Далалық геодезиялық практика


Мазмұны

Кіріспе . . .

  1. Практиканың өту уақыты және ұйымдастырылу шаралары . . .
  2. Теодолитті тексеру және түзету. Теодолитті жұмысқа әзірлеу . . .
  3. Тұйық теодалиттік жүріс есебі . . .
  4. Нивелир (GOL 26 D) . . .

Масштаб. Топографиялық карталарлың шартты белгілері . . .

Номенклатура . . .

Есептік графикалық жұмыс. Жер бетін квадраттар бойынша нивилирлеу . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қорытынды . . .

Кіріспе

Далалық геодезиялық практикасы - студенттерді өндірістік геодезиялық практикаға дайындаудағы маңызды кезеңі болып табылады.

Практиканың мақсаты: далалық және камералдық геодезиялық жұмыстармен танысу, «геодезия» пәнінде алған теориялық білімді одан әрі тереңдету мен қорытындылау болып табылады

Далалық геодезиялық практикасы бір жарым айға созылады. Практика барысында практика жетекшісі студенттерді бірнеше топқа, яғни бригадаға бөледі. Әрбір бригада өз ішінен бригадирді сайлайды. Бригадирдің міндетіне:

  • геодезиялық жұмысқа қажетті геодезиялық аспаптарды алу сонымен қатар олардың дұрыс сақталуын және қолданылуын қамтамасыз ету;
  • бригаданың жұмысын ұйымдастыру және сол жұмыстың орындалуын қадағалау, сонымен қатар бригаданың барлық мүшелерін жұмыстырға белсене араластыру;
  • бригаданың жұмыс күнделігін жүргізу;
  • төтенше жағдай болған кезде немесе бригаданың мүшесі ауырып қалған кезде дереу практика жетекшісіне хабар ету;

Далалық геодезиялық практика аяқталуы нәтижесінде әрбір студент төменде көрсетілген қасиеттерді игере білуім қажет:

- жеке жұмыс жасай алу;

- геодезия пәнінде алған ғылыми-теориялық білімімді іс-тәжірибе жүзінде қолдана білу;

- топпен жұмыс істей білу;

- қойылған талаптарды тиімді және уақытында орындай білу;

- белгіленген жерге топографиялық түсіріс жасай алу.

Далалық геодезиялық тәжірибенің тапсырмалары мен мақсаты: жұмыс тәртібін орындауды, курс бойынша теориялық сабақтарда пайда болған сұрақтарға жауап алу, топографиялық және геодезиялық жұмыстарды дара орындауды меңгеру, теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекіту және оны тереңдету болып табылады.

Тәжірибені өту барысында әр оқушы міндетті түрде геодезиялық құралдармен жұмыс істеуді топографиялық және геодезиялық жұмыстарды дара істеуді, белгілі бір жолдарды қолдануды және жұмыстарды орындау кезіндегі керекті дәлдікке қол жеткізе ауды, кәсіби құзыреттіліктерге ие болуы керек.

Студент міндетті түрде ұқыптылықты, жақсы графикаға және бақылау журналадарын көшіруге болмайтындығын, көшірілген журнал ақау екенін, бақылау және тексеру материалдары көшірілген болса еш құндылығы жоқ екенін, кәсіпорындарда көшіруге тиым салынғандығын түсіну керек. Студент бүкіл жұмысты орындау үрдісін елестете алуы, белгілі жолды қолдану маңыздылығын түсіну керек. Әр жұмыс түрін орындау барысында қандай әдістерді қолдану керектігін, қай әдіспен керекті дәлдікке жетуге болатындығын және қажетті тексерулер мен бақылауларды жүргізе алуы тиіс.

Тәжірибені өту барысында әр студент теодолитті және тахеометриялық түсірістерді, техникалық нивелирлеуді меңгеру қажет. Жұмыс барысындағы бақылау жұрналдарында жазуларды жылдам әрі таза жүргізуді және сондағы есептеулерді дұрыс есептеуді меңгеру керек және жұмыс барысын тиімді пайдалануды, бригада бойынша жұмысты әр адамға бөлу.

1. Практиканың өту уақыты және ұйымдастырылу шаралары

Далалық геодезиялық тәжірибе жұмыстары басталмас бұрын топты 2-3 адамнан бригадаларға бөлінді. Әр бригада ішінен бригадир сайланды. Оқу жоспарына байланысты әр бригадаға күн сайын тапсырмалар берілді. Тапсырманы орындау үшін бригада керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. Құрал жабдықтар қабылданбас бұрын сыртқы тексеруден өткізілді. Тексерудің мақсаты болып топографиялық-геодезиялық жұмыстарға құрал жабдықтардың жарамдылығын анықтау болып табылады. Тәжірибелік жұмыстарға кіріспес бұрын бригада мүшелерінің арасында міндеттер бөлінді және ол қадағаланды.

Жұмыс түрлері:

1. Еңбек қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру.

2. Құрал жабдықтарды сырттай тексеріп қабылдап алу.

3. 2Т-30 теодолитін тексеру және оны жұмыс жағдайына келтіруді үйрену.

4. Теодолитті түсіріс жүргізу.

5. Теодолитті түсірісті тыңғылықта өңдеу.

6. Техникалық нивелирлеу.

7. Техникалық нивелирлеу журналын өңдеу.

8. Тахеометриялық түсіріс жүргізу. Түсіріс нәтижелерін ғылыми өңдеу.

9. Тәжірибе жұмыстарын өңдеу, сынаққа дайындалу.

10. Сынақтан өту.

Құрал жабдықтар:

• 4Т30П теодолиті 1 дана

• GOL-26 нивелирі 1 дана

• Нивелирдің рейкалары 2 дана

• Штатив 1 дана

• Рулетка 1 дана

Еңбек қауіпсіздігі ережелері

Далалық геодезиялық жұмыстар жүргізетін адамдардың барлығы келесі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек:

1. Далада бас киім киіп жүру;

2. Трубаларға және дым жерлерге отыруға тиім салынады;

3. Қайнамаған су ішуге тиім салынады;

4. Жолдардың бойында жұмыс істеген кезде құралдарды және жұмысшыларды көлік жүріс бойында орналастыруға болмайды;

5. Штатифтарды жиналған түрде иыққа аяқтары төмен қаратылып және нивелирлі рейкаларды тік тасымалдауы тиіс;

6. Құралдардың барлық жиыны жөнделген болуы тиіс;

7. Геодезиялық құралдарды қадағалаусыз қалтыруға болмайды.

  1. Теодолитті тексеру және түзету. Теодолитті жұмысқа әзірлеу

Теодолит - жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш өлшейтін геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі-вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) -шеңбері жатады. Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады. Бұл аспап арқылы шырақтың не жердегі нәрсенің горизонталь координаталары, яғни азимут пен биіктігі анықталады. Аспап онша үлкен емес, экспедицияға алып жүруге ыңғайлы. Қазіргі кезде қолданылып жүрген теодолиттер бұрыш өлшеу дәлдігіне, есеп алу құрылғыларының түрлеріне, горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясына және атқаратын міндеттері жағынан әртүрлі болып бөлінеді. Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне қарай теодолиттер 3 топқа бөлінеді:

1. Техникалық Т15К, 2Т30, 2Т30М теодолиттік және тахеометриялық жүрістер мен түсірістерде, сондай-ак жер бетіндегі және жерасты қазбаларындагы маркшейдерлік жұмыстарды атқару кезінде бұрыштарды өлшеуге арналған.

2. Дәл теодолиттер 2Т2-3 және 4 кластық триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған, ал 2Т5К- триангуляциялық жүйелер мен 1 және 2 разрядтық полигонометриялық, сонымен қатар, жер беті маркшейдерлік жұмыстарда бұрыштарды өлшеуге арналған.

3. Жоғарғы дәлдікті электронды теодолиттер және тахеометрлер Та2М мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге теодолиттің негізгі бөліктеріне толығырақ арналған.

Теодолиттің шартты белгілеріндегі Т әрпі "теодолит" деген аспап атын білдірсе, сол әріптен кейінгі цифр горизонталь бұрышты өлшеудің секундтық орташа квадраттык қателігін білдіреді, мысалы Т5 теодолиті үшін mp-5, ТЗОМ үшін тр=5, ал Л/-деген әріп маркшейдерлік жұмыстарға арналгандыгын көрсетеді.

Кейінгі кезде теодолиттер жаңартылып, 2Т2, 2Т5, 2Т30 тектес болып шығарылуда. Есеп алу тетіктерінің түріне байланысты теодолиттер тағы үш топқа бөлінеді: а) бағалау микроскобы; ә) шкалалы микроскоп; б) оптикалық микрометрлер.

Горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері конструкциясына байланысты қайталанатын және қайталанбайтын теодолиттер болып бөлінеді. Қайталанатын теодолиттерде лимб пен алидада жеке айналады, әрқайсысының қысып коятын және жетекші бұрандалары болады. Оларға ТЗО, 2Т30 теодолиттері жатады. Ал қайталанбайтындарга 2Т30М, 2Т5, 2Т2, т. б. жатады, оларда лимб арнайы күрылғы аркылы керекті жағына бұрылады.

Өлшеудің алдында 4Т 30П теодолиттін мұқият қарап тексереді, себебі әр сериямен шығатын аспаптардың өзіндік ерекшелігі болады. Алғашқы тексерілетіні аспатың барлық бұрандаларының жұмыс істеу қабілеті. лимба мен алидаданың айналасы қажалып, тербеліп қозғалмай, бір қалыппен айналу керек.

Горизонталь және вертикаль бұрыш өлшейтін дөңгелектерде механикалық ақаулар болмау керек, шкаланы және жіптік тордың бейнесі айқын көріну керек. Дүрбі еркін, бір қалыпты айналу керек. Оптикалық тетіктерде шаң мен кір болмауын қадағалау керек. Сыртқы қараудан кейін теодолитті тексеру және түзету басталады.

Горизонтальдық бұрыштарды өлшеу принціпіне сәйкес теодолиттің құрылғысы келесі геометриялық шартты қанағаттандыру керек.

  1. Цилиндрлік деңгейлеуіштің өсі UU теодолиттің айналу өсіне ZZ перпендикуляр болу керек.
  2. Көру дүрбісінің нысаналық өсі VV теодолиттің горизонталь өсіне НН перпендикуляр болуы керек.
  3. Теодолиттің горизонталь өсі НН теодолиттің айналу өсіне ZZ перпендикуляр болу керек.

Қосымша геометриялық шарттар вертикаль бұрышты өлшеудің теориясынан шығады. Аспаптың құрылғыларына талап ететін геометриялық шарттың орындалуын қадағалап отыруға байланысты жасайтын әрекетті аспаты тексеру деп атайды. Бұзылған геометриялық шарттарды қайта орындату арқылы жасалады.

Өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін теодолитті нүктенің үстіне қойып, оны жұмысқа әзірлейді. Аспапты толық жұмысқа әзірлеу келесі істерден тұрады: теодолитті нүктенің үстіне центрлеу аспаты горизонтқа келтіру, дүрбіні бағдарлауға ыңғайлау.

Нүктемен центрлеу деп лимбаның центрінен өтетін теодолиттің вертикаль өсінің бұрыштың төбесімен немесе түсірілетін нүктемен бір тіктеуіш сызықта болатын жағдайды айтамыз. Нүктені центрлеу жіптік тіктеуішпен, оптикалық центрирмен орындалады.

Жіптік тіктеуішпен нүктені центрлегенде тіктеуішті нүктенің үстіне шамалап келетіндей қылып штативпен орналастырады. Одан кейін қондыру бұрандасын босатып, теодолитті штативтің қондырмасында жылжытып, тіктеуіштің үшкір ұшын нүктеге дәл келтіреді, қондыру бұрандасын бекітеді. Нүктені центрлеу дүрбі арқылы да жасалады. Ол үшін арнаулы окулярлық қондарма қолданылады. Дүрбінің обьективін центрлеу кезінде төмен қаратады да, жіптік тордың қиылысын нүктеге дәл әкеледі. Жіптік тіктеуіш ауа-райының желсіз кезінде 5 мм дәлдікпен нүктені центрлейді. Центрлеуді жоғарғы дәлдікпен жүргізу үшін оптикалық центрирлер қолданылады. Оптикалық центрирлер нүктені 0, 5 мм дәлдікпен центрлейді.

Теодолитті горизонтқа келтіру деп оның айналу өсін тік жағдайға әкелу, яғни айтқанда лимба жазықтығын горизонталь дөңгелектегі дұрысталған деңгейлеуіштің көмегімен болады. Ол үшін цилиндрлік деңгейлеуішті, екі көтеру бұрандасының бағытымен орналастырады да, бұрандаларды бір-біріне қарама-қарсы айналдырып деңгейлеуіштің көпіршігін ортаға әкеледі. Аспаптың дұрыс орналасқанын 2-3 рет тексереді, сонда горизонталь дөңгелектің көпіршігі алидаданың кез келген жағдайында дәл ортасында болу керек.

Дүрбіні бағдарлауға ыңғайлау дүрбіні және микроскопты бақылаушының көзімен қою және затпен қою, яғни айтқанда дүрбіні бағдарлайтын нысанамен фокустеу. Дүрбіні бақылаушының көзімен қою окулярлық сақинаны айналдырып, дүрбідегі жіптік торды айқын көру арқылы жасалынады. Ал затпен қою, кремальер бұрандасын бұрау арқылы алыста тұрған бақылайтын нүктені айқын көру арқылы жасалынады.

Теодалит теодалиттік және тахеометрлік жүрістерде бұрыштарды өлшеуге тағайындалған. Жұмыс істеу диапазон температурасы -40 0 тан 50 0 дейін. Теодалит екі нұсқада жасалынады: а) микроскоптын шкаласынын бөлінуі 5 / б) микроскоптын шкаласынын бөлінуі 1 /

4Т 30П теодалитінін маркировкасы:

  • аспап 4-ші жанартылған моделі,
  • Т - теодалит
  • техникалық дәлдік классы 30 секунд,
  • П - тура көру дүрбісімен жабдықталған.

Теодолит 4Т30П

4Т 30П теодалитінің техникалық сипаттамасы

Горизонталь бұрышты өлшеу дәлдігі 20 //

Көлденен бұрышты өлшеу дәлдігі 30 //

Көру дүрбісінің үлкейтілуі, крат 20х

Жіптік дальномердін коэффициенті 100

Лимбанын бөліну саны 1 0

Микроскоп шкаласынын бөліну саны 5 /

Оптикалық центрирдің үлкейтілуі, крат 1, 8х

Центрирдің бұрыштық көру дәлдігі 8 0

Футлярдағы теодалиттін салмағы, кг 3, 8

  1. Нивелир (GOL 26 D)

Нивелирлеу - Жер бетіндегі нүктелердің биіктіктерін қайсы бір бастапқы нүктемен немесе бастапқы деңгейлік бетпен салыстыра отырып анықтау. Нивелирлеу тірек геодезия желісін түзу, топографиялық түсірулердің биіктік негізін құру, жер бедерін түсіру, түрлі ғимараттарды, тас жол мен тас жолды жобалау, тағы басқа мақсаттарда жүргізіледі. Жер пішінін зерттеу, жер қыртысының вертикаль қозғалыстарының шамасын анықтау, теңіз және көл деңгейінің өзгерісін белгілеу, тағы басқа ғылыми зерттеулерге қажет мағлұматтар береді. Нүктелердің биіктігі іргелес екі нүктенің биіктік айырымына қарай анықталады. Геометриялық және тригонометриялық нивелирлеу топография түсірулерде биіктіктерді үлкен дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Барометрлік және механикалық нивелирлеу түрлі экспед. зерттеулер кезінде пайдаланылады. Гидростатикалық нивелирлеумен ғимараттардағы өзгерістер айқындалады. Бұлардан басқа астрономиялық немесе астрономиялық-гравиметриялық нивелирлеу қолданылады. Нивелирлеу геодезиялық өлшеулердің саңдық көрсеткішінің бір түрі. Ол биік тірек геодезиялық торды ( жер бетінің ойлы-қырлы өлшем көрсеткіштерін ) құруда, топографиялық жер бейнесін түсіруде жер бетінің бейнесін кішірейтіп (масштабпен), сондай-ақ инженерлік ғимараттарды, темір жолдар мен тас жолдарды, каналдарды және т. б. жобалау, құру және оларды пайдалану мақсаттары үшін жүргізіледі.

Нивелир орындалу тәсілдеріне қарай: геометриялық, тригонометриялық, барометрлік, механикалық, гидростатикалық болып бөлінеді.

Нивелирлеу процесі. Нивелирлеу мыналармен жүргізіледі:

  • 1) нивелирмен - топографиялық немесе геометриялық нивелирлеу;
  • 2) бұрыш өлшеуіш аспаппен - геодезиялық н/е тригонометриялық нивелирлеу;
  • 3) барометрдің көмегімен - барометрлік нивелирлеу.

Нивелирлік биіктік ( Нивелирная высота ) - жер беті нүктесінің нивелирлеу әдісімен анықталатын биіктігі. Геометриялық нивелирлеу нәтижесінде нивелир сызығының бойымен алынған бір-біріне жақын орналасқан екі нүкте арасындағы биіктіктер айырымымен анықталады.

http://www.mera.pro/images/upload/img88927271.jpg http://www.mera.pro/images/upload/img32639832.jpg Оптикалық нивелир Bosch GOL 26 D

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геодезиялық практика материалдары
Студенттің практикаға тапсырмасы
Теодолиттің құрылысы
Теодолитті жұмысқа әзірлеу
Өндірістік тәжірибеде қолданылған аспаптар
Теодолитті тексеру және түзету
Өндірістік практикадан
Құрылысты геодезиялық сүйемелдеу
Геодезиялық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары
«мақташы» мектебінің құрлыс барысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz