Химия өндірісінің шикізаттары


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Е. А. БУКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Химия факультеті

Реферат

Тақырыбы:Химия өндірісінің шикізаттары.

Орындаған: Бейсенбекова М. Е. ХТНВ-11

Тексерген: доц. Кокибасова Г. Т.

2016-2017 оқу жылы

ЖОСПАР

  1. Шикізат қорлары және түрлері.
  2. Шикізат проблемасы.
  3. Шикізатты байыту принциптері.

1. Шикізат қорлары және түрлері.

Химиялық өндірістердің шикізаттары әр түрлі белгімен топтастырылады.

Жаратылыс тегіне байланысты - минерал, өсімдік және мал-хайуан шикізаттары. Химиялық құрамына байланысты - бейорганикалық және органикалық шикізаттар. Агрегаттық күйіне байланысты - қатты, сұйық (мұнай, тұздық) және газ күйіндегі (ауа, табиғи газ және мұнай өнімдерінің газдары) шикізаттар.

Минералдық шикізаттар - рудалық (кен) емес және жаңғыш шикізаттарға бөлінеді.

Рудалық (кен) шикізаттар - табиғи минералдар құрамында металл оксидтері және металл сульфидтері (Fe 3 O 4 , Fe 2 O 3 , Cu 2 S, CuS, CuS 2 , ZnS және т. б. ) тағы басқа тау жыныстары (бос жыныстары - пустая порода) SiO 2 , Al 2 O 3 , CaO, MgO т. б. болады. Құрамында әр түрлі металл қосындылары бар кендерді полиметалды кен деп атайды.

Кен емес минералдық шикізаттардың химиялық құрамы әр түрлі болады. Олар кейде жаратылыс күйінде қолданылады: құм балшық, асбест, слюда (қатпар тас) және басқалар, немесе химиялық өңдеуге түседі - сульфаттар, фосфаттар, карбонаттар, хлоридтер, алюмосиликаттар және т. б.

Қазып алынатын минералдар - жанғыш шикізаттар - шым тезек, қоңыр және тас көмір, тақтатастар, мұнай және табиғи газ - органикалық қосындыларға жатады, олар - шикізат ретінде және энергия көзі ретінде пайдаланады.

Химия өндірісінде өзі арзан және жеңіл түсетін шикізат ретінде су және ауаны кең пайдаланады.

Хайуан және өсімдік шикізаттары - жүн, тері, сүт, май, мақта, ағаш және т. б. бұлардың өздері екі топқа жіктелінеді: тағамдық азық-түліктер және техникалық өнімдер өндіретін шикізаттар.

Химиялық өндірістің шикізат қоры елімізде жеткілікті және қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіншілік толығынан бар.

Барлаушылар мәліметі бойынша фосфаттар, калий тұздары, натрий сульфаты, ас тұзы осылар сияқты кендер: темір қорғасын, титан, никель, маргенец және т. б. қорынан бірінші ондыққа кіреміз, жанғыш шикізаттар - көмір, шымтезек - қоры жер жүзіндегі қордың жартысы шамасында. Барлығынан мұнай мен газ қорыда алдыңғы қатардан орын алады (Қазақстан дүниежүзінің алғашқы он елінің ішіне енеді) .

2. Шикізат проблемасы.

Химия өндірісінде өнімнің өзіндік құнын анықтағанда шикізаттың құны 60-70%-шасында болады, осыған тәуелді шикізаттың құнын төмендетудің проблемасын шешудің өзара байланысты жолдары мыналар: 1. Арзан бағалы шикізатты іздестіру және оны қолдану; 2. Концентрленген шикізатты қолдану; 3. Шикізатты кешенді түрде пайдалану; 4. Азық-түлік шикізаттың азық-түлік емес шикізатымен, өсімдік шикізатын минералдық шикізатымен алмастыру.

Бірінші проблеманы шешу жолдары: шикізат көзін өндіріс орындарына жақындату, яғни жергілікті арзан шикізатты пайдалану. өндіріс қалдықтарын негізгі өнім өндіргенде газ құрамындағы тозаңдар, сыртқа шығарылатын газдар және т. б. жаңа өнім өндіруге пайдалану, немесе тікелей қалдық шикізаттарды байытып негізгі шикізаттың концентрациясын арттыруға пайдалану. Шикізаттың бір түрін экономды шикізаттың екінші түрімен алмастыру. Мысалы, негізгі химиялық өндірісінің шикізаты көмірдің орнына мұнайды немесе табиғи газды қолданса өнімнің өзіндік құны төмендейді, себебі шахта әдісімен шығарылған және дайындалған көмірден (бірлік отын өлшеміне ауыстырғанда мұнайды шығару және оны дайындау 3, 5 есе, табиғи газды шығару және оны дайындау 12 есе арзан) .

Көпшілік өндірістерде: пластикалық массалар, синтетикалық талшықтар, каучуктар, жуғыш заттар және т. б. өнімдердің өзіндік құнын төмендету мақсатпен арзан және жеңіл қол жететін табиғи газ және мұнай өнімдерін қолданады. Кокс газының қорының орнына табиғи газды қолданғанда аммиактың өзіндік құны екі есе төмендейді, осыған байланысты тыңайтқыштарда өзіндік құны төмендейді.

Мұнай өңдегенде өнетін газды этил спиртін өндіруге азық-түлік шикізаты нан орнына қолданғанда, спирттің өзіндік құны 3 есе төмендейді.

3. Шикізатты байыту принциптері.

Байытылған, құрамында қажетті компоненттер концентрацияланған, шикізатты рационалды өңдеу процесіндегі маңызды өте үлкен. Байытылған шикізатты қолдану нәтижесінде өнімнің өзіндік құны төмендейді, сапасы артады, техникалық процестердің қарқындылығы артады және шығыны төмендейді және т. б. Тасу шығынында қажетті компонент концентрациясына пропорционал төмендейді.

Концентрлі шикізатты оны байыту нәтижесінде алады. Байыту әдістері құнды компонентті басқа қоспалардан бөліп алу олардың физикалық, физика-химиялық және химиялық қасиеттерінің ұқсас еместіктеріне негізделген. Байыту әдістері әр түрлі және агрегаттық күйіне байланысты қатты, сұйық және газ шикізаттардың байыту әдістері бір-біріне ерекше болады.

Қатты минералдық шикізат тау жыныстарының құрамында минералдар күйінде болады, тау жынысын ұсатып, минералдардың тау жынысымен байланысын үзіп, ұатылған масса байытылуға түседі. Байыту нәтижесінде концентрат (құнды компонентпен байыған фракция) және бос жыныс - қалдықтар алынады. Қатты шикізатты байытуға көбінесе механикалық әдістерді - дүңгірлекпен елеу, гравитациялық, электрмагниттік және электрстатистикалық сеперациялау, тағы да физика-химиялық әдіс -флотациялау әдісін қолданады.

Дүңгірлекпен елеу - шашу қатты жыныс құрамындағы минералдың беріктілігінің, морттылығының, тұтқырлығының тау жынысының аталған қасиеттерінен өзгеше болуына негізделген. Мортты қатты заттар оңай ұсақталынады. ұсақталған шикізатты дүңгірлек-елекпен елегенде, дүңгірлек-елек торының көздерінің мөлшеріне байланысты бірнеше фракцияға бөлінеді. Дүңгірлек елек өнімділігі тор тесігінің шамасына пропорционал. Мысалы фосфорит жынысын елегенде фосфор концентраты және бос жыныс алынады.

Гравитациялық байыту (ылғалды және құрғақ) ауа немесе сұйық ортада ұсатылған заттардың бөлшектерінің төмен түсу жылдамдылығының бөлшек тығыздығына немесе бөлшек мөлшеріне тәуелділігіне негізделген. Көбінесе ылғалды байыту су ортада орындалады. Су ортада алынған пульпа үш камераға бөлінген су классификаторына келіп тұрады: 1-ші камерада ірі және ауыр бөлшектер, 2-ші камерада орташа және 3-ші камерада ұсақ және жеңіл бөлшектер тұнады, тым ұсақ бөлшектер (бос жыныстар - пустая порода) су ағынымен кетеді.

Гидравитациялау (ылғалды) байытуға гидроциклон аппараттарын қолданады.

Электрмагниттік байыту - ұсақталған заттар құрамындағы бөлшектердің магнит алғырлықтарының өзгешеліктеріне негізделген. ұсақталған шикізат магнит сеператорынан өткенде магнит өрісінен магнит алғырлықты және магнит алғырлықсыз екі фракцияға бөлінеді.

Электрмагниттік байыту әдісі көбінесе темір рудаларын - магнитті темір (магнетит), қызыл темір тас, қоңыр темір тас, темір колчедан және т. б. байытуға қолданылады, осы әдіспен шикізатты ұнталғанда сырттан қосылған темірлерді, темір жоңқасын қолдан бөліп алуға болады.

Электрстатистикалық байыту - ұсақталынған шикізат құрамындағы әр түрлі бөлшектердің электр өткізгіштігінің өзгешеліктеріне негізделген. Электрстатистикалық сеператорларда магнит өрісінің орнына жоғары вольтті тоқ түзеткіштерінің теріс полюсіне жалғасқан электродты темір құбыр ортасына орнатады. Құбыр жермен жалғастырады. Құбыр арқылы жоғарыдан ұсатылған шикізат төмен қарай өткенде электр өткізгіш (күкірт және мыс колчеданы, қорғасын жылтыры, алтын, күміс және т. б. ) бөлшектер теріс зарядталынып жылжу құбыр қабырғасына қарай өзгереді Құбыр қабырғасымен жанасып бейтараптанады, электр өткізбейтін бөлшектер жылжу бағытын өзгертпей құбырдың төменгі шетінен бөлінеді (әктастар, гипс, құм, силикаттар, тақтатастар, барит және басқа минералдар) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тағам өнеркәсібінде қолданылатын микроорганизмдер
Экстракциялық фосфор қышқылы
Шәкәрім университетінің қысқаша тарихы
Қазақстан Республикасының химиялық өндірістері
Күкірт қышқылын әртүрлі шикізаттардан өндіру әдістері
Жамбыл облысының су экологиясы
Күйе өндіру технологиясы
Атырау облысының экономикалық потенциялы
Қара металлургияда пайдаланатын темір рудалары және флюс
Ксилитанның олигоэфирлерін синтездеу және зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz