Биологияны оқыту процесінде ұйымдастырудың негізігі формалары



I. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.1. Биологияны оқыту процесінде ұйымдастырудың негізігі формалары ... . 6
2.2 Зертханалық сабақтың құрылымы және қауіпсіздік ережелері ... ... . 8
2.3. Биологияда зертханалық сабақты өткізудің әдістемесі ... ... ... ... 13
2.4. Биологиялық зертханада қолданылатын техникалық құралдар
(Қолдану әдістері) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.5 Биологиядан зертханалық сабақты өткізу үлгісі ... ... ... ... ... . 24
2.6. Сарамандық әдістердің түрлері: бақылау, объектілерді тану және анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
III. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Тақырыптың өзектілігі: Оқу тәрбие міндеттерін шешу оқушылардың құрамы, сабақтардың өтетін орны мен уақыты, оқушылар қызметі түрлерінің жүйелілігі және ұйымдастырудың алуан түрлі формаларының жәрдемімен жүзеге асады.
Биология пәнiнiң ерекшелiгi оқушылардың практикалық және экспериментальдық қызметiне, олардың алған білімдерін кез келген ортада әр түрлі мәселелерді шешуге қолдана білуіне көп көңiл бөледi. Осыдан оқушының өзiндiк танымдық қызметi артады.
Оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары оқыту мен тәрбие процесіне тұтастық сипат беріп, оларды өзара байланысты процесс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Зертханалық сабақтар – оқушылардың өздігінен көбірек жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, олардың көру арқылы ақыл – ойын толықтыру нәтижесінде зерттелетін обьекті мен құбылыстары туралы айқын ұғынуына мүмкіндік беретін оқу процесін ұйымдастырудың тиімді формаларының бірі. Зертханалық сабақтардың тиімділігі сондай – ақ , өткізуде тәжірибе жасалып, бақылау жүргізілетінділігімен, зерттелетін обьектілерге әр түрлі операциялар жасалатындығымен қамтамасыз етіледі. Егер мұғалім оқушылардың өздігінен қортындылауына қажетті ұғымдарды, деректерді естеріне жинақтап сақтау мақсатында жаңа материалдар баяндауға дейін зертханалық сабақ өткізетін болса, онда зерттеу бағытында оқытуға болады.
Зертханалық жұмыстар. Бұл әдістер мектеп жағдайында пайдаланып, арнайы құралдармен (микроскоп, өлшеу аспаптары, приборлар, техникалық құралдар т.б.) жабдықталған кабинеттерде мұғалімнің басшылығымен табиғи құбылыстарды, заттарды зерттейді. Мұндай зерттеу жұмысы оқушылардың физика, химия және биология пәндерінен қабылдайтын білім терең және берік игеруді талап етеді.
Зерттеудің мақсаты: Биологияны оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама және зертханалық сабақ құрылымы, қауіпсіздік ережесінің маңызы. Биологиядан сарамандық және зертханалық сабақтар өткізу әдістемесі және зертханада қолданылатын техникалық құралдар, оны пайдалану жолдарын негіздеу. Зерттеу міндеттері: Биологияны оқыту процесінде ұйымдастырудың негізігі формалары туралы мәлімет беру.
Зерттеудің міндеттері:
• Сарамандақ және зертханалық сабақтың құрылымы және қауіпсіздік ережелеріне тоқталу.
• Биологияда сарамандақ және зертханалық сабақты өткізудің әдістемесі түсіндіру.;
• Биологиялық зертханада қолданылатын техникалық құрал – жабдықтарына тоқталу және зертханалық сабақты өткізу үлгісі көрсету.
1.Б.М.Тәжіғұлова, Д.Е. Мусина «Биология оқыту әдістемесі»; Оқу құралы, Ақтөбе, 2006жыл, 32 – 37 б;
2.А.Н. Мечкова, Б.Д. Комиссаров «Жалпы биологияны оқыту методикасы», Москва, 1977год, 56 – 59 б;
3.С.Әбенбаев, Ж. Әбиев, «Педагогика», Алматы ,2009 жыл, 69 – 71б;
4.Н.Д. Хмель, «Педагогика», Алматы ,2005жыл, 125 -126;
5.Биология: жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Қ. Қайым, Р. Сәтімбеков, Ә. Әметов, Ж. Қожантева.-Алматы: Атамұра, 2003. 32 б;
6.Биология в школе. 2009/4 13б
7.Биология журналы 2005/2
8.Жалпы биология, 2007/4 14-15б
9.Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобразовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
10.Мектеп және жоғары оқу орны арасындағы жалғастық кілті-жаңа технологияны енгізуде //Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 11.«Инновациялық технологиялардың білім беру мен ғылымдағы қазіргі кездегі мәселелері».-Шымкент,2009,маусым-12-13. - Б.66-70б
12.Мектепте зертханалық сабақтарын ұйымдастыру //Бастауыш мектеп, 2007. -№3. –Б. 21-23.
13.Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. - М: Педаг. Общество, 1998. - 640 с.
14. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканың логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996 жыл .61- 65б;

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

I. КІРІСПЕ____________________________ __________________________ 4
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ______________________________ _________________ 6
2.1. Биологияны оқыту процесінде ұйымдастырудың негізігі формалары_____ 6
2.2 Зертханалық сабақтың құрылымы және қауіпсіздік ережелері_________ 8
2.3. Биологияда зертханалық сабақты өткізудің әдістемесі________________ 13
2.4. Биологиялық зертханада қолданылатын техникалық құралдар
(Қолдану әдістері)__________________________ _________________________ 16
2.5 Биологиядан зертханалық сабақты өткізу үлгісі_____________________ 24
2.6. Сарамандық әдістердің түрлері: бақылау, объектілерді тану және анықтау____________________________ _______________________________ 25
III. ҚОРЫТЫНДЫ__________________________ ______________________ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР_________________________ __________ 30

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Оқу тәрбие міндеттерін шешу оқушылардың құрамы, сабақтардың өтетін орны мен уақыты, оқушылар қызметі түрлерінің жүйелілігі және ұйымдастырудың алуан түрлі формаларының жәрдемімен жүзеге асады.
Биология пәнiнiң ерекшелiгi оқушылардың практикалық және экспериментальдық қызметiне, олардың алған білімдерін кез келген ортада әр түрлі мәселелерді шешуге қолдана білуіне көп көңiл бөледi. Осыдан оқушының өзiндiк танымдық қызметi артады.
Оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары оқыту мен тәрбие процесіне тұтастық сипат беріп, оларды өзара байланысты процесс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Зертханалық сабақтар - оқушылардың өздігінен көбірек жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, олардың көру арқылы ақыл - ойын толықтыру нәтижесінде зерттелетін обьекті мен құбылыстары туралы айқын ұғынуына мүмкіндік беретін оқу процесін ұйымдастырудың тиімді формаларының бірі. Зертханалық сабақтардың тиімділігі сондай - ақ , өткізуде тәжірибе жасалып, бақылау жүргізілетінділігімен, зерттелетін обьектілерге әр түрлі операциялар жасалатындығымен қамтамасыз етіледі. Егер мұғалім оқушылардың өздігінен қортындылауына қажетті ұғымдарды, деректерді естеріне жинақтап сақтау мақсатында жаңа материалдар баяндауға дейін зертханалық сабақ өткізетін болса, онда зерттеу бағытында оқытуға болады.
Зертханалық жұмыстар. Бұл әдістер мектеп жағдайында пайдаланып, арнайы құралдармен (микроскоп, өлшеу аспаптары, приборлар, техникалық құралдар т.б.) жабдықталған кабинеттерде мұғалімнің басшылығымен табиғи құбылыстарды, заттарды зерттейді. Мұндай зерттеу жұмысы оқушылардың физика, химия және биология пәндерінен қабылдайтын білім терең және берік игеруді талап етеді.
Зерттеудің мақсаты: Биологияны оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама және зертханалық сабақ құрылымы, қауіпсіздік ережесінің маңызы. Биологиядан сарамандық және зертханалық сабақтар өткізу әдістемесі және зертханада қолданылатын техникалық құралдар, оны пайдалану жолдарын негіздеу. Зерттеу міндеттері: Биологияны оқыту процесінде ұйымдастырудың негізігі формалары туралы мәлімет беру.
Зерттеудің міндеттері:
* Сарамандақ және зертханалық сабақтың құрылымы және қауіпсіздік ережелеріне тоқталу.
* Биологияда сарамандақ және зертханалық сабақты өткізудің әдістемесі түсіндіру.;
* Биологиялық зертханада қолданылатын техникалық құрал - жабдықтарына тоқталу және зертханалық сабақты өткізу үлгісі көрсету.
Зерттеу объектісі: Биологиядан техникалық құралдарды пйдаланып зертханалық сабақтарды өткізу әдістемесі. Зертханада техникалық құрал - жабдықтарды қолдану және қауіпсіздік ережесі.
Зерттеудің болжам: Биологиядан техникалық құралдарды пйдаланып зертханалық сабақтарды өткізуге толық түсінік беру.
Зерттеу әдісі: тақырыпты зерттеу барысында оқу құралдарынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан мәліметтер алынды, және де интернет желісінің көмегімен қосымша мәліметтерберілді.
Зерттеу пәні: Биологиядан техникалық құралдарды пайдаланып зертханалық және сарамандық сабақтарды өткізу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2.1.Биологияны оқыту процесінде ұйымдастырудың негізігі формалары

Оқыту процесін ұйымдастыру, жүргізу, керекті әдіс, тәсілдер қолдана білу - күрделі процесс. Оқу танымдылығы, ғылыми зерттеулер сияқты, ақиқат дүниені тану процесі болып табалады.
Ақиқат дүниені тану - бұл адамның сана - сезіміндегі ақиқат дүниені бейнелеу процесі. Психологиялық тұрғыдан таным нақты пайымдаудан (оның мақсаты - бейнелерді, түсініктеді, дәлелдерді елестету) абстарактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшу болып табылады. Шәкірттерге дәріс беру барысында осы қағиданы ұстаздардың жадында ұстаған жөн. Ұстаз әрбір сабақты дидактикалық (оқыту принциптерін) , психологиялық (сабақты қабылдау мүмкіндігіне байланысты) , тәрбиелілік (әрбір сабақта тәрбиелілік мән жатыр) және осылардың үшеуінің қосындысына сәйкес келеме деген тұрғыдан қарап жүргізіуі керек. Сонда ғана сабақ өз нәтижесін береді.
Оқыту процесін ұйымдастырудың маңызы, оқыту мен оқудың түрлері, ұстаз бен шәкірттің білім беру мен білім алудың жолындағы қызметтестіктерінің арқасында көрінеді. Ұстаз бен шәкірт осы бағытта нақты ұйымдастырылған, мазмұнды, әдістемелік тұрғыдан жүйелі жүргізілген танымдық, тәрбиелік мақсаттағы істерді атқарады. Осындай қызметтестіктің нәтижесінде ұстаз өз кәсіби деңгейін көтереді, шәкірттер білім алады, іскерлікті, дағдыны қалыптастырады, адамгершілік тәрбиесін алып, баланың білім алу, тәрбиелену санасы жетіледі.
Оқытудың түрі оқытудың мазмұнын, құралы, әдіс - тәсілдері арқылы айқындалып іске асады.
Сабақ, дәріс, зертханалық жұмыс, семинар, саяхат, т.б. сабақтың түрлері оқытудың жеке бөлшектері болып табылады. Негізінде оқытудың мазмұны пәннің тақырыптарын, бөлімдері, басқа пәндермен байланыс арқылы іске асады. Бұл жерде оқушыларды әртүрлі жүйелерін қолдануға болады.
Мысалы, жекелеп, жұптап, топтап, сыныптық - сабақтық, бригадалық, жалпы оқушыларды қамтып т.б. оқытудың осы көрсетілген түрлерінің өзінен өзара байланыс табуға болады [1.32б ].
Оқу тәрбие міндеттерін шешу оқушылардың құрамы, сабақтардың өтетін орны мен уақыты, оқушылар қызметі түрлерінің жүйелілігі және ұйымдастырудың алуан түрлі формаларының жәрдемімен жүзеге асады.
Биология пәнiнiң ерекшелiгi оқушылардың практикалық және экспериментальдық қызметiне, олардың алған білімдерін кез келген ортада әр түрлі мәселелерді шешуге қолдана білуіне көп көңiл бөледi. Осыдан оқушының өзiндiк танымдық қызметi артады.
Оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары оқыту мен тәрбие процесіне тұтастық сипат беріп, оларды өзара бюайланысты процесс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Биологияны оқыту кезінде оқу процесін ұйымдастырудың мынадай формаларын пайдалануға болады:
* Сабақ.
* Зертханалық сабақ.
* Экскурсия.
* Оқу - тәжірибе учаскесіндегі тәжірибе жұмысы.
* Сыныптан тыс жұмыс.
Ұйымдастырудың барлық формалары өзара тығыз байланысты және сабақтардың біріңғай жүйесін құрастырады. Ұйымдастырудың әр түрлі формаларын қолдану оқытудың көрнекілік, жүйелілік, теория мен практиканың байланысы, зерттей білу және өлкетану принциптерін жүзеге асыру, биологияны оқытуда, мектеп оқушыларының ой - өрісін дамытып жоғары табыстарға жетуге мүмкіндік береді.
Оқыту сабақтарын ұйымдастырудың формаларын таңдап алу оқытудың мазмұнын, міндеттері мен әдістері, құрал - жабдықтар және техникалық құралдар арқылы қамтамасыз етіледі. Егер ең алдымен зерттеудің ғылыми әдістерін танысу қажеттігі ұсынылса, онда ғылыми - зерттеу мекемелеріне экскурсия жасауға немесе ғылыми жұмыстың ерекшелігіне арналған кинофильм көрсетуге басқалардан артық назар аударылады. Егер оқушылар табиғат құбылыстарын бақылау арқылы білімді меңгере алатын болса онда экскурсияны биоценозға жасаған дұрыс. Теориялық материалды оқып үйрену сабақта жүзеге асырылады. Тақырыптардың әрқайсысын оқып үйренуді ұйымдастыру формаларын, үлгі тізбесін бағдарлама қамтамасыз етеді, онда тек сыныптағы сабақтар ғана емес, табиғатқа, мұражайға экскурсия жасау, сондай - ақ зертханалық сабақтар өткізу де қарастырылған [1,34б].
Эксперимент әдісі
Мектептегі барлық оқу - тәрбие жұмысы мұғалімдер үшін онһрны болып табылады. Әрине, егерде мұғалім өзінің педагогикалық жұмысына тек пән мұғалімі ретінде ғана емес, сонымен қатар зерттеуші ретінде де қараса. Оны ұымдастырудың негізіне:
Зерттелетін мәселенің мақсатын, нысанасын анықтау, міндеттерін белгілеу.
Зерттелетін мәселені педагогикалық және психологиялық тұрғыдан танып білу (теориялық әдебиеттерді, әріптестерін және мектептің іс - тәжірибесін)
Солардың негізінде жалпы тәрбие және зеттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
Зерттеу жұмыстарының нәтижесін пркатикаға енгізу, олардың тиімділігін анықтап, тәрбие процесіне түзетулер енгізу;
Зерттеу жұмыстарының барысы мен нәтижесін жазып, оны талдап және салыстырып отыру; [1,37б].
Биологияны оқыту арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, көрсетілімдік және лабораториялық аспаптар, баспа құралдары, диапозитивтер мен диа-, кино-, және бейнефильмдер, кино-, және бейнефрагменттер, техникалық оқыту және т.б. құралдармен дұрыс жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.
Мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік үлескілер практикалық сабақтарды, топсаяхат ұйымдастыру және жаздық тапсырмаларды орындау үшін пайдаланылу керек.
Биология курсын оқытудың дұрыс құрылымы үшін арнайы оқу - материалдық база, арнайы жабдықталған кабинет, тірі мүйіс бұрышы және оқу - тәжірибелік үлеске болу керек.
Биология кабинеті көрнекіліктер және практикалық әдістер арқылы сабақтар жабдықталған .
Демонстрацияға материалдар - табиғи обьектілер, тәжірибелер үшін көмекші құралдар. Таблицалар диапозитивтер, эпидаскоп, киноаппарт.
Практикалық жұмыстар жүргізуге материалдар - үлестірмелі материалдар, лабораториялық құралдар, микроскоптар, лупалар.
Тірі мүйіс бұрышы. Сабақты тірі обьектілермен қамтамасыз ететін , сабақтан тыс жұмыстар, сыныптан тыс жұмыстарда тәжірибелер, бақылаулар, демонстрациялар үшін тірі обьектілермен қамтамасыз етеді.
Мектеп жанындағы оқу - тәжірибе үлескісі сабақ, практикалық және экскурсия, жазғы тапсырмалар, жас натуралистің үйірмесінің жұмысы үшін дидактикалық материалдар дайындау[2. 56б ].

2.2. Зертханалық сабақтың құрылымы және қауіпсіздік ережелер

Тәжірибе - эксперимент жұмысын орындау барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына, Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін тұжырымдамасы, 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің базистік оқу жоспары, типтік бағдарламаларға, оқулықтарға талдау жасай отырып, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруға байланысты мүмкіндіктер қарастырылды[2.57 б].
Эксперимент. Эксперимент тірі табиғат құбылыстары мен процестерін зерттеудің ең тиімді методтарының қатарына жатады. Ол зерттеу принципін кең жүргізуге мүмкіндік береді, оқушылардың, өздігінен жұмыс істеп, ойлануын дамытады, ғылыми методтармен таныстырып, белгілі іскерлік қалыптастырады.
Эксперимент арнайы жасалған жағдайларда зерттелетін процесті жасанды еске түсіруді ұйғарады және зерттелетін объектіні бөгде, қосымша құбылыстардан тазартуға мүмкіндік береді. Бақылау - эксперименттіңқажеттікомпоненті.
Эксперимент оқупроцесінұйымдастырудыңлаборатори ялықсабақ, практикалықжұмыстартәріздіформалары ңда цитология, генетика, селекция, экология мәселелеріноқыпүйренукезіндежиіпайд аланылады.
Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар - оқушылардың мұғалімдер тапсырмалары жəне басшылығында зертханалық тəжірибе жұмыстар орындауына арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу түрі пəн кабинеттерінде , зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тəжірибе алаңдарында, оқушылардың өндірістік бригадаларының қатысуымен өндіріс комбинаттарында өткізіледі.
Мұндай дəрістердің негізгі дидактикалық мақсаттары - өтілген теориялық материалдардың эксперименталды негіздемесіне көз жеткізу; эксперимент техникасын меңгерту; тəжірибелер өткізу арқылы оқу-тұрмыстық міндеттерді шешу ептіліктерін қалыптастыру; əрқилы оқу жабдықтары мен техникалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
Бұл сабақтар сонымен бірге бағдарламадағы ірі бөлімдерде берілген теориялық материалдар игерімін бақылау, қадағалау үшін қолданылады.
Бақылау және эксперимент. Анықтауыштармен жұмыс істеу ережесін білуді, микропрепараттарды даярлауды, микроскопты пайдалана білуді, қарапайым биохимиялық тәжірибелер жасай білуді, генетика және экологиядан тәжірибе негізін салуды, бақылау өткізіп, оның нәтижелерін биометриялық тұрғыдан сауатты өңдеуді мектеп оқушылары болашақ қызметі үшін білуі қажет және оларды бақылау, эксперимент тәрізді методтардың жәрдемімен тексеруге болады. Мектеп оқушыларының экскурсияларда, лабораториялық сабақтарда өздігінен тексеру жұмыстарын орындау барысында, сабақта толық қамтып сұрау кезінде, мына типтегі тапсырмаларды: клеткалардың препараттарың тканьдерді, қарапайым жәндіктер культурасын дайындап, объектілерді танып білуді; тірі клеткалардағы ферменттердің әсері мен хлорофилдің оптикалық қасиеттерін көрсететін тәжірибе жасауды; қарапайымдардың қозғалыс реакциясының бейімділік маңызын эксперимент жәрдемімен дәлелдей білуді; моно және дигийиридтік шағылыстыруға арналған дрозофиланы іріктеп алуды, дрозофилалармен жасалған тәжірибелер нәтижесі бойынша ата-ана жұбының генотипін анықтауды; ас бұршақ және жүгері өсімдіктеріндегі фенотиптер арақатынасын анализдеу жолымен белгілердің ажырауы мен тұқым қуалауы сипатын дәлелдеуді; клеткалық мембрананың су өткізгіштігін дәлелдеп көрсетуді орындаған кезде іскерлік пен дағды тексеріледі [2.59б].
Зертханалық жұмыстар. Бұл әдістер мектеп жағдайында пайдаланып, арнайы құралдармен (микроскоп, өлшеу аспаптары, приборлар, техникалық құралдар т.б.) жабдықталған кабинеттерде мұғалімнің басшылығымен табиғи құбылыстарды, заттарды зерттейді. Мұндай зерттеу жұмысы оқушылардың физика, химия және биология пәндерінен қабылдайтын білім терең және берік игеруді талап етеді.
Зертханалық сабақтарда тақырып бойынша жаңа оқу материалын ұғыну үшін мынадай тәсілдер ескеріледі:
* Зертханалық сабақ тақырыбы және сабақтың міндетін анықтау.
* Сабақты өткізу тәртібін түсіндіру.
* Сабақтың нәтижесін жинқтап қорытындылау.
* Сабақтың нәтижесін талдау.
Зертханалық жұмыстардың түрлері: бақылау, тәжірбиелер, эксперименттік есептер шығару, өлшеу жұмыстары т.б. Мысалы 8 сыныпта Электр құбылысы тақырыбы бойынша физика сабағын өткенде мұғалім оқушыларды электр өлшеуіш, электрлік қыздырғыш құралдармен, амперметр, вольтметр және аккумулятормен таныстырады. Бұл құралдарды слесарь-электрик, электромонтер, электрмен пісіруші, электромонтажшы мамандықтарында қалай қолданудың тәсілдерін түсіндіреді. Осыдан кейін оқушылар тақырыпқа сәйкес мұғалімнің практикалық тапсырмасын орындайды.
Дұрыс ұйымдастырылған лабораториялық жұмыс оқушылардыңтаным қабілетін, ой-өрісін дамытады, олар түрлі приборлар және жабдықтармен жұмыс істей білуге үйренеді, ғылыми эксперименттердің элементерімен танысды. Лабораториялық жұмыс оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа еңбек мәндениетіне тәрбиелейді[3. 69 б].
Демонстрация әдісі. Тәжірбиелерді, приборларды, препараттарды табиғи обьектілерді, кинофильмдерді т.б. демонстрациялауға байланысты. Мысалы, сабақта кинофильмді пайдалану үшін оны алдын-ала қарап, қандай мәселелерді фрагменттерге бөліп, оқушыларға түсіндіру анықтау қажет. Сабақ соңында фильм бойынша қорытынды әңгіме жасалады. Демонстрация әсіресе физика, химия, биология сабақтарында түрлі приборларды, табиғи обьектілерді демонстрациялау үшін қолданылады.
Иллюстрация әдісінің көмегімен оқушыларға иллюстративті құралдарды
(плакаттар, карталар, суреттер, портреттер, картограммалар, слайдтар) көрсетуге болады.
Практикалық әдістер тобы: лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әр түрлі жаттығулар [4.125б]
Зертханада жұмыс істеу қауіпсіздік техникасы.
Зертханада жұмыс істегенде жұмыскерде болу керек: халат, полиэтиленнен жасалған алжапқыш, медициналақ перчаткалар: біреуі күнделік қолдануға, екіншісі(алжапқыш) оқушының үстін бүлдіріп алмауға арналған.
Қыз балалар бастарына орамал таруы керек (шаштарын жинақы ұстау үшін) .
Зертханада жұмысты дүріс құрастырып, асықпай, таза істеу керек.
Тез қозғалатын бөлшектері бар станоктармен, электр аспаптарымен жұмыс істегенде жұмыс қауіпсіздігін мұқият сақтаған жөн.
Мектептегі барлық лабораторияларда қауіпсіздік ережелері,алғашқы дәрігерлік жәрдем ережелері мен дәрі-дәрмектер жинағы, өрт қауіпсіздігіне қажетті құм, өрт сөндіргіш саймандар болуы керек.
Осының бәріне мұғалім жауапты болу керек. Бұл қауіпсіздік ережесімен тәжірибені жасамай тұрып, оқушыларға таныстыру керек. Тәжірибеге қажетті құрал - жабдықтар мұғалім (лаборант болмаған жағдайда) немесе лаборант өз жетекшілігіне алады. Тәжірибені жасар алдында күні бұрын кезекші оқушыларға тапсырады. Олар лаборанттың немесе мұғалімнің көмегімен қажетті құрал - жабдықтарды дайындайды.
Зертханалық құрал-жабдықтардың сақтау ережелерімен таныстыру.
Зертханалық құрал-жабдықтармен қолданғанда келесі ережелерді сақтау керек:
* қолданған құрал-жабдықтарды жылы сабынды сумен жуады;
* жуылған саймандарды және ыдыстарды кептіру шкафта кептіріп зертханалық шкафтарға жинайды;
* саймандарды тот басудан сақтау керек;
* заттарды кесуге арналған саймандардын кесетін жүздері өткір болу керек;
* инъекциялық инелерді жуып, инелердің ішіне мандреналарын салып, эфирмен спирт араластырылып құйылған сауттарда сақтайды;
* шприцтерді жиналмаған түрінде сақтайды;
* кетгутті 4 пайыздық формалиннің су ерітіндісінде сақтайды;
1) резинке заттарды темір саймандардан бөлек сақтайды.
Зертханалық заттарды жуу және кептіру әдістермен таныстыру.
Зертханалық құрал-жабдықтарды жуу.
Зертханалық ыдыстар және саймандар таза болу керек, осы жағдайды сақтамай жұмыс істеуге болмайды. Ыдыстардың кірін келесі әдістермен кетіруге болады: механикалық, физикалық, химиялық, физико-химиялық.
Ыдыстардың және саймандардың жуу әдістерін табу үшін келесі жағдайлар болу керек:
1. ыдыстарды кірлететін заттардың қасиеттерін білу;
2. жууға сабын, синтетикалы жұғыш заттар қолдануға болады;
3. ыдыстарды және саймандарды кірлететін заттар химиялық тұрақты болса, механикалық тазалау әдіспен қолдануға болады
4. хирургиялық және гинекологиялық саймандар щеткамен тазаланып жұылады;
5. ыдыс жұғанда қауыпсыз техникасы сақталу керек.
Сумен жуу. Шыны ыдыстарды жуу ережелері:
1) ыдысқа жабысқан кірлі заттар болса, ыдысты щеткамен немесе ершпен тазалап сумен жуады. Ыдысты жылы суда жуады.
2) Жуылған ыдысты дистилденеген сумен шайқайды. Дистилденген су су құбырдан алынған судын тұздарын кетіреді.
Бумен тазалау. Майлы заттармен кірлеген ыдысты ыстық судың буымен тазалайды (будың ағынымен).
Басқа жуатын заттармен жуу. Ыдысты жуатын заттармен жуғанда жуылатын ыдысқа фильтр кағазын немесе бір жұмсақ қағаз салады. Ыдысты сілкіп жуғанда жабысқан кірлі заттар кетеді.
Зертханалық құрал-жабдықтарды кептіру. Кептіруді суық (жылытпай) және ыстық (жылытып) әдістермен өткізеді. Ең көп қолданатын әдістердің бірі - кішкентай қазықтарға іліп қойыпкептіру. Ауаменкептіру - суық немесе жылы ауаны ыдыстың ішінен өткізіп ылғалдың іздерін кетіру. Спиртпен немесе эфирменкептіргенде ыдысты сыртынан таза орамалмен сүртіп, ішінен этил спиртімен, кейіннен эфирмен шайқайды. Кептіретін шкафтакептіргенде кішкентай қазықтарда кептірген ыдыстарды 80-100 градуска дейін жылытқан кептіру шкафына 30-60 минутқа қояды. Жуылған хирургиялық және гинекологиялық саймандарды міндетті түрде кептіру керек. 100-120 градуста 40-80 минут кептіру шкафында кептіреді.
Зертханалық құрал жабдықтарды зарарсыздандыру ережелерімен таныстыру.
Зарарсыздандыру - хирургиялық заттарда, саймандарда, зертханалық ыдыстарда микроағзаларды және олардың спораларын өлтіру.
Темір саймандарды, шыны ыдыстарды қайнатумен зарарсыздандырады. Қайнатудың алдында саймандарды майдан тазалайды, инъекциялық инелерді мандреналардан босатады, саймандардың өткір жерлерін, ыдыстарды марляға орайды. Стерилизаторға су куйып, 15 минут қайнатып, зарарсыздандыру күшін көтеретін сілті қосады (1 пайыздық натрий карбонат, 0,1 пайыздық натрий гидрооксид), тағы 3 минут қайнатып суға абайлап саймандарды салады, 15 минут қайнатады.
Зарарсыздандыру әдісі - Покотило әдісі. Кетгутті 72 сағатқа 4 пайыздық формалиннің су ерітіндісіне салады.
Операциялық заттарды, перевязка заттарын, перчаткаларды бикстерге салып автоклавтарда зарарсыздандырады. 120-135 градуста 2 атм қысымда 30-45 минуттан кейін заттар толық зарарсыздандырылады. Перчаткаларды және пластмасс өнімдерді 1 атм 45-60 минут зарарсыздандырады.
Перчаткаларды зарарсыздандырғанда автоклавпен, қайнату әдіспен, антисептикалық ерітінділермен қолданады. Автоклавка салар алдында перчаткалардың ішіне тальк себеді. Перчаткаларды марлямен орайды, перчаткалар бикстің темір қабырғаларына тимеу керек.
Қайнату әдісінде перчаткаларды дистилденген суда 20-35 минут қайнатады. Суықтай зарарсыздандыруәдісінде перчаткаларды 2 пайызды хлорамин ерітіндісіне 15-30 минутқа немесе 0,1 пайыздық сулема ерітіндісіне 1-1,5 сағатқа салады. Кейіннен оларды физиологиялық ерітіндімен немесе дистилденген сумен шайқап кептіреді, тальк сеуіп зарарсыздандырылған бикстерде сақтайды. Операция алдында қолға киілген перчаткаларды 2 минут спиртпен суртеді[5.32б].

2.3. Биологияда зертханалық сабақты өткізудің әдістемесі

Зертханалық сабақтар - оқушылардың өздігінен көбірек жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, олардың көру арқылы ақыл - ойын толықтыру нәтижесінде зерттелетін обьекті мен құбылыстары туралы айқын ұғынуына мүмкіндік беретін оқу процесін ұйымдастырудың тиімді формаларының бірі. Зертханалық сабақтардың тиімділігі сондай - ақ , өткізуде тәжірибе жасалып, бақылау жүргізілетінділігімен, зерттелетін обьектілерге әр түрлі операциялар жасалатындығымен қамтамасыз етіледі. Егер мұғалім оқушылардың өздігінен қортындылауына қажетті ұғымдарды, деректерді естеріне жинақтап сақтау мақсатында жаңа материалдар баяндауға дейін зертханалық сабақ өткізетін болса, онда зерттеу бағытында оқытуға болады.
Ағзалардың өзгергіштік түрлері тақырыбының сабағына бұған мысал бола алады. Оны өткізу үшін таратпа материалдар, гербарийлер, насекомдардың жинақтамалары болу қажет. Оқушылар жазғы тапсырмаларды орындау кезінде экскурсияда көрсетіп, түсіндіреді. Оқытушы аталықтың және аналықтың суретін тақтаға салып, жинаған арам шөптерді, иен даладағы өсімдіктерді, егістік зиян кестілерді пайдалану қолайлы болады. Зертханалық сабақтар барысында гербарилердің коллекциялардың болуы ағзалардың тұтастығын салыстйруға мүмкіндік беріп, бір особьтың екіншісінен ерекшеленетін белгілер мөлшерін анықтауға жағдай жасайды. Бақылау ісін ұйымдастыру үшін оқушыларғамынадай тапсырмалар ұсынылады:
Бір түр особьтарды өзара салыстырып, олардың ұқсастық және айырмашылық белгілерін табу.
Жақын түрлер (бір туыстардың) особьтары арасындағы ұқсастықпен айырмашылықтарын анықтау.
Оқушыларды 2- 3 адамнан бір топқа біріктіріп, олар өсімдіктердің екі түрін (әр бір түрінен бірнеше данадан) береді. Бұдан басқа әрбір топқа бір - бірден тұқым қуалау өзгергіштік белгісі бар, сондай - ақ бақылауға арналған, өсіп тұрған өсімдіктерден - қоғыр, астра берген дұрыс. Оқушылар бақылау барысында есептеулер мен өлшеуіштер жасайды. Оқушылар жұмыс нәтижесін дәптерлеріне жазып алады: анытау барысын және өсімдіктің аттарын өлшеу нәтижелерін, есептеулерді жазып, тапсырмалардың әр бөлімі бойынша қорытынды жасайды. Салыстырмалы анатомия әдісінің жәрдемімен бір түр особьтар құрылысының жалпы сипаттарын анықтайды және ағзалардың өзгергіштігі мен бір туыс түрлерінің туыстығы туралы қорытынды жасайды. Тапсырманың бұл бөлімін оқушылар өздігінен орындайды және ол зерттеу сипатында болады.
Екінші кезеңі мұғалімнің басшылығымен бүкіл сынып бойынша өткізіледі де, иллюстрациялық сипатта болады. Оқушыларға тұқым қуалау өзгергіштігі айқын көрінетін өсімдіктерді қарастырып, нормадан ауытқымаған өсімдіктермен салыстыру ұсынылады.
Білімін тексеру үшін мысалы, қолдан сұрыптау нәтижелері жөніндегі сабақты пайдалануға болады. Бұл проблеманы алғашқы танысу оқу - тәжірибе учаскісіндегі, селекциялық станциядағы, асыл тұқымды мал фермаларындағы экскурсиялар барысында жүзеге асады. Оқушылардың қолдан сұрыптау туралы білімін тексеру үшін лабораториялық сабақта мынадай таратпа материалдар пайдаланылады: капусталардың әр түйнектері, бидай, арпа масағы, жүгері собығы және т.б., сондай - ақ сәндік өсімдіктердің әр түрлі сорттары:виол, астра,петуниялар және т.б.. Сондай - ақ, ататектік формаларының суреттері немесе өсіп тұрған даналардың болғаны жөн. Оқушылардың әрбір тобы бір түрдің бірнеше сорттарын алып, бақылау жасайды.
Жұмыс аяқталған соң жаппай сұрау қойылып, оның барысында мектеп оқушыларының мәдени өсімдіктер сорттарын шығарудағы адамның рөлі туралы білімі анықталады [6.13б].
Эксперимент. Эксперимент тірі табиғат құбылыстары мен процестерін зерттеудің ең тиімді методтарының қатарына жатады. Ол зерттеу принципін кең жүргізуге мүмкіндік береді, оқушылардың, өздігінен жұмыс істеп, ойлануын дамытады, ғылыми методтармен таныстырып, белгілі іскерлік қалыптастырады.
Эксперимент арнайы жасалған жағдайларда зерттелетін процесті жасанды еске түсіруді ұйғарады және зерттелетін объектіні бөгде, қосымша құбылыстардан тазартуға мүмкіндік береді. Бақылау - эксперименттің қажетті компоненті.
Эксперимент оқу процесін ұйымдастырудың лабораториялық сабақ, практикалық жұмыстар тәрізді формаларыңда цитология, генетика, селекция, экология мәселелерін оқып үйрену кезінде жиі пайдаланылады.
Бұл методты лабораториялық сабақ барысында Клеткадағы зат алмасу реакциясының ферментативтік сипаты тақырыбында пайдалану мысалын қарастыралық.
Кезекші лаборанттар әрбір екі оқушыға дер кезінде крахмалды-желатинді пластинкалар, сутегі асқын тотығының, йодты калийдегі йод ерітінділерін даярлап, астық және бұршақ тұқымдастардың тұқымдарын өсіреді, пісірілген және шикі картоптың шағын кесектерін, элодеяның бұтақшасын пробиркаларға таратып салады. Олар сабақ басталардың алдында әрбір үстелге микроскоп, заттық шынылары және жабын әйнектерді, шыны таяқшаларды, қандауырларды, пинцеттерді, пробиркаларды таратып береді.
Оқушыларға эксперимент өткізу үшін мынадай жазба нұсқау беріледі.
1. Тамшы судағы элодея жапырағының клеткаларын микроскоппен қараңдар.
2. Элодея жапырағына сутегі асқын тотығының бір тамшысын тамызып, микроскоптан көрген құбылысты сипаттап жазыңдар.
3. Петри табақшасындағы крахмалды-желатинді пластинкаға ұзына бойына тілініп, суға батырылып суланған үрме бұршақ (арпа, ас бұршақ) өскіндерін салыңдар. Оларды 30-40 мин пластинка үстінде қалдырыңдар. Сабақтың аяқталуына 5 мин қалған кезде өскінді пинцетпен абайлап алып, пластинканы йодтың әлсіз ерітіндісімен ылғалдандырыңдар. Болып өткен құбылысты сипаттап жазып, оларды түсіндіріңдер.
4. Пісірілген және шикі картобы бар пробиркаларға 0,5-1 мл-ден сутегі асқын тотығын құйыңдар. Байқалған құбылыстарды сипаттап жазып, түсіндіріңдер.
Бұл тәжірибелер мектеп оқушыларына зат алмасу реакциясының ферментативтік сипаты туралы өздігінен қорытынды шығаруларына мүмкіндік береді.
Оқушылар сабақ бойында өткізе алатын қысқа мерзімде тәжірибелерден басқа биология курсында ұзақ эксперимент те пайдаланылады. Мәселен, модификациялық өзгергіштікті оқып үйренуге 1,5-2 ай қалғанда оқушылар традесканцияның есетін ортасын өзгертуі бойынша және оның құрғақшылықтан сулы ортаға ауысуына тәжірибе жасай бастайды. Оқушылардың назарына тәжірибенің мына методы ұсынылады: традесканцияны 20 күн бойы ылғалдылығы жоғары жағдайда өсіру. Осы мақсатқа сай өсірілген өсімдігі бар құмыраны су құйылған басқа бір ыдысқа ернеуіне 1-2 см жетпей тұратындай етіп орналастырады. 20 күн өткен соң өсімдікті суға жартылай малып, 10 күннен кейін оған суды толтыра құяды.
Бақылауға басқа бір өсімдікті алып, оны алдын ала әзірлеместен бірден суға салады.
Өсімдіктерді әр түрлі ылғалдылық, жарық түсу, минералдық қоректендіру жағдайларында өсіру бойынша жасалған тәжірибелер де ұзақ мерзімді қажет етеді, олар организмге абиотикалық факторлардың әсері туралы материалды игеруге көмектеседі. Оқушылар үздіксіз бақылау жасап, өсімдіктерді күтеді. Эксперимент барысын мезгіл-мезгіл демонстрациялап отырған дұрыс және ең сонында оны толық жазып алып, барлық оқушылардың игілігіне қорытынды жасау керек.
Курстың теориялық негіздерін игеруде оқу-тәжірибе учаскесінде өткізілетін практикалық жұмыстарға байланысты эксперименттердің көп көмегі болады.
Бұл тәжірибелер вегетативтік көбеюді айқас тозаңдандыруды; біркелкілік, белгілердің ажырауы, белгілердің тәуелсіз тұқым қуалауын; гетерозис, полиплоидияны; организмге экологиялық факторлардың әсері, фотопериодизмді; селекция методтарын зерттеу мақсатын көздейді.
Оқушылар VIII класты бітіргеннен кейін тәжірибелер өткізуге теориялық жағынан даяр болмайтындығын ескеру керек. Сондықтан оларды толық нұсқауландыру қажет.
Эксперимент нәтижелері сәйкес тақырыптарды оқытып үйретілген кездегі сабақтарда кеңінен пайдаланылады. Өздері тәжірибе өткізген экспериментші-оқушылар жаңа материалды баяндаған кезде мұғалімдерге белсенді көмекші болыпалады.
Мұғалім лекция немесе әңгіме барысында тәжірибені демонстрациялаған кезде эксперимент методикальгқ тәсіл ретінде сабақтарға пайдаланылады. Егер тәжірибе мұғалімніңайтқаныниллюстрациялапқан ақоймай, білімнегізі бола алса, онда бұл тәсіл жақсы нәтижелер береді. Мысалы, мұғалім клеткаға судың келуі туралы әңгімелеу барысында Траубенің жасандыклеткасын демонстрациялап, мынадай сұрақ қояды: Клеткалардың көлеміненің есебінен ұлғаяды? Оқушылар сыртқы ортадан клеткаға судың келетіндігі туралы қорытынды жасайды. Бұдан соң мұғалім осы модель мен тірі клетка мембранасының суды сыртқы және ішкіерітінділер концентрация теңелгенге дейін өткізеберетін қасиеттерін салыстырады[7.2б].

2.4. Биологиялық зертханада қолданылатын техникалық құралдар (Қолдану әдістері).

Кабинет - пәнге арналған жабдықталған жай. Оқу кабинетi - әр түрлi көрнекi-лiктермен, оқу материалдарымен, техникалық құралдармен, арнайы жиһаз қойыл-ған сабақ, факультативтер, сыныптан тыс жұмыстар, әдiстемелiк жұмыстар өткiзiлетiн орын.
Мұғалiм - кабинеттiң толық құқығы бар иесi. Ал кабинеттiң жабдықталуы мұ-ғалiмнiң бiлiктiлiгiне және талғамына сай болады. Мұғалiмнiң әдiстемелiк икемi, шығармашылық қабiлетi кабинеттi бiртiндеп жабдықтармен және көрнекiлiктер-мен толықтыруынан байқалады. Кабинет бiрден толық жабдықталмайды, бiртiн-деп жабдықтармен жаңа талапқа сай үнемi жетiлдiрiлiп, бiрнеше жылдың көлемiн-де жабдықталады.
Кабинеттiң жабдықталуы пәннiң сапалы берiлуiне және белгiлi бiр талаптарға жауап бере алатындай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Дарвинизм»
Оқушылар білімін тексеру
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Химия сабақтарында интерактивті оқыту технологиясы
Биология сабағында танымдық белсенділікті дамытудың әдістері мен шарттары
Биология сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Биология білімін бақылаудың формалары, түрлері және әдістері
Биология сабақтарында проблемалық оқыту
Биология пәнінен сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарды өткізу әдістемелері
Пәндер