Шарт ұғымы



КІРІСПЕ 3
Негізгі бөлім
1. Шарттың ұғымы мен оның маңызы 6
2. Шарттың түрлері 9
3. Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар 15
4. Шарттың мазмұны 16
5. Шарт жағдайларын анықтау 19
6. Шартты жасау 21
7. Шартты өзгерту және бұзу 27
ҚОРЫТЫНДЫ 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 31
Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс – жаңғырулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Ел ішінде жүргізіліп жатқан кешінді реформалар жаңа базасыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Соңғы он жыл ішінде кез келген құқықтық мемлекеттік алғашқы тұғыры, берік іргетасы болып табылатын бірқатар заңдар: Конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-атқару кодексі және т.б. қабылданды.
Қазіргі таңда Азаматтық құқықтарға бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өзгерістермен толықтыруларға ұшырады. Азаматтық кодекстің 1999 жылы қабылданған Ерекше бөлімінда сатып алу-сату қатынастарына арналған жеке тарау да бар. Бұл дегеніміз өмірдің жаңа ағымына қарай шарт түрлерінің өзгеруімен байланыстырамыз.
Осы курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы Азаматтық құқықтардың арасындағы елеулі роль атқаратын шарттардың түрлерін, олардың түсінігі мен маңызын ашып көрсету. Қазіргі қоғамымыздың күрт дамуы кезеңінде азаматтық-құқықтық қатынастар ұлғая түсуде, бұл біздің бұрынғы әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты туындап отыр. Осы саладағы құқықтық реттеудің біршама кешеуілдеуі нарыққа қатысушылардың біразын «көлеңкелі бизнес» аясына көшуіне ықпалын тигізді. Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексін қабылдауымыз (1994 жылы Жалпы бөлім, 1999 жылы Ерекше бөлім) тең құқықты әріптестер ретінде нарыққа қатысушылардың арақатынасын біршама ретке келтірді. Мұндағы біршама кемшіліктерге қарамастан Азаматтық кодексімізде азаматтық құқықтарды жүзеге асыру, бұзылған құқықтарды орнына келтіру және оларды сот арқылы қорғау қажеттілігі орын алған және олар даму үстінде.
Қолданылған нормативтiк актiлер тiзiмi:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

Қолданылған арнайы әдебиеттер тізімі:
1. Договор в народном хозяйстве (вопросы общей теории) К.Сулейменов, Б.В.Покровский, В.А. Жакенов и др. Отв.ред. М.К.Сулейменов, Алма-Ата, 1987. С.32.
2. Формы гражданско-правовых договоров, используемых в хозяйственной деятельности (образцы с комментариями) /Сост. В. Ермаков, Л.Амирсеитова.-Алматы: ӘділетПресс, 1997.-103с.
3. Сулейменов М. Договор в гражданском праве Республики Казахстан: проблемы теории и практики. // Мир закона.- 2000.-№ 6. С.2-8.
4. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право: общие положения, М. 1997г.
5. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж.
6. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1 том, Алматы, 2003 г.
7. Басин Ю.Г, Сделки, Алматы 1996 г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Заң факультеті

Азаматтық құқық және іс жургізу кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Шарт ұғымы

Қабылдаған:
Орындаған:

Түркістан-2012 ж
Шарт ұғымы

ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
Негізгі бөлім
1. Шарттың ұғымы мен оның маңызы 6
2. Шарттың түрлері 9
3. Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар 15
4. Шарттың мазмұны 16
5. Шарт жағдайларын анықтау 19
6. Шартты жасау 21
7. Шартты өзгерту және бұзу 27
ҚОРЫТЫНДЫ 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 31

КІРІСПЕ

Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан
әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс – жаңғырулар қоғамның құқықтық
саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Ел ішінде жүргізіліп жатқан
кешінді реформалар жаңа базасыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Соңғы он жыл
ішінде кез келген құқықтық мемлекеттік алғашқы тұғыры, берік іргетасы болып
табылатын бірқатар заңдар: конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс,
Қылмыстық-атқару кодексі және т.б. қабылданды.
Қазіргі таңда Азаматтық құқықтарға бұрынғыға қарағанда әлдеқайда
өзгерістермен толықтыруларға ұшырады. Азаматтық кодекстің 1999 жылы
қабылданған Ерекше бөлімінда сатып алу-сату қатынастарына арналған жеке
тарау да бар. Бұл дегеніміз өмірдің жаңа ағымына қарай шарт түрлерінің
өзгеруімен байланыстырамыз.
Осы курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы Азаматтық
құқықтардың арасындағы елеулі роль атқаратын шарттардың түрлерін, олардың
түсінігі мен маңызын ашып көрсету. Қазіргі қоғамымыздың күрт дамуы
кезеңінде азаматтық-құқықтық қатынастар ұлғая түсуде, бұл біздің бұрынғы
әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты туындап
отыр. Осы саладағы құқықтық реттеудің біршама кешеуілдеуі нарыққа
қатысушылардың біразын көлеңкелі бизнес аясына көшуіне ықпалын тигізді.
Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексін қабылдауымыз (1994 жылы
Жалпы бөлім, 1999 жылы Ерекше бөлім) тең құқықты әріптестер ретінде нарыққа
қатысушылардың арақатынасын біршама ретке келтірді. Мұндағы біршама
кемшіліктерге қарамастан Азаматтық кодексімізде азаматтық құқықтарды жүзеге
асыру, бұзылған құқықтарды орнына келтіру және оларды сот арқылы қорғау
қажеттілігі орын алған және олар даму үстінде.
Азаматтық кодекстің Ерекше бөлімін қабылдауымызда шарт қатынастарын
реттеудің құқықтық тәртібі өзгеріп, шарттасушы тараптардың қатынастарын
реттейтін нормалар саны өсе түсті. Көрсетілген қатынастарды реттеудің егжей-
тегжейлі көрсетілуінің оң салдарымен қатар ендігі кезде көптеген
нормативтік материалдарды толық зерттеп білуді талап етіп отырған жағы да
бар.
Ерекше бөлімді қабылдау кезінде азаматтық құқықтық шарттардың барлық
түрлерінің тізімін енгізу көзделген жоқ, тіпті ондай толық тізімді
белгілеуге қарсы бапта бар (мысалы, ҚР АК-тің 7 бабын қараңыз). Сондықтан
шарт жасауға шек қойылмаған, тек олар заңдарға қайшы келмесе болғаны.

Осы курстық жұмысымда мен Ғ. Төлеуғалиев, Ғ.А. Жайлиннің және тағы
басқа авторлардың еңбектерін қолдандым. Азаматтық кодекстің баптарын
басшылыққа алдым. Сөйтіп шарттардың қалай жасалатынын және олардың
өзгертілуі мен тоқтатылатына дейін байыптап шықтым. Сонымен қатар біздің
еліміздегі шарттардың азаматтық заңдағы мәселелеріне арнайы тоқталдым.

1. Шарттың ұғымы мен оның маңызы

Шарт көне құқықтық құрылымның бірі болып табылады. Шарттың ғасырлар
бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы
әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың
негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу
заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Шартты (contractus) рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының
туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті
құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық
кодекстерінде тәртіптелген.
Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның
Азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы
келісімі — шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт мәмілені меңзейді.
Сондықтан да, осы баптың 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме
жасайды: "шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер
қолданылады. Сонымен бірге, "мәміле" ұғымы "шартқа" қарағанда кең, өйткені,
мәміле бір жақты болуы мүмкін.
Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті
баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше
көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады.
Мысалы, шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық
шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық
қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен
өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады.
Азаматтық заңның негізгі бастауларының бірі Азаматтық кодекс
айқындаған шарт еркіндігі болып табылады (АК-тің 2-бабының 1-тармағы).
Азаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық құқықтың субъектісі
шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтқанда: 1) шартты жасау не жасамау; 2)
шарт бойынша серікті жақты таңдау; 3) шарттың түрін таңдау; 4) шартқа
белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу.
Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса
алады. Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны (АК-тің 380-бабының 2-
тармағы).
Франция Азаматтық кодексінің 1101-бабына сәйкес "шарт деп мәмілені
таниды, ол арқылы бір немесе бірнеше тұлға бір-бірінің алдында немесе
бірнеше басқа тұлғалар алдында бір нәрсені істеуге немесе істемеуге
міндеттенеді". АҚШ-тың Бірыңғай сауда кодексі шартты тұтастай алғанда сол
Заңға немесе басқа қолданылатын құқық нормаларына сәйкес жақтардың
келісіммен туындайтын құқықтық міндеттеме деп есептейді. 1201-бапта
"келісімге" анықтама берілген: "...жақтардың іс жүзінде жасалған мәмілесі
өтініштер мен басқа да міндеттемелерден туындайды"... Нидерланды Азаматтық
кодексі кітабында 213-бап: "шарт бір немесе бірнеше жақ өзіне бір немесе
бірнеше жаққа қатысты міндеттемелерін өзіне қабылдайтын мәміле болып
табылады" деп анықтама берілген.

2. Шарттың түрлері

Шарттың әрқилы болып келуі азаматтық құқықта оларды топтастыруға жол
ашады. Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі
(өзіне тән шарт белгілері).
Біржақты және екіжақты шарттар. Біржақты шарт деп бір жақта тек құқық,
ал екіншісінде тек міндет болатын шартты айтады. Оған өсиет қалдыру шарты
жатады, борышқор қарызын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны талап
етуге құқылы. Шарттардың көбі екіжақты болып келеді (сату-сатып алу,
мүліктік қарыз, жеткізу, шарттау, мердігерлік, тасылмалдау және т.б.).
Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушы сатылған затты сатып алушыға
тапсыруы керек, бірақ одан ақша төлеуді талап етеді, ал, сатып алушы заттың
құнын төлеуге міндетті және затты өзіне беруді талап ете алады.
Шарттарды біржақты және көпжақты деп бөлудің тәжірибелік маңызы зор.
Азаматтық кодекстің 284-бабында тараптардың өзара міндеттерді орындауы және
қарсы талаптары қарастырылған; өз міндетін орындатудан бас тартуға немесе
тоқтатуға қарсы талап берген жақтың құқығы бар, оны толықтай не бөлектей
жүзеге асыра алады, ал тиісінше орындамаған жағдайда келген залалдың орнын
толтыруды талап ете алады.
Шарт ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Ақылы шарт бойынша өз міндетін
атқарған жақ ақысын алуға, не қарсы талап қоюға құқылы (мысалы, тапсырылған
затқа, атқарылған жұмысқа, істелген қызметке ақша алады, тапсырған мүлкінің
құнын алады). Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай, немесе ешнәрсе
бермей ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-тің 384-
бабының 2-тармағы). Шарт бойынша тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін
ақы алуы немесе бір-біріне бірнәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып
табылады. Жоғарыда айтқан ақысыз шартқа мысалы, сыйға беру, мүлікті ақысыз
тегін пайдалану, кейбір жағдайда сақтау жатады.
Консенсуалды (келісім) және нақты шарт.
Консенсуалды шарт дегеніміз әр жақтың келісімі бойынша жасалатын шарт.
Бұл шарт олар келісімге келген бойда күшіне енеді де әр жақтың құқықтары
мен міндеттері туындайды (мысалы, сатып алу-сату, мүлікті жалдау,
мердігерлік және т.б.).
Нақты шарт дегеніміз заттарды тапсыруы сәтіңде ғана құқықтар мен
міндеттер туғызатын шарт болып табылады (мысалы, займ шарты, азаматтардың
қатысуымен сақтау шарты).
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Әдетте міндеттемелер бойынша
құқықтар мен міндеттерді алатындар — сол міндеттемеге қатысушылар. Алайда
Азаматтық айналымда басқа да түрлі міндеттемелер кездеседі, кейбір
міндеттемелер мен талап құқығын міндеттемеге не тікелей өзі, не өзінің
уәкілі арқылы қатыспайтын үшінші жақ алады.
Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт — бұл тараптар несие берушіге
емес, шартта және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап
етуге құқығы бар үшінші жақ үшін жасалған шарт (АК-тің 391-бабы). Үшінші
жақтың пайдасына жасалатын шартты үшінші жаққа орындау жөніндегі шарттан
бөлектеу қажет, өйткені, ол орындауды талап ету құқығын ешқашан
еншілемейді. Аталған тұлға тек орындауды ғана қабылдауға уәкілетті, несие
берушінің өзі де оны орындау ретінде қарайды. Үшінші тұлғаның айырмашылығы
— шартты орындауды талап ететін дербес құқығы болмайды. Ондай құқық үшінші
жаққа шарт бойынша беріледі.
1994 жылы қабылданған Азаматтық кодексте шарттың мынадай жаңа түрлері
бар: жария шарт, қосылу шарты, алдын ала жасалған шарт, аралас шарт.
Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай
оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату,
жұмыстарды атқару немесе, қызмет көрсету жөніңдегі оның міндеттемелерін
белгілейтін шарт — жария шарт деп танылады (АК-тің 387-бабының 1-тармағы).
Одан ұйымдарға бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау,
байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина,
мейманхана, банк қызметін көрсету және т.б. жатады. Аталған ұйымдардың
тұтынушыларға тауар беруде, қызмет көрсетуде, жұмысты орындауда бас
тартуына жол берілмейді. Шарт жасауға міндетті тарап оны жасасудан
жалтарса, екінші тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа
жүгінуге құқылы (АК-тің 399-бабының 4-тармағы).
Коммерциялық ұйым жария шартты жасауға қатысты бір тұлғаға басқа
тұлғалар алдында, егер заңда немесе нормативтік актілерде өзгеше
көзделмесе, ешқандай артықшылық беруге құқығы жоқ. Шартта көрсетілген
талаптар, мәселен, тауарлардың, қызмет көрсету мен жұмыстардың құны
тұтынушылардың бәріне бірдей болады. Тұтынушылардың кейбір категорияларына
жеңілдік беруге заңдармен жол беретін жағдайлар есептелінеді (АК-тің 387-
бабының 2-тармағы). Ондай тұтынушыларға, мысалы, мүгедектер, соғыс
ардагерлері және т.б. жатады.
Азаматтық кодекстің 387-бабының 5-тармағының күшіне орай жария шарттың
жоғарыда аталған талаптарына сәйкес келмейтін ережелері жарамсыз болып
табылады.
Қосылу шарты — ережелерін тараптардың біреуі формулярларда немесе өзге
стандартты нысандарда белгіленген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа
тұтастай қосылу жолы деп қабылдайтын шарт (АК-тің 389-бабының 1-тармағы).
Бұл шарттың ерекшелігі сонда: мазмұнын бір жақ жасап, қалыптастырады,
әдетте ондай жақ жұмыстарды орындайды, қызмет көрсетеді, аталған саланың
монополиялық және үстемдік ететін ережелері олардың стандартты нысандарында
жазылады. Екінші жақ жұмысты, қызметті тұтынушы болашақ шартты жасауға және
де оны талқылауға, келісуге қатыспайды. Шарттың жағдайларымен келісімін
олар тек оған ешқандай дау айтпастан қосылу жөніндегі қол қоюымен
білдіреді. Тұтынушы шарттың мазмұнымен келіспеген жағдайда оған қол
қоймайды. Оның ұсынылған шарт талаптарын талқылауға құқығы жоқ, шарттың
мазмұнына жаңадан немесе басқалай ұсыныс жасай алмайды.
Алдын ала жасалған шарт — әр жақтың алдын ала жасалатын шартта
көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету
туралы болашақта шарт жасауға міндеттенетін келісімі (АК-тің 390-бабының 1-
тармағы). Алдын ала жасалатын шарт негізгі шарт үшін Заңдарда белгіленген
нысанда, ал, егер негізгі шарт нысаны белгіленбесе, жазбаша түрде жасалады,
ал тиісті ережелердің сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына әкеп
соқтырады. Алдын ала жасалатын шартта негізгі шарттың мәнін, сондай-ақ
басқа да елеулі жағдайларын белгілеуге мүмкіндік беретін ережелер болуға
тиіс.
Азаматтық кодекстің 390-бабының ережелеріне сәйкес, жасалған негізгі
шарт алдын ала шарт жасаған жақтар үшін міндетті болады. Алдын ала шарт
жасасқан тарап өзі көздеген шартты жасасудан жалтарған реттерде, егер
заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы арқылы келтірілген залалды
екінші тарапқа өтеуге міндетті (АК-тің 390-бабының 5-тармағы). Егер ниеттер
туралы хаттамада тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшін беру
ниеттері тікелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды,
әрі оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкеліп соқтырмайды (АК-тің 390-
бабының 7-тармағы).
Аралас шартта заңда немесе басқа да нормативтік құжаттарда көрсетілген
әртүрлі шарттардың элементтері болады. Тараптардың аралас шарт бойынша
қатынастарына, егер тараптардың келісімімен немесе аралас шарттың мәнінен
өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың
тиісті бөліктері қолданылады (АК-тің 381-бабы). Мысалы, аралас шарт деп
мүлікті сақтауға бергенде оны ақысыз пайдалану құқығын қамтитын шарттарды
және т.б. айтуға болады.

3. Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар

Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық
қатынастар туындауы мүмкін. Шарттан туындаған міндеттемелерге, осы тараудың
ережелерінде және осы Кодексте аталған шарттардың кейбір түрлері туралы
ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы
ережелер қолданылады (Азаматтық Кодекстің 268-377-баптары).
Шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт
және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық
қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен
өзгеше туындамаса, осы тараудың ережелері қолданылады.

4. Шарттың мазмұны

Шарттың мазмұны — жасалған шарт жағдайларының жиынтығы. Жалпы ереже
бойынша, тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан
басқасында, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді (АК-
тің 382-бабының 1-тармағы).
Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын нормамен көзделген
реттерде, егер тараптардың келісімімен өзгеше (диспозитивтік норма)
белгіленбесе, тараптар өздерінің келісімдерімен норманың қолданылуын жоя
алады немесе сол нормада көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.
Егер Шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалын белгілемеген
болса, тиісті жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын іскерлік
қызметтің өрісіндегі әдеттегі құқықтармен белгіленеді (АК-тің 382-бабының 2
және 3-тармақтары).
Азаматтық кодекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес, тараптар арасында
Шарттың барлық елеулі ережелері бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Шарт ұғымы және оның ережелері
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Азаматтық құқық түсінігі
САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Азаматтық құқық - дәрістер жинағы
Үшінші жақтың пайдасын жасалатын шарт
Міндеттемелерді қамтамасыз ету
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Пәндер