Халықтық педагогиканың тәрбиелік құралдарын отбасылық және биология сабақтарында қолдану жағдайларын зерттеу



1.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ ... 6
2.1Халықтық педагогика. тәрбиенің қайнар бұлағы ... ... ... ... ... .. 7
2.2. Дүниетану сабағында халықтық педагогиканы қолдау ... ... ... .. 9
2.3 Білім беру . оқыту мен тәрбие жұмысын және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын үрдіс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
3. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ҚҰРАЛДАРЫН БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
3.1 Биология сабағында халықтық педагогиканың алар орны ... ... ... ..11
3.2 Биология сабақтарында жеке оқушымен жұмысты тиімді ұйымдастыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... 31
Тақырыптың өзектілігі: Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы сақтап-жинақтап келген халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен ҚР Президентінің Жарлығы, ҚР Заңдары, ҚР Үкіметі Қаулылары, ҚР Білім және ғылыми министрлігі құжаттары мен зерттеушi ғалымдардың еңбектерiнде этнопедагогика мұраларының назарға iлiнуi – аталмыш проблеманың көкейкестiлiгiн айқындап отыр. Болашақта гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуiнiң негiзгi тұтқасы болатын демократиялық қоғамды құратын парасатты һәм бiлiмдi тұлғаларды дайындауда мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәлiм-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор екенi даусыз.
Озық жетiстiктерге негiзделген бiлiм нәрiмен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сiңiрген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын тереңiнен таразылап, болашағын барынша болжайтын тұлға ретiнде танылатыны анық.
Бiздiң назарымызға iлiккен осы уақытқа дейiн зерттелген еңбектерге жасаған талдауымыз төмендегiдей сараптама бойынша анықталды.
1.Тәрбие теориясына қатысты еңбектер (Контор И.М, Қоянбаев Ж.Б, Журавлев В.И, Бержанов Қ, Мусин Ж, Скатин М.Н, Мұхамбаева А.Х, Битинас Б, Сейталиев К, Подласый И.П)
2.Қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелерi (Жарықбаев Қ.Б, Қалиев С, Әбiлова З.Ә, Сарыбеков Н.Қ, Ұзақбаева С.А, Наурызбай Ж, Қожахметова К.Ж, Дүйсембiнова Р.Қ, Қабдыразақұлы Қ.
3.Ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы жөнiнде (Бөлеев Қ, Беркімбаева Ш.К, Оразбекова К.А)
4.Оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi (Коротков И.М,Гончаров Н.К, Савин Н.В, Легенький Г.И, Новикова Л.И, Полукарев В.В.
5.Ұйымдық тәрбиенiң теориялық аспектiлерi (Ильина Е.Г, Батракова И.С, Көпжасарова М.Д, Байназаров А, Белогоров В.М, Алиева Л.
6.Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие берудiң әдiстемелерi (Құнантаева К.Қ, Кузьмина М.Н, Омаров Е.О, Нұрмағамбетов С.Х.т.б.
7.Оқушылардың қоғамдық бiрлестiктерiндегi тәрбие жұмыстары (Иржанова Р.Д, , Абаева Н.Б, Мұқанова Б.Ы, Бекмағанбетова Р.К, Қасенов Е.Р, Татаурова Н.Л)
8.Халық педагогикасы материалдары негiзiнде оқушыларға ұлттық тәлiм-тәрбие беру (Төлеубекова Р.К, Жетпiсбаева К.Б, Ембергенова Ж, Сәдiрмекова Ж.Б, Қаплиева А.Қ, Қисымова А.Қ, Егенисова А.Қ, Арзымбетова Ш.Ж, Садықова М.К, Әбдiғаппарова У.М, Әбдiлдина С.Қ, Өтемұратова Б.С, Аманжолова А.А, Хасанова Ж.С) т.б.
1. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық білім сапасының критерийі:әдіснамасы және ғылыми-теориялық негізі. Алматы, 2008
2. Махмутов М.И. Организация проблемного обучения в школе.
М.: Просвещение, 1977
3. Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. М.:Педагогика, 1972
4. Скаткин М:Н. Проблемы современной дидактики. М.:Педагогика, 1972
5. Эльконин Д.Б. Психология игры. M., Педагогика, 1976.
6. Пидкасистый П.И., Арыстанов М.Ж., Хайдаров Ж.С. Проблемно-модельное обучение: вопросы теории и технологии. Алматы. Мектеп. 1980.
7.Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С. Игра, как процесс обучения. Алматы. Знание.1985.
8.Кларнн М.В. Разработки имитационно-моделирующих игр в современной бур-жуазной педагогике. "Советская педагогика". 1982. №3.
9.Бедерхапова В.П. Опыт применения профессиональных игр в решении профес-сиональных задач "Современные психолого-педагогические проблемы высшей школы". Л., ЛГУ, 1978.
10.Ұстаздар сайты сиональных задач "Современные психолого-педагогические проблемы высшей школы". Л., ЛГУ, 1978.
11. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. –
Алматы: Бiлiм, 2004.
12. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика. – Астана, 2005.
13. Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы:Рауан, 1995.
14. Қожахметова К.Ж. Халық педагогикасын зерттеудiң кейбiр ғылыми және
теориялық мәселелерi. – Алматы, 1993.
15. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: Санат, 2001.
16. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – Алматы, 1995.
17. Оразбекова К. Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы
хақында. – Алматы, 2005.
18. Өтешова Б. Ұлт ұрпағының дүниетанымын халық тағылымдары арқылы дамыту. –Алматы, 2007. – 168 б.
19. http://ustaz.kz/sait-bolimderi/file/348-bayan-salt-dastur._
20.. Сейіт Кенжеахметұлы «Жеті қазына», 1-3 кітап, Алматы 2007ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

1.КІРІСПЕ__________________________ ______________________________ 4
2. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ____6
2.1Халықтық педагогика- тәрбиенің қайнар бұлағы ______________________ 7
2.2. Дүниетану сабағында халықтық педагогиканы қолдау ______________ 9
2.3 Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын үрдіс ___________________________________ ______________ 10
3. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ҚҰРАЛДАРЫН БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ____________________________ _________ 11
3.1 Биология сабағында халықтық педагогиканың алар орны ______________11
3.2 Биология сабақтарында жеке оқушымен жұмысты тиімді ұйымдастыру әдістері ___________________________________ _____________________ 16
ҚОРЫТЫНДЫ___________________________________ ________________ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ____________________________ 31

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы сақтап-жинақтап келген халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен ҚР Президентінің Жарлығы, ҚР Заңдары, ҚР Үкіметі Қаулылары, ҚР Білім және ғылыми министрлігі құжаттары мен зерттеушi ғалымдардың еңбектерiнде этнопедагогика мұраларының назарға iлiнуi - аталмыш проблеманың көкейкестiлiгiн айқындап отыр. Болашақта гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуiнiң негiзгi тұтқасы болатын демократиялық қоғамды құратын парасатты һәм бiлiмдi тұлғаларды дайындауда мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәлiм-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор екенi даусыз.
Озық жетiстiктерге негiзделген бiлiм нәрiмен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сiңiрген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын тереңiнен таразылап, болашағын барынша болжайтын тұлға ретiнде танылатыны анық.
Бiздiң назарымызға iлiккен осы уақытқа дейiн зерттелген еңбектерге жасаған талдауымыз төмендегiдей сараптама бойынша анықталды.
1.Тәрбие теориясына қатысты еңбектер (Контор И.М, Қоянбаев Ж.Б, Журавлев В.И, Бержанов Қ, Мусин Ж, Скатин М.Н, Мұхамбаева А.Х, Битинас Б, Сейталиев К, Подласый И.П)
2.Қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелерi (Жарықбаев Қ.Б, Қалиев С, Әбiлова З.Ә, Сарыбеков Н.Қ, Ұзақбаева С.А, Наурызбай Ж, Қожахметова К.Ж, Дүйсембiнова Р.Қ, Қабдыразақұлы Қ.
3.Ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы жөнiнде (Бөлеев Қ, Беркімбаева Ш.К, Оразбекова К.А)
4.Оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi (Коротков И.М,Гончаров Н.К, Савин Н.В, Легенький Г.И, Новикова Л.И, Полукарев В.В.
5.Ұйымдық тәрбиенiң теориялық аспектiлерi (Ильина Е.Г, Батракова И.С, Көпжасарова М.Д, Байназаров А, Белогоров В.М, Алиева Л.
6.Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие берудiң әдiстемелерi (Құнантаева К.Қ, Кузьмина М.Н, Омаров Е.О, Нұрмағамбетов С.Х.т.б.
7.Оқушылардың қоғамдық бiрлестiктерiндегi тәрбие жұмыстары (Иржанова Р.Д, , Абаева Н.Б, Мұқанова Б.Ы, Бекмағанбетова Р.К, Қасенов Е.Р, Татаурова Н.Л)
8.Халық педагогикасы материалдары негiзiнде оқушыларға ұлттық тәлiм-тәрбие беру (Төлеубекова Р.К, Жетпiсбаева К.Б, Ембергенова Ж, Сәдiрмекова Ж.Б, Қаплиева А.Қ, Қисымова А.Қ, Егенисова А.Қ, Арзымбетова Ш.Ж, Садықова М.К, Әбдiғаппарова У.М, Әбдiлдина С.Қ, Өтемұратова Б.С, Аманжолова А.А, Хасанова Ж.С) т.б.
Аталған еңбектердiң маңыздылығына баға бере отырып, ұлттық тәлiм-тәрбие беру iсiн отбасы тәрбиесінде, бұл бағытта педагогтар мен ата аналардың біріккен іс әрекеттері өте маңызды болып табылады. Осыдан зерттеу жұмыстың зор тәжірибелік, теориялық және әлеуметтік өзектілігі анықталады.[1].
Зерттеудің мақсаты:- халықтық педагогиканың тәрбиелік құралдарын отбасылық және биология сабақтарында қолдану жағдайларын зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу;
Халықтық педагогиканың теориялық нгіздемесін талдау;
Ұлттық ерекшеліктердің негізгі компонентеріне шолу жасау;
Ұлттық сана сезiмдi қалыптастыру механизмiн зерттеу;
Халықтық ерекшеліктердің оқушлардың танымдылық іс -әрекеттеріне тигізер әсерін анықтау;
Халықтық педагогика элементтерін биологияда сабағында қолданудың ерекшеліктерін көрсету;
Зерттеу объектісі - халықтық педагогика негізіндегі әдістемелік құралдар
Зерттеу пәні - этникалық отбасылық тәрбие кезіндегі пайда болатын байланыстар мен құбылыстар
Зерттеу болжамы - қазіргі кезде ұлттық сана сезімнің оянып дамып келе жатқан кезде халқымыздың келешек ұрпағы нағыз қазақи дәстүрлерде отбасылық тәрбие алған жағдайда ғана қазақ халқының, қазақ қоғамның болашағы болып саналатын жас ұрпақ зор нәтижеге жетеді.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ

Халықтық педагогика - халық арасындағы тәрбиенің мақсаты мен міндетін халық арасында үстем болған көзқарастардан, тәрбие мен оқытудың халықтық құралдары мен іскерлік, дағдыларының жиынтығынан керінетін эмпириялық педагогикалық білімдер мен халық бұқарасы тәжірибесінің алаңы. Халықтық педагогикалық зерттеудің көзі педагогика мазмұнды және сол бағыттағы ауыз әдебиеті, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие материалдары, ойындар, ойыншықтар, халықтық және жастар мерекелері, отбасылық тәрбие тәжірибесі т.б.
Халықтық педагогика - ойыншықтарда, ойындарда, дәстүр, әдет, ырымдарда, тәрбие және мінез-құлық жиынтыктарының ережелерінде, батырлық дастандарда, халық ауыз шығармашылығында сақталған тәрбиелік және педагогикалық мәліметтер жиынтығының тарихи пайда болуы. Халықтық педагогикаға кемшіліксіз тәрбиелеумен қатар, оған қол жеткізудің жолдары мен құралдары енеді. Халықтық педагогика құндылықтары өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында ұрттық сананы қалыптастыруға жаңа оку-тәрбие үдерісіне бағыттауға, оның бойында әлемдік мәдениетте өз ұлтының, этностың рөлі туралы тусінігін дамытуға көмектеседі.
Халықтық педагогика (этнопедагогика) білім жиынтығы және тәрбие дағдысы этномәдени дәстүрде сақталып қалған, халық этникасында және көркемдік творчествасында, тұрақты ұлттық спецификалық қарым-қатынас формаларында және уәкілдердің әртүрлі нәсілдермен және ең маңызды болып келетіні бірлік және этностық бүтіндігі.
Халықтық педагогика - ол ұлттың мәдени сызығын өзінде сақтаған, әдістері және тәрбие дағдысы, өзіндік халықтың жиналу және басқа этностардың салты. Оқылудың көз бұлағы халық-педагогика фольклор-этнографиялық және антропологиялық материалдар, археологиялық, табыстар, мемуарлық әдебиеттер және т.б. нормативті талаптар болып табылады.
Халықтық педагогика - көбінесе халық шығармашылығынан шығарылып тастау керек (фольклорлық педагогикалар). Фольклордың мәтіні және салттары көрсетілген.
Халықтық педагогика - толық тәрбиелік концепцияны құрайды.[2]
Қазақстанда халықтық педагогикалық ойларды бүгінгі тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе жинақталған. Бұлардың ішінде, әсіресе, халқымыздың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің зерттелу, жинақталу, жариялану жолы Қ. Жарықбаевтың еңбектерінде айқын көрініс тапқан.
Халықтық педагогика этнопедагогиканың зерттеу пәні болып табылады. Этнопедагогика халықтық педагогиканы түсіндіреді және қазіргі жағдайда жанұяда, мектепте оны қолданудың жолдарын ұсынады, этникалық топтардың тәжірибелерін жинап, зерттейді [3].

2.1 Халықтық педагогика- тәрбиенің қайнар бұлағы
Қаншама заман өтсе де, маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім - тәрбенің түп қазынасына айналдыру - ата-ананың да, мектеп ұйымының, мұғалімдердің де басты борышы.
Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми-педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды.
Әр халық өзінің жас ұрпағы қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар-ожданы мол болып өссін деп армандайды, бұл мәселені өзінің тұрмыс салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, өмір тәжірибесін сыннан өткен салт-дәстүрлерді, педагогикалық әдіс-тәсілді пайдаланып келеді.
Халықтық педагогика дәуірдің небір қатал сыннан өтіп, жаңарып, жаңғырып, шым болаттай тіршілік тынысы және салт-дәстүрлері мен біте қайнасып, бірге жасасып келе жатқан қазына.
Қазақ халқы ауыз әдебиетінің бай мұрасына баланың дамуына, жалпы тәлім-тәрбиеге ықпал жасайтын мол мүмкіндіктер бар. Бұл бай мұраны мұғалім баланың жас ерекшеліктеріне сай, ертегі, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, аңыз - әңгімелер және алуан түрлі салт-дәстүрлерді педагогикалық тұрғыдан іріктей алуы керек. Балаға ұлттық тәлім-тәрбиені дер кезінде беру, меңгерту - ұстаздың басты міндет.
Қазақ халқының ұлы педагогы, этнографы, жазушысы Ы.Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын пайдалана білген. Мәселен, Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш атты әңгімеде әкесі он жасар баласымен далада жүріп келе жатып бірнеше сұрақтар қояды.
-Балам, анау өрмекшіні көремісің, ол не істеп жүр?
- Көремін әке, өрмек тоқып жүр.
-Анау құмырсқаны көремісің?
Көремін, аузында тістеген бидайы бар.
-Жоғары қарашы көкте не көрінеді?
Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар. Сонда әкесі: Олай болса, шырағым, бұл кішкентай жәндіктердің ісі еңбегі саған ғибрат: өрмекші, маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұсталғаннан кейін оны өзіне азық етеді.
Құмырсқа бала-шағаларына тамақ тасып тапқанын өзі жемей, аузына тістеп қуанғанынан ініне жүгіріп кетіп барады. Қарлығаш балаларына ұя салуға шөп жинап жүр. Міне, көрдің бе? Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Бәрі де жұмыс істеп жүр. Сен де ертеден кешке дейін уақытыңды босқа жіберме, еңбек етуге әдеттен.[4].
Ы. Алтынсарин барлық еңбектерінде жеке адамның жоғары қасиеттерін қалыптастыруда еңбек, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесінің ерекше орын алатынын атап көрсетті. Кемеңгер ұстаз Ы. Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халықының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінің қайта жаңарту кезінде кең мағынада насихаттау әрбір ғалымның, мұғалімнің борышы болуы қажет.
Келесі мысалымды әдебиеттік оқу хрестоматиясынан келтіретін болсам бұл кітаптағы барлыққа дерлік тарау осы халық педагогикасының негізінде құрастырылған десек те болады. Қадыр Мырза Әлидің мына бір өлеңін мысалға алатын болсам. (Ә.о.Х - 2 93 бет)
Онға дейін санау
Бір дегенім - бесік,
Шықтық содан өсіп.
Екі дегенім-елім,
Далам, тауым,көгім,
Үш дегенім-үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім-төзім
Төзе білем өзім.
Бес дегенім-бақыт
Бағалайтын уақыт.
Алты дегенім-ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Жеті дегенім-жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз дегенім-сөзің,
Серт беретін кезің.
Тоғыз деген тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он дегенім - Отан,
Қорға соны, ботам!
Санауға үйрете отырып, барды бағалауға, отанды сүюге, төзімді ел қорғайтын азаматтар болуға тәрбиелейді.
Халқымыздың ертегілерінде, аңыз әңгімелерінде, шешендік тапқыр сөздерінде, салт-дәстүрінде математикамен байланысқан тұстарын көптеп кездеседі. Халқымыздың асыл қазынасын сабақтың кейбір тұстарында тиімді пайдалану, оқушыларды өз ұлтын сүюге, оның салт-дәстүрлері мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретері сөзсіз[5].
Халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар.
Егер ойын сабақтың ортасында қолданса, онда мұғалімнің мақсаты оқушылардың көңіл күйлерін сергіту, шаршағанды ұмыттырып ерік-жігерін дамыту [6].

2.2. Дүниетану сабағында халықтық педагогиканы қолдау

Келесі дүниетану пәнін оқытуда халық педагогикасының дәстүрлерін пайдалануымыздың мәні неде?
Мысалы мектеп алды даярлыққа келген балаларға өсімдікті жұлма, таптама деп айтсақ, ал мектепке келген оқушыларды білім бұлағымен сусындатып қана қоймай, халық арасында кең тараған аңыз-әңгіме, мақал-мәтел, жұмбақ, ырым мен тыйым сөздер, өлең-жырлар т.б. арқылы атамекеннің бір бөлшегі-өсімдіктерді қорғауға, аялауға тәрбиелейміз.
Дүниетану пәнінде мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді де қолданудың пайдасы көп. Қына тасқа бітеді, білім жасқа бітеді, Өнерлі бала - елдің көркі, Үкілі қамыс - көлдің көркі., Дәннен тал өседі, Ата-бәйтерек, бала- жапырақ. Осындай мақал-мәтелдерді барлық тақырыптарда қолдануға болады. Оқушылар бұрын жай шөп деп қараса, сабақтан кейін өсімдіктердің пайдасын біле отырып, оны қорғау керектігін түсінеді.
Оқушы өзінің жеті атасын біліп, оған қосымша атаның өсу, өмір сүру жолын, елді қорғаған қазақ батырларының ерлік жолын, халықтың әні мен күйін, термешілерін білуге тиіс.
Осы мақсатқа орай сыныптарда өткізілген Қазақтың ырым-тыйым сөзі - тәрбие көзі, Ұлттық тағамдар, Наурыз- жыл басы, Қыз сыны атты тәрбие шараларын өткізіуге болады.
Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы - оның халық педагогикасы, яғни ауыз әдебиеті мен ұлттық салт-дәстүрі болып табылады. Тән азығы мен жан азығының тепе-теңдігін сақтап, әсіресе, жан азығына баса көңіл бөлген халқымыз өміртануды діттеп, оның философиялық заңдылықтарын терең ұғынған. Жан азығынан мақұрым қалған адамның адамдық қасиеті жойылып, оның айуанға айналатынын ертеден ұғынған халқымыз жан азығын, ең әуелі, нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруден бастайды, жас балдырған жеке сөздерді ұғына бастағандай-ақ оған жақсы мен жаманды ажыратып, түсіндіреді. Ол үшін тақпақ, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел үйретіп, баланың тілін ширатып ойын дамытады. Жас баланың нәресте, балдырған, бөбек кезіндегі адам болып қалыптасуы 2-5 жастың арасы десек, 6-10 жаста әдептілік негіздерін үйретіп, оның тектік қасиеттері қалыптасады[7].

2.3 Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын үрдіс

Білім беру ғылымдар жүйесін білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру оның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік т.б. қасиеттеррін қалыптастыру. Адамның күшімен, қабілетін дамыту үрдісі.
Дала қоңырауы аталып отырған қазақстың тұңғыш ағартушы - тәлімгері, ғалым әрі этнограф - публицист Ы.Алтынсарин өзінің Қазақ хресторматиясы атты оқулығының сөз басында - қазақ халқы азбаған, талап тілегі біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайтын ой - пікірі еркін халық екенін айта келіп, ... оның келешегі үшін сана сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрету ккерек болып отыр - деген. Бұл ойын жүзеге асыруда қазақ балаларына мектептер ашты. мектеп қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық ұлтымыз, қазақ халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде. Ы. Алтынсариннің халықтық педагогика тағылымдарын мектеп өміріне түбегейлі енгізуде жетекші құрал ретінде қызмет атқарған Қазақ хрестоматиясы оқулығында бала біліміне, бала тәрбиесінің сан түріне нұсқау беретін әңгімелер енгізген. (Әке мен бала, Бай баласы мен жарлы баласы, Бір уыс мақта, және т.б.) оқушыларға осы әңгімелерді оқыта отырып еңбек сүйгіштіккке, ұйымшылдыққа, жомарттылыққа және т.б. тәрбиелеген.
Қазақ халқының мақал - мәтелдері жас ұрпақты, ата - ананы, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеуге бағытталған.
В.А Сухомлиский ...ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық қабілетін дамытады, оятады - дей келіп былай жазды: Ойынсыз ақыл-ойындардың қалыпты дамуы жоқ және жай болуы мүмкін емес, ойын дүниеге ашылған үлкен жарық дүние сияқты іспеттес. Ол арқылы балаланың рухани байлығы жасақтас өмір байланысып айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын білуге құмарлықпен еліктейтін маздап жанар оты [7].
Қазақтың халық ойындары - мәдени мұралардың бірі болап саналады, ғасырлар бойы балаларды тәрбиелеудің бір құралы болып келеді. Ойындар екі топқа бөлінеді: шығармашылық және ережелі ойындар. Егер бірінші топ ойындарында бала өз ойынап шығарын ойнаса, екінші топ ойындары: дидактикалық және баланың ойлау дағдысын қабілетін бағытталған түрлеріне бөлінеді. Ойнау барысында баланың дұрыс қозғалу, ойлау қабілеттері, бір-бірімен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі, ұлттық ойындарды сабақта сергіту минуттарында Бес саусақ, Жылдам айт үй тапсырмасын сұрағанда, сабақты бекіту, қайталау сабақтарында Ақсүйек, Сиқырлы сандық Найза ату, Асық ойындары байқағыштыққа, қырағылыққа, бытылдыққа, шапшаңдыққа баулиды [3].

3.ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ҚҰРАЛДАРЫН БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ

3.1 Биология сабағында халықтық педагогиканың алар орны

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол өмір тәжірибесі, танымдық мұрасы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз әңгімелері, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең жырлары,ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар, баға жетпес қазына болып табылады.
Оқушыларды биология ғылымының заңдарымен, қоршаған ортада жүріп жатқан биологиялық құбылыстармен таныстыруда, оны көруге, сезінуге, түсінуге халықтықпедагогика элементтерін пайдаланудың маңызы зор.
Этнопедагогикалық зерттеулердiң Кеңестiк дәуiрдегi маңызы мен мәнi, қажеттiлiгiмен көкейкестiлiгi жөнiнде және оны ғылыми педагогиканың құрамдас бөлiгi деп қараудың керектiгi туралы педагог-ғалымдар: И.Т.Огородников, В.М.Коротов, А.Г.Гордина,М.Ф.Шебаевалар да кезiнде келелi пiкiрлер айтқан едi. Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерiнде XVII-XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайы, ғылым ретiнде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөлiп қарастырамыз [1, 9].
Қазақ этнопедагогикасының туу кезеңi (ХIХ ғ. 2-жартысы), оның Қазақ
этнопедагогикасының қалыптасу кезеңi (1920-1930 жж.) және Қазақ этнопедагогикасының дамуының үшінші кезеңi (1970-1995).
Орыс, батыс саяхатшы-ғалымдары: П.С.Паллас, Э.С.Вульфсон, А.Вамбери,
А.Левшин, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд, В.В.Радлов т.б. және қазақтың зиялы ақын-оқымыстылары: С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, Н.Құлжанова, М.Әуезов, С.Сейфуллин, М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Б.Адамбаев, Ш.Ахметов, М.Әлiмбаев, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, С.Ұзақбаева, М.Балтабаев, И.Бөлеев, З.Ахметова, М.Құрсабаев, М.Смайылова, М.Оразаев, К.Қожахметова т.б. атауға болады [3, 4].
Төменде келтірілген кестеде (1 кесте) биология пәні және этнопедагогиканың байланыстары көрсетілді.
Жүргізілген педагогикалық тәжірибелік зерттеу жұмыстарында мектептерде халық тағылымдары негізінде оқушының дүниетанымын дамытудың жәй-күйі зерттеліп, мына міндеттерді шешуге бағытталған іс-шаралар жүргізіліп келеді:
а) Оқушылардың эксперемент кезіндегі халық тағылымдарын меңгергенінің бастапқы және соңғы деңгейі бойынша .
б) Мектеп тәжірибесінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың
олқылықтары мен себептері анықтау бойынша .

Кесте 1 Биология пәні мен этнопедагогиканың байланыс

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу барысында өз тәжірибемізге сай сыныптан тыс шаралар, өткізілген жұмыстар негізінде оқушыларға сауалнамалар қою, пікірлесу, танымдық сын сайыстар өткізу, бағдарламалар, әдістемелік құралдарды талдау, т. б. жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылды. Зерттеу жұмысында байқалғандай бүгінгі қолданыста жүрген оқу бағдарламалары мен оқулықтарда халық тағылымдары негізінде оқушылардың дүниетанымын дамытуға онша көп көңіл бөлінбеген.
Тек соңғы жылдары ғана біршама зерттеу жұмыстары жүргізіліп жүргендігі байқалады. Осы бағытта өткізілген сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда жүргізілген шаралар көрініс беруде.
Соңғы жылдары халықтық педагогика материалдары оқытудың тиімді түріне айналып, оқушылардың биологияға қызығу деңгейін және білу ынтасын, оның сапасын тиянақтап, сабақ үлгерімін арттырады.
Тәрбие сағаттарының тақырыптары келесі болуы мүмкін: Жан сұлулығы - тән сұлулығы, Қызы бардың қызығы бар, ұлы бардың ұлығы бар, Салт - дәстүрді білесің бе? т.б.
Мақсат-міндеттері:
Білімділік мәні: Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың басты құндылығы - дәстүрлерінен үлгі ету. Олардың киген ұлттық киімдері жайлы білімдерін толықтыру.
Оқушыларды дастарқан басында сақталатын рәсімдермен, ырым-тыйымдармен таныстыру. Ұлттық тағамдарымыздың қасиетімен және ұлттық ыдыс-аяқтармен таныстыру. Оқушыларды қазақ жігіті мен қызының бойына тән өнерлік, тәлімдік қасиеттермен қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұлтжанды, ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу. Қыз бала мен ұл бал тәрбиесі қашанда халық назарында екенін естен шығармауға, мейірімділік, қарапайымдылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды, басқа да тағамдарды қастерлеуге, ас ішу тәртібін әркез есте сақтауға тәрбиелеу.
Дамытушылық мәні: Оқушылардың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен байланыстырып тілдерін, сөздік қорларын байыту, қазақ жігіттері мен қыздарының дағдыларын дамыту
Көрнекіліктер: 1. Нақыл, қанатты сөздер, мақалдар жазылған плакаттар.
2. Қазақтың ұлттық қолөнерлері.
3. Тұрмысқа қажетті заттар.
4. Буклеттер, альбомдар, сөзжұмбақтар, сөзөрімдер, ыдыс-аяқ суреттері, суреттер көрмесі.
Тамақты тарта жесең, санаңды ашар, көптен жесең ұйқы басар, Таспен атқанды, аспен ат, Дүниедегі байлықтың түрі көп, солардың ішіндегі ең негізгісі де осы нан байлығы.
Тәрбие сағаттарының соңында Сыр сандық ойыны ойнауға болады. Оқушылар салт-дәстүр, ұлттық салт, музыкалық фольклор, қол тума т.б. ұлттық таным бойынша сайысқа түседі. Осы сайыстарға қажетті материалдар төменде келтіріледі [9].
Халықтық педагогика элементтерін пайдалану, оқушылардың өзіндік жұмыстарында
биологиялық өлеңдер, жұмбақтар жазу арқылы оқушының биология пәніне ізденушілік қабілетін арттыруға әсерін тигізеді. Пәнді түсіну қабілетін өсіріп, түсінуге қиын сабақтарды оңай меңгеруге және есте жақсы сақтауға дағдыландырады.
Ата-бабаларымыз табиғат әсемдігінен бойына қуат, жүрегіне шуақ алып, оның құдіретіне бас иіп, табиғат заңдылығын тамаша сараптай білген. Жер ананың суын құрғатпасаң сүтін ішесің, балаусасын баспасаң, балын жұтасың, киігін қорғасаң, кемдік көрмейсің, құсын аяласаң, қызығына кенелесің,− деген мақал-мәтелдердің қазақ халқының экологиялық заңдылықтарды терең түсіне білгендігін аңғартады. Осының негізінде биология сабақтарында халықтық педагогиканы пайдалану арқылы оқушыларда ғылыми ұғым қалыптасуын, дүниеге біртұтастық көзқарастың, тіл байлығының дамуын, ойлау қабілеттерінің, адамгершілік, ұлтжандылық, ұлттық мәдениетті дәріптеу дағдыларының жетілуін қамтамасыз ету мүмкіндігі туады.
Қазақстан Республикасының білім туралы заңында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, әлемдік мәдениет пен білім саласындағы құндылықтарды оқыту үрдісінде пайдалану керектігі, ол үшін оқытудың тәсілдері мен әдістерін, білім беру формаларын жетілдіре түсудің қажеттілігін атап көрсетілген.
Осыған орай, биологияны оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін, орта мектепте пәнді оқытып үйретудің тиімді, белсенді әдістерін таңдап алу қажеттілігі көзделіп отыр.
Биология пәнін оқыту барысында оқушылардың белсенділігі мен танымдық әрекеттерін шығармашылық қарымдарын дамыту үшін оқу үрдісіне көркем әдебиетті және поэзияны оқыту ойындарын пайдаланудың мәні зор .
Жануартану пәнінен сүтқоректілер класын оқытқанда төрт түлік мал өнім- деріне ерекше назар аударған жөн. Малдан қалатын қи, жапа, құмалақ тезектері де отқа жақса - отын, жерге тыңайтқыш. Үй тұрмысына қажетті мал терісінен жасалатын: метей, көнек, мес, қауға, тарамыс т.б. бұйымдар туралы айтылса. Метей - су таситын ыдыс. Түйенің майлы терісінен жасалады, құдықтан малды суару үшін су тартады. Көнек - су таситын қауға. Мес - ешкіні бүтіндей сойып дайындап, айран сақтауға арналған ыдыс. Сөйтіп, қазақ төрт түлікті мінсең-көлік, жесең-ет, ішсең-ақ, сусын деп тұжырымдаған. Ата-бабаларымыз жапан түзде қой бағып жүріп, үй жануарларының ауа-райы құбылысын байқауы жөнінде әрқайсысының өзіне тән мінез-қылығы болатындығын ұзақ мерзімді тәжірибеден байқаған. Жылқы бір жылдық ауа-райын, қой жарты жылдық, түйе екі-үш айлық, сиыр екі-үш күндік ауа-райын болжай алады екен. Сәуір айында жылқы ықтаса, келер жылы қыс қатты болады, ал басын көп шұлғыса, келер қыс жайсыз болады. Қазақ халқында тасбақа дауылы деген ұғым бар. Тасбақаны халқымыз киелі жануар деп есептейді. Ол жөнінде аңыз-әңгімелер көп кездеседі және ою-өрнек мұрасында тасбақа-ою кең қолданылады. Тасбақа тіршілігіндегі ерекшеліктердің бірі қысқы ұйқыға кетуі. Көкек айында дала тасбақасы қысқы ұйқыдан оянып, жер бетіне шығады. Дәл осы кезде бірнеше күн қатарынан шаңды қатты жел соғады. Халық оны тасбақа дауылы деп атайды. Қысқы ұйқыдан шыққан тасбақа әлсіз болғандықтан сауытының үстінде қалған құм, топырақ қалдығын өздігінше түсіре алмайды, сол кезде соғатын дауыл оның үстіндегілерді ұшырып әкетеді.
Яғни, тасбақаның ұйқысынан оянуы қатты соғатын дауылмен сәйкес келеді. Құстар класын оқыған кезде, құстарға қатысты ұғымдарды айтқан жөн. Құстарға байланысты құс қанаты ұғымы жыл құстарының көктемде қайтуына байланысты айтылады. Құс қанаты наурыз айының соңғы күніне сәйкес келеді. Бұл кезде қайтқан құстардың қанаттарынан суылдап ұшқан ызғар күнді суытып, жапалақтап қар жауады. Мұны сол жылғы соңғы қар деп есептейді, өйткені қардың басын қар алар деген сөз содан қалған. Жыртқыш құстар тақырыбында аңшылық-саятшылық, бүркіт, оны ұстау, баптау, баулу туралы айтып кетуге болады. Аңшылық-саятшылық өнерінде қазақ халқы жүйрік ат, қыран құс, құмай тазы сияқты жан-жануарлардың тілін тауып, баптап, оларды қалауына көндіре алған. Халықтық педагогикалық ойларды бүгінгі тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе жинақталған. Сол мәселелерді қамтитын Поэзия сағатын өткізуге болады. Бір мысал ретінде Құрсабаев Мұхамедрахим Қыдырбайұлының толғауларын пайдалануға болады.
Осындай іс-шаралар өткізу арқылы оқушылардың белсенділігі мен танымдық әрекеттерінің қалыптасуын шығармашылығынан да байқауға болады. Мысалы, Дарина Есенқызының өлеңдерін келтіруге болады [10].
Қазақстан
Қазақстан - туған жерім,
Жайнай бер саяңа ап.
Ертең ер жетіп өсемін мен,
Туыңды ұстап жайраңдап!
Биік-биік тауларың,
Терең-терең көлдерің.
Осы тауға, осы көлге мен қарап,
Қызығыңды еркін көріп келемін.
Туған жер
О, туған жер, менің туған анамсың!
О, туған жер, менің сонау бабамсың!
Адалдықты берген ақ жүректі ағамсың!
Ақындықты берген маған қасиетті даламсың!
О, туған жер, менің өшпес жарығым,
Қадір тұтар қасиетті алыбым.
Арнадым саған осы өлең шұмағын,
Қабыл ал деп өлеңімді арнадым.
Дарқан далам
Табиғаты керемет дарқан далам!
Сенде туып, өсірген ата-анам.
Бұлағыңның суын мен бір ұрттасам,
Бақтағы жемістерді бір татсам,
Жылы леп, самалыңа салқындасам,
Көлдеріңде шомылып, рахаттансам,
Шіркін-ай, сайраңдап, сергіп қалам!
Табиғаты керемет дарқан далам!
Мен де осы өмірдегі сенің балаң.
Туып-өстім өзіңнің құшағында,
Құшағында туып өскен ата-бабам.
Табиғаты керемет дарқан далам!
Гүлдепті раушан менен адыраспан.
Құстар көк аспанда самғап ұшқан,
Қыран құс бүркітпенен қиқылдасқан.
Лашын, суықторғай, бозторғайлар,
Балапанға жем іздеп шиқылдасқан.

3.2. Биология сабақтарында жеке оқушымен жұмысты тиімді ұйымдастыру әдістері

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Танымдық әрекет - шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл - ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады. Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.
Құл иеленушiлiк құрылыс кезiнде ежелгi Греция мен Римде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейi жоғары болды. Бұл дәуiрде де өскелең тәрбие беру iсiне мемлекет тарапынан айрықша көңiл бөледi. Құл иеленушi қоғамға мемлекеттi қорғай алатын, қажет кезiнде жаугершiлiк ұрыстарға шалымды, күштi, жiгерлi де бiлiктi адамдар қажет болады. нәтижесiнде ежелгi грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай - ақ ежелгi Рим философтары Плутарх, Тацит, Квинтилиан еңбектерiнде одан ары дами түстi [11,12].
Бұл теорияда ақыл - ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Сократтың өзi - ақ оқыту барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткендi. Ол шәкiрттердiң танымдық iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн - эвристикалық әңгiмелесудi алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай, шәкiрттерiне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымдарын жасай бiлуге ұйретедi. Эвристикалық сұрақтарды алдын - ала дайындай отырып, танымдық iзденiмпаздықты оқыту құралы ретiнде қарастырады. Кейiнiрек осы iзденiмпаздықтың дамуына ежелгi Рим философтары үлес қосты. Олар бiлiмдi игеруде шәкiрттердiң белсендi танымдық iзденiмпаздығы айтарлықтай роль атқарады деген пiкiр айтты.
Жалпы, орта ғасырдағы оқу жүйесi догмалық жағдайда болды, мағынасын түсiнбей жаттап алу жиi кездестi. Оқылатын материал шындықтан алыс, бұлдыр тiлде берiлдi. Сондай - ақ бiлiмдi жеткiзу сұрақ - жауап түрiнде жүзеге асты. Оқытудың мұндай жағдайында танымдық iзденiмпаздық туралы сөз қозғауға болмайтыны белгiлi.
Оқытудың мұндай догмалық жүйесi шәкiрттiң жалпы дамуын тежеп қана қоймай, олардың танымдық әрекетiне балта шапты. Бұл жүйе бiрнеше ғасырға созылды.
Оқытуды жетiлдiру құралы ретiнде танымдық iзденiмпаздық туралы құнды пiкiрлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк, Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И.Г. Песталоцци, И. Кант және т.б. еңбектерiнде айтылды.
Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: Таным бастамасы - сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой - өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек, - деп жазды.
Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды - бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы ретiнде қарастырамын, - деген болатын.
Коменский оқытудың мақсаты ғылыми бiлiмдi меңгеру және өмiрге пайда келтiру деп бiлдi. Ол Ұлы дидактика еңбегiнде: Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабiлетiн дамыту, оны шынайы түсiну және қолдана бiлу қажет, - деп ерекше атап өттi. Я.А.Коменскийдiң шәкiрттiң iзденiмпаздығы туралы пiкiрiн Д. Локк одан әрi дамытып, оқу әрекетiндегi мотив пен ұмтылыс туралы сөз ете отырып, баланы дамытудағы iзденiмпаздықтың қажеттiгiн атап көрсеттi [13].
Оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің негізгі бағыты - жеке тұлғаны қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани дүниесінің баюына, танымдық белсенділігінің қалыптасуы арқылы интеллектуалдық мүмкіндігінің жоғары деңгейге жетуіне, жан-жақты дамуына жағдай жасау.
Тарихи тұлғалар, ғұлама ғалымдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн білім, тәрбие мәселелері жайлы ілімдері мол рухани мұра. Әл-Фараби алған білімнің философиялық негізін салып, ол білімді-философиялық категория және бүкіл танымның даму процесінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани қазынасының жиынтығы деп қарастырады.
Таным теориясы оқу әрекетіне тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті - табиғат, қоғам және оқушының психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына ендіру. Таным мен оқу арасында жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтық педагогика ұғымы
Педагогикадан мемлекеттік емтиханға дайындық
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Мектепте халық педагогикасын пайдаланудың теориялық негіздері
Биологияны оқытуда халықтық педагогиканың орны
Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесінің дамуы
Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың әдістемесі
9 сыныпта бейорганикалық химияны оқытуда халықтық педагогика элементерін пайдалану әдістемесі
Орта мектепте химия пәнін оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану әдістемесі
Казақ спорт және туризм академиясы
Пәндер