Терлецкийдің экспедициясы Солтүстік Жетісуда гидрогеологиялық
барлау жұмыстарын жүргізді. Барлау жұмыстары нәтижесінде Алакөл ойысына
қысқаша физикалық – географиялық сипаттама берді. Автор Балқаш – Алакөл
ойыстарының тектоникалық құрылысы мәселелеріне баса назар аударып, ойыстан
дизьюктивтік дислонацияның басым екенін атап өтті. Терлецкий Балқаш-Алакөл
ойысын қоршап жатқан тау жүйелерінің барлығын геотектоникалық
қозғалыстардың нәтижесінде тік бағытта көтерілген баспалдақ тәрізді төбесі
текшелі орқаш таулар Жалаңашкөл, Алакөл, Сасықкөл, көлдерінің Орталық
бөлігіндегі опырмалы ойыс деген қорытындыға келді.
1933-1934 жылдар аралығында Алакөл ойысының солтүстік шығыс бөлігінде
Е.Д.Шлигиннің жетекшілігімен геологиялық топ жұмыс істеді. Геологиялық
барлау жұмыстарының барысында жинақталған нақты материялдарға талдау жасай
отырып Алакөл ойысы мұнайлы ауданның қатарына шығарды. Е.Д.Шлыгиннің тобы
алғаш рет Алакөл ойысының солтүстік-шығыс бөлігінің 1:50000 масштабты
геологиялық және геоморфолгиялық картасы құрды. Зерттеу жұмыстарын қорыта
келе Е.Д.Шлыгин Алакөл ойысының Солтүстік шығыс бөлігін төменде көрсетілген
төрт геоморфологиялық провинцияға бөледі. Олар:
1. Ұсақ таулы.
2. Арасан таулы үстірті.
3. Жетісу Алатауының тауалды бөлігі.
4. Ежелгі эолдық аккумляция
Ғалым өз картасында аталған аумақты провинциялар тармағына бөліп,
пайда болуы жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар жер бедерінің
геоморфолгиялық типтерін ашып көрсетеді. Сонымен қатар ол қалдық таулар,
тектоникалық кемерлер, ежелгі жағалаулардың кемерлерін қосымша шартты
белгілермен көрсетеді.
Б.К.Терлецкий (1934) ортадевондық фаунаны анықтады және Нұрбай,
Қызылталөзендерінің аңғарларындағы құмтасты - тақтатасты қабатты девон
кезеңіне жатқызды.
1934-1935 жылдары А.К.Жерденко, С.Н.Колова және С.С.Ларканың
басшылығымен Жетісу жотасының шығыс бөлігіне зерттеу-кескіндеу жұмыстары
жүргізілді. 1940 жылы М.М.Юдичевтің Жоңғар Алатауы атты монографиясы
жарияланды. Бұл еңбегінде автор сол кезеңдегі шөгінділер туралы материалды
да енгізді және стратиграфияға, тектоникаға, вулканизмге, ауданның жалпы
тарихи даму заңдылығына нақты сипаттама берді, сондай-ақ генезистік пайда
болу және кейінгі геологиялық зерттеу жұмыстары туралы да айтты. 1936 жылы
қазақ геология тобы Б.А.Афанасвевтің жетекшелігімен Алакөл ойысының
оңтүстік-шығыс бөлігіне экспедиция ұйымдастырып, Юра дәуірінің көмірлі
қабатына барлау жұмыстарын жүргізеді. Геологиялық барлау жұмыстарының
нәтижесінде Б.А.Афанасевев Алакөл ойысының тектоникалық құрылысының
сызбасын жасады. Оның ойынша Алакөл ойысы бірнеше тектоникалық жарықтардан
тұратын ерекше терең Синиклиза болып табылады. Автор тасты өзеннің жайылма
үсті текшелері мен Алакөлдің оңтүстік шығыс жағалауларына сипаттама берді.
Афанасьевтің қорытындысы бойынша қазіргі жалаңашкөл көміралабының
соншалықты практикалық маңызы жоқ болды.
1940 жылы М.М.Юдичев Жетісу Алатауының геологиялық құрылысына арналған
зерттеулерінде меридианальды бағыттағы тангецианальды сығысудың (қысудың)
әсерінен субендік бағытта созылған негізгі жоталар тізбегін солтүстік-
шығысында Алакөл ойысы орналасқан жоңғар тектоникалық жарығы көлбеу қиып
өтеді деген қорытынды шығарды.
1945 жылдан бүгінгі таңға дейінгілерде Балқаш-Алакөл ойыстарында орта
және ұзақ масштабты геологиялық кескіндулермен геофизикалық зерттеу
жұмыстарын жүргізу басым болды. 1945 жылы Жоңғар қақпасының маңындағы
Барлық тауының етегінде М.И.Жаймин мен В.Ф.Қажыбаевтың басшылығымен Юра
жасындағы Жалаңаш көл көмір алабы ашылып 800 метрге дейінгі тереңдікте
терең бұрғылау жұмыстары жүргізілді.
1945-1980 жылдар аралығында жүргізілген зерттеу жұмыстарына
А.А.Алексеев, И.А.Афоничев, В.А.Буш, О.А.Барзаковский, басқа да танымал
геологтар қатысты. Соңғы 10-30 жылда Алакөл ойысында Оңтүстік Қазақстан
геологиялық басқармасы геологиялық барлау-кескіндеу жұмыстарын жүргізді.
И.А.Афоничев, Б.А.Буш және Н.И.Филатова сынды ғалым-геологтар Жоңғар
Алатауы мен Балқаш-Алакөл ойысының геологиялық құрылысына жүргізген
зерттеулерін жинақтап бірқатар ғылыми еңбектерін басып шығарды. Ұзақ жылдар
жүргізген зерттеулердің нәтижесінде қазіргі геотектоникалық құрылысы
жөніндегі ғылыми түсініктер қалыптасты.
1949 жылы Алакөл ойысының Солтүстік және Шығыс бөлігіндегі
К.В.Курдюков пен И.М.Смеловскийдің басқарумен бүкіл одақтың аэрологиялық
тірестің Балқаш маңы экспедициясы жұмыс істеді. Экспедицияның жұмысының
нәтижесінде ауданның 50000 масштабты геологиялық картасы жасалды. 1950-1960
жылдары Жоңғар тектоникалық жарығының құрылысы мен оның Вари қатпарлы
құрылымын қалыптастырудағы рольі жөніндегі әртүрлі ғылыми қөзқарас
қалыптасты.
1956 жылы қазақ КСР жергілікті өнеркәсіп министірлгі Жалаңаш көл көмір
кенінің қорын бағалап жаңа болашағы зор кенорындарын табу мақсатында
геологиялық барлау тобын жіберді. Ізденіс жұмысының нәтижесінде 1980
жылдары Жалаңаш көл кен орында ашық әдіспен көмір өндіру ісі қолға алынды.
Понтелеев, Мойсеенко, сикицин 1957: Ренгаретен 1958, Афоничев, 1960, 1967
сынды ғалымдар Жоңғар тектоникалық жарығын Вари тектоникалық аймағын
палеозой ұзақ уақыт бойы шектеп тұрды деп санады. Филатова Буш басқа да
геологтар Жетісу Алатауының Солтүстік шығысын көлбей өтетін Жоңғар
тектоникалық шарығы жоғарғы палеозойда пайда болды деп есептейді.
Ұлы Отан соғысы жылдары полиметалл және сирек кездесетін металлдардың
кен орындарын зерттеу Жетісу жотасының барлық бөлігінде жүргізілді.
Оңтүстік жотада А.С.Осипов Солтүстікке - Н.М.Колпаков пен Е.В.Орлов (1941),
П.П.Зотов (1941), Г.Н.Ионова (1945) зерттеу жұмыстарын жүргізді.
1951-1955 жылдары Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігінде
А.И.Семенов пен Г.В.Нехорошев жұмыс істеді. Олар жоғарғы полеозой
стратиграфиялық схемасын толықтырды және аумақтың тектоникасы мен пайдалы
қазбаларын зерттеді. 1953-1956 жылдары Н.А.Афаничев пен А.Е. Савичев
(1958)ЖетісуАлатауының солтүстік-шығыс бөлігінің жалпы стратиграфиялық
сызбасын жасады, құрылымдық-фацияльды зоналар мен зона тармақтарына бөлді.
Л.К.Диденко-Кислицина, Е.П.Кислицин Жаманты-Тентек өзендерінің
алабында (1965-198о) кайназой түзілімін бөлді және Жетісу Алатауының
қазіргі тектоникалық құрылысын, жер бедерінің қалыптасуын зерттеді.
Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігінің
жербедерінің қалыптасу заңдылықтырын зерттеуге 1960-1990 жылдардың
аралығында белгілі ғалым Л.К.Диденко зор үлес қосты. Ол неоген-төрттік
дәуірлерде жүрген неотектоникалық қозғалыстардың Жетісу Алатауы мен Алакөл
ойысының қазіргі жер бедерін қалыптастырудағы алатын орынын жан-жақты
зерттеді.
Геологиялық тұрғыдан зерттелуі. Алматы облысына жататын Жетісу
Алатауына алғашқы зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдың екінші жартысында А.И.
Шренком (1840), А.Влангали (1851), И.В. Мушкетов (1874), Г.Д.Романов (1879)
және Р.Закржевсктердің (1892) аумақтың жекелеген бөліктеріне маршруттық
зерттеу сапарларын жасағаннан кейін басталды. И.В.Мушкетовтың еңбегінде
бірінші рет Жетісу Алатауының аса ежелгі құрылымы-гнейсті метаморфтық
қабаты мен кристалды тақтатастары қаралды және Қатутау, Қалқан, Алтынемел
тауларында бірқатар пайдалы қазбалардың пайда болуы ( темір, мыс, қорғасын)
туралы қысқаша сипаттама берілді.
1906 жылы А.К.Мейстер Мұқыры және Лепсі өзендерінің алаптарының
төменгі таскөмір кезеңіне жататын фаунаны және таскөмірдің пайда болуын
(Қарасай, Мұқыры) анықтады. 1912 жылы П.А. Казанский Көксай мыс кен орнын
сипаттады және Жетісу Алатауының гранитоидының варисстік кезеңі туралы өз
ойын білдірді.
1906-1910 жылдар аралығында Жетісу Алатауының Пограничный көрші шығыс
ауданында (Қытай территориясында) В.А.Обручев (1915) зерттеу жүргізді. Оның
еңбегі Жетісу Алатауының кеңестік бөлігінің геологиялық құрылысының
ерекшелігін және жер бедерінің қалыптасуы туралы дұрыс түсінік
қалыптастыруға көп мүмкіндік туғызды. 5
1916 жылы Н.Г.Кассин басқарған (1927), И.Горький, П.А.Грюша,
М.Ф.Крутиков, В.А.Николаев, К.Б.Терлец және А.А.Шильниковтардың атқарған
еңбектері, Жетісу Алатауының оңтүстік бөлігін зерттеді және стратиграфия,
тектоника, вулканизмнің алғашқы жүйесі туралы сондай-ақ осы аумақтың
палеогеографиясын зерттеді.
Ұлы Қазан революциясынан кейін Жетісу жотасының геологиялық зерттелуі
Түрксібті салумен байланысты болды. В.Я.Гринев (1928) Малайсары тауынан
пермь кезеңінің флорасын тапты, пермь түзілімінің схемалық кескіндемесін
жасады және Жетісу жотасының батыс бөлігіндегі интрузиидің пермьдік жасын
анықтады. С.В. Калесник (1933) Жетісу жотасының Солтүстік жотасынан, Басқан
және Тастыбұлақ өзендер бастауларынан гнейстер мен гранитті-гнейстерді
анықтап, сипаттама берді. Ф.А. Макаренко (1936) Ақсу және Биен өзендерінің
алабынан жоғарғы силур фаунасын анықтады және жоғарғы силур кезеңінің
конгломератынан (жұмыртас) малтатас гнейстерінің жұмырланғанын
кездестірді.6
Б.К.Терлецкий (1934) ортадевондық фаунаны анықтады және Қызылағаш
өзен бассейндегі құмтасты - тақтатасты қабатты девон кезеңіне жатқызды.
1933 жылға дейін пайдалы қазбаларды іздестіру оң нәтиже бермеді,
тіпті Жетісу жотасы пайдалы қазбаларға кедей деген тұжырымдар да жасалды.
К.И. Постов (1931) Хоргос өзенінің бассейні алтынды екендігін анықтап,
бұдан біраз алтын алуға болады деп қорытынды жасады.
Е.Д. Шлыгин (1936) Алакөл көлінен шығыс аумақта юра кезеңінде
түзілген көмір белгілерін және осы территорияда мұнай бар екендігін болжам
жасады.
Жетісу Жотасының батыс бөлігінің қазіргі геологиялықзерттелу негізі
М.М.Юдичевпен (1933-1940) байланысты. Ол 1933 жылы Текелі полиметалл кен
орнын ашты және оған жоғары баға берілді. Көксу өзені бассейндегі гнейстер
мен кристалды тақтатас қабаттарды М.М. Юдичев кембрийге дейінгі кезеңге
жатқызды. Текелі кен орнын ол мезотермальды типке жатқызды; кеннің
түзілуіне неғұрлым қолайлы жағдай туғызған әктас және аз мөлшерде тақтатас
саналады, ал негізгі кен бақылау құрылымына зонаның ендік бағыттағы
тектоникалық жарылыстары жатады. 1934-1935 жылдары А.К.Жерденко, С.Н.Колова
және С.С.Ларка басшылығымен Жетісу жотасының шығыс бөлігіне зерттеу-түсіру
жұмыстары жүргізілді. Хоргос, Чыжын және Өсек өзендерінің алабынан
молибден, вольфрам, висмут, полиметалл кендерінің қалыптасқандығы
анықталды.
1933 жылы Текелі кен орындарына және оған жақын аудандардан
полиметалл зерттеу, барлау жұмыстары басталады. Кен орындарын Е.А.Немов
1935-1938 жылдары, Г.Б.Роговер 1936-1938 жылдары және Г.С.Лабазин 1937 жылы
зерттеді.7
Е.А.Немов Текелі ауданының кен орнын зерттеді және Суықтөбе, Алмалы,
Ақтөбе, Желжота, Петровск кен орындарын сондай-ақ рудалардың пайда болу
жолдарын анықтады. Текелі өзені жағалауындағы құмтасты-тақтатасты
қабатты,ол Текелі тастопшасы деп, ал Суықтөбе тауының негізінен карбонатты
құрылымын-суықтөбе тастопшасы деп атады.
Алтын-Емел жотасымен Қатутау тауынан М.С.Лизунов (1936) және
Ж.А.Айталиев (1936) полиметалл және мыс рудаларының пайда болуын зерттеді.
Жетісу жотасының солтүстік жән солтүстік-батыс жоталарына М.С.Швецов
пен И.И.Лякин (1936), Ф.А. Карпенко, В.С.Карпенко, М.Г.Лякин, Н.И.Хомизури
(1937), В.Д.Темофеев, Г.Д.Зиновьев, Г.И.Зубков (1939), Н.М.Колпаков (1941)
зерттеу жұмыстарын жүргізді.
1936-1938 жылдары Чжа және Көксу өзендерінің алаптарында И.И.Машкара
геологиялық зерттеу жүргізіп, аумақтың тектоникасын және стратиграфиясын
толықтыратын мол материал жинады. Ол девон кезеңінің эффузивті қабаты мен
карбондық туфты қабаттарды бөлді және метаморфологиялық қабаттардың сәйкес
келмейтіндігін, сондай-ақ суықтөбе және текелі тастопшаларының фауналық
сипаты жоғары силур типі екендігін, фациальды аудандардың төменгі таскөмір
шөгінділерін анықтады.
1940 жылы М.М.Юдичевтің Жоңғар Алатауы атты монографиясы
жарияланды. Бұл еңбегінде автор сол кезеңдегі шөгінділер туралы материалды
да енгізді және стратиграфияға, тектоникаға, вулканизмге, ауданның жалпы
тарихи даму заңдылығына нақты сипаттама берді, сондай-ақ генезистік пайда
болу және кейінгі геологиялық зерттеу жұмыстары туралы да айтты.8
Ұлы Отан соғысы жылдары полиметалл және сирек кездесетін металлдардың
кен орындарын зерттеу Жетісу жотасының барлық бөлігінде жүргізілді.
Оңтүстік жотада А.С.Осипов Солтүстікке - Н.М.Колпаков пен Е.В.Орлов (1941),
П.П.Зотов (1941), Г.Н.Ионова (1945) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жамантас
және Қызыл-Тентек кен орындары құрылыс материалына ұсынылды. Іле даласында
мұнай мәселесін байланысты геологиялық және геофизикалық жұмыстарды
(Костенко, Волин, Мордвилко, Проводников және т.б. 1942) жүргізді.
1949-1951 жылдары Балқаш маңы экспедициясының ВАГТ қызметкерлері М.И.
Александрова, Н.А. Афоничев, А.В.Волин, Е.П.Пантелеев және М.Д.Стааль
шамамен Жетісу жотасының солтүстік бөлігіне түгелдей геологиялық- түсіру
жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ауданның стратиграфиясы мен тектоникасы
нақты анықталды, көптеген пунктерде девон және таскөмірлік фауна табылды.
1950 жылы М.И.Александров, Н.А.Афоничев және А.Е.Сабичев Сарышылды өзен
алаптарынан төменгі және жоғарғы сарышылдық қорғасын-мырыш кен орнын
анықтады.
Осы уақытта Жетісу жотасының оңтүстік бөлігіндегі зерттеу және
геологиялық түсіру жұмыстары Қазақ геологиялық басқарушылығымен жүргізілді.
1948-1949 жылдары Қатутау тауы мен Алтын-Емел жотасынан Б.Д.Бабичев және
басқалары бірнеше шағын флюоритті және гематитті пайда болуларды анықтады.
1950 жылы Жетісу жотасының Оңтүстік жотасында геологиялық түсіру
жұмысын А.П.Чекалов жүргізді.9
1951-1955 жылдары Жетісу жотасында А.И.Семенов пен Г.В.Нехорошев
жұмыс істеді. Олар жоғарғы полеозой стратиграфиялық схемасын толықтырды
және аумақтың тектоникасы мен пайдалы қазбаларын зерттеді. Осы жұмыс
негізінде 1954 жылы А.И.Семенов аумақтың геологиялық даму тарихымен
металлогендік дамуын қарастырды, сондай-ақ бірінші рет аумақтың интрузивті
кешені мен рудаминералды формацияның шөгінді және вулканогендік формациясы
деп бөлді. Бүкіл регионды ол құрлымдық-металлогендік зона қатарына бөлді
және қазбалардың жекелеген түрлерін зерттеуге ұсыныс берді.
1953-1956 жылдары Н.А.Афаничев пен А.Е. Савичев (1958) жетісу
жотасының солтүстік жотасының жалпы стратиграфиялық сызбасын жасады,
құрылымдық-фацияльды зонаға және зона алдына бөлді сондай-ақ Солтүстік
Жетісу жотасының геологиялық даму кезеңінің негізін қарастырды.
1953 жылы Оңтүстік Қазақстан геологиялық басқарушылығы жоспарлы
геологиялық жұмыстарың Оңтүстік және Батыс Жетісу жотасында жүргізуді
бастады.
1954 жылы С.Е.Майрин, В.Г.Севестянов және П.П. Тихонов Жетісу
жотасының Оңтүстік жотасынан силур түзілімін, карбон және пермь дәуірінің
барлық үш бөлігін анықтады. 1955 жылы Сары-Өзек ауданынан С.Е. Майрин мен
П.П.Тихонов бірінші рет төменгі вулканогенді түзілімді флораны Г.П.
Радченконың зерттеуімен бөліп қарастырды.
1956 жылы В.А.Ботезату бұрын төменгі карбондық деп есептелінген
Қатутау тауының вулканогенді-шөгінді түзілімін жоғарғы карбон мен пермь
дамуына жатқызды.10
С.Е.Майрин, В.Д.Стеркин және т.б. (1956-1960) жұмыстарының
нәтижесінде Жетісу жотасының оңтүстік бөлігінің стратиграфиялық және
Қаратау тауларынан (Солтүстік жота) силурге дейінгі гранитоидтар анықталды.
И.И.Никитченко (1957-1960) төменгі таскөмір түзілімін бөлген сызбаны
ұсынды, жоғарғы лудлов және девон түзілімдерінің фауна топтамаларын жасады,
интрузивті фазаларды, гранитоидты фацияларды бөлді және олардың ыдырау
уақыттарын анықтады. К.А.Азбель, Г.М.Фремд және т.б. (1958-1963) жоғарғы
палеозой қабатының құрылымын зерттеді. Г.М.Фремд Оңтүстік Жетісу жотасынан
вулкандық жыныстардың мынадай түрлерін игнимбриттер, лахаровты брекчилер
және т.с.с. вулкандық аппараттардың қатарлық жағдайын зерттеді.
А.М.Жиырев және т.б. (1963) Бурақой, Қаратал өзендерінің маңынан
каледондық гранитоидтар сондай-ақ ақешкі өзені маңынан жоғары силурлық
фаунаны анықтады. 1957-1963 жылдары Солтүстік-Шығыс Жетісу жотасында
геологиялық түсіру және ізденіс жұмыстарын ВАГТ партиясы Б.В. Алабужина,
Ю.В.Борзаковск, М.Н.Барцев, В.А.Буш, В.С.Войтович, Н.М.Давыдов, В.К.
Дмитриев, А.Ф. Степаненко,Ю.А. Твердислав, Н.И. Филатов және т.б.
басшылығымен жүргізілді. Нәтижеде ортапалеозойлық қабаттың стратиграфиялық
бөлу, ауданның осы бөлігінің тектоникалық құрылымы нақтыланды, девон және
таскөмір кезеңнің фауналарын толықтыратын топтамалар жасалды, Буланбай
тауынан мәскеу ярусының орта карбон түзілімінің пайда болуы зерттелді. 11
Бұл аймақта жүргізілген 1953 жылғы геологиялық түсіру және зерттеу
жұмысы барысында кен орындары мен рудалардың пайда болу жолдары көптеп
анықталды. Оңтүстік Жетісу Алатауынан Көксай мыстапорфировты Біжін
полиметалл және Арқарлы алтын-рудалы кен орнының (Майрин, Севастьянов 1954-
1955) пайда болуы, витофирлердің өндірістік шикізаттары мырыш, мыс және
алтынның пайда болу жолдары (малайсары тобы), сондай-ақ Шығыс Қатутау мысты-
молибденді, жоғарғы Теректі молибденді, Қатутау мысы және т.б. анықталды.
Бұрын белгілі және жаңадан пайда болған кен орындары мен рудаларда зерттеп-
барлау және ревизиондық жұмыстар жүргізілді. Бұған әсіресе Текелі-Суықтөбе
руда қабаты (Х.И.Мурсалимов, И.С.Бродский, В.П.Стеценко,
П.А.Руденко,А.В.Орлов, И.И.Волосиков және т.б.), Көксайлық мысты (В.В.
Науменко,В.В. Березовиков, М.В.Кукарена) және Арқарлы алтын рудасы
(Г.Б.Левин,К.И.Груздев, Ю.Е.Яренский) кен орындарын зерттеу жұмыстары
жатады; Солтүстік Жетісу жотасында алтын кенін зерттеу жүргізілуде
(Е.П.Кислицин және т.б.)
Геологиялық түсіру, зерттеу және барлау жұмысының барысы 50-жылдардың
екінші жартысында аймағының геологиялық және металлогенді әртүрлі қырларын
қамтитын тақырыптық зерттеуге көшті. 1956 жылы Орталық және Оңтүстік Жетісу
Алатауының зерттеу тобы Қ.И.Сәтпаев атындағы геологиялық ғылыми Институттың
геологтары Б.И.Вейц, П.К.Жуков, Ю.И.Казанин, А.К. Каюпов, Н.П. Крикунова,
Н.А. Розыбақиева, Н.А. Пигулевский, А.Е. Шлыгин) төменгі палеозойдың руда
аралас қабатын, Көксу-Текелі руда қабатын, Текелі, Көксу, Суықтөбе кен
орындарының шөгінді жыныстарының минералогиясы мен руданың геохимиясын және
шамалы өзгерісті руданың петрографиясын зерттеді. Б.И.Вейц,
Н.А.Розыбакиева, А.Е.Шлыгин (1956-1960) Суықтөбе және Көксу руда кен
орындарының минералогиялық және геохимиялық құрамын, ал Б.И.Вейц пен
Н.П.Крикунова (1960-1964) Текелі және алмалы кен орындарын зерттеді.12
1957 жылы Н.Н.Костенко Жетісу Алатауының оңтүстігінен ақтау
тастопшасының олигоцендік жасын, ал батысынан арал тастопшасының баламасы
саналған (миацен) Сарыөзек тастопшасын бөліп зерттеді.
Н.А. Афоничев пен А.Е. Савичев өз зерттеу жұмыстарын 1958-1960
жылдары Жетісу Алатауының солтүстік бөлігінде жалғастыра отырып, орта
палеозойдың стратиграфиясын нақтылады, Жедин, Кобленц, Эйфель және Живет
ярустарының фауналық түзілім сипатын анықтады, Салқынбел,Сарқан және тастау
тастопшаларын бөлді. Олар сондай-ақ құрылымды - фациальды зона және зона
алдын белгіледі. Олардың негізгі даму кезеңдерін регионның қатпарлы және
жарылым құрылымдарына және т.б. сипаттама берді.Осы геологтардың кейінгі
зерттеу жұмыстары (1960-1965) аумақтың геологиялық даму тарихына және
Жетісу Алатауын геологиялық құрылымға аудандастыруға жаңа материалдар
қосты.13
Л.К.Диденко-Кислицина, Е.П.Кислицин және т.б. (1965-1958) кайназой
түзілімін бөлді және Жетісу Алатауының қазіргі тектоникалық жағдайын
бірнеше қырларын және жер бедерінің қалыптасуын нақтылады. Геофизикалық
зерттеу жұмыстары Жетісу Алатауында, Алакөл және Іле ойыстарының қойнауында
мұнай болуына байланысты жүргізілді. Бұл региондағы геофизикалық және оған
қатысты материалдармен Ю.А.Акопов, К.И.Волкова, В.И.Гольдшмидт, В.Д.
Гульницкий, И.И.Ерусалимский, Н.М.Ефремова, Л.З.Злавдинов, В.В.Иванова,
М.Г.Косой, Д.С.Кубарев, Г.А.Никитин, В.К.Поляков, Л.Г.Сафенрейтер,
Ю.Л.Фокшанский және т.б. айналысты.
1962-1963 жылдары Қ.И.Сәтпаев атындағы геология ғылым институты және
Оңтүстік Қазақстан геолгиялық басқарушылығы Жетісу Алатауының геофизикалық
зерттеу материалдарына есеп беру барысында геологиялық және металлогендік
мәліметтер дайындады. Осы жұмыстың нәтижесі басты жұмыстың негізгісі болып
саналады.

1.3. Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының тектоникалық
құрылысы

Жетісу жотасының геологиялық дамуының күрделі әрі ұзаққа созылған
үрдісі, оның территориялық құрылымының біртекті еместігін көрсетеді. Жетісу
жотасы толықтай Қазақ қатпарлы облысына жатады. Оның оңтүстік бөлігі
каледонның консолидерленген массиві, ал солтүстігі Жетісу-Балқаштың герцин
қатпарлы жүйесінің элементі болып табылады. Реглонда үш түрлі қасиетті
құрылымдық кешендер анықталған: жеке геосинклинальдық, орогендік,
постгеосинклинальдық.
Жеке геосинклинальдық құрылымдық кешеннің құрамына геосинклинальдық
ерте және орта даму кезеңін көрсететін төменгі және орта құрылымдық
баспалдақ кіреді және оған қатпарлықтың түзу сызықтық типі тән. 14
Орогендік құрылымдық кешеннің құрамына орогендік даму кезеңінде
қалыптасқан қатпарлы жүйеден кейінгі әлсіз дислазиренген мезозойдың және
кайнозойдың қалыпты түзілістерімен аралас болып келеді. Жетісу жотасының
жеке геосинклинальдық және орогендік кешендерін қамтитын эпигерциндік
фундаментіне Солтүстік Жетісу жотасы, Орталық Жетісу жотасы және Оңтүстік
Жетісу жотасының антиклинорийлері жатады.
Постгеосинклинальдық құрылым кешені тауалды және тауаралық иіндерде
(кешендерде) дамыған (Солтүстік Жетісу жотасының синклинорий ұзақ уақыт)
Іле, Оңтүстік Балқаштың, Жетісу алды, Алакөл т.б. Солтүстік Жетісу
жотасының синклинорийі ұзақ уақыт дамыған Солтүстік Жетісу жотасының терең
иінді ойысының орынында қалыптасты, сонымен қатар Тастау және Сарқан
құрылымдық формациондық зона территориясын қамтиды. Онда шамамен девон және
төменгі таскөмір түзілімі ашық жатыр. Синклинорийдің қатпарлы құрылымдары
бір мезгілде қалыптаспаған.15
Сарқандық құрылым-формациондық зонадағы олардың пайда болуы жоғары
девондық - төменгі таскөмірлік қатпарлықта қалыптасқан. Сондай-ақ осы
уақытта Тастау құрылымының негізгі элементтері орта карбонның басында
басталған негізгі қатпарлықта қалыптасқан.
Олардың ішінде Буланбай, Жанжүрек, Күнгей, Тастау синклиналі,
Үйгентас антиклинальдері ерекшеленеді. Ірі қатпарлықтар ондаған шақырымға
созылады. Мысалы Күнгей синклинальнің ұзындығы шамамен 60 км, ал Жанжүрек
қатпарлығы одан әрі Тамшылы тауы арқылы Кетті-Байбурлы тауында 110 км-ге
созылды. Қатпарлардың ені ондаған шақырымға жетеді, кейде 5-10 шақырымнан
аспайды. Қатпарлардың көп бөлігі түсу бұрышы 45-80º, көбінес 60-70º түзу
симетриялы.
Ірі қатпарлықтар ұсақ қатпарлықтармен араласқан және тектоникалық
бұзылу әрекеті көп бөлігінде қатпарлы құрылымының осіне сай немесе олардың
үшкір бұрыштарымен өтеді.
Тастаулық зонада негізінен орта құрылымдық баспалдақ дамыған.
Синклинальдың ядросы төменгі таскөмірде пайда болып қалыптасқан. Ал
антиклинальдер Тастау тас топшасының төменгі түзілім бөлігінде немесе
ядросынан төменгі девон эйфельдік ярус жыныстары анықталған.
Орта құралымдық қатпарлық жынысының жалпы тарауына қарамастан төмен
жағына қарағанда жоғарғы горизондтары біршама әлсіз дислоцириенген. Оларда
неғұрлым брахи қатпарлық форманың сипаты пайда бола бастаған және құлама
бұрышының жынысы неғұрлым көп.
Сарқан зонасына ендік бағыты шамамен 250 шақырым арақашықтықтағы ірі
Сарқан синклиналі тән. Оның қанаттары төменгі құрылымдық қатпарлығында
пайда болған (төменгі девон-эйфельдік ярус), ал ядросы живеттік түзілім
(орта құрылымдық қатпарлық). Сарқан синклиналі ұсақ қатпарлы қатпарлықпен
түзілген. Кең талданған түзу қатпарлы симетриялы, көлбеулі жиі қатпарлықтар
ірі құламалы қанатты болып келеді.
Солтүстік - Жетісу синклиноридегі құрылымдық-формациондық зона
алдында Алакөл, Жоңғар, Сандықтас-Шолақ және Арасан түзілімдері
қалыптасуда. Алакөл-Жоңғар (Басты Жоңғар) түзілімі Жетісу жотасынан
алшақтаған ірі аумақтық құрылым болып табылады. Мұндағы ең интенсивті
қозғалыс ерте палеозой эрасына сәйкес альпілік дәуірде болып өткен және
ерте герциндік шөгуі кезіңде де болуы мүмкін. Алайда құрылымдық-формациялық
жағдайдың элементтері анықталмады. 16
Тастау және Сарқан құрылымдық-формациялық зона алдын бөліп тұрған
сандықтас-Шолақ түзілімі Жоңғар қақпасынан Жоңғар алды ойысына дейін 200 км-
ге созылған және батысы геофизикалық әдістермен күрделенген кайнозой
түзіліміне жалғасады. Түзілімнің созылуы 300 ден 280º аралығында ауытқиды.
Кейде көлемді болып келеді. Жарылымның вертикальды орналасуы жүздеген
метрді қамтиды.
Арасан түзілімі ендік бағытта Тастау өзенінің бастауынан оның
Сандықтас-Шолақ түзілімінен Үшқара тауына дейін салаланып, солтүстік
батысқа бағытын өзгертіп, Балқаш маңына қарай кетеді. Бұл түзілім Солтүстік
Жетісу синклинорийді Орталық Жетісу антиклинорийден бөліп тұр. Түзілім
солтүстік жота көтерілген альпі дәуірінде жаңғырған.
Солтүстік Жоңғар антиклинорийінде анық құрылымды Жоңғар және Лепсі
кешендерінің интрузилері тараған. 17
Ултрогенезді интрузилі Жоңғар кешені (пироксениттер және
серпентиниттер) Алакөл-Жоңғар түзіліміне тән. Олар бұзылулармен шектесетін
ұсақ денелер түзеді. Солтүстік -Жетісу синклинорийінде гранитті интрузиялы
Лепсі кешені екі белдеуде солтүстік-батыс бағыттан анықталған. Массивтер
доға тәріздес болып келеді.
Орталық Жоңғар антиклинорийі жоғарғы Лудлауда түзілген сыртқы
геосинклинальды иінді ойыста Орталық Жоңғар зона алды орнында дамыған. Бұл
түзілімнің негізгі құрылым элементтері жоғарғы девон ерте таскөмір
қатпарлығының пайда болуы нәтижесінде қалыптасты. Оның құрамында төменгі
құрылым қатпарының жыныстары басым. Орта құрылымдық қатпар, орта кезеңде
қалыптасып, орта девондық жоғарғы лудлауда түзілген қиылыспайтын бұрышты
каледон құрылымдық кешенінде жатыр. Өзінің геосинклинальды даму кезеңінде
Орталық Жоңғар зона алды қазіргі кезде Қапал, Желді - Қарағай және
Мыңшұңқыр антиклинальдері Салқынбел, Қызылағаш және Балықты синклинальдері
түрінде қалыптасып келе жатқан ішкі геосинклинальды көтерілулер мен грабен-
синклинальдарымен астасып жатыр. Орталық Жоңғар антиклинорий күрделі
қатпарлы құрылым түзеді. Оңтүстік, оңтүстік-батыс бағыт енеді және
Мыңшұңқыр (Мыңшұңқыр антиклиналі) тауымен созылған, ал солтүстігі Желді-
Қарағай, Көктасты (Желді-Қарағай антиклиналі) қамтиды және ендік бағытта
Жетісу жотасының солтүстік-батыс сілемдеріне ұласады (Қапал антиклиналі).
Төменгі каледон құрылым қатпары өзіндік интенсивті дислокациялы ұсақ
қатпарлықтан қалың қатпарлыққа дейін, әсіресе интенсивті дислокация
құрылымының қырлы бөлігінде, сондай-ақ антиклинорий ядросында шөккен
төменгі палеозойлық жыныс неғұрлым тыныш және түсу бұрышы кейде 20-25º-тан
аспайды.
Жоғарғы Лудлов және девон түзілімі (Орта қатпарлық) түсу бұрышы 40-
70º дейінгі түзу субендік бағыттағы қатпарлығы шайылған. Жоғарғы (төменгі
таскөмірлік) құрылымдық қатарда брахиқатпарлар (Ақсу, Сай-Тентек өзендері
бастауларының брахисинклинальдері) дамыған. 18
Басты түзілімі ойсыз гранитті массивімен жалғасады. Боротола
синклинорийі Жоңғар-Балқаш геосинклиналь жүйесінің Боротола өлкелік сыртқы
зона иінінде қалыптасқан және бір атаудағы зона алды территорияны қамтиды.
Синклинорий орта құрылым қатпарының жыныстарымен араласқан және орта
таскөмір дәуірінің қатпарлығында қалыптасқан. Синклинорийде әртүрлі
қатпарлық типтері тараған. Түзу қатпарлы құрылым төменгі, жоғарғы девонға
дейінгі кезеңде қалыптасып, Қызылжар, Лаба тауларында, Дәуренбек жотасында
тараған. Жоғарғы және төменгі таскөмір құрылым қатпарлығы брахимүсінді
кейде сандық тәрізді болып келеді.
Боротола синклинорий оңтүстікте герцин және каледон консолидация
облыстарын бөліп тұрған Текелі - Сайрайнор түзілімімен шектеседі. Ол
субендік бағытта Текелі тау ауданынан Сайрайнор өзеніне дейін 250км
аралықта оңтүстікке қарай доға тәрізді иілген.

ІІ. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ. ЖЕР БЕДЕРІНІҢ
ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТИПТЕРІ

2.1. Жетісу Алатауының геологиялық құрылысы

Солтүстік Жоңғар Алатауының геологиялық құрылысы өте күрделі және әр
түрлі болып келеді. Осы аимақта палеозой қатпарлығы айқын көрінеді.
Палеозой эрасында Жоңғар Алатауының территориясы Қазақстан геосинклинальді
облысының бір бөлігі болып саналады.
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының екі құрылымды қаптарлы
геологиялық болып қарастырады.19
Солтүстік-Орталық жотаың ең көп тараған девон мен карбонның теңіздік
шөгінділері алып жатыр, ал оңтүстікте вулконогендік тас көмір және пермь
құрылымдарының есебіне тиеді.
Тау алды және тау аралық ойыстарға кайназой шөгінілері жинаған. Ежелгі
кайназой шөгінділері әсіресе су айрықтарда, сонымен бірге кайназойға
дейінгі пенеплендерде сақталады.
Мезозой шөгінділері тау алды ойыстарында дамыған, сондықтан бұлардың
жалаңаштану аймағы онша көп мөлшерде емес.
Төменгі палеозой шөгінділері.Қазіргі кезенде төменгі палеозойдың
қалыңдығы Сарышабан, Суықтобе, Текелі, және жыланды кен қабаттарында
ертедегі вулканды жыныстардың жатқаны туралы пікір қазіргі кезеңге дейін
бар. (В.А. Буш). ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТЯНЬ-ШАНЬ ТАУЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Жоңғар Алатауы
Жетісу алатауының солтүстік бөлігінің физикалық-географиялық орны
Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы
Жетісу алатауының физикалық-географиялық орны мен геологиялық құрылысының ерекшеліктері
Тянь - Шань тауының климаты, биіктік белдеулері
ҚАЗАҚСТАН ТАУЛАРЫН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Туристік инфрақұрылымды жақсарту бағдарламасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Жоңғар алатауына физикалық – географиялық сипаттама
Пәндер