Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту



І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту
2. Баланың логикалық ойлау қабілеті
3. Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу үдерісін ұйымдастыру
4. Танымдық белсенділік
5. Шығармашылық
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Бүгінгі мектепке дейінгі білім беру нәтижесі ретінде мемлекеттік міндетті білім беру стандарты бойынша денсаулық сақтау, таным, қарым-қатынас, әлеуметтік және шығармашылық құзыреттілік деп белгіленген. Соның ішінде танымдық құзыреттілік қоршаған ортамен таныстыру, математикалық түсініктерін қалыптастыру, сенсорлық тәрбие беру негізінде қалыптасатындығы негізге алынған. Біз соның ішінде танымдық құзыреттіліктің мәнін ашуды жөн көрдік.
Таным - адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі - адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Таным - адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: - қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); - қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). Таным - білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі.
Таным ол әрекеттің мақсаты мен түрткісін анықтайтын тұлғаның ақпараттық қорын құрайтын қоғамдық-тарихи үдеріс философиялық категория болып табылады. Философиялық сөздікте: таным – заттардың эмоциялық мазмұнын немесе ақиқатты табу мақсатындағы заттардың күйін, жағдайын меңгеру болып табылады. Педагогикалық сөздікте таным – әлем туралы шынайы білімдерді алуға деген субъектінің шығармашылық іс-әрекеті деп жазылып, сыртқы орта туралы ақпарат алу тұрғысынан берілген.
1. Бастауыш мектеп журналы №5 1998ж
2. Бастауыш мектеп №3, 4 2010ж
3. Дамыта оқыту технологиялары Б. А Тұрғынбаева «Алматы», 2000ж
4. Қазақстан мектебі, Алматы №8 2003ж
5. Мен және бәрі, бәрі, бәрі Алматы «Аруна» 2006ж
6. Бастауыш сыныпта оқыту журналы №1 2006ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту
2. Баланың логикалық ойлау қабілеті
3. Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу үдерісін ұйымдастыру
4. Танымдық белсенділік
5. Шығармашылық
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Бүгінгі мектепке дейінгі білім беру нәтижесі ретінде мемлекеттік
міндетті білім беру стандарты бойынша денсаулық сақтау, таным, қарым-
қатынас, әлеуметтік және шығармашылық құзыреттілік деп белгіленген. Соның
ішінде танымдық құзыреттілік қоршаған ортамен таныстыру, математикалық
түсініктерін қалыптастыру, сенсорлық тәрбие беру негізінде қалыптасатындығы
негізге алынған. Біз соның ішінде танымдық құзыреттіліктің мәнін ашуды жөн
көрдік.
Таным - адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі
өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену
үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған
дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен
қоса таным қызметінің субъектісі - адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді.
Таным - адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға
бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін
жүзеге асырады: - қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің
нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және
рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); - қоршаған дүниені тікелей
таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). Таным - білім алу
және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын,
нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің
әрекеттесуі.
Таным ол әрекеттің мақсаты мен түрткісін анықтайтын тұлғаның ақпараттық
қорын құрайтын қоғамдық-тарихи үдеріс философиялық категория болып
табылады. Философиялық сөздікте: таным – заттардың эмоциялық мазмұнын
немесе ақиқатты табу мақсатындағы заттардың күйін, жағдайын меңгеру болып
табылады. Педагогикалық сөздікте таным – әлем туралы шынайы білімдерді
алуға деген субъектінің шығармашылық іс-әрекеті деп жазылып, сыртқы орта
туралы ақпарат алу тұрғысынан берілген.

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол
танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады.
Танымдық белсенділікті психологиялық -педагогикалық құбылыс ретінде
анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының
ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру
жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген
білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және
тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс
-әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.
Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты
мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық
үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды.
Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып
табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-
бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып
бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала
ойлауын дамыту болып табылады.
Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың,
көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады,
келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады.
Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек.
Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне
тәжірибе арқылы да қалыптасады
Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық
қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын
ойындар ұйымдастыру қажет.
Ойын арқылы балалардың негізгі іс -әрекеті және олардың айналадағы
өмірден алған білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс
жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың
ақыл- ойы дамиды. Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті
шыңдалады.
Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады.
Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс
түрі – логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық
ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға,
салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Балалардың қызығушылығын арттыруда,
танымдық қабілеттерін дамытуда мақсатым:
-балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту
-қиялдарын ұштау
-тапқырлыққа жетелеу
-қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын арттыру.
Міндеттер
-балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету
-логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру
-балалардың математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Баланың бойындағы қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына жетелейді.
Осы орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың өзіндік іс -әрекетін
ұйымдастырудың мынандай:
Заңдылықтар, Нені отырғызу керек? Нені орналастырсам екен?
Сыңарын табыңдар? Әзіл жұмбақтар Логикалық есептер.
Пішінді орналастыр логикалық ойын түрлерін айтуға болады.
Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған балалардың
білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді.

Баланың логикалық ойлау қабілеті
Мектепалды даярлық, балаларының логикалық ойлауларын дамытудың негізгі
кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты
–бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды
даярлықта балалардың ой - өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға
жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды.
Дәлеледеу үшін бала тиісті жүйе – логикалық ойлануға сүйенеді –дейді
Ғ. Жолтаева.
Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым
математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек
қателеспейміз..Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті.
Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ – баланың
жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік
қасиеттер, ақыл –ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең
негізгі кезеңі болып табылады.
Баланың ақыл –ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес,
танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау,
ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды.
Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың
бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және
ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай
дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау
үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау логикалық
амалдарынан тұрады. Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың оқу
әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде М. Жұмабаев: Ойлау- жанның өте бір
қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың
ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек -деген.
Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша
айтып кетейін. Логика (грек тілінен алынған logic –сөз, ой, ойлау, ақыл
–ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.
Обьективтік пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал
дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады.
Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен
логиканың орны ерекше.
Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму,
қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшелігі мен заңдылығын
қарастырса логика –бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын
айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пайым,
дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді.
Ойлау ерекшелігін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу
ойлаудың білім мен тікелей байланысты екенін айқындайды.
Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу, бүлдіршіндердің ой -
өрісін іс – қимылын жан – жақты дамыту тәрбиешінің басты міндеті.
Бүлдіршіндердің логикалық қабілетін дамытуда қарапайым математиканың
алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің заттары әртүрлі геометриялық
пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың,
қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған ойдың
нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды,
логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Логикалық ойдың ерекшелігі
қорытындылардың қисындылығы да олардың негізіне сай келуі. Логикалық
ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз
анықталады.
Логикалық ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге,
өзінің іс -әрекетін талдауға үйренеді.
Қорыта келе, аталған жұмыс түрлері, бала үшін, оның танымын, логикасын
арттыру үшін өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни олардың шығармашылық
деңгейін көтереді, қызығушылықтарын арттырады.

Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу үдерісін ұйымдастыру
Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана
емес, солардың негізінде дербес, өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп,
жұмыс жасай алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі
іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жоғары мәдениетті қарым-қатынасқа
түсе алатын тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Қазақстан
Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың
тұжырымдамасында білім берудің негізгі міндеті – білімдік шоғырланудан
нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында, Қазақстан
Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі білім беру бағдарламасында
мектепке дейінгі білім беруде жаңа рухани-мәдени құндылқтарды игеруге,
ұлттық сананың қалыптасып, ақыл-ойының, интеллектуальдық дамуын қамтамасыз
ететін, болашақ бастауыш мектептегі оқу әрекетіне дайындық ретінде танымдық
құзыретін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу үдерісін ұйымдастыру базалық білім,
білік, дағдылар, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде мектеп
жасына дейінгі балалардың түйінді құзыреттілігінің қалыптасуын қамтамасыз
етеді. Осыған сәйкес мектепке дейінгі балалардың бойында қоршаған ортаға
қызығушылық білдіруге, экологиялық білімді меңгертуге танымдық
құзыреттілікті қалыптастыру басым бағыттарының бірі болып табылады.

Танымдық белсенділік
Танымдық белсенділік дегеніміз – баланың оқуға, білімге деген ынта -
ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: тәрбиешінің баяндап
тұрған материалын түсіну үшін, баланың оны зейін қойып тыңдауы, алған
білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе
жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды
саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына
үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни балалардың белсенділігі ауызша,
жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен
айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.
Ал, таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық
дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі.
Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен
тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы
қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық
қарым - қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы
таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсендіруде танымдылық
белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы
ізденіске жетелейді.
Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес - алты жас
аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды
белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы
танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Оқу үрдісінде баланың белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады:
сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз – бала әрекетінің сыртқы көріністері
(белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, тәрбиешіге зейін
қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы
да мүмкін.
Баланың ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады.
Бала белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді.
Оқыту үрдісінде балалардың белсенділігін дамытуды мақсат еткен тәрбиеші
сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады.
Балада белсенділік бір қалыпта болмайды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Танымдық белсенділіктің теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
БАЛАБАҚШАДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҮРДІСІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу үрдісінде тәрбие формаларын қолдану
Пәндер