Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2

1. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИ-КАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4

1. 1 Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту әдіснамалық негіздері 8

1. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИ-КАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ41. 1 Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту әдіснамалық негіздері 8:

1. 2Білім беру мазмұнында функционалдық сауаттылықты қамтамасыз ететін компоненттері 13

2. ЖАЛПЫ БIЛIМ БЕРЕТIН ПӘНДЕР БОЙЫНША ОЛИМПИАДАЛАР 20

2. 1Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ережелері 20

2. 2 Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі 21

2. 3 Халықаралық пәндік олимпиадалар 22

2. 4 Олимпиадаға дайындық 23

2. 5 Биология пәні бойынша мектеп оқушыларын олимпиадаға дайындау жоспары 24

ҚОРЫТЫНДЫ 29

1. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИ-КАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ41. 1 Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту әдіснамалық негіздері 8: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектiлiгi: Қазіргі таңда биологиядан олимпиадаларға дайындау оқу бағдарламасының негізі бөлігі болып қалыптасып келеді. Бұл бір жағынан оқушыларды биология пәніне қызықтырып ынталандырса, екінші жағынан оқушылардың білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Оқушыларға биологияны тереңдетіп оқытудың бірнеше тәсілдері бар. Ол, әрине әртүрлі оқушылардың шығармашылық жұмыстары, рефераттар, ғылыми ізденістегі жұмыстар. Ал, бірақ олимпиадаға дайындық курстарының мазмұны мен алға қойылған міндеттердің жоғары деңгейде құрастырылудың арқасында және тақырыптардың мағыналарының ашылуы негізінде оқушы пән бойынша терең білім алып, нәтижесінде биологиялық эрудициялы тұлға қалыптасады.

Олимпиадаға дайындаудың қазіргі кезде қазақ тілінде құрастырылған әдебиеттер немесе мұғалімдерге арналған нұсқаулар жоқтын қасы. Нұсқаулардың болғанның өзінде орыс тілінде жазылған немесе кез келген мұғалімнің қолына түсе бермейтін тапшы әдебиет екені белгілі. Егер де олимпиадаға дайындайтын курстар мен әдістемелік-нұсқаулар арқылы пән мұғалімдері тәжірибе алмасып отырса, мұғалім шығармашылық ізденіс жолында жүрсе, мұғалім олимпиадаға дайындықтың дұрыс жолын таңдап алып, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізер еді.

Олимпиадаға дайындық бағытындағы мұғалімнің әдістемесінің мақсаты мен міндеттерінің дұрыс құрылуының арқасында оқушы пән бойынша терең білім алып, жоғары нәтижеге жетері сөзсіз.

Биологиядан аудандық, қалалық, республикалық және халықаралық олимпиадаларда кездескен тапсырмалар жинақталған. Сондықтан бұл оқулық ең бірінші оқушыларын олимпиадаларға дайындайтын ұстаздаздар үшін таптырмас көмекші құралдың бірі.

Олимпадаға дайындық курсына қатысқан оқушылардың барлығы бірдей бірден жоғары нәтиже көрсетеді деген ұғым алайда, өмірде шындыққа айнала бермейді. Ол жалғыз мұғалімнің шеберлігіне ғана байланысты емес. Біздің алдымызда тұрған мәселенің бірі оқушылардың өз бетімен шығармашылықпен, ізденіспен айналыспауы. Егер оқушы тек мұғалімнің бергеніне ғана қанағаттанып, өз тарапынан ізденбесе, әдебиеттерге үңілмесе нәтиже бола бермес. Сондықтан олимпиада курсында мұғалім алдына қойған міндеттің бірі оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге итермелеу, ынталандыру болып саналады.

Зерт е теудің мақсаты: Мектеп бағдарламасының біліміне сүйене отырып, биология пәнін тереңдете оқытып, олимпиадаға дайындау.

Зерттеудің міндеттері:

Оқушыларға олимпиадаға дайындық кезінде биология пәні бойынша терең білім беру;

Оқушыларды биологиялық ізденісте болуға, өз бетімен жұмыс істеуге жағдай жасау;

Биология бойынша курсты тереңдету;

Зерттеу нысаны: мектептің оқу үрдісі.

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер мен бағдарламалық әдістемелік құжаттарға теориялық әдіснамалық талдау жасау, практикалық әдістер (жасалған жұмыстарға талдау жасау педагогикалық эксперимент, деректерді статистикалық өңдеу әдістері.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИ-КАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Нарықтық экономикалық ортаға қалыптасуының қажеттілігін тудырған XXI ғасырдың әлемдік экономикасының өзгерістері білім сапасының проблемаларын шиеленістірді, алайда халықтың «білімдік интеллекті (зият) » (адами капитал) мемлекеттің маңызды стратегиялық ресурсы болып қарастырылады. Білімді әлеуметтік қажеттіліктің жай шығындары емес, оны экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет.

Қоғамдағы әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жаңа параметрлерді қойды, білімнің мақсаттарын, нәтижелерін, оқытудың дәстүрлі әдістерін, қолжеткізген жетістіктер бағалауының жүйелерін қайта қарастыруды талап етті.

Қазақстандық мектеп білімінің дамуы Қазастан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (бұдан кейін - Мемлекеттік бағдарлама) сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бағдарлама, отандық білім саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастыру негізі ретінде, білім және тәрбиенің мазмұны мен технологияларында, мектептің құрылымында, басқару жүйесінде, білім беру іс-әрекеті субъектілерінің құқықтық-ұйымдастыру түрлерінде, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің қаржылық механизмдерінің даму деңгейлеріндегі өзгерістерді нақтылайды [1, 2] .

Қазастан Республикасы Президенті Н. Назарбаев 2012 жылдың 27 қаңтарындағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында білім тек қана жастарға білім беру емес, сонымен бірге әлеуметтік бейімделу процесінде білімді пайдалана алу керектігін мәлімдеді. Осыған байланысты Елбасы болашақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту керектігін көрсетті [2] .

Қазақстан Республикасындағы нормативтік, оқу-әдістемелік, ақпараттық салаларында, педагогикалық кадрларды дайындау және олардың біліктілігін арттыру жүйелеріндегі іс-шаралар кешенін мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары айқындайды [3] .

Ұлттық жоспар Қазақстанның өрлеу факторы, ұлт өркендеуінің, азаматтардың тұлғалық және әлеуметтік жетістіктерінің фундаменті мен капиталы ретінде отандық білімді жайғастыруға бағытталған.

Ұлттық іс-жоспарда функционалдық сауаттылықтың даму базалық механизмдері көрсетілген:

  1. оқытудың әдістемесі мен мазмұнын түпкілікті жаңарту (оқушылар мен оқытушылардың функционалдық-құзыреттілік ықпалын және субъекттік рөлін дамытуды қамтамасыз ететін жеке тұлғалық бағыттағы әдіснамасын, жаңа педагогикалық технологиялар Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа стандартын құрастыру, оқытушыларды даярлау және біліктілігін арттыру, E-learning пен оқытудың жаңа технологияларын енгізу, мүлде жаңа форматтағы оқулықтарды әзірлеу процесін ұйымдастыруға бағытталған) ;
  2. оқытудың нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту (мектеп сыныптарының барлық пәндері бойынша әр-түрлі деңгейдегі бақылау тапсырмаларының жүйесін құрастыру; оқушылардың жетістіктеріне мониторинг жүргізу және кешенді бағалау: ОЖСБ (оқулық жетістіктерін сырттан бағалау) және ҰБТ (ұлттық бірыңғай тестілеу) - ұлттық жүйеліктен; PISA, TIMSS және PIRLS - халықаралық зерттеулер) ;
  3. балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ата-аналардың белсенді қатысуы (ата-аналарға жаңа әдіснама, семинар және тренингтер жүйесін әзірлеу) ;
  4. қосымша білім беруді дамыту (оқушылар сарайлары мен үйлерінің, музыкалық мектептердің, жас техниктер және жас табиғат зерттеушілері станциялардың жұмысын түбігейлі өзгерту; олардың материалдық-техникалық базасын жаңарту; жаңа технологиялар мен инновациялық түрлерін енгізу: балалардың интерактивті парктері (ғылым қалалары), технопарктері, мұражайлары, ғылыми үйірмелері) ; балалардың танымдылық ойындар журналдарын шығару) .

Қазіргі ақпараттық қоғамда сауаттылық ұғымы қоғамның барлық топтарының негізі болып табылады. Оның үстіне сауаттылық ұғымы анағұрлым кеңейтіліп (ақпараттық, техникалық, музыкалық сауаттылық және т. б. ) мәдениеттің атрибут мәртебесін иеленеді.

Функционалдық сауаттылық - адамныңсыртқы ортамен қарым-қатынасқа кіру қабілеттілігі және аса тез бейімделуі мен жұмыс істеуі. Тұлғаның оқу, ұғыну, қысқа мәтіндерді жасау және жеңіл арифметикалық амалдарды орындаудағы қарапайым сауаттылығына қарағанда тұлғалық сауаттылықтың айырмашылығы тұлғаның нақты мәдени ортада тіршілік ету үшін минималды қажетті болып саналатын әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде тұлғаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін біліктілік, икемділік пен дағдылар атомарлық деңгейі, яғни функционалдық сауаттылық болып табылады [4] .

Орта білімнің бір тұтас жүйесіндегі бастапқы кезеңінің ерекшелігі дәл осы сатыда оқу іс-әрекетінің негізгі икемділіктерін игеру, оқудың қажеттілігі мен ықыласына тиісті жағдай жасау болып табылады. Баланың психикалық дамуында бала орындайтын нақты осы іс-әрекет басқа жұмыстардың түрлері кешенінде (ойын, спорттық, мәдениеттік, еңбектік) жетекші рөл атқарады.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерден белгілі болғандай оқушының субъектілік қасиеттері пайда болуының негізгі көрсеткіші еріктілік болады. Оқу іс-әрекетінің біліктілігі, басқа танымдылық іс-әрекеттер түрлерінен айырмашылығы, оқу процесіне дейін және одан тыс қалыптаспауында. Сондықтан, бастауыш мектепте кез келген пәнге оқытудың мақсатты функциясының бірі, келешектегі функционалдық сауаттылықтың негізі ретінде алынатын, оқушылардың өзіндік оқулық іс-әрекеті дағдыларын қалыптастыру.

Функционалдық сауаттылық феноменінің пайда болуы адамның сауаттылық компоненттерін: білімдерін, дағдыларын, қабілеттерін, іс-әрекет тәсілдерін, тәртіптік және көзқарас қасиеттерін игеруде уақыттың шектелуін кеңейтті. Көп зерттеушілердің пікіріне сәйкес функционалдық сауаттылықтың компоненттерін игеру процесі іс жүзінде өмір бойы жалғасуы мүмкін. Функционалдық сауаттылық халық пен мемлекеттің толық әл-ауқатына байланысты әлеуметтік-экономикалық құбылыс болып табылады. Шартты түрде функцоналдық сауаттылық В. В Мацкевич пен С. А. Крупниктің атағанындай, олардың нақтылауында жазылған: «Қазіргі еуропалық (азамат) білуі және меңгеруі қажет . . . » және әр елдің мәдени және өңірлік ерекшелігін ескере отырып қалыптасады [2] .

Заманауи педагогикалық теориясы мен тәжірибесінде «функционалдық сауаттылық» ұғымы тұжырымдамалық тұғыр (тәсілдеме) шеңберінде қарастырылады. Өмірде және іс-әрекетте қажетті әмбебап дағдылары болатын функционалдық сауаттылыққа және құзыреттілікке басымды мағына беретін Болон келісімінің жүзеге асуы қазақстандық жоғары білім беру жүйесін модернизациялаудың негізі болды.

Функционалдық сауаттылық, адам іс-әрекетінінің көпаспекттілік құзыреттілігі болғандықтан, сауаттылық құрылымын талдауға жеке тұлға (индивид) айналысып атқаратын түрлі іс-әрекеттер көзқарасынан жақындауға болады. Бұл ретте білім мен ептілік, біліктіліктен және тәжірибелік оқулық пен өндірістік-техникалық есептер шығару әдістерінен тұратын іс-әрекеттердің түрлерін кең мағынада түсінуге болады.

Адамның іс-әрекетінің құрамы мен тұлға қасиеттері өзара қатысты. Ю. Г. Фокин іс-әрекеттің құрамын төмендегідей сипаттайды: қажеттілікті сезіну; себепті қалыптастыру; іс-әрекетті жүзеге асыру әдісін таңдау; іс-әрекетті жоспарлау; іс-қимыл тізімі; іс-қимылды орындау [4] . Бұл ретте құрамдас деректердің тұлға қасиеттерімен байланысы дәлелденеді. Ю. Г. Фокиннің пікірі бойынша қажеттілікті сезіну және себепті қалыптастыру «қажеттілікті қанағаттандыратын, саналы таңдау адамнан нақты білгірлікті талап етеді [5] . Іс-әрекет субъекті өзінің қажеттілігін қанағаттандыратын әдіс таңдауында «өзінің құндылық бағдарына, әлеуметтік қөзқарасында не істеуге болатындығын, қайсы өнегесіз немесе заңға қарсы» екендігіне сүйенеді. Іс-әрекетті жоспарлау үшін «таңдалған әрекетті жүзеге асыру әдісінің заңдылықтарын және бұл ретте пайдаланылатын процестерді білу қажет» [4] . «Нақты іс-әрекеттің мақсатына жеткізетін және осы әрекетті жүзеге дұрыс асыратын саналы түрде таңдап алынатын операцияларымен белгіленетін білімдер жиынтығысыз» әрекеттерді орындау мүмкін емес. «Операцияларды жүзеге асыру үшін субъект нақты дағдыларды керек етеді».

В. Г. Онушкин мен Е. И. Огарёвтің көзқарасын есепке ала отырып, іс-әрекеттінің табыстығын қамтамасыз ететін функционалдық сауаттылық келесі 4 компоненттен тұрады: 1) жалпы теориялық, арнаулы және қолданбалы қасиеттері бар білімдер; 2) іс-әрекет процесіне тартылған немесе сонымен түйіскен іс пен нақтылықтың нәрселік мәнісін түсіну; 3) қойылған мақсатқа сәйкес құралдарды таңдай білу және мақсаттың мазмұнына сәйкес іс жасай білу; 4) шеберлі іс-қимыл жасау және ой-пікірлерін айту дағдылары [5] .

Оқушылардың функционалдық сауаттылығы құрылымының компонеттері ретінде зерттеушілер [5] мыналарды нақтылады: мотивациялық, когнитивтік, әрекеттік және рефлексивтік компонеттер. Осымен функционалдық сауаттылық оқушылардың оқу-танымдылық құзыреттіліктерінің одан әрі даму негізін құрайды. Фунционалдық сауатты оқушының моделін ғалымдардың ғылыми еңбектерінде айтылған жағдайларынан анықтаймыз.

Функционалды сауатты оқушы - бұл пәндік, пәнаралық, интегративтік білімдер, ептіліктер, дағдылар және функционалдық мәселелерді шешу әдістері жиынтығы ретінде алынатын іс процесінде пайдаланылатын, қабылдау, ақпаратты өзгерту, типтік оқулық және қоғаммен қарым-қатынас есептерін шығару процесімен байланысты қажетті және жоғары деңгейдегі білімге ие болатын тұлға.

Әлемдік білім кеңестігіне кіру жағдайында қазақстандық білім беру жүйесінің алдында келесі міндеттер тұрады:

  • орта білім деңгейінде барлық оқу пәндерінің мазмұнына сәйкес компонетті жүйелі түрде енгізу арқылы функционалдық сауаттылықтың негізін қалау;
  • функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және жетілдіру аспектінде бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінде білім мазмұнының бірізділігін қамтамасыз ету;
  • орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру деңгейлерінде функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың бірізділігін қамтамасыз ету.

Колледжде және жоғары оқу орнында білім алу кезінде, маманның кәсіби әрекетінде өмірдегі өз нақтылығының жоғары деңгейіне жету болашақтағы оқу іс-әрекетінің тиімділігін анықтайды.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығы оқу-танымдық құзыреттілігінің базалық құрылымы болып табылады. Тұжырымдамалық тұрғы шеңберінде функционалдық сауаттылықтың қалыптасуы оқу пәнінің негізгі мазмұндық компоненті ретінде алынатын оқулық міндеті арқылы пайда болады.

Функционалдық сауаттылық құрамының мотивациялық компоненті өзіндік білімділік қажеттерін, мақсаттарын, мазмұнының құнды-мағыналы көз-қарасын және іс-әрекеттің нәтижесін ұғынуға бағытталуымен, білім ұйымының білім кеңістігіне белсенді енгізілуімен, гуманитарлық пәндерді оқу шеңберінде жаңалықтармен танысу және құзыреттілікті білдіруде тиімді уәждемеге бағыттаумен сипатталады.

Функционалдық сауаттылық құрылымындағы когнитивтік компонент құзыреттілік өзегі болатын қолданбалы қасиетті қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыс және жалпытехникалық білімдердің жиынтығын игеруге бағытталып, оқу және тәжірибелік іс-әрекетіне сәйкес жүзеге асырылатын әдісін тандау заманауи ақпараттық қоғамның негізгі жүйесін айқындайды.

Функционалдық сауаттылықтың әрекеттік компоненті біліммен, өзіндік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының бар білімдердің қорында орындалатын тиімді тәжірибесімен, оқу-танымдылық құзыреттіліктің дамуына мүмкіндік беретін түрлі есептер шығаруын жоспарлау және іске асыру әдісін таңдауымен сипатталады.

Функционалдық сауаттылық құрылымының рефлексивтік компоненті өзінің нақтылы мүмкіндігіне, мақсаттарына, жағдайларын түсінуіне сәйкес, түрлі жоспарлардың қалыптасуына қабілеттілігімен, жеке ісін аналитикалық қарастыруымен, жеке көзқарасын жаңа ақпаратпен бар білімді салыстыру процесінде өзіндік көзқарасын тудырумен сипатталады [6] .

1. 1 Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалып-тастыру және дамыту әдіснамалық негіздері

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған білім берудің жаңа жүйесі қалыптасуда. Білім берудің жаңа жүйесі, халықаралық білім беру стандарттарына сүйене отырып, алғашқы міндеттерінің бірі ретінде қызметтік сауаттылықтың қалыптасуын қарастырады. Нормативтік құжаттарда қызметтік сауаттылықтың қалыптасуы шұғыл түрде дамитын, креативті, жауапкершілікті, бәсекеге қабілетті тұлғаның қалыптасу жағдайы ретінде қарастырады.

Қазіргі қоғамда көп әр түрлі өзгерістер болып жатыр, жаңа технологиялар мен адам қызметінің түрлері пайда болып жатыр, осыған байланысты барлық елдің сауаттылығына қажетті талаптарға қарай жеке индивидуумдардың сауаттылығына деген талаптар өсуде. Елдің сауаттылығына деген талаптар уақыт ағымымен өзгереді, сондай адамға индустриалды кезеңге дейін ауыз-екі сөйлеу, оқу дағдыларымен, жай есептеу операцияларымен меңгеру талап етілді. Бірақ сауатты адамға талаптар ұзақ уақыт өзгерген жоқ. Бірнеше ғасыр бойы оқуға қабілетті адам сауатты деп есептелген. Күнделікті өмірде адамға сауаттылық қажет болмаған, мұнда сауаттылық адамның әлеуметтік мәртебесіне және оның кәсібіне көрсетіліп отырды.

Бүгінде оқушылардың, қызметтік сауаттылықтың жоғары деңгейіне жету мүмкіндіктері бола тұрып, сондай-ақ социумда органикалық түрде қызмет ету қабілеттілігін, өзін-өзі тану қабілеттілігін, өз тұлғасының дамуына, адамның бойындағы әлеуеттілігін іске асыруға қабілеттілігін де алады. Қазіргі қоғамға қызметтік түрдегі сауатты, анық нәтиже алу үшін жұмыс істей алатын, мәнді жетістіктер мен табыстарға қабілетті тұлғалар қажет.

Қызметтік сауаттылық концепциясында негізделген танымал халықаралық бағалау зерттеулердің бірі - Экономикалық серіктестік пен дамуының ұйымының жетекшілігімен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауының Халықаралақ бағдарламасы (Programme for International Student Assessment - PISA) болып табылады.

2009 жылы Қазақстан алғашқы рет PISA зерттеуіне қатысты. Зерттеуде
184 жалпы білім беру мектептері мен 16 колледж, кәсіби-техникалық училищелердің (қазақ және орыс тілінде) оқушылары қатысты. күрделі оқулық мәтіндерді қолдануға дайын және күнделікті жағдайларда олардың көмегімен бағыт алатын қазақстандық оқушылардың үлесі оқу сауаттылығының зерттеуінің қатысушылар санынан 5% құрады (салыстыру үшін - ОЭСР елдері бойынша орта көрсеткіш - 28, 6 %) ; нақты жағдайлар үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс істеуге, әр түрлі тапсырмаларды дамыту мен үйлестіруге қабілетті математикалық сауаттылығының зерттеуінің қатысушылар санынан 4, 2% құрады (салыстыру үшін - ОЭСР елдері бойынша орта көрсеткіш - қатысушылардың 16 %) ; жаратылыстану ғылымдарының рөлі туралы қорытынды жасай алуда талап етілетін жағдайлармен тиімді жұмыс істеген, әр түрлі жаратылыстану ғылыми пәндерден түсіндірмелерді таңдау және біріктіретін, осы түсіндірмелерді өмірлік жағдайлар аспектілерінде қолдана алатын жаратылыстану ғылыми сауаттылығының зерттеуінің қатысушылар санынан 3, 6% құрады (салыстыру үшін - ОЭСР елдері бойынша орта көрсеткіш - қатысушылардың 20, 5 %) нәтижелер куәландырады.

Сонымен қатар TIMSS зерттеулерінде (Математикалық және жаратылыстану ғылыми білім беру сапасының халықаралық мониторингтік зерттеуі) қазақстандық мектеп оқушылары жоғары нәтижелер көрсетуде.

Қазақстан үшін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық салыстырмалы зерттеулерде (TIMSS-2008 және PISA-2009) қайта бағалау қиынға соғады. Еліміздің білім беру саясатын жасаушылары білім беру сапасына заманауи талаптары мен халықаралық стандарттар есебімен стратегиялық жоспарлауға әсер ететін бай эмпирикалық материал алды.

Сорос-Қазақстан Қорының білім беру мәселесі бойынша кеңесшісі Сәуле Каликованың пікірі бойынша, PISA-2009 (сондай TIMSS-2008) Қазақстан нәтижелерінің талдауы білім берудің жаңа стандарттары мен «2011-2020 жылдарға ҚР білім беру дамуының мемлекеттік бағдарламасы» [9] аясында білім беру саясатының бастапқы бағыттарының санына енген білім беру сапасының ұлттық жүйесін құру сияқты салаларда жұмыс істеу үшін өзекті перспектива береді.

Мектеп оқушыларында қызметтік сауаттылығының даму мәселесіне жеткілікті назар аударылғаны, бірақ іске асыруда осы идеяның мәселелері жеткіліксіз көрсетілмегенін атап айтуға болады.

Әсіресе, жасөспірімдерде коммуникация саласында қалыптасу әдістемесі толық жасалмаған, бұл мыналармен байланысты:

  • ғылыми-педагогикалық әдебиетте «қызметтік сауаттылық» ұғымының мазмұнын түсінуде үнемі болып тұратын өзгерістер практикада ескерілмейді; - коммуникация саласында қызметтік сауатылығының қалыптасу мәселелері жеткіліксіз көрсетілген;
  • мектеп практикасында қызметтік сауаттылығының қалыптасуы күтілмеген сипатта болады. Жалпы білім беру мекемелер білімдерді практикалық қолдануға тіреусіз жалпы оқу біліктері мен дағдыларды қалыптасумен жұмыс істейді;
  • оқытудың үдерісін ұйымдастыру формаларын, әдістерді, тәсілдерді, пайдалануға болжайтын жасөспірімдердің қызметтік сауаттылығы қалыптасуының жүйесі толық жасалмаған;
  • педагогтардың көбі оқушылардың қызметтік сауаттылығының қалыптасуын болжайтын оқыту үдерісіне өтуге дайын емес.

Коммуникация саласындағы қызметтік сауаттылық білімділік деңгейі, тұлғаның негізгі коммуникативтік құзіреттілігінің дамуының негізі болатын ақпаратымен жұмыс дағдысы, сөздердің, мәтіндер құрудың қарым-қатынас пен қағидалардың білім нормаларын қолданумен стандартты және стандартты емес жағдайлардағы коммуникация мен қатынасқа тұлғаның қабілеттілігімен сипатталатын оқытуда жеке-тұлғалық нәтижесі ретінде қарастырылады.

Білім берудің мектеп курсындағы гуманитарлық пәндер оқушыларға коммуникация саласында қызметтік сауаттылығының қалыптасуына келесі жолдармен көмектеседі:

  • ережелер, оқудың техникасы мен нормалар, жазу, қарым-қатынас, ауызша және жазбаша мәтін- сөйлемдерін құрастыру туралы білімдерді қалыптастыру;
  • орфографиялық және пунктуациялық міндеттерді көруге біліктілігі мен ереже көмегімен немесе оқулыққа, анықтамалыққа не сөздікке жүгінуде оны шешуді дамыту;
  • жаңа жағдайларда ақпарат беру мақсаты үшін мәтіндерді түсіну және қайта құру үшін меңгерілген жазу мен оқу дағдыларын еркін түрде қолдану жағдайларын құру;
  • қызметтің әмбебап тәсілдерін - аналитикалық біліктерін дамыту - себептер мен тексеріс барысын, жалпы мен жекені, басты және қосалқыны айыру;
  • қызметтік мәселелердің шешу тәжірибесін қалыптасуының жағдайларын құру;
  • түрлі пікірлерді ескеру және серіктестікте түрлі позицияларды үйлестіруге талпыну, шешім қабылдау алдында таңдау жасау, түрлі пікірлерді салыстыру және орнату, коммуникативтік міндеттерді шешу үшін тілдік құралдарды пайдалану.

Гуманитарлық пәндерді зерделеу үдерісінде жасөспірімнің қарым-қатынаста сәтсіздігін сипаттайтын коммуникативтік қиындықтардан өте алады(айтуда- тыңдауда- оқуда- жазуда) және ақпаратты қайта жасауда:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Функционалдық сауаттылықты дамытудың тәжірибелік негіздері
Бастауыш мектепте
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Педагогикалық технологиялардың құрылымы
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектеп оқушыларының сауаттылығы
Қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz